Лирикалық поэзия дәстүрі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2013 в 19:15, диссертация

Краткое описание

Зерттеу жұмысының сарапталуы, жариялануы, мақұлдануы. Диссертацияның негізгі мазмұнын құрайтын бөлімдеріндегі ғылыми тұжырымдары, нәтижелері, негізгі қорытындылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті белгілеген ғылыми басылымдарда жарық көрді. Халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндамалары тыңдалып, жинақтарында жарияланды.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, іштей тарауларға бөлінген екі бөлімнен, қорытындыдаң және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................................
3

1
РОМАНТИЗМ ЖӘНЕ РЕАЛИЗМ КӨРКЕМДІК ӘДІСТЕРІ ТҰТАСТЫҒЫМЕН ЖЫРЛАНҒАН ЛИРИКАЛЫҚ ПОЭЗИЯ ДӘСТҮРІ


1.1
ХХ ғасырдың 50–70-жылдарындағы қазақ поэзиясы және
Зейнолла Шүкіров шығармашылығы.............................................

9

1.2
Ақын лирикасы жанрларынын поэтикалық ерекшеліктері.........
25

2
ЭПИКАЛЫҚ ПОЭЗИЯ ДӘСТҮРІ ЖӘНЕ АҚЫН ПОЭМАЛАРЫНДАҒЫ КӨРКЕМ ШЫНДЫҚ


2.1
Антикалық дәуір сюжеттері жырлануындағы көркемдік шындық сипаты.................................................................................

48

2.2
Өмір шындығының эпикалық жырлануындағы көркемдік шешім.................................................................................................

67

ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................
103

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................
107

Вложенные файлы: 1 файл

ЛИРИКАЛЫҚ ПОЭЗИЯ ДӘСТҮРІ.docx

— 227.25 Кб (Скачать файл)

Поэма сюжетінің басталуы – Жанақ, Күләй есімді кейіпкерлердің теңіз  айдынындағы балық аулау сапарында  жүрген аса жауапты іс-қимылдары  мен теңіз келбетінің суреті. Поэма  сюжетінің экспозициясындағы эпикалық баяндаудан шығарма сюжетіне негіз болған оқиға айтылған:

 

Октябрьдің білуші еді ел жайын,

Тұтқиылдан соғатын да жел дәйім.

Алып кетіп теңіздігі бар  ауды,

Балықшының қақтыратын таңдайын.

 

Кеше ғана желсіз, бұлтсыз жап-жарық,

Балықшылар қалды соған алданып.

Тұтқиылдан түнде соғып бір  дауыл,

Теңіздегі кетіпті бар ауды алып... [91, 260-б.].

 

Поэма сюжетінің байланысы –  Жанақ кейіпкердің нартәуе келге  бел буып сол дауыл алып кеткен ауды теңіз айдынынан іздеп тауып  алуға, оған ілінген балықтарды алып қайтуға бел буып «Макаров» атты кемесісімен Арал теңізі өріндегі «Көкаралды»  бет алған аттанысы. Поэманың осы сюжеттік дамуы желісінде Жанақ бастаған балықшылар мінген кеменің теңіз айдындағы ыққан ауды іздеген жанқиярлық көңіл-күйдегі психологиясы, толқындар мен жел соғуы («Жап-жас жігіт мостигінде кеменің бұйра шашын жұлқылайды жел оның») қатарласқан, аспан мен теңіз құбылыстары тұтасқан пейзаждық-психологиялық бейнелеулер өрілімдерімен суреттелген:

 

Долы желмен арпалысып «Макаров»,

Көп теңізде келеді әлі қасарып.

Аласұрған ақ жал толқын айнала,

Бортқа соғып шуылдайды шашалып.

 

 

... Қандай суық! Ысқырынып күз  желі,

Алты сағат бұлар тынбай жүзгелі.

Соңдарынан шұбатылған жыландай,

Тіркеуге алған қайықтардың  тізбегі.

 

... Бұлт будақтап бірін-бірі қуалап,

Құйындатқан көктің түрі шүбәлі-ақ.

Қанын шашып құлақтанған қызыл  күн,

Көкжиектен бір қарады сығалап.

 

Су үстінде бір топ қайық  жаңағы,

Анда-санда қылт-қылт етіп барады.

Бұрқыраған ақ көбіктің ішінде,

Кейде ескектің жалт етеді қалағы.

 

Кеме үстінде тұр капитан  бақылап,

Шіркін, біздің балықшылар батыл-ақ.

Ау суырып алысып жүр толқында,

Ау қайықтың ернеуіне жатып ап.

 

Сарт-сұрт шоршып ақ шабағы сазаны,

Уақыт тығыз қайсы бірін жазады.

Болады ұмыт мол олжаға кенеліп,

Әлгі арпалыс, ақ толқынның азабы  [91, 261-263-бб.].

 

Поэма сюжеті дамуындағы Жанақ, Күләй  және т.б. балықшылар тобының ыққан  ауды тауып алып, ілінген балықтарды тиеп алған сәтіндегі олардың  көңіл-күй әуендері Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» повесіндегі Сантьяго қарттың жағдайымен үндес байқалады. Бірнеше күндер мен түндер бойы мұхит  айдынында қармағын қапқан алып жайын балықты ақыры ұстап, қайығына байлап, кері қарай жүзіп келе жатқан Сантьяго қарттың көңіл-күй психологиясы романтикалық шығарманың көркемдік-эстетикалық тағылымен толық танытады:

«Соғып алған балығына көзі қайта-қайта  түсе береді: осы түсім емес пе дегендей алақанына қарап, арқасын қайықтың бүйіріне тигізіп байқап, бәрі де өңі  екенін сезінді. Алып балықты гарпунмен түйреп, жанын салып айқасқан шағында әлі құрып, көзі қарауытып кетіп еді. Сонда осының бәрі де оған көрген түс сияқтанған. Жайын балық судан ырғып шығып, жоғары көтеріле созылып, серейге құлап бара жатқан мезетте шал бір ғаламат көргендей, өз көзіне өзі сенбей таңырқап қалған. Рас, онда көзі бұлдыраңқырап кеткен еді, ал қазір жақсы.

Жайынның қанжығаға, байланғанына көңілі енді сенді, қолының, арқасының  сыздап ауырып тұрғаны да түсі емес екенін анық білді.

... Түйден-түйдек ақ бұлт шырқау биікте жөңкіліп, одан әрі алашабыр шарбы бұлт қалқып бара жатты; желдің түні бойы басылмасын шал ішінен сезіп отыр. Осыны ұстағаным шын ба, түсім емес пе дегендей алып балыққа әлсін-әлсін қарап қояды» [137, 360-361-бб.].

Әлем әдебиетіндегі балықшылар психологиясын суреткерлікпен бейнелеген, осы «Шал мен теңіз» повесі үшін халықаралық Нобель сыйлығының лауреаты атағын алған Эрнест Хемингуэй шығармасындағы осы сюжеттік эпизод пен Зейнолла Шүкіровтің «Дауыл» поэмасындағы аудағы балықты тиеп алған сәттегі кейіпкерлер көңіл-күйлері үндес. Мақсат орындалып, теңіз өріне алыстап кеткен сапар жолын жағалауға бұрар сәттегі адамдардың масаттанған, байсалданған көңіл-күйлері үндес болатыны – өмір шындығы. Осы арада хакім Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңіндегі «Құсы да, иесі де қоразданар алпыс екі айлалы түлкі алғанда» тармақтары да поэтикалық үндестігімен байқалады.

Теңіз – өмір құбылыстарын жинақтаған сипатымен ерекшеленетін табиғат  мекені. Бірде толқындары еркелене тербеген, енді келесіде ақжал асау толқындары аспанға атылған айдындағы кемелерді қайықтарды, олардағы адамдарды зор апатты жағдайға ұшырататыны – жаратылыс құдіретінің көрінісі. Сөз арқауындағы Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» повесіндегі басты кейіпкері Сантьяго қарт зор қиындықпен қолға түсірген алып балыққа акулалардың шабуылынан жағалауға жеткізе алмағаны мәлім. Ал, З. Шүкіровтің поэмасында ығып кеткен ауды, ондағы балықтарды тиеп алған Жанақ, Күләй басқарған балықшылар теңіз төсінде кенет үдеп кеткен дауылдың салдарынан аман қалу-қалмау жағдайына ұшырайды.

Теңіздегі табиғи құбылыстар ортасында өскен Зейнолла ақын поэмадағы сюжеттік шиеленісті айқын елестететін күрделі хал-ахуалды пейзаждық-психологиялық сипатымен оқырмандардың көз алдна айқын бояулы жанды суреттерімен бейнелеп жырлаған:

 

... Айтқан сөзді, шыққан демді  қағып ап,

Сөйлетпейді жел аузыңды тұмшалап.

 

Бірде гулеп, бірде ашынып, ысқырып,

Ішін тартып үдей соқты үскірік.

Долы теңіз қаһарлана күркіреп,

Бар табиғат дем алғандай ышқынып.

 

Толқын таулар доптай қағып кемені,

Жүрістерін өндірмей-ақ келеді.

Ақ көбігін бетке шашып арсылдап,

Бортты қауып, алдарынан бөгеді.

 

Кеме аунақшып, екі бортқа шайқалып,

Құйған суды төгіп жатыр қайтарып.

Күләй жеңгей жаба қойды трюмді,

Тұр көзінен сасқандығы байқалып.

 

Малмандай су бәрінің де үстері,

Тылсым теңіз бар білгенін істеді.

Тоңған басын сипап Жанақ  есте жоқ,

Фуражқасы ұшып суға түскені.

 

Дауыл үдеп кетті тіпті асқынып,

Дауылды түн әкелмейді жақсылық.

Не күттіріп қанын шашты көк  жиек,

Көзі сонда, түнеріп тұр жас  жігіт [91, 262-263-бб.].

 

Поэма сюжетіндегі табиғат сұрапылымен  бетпе-бет келген адамдар психологиясының  құбылыстары табиғи қалпымен бейнеленген. Әуелден-ақ балықшы болып еңбек  еткен жылдарында мұндай қауіп-қатерлермен талай рет бетпе-бет келген адамдардың арпалысты қимылдарын бейнелеуде ақын дауыл мен кейіпкерлер көңіл-күйлерін егіздеп өреді. Көркемөнердің классикалық туындыларында (мысалы, Айвазовскийдің «Тоғызыншы вал» суреті) да теңіз кеңістігіндегі дауылдың келбетін ақын романтикалық-реалистік сарынды сипатымен әсерлі қалпымен жырлаған. Дүлей дауылдың үдей соққан сұрапылының қауіп-қатерлі қоршаған сәтте кейіпкердің алыс жағалаудағы өмір суреттерін, жан әлемінен орын алған ардақты адам бейнесін («Енді бір сәт елес берік өткендей әлдекімнің нәркес қара көздері») елестетуі де жан қиналғанда адамдардың көңіл-күй әлемінде болатын құбылыстардың психологиялық сипатын реалистікпен бейнелейді:

 

Шіркін, сол бір жаудыраған жанар-ай,

Қайран, аңқау қыз мінезі баладай.

Жігіт қалай басын тікті қатерге,

Сол қара көз жалынғанда қарамай.

 

Кетпей естен қарап қалған қыз  қатып,

Кетпейді естен жүрегіңді сыздатып.

Онда күлсең, қазір балғын сол  қыздың,

Кірпігінде көргендейсің жүз бақыт.

 

Қырда тұр ма қарап көзі талып ол,

Әлде отыр ма бұған кінә тағып  ол.

Тағы толқын ... кеме қатты шайқалды ...

Үдей түсіп ысқырады әлгі жел ... [91, 263-б.].

 

Теңіз толқындарын алай-түлей, астан-кестен еткен дауыл – тіршілік кеңістігіндегі тап осындай қиын-қыстау оқиғалармен, құбылыстармен адам тақырын да елестеткендей әсер беретін табиғат қозғалысының суреті. Үсті-үстіне үдей соғылған теңіз дауылының алапат қозғалысының ортасында аман қалуды ойлап жанталасқан адамдардың іс-әрекеттері де тіршілік заңдылығы тұрғысында жырланған. Теңіз дауылдары адамзат тарихында талай замандар белестеріндегі фольклор мен әдебиет шығармаларында да бейнеленумен келеді. Әйгілі «Мың бір түн» кітабындағы саяхатшы саудагер Сандыбадтың сапарларындағы, Жюль Верннің фантастикалық кітаптарындағы («Он бес жасар капитан», «Капитан Гранттың балалары», т.б.), Джонатан Свифтің «Гулливердің саяхаттарындағы» теңіз дауылдарының суреттеулері де табиғат құбылыстарын бейнелеудегі сөз өнері мұраларындағы үндес суреттеулер, бейнелеулер әлемін көз алдымызға әкеледі.

Ақынның поэзиясындағы шығармалардың  мазмұны мен пішіні жүйесінде  тұрақты орын алатын осындай психологиялық-философиялық поэтикалық мағыналар сөз өнері туындыларына тән көркемдік-эстетикалық дүниетаным тереңдіктерін танытады.

Зейнолла поэзиясындағы эпостық  әдеби тек дәстүрімен жырланған  мысал жанрындағы шы тұрғыда бейнеленуімен  көрінеді

 

 

 

 

Зейнолла поэзиясындағы эпостық  әдеби тек дәстүрімен жырланған  мысал жанрындағы шығармалары да бар. Мысалдар, әлем әдебиетіндегі сонау ежелгі замандар бойы классикалық шығармалар қатарында жырланып келе жатқан мұралар. Ақынның мысалдарында тіршілік қозғалысындағы қарама-қайшылықты қасиеттердің, құбылыстардың аллегориялық (пернелеулік) тәсілмен бейнеленуі дәстүрлі сипатымен қолданылған. Ақынның өмір шындығы құбылыстарына жасаған бағалаулары көркемдік-эстетикалық таным аясындағы тұжырымдау, қорытынды жасау сипатындағы бейнелеулерімен жырланған.

Ақын мысалдарындағы кейіпкерлер арқылы өмір қозғалысы мазмұнындағы адамгершілік-имандылық қасиеттерінің жағымды және жағымсыз сипаттары егізделген, қақтығысқан жағдайлары сыншыл реалистік дүниетаным бойынша саралана бейнеленген.

Зейнолла поэзиясындағы мысалдық бейнелеулер арқылы адамгершілік тәлім-тәрбиесін  негіздеу ұлағаты да айқын байқалады.

Эпостық әдеби тек жанрларындағы  сюжеттік құрылым бөліктерінің дәстүрлі жүйесі арқылы ақындардың көркемдік  жинақтау жолымен тұрмыстық-әлеуметтік қарым-қатынастар мәдениетін дамыту, ұрпақтар санасына сіңіру ұлағаты айқындалады.

Эпикалық шығармалардың өмір шындығына  негізделген сюжеттік-композициялық  сипатынан адамдардың дүниетанымын дамыту тереңдету мұраты да байқалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

ХХ ғасырдың 50-жылдары – қазақ  поэзиясына хакім Абай дәстүріндегі жаңа толқынның мол шоғыры келген кезең. Қазақ поэзиясындағы хакім  Абай және оның ақындық мектебінен (Шәкәрім, Ақылбай, Көкбай, т.б.), одан кейінгі  Шәңгерей, Мағжан, Бернияз, Сұлтанмахмұт, т.б. тұлғалар жолы жаңа таланттармен жалғасты. Ғафу Қайырбеков, Аманжол Шамкенов, Әбдікәрім Ахметов, Ізтай Мәмбетов, Тоқаш Бердияров, Қуандық Шаңғытбаев, Зейнолла Шүкіров, т.б. [84, 31-б.] таланттар  жаңа серпінмен қосылды.

Осы жаңа толқын өкілдерінің қатарындағы  Зейнолла Шүкіровтің шығармашылығы  да ұлттық сөз өнері рухани қазынасын  байытқан сипатымен даралана танылды.

Зейнолла Шүкіровтің (1927–1979) шығармашылық өмір жолы – табиғи дарынды адамның  тағдыр тауқыметімен арпалыса жүріп  еңбек ерлігін танытудың сирек  кездесетін үлгісі. Бастауыш білім  алып жүрген балалық шақта кенет  душар болған науқастықң салдарынан өмірінің ақырына дейін мүгедек  болған ақынның мол әдеби мұра жасағаны – нағыз қаһармандықтың-қайсарлықтың үлгісі. Өмірінің соңына дейін қолынан  қаламы түспей, көркем әдебиеттің поэзия, проза салаларында мол шоғырлы  шығармалар жазған талантты қаламгердің  ұлағаты – сөз өнері әлеміндегі өзіндік даралық сипатымен ерекшеленеді.

ХХ ғасырдың 50–70-жылдарындағы қазақ  поэзиясындағы іздену, жетілу, дәстүрді жаңғырта жырлап тулету құбылысының  қалың ортасында Зейнолла Шүкіров  шығармашылығын да айтамыз. Қазақстандағы  және бүкіл әлемдегі қоғамдық-әлеуметтік оқиғаларға және ғылыми техникалық прогресс дәуіріндегі шығармашылық ойлау  еркіндігімен талай ғаламат ерліктер жасап келе жатқан адамзат ақыл-ойының жетістіктерін жырлау ақындардың романтизм  мен реализм сарындары тұтастығымен жырлауының ғажайып өнегесін танытты. Зейнолла ақынның поэзиясындағы  романтизм мен реализм көркемдік  әдістері аясында жырланған шығармалар қазақ сөз өнері дамуындағы дәстүр мен жалғастық заңдылығының тарихи поэтикалық боялысын көрсетеді. Бұл  –                  ХХ ғасырдың 50–70-жылдарындағы қазақ  поэзиясы дамуындағы негізгі поэтикалық сипат болмысын құрайтын ерекшелік.

1927 жылдың ақпан айында қазіргі  Арал теңізі маңындағы «Қаратөбе»  елді мекенінде дүниеге келген  ол жастайынан туған халқының  фольклоры мен әдебиеті мұраларына  іңкәр көңілімен өсіп қалыптасқан.  Арал теңізі атырабындағы ежелгі  оғыз-түркі, одан бергі Алтын  Орда, Ноғайлы дәуірлерінде негізі  қаланған ұлттық рухани құндылықтар  дәстүрі жалғыз Зейнолла ғана  емес, сол аймақта туған перзенттердің  барлығын да көркемдік-эстетикалық  дүниетаным қуатымен баурап қанаттандырумен  келеді.

Информация о работе Лирикалық поэзия дәстүрі