Құрамына қарай жұрнақтар жалаң және құранды болып бөлінеді

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2014 в 17:43, реферат

Краткое описание

Құрамына қарай жұрнақтар жалаң және құранды болып бөлінеді
(По составу суффиксы бывают простые и составные)
Жалаң жұрнақ – мағына және форма жағынан бөлшектенбейді.
(Простые суффиксы – по значению и по форме не делятся). Мысалы: біл+ім, мал+шы, үй+шік, кес+пе, оқу+шы: -ім – шы – шік – пе – шы – жалаң жұрнақтар./простые суффиксы/

Вложенные файлы: 1 файл

реферат.docx

— 607.21 Кб (Скачать файл)
  1. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. -Алматы, 1988.

  1. Салқынбай А.  Тарихи сөзжасам. –Алматы, 1999.

  1. Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. –Алматы, 2003.

  1. Бейсембайқызы З. Сөзжасам пәнін модуль бойынша оқыту.-Алматы, 2000.

 

№5 лекция. Тақырыбы: Сөзжасамдық мағына

Жоспар

  1. Сөзжасамдық мағынаның сөзжасам әрекеті арқылы жасалатыны.

  1. Сөзжасамдық мағынаның сөзжасамдық бірліктер арқылы жасалатыны.

  1. Туынды мағынаның негізділігі.

  1. Туынды мағынаның түрлері.

Сөзжасам өмірде пайда болған жаңа ұғымдарды атау қажеттігін өтеу үшін қызмет етеді. Жаңа аталымар (номинациялар) сөзжасамдық түрлі тәсілдер арқылы жасалатыны белгілі болды. Тәсілдердің түрлілігіне байланысты сөзжасам үрдісіне түрлі сөзжасамдық бірліктер жаңа мағына, жаңа аталымның жасалуына түрлі дәрежеде қатысады. Мысалы, әнші, жұмысшы, малшы, суретші, жыршы, биші, орманшы, балықшы, саяхатшы, сыбызғышы, қобызшы т.б. осы типтегі туынды сөздерді алсақ, олардың құрамындағы негізгі морфема да, көмекші морфема да олардың мағынасының жасалуына қатысып тұр. Осы туындылардағы негіз сөз жаңа мағынаның жасалуына арқау болған. Ал осы туынды түбірлердегі -шы, -шы жұрнағы оларға мамандық мәнін қосқан. Осының нәтижесінде әнші - ән айтатын адам, жұмысшы - жұмыс істейтін адам, малшы - мал бағатын адам, суретші - сурет салатын адам, жыршы -жыр айтатын адам, биші - би билейтін адам, орманшы - орманды бақылайтын адам, балықшы -балық аулайтын адам, саяхатшы - саяхат жасай-тын адам, сыбызғышы - сыбызғы тартатын адам, кобызшы - қобыз тартатын адам дегенді білдірген. Алғаш осы ұғымды білдіруден туған бұл сөздер кейін мамандық мәніне ие болған.

Бұл туынды түбірлердегі -шы/-ші жұрнағы мамандық мәнін беріп тұр, ал негіз сөздер ненің маманы екенін білдірген. Келтірілген туынды түбірлердің кұрамындағы сөзжасамдық бірліктер (негіз сөз бен жұрнақ) туынды мағынаны жасауға қызмет еткен. Сондықтан да олар сөзжасамдық бірліктерге жатады.

Мұндай туынды сөздердің қандайі жасалғанын ажырату қиын емес,   сөздің лексикалық мағынасы мен негіз сөздің мағынасы байланысты болады. Бұл мағыналық байланыс арқылы туынды сөздің қандай негіз сөзден жасалғанын табуға болады. Бұл ерекшелік сөзжасамдық типтерге қатысты. Алайда сөзжасамдық тәсілдердің түрлілігіне байланысты туынды сөз бен негіз сөздің арасындағы мағыналық байланыс үнемі жоғарыда-ғыдай бола бермейді. Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілінде сөз бір сөз табынан екінші сөз табына өтеді. Мысалы, айтыс - етістік, айтыс- зат есім. Мұнда етістік мәнді сөз затгық ұғымды білдіріп, зат есімнің грамматикалық көрсеткішітерімен түрленетін болды. Мысалы, айтысты жалғас-тыр, айтысқа түс. Бірақ осы сөздің екеуінің де негізгі лексикалық мәнінде айырма жоқ деуге болады. Келесі бір туынды сөздерде негіз сөздің мағынасы толық сақталып, оған үстеме мағына ғана қосылады. Мысалы, әкетай, балапан, дөңес. Ал он сегіз, белбеу, экел, білезік, бозторғай, келіп кет сиякты сөздердің мағыналары олардың құра-мындағы сөзжасамдық бірліктердің мағыналарының қосындысынан жасалғаны анық байқалып тұр.

Бұл келтірілген мысалдар туынды сөздердің жасалу жолы және сөзжасамдық бірліктері қандай түрлі болса, сөзжасамдық мағына да түрлі екенін көрсетті.

Ғылымда сөзжасамдық мағына туралы ғалымдар пікірі де түрліше. Оларды ғалымдар екіге топтастырып қарап жүр. Олар: жиынтық мағына (суммарное значение), айырма мағына (разностное значение).

Сөзжасамдық айырма мағына деп негіз сөз бен одан жасалған туынды сөздің арасындағы мағыналық айырмашылық аталады.

Жиынтық мағына деген бағыттағы ғалымдар сөзжасамдық мағына деп негіз сөз бен жұрнақтың мағынасының қосындысынан шыққан мағынаны атайды.

Сөзжасамдық мағынаны оны жасауға қатысқан сөзжасамдық бірліктерсіз қарау мүмкін емес. Негіз сөз бен оған қосылған сөзжасамдық жұрнақ не лексикалық екінші сөзден (күрделі сөздерде) туынды сөз жасалатын болса, олар туынды мағынаны жасаушылар, өйткені оларсыз туынды сөз жасалмайды. Сондықтан да олар сөзжасамдық бірліктер болып саналады. Олай болса, туынды мағына да оларсыз жасалмайды. Сондықтан туынды мағынаны сөзжасамдық бірліктердің мағыналарының жиынтығы деп қараудың ғылыми негізі бар. Туынды сөздің құрамындағы тұлғалар оның мағынасын жасаушылар болғандықтан, оларсыз туынды мағынаны анықтау мүмкін емес. Бірақ туынды сөздің мағынасын негіз сөзбен са-лыстыру арқылы да дәлелдеуге болады, өйткені салыстыру туынды сөздің Мағынасы негіз сөзден басқа екенін көрсетеді, немесе негіз сөзден туынды сөздің мағынасында қандай болса да, бір өзгешелік барын көрсетеді. Сол мағыналық ерекшелік туынды сөздің мағынасы болып табылады. Сондықтан ғалымдар туынды сөздің мағынасын екі түрлі бағытта зерттегенімен, ол екеуі де туынды сөздің мағынасын анықтау үшін қызмет етеді. Сондықтан туынды сөздің мағынасын анықтауға бұл екі бағыттағы зерттеудін екеуін де қолдану қажет. Алдымен негіз сөз бен туынды сөзді салыстырып, ол екеуінің арасындағы айырманы табу қажет. Бұл салыстыруда негіз сөз бен туынды сөздің арасындағы айырмашылыққа қарап, ол екеуінің екі сөз екенін анықтау қажет. Мұнда негіз сөзден екінші сөз жасалғаны белгілі болады. Содан келіп туынды сөздің құрамындағы негіз сөз бен жұрнақтың сөзжасамдық мағына жасауға қатысы анықталады. Сөзжасамдық мағына туынды сөздің құрамындағы тұлғалардың мағынасының қосындысы деген ұғым бойынша олардың әрқайсысының мағына жасауға қатысы анықталады. Ал тілдегі сөзжасамдық бірліктер түрлі-түрлі, әсіресе, олардың бір-бірімен қатысы алуан түрлі. Ол жағдай сөзжасамдық мағынаға әсер ететіні сөзсіз. Сондыктан сөзжасамдық бірліктердің қай түрлері қандай жағдайда бір-бірімен қандай карым қатыста болуын анықтау қажет, ол туынды мағынаны айқындауға көмектеседі.

Мағынаның негізділігі

Жалғамалы, қосымшалы тілдерде синтетикалық сөзжасамдық тәсіл үлкен орын алатыны белгілі. Қазақ тілі әрі қосымшалы, әрі жалғамалы тіл болғандықтан, біздің тілімізде жүрнақ арқылы сөз жасау ең өнімді тәсілердің бірі екені айтылды. Олай болса, бұл тәсілде негіз сөз бен жұрнақ арасында сөзжасамдық қатыс болады. Осы екі бірліктің сөзжасамдық қатысында екі бірлік екі түрлі қызмет атқарады. Негіз сөз жасалатын туынды сездің лексикалық мағынасына өзек болады. Осымен байланысты туынды мағына негіз сөздің мағынасымен байланысты болып шыға-ды. Мысалы, балтала, қарала, жақсыла, тазала

  1. Сөзжасамдық мағына туралы түсінік

  1. Сөзжасамдың мағынаның өзіндік белгілері

  1. Сөзжасамдық мағынаның түрлері

  1. Сөзжасамдық мағынаның  берілу жолдары

  1. Сөзжасамдық мағынаның негізділігі

Әдебиеттер:

  1. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.

  1. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. -Алматы, 1988.

  1. Салқынбай А.  Тарихи сөзжасам. –Алматы, 1999.

  1. Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. –Алматы, 2003.

  1. Бейсембайқызы З. Сөзжасам пәнін модуль бойынша оқыту.-Алматы, 2000.

 

№6 лекция. Тақырыбы: Туынды сөздер

Жоспар

  1. Сөзжасамдық әрекеттің негізінде тілге қосылған сөздердің туынды сөз аталатыны

  1. Туынды түбірлер

  1. Күрделі сөздер

  1. Біріккен сөз

  1. Сөзқосым тәсілі

  1. Қос сөз

  1. Қысқарған сөздер

    Туынды  сөздер деп сөзжасамдық тәсіл  арқылы сөзжасамдық бірліктердің  бір-бірімен арым-қатысқа түсуінен  жасалған сөздер айтылады. Мысалы, толқын, білім, сұрақ, бозар, көгер, алып  кел, барып қайт, бүгін, биыл, білгіш, әсемпаз т.б. Келтірілген мысалдардың  бәрі туынды сөздерге жатады. Мұндағы толқын (толқы+н), білім (біл+ім), сұрақ (сұра+қ), бозар (боз+ар), көгер (көк+ер), білгіш (біл+гіш), әсемпаз (әсем+паз) деген  туындылар негіз сөзге жұрнақ  жалғану арқылы жасалған. Ал алып  кел, барып кайт, бүгін, биыл деген  туындылар екі толық мағыналы  сөздің бір мағынаны білдіріп, бір сөзге айналуы арқылы жасалған.

    Туынды  сөздер - тілдің сөзжасам саласының  зерттейтін негізгі нысандарының  бірі, өйткені туынды сөздер-сөзжасам  заңдылықгары бойынша, сөзжасам  бірліктері арқылы өмірде пайда  болған жаңа заттар мен жаңа  құбылыстарды атау үшін жасалып, тілдің сөздік қорына қосылған  сөздер.

    Туынды  сөздер тілде өте көп, өйткені  олар әр заманның қажетіне  қарай тілге үнемі үздіксіз  қосылып отырған, сондықтан туынды  сөздер тілдегі ең көп сөздерге  жатады.

Казақ тіл білімінде түбір сөз, туынды сөз, туынды түбір деген терминдердің жігі ажыратылмай, кейде олар бірінің орнына бірі қолданылуы кездесе береді. Сондықтан оқулықта бұл терминдердің қандай мағынада қолданылғанына түсінік беру қажет.

    Түбір  сөз лексикалық бірліктің грамматикалық  тұлғаларға түрленбей тұрғандағы  сөздіктерде берілетін түрі. Мысалы, он, жақсы, отыр, сыбызғышы, жылыжай, жолқиыс, әсемпаз, талапкер т.б. Бұлардың әрқайсысы  да - тілде белгілі мағынаны білдіретін  сөздер. Осылардың қалай жасалғанына, құрамдарының түрлілігіне қарамастан, бәрі де түбір сөздерге жатады.

   Түбір сөз  деп лексикалық мағына беретін, сөздікте белгілі орны бар, белгілі  бір сөз табына жататын сөздер  аталады.

Түбір сөздер екі үлкен топқа бөлінеді, олар: негізгі түбір және туынды түбір. Негізгі түбір сөз бір морфемадан ғана тұрады, әрі қарай бөлшектеуге келмейді, тұтас тұрып лексикалық мағына береді. Мысалы, ол, ел, ата, ана т.б.

   Туынды  сөздер ең кемі екі морфемадан  қүралып, сөзжасам әрекетінің нәтижесінде  жасалған, белгілі лексикалық мағынасы  бар сөздер. Тілде сөзжасамдык  тәсілдер түрлі болғандықган, олардың  нәтижесінде жасалған туынды  сөздер де түрліше. Мысалы, қаламгер, сөзшең, өтірікші, білімпаз деген туындылар мен жолсерік, қолкесер, көміркышкьлы, ұзынсонар деген туындылар бір емес. Сол сияқгы АлМУ, екпін, тасымал, ҚР деген сөздерде де айырма бар, бірақ осы сөздердің бәрі туынды сөздерге жатады, өйткені олардың бәрі-сөзжасам үрдісінің нәтижесінде, түрлі сөзжасамдық бірліктер мен түрлі сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалған сөздер. Сонда туынды сөздерге сөзжасам үрдісінің нәтижесінде жасалған сөздер ғана жататыны көрінді. Олай болса, туынды сөз тек сөзжасамға қатысты, сөзжасамның мәселесінің бірі. Ал негізгі тубір сөздер сөзжасам нәтижесінде жасалмаған.

  Туынды сөздер - тіліміздегі ең көп сөздер, өйткені  олар тілдің барлық кезеңіңде  үздіксіз жасалып, тілге қосылып, сөздік қорды үнемі байытып  отырған.

    Туынды  сөздер құрамына қарай дара  және күрделі болып, екі үлкен  топқа бөлінеді. Дара және күрделі  туынды сөздердің осылай бөлінуі  олардың синтетикалық және аналитикалык  тәсілмен жасалуына байланысты. Синтетикалық тәсілмен жасалған  туынды сөздер дара туынды  сөздерге жатады. Мысалы, зейнеткер, тәлімгер, оралман, оқырман, айыпкер, өсімтал, оқылым, пікірлесім, сөйлем, бейнелеуіш, кәсіпкер, адалдық, намысқой т.б. Дара  туынды сөздер лексикалық мағына  береді, бір ғана сөзден тұрады.

   Дара туынды  сөздерге негізінен туынды түбір  сөздер жатады. Мысалы, кәсіпкер, аяддама, оқырман, көрермен, өзгер, басқар, сәлемдес, қосақга, сөйлесім, жалақор, тілші т.б.

    Дара  туынды сөзге лексика-семантикалық  тәсіл арқылы жасалған туынды  сөздердің дара түрі де жатады. Мысалы, буын, тасымал, құн, нарық, қүқық, баға т.б. Бұл сөздердің күнделік  өмірде колданылатын бейтарап  мағынасы бар, солардың негізінде  кейін жасалған термин мағынасы  бар. Термин мағынасында бұл сөздер  туынды сөздерге жатады, бірақ  мұндай сөздер туынды түбірлерге  қарағанда, әлдеқайда аз. Дара туынды сөздердің негізін туынды түбір сөздер құрайды.

    Туынды  түбір деп құрамы негіз сөз  бен жұрнақган тұратын сөздер  аталады, Мысалы, үгітші, каламгер, әсемпаз, сәнқой, бәлеқор, ботақан, кұлыншақ, құнажын, бөлім, бөлме, ақта, майла т.б. Туынды  түбірге сөзжасамның синтетикалық  тәсілі арқылы жасалған туынды  сөздер ғана жатады. Сонда туьінды  түбір мен туынды сөз деген  екі терминнің арасында үлкен  айырма бар. Сондықтан бұл екі  термин кейде орынсыз бірінің  орнына бірі қолданылатынына  қарамастан, олардың әркайсысын  өз мәнінде қолдану керек.

   Туынды  түбір туынды сөздердің ішіндегі  ең көп тараған түрі. Сөзжасамның  синтетикалық тәсілі сөзжасамдық  жұрнақтар арқылы туынды түбір  сөздер жасап, тілді байытып отырады. Туынды түбірдің құрамы негіз  сөз бен сөзжасамдық жұрнақтан  тұрады. Туынды түбірдің мағынасы  негіз сөз бен сөзжасамдық  жұрнақтың мағынасынан жасалады. Негіз сөздің лексикалық мағынасы  жұрнақ қосылғаннан кейін туатын  лексикалық мағынаға негіз болады, сондықтан туынды түбірдің мағынасы  мен негіз сөздің мағынасы  үнемі байланысты болады. Мысалы: өнер-лі, ақ-та, көйлек-шең, біт-ім, сыр-лас  т.б. Бұларда өнерлі деген мағына өнер деген сөздің мағынасына негізделген. Сол сияқты ақта дегенге ақ, көйлекшең дегенге көйлек, бітім дегенге біт, сырлас дегенге сыр сөзі негіз болған. Сондықтан өнерлі, ақта, көйлекшең, бітім, сырлас деген туынды түбірлердің мағынасы оларға негіз болған өнер, ак, көйлек, біт, сыр деген негіз сөздердің мағынасымен байланысты.

    Туынды  түбірлердің мағынасы оған негіз  болған сөздің мағынасымең байланыста  бола тұра, ол негіз сөздің  мағынасынан белгілі дәрежеде  өзгешелігі болуы керек. Кейде  туынды сөздің мағынасы үлкен  өзгеріске түссе, кейде ол мағыналық  ерекшелік аз болуы да мүмкін. Мысалы, дәрігер, тәлімгер, зейнеткер дегендердің бәрі түрлі кәсіпті маманданған адамдарды бідціреді. Бүлардағы дәрі, тәлім, зейнет деген жансыз заттық үғым атауларынан маманданған адам атауы жасалды. Олар сөз табын сақтағанымен, мағыналарында үлкен өзгеріс болды. Ал жақсылық, жамандық, үлкендік деген туынды түбірлерде негіз сөздің сындык, белгі мағынасы туынды түбірде заттык, үғымға ауысты. Бірақ олардың мағынасында үлкен айырмашылық бар деу қиын. Таулы, ақылды, өнерлі сияқты туынды түбірлерде сөз табы өзгерді, бірақ мағынадағы өзгеріс өте үлкен емес. Мысалға келтірілген туынды түбірлердің бәрінде негіз сөздің мағынасында өзгеріс болған, ол мағыналык өзгеріс әр топта әр түрлі. Бұдан шығатын қорытынды негіз сөзбен салыстырғанда, туынды түбірдің мағынасында қандай болса да, белгілі бір өзгеріс, мағыналық түрлену болады. Сондықтан да негіз сөз бен туынды түбірдің мағынасы бірдей бола алмайды. Олай болса, туынды түбірдің мағынасында өзгеріс болу туынды түбірдің белгілерінің бірі болып саналады, өйткені туыңды түбірде мағыналық өзгеріс болу міндетті.

Информация о работе Құрамына қарай жұрнақтар жалаң және құранды болып бөлінеді