Бөлшектік санның
жасалуы
Тілде бүтін сандық үлгімен бірге, бөлшектік
сандық үғым да бар, бірақ оны білдіретін
арнайы жұрнақ жоқ. Алайда бөлшектік сандық
ұғымды білдірудің өзіндік жолы қалыптаскан.
Бөлшектік сандық ұғым есептік сандардың
белгілі синтаксистік қатынасқа түсіп,
сөз тіркесін жасауы арқылы беріледі:
оннан бір, төрттің бірі т.б.
Бөлшектік санды білдіретін сөз тіркесінің
сыңарлары белгілі грамматикалық тұлғада
тұрады, олар үш түрлі: 1) бөлшектік сан
атауын білдіретін сөз тіркесінің бірінші
сыңары ілік септікте, екінші сыңары тәуелдік
жалғауының үшінші жағында тұрады: онның
екісі, үштің бірі, жүздің бесі, мыңның
жүзі т.б. Мысалы, Қырықтың бірі қьдыр дейді.
Бөлшектік санның кұрамындағн бірінші
сыңар шығыс септікте, екінші сыңары тәуелдік
жалғауында тұрады: оннан бірі, жүзден
екісі, алтыдан бірі, үштен бірі т.б. Мысалы,
Жиналған халықтың екіден бірі ашулы (газеттен).
Бөлшектік санның құрамындағы бірінші
сыңар шығыс септікте, екінші сыңар атау
септікте тұрады: бестен екі, үштен бір,
оннан үш, алтыдан бір т.б. Мысалы, Кітаптың
екіден бір бөлігін оқыдым.
Бөлшектік сандық ұғым есептік санға жарым,
жарты, ширек сөздерінің тіркесуі арқылы
беріледі: бір жарым, жарты миллион, ширек
ғасыр т.б.
-
Сан есім сөзжасамына жалпы
сипаттама
-
Сан есімнің синтетикалық сөзжасамы
-
Сан есімнің мағыналық топтарын
жасайтын жұрнақтар
-
Сан есімнің аналитикалық сөзжасамы
-
Күрделі сан атаулары
Әдебиеттер:
-
Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы.
-Алматы, 2002.
-
Оралбай Н. Қазіргі қазақ тіліндегі
сан есімнің сөзжасам жүйесі. -Алматы,
1988.
-
Салқынбай А. Тарихи сөзжасам.
–Алматы, 1999.
-
Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы.
–Алматы, 2003.
-
Төлеуов Ә. Сөз таптары. -Алматы,
1982.
-
Қазақ грамматикасы. -Астана,
2002.
-
Қазақ тілінің грамматикасы.-
Алматы, 1967.
№13
лекеция. Тақырыбы: Үстеудің сөзжасамы
Жоспар
1.Үстеудің жасалуының өзіндік ерекшелігі
2. Үстеудің сөзжасамдық тәсілдері
3. Үстеудің жасалуына негіз болатын сөз
таптары
4. Есім сөздерден үстеу жасайтын жұрнақтар
5. Үстеудің аналитикалық тәсіл арқылы
жасалуы
Үстеудің сөзжасамы деп үстеудің сөзжасамдық
бірліктерінің белгілі сөзжасамдық тәсілдер
арқылы туынды үстеулер жасауы аталады.
Мысалы, балаша қуанды, қыстай оқуда болды, ілгері
басқан жас, тырым-тырақай қаша жөнелді, алдын-ала ескерту керек, ала жаздай не бітірдің? дегенде түрлі
туынды үстеулер келтірілді.
Үстеудің басқа сөз таптарындай күрделі
сөзжасамдық жүйесі болмаса да, өзіндік
ерекшелігі бар, белгілі зандылықтары
мен шағын сөзжасамдық бірліктері бар,
тілдің сөзжасамдық тәсілдерінің бәрі
дерлік қызмет ететін сөзжасамдық жүйесі
бар.
Үстеудің сөзжасамдық жүйесінің басқа
сөз таптарынан ерекшелігі - олардың жалғаулардың
түбірге кірігіп, көнеруі арқылы туынды
үстеудің жасалуы. Мысалы, алға, бірге,
әзірге, баяғыда, күнде, лезде, төтеден,
етпетінен, әуелден, жайымен, ретімен,
түйдегімен сияқты үстеулер түбір сөздерге
барыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауының
кірігіп көнеруінен жасалған. Бұл тілдік
құбылыс басқа ірі сөз таптарында жоқтың
қасы. Тек сын есімде өзге, басқа сияқты
жекелеген сөздер ғана осы жолмен қалыптасқан.
Үстеудің сөзжасам жүйесінде бұл тәсіл
арқылы аумақты бір топ туынды үстеулер
жасаған. Сондықтан оны үстеу сөзжасамының
өзіндік ерекшелігі деп тану керек.
Үстеу де - өзінің құрамын басқа сөз таптары
арқылы толықтыратын сөз табы. Анық айтқанда,
үстеудің жасалуында басқа сөз таптарының
лексикалық бірліктері негіз сөз қызметін
атқарады, өзі де ол қызметке қатысады.
Олардан үстеудің өзінен басқа мына сөз
таптарын атауға болады: зат есім, сын
есім, сан ,есім сөздер мен есімдіктер.
Мысалы, әдейілеп келдім, бүтіндей жұтады, екіншілей айтпа, назарын бүкілдей аударды дегендегі әдейілеп-үстеуден,
қыстай-зат есімнен, бүтіндей-сын есімнен,
екіншілей сан есімнен, бүкілдей есімдіктен
жасалған.
Үстеудің сөзжасамдық жұрнақтары шағын,
алайда олар арқылы тілде бірсыпыра туынды
үстеулер жасалған.
Тілде қалыптасқан сөзжасамдық тәсілдердің
бәрі дерлік туынды үстеу жасауға қатысады.
Туынды үстеу жасауда синтетикалық тәсіл
бірсыпыра қызмет атқарады. Ғалым Қ.Есенов
үстеудің 27 сөзжасамдық жұрнағын көрсеткен
. Рас, оқулықтарда олардың саны аз көрсетіліп
жүр. Туынды үстеу жасауда аналитикалық
тәсіл де елеулі қызмет атқарады, ол арқылы
жасалған күрделі үстеулер бірсыпыра:
бұратала (бір жолата), биыл, бүгін, жайбарақат,
жаздыгүні, аққұла (қыдыру), алатөбеде,
бірқыдыру, біржола, бірсыпыра, алмағайып,
жеделғабыл, әр заманда, бір жақты (шешті),күн
бұрын, түн ауа, алдын ала, бер жақ, соңғы
рет, елең-аланда, күні кеше, ертеден кешке
дейін, күндерде бір күн т.б.
Үстеудің сөзжасамдық жұрнақтары
Үстеу сөзжасамдық жұрнақтар арқылы жасалып,
туынды түбір үстеу сөздер жасалады. Мысалы,
меніңше, осынша, онша, жыланша (иіріліп),
ағашша (иіліп), жаңаша (қарау), былайша,
саудырлатып, жаяулата, кешең (шықтым),
күнгейлеу (жатыр), байқаусызда т.б. Үстеудің
сөзжасамдық жұрнақтары да өнімді, өнімсіз
болып бөлінеді. Өнімді жұрнақтар ішінен
-ша, -ше жұрнағын ерекше атауға болады.
Бұл жұрнақ арқылы жасалған туынды түбір
үстеулер үлкен бір топ құрады.
Ал өнімсіз жүрнақ үстеуде көп. Мысалы,
Екі жас, жаңа өспірім, Паркте жүрді кешкірім
(Ж.Молдағалиев). Есеней тапсырған ту бие
кешқұрым сойылды (С.Мүқанов). Осы мысалдардағы
-кірім, -құрым жұрнағы басқа туынды сөз
жасамаған. Сол сияқты -ғаш (алғаш), -дік
(әредік), -еу (көрнеу, кешеу),қар, -кері (тысқары,
ішкері, сыртқары), -ы (арнайы) сияқты жұрнақтар
жекелеген, бірді-екілі ғана туынды түбір
үстеулер жасаған.
Үстеудің сөзжасамдық жүрнақгары да жалаң
және құранды болып бөлінеді. Жалаң жұрнақтар:
-ша, -ше, -ы, -ай, -лық, -са, -се, құранды жүрнақгар:
-лата, -лете, -кірім, -қүрым, -ыртын, -іртін
т.б.
Синтетикалық тәсілге жалғаулардың түбірге
кірігіп, көнеріп, бір түбір сөз жасауын
да жатқызуға болады: алға, артта, жүресінен,
түнімен, зорга, демде, бірден, кенеттен
т.б. Бүл туынды үстеулердегі жалғаулар
лексикалық жағынан біртүтас түбір, біртүтас
мағына жасағанымен, ондағы түбір мен
қосымшаның жігі анық көрінеді, тек мүнда
жалғаулар сөзжасамдық қызмет атқарады.
Сондықтан оларды туынды көнерген түбірлер
деп атаған дұрыс. Үстеудің сөзжасамдық
жұрнақтары мағынасы жағынан алуан түрлі,
соған қарап, оларды үстеудің түрлі мағыналық
топтарын жасайды деп саналады. Бірақ
ол үстеудің сөзжасамдық жұрнақтарының
мағынасын толық аша алмайды. Сондықтан
үстеу жұрнақтарының мағынасын толық
ашу үшін, оларды мағынасына қарай көрсету
дұрыс.
Мезгіл мағыналы жұрнақтар
-тай, -дай, -дей жұрнағы мезгіл мәнді зат
есім сөзге жалғанып, одан туынды түбір
мезгіл үстеулерін жасайды. Мысалы, Жаздай
тарының басында жүруден жалықпайды (Ғ.Мүстафин).
-ша, -ше жұрнағы үстеу сөздерден мезгіл
мәнді туынды түбір үстеу жасайды: қазірше,
бүгінше, ғұмырынша, биылша т.б. Мысалы,
Дүние-дүние деуменен кейбіреулер, Жүреді
ғүмырынша рақатсыз (айтыстан). Бүгінше
Сағираның үйіне қонып шығайын (Ж.Тілеков).
-сын, -сін жұрнағы үстеуден мезгіл мәнді
туынды түбір үстеу жасайды: ертеңгісін,
таңғысын, кешкісін, биылғысын, түскісін.
Мысалы, Ішкі запыранды төгіп-төгіп алып,
едәуірдесін барып басымды көтердім (Ө.Қанахин).
Мұрат кеше ертеңгісін полкты қабылдады
(Т.Ахтанов).
-ын, -ін жұрнағы да зат есімдерден мезгіл
мәнді туынды түбір үстеулер жасайды:
қысын, жазын, күзін, күндізін. Мысалы,
Қысын, жазын сабылып келеді де жатады
(С.Мұқанов).
-ең: кешең. Мысалы, Алматыға бірнеше сағат
кешең ұштым (Т. Бигельдинов).
Сонымен бірге септік жалғауларының көнеруі
де мезгіл мәнді туынды үстеулер жасайды:
^ 1) барыс септігі: кешке,
ертеңіне, әзірге, алғашқыда, күніге, жетісіне,
қазірге. Мысалы, Кешке уәделі жерге бір
сағат бұрын келдім (СЖүнісов).
2 жатыс септігі: капыда, баяғыда, ертеңінде,
алғашқыда, ертеректе, қазірде, әлгінде,
ақырында, бертінде, түбінде, әлгіде, жаңада,
демде, күнде, түнде. Мысалы, Ертеңінде
ол жұмысқа шықпады (газеттен). Әдепкіде
ағамнан айбындым, айта алмай біраз жүрдім
(Н.Серәлиев).
3) шығыс септігі: әуелден, ежелден,
баяғыдан, бастан, көптен, ертеден, кішкентайынан,
басынан, кенеттен. Мысалы, Ақан Райханды
көптен көрген жоқ (З.Шашкин).
4) көмектес септік: күнімен, түнімен,
ертемен. Мысалы, Күнімен жұмыста болдым
(газеттен).
^ Мекен мәнді жұрнақтар
Мекен мәнді туынды түбір үстеулер төмендегі
жұрнақтар арқылы жасалады:
-кары, -кері: ішкері, тыскары, сыртқары,
шеткері: Мысалы, Қақпадан басып кірді
ішкері қадам басып, Бір үйінен өтеді,
бір үйге асып (Абай).
-рақ, -рек: жоғарырақ, төменірек, әрірек,
берірек, кейінірек. Мысалы, Мұрат басқалардан
артқарақ оқшау отыр (Б.Соқпақбаев). Әскерлердің
бірі қалжыңдап тіл қатып еді, Айша бұрылып,
әрірек кетті (Т.Ахтанов).
-ай: жолай. Мысалы, Мектепке бара жатып
жолай дүкенге кірдім (Ә.Қалдыбаев).
-ын: жырын. Мысалы, Ел ішінен жырын кеткен
шіріген жұмыртқа десті (А.Байтанаев).
Сонымен бірге көнерген жалғаулар да мекен
мәнді үстеу жасайды:
1) барыс септік: алға, артқа, сыртқа, төменге
т.б.
2) жатыс септік: ілгеріде, төменде, жоғарыда,
алшақта, өріде, алда, артта, сыртта. Мысалы,
Ауылдары алшақта отырған Сүлеймен старшина
мен Бәкір молда да келіп, батаның басында
болды (С.Сейфуллин).
3) шығыс септік: шетінен, алдынан, артынан,
сыртынан. Мысалы, Менен әзір сырыңды жасыра
тұр, түбінде ең пайдалы кісің мен болам
(С.Мұқанов). Шетінен өнерпаз жастар (газеттен).
4) көмектес септік: бермен, әрмен. Мысалы,
Әрмен жүр, қырсығың тиеді (С.Мұқанов).
^ Сын-бейне мәнді жұрнақтар
Сын-бейне мәнді туынды үстеу жасайтын
тілде біраз жұрнақтар бар. Олар төмендегідей:
-ша, -ше: балаша, адамша, әлдекімше, қалпынша,
қазақша, әлімше, бұрынғыша т.б. Мысалы,
Жастарды жаңаша тәрбиелеу керек (Ә.Нәрібаев).
Батиханы өлерше ұрып тастапты (Ә.Тарази).
-дай, -дей, -лай, -лей: осылай, былай, солай,
анадай, тікелей, бүгіндегідей, бұрынғысындай,
ойдағыдай, кәдімгідей, мынадағыдай. Мысалы,
Жүрек оты. Жүрек қызметі осылай болады
(Ү.Бағаев). Мүғалімдік қызметіңді ойдағыдай
атқардың (С.Омарбв).
-тіндеп: біртіндеп. Мысалы, Адамдар біртіндеп
жинала бастады (С.Мұқанов).
-лықты: оншалықты, соншалықты. Мысалы,
Соншалықты ренжігенің дұрыс емес (С.Мұқанов).
-лып: біреулеп, бірлеп, екілеп. Мысалы,
Бірлеп, екілеп келіп жатыр (М.Әуезов).
-латып, -летіп: түнделетіп, күндіздетіп,
борандатып, жауындатып. Мысалы, -Борандатып,
түнделетіп келемін - деді ол, қабағы түйіліп
(С.Мәуленов).
-ата, -лата, -лете: біржолата, жаяулата,
түнделете, үймелете. Мысалы, Жаяулата
соққан жел бойын жазып ызыңдайды (С. Мыңжасарова).
-ыртын, -іртін: астыртын, үстіртін. Мысалы,
Олардың кейбір қазақ байларымен астыртын
жақындасып жүргендері байқалды (С.Сейфуллин).
Көнерген жалғаулар да сын-бейне үстеулерін
жасайды:
1) барыс септік: зорға, босқа, бірге, текке,
бекерге, жатқа, әзерге. Мысалы, Осында
зорға келдім (газеттен).
2) жатыс септік: қапыда (қапыда қалдым).
3)шығыс септік: етпетінен, шалқасынан,
бірден, келтесінен. Мысалы, Ғабдолла етпетінен
жатып, калың кітапты қақ жарып ашып, әндете
оқыды (М.Дүйсенов).
4) көмектес септік: жайымен, женімен, шынымен,
ретімен, қалпымен. Мысалы, Екеуі терезені
жайымен аша бастады (М.Дүйсенов).
^ Күшейту мәнді жұрнақтар
Күшейту мәнді жұрнақтар күшейту мәнді
туынды үстеулер жасайды.
-ша, -ше: онша, сонша, осынша, мұнша. Мысалы,
Сен неге осынша жыладың? (С.Мұқанов).
-ма: осыншама, соншама, мүншама, оншама.
Мысалы, Соншама иіліп, не болды? (М.Дүйсенов).
-лық: соншалық, осыншалық, оншалық, мұншалық.
Мысалы, Ағаш дегенің осыншалық таптырмайтын
нәрсе деп Рақым бұған дейін ойлаған жоқ
еді (Б.Тілегенов).
-ты жұрнағы -лық жұрнақты сөзге тіркесіп,
мөлшер мәнін береді: оншалықты, мұншалықты,
соншалықты, осыншалықты. Мысалы, Осыншалықты
күлдірермісің! (С.Омаров).
-лап, -леп: ондап келіп жатыр.
^ Мақсат мәнді жұрнақтар
-леп: әдейілеп. Мысалы, Мүрат сізді әдейілеп
іздеп келдім (М.Дүйсенов).
-акдна: қасакдна. Мысалы, Әзіл үшін касақана
айтылған сөз ғой (С.Мұқанов).
-а: жорта. Мысалы, Досым, бұл істі мен жорта
істеп едім (С.Омаров).
^ Біріктіру арқылы үстеудің жасалуы
Бұл тәсілмен жасалған үстеулер біраз
топ құрайды. Олар темендегі үлгілер бойынша
жасалады:
1) зат есім+зат есім: енжар, жайбарақат.
Мысалы, Бізде шаруаға әлі де немкүрайды,
енжар карау бар (З.Шашкин). Поселке сырт
карағанда, тып-тыныш, жайбарақат жатқан
тәрізді (І.Есенберлин).
2) зат есім+сын есім: басыбүтін, әжептәуір.
Мысалы, Осыны саған басыбүтін бердім
(С.Мүканов).
3) зат есім+сан есім: ауызекі. Мысалы, Олар
қолжазба күнінде қолдан-қолға көшіп,
жатталып, біреуден-біреуге ауызекі ауысып
жүрді (М.Кэратаев).
4) зат есім+үстеу: таңертең. Мысалы, Таңертең
Абайды ертіп кеткен Жиреншенің кдйда
екенін Үлжан білмеп еді (М.Әуезов).
^ Кіріккен үстеулер
1) есімдік+зат есім: биыл, бүгін, былтыр.
Мысалы, Бүгін жұмысқа шықпаушы ма еді?
(З.Шашкин).
2) зат есім+зат есім: жаздыгүні, қыстыгүні,
күздігүні. Мысалы, Жаздыгүні кұлпырар
масатыдай.
3) сын есім+зат есім: қоңыртаяқ, алатөбе.
Мысалы, Хакім етігін қоңыртаяқ киіп, есік
алдына шықты (Х.Есенжанов). Таңертеңгі
алатөбеден тұрып, кешегі орнына келіп
отырды (газеттен).
4) сан есім+үстеу: екіншәрі. Мысалы, Екіншәрі
маңыма жолама (ауызекі тілден).
5)үстеу+етістік: бүйтіп, сөйтіп, өйтіп.
Мысалы, Сенімен бүйтіп ешкім сөйлескен
емес (З.Шашкин).
Қосарлау
арқылы үстеудің жасалуы
Үстеудің жасалымында бүл - өте өнімді
тәсіл. Олар төмендегі үлгілер арқылы
жасалады:
1) негізгі түбір үстеу+негізгі түбір үстеу:
енді-енді, ерте-кеш, әрең-әрең, әрі-сәрі.
Мысалы, Ол әрең-әрең сөйлеп отыр (З.Шашкин).
2) негізгі түбір үстеу+кіріккен үстеу:
кеше-бүгін. Мысалы, Ол кеше-бүгін келер
еді (газеттен).
3) кіріккен үстеу+негізгі түбір үстеу:
бүгін-ертең. Мысалы, Ол бүгін-ертең келіп
қалар (С.Мүканов).
4) туынды үстеу+туынды үстеу: кешелі-бүгінді,
ілгері-кейінді-Мысалы, Кешелі-бүгінді
келер деген хабар тосудамыз (С.Мұқанов).
5) негізгі түбір+туынды түбір: жол-жөнекей,
көш-жөнекей. Мысалы, Болған жайды жол-жөнекей
естіген Бәдігүл солай қарай тартты (Ш.Құмарова).
6) қайталау арқылы жасалу: леп-лезде, оп-оңай,
іп-ілезде, әп-өзір, еп-ерте т.б. Мысалы,
Роза тұрғанша, бәрі де әп-әзір боп қалды
(Н.Ғабдуллин).
^ Тіркестіру арқылы үстеу жасау
Тіркестіру тәсілі үстеу жасауда өте өнімді
қызмет атқарады, сондықтан тіркескен
күрделі үстеулер бірсыпыра. Күні ертең ел-жұртым екеуімізді
екі айырып жібереді (С.Торайғыров). Мұны күні бұрын болжау қиын (М.Тиесов).
Бұл - бір қожаның ерте кезде салдырған мешіті (С.Бегалин).
Тіркескен күрделі үстеулер құрамына
қарай түрліше:
1) екі мүшелі тіркесті күрделі үстеулер:
күні ертең, күні кеше, күні бүгін, әр жақта,
әр кезде, әр уақытта, бір заманда, көш
ілгері, күні бойы, жазға салым, алдын ала,
бер жақ, ақырғы рет, бұрнағы күн, алдыңғы
жылы, бесін мезгілінде, әуел бастан, ерте
кезде, сәлден соң т.б.
2) үш мүшелі тіркесті үстеулер: күндерде
бір күн, ертеден қара кешке.
3) идиомаланған үстеулер: кас пен көздің
арасында, бетегеден биік, жусаннан аласа
(бола калды), акай жоқ, токай жоқ, апысы
кіріп, күпісі шығып, елден ала бөтен, аяқ
астынан, түн баласында, қаннен каперсіз,
томаға түйық, қүлан таза т.б.
1. Үстеудің сөзжасамына жалпы сиптатама
2. Үстеудің синтетикалық сөзжасамы
3. Үстеудің семантикалық топтарын жасайтын
жұрнақтар
4. Үстеудің аналитикалық сөзжасамы
5. Күрделі үстеулер
Әдебиеттер:
-
Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы.
-Алматы, 2002.
-
Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы.
–Алматы, 2003.
-
Төлеуов Ә. Сөз таптары. -Алматы,
1982.
-
Қазақ грамматикасы. -Астана,
2002.
-
Қазақ тілінің грамматикасы.-
Алматы, 1967.
-
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам
жүйесі. -Алматы, 1989.
№14-15
лекция. Тақырыбы: Етістіктің сөзжасамы
Жоспар
-
Етістіктің қалыптасқан күрделі
сөзжасам жүйесі
-
Етістіктің синтетикалық тәсіл
арқылы жасалуы
-
Есім негізді туынды түбір етістіктер
-
Етістік негізді туынды түбір
етістіктер
-
Аналитикалық тәсіл арқылы
жасалатын күрделі етістіктер
Синтетикалық тәсіл етістік сөзжасамында
белсенді қызмет атқарады. Синтетикалық
тәсіл арқылы етістіктің жасалуы сөзжасамдық
жұрнақтармен байланысты. Етістіктің
сөзжасамдық жұрнақтарының негіз сөзге
жалғанып, оның мағынасын өзгертуі не
түрлендіруі синтетикалық тәсіл арқылы
жасалуы деп аталады. Мысалы, көгер, жасар,
тыңда, қозға, сөйле, көрсет, жуын, оқыт,
сөндір, жазғыз т.б.
Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды
сөздер туынды түбір етістіктер деп аталады.
Туынды түбір етістіктер үшін екі морфема
міндетті түрде қызмет атқарады. Оның
бірі — негіз сөз, екіншісі — жұрнақ. Негіз
сөз толық мағыналы дербес сөзден болады.
Тұлғасы жағынан негіз сөз негізгі түбір,
туынды түбір де болады. Мысалы, толық,
ағар, жина, көгерт, емдет т.б.
Тілде негіз сөздер жұрнақсыз да колданыла
береді. Мысалы, Үлкенмен ақылдас. Ақылы
бар бала деген сөйлемдердегі ақылдас
туынды түбірінің негіз сөзі ақыл екінші
сөйлемде дербес сөз қызметінде қолданылып
тұр. Бұл - негіз сөз атаулыға тән құбылыс.
Бірақ аздаған туынды түбір етістіктердің
негіз сөздерінде қазір бұл қасиет жоқ.
Мысалы, оян, оят, аңқай, аңқи, өңки, тыңқи,
жымпи, семір, жұбан, жұбат, ұзай т.б. сияқты
бір топ туынды түбір етістіктердің жұрнақтары
анық көрініп тұрады да, негіз сөздері
жұрнақсыз жоғарыдағыдай жеке қолданылмайды,
бірақ олар туынды түбір етістік деп танылады.
Ал олардың негіз сөзі бір кездері дербес
сөз болғанымен, қазіргі тілде түбір сөз
ретінде қолданылмайды. Мұндай түбірлерді
орыс тіл біліміндегідей байлаулы түбір
деуге болады. Байлаулы туынды түбір етістіктер
жұрнақтары арқылы танылады, өйткені ондағы
негіз сөздер қазіргі тілде қолданыста
жоқ. Тарихи тұрғыда қазір туынды түбір
етістік деп дәлелденіп жүрген біраз етістіктер
бар, олар: кел, кет, тол, той т.б. Бұлар қазір
негізгі түбір болып саналады. Осылардың
аздаған мағыналық байланысы олардың
тарихи тұрғыда түбірлес сөз аталуына
негіз болған. Қазір бұл сөздердің құрамы
қосымша мен түбірге бөлінбейді. Етістік
сөзжасамында барлық сөз табы негіз болып,
сөзжасамдық бірлік қызметін атқарады.
Олардан зат есім сөздерді (балтала, нөсерле,
мұзда, жемде), сын есімдерді (қарала, әдеміле,
жақсыла), сан есімдерді (біреуле, екеуле),
есімдікті (кайдала, өзімсін), үстеуді
(ертелет, кештет), етістікті (түйре, бүрке,
жүріңкіре), одағайды (ойбайла, ұһле) атауға
болады. Тіліміздегі барлық негізгі сөз
таптары етістік жасауға қатысады.
Аналитикалық тәсіл де етістік сөзжасамында
белсенді қызмет атқарады. Мұнда да негіз
сөздер қызметінде түрлі сөз таптарының
сөздері колданыла береді: адам ет, ақылды
бол, жақсы көр, дем ал, бас қатыр, келіп
кет, алып бер, кіріп шық, жинап ал, керіп
кел т.б.
^ Етістіктің сөзжасамдық жұрнақтары
Етістік сөзжасамдық жұрнақтарға бай,
олар алуан түрлі. Етістік жұрнақтары
түрлі сөз таптарының сөздерінен туынды
түбір етістік жасайтын болғандықтан,
олар есім сөздерден етістік жасайтын
және етістіктен етістік жасайтын жұрнақтар
болып бөлінеді.
Есім сөз таптарының сөздерінен синтетикалық
тәсіл арқылы сөзжасамдық жұрнақтар туынды
түбір етістік жасайды: сына, ойна, қыбырла,
жемде, ағар, көбей, қысқар, өзгер т.б.
Етістіктен етістік жасалуы да етістік
сөзжасамынан кең орын алады: бүрке, келтір,
алғыз, сайрат, жөндеткіз т.б.
Етістіктің жұрнақтары құрамы жағынан
жалаң және құранды болып бөлінеді: 1) жалаң
жұрнақтар бір морфемадан тұрады: ақта,
есей, сыйла, өзгер, менсін, жолық, теңел,
адамсы, құтай, ата, аунакқшы т.б.
Құранды жұрнақтар ең кемі екі морфомадан
құралады: -лан(-ла+-н), -лат(-ла+-т),-лас(-ла+-с),-сара(-са+-ра),-ырай(-ыр+-ай):қарулан,
әндет, көмектес, ойсыра, ажырай, бадырай
и т.д.
Сонымен бірге етістіктің жекелеген туынды
түбір етістік жасаған өнімсіз жұрнақтары
да бар: -ши (шұқши), -и (селти), -ке (иіске),
-іне (есіне), -ірке (есірке, мүсірке, тосырқа)
т.б.
Етістіктің сөзжасамдық жұрнақтары лексикалық
мағынаға әсеріне қарай сөз өзгертуші
және сөз түрлендіруші жұрнақтар болып
бөлінеді. Сөз өзгертуші жұрнақтарға негізінен
есім сөздерден етістік
тудыратын жұрнақтар жатады. Лексикалық
мағынаны түрлендіретін жұрнақтарға етістіктен
етістік жасайтын жұрнақтар жатады. Лексикалық
мағынаны өзгертетін жұрнақтар деп негіз
сөздің лексикалық мағынасын өзгертіп,
одан қимыл мағынасын жасайтын жұрнақтар
аталады.
^ Есімдерден етістік жасайтын жұрнақтар
Есім сөздерден етістік жасайтын жұрнақтардың
мағынасы әр түрлі. Сондықтан олар түрлі
мағыналы туынды түбір етістік жасайды.
Осымен байланысты туынды түбір етістік
жұрнақтары мағынасына қарай топтастырылып
берілді.
^ Негіз сөздегі сындық белгіні қимылға
айналдыратын жұрнақтар. Белгілі түске
көшу қимылын жасайтын жұрнақтар
Түс мәнді сын есім сөздерге етістіктің
сөзжасамдық жұрнақтары жалғанып, негіз
сөздегі түске көшу әрекетін білдіретін
туынды түбір етістік жасайды.
-ла, -ле: ақта, карала, көкте, қызылда, қызаранда,
ағаранда т.б.
-ар, -ер: көгер, ағар, бозар, қуар т.б.
-ғай: сарғай
-ай, -ей: қарай
-ар: қызар |
Негіз сөздегі сындық
белгіге көшу қимылын жасайтын жұрнақтар
Түрлі сындық белгіні қимыл әрекетке айналдыратьш
етістік жұрнақтары белсенді қызмет атқарады.
Олар:
-ла, -ле: а) әдеміле, сұлула, жақсыла, жұкала,
уақтьа ә) арықта, жеңілде, ауырла, ыстықта,
еркеле
б) жылмаңда, бұлаңда, ирелеңде, сылаңда
в) шыңда, дәлде, жылдамда
-лан, -лен: қулан, зұлымдан, болжампаздан,
жалқаулан, елгезектен, мазасыздан, қамсыздан,
нәрсізден
-тас, -тес: өштес, қостас, достас
-ай, -ей: тарай, кеңей, молай, зорай, үлкей,
ұзай, кішірей
-ар: үзар, қысқар, жаңар, ескір, өзгер, жасар,
жақсар
-ал, ел: оңал, сүйыл, тарыл, тіріл, теңел
-ық: молық, зорық, өшік
-сы, -сі: босаңсы, пысықсы, батырсы, ширақсы,
көлгірсі, қамқорсы, өгейсі, үлкенсі
-сын, -сін: батырсын, білгішсін, жатсын,
кәрісін, пысықсын, адалсын, ақылдысын
т.б.
-ғар, -гер: оңғар, теңгер
-ы, -і: жасы, байы, кеңі
^ Нақтылы заттық ұғымды
қимылға айналдыратын жұрнақтар
1.Дене
мүшелерінің қимылға түсуін яғни дене
мүшелері арқьшы жасалатын қимылды білдіретін
туынды түбір етістіктер жасайтын жұрнакгар
мыналар:
-ла, -ле: баста, көзде, қолда, аяқта, өкшеле,
өкпеле, мойында, төбеле, аркала, бакайла,
уыста, тісте, тізеле, езуле, жанбаста,
желкеле, шынтақта т.б.
-а, -е: тісе, тіле.
2. Туу, көбею қимылын жасайтын жұрнақ:
-ла, -ле: балала, қозда, бұзаула, төлде,
лақта, туында, жұмыртқала, күшікте, гулде
3. Құрал арқылы жасалатын қимылды білдіретін
жүрнақ: -ла, -ле: балтала, пышақта, арқанда,
шідерле, тырмала, ашала, көсеуле, арала,
құрықта, ауыздықта, жүгенде, сабаула,
ожаула, шегеле, тізгінде, үтікте, көгенде,
ноқтала, қазықта т.б.
4. Объектідегі заттық ұғымның қимыл-әрекетке
көшуін, яғни одан етістік жасалуын білдіретін
жұрнақтар:
-ла, -ле: күмісте, алтында, қаңылтырла,
шыныла, асфальтта, бетонда, майла, тұзда,
жүнде, қауызда, өрнекте, бұтақта, жемде,
сүтте, пиязда, сула.
-а, -е: ата, аса, деме, ота, өрте, сына, міне,
-қар, -кер: басқар, ескер
-сер: тексер
-шы, -ші: аунақшы, дөңбекші, жаншы, қакшы,
көпірші
^ 5. Мөлшер, шама мөнді
етістік жасайтын жұрнақ:
-ла, -ле: шелекте, бөшкеле, қасықта, қапта,
тоннала, сүйемде, карыста, метрле, адымда,
кезде, аршында, екеуле.
^ 6. Негіз сөздің мағынасынан
дыбысқа қатысты етістік жасайтын жұрнақтар:
-ла, -ле: тарсылда, сартылда, гұрсілде,
шиқылда, бозда, зула, гуле, бажылда, қақылда,
сұңқыдда, қарқылда, ойбайла, аһле, үһле.
-ыра, -іре: дүркіре, күркіре, сарқыра, шұрқыра,
шырқыра, зіркіре, бұрқыра. Бұл дыбыс мәнді
етістіктің еліктеуіш сөзден жасалуы
-а, -е: салдыра, күркіре
-қыр, -кір: ақыр, кақыр, жазғыр, ысқыр, пысқыр,
түшкір, түкір, кекір. Бұлар жұрнақ кіріккен
көне түбірлер.
^ 7. Мекендік мәнді
етістік жасайтын жұрнақтар:
-ла, -ле: өрле, түракта, жағала, мекенде,
іргеле, ықта, арала. Үстеуден де осы мәнді
етістік жасайды: жоғарыла, төменде -лас,
-лес: орналас, жайлас, көршілес -а, -е: орна
-ық: орнық
^ 8. Заттық ұғымнан
жетімсіз кимылды, зәрушілікті білдіретін
қимылды жасайтын жұрнақтар:
-сыра, -сіре: кансыра, жетімсіре, ойсыра,
күлімсіре, жыламсыра, қымызсыра
-ырқан, -іркен: азырқан, ашырқан, тұшырқан,
шіміркен -ырқа, -ірке: есірке, мүсірке,
тосырқа
^ 9. Сын-бейне мәнді
жасайтын жұрнақтар
-ти, -ди: қазди, дүрди, сұсти, ташти, төсти
-ырай, -ірей: бақырай, шақырай, ажырай,
бадырай, тікірей, тасырай
10.
Субъектінің әдеттенген қимылын, өзіне
тікелей кдтысты қимылды білдіретін етістік
жасайтын жұрнақ:
-ық, -ік: құнық, дәнік, бірік, жолық, зарық,
тотық, қамық
-ына, -іне: есіне, қатына, пысына
-ке, -қа: иіске
-ан, -ен: жирен, оян, басын, жұбан, үйрен
^ Етістіктен етістік
жасайтын жұрнақтар
Етістіктен етістік жасайтын жүрнақтарға
негізінен лексикалық мағынаны түрлендіруші
жұрнақтар жатады.
Етістіктің
лексикалық мағынасын түрлендіретін жұрнақар
Етістіктің лексикалық мағынасын түрлендіретін
жұрнақтары деп етістік негіздің лексикалык
мағынасын сақтай отырып, оған түрлі үстеме
мағына қосатын жұрнақтары аталады.
^ Етістіктен етістік
жасайтын жұрнақтар
Етістіктен етістіктің жасалуы екіге
бөлінеді:
1) етістіктегі лексикалық мағынаны түрлендіру
2) етістіктегі лексикалық мағынаға объектілік,
субъектілік мағыналар қосып түрлендіретін
жұрнақтар.
Етістіктегі лексикалық мағынаны түрлендіретін
жұрнақтар
1. Түбір етістіктегі лексикалық мағынаны
түрлендіретін жұрнақтар көп емес, олардың
көбі өнімсіз жұрнақтар, тіпті бір туынды
түбірлерде кездесетіндері де бар.
-ғы, -гі: сырғы, ызғы, кергі, кілкі, түрткі.
Мысалы, Ызғып отырып, тез жеттік (С.Жүнісов).
-ла, -ле: үрле, бүкте, тістеле, сүйреле,
қарайла, жетеле. Мысалы, Саған қарайлап
қалдым (С.Мұқанов).
-қыла, -кіле: шапқыла, кескіле, ұрғыла,
қойғыла, соққыла, түрткіле, жұлқыла, тепкіле
-ыңқыра, -іңкіре: алыңқыра, бұрыңқыра,
бұзыңқыра, беріңкіре, жүріңкіре, түсіндіріңкіре
-шы, -ші: тыншы, шапшы, тапшы, көнші
-дік, -лік: көндік, илік, килік
-ірей: тесірей, тікірей
-ыр, -ір: қаңғыр, бітір, кетір, ұшыр, батыр
-жыра, -жіре: тұнжыра, болжыра
-ға, -ке: қорға, қозға, бүрке
-ғыт: құйғыт, орағыт. Мысалы, Орағытып,
сөзден ұстатпайды (С. Жүнісов).
-жы: уылжы, тамылжы
-ік: көнік, кезік
Бір туынды түбір сөз ғана жасайтын жүрнақтар
бар, олар:
-ей: кішірей. Мысалы, Құнанбайдың алдында
кішірейіп болдық (М.Әуезов).
-бі: ілбі. Мысалы, Ілбіп жүрістері өнбеді
(С.Мұқанов).
-ді: өнді. Мысалы, Жаяудың жүрісінен жер
өндімейді (І.Жансүгіров).
-іл: иіл. Мысалы, Жауға иілген басым қор
болды (С.Жүнісов).
-іс: көніс. Мысалы, Көніспеске шара жоқ
(С.Мұқанов).
-гес: мінгес. Мысалы, Асқармен атқа мінгесіп
отыруға тура келді (С.Мұқанов).
-сет: көрсет. Мысалы, Көрсет ерлігінді
(С.Жүнісов)
Қимылға
субъектілік, объектілік мән қосатын жұрнақтар
Субъектілік, объектілік мәнді жұрнактарды
етіс жұрнақтары деп санайтыны белгілі.
Бұл жұрнақтар түбір етістіктерге жалғанып,
оларға қимылдың иесі, қимылға түсетін
объекті туралы мән қосып, түбір етістіктегі
лексикалық мағынаның үстіне әр түрлі
мағына қосады. Сондықтан олар етістіктің
лексикалық мағынасын түрлендіретін жұрнақтар
болып саналады. Олардың әрқайсысы туынды
түбір етістік жасайтын болғандықтан,
туынды түбірлердің де негіз сөз қызметін
атқаратын заңдылығы бойынша сөздің қүрамында
ол жұрнақтар бірнешеу бола береді. Мысалы,
жаздырылмады, жуындыр, алғыздырт, сыйлаттыр
т.б.
-ын, -ін, -н: жуын, киін, жасан, тілен, сұран
т.б. Бұл жұрнақ етістіктің лексикалық
мағынасының үстіне қимылдың иесі де,
қимылға түсетін зат та бір зат деген мағынаны
қосады. Мысалы, Жуынып, таранды, жан-жағына
қаранды (С.Мұқанов). Мұнда жуыну, тарану,
қарану қимылын жасаған да, сол қимыл жасалған
адам да-бір адам. Сондықтан олар өздік
етіс аталады.
Осы жұрнактардың екінші мағынасы бар.
Онда бұл жұрнақ қимылдың иесін көрсетпей,
қимыл өзінен-өзі жасалғандай мәнді білдіреді
де, ырықсыз етіс жасайды. Мысалы, Арам
шөптер жұлынды, өнімдер қапқа салынды
(ауызекі тілден) дегенде жұлыну, салыну
қимылын кім жасағаны сөйлемде айтылмай,
олар белгісіз қалған.
-ыл, -іл, -л жұрнағы түбір етістіктерге
жалғанып, оған қимыл иесінің белгісіздігін
білдіретін мән косады. Мысалы, егін орылды,
шөп шабылды, ән айтылды, хат жазылды, сұрақ
қойылды, жауап берілді дегендерде етістіктегі
қимылды кім жасағаны белгісіз, ол аталмаған.
Сондықтан мұндай туынды етістіктер ырықсыз
етіс аталады.
Бұл жұрнақтың басқа мағынасы да бар. Мысалы,
Ол биыл елге оралды. Аттылар бізге карай
бұрылды. Ол сырқатынан жазылды сияқты
қолданыста орал, бұрыл, жазыл етістіктеріндегі
қимылдың субъектісі айтылған және ол
субъекті әрі объекті екені білдірілген.
Мұнда —ыл жүрнағы өздік етіс жасап тұр.
Бүл — осы жүрнақтың екінші мағынасы.
-дыр, -дір жұрнағы түбір етістікке жалғанып,
қимылдың тындаушы мен сөйлеуші ден басқа
бөгде, 3-адамға жасататынын білдіреді.
Мысалы, Оған хат жаздыр, кітапты алдыр,
оны келтір т.б.
Осы мағынаны -қыз, -кіз, жұрнақтарыда білдіреді.
Мысалы, өлең айтқыз, уәде бергіз, сурет
салғыз, оны сөйлет, қызды билет, үйді жинат,
жұртты тарат т.б.
Бұл жұрнақтардың бәрі белсенді қолданылатын
өнімді жұрнақтар.
-ыс, -іс, -с жұрнағы түбір етістікке жалғанып,
оған қимылдың бірнеше субъектіге ортақтығын
білдіретін мағына қосады. Мысалы, Олар
асықпай, ұзақ сөйлесті (С.Мұқанов). Ақындар
айтыс өнерін білгірлікпен шебер жалғастырды
(газеттен).
Етістік сөзжасамында аналитикалық тәсіл
өте белсенді қызмет атқарады. Аналитикалық
тәсіл арқылы жасалған күрделі етістіктерге
тіліміз өте бай. Көне замандардан бері
қолданылып, тілді күрделі етістіктермен
байытқан бұл тәсіл арқылы жасалған күрделі
етістіктердің өзіндік ерекшеліктері
мол. Етістіктің аналитикалық тәсіл арқылы
жасалуы деп екі етістіктің бір-бірімен
тіркесіп, бір күрделі қимыл ұғымын білдіріп,
бір күрделі етістік жасауы аталады. Алдымен
күрделі етістіктер күрделі қимыл ұғымын
білдіреді. Күрделі қимыл ұғымы деп екі
түрлі қимылдың біртұтас қимыл-әрекет
мәніне ие болған түрін айтамыз. Мысалға,
үйге кіріп шық, бізге келіп кет, оған барып
қайт, мұны беріп кел сиякты күрделі етістіктердің
бәрі алғаш екі қимылды білдіретін толық
мағыналы дербес сөздер болған. Қолданыла
келе олар дербестігін жойып, біртұтас
мағынаға көшкен яғни бір кимыл мәніне
көшкен. Бірақ ол біртұтас қимылда алғашқы
сыңарлардың мағынасының ізі сақталған,
олар казір бір қимылдың тұтас жасалатын
екі кесіндісі сияқты мәнді сақтаған.
Сондықган ол бір ғана кимыл, дара қимыл
мәнінен күрделі ұғым болып калыптасқан.
Күрделі етістіктердің басым көпшілігі
күрделі қимыл ұғымын білдіреді, бәрі
де осындай деуге болмайды. Бүл ретте құранды
етістіктер ерекшеленеді.
Күрделі етістіктер барлық күрделі сөздер
сияқты сөйлемнің бір мүшесі болады да,
біртұтас ырғақпен, бір екпінмен айтылады.
Оның сыңарларының арасына басқа сөз түсе
алмайды. Күрделі етістіктер бір сөз болғандықтан,
сөйлемдегі сөз тұлғасын түрлендіруші
қосымшалар етістіктің соңғы сыңарына
ғана жалғанады. Мысалы, келіп кетті, кіріп
шыққан, беріп кайтыпты т.б.
Күрделі етістіктің сыңарлары толық сөздерден
ғана болады, өйткені олардан күрделі
етістікгегі күрделі кимыл ұғымы жасалады.
Бұл заңдылықты құранды етістіктер ғана
бағынбайды. Мысалы, қызмет ет, құрмет
ет, адам бол т.б. Бұлар көмекші етістіктер
арқылы жасалады. Баска жағдайдың бәрінде
күрделі етістіктің құрамы толық мағыналы
етістіктерден құралады.
Күрделі етістікгердің бірнеше түрі бар.
Олар:
1) кіріккен күрделі етістіктер;
2) тіркескен күрделі етістіктер;
3) кұранды етістіктер;
4) қосарланған етістіктер;
5) тұрақты тіркес етістіктері.
^ Кіріккен күрделі
етістік
Кіріккен күрделі етістік деп екі сыңардан
кұралып, сыңарлары дыбыстық құрамын толық
сақтамаған, біртұтас лексикалық мағына
беретін, күрделі қимыл ұғымын білдіретін
туынды етістіктер аталады. Мысалға, оған
апар (алып бар), әкел (алып кел), әпер (алып
бер), әкет (алып кет) сияқты кіріккен етістіктер
жатады. Кіріккен етістіктердің кұрамы
алғаш толық. мағыналы етістіктер болғаны
белгілі, сондыктан олардың сыңарларының
дыбыстық кұрамы толық сақталмаса да,
түп негізіне карап, ол күрделі етістіктерге
жатады.
^ Тіркескен күрделі
етістіктер
Тіркескен күрделі етістікгер деп екі
етістік сыңардан құралып, бір лексикалық
мағына білдіретін, бірақ сыңарлары емле
бойынша бөлек жазылатын сөздер аталады.
Мысалы, алып кет, көріп бер, алып қайт,
біліп бер, кайтып кел т.б. Тіркескен күрделі
етістіктердің сыңарлары мағыналы етістіктерден
жасалып, сыңарларының мағынасынан күрделі
қимыл ұғымының атауы жасалады.
Тіркескен күрделі етістіктердің. сыңарлары
кез келген етістіктен болмайды және күрделі
етістіктің бірінші сыңары мен екінші
сыңары болатын етістіктерде де үлкен
айырма бар және үқсастык та жок емес.
Үқсастық мынада - негізгі түбір етістіктер
күрделі етістікгің бірінші сыңары да,
екінші сыңары да бола береді. Ал айырмашылық
- күрделі етістіктің бірінші сыңары негізгі
түбір етістіктен де, туынды түбір етістіктен
де болады, ал екінші сыңары тек негізгі
түбір етістіктен ғана болады және олардың
саны да күрамы да белгілі, олар тілдегі
отыздай негізгі түбір етістіктер. Сондыктан
күрделі етістікгің бірінші сыңары болатын
етістіктердің саны олардан әлдекайда
көп. Бүл тіркескен күрделі етістіктердегі
сыңарлардың қызметін қалыптастырған.
Тіркескен күрделі етістіктердің сыңарлары
қызметіне қарай ауыспалы сыңар, тірек
сыңар болып бөлінеді.
Ауыспалы сыңар тіркескен күрделі етістіктің
кұрамында бірінші орында тұрады. Мысалы,
алып кел, беріп кет, жинап ал, ойлап отыр,
көздеп тұр, тыңдап түр, біліп кел, көріп
ал, сынап кетті т.б.
Тіркескен күрделі етістікге тірек сыңар
екінші орында тұрады. Мысалы, біліп бер,
көріп кел, тындап отыр, айтып кет, сұрап
қайт, сұрап кел т.б.
Ауыспалы сыңардың бірінші орында тұруы
туынды түбірдегі негіз сөзбен сай келсе,
тірек сыңардың екінші орында түруы жұрнақтың
орнымен сәйкес келеді.
Тіркескен күрделі етістіктердің екі
сыңары да сөзжасамдық бірлік, негіз сөз
қызметін атқарады. Дегенмен күрделі етістіктің
күрамын туынды түбір етістікпен салыстырғанда,
онда үқсастық байқалады. Туынды түбірдегі
түрлі негіз сөздерден бір жұрнақ арқылы
бірнеше туынды түбір жасалуы ұқсап, түрлі
ауыспалы сыңарлардан бір тірек сыңар
арқылы бір топ тіркескен күрделі етістіктер
жасалады. Мысалы, алып кел, беріп кел,
көріп кел, біліп кел, кайтып кел, санап
кел, жинап кел, әперіп кел, апарып кел
т.б.
Бір жүрнақ арқылы жасалған туынды түбірлердің
мағынасында байланыс болатыны сияқгы,
бір тірек сыңар арқылы жасалған тіркескен
күрделі етістіктердің де мағыналары
байланысты болады. Мысалы, сатушы, әнші,
малшы, жазушы, күйші, домбырашы, жыршы
сияқты туынды түбірлердің бәріне мамандық
мәні ортақ, сол арқылы олардың мағынасы
байланысты. Сол сияқты алып кет, көріп
кет, біліп кет, сынап кет, жинап кет, апарып
кет, әкеліп кет, әперіп кет деген бір тірек
сыңар арқылы жасалған тіркескен күрделі
етістіктердің бәріне кет тірек сыңарының
мағынасы ортақ, сол аркылы олардың бәрінің
мағынасы байланысты.
Туынды түбірмен тіркескен күрделі етістіктердің
жасалуындағы сондай үқсастықтар сөзжасамның
жалпы зандылықгарын аңғартады. Ал олардың
арасындағы айырмашылық олардың түрлі
тілдік құбылыс болуына байланысты.
Тірек сыңар болатын етістіктер мыналар:
апар, әкел, әкет, бар, әпер, бер, біл, жат,
жатыр, жөнел, жүр, жібер, кел, кет, кайт,
қал, қой, қыл, отыр, өт, сал, соқ, таста,
тұр, түс, шық.
Осы отыз тірек сыңардың әрқайсысы бірнеше
жүзден тіркескен күрделі етістік жасайды.
Сонда тек тіркескен күрделі етістіктердің
өзі бірнеше мың болады. Олай болса, тіркескен
күрделі етістіктер сөздік қордың бір
бай бөлшегі болып шығады.
Тіркескен күрделі етістіктердің сыңарлары
белгілі қосымшалар арқылы байланысады,
Олар - көсемшенің -ып, -іп, -п, -а, -е, -й, -ғалы,
-гелі, -қалы, -келі жүрнақтары. Аталған
жүрнақтардың сыңарларды байланыстырып,
тіркескен күрделі етістік жасаудағы
қызметі бірдей емес, өйткені олардың
кейбіреуі бүл қызметгі белсенді атқарыл,
көптеген тіркескен күрделі етістіктер
жасап, кейбіреулері
арқылы шамалы ғана күрделі етістіктер
жасалған.
Келтірілген жүрнақтардың ішінде ең өнімдісі
- көсемшенің -ып, -іп, -п жұрнағы. Бұл жұрнақтың
сыңарларды байланыстыруы арқылы өте
көп күрделі етістік жасалған. Оның дәл
санын келтіру қиын, бірақ сыңарлары -п
көсемше арқылы байланысқан күрделі етістіктер
басқалардан бірнеше рет артық екені сөзсіз.
Көсемшенің жұрнактарының ішінде ең өнімсіз
қызметті - ғалы жұрнағы аткарады. Олар
арқылы жасалған кұрделі етістіктер шамалы.
Құранды
етістіктер
Құранды етістіктер деп есім сөздерге
белгілі көмекші етістіктер тіркесіп,
оған қимыл мағынасын қосу арқылы жасалған
етістіктер аталады. Мысалы, қызмет ет,
кұрмет ет, жәрдем ет, адам ет, әлек қыл,
алаң бол, қор бол, ит қыл т.б.
Құранды етістік жасайтьш кемекші етістіктердің
қызметін есім сөзден етістік жасайтын
жұрнақпен салыстырып, олардың екеуінің
де есім сөзден етістік жасайтынын көруге
болады. Мысалы, жәрдем ет - жәрдемдес,
сыйлық ет - сыйла, мазақ ет - мазақта, кұрмет
ет -кұрметте, табыс ет - табыста, арман
ет - арманда, үміт ет - үміттен, хабар ет
- хабарла, талқан ет — талқанда, сылтау
ет - сылтаула, қор ет - қорла, еңбек ет -
еңбектен, баян ет - баянда, әуре ет - әуреле,
әңгіме ет - әңгімеле, айғақ ет - айғақта,
айып етпе - айыптама, әдет ет - әдеттен,
зақым ет - зақымда, жыр ет - жырла.
Мұнда құранды етістіктердің тілде синоним
туынды түбір етістіктері бары анықталды.
Ол әр есім сөзден тілде аналитикалык
тәсіл арқылы да, синтетикалық тәсіл арқылы
да туынды етістікгер жасалғанын біддіреді.
Ал ол - құранды етістік жасайтын көмекші
етістіктердің есім сөзге жүрнақ сияқгы
қимыл мәнін қосканына толық дәлел.
Көмекші етістіктер арқылы жасалған құранды
етістіктердің туынды етістік екенін
олардың сөйлемде етістік сөздер үлгісімен
түрленуі де дәлелдейді. Мысалы, Ант етеміз
адым жер шегінбеуге (Д.Әбілев). Жауқазындар
гүл атты (С.Мұқанов). Ой, тақсыр, айып етпе,
шақырғанға деп айтты сасқаннан соң, қолын
құшып (ауыз әдебиетінен). Назды мұң мен
толқынды ыстық ой да, барлық пердесіз,
қытықсыз шынын осы әнге табыс еткен (М.Әуезов).
Осы мысалдардағы кұранды етістіктер
сөйлемде осы шақ, жіктік жалғау (ант етеміз),
өткен шақ(гүл атты), болымсыз етістік
(айып етпе), есімше (табыс еткен) қосымшаларымен
түрленген. Басқа да етістіктің сөз түрлендіру
қосымшаларын түгел кабылдайды.
Құранды етістіктердің негіз сөзі есім
сөздерден болады. Мысалы, адам ет, қызмет
ет, жақсы бол, тамаша ет, солай ет, бұлай
ет, екі етпе, жарқ етті, тырс еткіз, кылп
еткізбе т.б.
Тілде құранды етістік жасайтын белгілі
көмекші етістіктер бар, олар көп емес.
Атап айтқанда, олар мыналар: ет, кыл, бол,
тарт, ат, соқ, бер, ұр. Бұлардың ішіндегі
ең өнімдісі — ет көмекші етістігі. Ол арқылы өте
көп құранды етістіктер жасалған: еңбек
ет,
әуре ет, ел ет, ұжым ет, құрал ет, алданыш
ет, жар ет, бала ет, корғаныш ет, сүйеу
ет, бағынышты ет, құрбан ет, азат ет, дұшпан
ет, кастық ет, жақсылық ет, айқын ет, кедергі
ет, кыңк еткізбе, зырқ етті, сыр етті, бұрқ-бұрқ
етті, былш етті т.б.
Қыл көмекші етістігі бұрын кұранды етістік
жасауда белсенді қызмет атқарған, казір
оның қызметі бәсендеді: дауыс қыл, жүн
қыл, жоққыл, жыр қыл, сәлем қыл, қор қыл,
қан қыл, міндет қыл, мазақ қыл, адам қыл,
толқын қыл, үміт қыл, өсек қыл, тәубә қыл,
ойран қыл, жазым қыл, кас қыл т.б.
Бол
көмекші етістігі арқылы да бір топ құранды
етістіктер жасалған: адам бол, жақсы бол,
үстем бол, қүмар бол, жария бол, таза бол,
азық бол, жем бол, азамат бол, әсем бол,
риза бол, жігіт бол, мәлім бол, қатал бол,
құл бол, алаң бол, кісі бол, қабыл бол,
ырза бол, құштар бол, мәз бол, ғашық бол,
мерт бол, үйір бол т.б.
Кейбір көмекші етістіктер: тарт, ат, соқ,
бер, ұр, бірлі-жарым құранды етістіктер
ғана жасайды: сарғылт тартты, әуреге түсу,
гүл атты, телефон соқ, тап берді, тарс
үру т.б.
Идиомаланған тіркестердің де құранды
етістіктерге жататындары да бар: жек
көру, жақсы көру, зар қағу, таяқ жеу, бас
қою, көз салу т.б.
Қосарланған
күрделі етістіктер
Қосарланған етістіктер деп екі сыңары
да етістіктен жасалған қос сөздер аталады.
Қосарланған етістіктер деп белгілі тұлғадағы
екі түрлі етістіктен не бір етістіктің
қайталануынан жасалған етістіктер аталады:
келіп-кетіп, ашып-жауып, жүріп-тұрып, бағып-қағып,
сылап-сипап, күліп-ойнап, асып-тасып, өліп-талып,
жылап-сықтап, алдап-арбап, асығып-сасып,
қорқып-үркіп, ұрып-соғып, келе-келе, айта-айта,
көре-көре, жылай-жылай, сұрай-сұрай т.б.
Қосарланған етістіктер сөйлемдегі негізгі
қимылдың жайы-күйін білдіреді.
^ Идиомаланған күрделі
етістіктер
Идиомаланған тұрақты тіркестердің бір
тобы қимыл мағынасында қолданылады. Мысалы,
көзге түрткі болу, көзден ғайып болу,
көздеп бір-бір ұшу, зәре-құты қалмау, төбе
шашы тік тұру, қара терге бату, қара жер
болу, бетегеден биік, жусаннан аласа болу,
көзі түсу, көкке көтеру, мойнына қамыт
кигізу, тумай жатып картайған, инедейді
түйедей ету т.б.
Идиомаланған етістіктер сөйлемде бір
сөз қызметін аткарады. Мысалы, Инедейді
түйедей ету - сенің әдетің (С.Мұқанов).
Идиомаланған етістік сөйлемнің бастауышы
болып тұр. Досыңның өскені тамағыңа сүйек
болып кадалды. Мұнда идиомаланған етістік
мәнді тізбек сөйлемнің баяндауышы.
1. Етістіктің синтетикалық сөзжасамы
2. Етістік жасайтын сөзжасамдық жұрнақтар
3. Етістіктің аналитикалық сөзжасамы
4. Күрделі етістіктер жүйесі
5.Кіріккен күрделі етістіктер;
6. Тіркескен күрделі етістіктер;
7. Құранды етістіктер;
8. Қосарланған етістіктер;
9. Тұрақты тіркес етістіктері.
Әдебиеттер:
-
Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы.
-Алматы, 2002.
-
Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы.
–Алматы, 2003.
-
Бейсембайқызы З. Сөзжасам пәнін
модуль бойынша оқыту.-Алматы, 2000.
-
Төлеуов Ә. Сөз таптары. -Алматы,
1982.
-
Қазақ грамматикасы. -Астана,
2002.
-
Қазақ тілінің грамматикасы.-
Алматы, 1967.
-
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам
жүйесі. -Алматы, 1989.
|