Кәсіпорынның маркетингтік қызметін талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2013 в 22:05, реферат

Краткое описание

Маркетинг (ағылш. marketіng — рынок‚ базар‚ өткізу‚ сауда) — кәсіпорынның (фирманың, бірлестіктің‚ т.б.) тауар өндіру-өткізу және сауда жасау қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі. Маркетинг нарық дамуының жай-күйі мен келешегін зерделеуге негізделеді, тұтыну мен өндіріс өніміне (тауарға‚ көрсетілетін қызметке) сұранымды қалыптастырады, табыс алу мақсатымен рынокта тауарлардың өткізілуін тездетуге бағытталады. Маркетинг — сұранымды жан-жақты зерделеп‚ болжау‚ жарнаманы пайдалану‚ өндірісті ынталандыру‚ сақтау мен тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін‚ тауарлардың тұтынушыға жетуіне жәрдемдесетін тех. және басқа түрлерін қолдану негізінде кәсіпорынның жаңа өнімді әзірлеу‚ өндіру мен өткізу жөніндегі ұйымдық-техникалық‚ қаржы‚ коммерциялық және басқа қызмет түрлері жатады.

Содержание

Кәсіпорынның маркетингтік қызметін талдау ......................................2
Негізгі құралдарды пайдалануды талдау................................................5
Материалдық ресурстарды пайдалануды талдау...................................9
Еңбек ресурстарын пайдалануды талдау...............................................12
Өнімдерді өндіру мен сатуды талдау.....................................................14

Вложенные файлы: 1 файл

СРС АЙДАНА.docx

— 109.18 Кб (Скачать файл)

(15,33 – 18,94) * 2,489 = - 8,99 %.

 

3.Материалдық ресурстарды пайдалануды талдау

 

Өнім өндірісі жоспарын орындау  мен өнімнің өзіндік құнын  төмендетудің, пайда мен рентабельділік деңгейін жоғарылатудың қажетті  шарттарының бірі - өндірісті қажетті  шикізат пен материалдармен толық  әрі уақтылы қамтамасыз ету болып  саналады.        

 Кәсіпорынның шикізат  пен материалдармен қамтамасыз  етілу деңгейі қолда бар материалдар  көлемін олардың жоспарлы қажеттілігімен  салыстыру арқылы анықталады. Сонымен  бірге, сатып алынған материалдардың  сапасы, олардың стандарттар мен  техникалық талаптарға сәйкестігі  тексеріледі.        

 Талдау барысында қоймадағы  шикізат пен  материалдар қорының жағдайына ерекше көңіл бөлу керек. Өндіріс үрдісіне қажетті материал мен шикізаттыңағымдық, маусымдық және сақтық қорлары ажыратылады. Материалдардың  ағымдық қорының көлемі (Қағ.)  материалдарды жеткізу жиілігі (Жкүн) мен материал түрін тәуліктік тұтыну көлеміне (Ттәул.) байланысты : 

 

Қағ. =  Жкүн * Ттәул.                

 

 

         Материалдар мен шикізаттардың  маңызды  түрлерінің ағымдық қорының жағдайына баға беру үшін оның қолда бар  көлемі нормативті шамамен салыстырылады (11.1-кесте). 

 

3 –Кесте. Материалдық қорлардың жағдайын бағалау 

 

Материал түрі

Орташа тәуліктік қажеттілік,

м

Нақты қор

Қор нормасы, күн

Ауытқу, +-

м

күн

күн

м

А

480

1920

4

6

-2

-960

Б

800

5600

7

6

+1

+800


 

          

Кесте мәліметтері кәсіпорында  запас нормасы сақталмайтындығын  көрсетеді,  1-материал түрінің қоры нормативтен 2 күнге кем , 2-материал түрінің қоры 1 күнге артық.         

 Кәсіпорынның материалдық  ресурстармен қамтамасыз етілуінен  өндіріс көлемі тікелей тәуелді.  Бұл байланысты сипаттау үшін  натуралды шамадағы өнім өндірісін  келесі үлгімен бейнелеуге болады:  

 

V

                           

 

Мұндағы: V- белгілі бір өнім түрінің физикалық көлемі; Мi- өнім өндірісіне жұмсалған материалдық шығындар; O- материал қалдығы; У- өнім бірлігіне  жұмвсалған материал шығыны. 

 

4 –Кесте. Материалды пайдалану деңгейінің өндіріс көлеміне әсері 

 

Көрсеткіштер

Жоспар

Нақты

Ауытқу, +-

Пайдаланылған материал көлемі, м

27580

28340

+760

Материал қалдығы, м

380

440

+60

Өнім өндірісіне жұмсалған материал, м

27200

27900

+700

Өндіріс көлемі, дана

8500

9000

+500

Өнім бірлігіне материал шығыны, м

3,2

3,1

-0,1

Өндіріс көлемінің өзгерісіне факторлардың әсері, дана:

- пайдаланылған материал көлемінің  өсуі

- материал қалдығының өсуі

- 1 өнімге материал шығынының  кемуі

 

 

 

х

х

х

 

 

 

х

х

х

 

 

 

+238

-19

+281


 

 

4 –кестеде келтірілген есеп нәтижелерін (аталған 3 фактордың өндіріс көлемінің өзгерісіне әсері) абсолютті айырмашылықтар не тізбекті алмастыру әдістерінің бірімен анықтауға  болады (11.3-кесте). 

 

5-Кесте. Өндіріс көлемінің өзгерісіне факторлар әсерінің есебі 

 

Фактор

Фактор әсерін есептеу алгоритмі

Өндіріс көлемінің өзгерісі, дана

∆V

абсолютті айырмашылықтар әдісі

тізбекті

алмастыру

әдісі

Пайдаланылған материал көлемі (М)

+238

Материал қалдығы (О)

-19

Өнім бірлігіне материал шығыны (У)

+281

Барлығы

х

х

+500


 

         

 Кесте мәліметтері  бойынша нақты өндіріс көлемі  жоспармен салыстырғанда 500 данаға  немесе 5,9 % ға артық, оның ішінде: пайдаланылған материал көлемінің  760 м артуынан өндіріс көлемі 238 данаға өсті,  материал қалдығының 60 м өсуінен өндіріс көлемі 19 данаға кеміді, ал 1 өнімге жұмсалған материал шығынының 0,1 м кемуінен өндіріс көлемі  281 данаға өсіп отыр.        

 Осы факторлық үлгі  бойынша пайдаланылатын шикізат  көлемін көбейту, материал қалдығын  кеміту мен өнім бірлігіне  жұмсалатын материал шығынын  кеміту жолымен болатын өндіріс  көлемін өсіру резервтерін анықтауға  болады.

Материалдық ресурстар өндіріс  шығындарының елеулі үлесін алады, сол  себепті оларды пайдалану тиімділігін  талдау мен оны арттыру жолдарын іздестіру кез-келген кәсіпорын  үшін маңызды мәселе. Материалдық  ресурстарды пайдалану тиімділігіне сипаттама беру үшін жалпылаушы және жеке көрсеткіштердің жүйесі қолданылады.         

Материалдық ресурстарды  пайдалану тиімділігін сипаттаушы жалпылама көрсеткіштерге келесілер жатады:         

Материал қайтарымы  - бұл көрсеткіш тұтынылған материалдық ресурстардың әрбір теңгесіне неше теңгенің өнімі өндірілгенін сипаттайды . Оны анықтау үшін өндірілген өнім құнын материалдық шығындарға бөлу керек.         

Материал сыйымдылығы – бұл көрсеткіш өнімнің бір теңгесін өндіруге неше теңгенің материалдық ресурстары тұтынылғанын сипаттайды, яғни материалдық шығындар / өндірілген өнім құны.         

Өндіріс көлемі мен  материалдық шығындардың арту қарқындарының  қатынасының коэффициенті -  бұл көрсеткіш материал қайтарымының динамикасына салыстырмалы баға беруге мүмкіндік береді. Оны анықтау үшін жалпы өнім көлемінің индексін материалдық шығындар индексіне бөлу қажет.         

Өнімнің өзіндік  құнындағы материалдық шығындардың  үлесі – бұл көрсеткіштің динамикасы өнімнің материал сыйымдылығының өзгерісін сипаттайды.         

Материалдық шығындардың 1 теңгесіне келетін пайда – материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін сипааттаушы негізгі көрсеткіш, оны есептеу үшін негізгі қызметтен алынған пайда сомасын материалдық шығындарға бөлу қажет.         

Материал сыйымдылығының жеке көрсеткіштері материалдық ресурстардың жеке түрлерін пайдалану тиімділігін (шикізат сыйымдылығы, металл сыйымдылығы, энергия сыйымдылығы, отын сыйымдылығы, т.б.) сипаттау үшін қолданылады.        

 Материал сыйымдылығының  жеке көрсеткіштері құндық, натуралды  не  шартты-натуралды өлшем бірліктерінде есептелінуі мүмкін. Талдау барысында материалды пайдалану тиімділігінің жеке көрсеткіштері жоспарлы, базисті көрсеткіштермен салыстырылып, олардың ауытқу себептері анықталады.        

 Материалдық ресурстарды  пайдалану тиімділігін сипаттаушы  негізі көрсеткіш – материалдық шығындардың 1 теңгесіне келетін пайда(r). Оның деңгейінің жоғарылауы кәсіпорын қызметінің оң бағытқа өзгергенін көрсетеді. Оның деңгейі мен оған әсер еткен факторларды анықтау үшін келесі факторлық үлгіні пайдалануға болады:  

 

r = 

R * d * m           

 

мұндағы: П - өнім өткізуден  алынған пайда (жалпы табыс); МШ -өндіріске  жұмсалған  материалдық шығындар сомасы; Т - өнім өткізуден алынған түсім;  Q- жалпы өнім құны; R – сатудың рентабельділігі; d - жалпы өнімдегі түсімнің үлесі, m - материал қайтарымы. 

 

6-Кесте. Материалдық шығындардың 1 теңгесіне келетін пайданы факторлық талдау 

 

Көрсеткіштер

Жоспар

Нақты

Ауытқу, +-

Жалпы өнім құны, мың тг

198135

193190

-4945

Өнім өткізуден түскен түсім, мың  тг

180303

181599

+1296

Жалпы табыс,  мың тг

37541

29613

-7928

Материалдық шығындар сомасы, мың  тг

56412

58644

+2232

Сатудың рентабельділігі, %

20,82

16,31

-4,51

Түсімнің жалпы өнімдегі үлесі

0,91

0,94

+0,03

Материал қайтарымы, тг

3,512

3,294

-0,218

Материалдық шығындардың 1 теңгесіне  келетін пайда, тиын

66,55

50,50

-16,05

Материалдық шығындардың 1 теңгесіне  келетін пайданың өзгерісіне факторлар  әсері, тиын:

- материал қайтарымы

- түсімнің жалпы өнімдегі үлесі

- сатудың рентабельділігі

 

 

 

 

 

х

х

х

 

 

 

 

 

х

х

х

 

 

 

 

 

-4,14

+2,06

-13,97


 

 

6 – кесте мәліметтері бойынша материалдық шығындардың 1 теңгесіне келетін пайда сомасы жоспарланғаннан 16,05 тиынға төмен. Мұндай нәтижеге келесі факторлар әсер етті:        

 а) Материал қайтарымының 21,8 тиынға немесе 6,2 % ға төмендеуінен  материалдық шығындардың 1 теңгесіне  келетін пайда  4,13 тиынға төмендеді:  

 

(m– m0) * d* R=  (3,294 -3,512)*0,91*20,82 = - 4.14 тиын 

 

б) Жалпы өнімдегі түсімнің үлес салмағының 3 пайыздық пунктке  өсуінен  материалдық шығындардың 1 теңгесіне келетін пайда  2,06 тиынға өсті : 

 

m* (d – d 0)  * R=  3,294 * (0,94 -0,91)*20,82 = + 2,06 тиын 

 

в) Сатудың рентабельділігінің 4,51 пайыздық пунктке төмендеуінен материалдық  шығындардың 1 теңгесіне келетін  пайда  13,96 тиынға кеміді : 

 

 

 

m* d * (R – R0)  * =  3,294 * 0,94*(16,31 -20,82) = -13,97 тиын        

 

 

 

4.Еңбек ресурстарын пайдалануды талдау

 

Еңбек ресурстарының ауқымды пайдаланылуын анықтау реті. Кәсіпорындағы еңбек ресурстарының пайдаланылуын сипаттайтын көрсеткіштер. Жұмыс уақытының жоспардан артық бүкіл күндік, ауысым ішіндегі және өнімді емес жоғалтуларын анықтау реті. Олар пайда болуының объективті және субъективті себептері. Жұмыс уақыты жоғалтуларын қысқарту есебінен өнім шығарылымын көбейту резервтерін анықтау.

Еңбек ресурстары пайдаланылуын талдау әдістемесі. Еңбек ресурстарының ауқымды пайдаланылуын уақыттың талданатын кезеңі аралығында бір жұмыскермен істелінген күндер мен сағаттарының саны бойынша, сонымен қатар, жұмыс уақыты қорының пайдаланылу дәрежесі бойынша бағалауға болады. Бұндай талдау жұмыскерлердің әрбір категориясы бойынша, әрбір өндірістік бөлімше бойынша және бүкіл кәсіпорын бойынша өткізіледі.

Жұмыс уақытының қоры (ЖУҚ) жұмысшылардың санына (ЖС), бір жыл ішінде бір жұмысшымен істелінген күндерінің орташа санына (К) және жұмыс күнінің орташа ұзақтылығына (Ұ) тәуелді болады:

 

 ЖУҚ=ЖС×К×Ұ. 

 

Егер нақты алғанда бір жұмыскер жоспармен көзделгеннен азырақ күндер мен сағаттарды істесе, онда жұмыс уақытының жоспардан артық: бүкіл күндік (БКЖ) және ауысым ішіндегі (АІЖ) жоғалтуларын анықтауға болады: 

БКЖ=(Кн –Кж)×ЖСн ×Ұж;  
      АІЖ=(Ұн –Ұж)×Кн ×ЖСж.

 

Еңбектің өнімді емес шығындары.

Жұмыс уақытының жоғалтуларын зерделегеннен соң, еңбектің өнімді емес шығындарын анықтау керек. Олар ақауландырылған өнімді даярлау және ақауды түзету нәтижесінде, сонымен бірге, технологиялық үрдістен ауытқу есебінен жұмыс уақыты шығындарынан пайда болады. Жұмыс уақытының өнімді емес шығындарын анықтау үшін ақаудан болатын жоғалтулар жөніндегі деректер пайдаланылады.

Информация о работе Кәсіпорынның маркетингтік қызметін талдау