Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2013 в 22:05, реферат
Маркетинг (ағылш. marketіng — рынок‚ базар‚ өткізу‚ сауда) — кәсіпорынның (фирманың, бірлестіктің‚ т.б.) тауар өндіру-өткізу және сауда жасау қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі. Маркетинг нарық дамуының жай-күйі мен келешегін зерделеуге негізделеді, тұтыну мен өндіріс өніміне (тауарға‚ көрсетілетін қызметке) сұранымды қалыптастырады, табыс алу мақсатымен рынокта тауарлардың өткізілуін тездетуге бағытталады. Маркетинг — сұранымды жан-жақты зерделеп‚ болжау‚ жарнаманы пайдалану‚ өндірісті ынталандыру‚ сақтау мен тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін‚ тауарлардың тұтынушыға жетуіне жәрдемдесетін тех. және басқа түрлерін қолдану негізінде кәсіпорынның жаңа өнімді әзірлеу‚ өндіру мен өткізу жөніндегі ұйымдық-техникалық‚ қаржы‚ коммерциялық және басқа қызмет түрлері жатады.
Кәсіпорынның маркетингтік қызметін талдау ......................................2
Негізгі құралдарды пайдалануды талдау................................................5
Материалдық ресурстарды пайдалануды талдау...................................9
Еңбек ресурстарын пайдалануды талдау...............................................12
Өнімдерді өндіру мен сатуды талдау.....................................................14
Жұмыстың қалыпты жағдайларынан ауытқумен байланысты жұмыс уақытының жоғалтулары осындай себеппен үстеме ақылардың сомасын 1 сағат ішіндегі орташа жалақыға бөлу арқылы анықталады.
Жұмыс уақытының жоғалтуларын қысқарту – өнім шығарылымын көбейту резервтерінің бірі. Оны есептеу үшін кәсіпорынның кесірінен жұмыс уақытының жоғалтуларын (ЖУЖ) өнімнің жоспарлық орташа сағаттық өндіріміне (ОӨж) көбейту керек:
∆ТӨ=ЖУЖ×ОӨж.
Дегенмен, жұмыс уақытының шығындары әрдайым өнім өндірісі көлемінің азаюына әкелмейтінін ескерген жөн, себебі олар жұмыскерлер еңбегі қарқындылығының жоғарылауымен өтелуі мүмкін. Сондықтан да, еңбек ресурстардың пайдаланылуын талдаған кезде көп көңіл еңбек өнімділігі көрсеткіштерінің зерделенуіне бөлінеді.
Көрсеткіштер атауы |
2000 ж. |
2001 ж. |
2002 ж. | |
Жыл басына тізім бойынша тұрғаны |
2000 |
2350 |
2325 | |
барлық қабылданғаны |
48 |
33 |
179 | |
оның ішінде |
||||
ауыстыру тәртібімен |
20 |
15 |
149 | |
кәсіпорынның өзі қабылдағаны |
28 |
18 |
30 | |
барлық шыққандар саны |
98 |
58 |
37 | |
Оның ішінде |
||||
әскерге алынуға, оқуға, зейнетке кетуге байланысты және заңмен қарастырылған басқа да себептермен |
48 |
15 |
10 | |
еңбек тәртәбән бұзғаны үшін |
20 |
25 |
||
өз өтініші бойынша |
30 |
18 |
27 | |
жыл аяғына тізім бойынша тұрғаны |
2350 |
2325 |
2467 | |
орташа тізімдік саны |
2206 |
2356 |
2521 | |
Айналымның көрсеткіштері, % |
||||
жалпы айналым |
6,61 |
3,86 |
8,57 | |
қабылдау бойынша айналым |
2,17 |
1,40 |
7,10 | |
шығу бойынша айналым |
4,40 |
2,46 |
1,47 | |
тұрақсыздық коэффициенті |
2,16 |
1,83 |
1,07 |
5.Өнімдерді өндіру мен сатуды талдау
Өнеркәсіптік өнімнің өндіріс көлемі табиғи, шартты-табиғи және құндық өлшеуіштер арқылы өрнектелуі мүмкін. Өнім көлемінің жалпылама көрсеткіштерін құндық бағалау арқылы көтерме баға түрінде алады. Өндіріс көлемінің негізгі көрсеткіштері – бұл тауарлық және жалпы өнім.
Жалпы өнім – бұл аяқталмаған өндірісті ескергендегі барлық өндірілген өнім мен орындалған жұмыстардың құны. Әдетте салыстырмалы бағалармен өрнектеледі.
Тауарлық өнім – жалпы өнімнен оған аяқталмаған өнімнің қалдықтары мен шаруашылық ішіндегі айналым кірмейтінімен айырықшалынады. Есеп беру жылындағы қолданыстағы көтерме бағалармен өрнектеледі. Өзінің құрамы бойынша көптеген кәсіпорындарда егер шаруашылық ішіндегі айналым мен аяқталмаған өндіріс жоқ болған жағдайда, тауарлық өніммен сәйкес келеді.
Өнімді сатып өткізу көлемі қолданыстағы бағалармен (көтерме,келісімді) анықталады. Тиеліп қойылған және сатып алушылармен ақысы өтелген сатып өткізілген өнімнің құнын құрайды.
Өндірістік бағдарламаның орындалуын бағалау үшін өндіріс көлемінің табиғи көрсеткіштерінің (даналар, метрлер, тонналар және т.с.с.) де маңызы зор. Оларды өндіріс көлемін біртекті өнімнің жеке түрлері бойынша талдаған кезде қолданады.
Шартты-табиғи көрсеткіштер, құндық көрсеткіштер секілді, өнім өндірісінің көлемдеріне жалпылама сипаттама беру үшін қолданылады. Мысалға, консервтік зауыттарда мың шартты банкі, жөндеу кәсіпорындарында – шартты жөндеулер саны сияқты көрсеткіштер қолданыс тапқан.
Өнімнің өндірілуі мен сатып өткізілуін талдау үшін ақпарат көздері – бұл кәсіпорынның бизнес-жоспары, жедел жоспар-графиктер, нысан №1-п (жылдық) «Өнім бойынша есеп беру» есеп беру қағазы, нысан №1-п (тоқсандық) «Өнеркәсіптік кәсіпорынның (бірлестіктің) ассортимент бойынша өнімнің жеке түрлерін шығару жөніндегі кварталдық есеп беруі», нысан №1-п (айлық) «Өнеркәсіптік кәсіпорынның (бірлестіктің) өнім бойынша жедел есеп беруі», нысан №2 «Пайда мен залал жөніндегі есеп беру», №16 ведомосы «Дайын бұйымдардың қозғалысы, оларды тиеу және сатып өткізу» және т.б.
Өндіріс көлемін талдау жалпы және тауарлық өнімнің динамикасын зерделеуден, базистік және тізбекті өсу мен өсімднің қарқындарын есептеуден басталады.
Өсудің (өсімнің) орташа жылдық қарқынын орташа геометриялық және орташа арифметикалық көрсеткіш бойынша есептеуге болады.
Орташа геометриялық бойынша есептейік:
T= .
Аса көрнектілік үшін тауарлық өнімнің динамикасын график түрінде бейнелеуге болады.
Есеп беру кезеңіндегі (ай, квартал, жыл)
жоспардың орындалуын бағалау деректер
бойынша жүргізіледі. Өнім шығарылымын
жедел талдау көлем, ассортимент, сапа
бойынша өнім шығарылымы жөніндегі ай
басынан бастап қорытындысы өсетін түрде
бір күндік жоспарлық және нақты мәліметтер,сонымен
қатар, жоспардан болған ауытқулар көрсетілетін
есептеудің негізінде жүзеге асады.
Диаграмма 1 – 2000 жылдан 2004 жылға дейінгі
аралықта тауарлық өнімнің динамикасы
Халықтың қажеттіліктерін одан да толығырақ деңгейде қанағаттандырылуын қамтамасыз ету үшін кәсіпорын өзінің жоспарын өнімнің жалпы көлемі бойынша ғана емес, сонымен қатар, ассортимент ( номенклатура) бойынша да орындауы тиіс. Кәсіпорын үшін мемлекеттік қажеттіліктерге тауарларды жеткізу жөніндегі келісімдерді орындаудың маңызы аса зор. Бұл кәсіпорынға өнімнің сатып өткізілуіне, ақысының дер кезіндегі өтелуіне, салықтар, несиелер бойынша жеңілдіктерге және т.с.с. кепілдік береді.
Номенклатура – ТМД аймағында қолданыс тапқан өнеркәсіптік өнімнің одақтық классификатордағы (ӨӨОК-дағы) тауарлар түрлеріне сәйкес келетін бұйымдар және олардың кодтары атауларының тізімі.
Ассортимент – әрбір түрі бойынша шығарылым көлемін ескерілген өнім атауларының тізімі. Ол толық, топтық және топ ішіндегі болуы мүмкін.
Номенклатура бойынша жоспардың орныдалуын талдау негізгі тізімге (мемлкеттік тапсырыс) енгізілген бұйымдар боцынша өнімнің нақты және жоспарлық шығарылымын салыстыруға негізделген.
Ассортимент бойынша жоспардың орындалуын бағалау келесі белгілер бойынша жүргізілуі мүмкін:
а) ең аз пайыз тәсілі бойынша;
ә) өнімнің шығарылым жоспары жасалған бұйымдар атауларының жалпы тізіміндегі үлес салмағы бойынша;
б) жоспар шеңберіндегі өнімнің жалпы нақты шығарылымын өнімнің жалпы жоспарлық шығарылымына бөлу арқылы табылатын орташа пайыз көмегімен (жоспардан артық даярланған өнім немесе жоспармен ескерілмеген өнім ассортимент бойынша жоспардың орындалуына жатпайды).
Ассортимент бойынша жоспардың жеткіліксіз орындалу себептері ішкі және сыртқы болуы мүмкін.
Сыртқыларға жататындар: нарықтың конъюнктурасы, өнімнің жеке түрлеріне сұраныстың өзгеруі, материалдық-техникалық қамсыздандырудың жағдайы, кәсіпорынға тәуелді емес себептер есебінен өндірістік қуаттарының уақытында іске қосылмауы.
Информация о работе Кәсіпорынның маркетингтік қызметін талдау