Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Января 2015 в 07:21, курсовая работа
Ал мектеп бағдарламасы анықтайтын математикалық білімін, іскерлік пен машықтың барлық жүйесін оқушылардың терең және саналы меңгеруін қамтамасыз ету; математикалық тілді меңгеруге үйрету; оқушылардың нәрселер мен құбылыстардың арасындагы қатынастарды өздігінен орнату, іскерліктерін шыңдау, стандарт емес есептерді шығаруға , проблемалық ахуалдарға бағдарлануды үйрету; оқушылардың нақтылы шындықты математикалық әдістермен меңгеруіне көмектесу екенін ескерер болсақ, онда оқушыларды ойлауға үйрету маңызды мәселе.
Кіріспе ..........4-5
I. Бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшеліктері.
1.1. Бастауыш мектеп оқушыларының физиологиялық,
психологиялық ерекшеліктері ..........6-12
1.2. Ойлау туралы жалпы ұғым және ойлау саласындағы дара
айырмашылықтар ...........13-27
II. Логикалық есептерді шығару барысында оқушыларды
ойлауға үйрету жолдары.
II.1. Бастауыш мектеп оқушыларының логикалық ойлау тәсілдерін дамыту.......................................................................................................................28-40
И.2. Логикалық есептер жүйесі мен шығару жолдары…………………………...41-54
ІІ.З. Педагогикалық іс-тәжірибе нәтижелері ...........55-58
Қорытынды...........................................................................................59
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................60-61
Төртінші сыныптагылардың жалпылауларымен заттың ішкі мәнін, оның негізгі ерекшелігін, байланыстарын бейнелей алушылықты байқауға болады. Мысалы, олар су, ауа, металл т.б. денелердің қысым ұлғаюшылық секілді жалпы белгілеріне қарап, бұларды «өлі табиғат» ұғымына, ал өсімдіктерді өсіп отырғандығына байланысты «тірі табиғат» ұғымына жатқызады.
Ұғымда заттардың өзіндік касиеттері
ғана көрінбсйді, олардың
бір-бірімен байланыстары мен қарым-қатынастары
(себеп-салдарлық, кеңістік пен уақыт,
функционалдық) бейнеленіп отырады. Мысалы,
жоғары-төмен, жақын-алыс, көп-аз
секілді жеке, нақтылы заттардың
Шындықтағы заттардың қарапайым байланысы пікірлерден көрінеді. Пікір - бұл бір зат туралы мақұлдау не оны бекерге шығаруда көрінетін ойлаудың формасы. Мысалы, «Астана - Қазақстан Республикасының орталығы» десек, бұл шындыққа сай ақикат пікір болады да, ал «атом -заттың бөлінбейтін және өзгермейтін бөлшегі» десек, бұл жалған пікір болып табылады. Пікір де ұғым сияқты тек тілдік материал негізінде, тілдік терминдер мен сөйлемдердің негізінде ғана туып, өмір сүре алады. пікірлердің түрлері көп. Оны логика ғылымы жан-жакты қарастырады.
Төменгі сынып оқушыларын
дұрыс пікір айта білуге тәрбиелеу зор педагогикалық мәні бар іс.
Сөйлеудің грамматикалық формаларын меңгеру балалардың пікір қабілетін өсіре түседі.
Бірінші сыныптагыларлын пікірлері кесімді
болып келеді. Өйткені ол құбылысты жан-жағынан
қарастырмайды. Мысалы, «Асан бүгін неге сабақка
келмей қалды?» деп кезекшіден сұрайтын болса, «ауырып
қалды» деп бірден жауап береді. Ал екінші
сынып оқушылары жорамалды пікірлер
айтуға талаптанады. Мысалы, сабақка келмеген
Асан жөнінде олар: «мүмкін ол ауырып қалған
шығар», «сабағын қылмады
ма екен, кім білсін» деп түрлі жорамалдар
жасайды. Бірақ
олар өз пікірлерін дәлелдеп жатуды мақсат
етпейді. Өйткені
мұнадай қабілет тек үшінші, төртінші сынып оқушыларында
ғана
қалыптаса бастайды. Бұған оқушыларда
білім көлемінің
өсуі жәие
онын жүйслене түсуі үлкен себеп болады.
Ойлаудың күрделі формаларының бірі - ой қорытындылары. Ой қорытындылары дегеніміз бірнеше пікірлерден жаңа бір пікір шығару тәсілі. Қорытынды шығару үшін оны белгілі тәртіпке бір-бірімен байланыстыруымыз қажет. Қатар тұрған кездейсоқ пікірлерден қорытынды шықпайды. Мысалы, «Барлық дельфиндер - жануар», «Барлық металдар электр өткізеді» деген екі пікірдің арасында ешбір логикалық байланыс жоқ. Сондықтан бұл екеуінен үшінші жаңа бір пікірдің тууы мүмкін емес. Ой қорытындыларының үш түрі болады. Біріншісі дедукциялық, екінші индукциялық, ал үшіншісі аналогиялық ой қорытындысы деп аталады.дедукция - дегеніміз жалпыдан жекеге қарай жүретін ой корытындысы. Мысалы, біз тірі орғанизмдер оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды, ал рралық тірі орғанизмнің бірі десек, олай болса, балық оттегі жоқ жерде іршілік ете алмайды деген қорытындыға келеміз.
Индукция - жекеден жалпыға қарай жасалатын ой корытындысы. индукцияда жеке жағдайлардан жшшы ереже, фактілерден қорыіындылар асалады.
Аналогия дегеніміз - ұқсастық бойынша ой корытындыларын жасау. Оқушыларда ұғымдар мен пікірлердің біртіндеп қалыптасуы, соған сәйкес ой қорытындыларының дамуына мүмкіндік туғызады. Өйткені ршлаудың формалары бір-бірімен байланыса дамып отырады. Түсіну - ойлаудың негізгі белгісі.
Адамның ойлау әрекетінде шындықтағы
заттар мен құбылыстардың негізгі қасиеттеріне,
ерекше белгілеріне, мәніне түсіне білудің
маңызы зор.
Түсіну арқылы ғана біз айналамыздағы
заттардың себеп-
Түсіну сөз арқылы берілетіндіктен түрліше формаларда тұжырымдалады. (түсіну қысқаша. жалпы. кең. дстальды т.б. болып келуі мүмкін). Түсінудің бұлай түрліше болып келуі адамның алдына қойған мақсатына, жеке психологиялық ерекшеліктеріне, ана тілінің ішкі заңдылықтарын білуіне, сол адамның сөзі мен ісіне байланысты болады. Бір нәрсеге дұрыс түсінгендіктің көрінісі - сол материалды өз сөзімен түрлендіріп айтып, іс жүзінде орындап көрсету болып табылады.
Түсіну екіге бөлінеді: оның бірінші түрі - тікелей түсіну. Тікелей түсіну жанама түрде ой операцияларын керек етпейтін, қабылдау ұқсас ;процесс. Мысалы, бізге жақсы таныс сөздер, сөйлемдер, белгілі құбылыстар адамдардың қылықтары т.б.
Түсінудің екінші түрі - жанама түсіну. Жанама түсіну бірнеше аралық басқыштардан тұратын, ой операцияларын керек ететін, көмескі нәрсені айқын етіп бейнелеуде бірнеше ой түйіндерін талап ететін процесс. Жанама түсіну де сұрақ қоюдан басталатындығын, сұрақ пен жауап табудың арасында аралық түйіндер бар екендігін, осы аралық түйіндерді табу жаңа мәселені шешудің кілті екендігін атап өтуіміз қажет. Тіпті қарапайым есептің өзінде де осы жолды көруге болады. Мысалы, Ахметте үш алмұрт, Хасенде екі алмұрт бар. Екі балада барлығы қанша алмұрт бар? деген мәселе есепті шешуде де белгілі шығару амалынсыз (яғни бұл екі санды бір-біріне қоспайынша) оның жауабы шықпайды. Бұл жерде қосу аралық амалдың қызметін атқарып отыр.
Ойлау дегеніміздің өзі мәселені шешу, оның мәнісін түсіне білу деген сөз. Мысалы, «Сырдария Арал теңізіне кұяды» деген сөйлемде ой тууға негіз боларлықтай себеп жоқ. Өйткені бұл бұрыннан бізге белгілі нәрсені білдіретін хабарлы сөйлем ғана. Ойлау қашан да белгілі қажетке байланысты цамға казірше белгісіз жайтты іздестіруден туындайды. Проблемалық ситуация (жағдай) адам ойлауының түрткі қазығы. Бізге әзірше белгісіз, ойланып-толғануды қажет ететін құбылыстың бірі проблемалық жағдайға салды.
Адам сұрақ қою арқылы алдындағы кедергіні сезеді, оны біртіндеп кояды, сөйтіп өзінің әртүрлі тану қызығуларына жауап алады. Сұрақ қою, оны дәл тұжырымдау, мәселені «ойда ұстай білу» сұракты талдай білу және жинақтау, шығару тәсілі мен амалдың орталық түйінін табу, жорамалдар жасай білу т.б. Ойлау процесіне мәселелерді шешу үшін аса кажетті жағдайлар болып табылады,
Төменгі сынып оқушыларында
тануға негізделген тікелей түсінулер байқалады. Бұл тікелей түсінулер запарды
пкелеи қабылдаудан туған
түсінулер. Егер зат баланың өткен тәжірибесінде
болмаған болса, оны бірден түсіну қиынға
соғады. Түсіну үшін оны алдымен жан-жағынан
Төменгі сынып оқушыларының ойлауы негізінде нақтылы келетіндіктен, олар көп нәрселерді өз калпында түсінуге бой ұрады. Мысалы, бір зерттеуден үшінші сыныптағылардың аллегориялық ұғымдардың мәнін жете түсінбейтіндігі анықталған. Олар: «білімді» деген ұғымды тек «оқитын адам»; «дүние» ұғымын «байлық», «ақша»; «жақсылық» ұғымын «жақсы нәрсе»; «ер» ұғымын «аттың ері» деп олардың заттық, бейнелік жақтарына көбірек көңіл аударады да, осы ұғымларлын мәнін салыетыру теместіру рқылы түсіндіріп бере алмайды.
Балалардың құбылыстарды түсіне алуында олардың сөз байлығын, сөздік қорының өсіп отыруын қадағалау зор маңыз алады. Мұғалімнің жаңа сабақты түсіндірудегі әдістемелік шеберлігінің (әр ұғымды өз мәнінде толық түсіндіру, сөйлемдердің қысқа, ықшам болып келуі, екі ұшты сөйлемеу т.б) жоғары болуы бала түсінігінің жақсы дамуына қатысы бар басты факторлардың бірі.
Ойлау саласындағы дара айырмашылықтар.
Адам ойлауына тән жалпы заңдылықтар болғанмен, жеке адамның Сойлау әрекеті даралық ерекшеліктерге толы. Әрбір адам бірінен-бірі ойының ісеңдігі немесе тарлығы, орамдылығы, ұшқырлығы, дербестілігі, оның ргикалық жүиеліп, сыншылдығы т.б. сапаларымен ажыратылады.
Ойының кеңдігі бар адам еркін ойлайды, мәселені ескі әдетпен, Іреншікті жолмен шешпейді. Ой-парасаты кең адам мәселені түрліше Ьдістермен шешеді, бұрын сыналып қате деп табылған әдіске жоламайды. й-өрісінің кендігіне қарама-қарсы қасиет ойды тарлығы. Мұндай адам мәселені шешуге шорқақ, ойға шабан, ол баста ойына келген бір әдісті шырқ шалдырады да жүреді. Тіпті оның жарамсыз әдіс екенін байқаса да, басқаша пікірмен келуге батылы жетпейді. Мұндай адам ой әрекетін өз ажетіне жарата білмейтін, енжар адам. Халық ерте замандардың кезінде ақыл-ойдың кеңдігін ерекше қастерлеген. Мысалы, «Ой ойласаң тек ойла, тең ойласаң кең ойла» деген мақалда қандай мәселені болмасын тұтас, барлық жағынан қамти ойлау керектігі, ойлаудың кең, тиянақты болуы оның белгілі логикалық талаптарға сәйкес құралуына қарай болатындығы айтылған.
Ойлаудың ұшқырлығы, Кейбір адамдар мәселенің барлық жақтарын көре біледі, оны тез шеше алады, ойы аса сергек және белсенді келеді. Мұндай адамдар орынсыз асып-саспайды, жағдаймен санасады, осындай қасиетті ойдың ұшқырлығы дейді. Бұған қарама-қарсы қасиет-ойдың асығыстық түрі. Мұндай адам ой жұмысымен онша басын ауыртпай ауырдың ұстімен, жеңілдің астымен» жүреді. Бұл адамдар енжар ойлылыққа әдеттенген, дайын тұжырымға жармасқыш, жеңіл ойлауға, мәселені ұстіртін шешуге бейім келеді.
Басқалардан көмек күтпей, мәселені өз бетімен шешу - адамның жақсы қасиеттерінің бірі. Мұндай адам алдынжағы мәселені шешуде басқа біреудің әдісін қайталамайды, оны қалай да өзі шешуге тырысады. Бұл нағыз шығармашылық ойдың иесі. Кейбіреулер бұған қарама-карсы өз бетімен ештеңе айта алмай, көбінесе басқа кісіге сүйеніп, ойсыз өмір кешеді. Абай осындай адамның психологиясын тамаша көрсеткен:
«Басында ми жоқ, Көп айтса көнді,
Өзінде ой жоқ Журт айтса болды
Күлкілшілкерден наданның. Әдеті надан адамның».
Жеке адамның білім көлемі, өмір тәжірибесі, оның айналасындағылар, жүйке жүйесінің типтік ерекшеліктері, денсаулық жағдайы, жас ерекшеліктері т.б. осы секілді ақыл-ойдың дара ерекшеліктерінің қалыптасуына себеп болатын факторлардың бір тобы.
Ойлау мәдениеті. Жаңа туған балада ешқандай ойлау болмайды. Ойлау баланың сыртқы ортамен белсенді қарым-қатынас жасауының нәтижесінде, оның өмір тәжірибесімен қосақталып дамып отырады. Мысалы, бір жасар бала апасының саусағындағы жараға жағылған иод ерітіндісінс көз сал ады.
Тілдің шығуы бала ойлауының дамуында елеулі кезең болып табылады. Мектепке түскенге дейінгі бала ойлауы дамудың ұзақ жолынан жүреді. Ойлау бұл кезеңде нақтылы - бейнелі болып, әрекетпен әлде де тығыз байланысып жатады.
Балалардың ойлауын дамытуда мектептегі оқу-тәрбие процесі шешуші роль атқарады. Бастауыш мектеп жағдайында бала ойлауы қалайша дамып отырады?. Бала ойлауын дамыту үшін мұғалім тиісті жұмыстар жүргізіп отыруы тиіс. Осындай ойлау тәрбиесіне қатысты шараларлын кейбірі мыналар:
1. Балаларды белгілі ережелер (грамматикалық, математикалық) жөнінде өз беттерінше қорытынды жасай алуға үйрету үшін мұғалім сабақта мүмкіндігінше эвристикалық әдісті пайдаланып отыруы қажет. Оқу материалдарын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас өзгешеліктерін ескере отырып ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мумкіндіктер туады.
Информация о работе Бастауыш мектеп оқушыларының логикалық ойлау тәсілдерін дамыту