Математика сабағында жетістікке жетудегі логикалық есептер орыны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2015 в 17:01, доклад

Краткое описание

Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттырып, ой-өрісін кеңейту;
Математикалық сиқырлардың олардағы құпияны білуге жетелеу;
Логикалық есептер арқылы ұлттық тәлім-тәрбие беру, қазақтың тұрмыстық салт-дәстүрлері, әдет ғұрыптарды туралы түсінік беру.

Вложенные файлы: 1 файл

Алуа 1.ppt

— 2.84 Мб (Скачать файл)

 

 

Қазақстан  Республикасы Білім Департаменті 
Астана қаласының білім беру жүйесіндегі кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты

 

“Математика  сабағында жетістікке жетудегі  логикалық есептер орыны”

 

 

МАҚСАТЫ

 

    Оқушылардың  математика пәніне қызығушылығын  арттырып, ой-өрісін кеңейту;

 

    Математикалық  сиқырлардың олардағы  құпияны  білуге жетелеу;

 

    Логикалық  есептер арқылы ұлттық тәлім-тәрбие  беру, қазақтың тұрмыстық салт-дәстүрлері, әдет ғұрыптарды туралы түсінік  беру.

 

 

    Ғылым мен техника дамып, адамзат қоғамы ғасырлар тоғысында,  алдыңғы 50 мемлекеттің қатарына ену үшін де оқушыларға белгілі көлемде білім, білік дағдыларын меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы

 

 

          Математиканы оқытудың әрбір кезеңінде оқушылардың программалық материалды үйренуі олардың алдыңғы курста оқып үйренуде қабылдаған тереңдете берік білімдеріне, іскерлігіне және дағдыларына, сонымен бірге, математика оқытудағы қызығушылығын дамытуға да байланысты болады.

       Сынып оқушылары бірдей емес. Олардың ішінде математиканы сүйіп оқитын, оған деген ынтасы зор оқушылар да бар. Оларды жеңіл бірыңғай жаттығулар орындау жалықтырады. Сондықтан белгілі бір ережені меңгертетін жаттығуларды орындағанда оларға қиынырақ тапсырмалар, міндетті емес тапсырмалар берілуі қажет.

       Сондай жаттығулардың бірі оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға арналған есептер жаттығулар, логикалық есептер жаттығулар орындау оқушының ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады. Оқушылардың түрлі мазмұнды, әдеп-ғұрып, салт-дәстүрлері туралы есептерді шығаруда, есептің шартын құра білуге қалыптастырады. Бір есептің бірнеше шешімдерін табуға жетелейді.

       Бастауш сыныптан бастап, әрбір сабақ қызықты есептермен аяқталып, логикалық есептер оқушылардың жас ерекшілігіне қарай күрделене түсуі қажет.

       Математика пәнін оқытуда сыныптан тыс жұмыстар жүргізгенде шәкірттерге ұлттық тәлім-тәрбие беруге, қазақтың тұрмыстық салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары туралы түсінік беруге болады.

 

 

ЛОГИКАЛЫҚ

есептер түрлері

 

Санды есептер

 

Күрделі есептер

 

Ұшқыр ойлы

 

 Ұқыпты

 

Комбинаторикалық 

есептер

 

Орналастыру

 

Біріктіру 

 

Ығыстыру 

 

Пішу

 

Бөлікке бөлу

 

Айыру

 

 

БІРНЕШЕ ЕСЕПТЕР

 

Атын анықта

         Айжан мен Маржанның әкелерінің  аттарын ата. Айжан мен Маржан  – Асқар мен Мұраттың қыздары. Айжан Асқардың қызынан үш  жас кіші болса, бұлардың әрқайсысының  әкелерінің аты кім?

Табақ тарту

        Тәттібек дейтін кісінің үйіне  қонақ келеді. Шайдан соң қонақтарға  табақ тарту кезінде Тәттібек  жұбайына келіп: - Екеу ара табақ  тартсаң, онда бір табақ жетпей  қалады. Үшеу ара табақ тартсаң, онда бір табақ ет артылып  қалады, енді не істеу керек? –  деген екен. – Сонда қонақ нешеу, табақ қанша?                                        

                                                        Ж: 5 табақ, 12 қонақ.

        Қазақ үйдегі кілемдер

         Аумағы 12 шаршы болатын қазақ  үйдің ішіне кілем төселген. Біреуінің  ауданы 5 шаршы, екіншісінікі 4 шаршы, үшіншісінікі 3 шаршы. Әрбір екі кілем бір  жарым шаршы ауданға қабатталып  төселген. Ал осы бір жарым  шаршының жарты шаршысы, жердің  барлық үш кілем қабатталып  төселген бөлігіне тура келеді. Жердің кілем төселмеген ауданы  қандай?                                  

                                                                     Ж:  4 шаршы

 

 

   Суреттегі  төрт фигурадан 

   шаршы  құрастыр

 

 

 

    Әрбір  шеңбердегі радиус бойындағы  сандардың қосындысы 42 тең болатындай  және екі шеңбер бойындағы  дөңгелектегі сандардың қосындысы  да 42 тең 

    болатындай  етіп 11-ден 17-ге 

    дейінгі  сандарды орналастыр.

 

 

Сабадағы қымыз

     Бірінші  сабаға 7 биенің бір күндік сауымы, екінші сабаға 12 биенің бір күндік  сауымы дәл сыяды. Егер екі  сабада қымыз толы болып және  екі сабадағы қымызда артығымен  сиятындай үшінші бір бос сабамыз  болса, бір биенің бір күндік  сауымын қалай дәл бөліп алуға  болады?

 

 

 

 

Мата сатып  алу

    Саудагер 5400 теңге 138 м. қара және көк мата  сатып алды. Егер қара матаның  бір метрі 30 теңге, көк матаның  бір метрі 150 теңге болса, саудагер  қанша мата сатып алды?

 

 

   4 алмұртты үш адамға

   кеспей  тең етіп бөліп беріңіз.

 

 

 

 

   Мына суреттегі алты шырпының

   орнын  ауыстырып өзара тең 

   алты  төртбұрыш 

   фигура  шығарыңыз

 

 

МҰҒАЛІМГЕ  ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАП

 

1) Математиканың негізін  меңгертуде пән мұғалімі өз  пәнін терең білетін, күнделікті  сабақты толық қамтитын, әртүрлі  деңгейдегі есептерді шығара  білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі  және ғылыми жетілдірген әдіс-тәсілдері, құралдары еркін меңгеруі, математиканы  оқытудың педагогикалық-психологиялық  негіздерін жан-жақты білуі керек.

2) Оқыту барысында  теориялы материалды практикамен  байланыстырып есептерді шығарғанда  оқушыға түсінікті, жете меңгеретіндей  мүмкіндіктерді таңдап, білім деңгейін  анықтап, талдап, кемшіліктерін толықтырып  отыруы қажет.

3) Оқушының математикалық  ойлау қабілетін дамыту, теориялық  білімін тереңдетіп, практикалық  есептеу дағдыларын жетілдіретін, пәнге қызығушылығын арттыру, олардың  бұл ғылымның сырын ұғуға икемдеу.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

   Қабілетті оқушылардың  математикалық даму дәрежесі  есеп шығарудан анық байқалады. Кез-келген есепті шығару оқушыдан  үлкен еңбекті, терең күшін, табандылығын, төзімділігін, сенімділігін талап  етеді. Есеп шамадан тыс қиын  болса мұғалім көмекші болуға  тиіс.

 

Дизайн:        Өмірзақов Н.Т.

 

 

 

1


Информация о работе Математика сабағында жетістікке жетудегі логикалық есептер орыны