Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Апреля 2013 в 08:27, реферат
Осы Қазақстан Республикасында фармакологиялық және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы клиникалық зерттеулерден және (немесе) сынақтардан (бұдан әрі - клиникалық зерттеулер) өткізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасында зерттеулерге қатысатын адамдар құқықтарының, денсаулығының қауіпсіздігі мен қорғалуын кепілдендіретін, сондай-ақ клиникалық зерттеулер барысында алынатын ақпараттың шүбасыздығы мен дәлдігін қамтамасыз ету тәртібін белгілейді.
3. Зерттелетін үлгінің клиникаға дейін зерттелуі
1) кіріспе (зерттелетін үлгінің фармакологиялық қасиеттерінің, уыттылығының, фармакокинетикасының, биотрансформациясының қысқаша түйіндемесі, эксперименттердің пайдаланылған тәсілдері мен нәтижелерінің сипаттамасы, олардың клиникалық зерттеулер үшін клиникалық мәнділігі);
2) эксперименттік жануарлар түрі әр топтағы жануарлардың саны мен жынысы;
3) дозалардың өлшем бірліктері;
4) енгізу курсының дүркіндігі, жолы, ұзақтығы;
5) жүйелі таралуы туралы ақпарат;
6) сыналатын үлгіні енгізгеннен кейінгі бақылау ұзақтығы;
7) фармакологиялық сипаты және/немесе уытты әсерлер жиілігі;
8) уытты әсерлердің фармакологиялық айқындығы және ауырлық дәрежесі;
9) фармакологиялық және/немесе уытты әсерлердің даму шапшаңдығы, қайтымдылығы, ұзақтығы, дозаға тәуелділігі;
10) адамға фармакологиялық және/немесе уытты әсерлер экстраполяциясы және олардың клиникалық зерттеулерде расталу қажеттігі;
11) дәрілік заттың тиімді мөлшерлерін де, сондай-ақ уытты мөлшерлерін де пайдалану кезінде жануарлардың нақ сол түрінде деректердің зерттеулер нәтижелері салыстырмасының болуы (терапиялық көрсеткішті анықтау), сондай-ақ осы деректердің адамда зерделеу үшін жоспарланатын дозаларымен ара қатынасы. (Салыстыруларды жүргізу кезінде миллиграмм/килограммен бейнеленген дозаларды емес, қандағы/тіндердегі дәрілік заттың концентрациясын пайдалану ұсынылады);
12) зерттелетін дәрілік заттың фармакологиялық қасиеттері және қажет болған жағдайдағы оның жануарларға зерттеулер жөніндегі нәтижелері бойынша негізгі метаболиттерінің түйіндемесі. Түйіндемеге спецификалық белсенділікті зерделеудің нәтижелері (экспериментальдық патология кезіндегі тиімділік, лиганд-рецепторлық өзара әрекеттестік, әсердің ерекшелігі), сондай-ақ қауіпсіздікті бағалауға бағытталған тесттердің (мысалы, жоспарланатын терапиялық көрсеткіштердің шегінен шығып кететін фармакологиялық қасиеттерді зерделеу үшін арнайы эксперименттердің) нәтижелері енгізілуге тиіс.
13) жануарларда зерттелетін дәрілік заттың фармакокинетикасы мен метаболизмі (зерттелетін дәрілік препараттың фармакокинетикасы, биотрансформациясы, тіндерде таралуы, сіңірілуі, плазма ақуыздарымен байланысуы, шығарылуы, жергілікті және жүйелі биожетімділігі жөніндегі қысқаша түйіндеме, сондай-ақ фармакокинетикасы параметрлерінің жануарларға фармакологиялық және токсикологиялық зерттеулерінің нәтижелері мен түзетілуі);
14) жануарлардың алуан түрлерінде зерделенген зерттелетін дәрілік заттың (зерттелетін үлгінің) уыттылығы:
бір дүркін енгізу кезіндегі уыттылығы;
көп дүркін енгізу кезіндегі уыттылығы;
канцерогендігі;
арнайы зерттеулер (мысалы, жергілікті тітіркендіргіш және аллергизирлейтін әсері);
репродуктивтік уыттылығы;
генуыттылығы (мутагендік).
4. Зерттелетін үлгінің клиникалық зерттеулері:
1) фармакокинетика, биотрансформация, фармакодинамика, дозаға тәуелді әсерлер, қауіпсіздік, тиімділік және басқа фармакологиялық қасиеттері жөніндегі деректерді қоса алғанда, адамға жүргізілген зерттеулер нәтижелері;
жүргізілген клиникалық сынақтардың әр қайсысының түйіндемесі;
басқа көздерден алынған ақпарат (қолданудың тіркеуден кейінгі тәжірибесінің қорытындысы);
2) зерттелетін үлгінің қауіпсіздігі мен тиімділігі жөніндегі ақпарат;
зерделенген барлық көрсетілімдер үшін барлық клиникалық зерттелер бойынша жағымсыз реакциялардың жиынтық кестелерін қоса алғанда, сыналушылардың түрлі контингенттері үшін жекелеген көрсетілімдер бойынша зерттелетін үлгінің тиімділігі мен қауіпсіздігі жөніндегі барлық зерттелердің қортылған есептері;
түрлі көрсетілімдер арасындағы сияқты, сыналушылардың түрлі контингенттері арасындағы жағымсыз реакциялардың сипатындағы/жиілігіндегі алшақтықтар;
зерттелетін үлгілер сияқты соған ұқсастарды қолданудың қолда бар тәжірибесіне негізделген ықтимал қауіп пен күтілетін жағымсыз реакциялар;
сақтандыру шаралары және тексерудің ұсынылатын тәсілдері, зерттелетін үлгілерді зерттеу мақсаттарымен бірге қолдануда пайдалану керек.
5. Тіркеуден кейінгі тәжірибе:
1) зерттелетін үлгінің бұрын тіркелген немесе тіркелген елдері;
2) дәрілік затты тіркеуден кейін қолдану барысында алынған ақпарат (дәрілік түрлер, дозалау, енгізу жолдары мен жағымсыз әсерлер);
3) өтініш берушіге дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың тіркеуден бас тартылған немесе фармацевтикалық рынок айналымнан алынып тасталған елдер.
6. Зерттеуші үшін қорытынды мен ұсынымдар:
1) клиникаға дейінгі және клиникалық деректер;
2) зерттелетін үлгінің кез келген қасиеттері туралы әртүрлі көздерден алынған қорытынды ақпарат;
3) қолда бар деректердің анағұрлым ақпараттық интерпретациясы және бұл ақпараттың кейінгі клиникалық зерттеулер үшін мәні туралы қорытынды;
4) осындай дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника туралы жарияланған есептердің талқылануы;
5) қолда бар клиникалық тәжірибеге негізделген ықтимал артық мөлшерлеулерді, жағымсыз реакцияларды диагностикалау мен емдеу жөніндегі ұсынымдар және зерттелетін дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың фармакологиялық қасиеттері.
7. Зерттеушінің брошюраны кейінгі қарайтын күні (сыналатын үлігін әзірлеу сатысына байланысты жылына бір реттен сирек емес және жаңа маңызды ақпараттар түсуіне байланысты жиі қаралуы мүмкін).
8. Жарияланымдарға сілтемелер, есептер (сілтемелер әр бөлімнің аяғында келтіріледі).
9. Ескертулер.
Фармакологиялық және дәрілік заттарды,
медициналық мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техниканы клиникалық
зерттеулерден/сынақтардан
өткізу ережесіне
4-қосымша
форма
Зерттелетін үлгілерді есепке алу
ЖУРНАЛЫ
Клиникалық базаның атауы ______________________________
Кіріс | |||||
Ұқсастыру коды немесе ДП зерттелетін үлгісінің атауы, дозасы, буып-түйілуі |
Сериясы /партиясы жарамдылық мерзімі |
Алынған күні |
Саны |
Өтініш берушінің Т.А.Ә. |
Сыналатын үлгіні алған жауапты тұлғаның Т.А.Ә. |
Кестенің жалғасы
Шығыс |
Зерттеушінің Т.А.Ә., қолы |
Медбикенің Т.А.Ә., қолы |
Қалдық | ||
Пайдалану күні |
Ұқсастыру коды немесе сыналатынның Т.А.Ә. |
Мөлшері | |||
Фармакологиялық және дәрілік заттарды,
медициналық мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техниканы клиникалық
зерттеулерден/сынақтардан
өткізу ережесіне
5-қосымша
форма
Клиникалық сынақтардың негізгі құжаттарының тізбесі
Құжаттың атауы |
Сақтау мерзімі | ||||
Зерттеуші |
Өтініш беруші | ||||
1. |
Қол қойылған хаттама және оған түзетулер (болған жағдайда) |
+ |
+ | ||
2. |
Зерттеушінің брошюрасы |
+ |
+ | ||
3. |
Дербес тіркеу түрінің (ДТТ) үлгісі |
+ |
+ | ||
4. |
Хабарландырылған келісім түрі (барлық қажетті түсінік материалдарын қоса алғанда); - басқа жазбаша материалдар; - сыналатындарды жинау туралы хабарландырулар (егер пайдаланылатын болса) |
+
+
+ |
+
+
- | ||
5. |
Тапсырыс беруші мен клиникалық база арасында қол қойылған шарт |
+ |
+ | ||
6. |
Клиникалық сынақтар материалдарының Этика мәселелері жөніндегі комиссияның мерзімі көрсетілген және құжат жүзінде ресімделген мақұлдауы |
+ |
+ | ||
7. |
Сараптау ұйымының клиникалық сынақтың хаттамасын және оған түзетулерді мерзімі көрсетілген және құжат жүзінде ресімделген бекітуі |
+ |
+ | ||
8. |
Клиникалық сынақтарын жүргізу туралы мемлекеттік органның шешімі |
- |
+ | ||
9. |
Сақтандыру міндеттемесі |
+ |
+ | ||
10. |
Сынаққа қатысатын барлық клиникалық базаларға, барлық бірінші деректерге/ құжаттар мен есептерге тікелей қол жеткізуді беру туралы барлық тараптар қол қойған келісім |
+ |
+ | ||
11. |
Хаттамамен көзделген клиникалық/зертханалық/ аспаптық тестерге/зерттеулерге арналған қалыпты мәндер/шектер нормалары |
+ |
+ | ||
12. |
Зерттелетін үлгінің қаптамасында заттаңба үлгісі |
- |
+ | ||
13. |
Зерттелетін үлгіні және қажетті шығын материалдарын пайдалану жөніндегі нұсқаулық |
+ |
+ | ||
14. |
Зерттелетін үлгіні және қажетті шығын материалдарын (қажет болған жағдайда) жеткізуге көлік құжаттары (пошта түбіртектері) |
+ |
+ | ||
15. |
Сериясының нөмірі мен саны көрсетілген зерттелетін үлгінің өткізу актісі |
+ |
+ | ||
16. |
Зерттелетін дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйымның және медициналық техниканың шығу/ сәйкестік сертификаты |
- |
+ | ||
17. |
Клиникалық сынақ көзсіз әдісінің еңберінде рандомизациялық кодын ашу шаралары |
+ |
+ | ||
18. |
Рандомизациялық кодтар тізбесі |
+ |
+ | ||
19. |
Алдын ала келу туралы монитор есебі |
- |
+ | ||
20. |
Старттық келу туралы монитор есебі |
+ |
+ | ||
Сынақтың клиникалық фазасы кезінде | |||||
21. |
Жаңа редакциялар: - зерттеуші брошюралары; - оған хаттамалар/түзетулер; - ДТТ; - хабарландырылған келісім түрлері; - сыналушыға ұсынылатын жазбаша материалдардың; - сыналушыларды жинау туралы хабарландырулар (егер пайдаланылатын болса) |
+ |
+ | ||
22. |
Клиникалық сынақ хаттама- сын және оған түзетулердің сараптау ұйымы мерзімін көрсетіп, құжат жүзінде ресімдеген бекітуі |
+ |
+ | ||
23. |
Жаңа редакцияларда Этика мәселелері жөніндегі комиссияның мерзімін көрсетіп, құжат жүзінде ресімделген мақұлдауы: - зерттеуші брошюралары; - клиникалық сынақтар мен оған түзетулер хаттамасы; - дербес тіркеу түрлері; - хабарландырылған келісім түрлері; - сыналушыға ұсынылатын жазбаша материалдардың; - сыналушыларды жинау туралы хабарландырулардың (егер пайдаланылатын болса); - басқа бекітілген/мақұлданған құжаттардың |
+ |
+ | ||
24. |
Жаңа зерттеушінің өмір баяндары (curriculum vitae) |
+ |
+ | ||
25. |
Хаттамада көзделген клиникалық/зертханалық/ аспаптық тесттерге/ зерттеулерге арналған қалыпты мәндердің/ шектердің қайта қаралуы |
+ |
+ | ||
26. |
Клиникалық/зертханалық/ аспаптық тесттер/зерттеулер шараларындағы өзгерістер |
+ |
+ | ||
27. |
Зерттелетін үлгілердің және қажетті шығын материалдарын жеткізуге көлік құжаттары (пошта түбіртектері) (қажет болған жағдайда) |
+ |
+ | ||
28. |
Зерттелетін үлгілердің жаңа топтарының сәйкестік/ шығу сертификаттары |
- |
+ | ||
29. |
Мониторлар есептері |
- |
+ | ||
30. |
Зерттеуге байланысты сөйлесулер/хат жазысулар - корреспонденция - отырыстар хаттамалары - телефонмен сөйлесулер туралы есептер |
+ |
+ | ||
31. |
Хабарландырылған келісімнің қол қойылған түрлері |
+ |
- | ||
32 |
Алғашқы құжаттама (ауру тарихтары, амбулаториялық карталар, зертханалық жазбалар, сыналушылардың күнделіктері немесе сауалнамалары, дәрі-дәрмектерді беру журналдары, аспаптар көшірмелері, верифицир- ленген және куәландырылған көшірмелері немесе фонограммаларды ашу, микрофишалар, фотограциялық негативтер, микроүлбірлер немесе магниттік таратушылар, рентген суреттері) |
+ |
- | ||
33. |
Толтырылған мерзімі көрсетілген және қол қойылған ДТТ |
+ (көшірме) |
+ (түпнұсқа) | ||
34. |
ДТТ түзетулерін тіркеу |
+ (көшірме) |
+ (түпнұсқа) | ||
35. |
Зерттеушінің жанама реакциялар/құбылыстар туралы өтініш берушіні хабардар етуі және тиісті есептер |
+ |
+ | ||
36. |
Өтініш берушінің елеулі және/немесе күтпеген жанама реакциялар/құбылыстар туралы сараптау ұйымын және Этика мәселелері жөніндегі комиссияны хабардар етуі және қауіпсіздік жөніндегі басқа ақпаратты хабарлауы |
+ |
+ | ||
37. |
Өтініш берушінің зерттеушіге дәрілік заттың қауіпсіздігі туралы жаңа ақпаратты хабарлауы |
+ |
+ | ||
38. |
Сраптау ұйымы мен Этика мәселелері жөніндегі комиссияға ұсынылатын аралық немесе жылдық есептер (қажет болған жағдайда) |
+ |
+ | ||
39. |
Сыналушылар скринингінің журналы |
+ |
+ | ||
40. |
Сыналушылардың сәйкестендірілген кодтарының тізімі |
+ |
- | ||
41. |
Сыналушылар сынағына енгізілгендерді тіркеу журналы |
+ |
- | ||
42. |
Клиникалық базадағы зерттелетін үлгілер есебінің журналы |
+ |
+ | ||
43. |
Қолдар үлгілерінің парағы |
+ |
+ | ||
44. |
Биологиялық сұйықтықтардың/ тіндердің сақталатын үлгілері есебінің журналы |
+ |
+ | ||
Сынақ аяқталғаннан немесе мерзімінен бұрын тоқтатылғаннан кейін | |||||
45. |
Зерттелетін үлгінің клиникалық базадағы есебінің журналы |
+ |
+ | ||
46. |
Зерттелетін үлгіні жою актісі немесе оны өтініш берушіге беру куәлігі |
+ |
+ | ||
47. |
Сыналушылардың сәйкестен- дірілген кодтарының қорытынды тізімі |
+ |
- | ||
48. |
Клиникалық сынақтарды жүргізудің аяқталуы туралы тапсырыс берушінің қорытынды есебі |
- |
+ | ||
49. |
Аудиторлық тексеру есебі (егер бар боса) |
- |
+ | ||
50. |
Қорытынды сапар туралы монитор есебі |
- |
+ | ||
51. |
Сыналушылар кодтарын ашу және топтары бойынша бөлу туралы ақпарат |
- |
+ | ||
52. |
Зерттеуші қол қойған клиникалық зерттеу туралы есеп |
+ |
+ |
Фармакологиялық және дәрілік заттарды,
медициналық мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техниканы клиникалық
зерттеулерден/сынақтардан
өткізу ережесіне
6-қосымша
форма
Клиникалық зерттеу туралы есеп
1. Нұсқама бет:
1) клиникалық база басшысының бекіту белгісі;
2) құпиялылық белгісі (егер бар боса);
3) клиникалық сынақтың атауы;
4) зерттеу № хаттамаға сәйкес орындалды;
5) сынақты сәйкестендіру;
6) зерттеу фазасы;
7) зерттеудің басталу және аяқталу күні;
2. Зерттеуге өтініш беруші/демеуші.
3. Зерттеуді жүргізу орны (клиникалық базаның атауы, мекен-жайы, байланыс телефоны).
4. Зерттеушілер және әкімшілік құрылымы (бас зерттеуші, зерттеуші-координатор, монитор, шарттық зерттеу ұйымы (егер осындай бар болса).
5. Сынақ осы Нұсқаулықтың және ҚР СТ 1616-2006 «Тиісті клиникалық тәжірибе» талаптарына сәйкес және Еуропалық экономикалық қауымдастығының тиісті клиникалық практикасының ұстанымына сәйкес орындалғанын (егер орындалған болса) дәлелдейтін жағдай.
6. Есепті құру күні.
7. Зерттеудің қысқаша мазмұны (синопсис).
Тарауда қысқаша мазмұн болады (2-3 бет) – қорытындылар мен тұжырымдар иллюстрациясына арналған сандық деректерді қосатын зерттеу түйіндемесі.
8. Зерттеудің мазмұны.
1) жиынтық кестелерді, суреттерді, бағандарды қоса алғанда, әр бөлімнің орнын айқындайтын бет нөмірі және басқа ақпарат;
2) қосымшалардың, кестелер мен ұсынылған дербес тіркеу түрлерінің тізбесі мен орналасуы.
9. Қысқартулар тізбесі мен терминдер анықтамасы. Қысқартылған терминдер ашылуы тиіс, ал қысқартулар мәтіндегі бірінші ескертуде жақшалармен берілген.
10. Этика мәселелері:
1) клиникалық сынақ, клиникалық сынақ құжаттары мен оған барлық түзетулер қаралғанын және Этика мәселелері жөніндегі комиссия мақұлдағанын растау;
2) сынақ Хельсиндік декларацияда көрсетілген этикалық принциптерге сәйкес жүргізілгенін растау;
3) сыналушының сынаққа енгізілген уақытына байланысты хабарландырылған келісім қай жерде және қашан алынғанын көрсету.
11. Кіріспе. Сынақтың қысқаша анықтамасы.