Қан қысымынан жүрек ауруы басталады

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Июня 2013 в 07:47, реферат

Краткое описание

Қазіргі уақыттағы ең көп тараған сырқаттың бірі – қан тамырының қысымы екені белгілі. Елімізде әр оныншы адам осы аурумен ауырады. Бұл аурудың жүрек пен тамырды зақымдайтыны уақыт өте келе ғана белгілі болады. Дер кезінде ем қолданбаса, ол жүректің жансыздануына (инфаркт) немесе жүрек қыспасына (стенокардияға) әкеліп соқтырады. Жүректің бұлшық еттерін әлсіретеді, оның жұмысын тежейді. Арты миға қан құйылуға, соқырлыққа, бауырдың нашарлауына ұласады.

Вложенные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word.doc

— 608.00 Кб (Скачать файл)

ҚАН ҚЫСЫМЫНАН ЖҮРЕК АУРУЫ БАСТАЛАДЫ

Қазіргі уақыттағы ең көп тараған сырқаттың бірі – қан тамырының қысымы екені белгілі. Елімізде әр оныншы адам осы аурумен ауырады. Бұл аурудың жүрек пен тамырды зақымдайтыны уақыт өте келе ғана белгілі болады. Дер кезінде ем қолданбаса, ол жүректің жансыздануына (инфаркт) немесе жүрек қыспасына (стенокардияға) әкеліп соқтырады. Жүректің бұлшық еттерін әлсіретеді, оның жұмысын тежейді. Арты миға қан құйылуға, соқырлыққа, бауырдың нашарлауына ұласады.

«Гипертония» термині қан қысымының көтерілуін белгілеу үшін қолданылады. Қан тамыры қысымының жоғарылауы қан тамырының немесе оның ұсақ тармақтарының тарылуынан басталады. Кейбір адамдарда ұсақ қан тармақтары жиі тарылады. Әуелі қан тармақтарының жиырылуынан, кейін тамыр қабырғаларының қалыңдауынан ұдайы тарылады. Осыған байланысты, қан айналымы кезінде жүректің жұмысы күшейеді де, тамыр арнасына қан көптеп шығарылады. Мұндай жағдайға тап болған адамдарда, әдеттегідей, қан тамырының қысымы жоғарылайды.

Өте сирек жағдайда, яғни он адамның біреуінде қан тамыры қысымының жоғарылауы бір органның зақымдануынан болады. Мұны қан қысымының қайталануы деп түсінген жөн. Алайда, көптеген жағдайда, сырқаттардың 90 пайызы мөлшерінде қан қысымы бірінші рет басталады, оны эссенциялдық (мәнді) қан қысымының жоғарылауы деп айтады. Қан қысымы жоғарылауының себебі толық анықталмағанына қарамастан, емделмеген адамның өміріне қауіп төнетіні күмән тудырмасы анық. Қан қысымы асқынуының жиі кездесетін басты себептері – ми, жүрек және бүйрек сияқты өмірлік маңызды органдардың зақымдануы.

Әрбір оныншы ересек адамның жоғары қан тамыры қысымы бар. Бұлардың тең  жартысы бұл туралы біледі. Және осылар ғана дәрігердің ем-домын қабылдайды. Көптеген сырқаттар ұсынылған дәрі-дәрмектерді қабылдауды өз еріктерімен тоқтатады, ал бұл көп жағдайда аурудың асқынуына әкеледі. Кейбіреулері ұсынылған дәрі-дәрмектің мөлшерін өзгертеді. Бұлай жасауға мүлдем болмайды!

Қан қысымының жоғарылауы, негізінен  қызыл тамырдың ішіне майлы заттардың  жиналып қалуынан жүректің ишемиялық ауруын және миға қан құйылуын өршітіп, адам өміріне қауіп тудырушы басты фактор болып табылады. Қан қысымы мен артериялық тамырлардың зақымдануы өзара тығыз байланысып, бір-бірінің әрекетін күшейте түседі. Сондықтан, қазіргі кезде қан қысымының жоғарылуы ауруын емдеу тек қана қан тамырының қысымын қалпына келтірумен шектелмейді. Міндетті түрде, негізгі әрекет қауіп-қатер факторын жоюға бағытталуы керек.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ДИАТЕЗДЕР

30.03.2013 Просмотров: 21 Комментариев: 0

Геморрагиялық диатездер – қан  аққыштықпен сипатталатын бір топ  ауру. 
Қан ағуды тоқтату – организмнің қорғаныс әсері. Бұл өзара тығыз байланысты әрі бірдей белсенділік алған үш жақты – қантамырлық, тромбоцитарлық және коагуляция-плазмалық әсерінің қорытындысы. 
1. Вазопатиялар (қантамырлық)- қан тамырларының қабырғаларының өткізгіштігінің жоғарылауынан туындайтын ауруға геморрагиялық васкулит (Шенлейн-Генох ауруы) жатады. 
2. Тромбоцитопатиялар–тромбоциттердің санының немесе сапасының өзгеруімен байланысты туындайтын аурулар – тромбоцитопениялық пурпура (Верльгоф ауруы) жатады. 
3. Коагулопатиялар – плазмадағы қан ұю факторларының жетіспеуінен қан ұюының нашарлауымен сипатталатын ауруларға гемофилия А, В, С жатады. 
Осы аурулардың клиникалық белгілері, себептері әртүрлі болғанмен, бәріне ортақ белгі бар. Ол-қан ағуға бейімділік. 
Геморрагиялық васкулит (Шенлейн-Генох ауруы)-бұл қантамырларының, көбінесе капиллярлардың зақымдануымен және клиникалық қан кетумен сипатталатын аллергиялық ауру. 
Себебі: түрлі бактериялар, созылмалы тонзиллит, вакцина мен дәрі препараттары, гельминттер, тамақ өнімдері т.б. заттар аллерген болып келуі мүмкін. Отбасылық аллергияға бейімділігі болған және организмде созылмалы инфекция ошақтары бар балаларда геморрагиялық васкулит жиі кездеседі. Геморрагиялық васкулит көбінесе 2-8 жас аралығындағы, соның ішіндегі ер балаларда жиі кездеседі. Аурудың негізінде тамырлардың эндотелиясында тамырлардың қабырғаларының өткізгіштігін арттыратын иммунды-комплекс бұзылысы жатыр, соның себебінен қан кетуге бейімділік пайда болады. 
Клиникалық көрінісі: Қан құйылу орнына байланысты аурудың келесі негізгі түрлерін ажыратады: 1. Тері түрі-баланың терісінде көлемі түйреуіштің басынан болудан жасымықтың дәніндей, кей-кезде 3-5 сантиметрге дейін жететін геморрагиялық бөртпе пайда болады. Бөртпенің орналасуының келесі ерекшеліктері бар: а) орналасуы симметриялы; 
б) буын тұсында көбірек. Бөртпе бір неше рет қайталап шығуы мүмкін, шығудың толқынды болуы-аурудың аса көрнекті сипаты. Тері мен қатар бұлшық ет ішіне де қан құйылуы мүмкін. Жұмсақ таңдайдың шырышты қабығында да ұсақ қанталаған жерлер байқалады. 
2. Буын түрі-қан буынның ішкі қабатына құйылып, буындардың ісініп, қызарып, ауырсынуымен сипатталады. Көбінесе ірі буындар ісінеді. 3. Абдоминалдық түрі (жалған абдоминалдық синдром)- қан ішек қабырғалары мен шажырқайға құйылып, іштің қатты ауыруымен, лоқсып құсумен және нәжісте қан болуына байланысты, оның түсі қара немесе қызғылт болуымен сипатталады. 4. Аралас түрінде аталған белгілердің барлығы бір дегеннен байқалуы мүмкін. 
Қандағы өзгерістер: эозинофилия, лейкоцитоз, нейтрофилез, эритроциттердің тыну жылдамдылығы жоғары, қан ұю уақытының қысқаруы байқалады. 
Асқынулары: нефрит, перитонит, ішек қабырғаларының некрозы. 
Емдеу: Бала ауруханада емделеді. 3-4 апта төсек режимі тағайындалады. Тамағы қоймалжың түрінде, салқындатылған , витаминдерге бай болып, белок мөлшері шектеледі. Медикаментоздық ем: ауру жұқпалы аурудан кейін басталса, антибиотиктер; аллергияны төмендететін антигистаминді дәрілер; қан тамырлардың қабырғасын нығайтатын рутин, аскорбин қышқылы; антикоагулянттар –гепарин 100-220 ед\кг тері астына немесе көк тамырға тағайындалады. 
Гемофилия – бұл Х хромосомамен байланысты, рецессивті жолмен тұқым қуалайтын ауру. Сол себептен көбінесе ер балалар ауырады, ал әйелдер ауру қасиетін тасушылар болып келеді. 
Қан ағудың себебі: қан ұюына қатысатын 8-ші, 9-ші, 11-ші плазмалық факторларының белсенділігінің төмен болуы. Қан ұюына қатысатын 8-ші антигемофильді глобулин А жетіспеуінде- гемофилия А; 9-ші антигемофильді глобулин В жетіспеуінде- гемофилия В, 11-ші тромбопластиннің плазмадағы негізі жетіспеуінде гемофилия С деп аталады. 
Клиникалық көрінісі: Гемофилияның сипаты кез келген жаста көрінуі мүмкін, бірақ 2-3 жастағы балаларда жиі байқалады. Тері мен шырышты қабықтарының кездейсоқ жеңіл жарақаттанған жерінен ұзақ уақыт бойы тоқтамай қан ағу. Ең көрнекті белгілерінің бірі –гемартроз-буындарға қан құйылу, қан құйылудың қайталауы мүгедектікке алып келеді. Қан көбінесе ірі: жамбас-сан, тізе, тобық, шынтақ буындарына құйылады. Қан буындарға әлденеше рет құйылса, олардың қозғаласы бұзылып контрактура мен анкилоз дамиды. Бұл құбылыста 3 кезең байқалады: гемартроз, артрит, анкилоз. Жабық жарақаттарда тері астында ауқымды гематома пайда болу, ол нерв жолдарын қысып уақытша парез бен параличтің дамуына, ірі қан тамырларын зақымдап гангрена дамуына әкелуі мүмкін. 
Қандағы өзгерістер: қан ұюы ұзақтығы 10-30-80 минутқа дейін жетеді (қалыпта қан ұю ұзақтығы Ли-Уайт әдісі бойынша 6-7минут. Бюркер әдісі бойынша -2,5-5,5 минут). Қан ағу ұзақтығы мен ұйыған қан ретракциясы қалыпта. 
Емдеу: Гемофилия емінің ерекшеліктері бар: а) дәріні бұлшық етке жіберуге қатаң тиым салынады (вена ішіне немесе ауыз арқылы енгізу); б) қан кеткенде уақыт оздырмай антигемофилдік препараттарды міндетті түрде қолдану; в) әр тоқсанда бір рет тісін стоматологқа көрсетіп, қажет болса емдету. 
Ем 2 бағдарламада жүргізіледі: 1) Үздіксіз трансфузия гемофилияның ауыр және ауырлығы орташа түрінде қолданылады: әр бір 10-14 күн сайын қанға баланың жасына сәйкес мөлшерде А гемофилияда 8-ші факторы бар преципитат, В гемофилияда 9-ші факторы бар плазма құю. 2) Симптоматикалық трансфузия-қан аққан кезде немесе жабық жарақаттардан кейін 8-ші-9-ші факторлардың концентратын, криопреципитат, қан құйып, 8 сағаттан кейін қайталау. Осы емді 2-4 күн бойы жүргізу. Гемартрозда 4 күн бойы криопреципитат немесе антигемофилдік плазма құю. Буынды ыңғайлы жағдайда ұстау, 1-3 күнге лонгета қою, салқын басу, қажет болса қанды сорғызып алу. 
Тромбоцитопениялық пурпура (Верльгоф ауруы)- тромбоциттердің санының немесе сапасының төмен болуына байланысты қан аққыштықпен сипатталатын ауру. 
Себептері: тұқым қуалаушылық, вирусты инфекциялар, вакциналар, физикалық салмақ түсу, психикалық стресстер. Жоғарғы факторлар иммундық процесстерді бұзып тромбоциттерге қарсы денелердің түзілуіне себеп болады. Тромбоциттерге қарсы денелердің әсерінен тромбоциттер тез бұзыла бастайды-7-10күннің орнына бірнеше сағат қана өмір сүреді. Тромбоциттердің саны азаюы мен қатар сапасы да өзгереді, бұл өзгерістер қан ағудың пайда болуына себеп болады. 
Клиникасы: Тромбоцитопениялық пурпура мектеп жасындағы қыз балаларда жиі байқалады. Теріге қан құйылу –бүкіл денені қаптап шашырай жайылған, бірақ негізінен иілмелі жерлерге шоғырланған таңдақтар пайда болады. Қанталаған жердің айналасы ісінбейді. Терінің қанталауы келесі көріністермен сипатталады: 1) полиморфтықпен-көлемі әр түрлі –ұсақ петехиялардан алақанның көлеміне дейін. 2) полихромдықпен-қанның бір мезгілде құйылмау себебінен таңдақтардың түсі әр түрлі-алқызыл, көкшіл, жасыл, сарғыш. 
3) ассиметриялы орналасуымен; 4) өздігінен пайда болумен; 5) қанның жиі түнде құйылуымен; 6) зақымдану сатысына қан құйылу көлемінің сәйкес келмеуімен. 
Мұрыннан, ішектен, асқазаннан, қыз балаларда жатырдан қан кету байқалады. Көк бауыр үлкейеді. Жгут, оңқа, шымшу сынамалары оң болады-орындарында ұсақ петехиялар пайда болады. Дене температурасы қалыпты немесе субфебрильді. 
Қандағы өзгерістер: қан жоғалтуына байланысты анемия дамиды, тромбоциттердің саны азаяды-тромбоцитопения 30-40 х109л, кейде одан да төмен (қалыптағы саны 250-350х109л), қан ағу ұзақтығы 20 минутқа дейін созылады (қалыпта Дюке әдісі бойынша 2,5-3,5 минут). 
Емдеу: Арнайы гематологиялық бөлімшелерде емдеу шаралары жүргізіледі. Алғашқы күндері төсек режимі тағайындалады. Тамағы витаминдерге бай, жасына сәйкес тиіс және суытып беру. Қан кету кезінде оны тоқтататын жергілікті және жалпы шаралар жүргізіледі. Дәрі препараттардан: эпсилонаминокапрон қышқылын, викасол, аскорбин қышқылы, дицинон. Гормоналдық ем қолдану-кортикостероидтер тағайындау (преднизолон тәулігіне 1-2мг\кг мөлшерінде). Қанталай берсе хирургиялық жолмен емдеу-көк бауырды алып тастау-спленгэктомия. Фитоем қолданылады. Жергілікті қан тоқтату шараларын қолдану: гемостатикалық сүзгі, тромбин, гемофобин қолдану, салқын басу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар аллергиясы

    Аллергия - жас талғамайтын ауру. Бұл кез келген адамда, кез келген жаста пайда болатын, тіпті емшектегі сәбилерде де кездесетін сырқат. Әлемде әрбір бесінші бала аллергиядан зардап шегеді, сондықтан бұл сала дәрігерлер үшін аса маңызды. Аллергия сөзі - «бөгде затқа реакция» дегенді білдіреді.   

 

Аллергия - иммундық жүйенің ең кең тараған бұзылысы. Бұл ағзаның қарапайым жағдайда, зиянсыз заттың, аллергеннің мөлшеріне жоғары сезімталдық реакциясы болып табылады. Аллергиялық реакциялар көбіне шөптен, жануалардан, құстардың жүнінен, шаңнан пайда болады. Осыдан соң мұрын және көз айналасындағы тіндер ісініп, тері қыши бастайды, шырыштардың бөлінуі көбейеді. Аллергиялық рекацияларға тән белгілер, жас ағу, көздің қызаруы, мұрынның бітелуі, су ағу, бастың ауыруы, түшкіру жатады. Сонымен қатар балада «аллергиялық көгерулер» - көз айналасының қараюы пайда болуы мүмкін. Бұл көгерулер аллергияның немесе бүйрек ауруларының салдары болуы мүмкін. Нақты диагнозды аллерголог маман тағайындайды. Аллергия маусымдық немесе созылмалы болады, ол аллергияны қандай заттың тудырып тұрғандығына байланысты. Әсіресе, маусымдық аллергия белгілі бір жыл маусымында аллерген әсер еткенде ғана көрініс береді. Аллергия баланың құрсақішілік кезінен дамуы мүмкін. Анасы жүкті кезінде аллергияның дамуына қауіп тудыратын тағамдарды (шоколад, балық, цитрус өнімдерін, құлпынай) шектен тыс қолданатын болса, сәби дүниеге келгеннен кейін онда аллергиялық ауру дамуы әбден ықтимал. Сонымен қатар, болашақ ананың иммунитеті төмен, вирусты инфекциямен ауыруы, созылмалы қабынудың болуы да болашақ сәбиде аллергияның дамуына қосымша бейімділік туғызады. Балалардағы аллергия анасының дұрыс тамақтанбауынан немесе антибиотик дәрілерді қолданудан дамуда. Сонымен қатар, аллергияның дамуына жасанды тамақтану да өз әсерін тигізбей қоймайды. Бұдан басқа, балалардағы аллергия бала ағзасында қажетті дәрумендер жетіспеген жағдайда да көрініс табады. Әсіресе, жас аналар балаларыңызда диатез болған жағдайда міндетті түрде аймақтық педиатрға, аллерголог маманға жүгініңіздер. Егер дер кезінде дәрігер кеңес беріп ем жасамаса, оның соңы аллергиялық есекжем немесе қолқа демікпесіне ұласуы мүмкін. 

Аналарға кеңес, егер отбасы аллергияға бейім болса, онда кешіктірмей жедел  жәрдем шақыртыңыз. Оның келуіне дейін  науқастың барынша кең тыныс  алуына жағдай жасаңыз.Сонымен қатар  үй жануарларын , мысықты, итті ,дала өсімдіктерін ұстаудың қажеті жоқ. Әсіресе, балаларға қосымша тамақ бергенде, абайлап аллергенге жатпайтын тағамдарды беріңіз. Баланы сәби кезінен шынықтырып, қажетті дәрумендерді көптеп беруге, жиі ауыртпауға тырысыңыз. Дені сау бала мұратың. Олай болса сәбиді аллергиядан сақтай білейік. Дәрігер парызы кез-келген ауруға араша болу.


 

 

 

 

 

 

Қызылша

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан  алынған мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу

Қызылша (лат. Morbilli) — бұл өте жұқпалы ауру, әсіресе, тамаққа жарымайтын немесе туберкулез ауруына шалдыққан балаларға қауіпті. Ауру адаммен байланыста немесе қасында болғаннан кейін он күннен соң суық тию белгілері бойынша басталады: бұлар — қызу, тұмау, көздің қабынуы және жөтел. Ауру сәт сайын үдей түседі. Ауыз іші қабынып, ісініп, іш өтуі мүмкін. 2 немесе 3 күннен кейін ауыздың шырышты қабығында тұздың жартысындай кішкентай ақ дақтар көріне бастайды. Одан кейін екі немесе үш күн өткен соң құлақта және мойында, сосын бетте және денеде, ең соңында қол мен аяқта бөртпелер пайда болады. Денеге бөртпелер шыққаннан кейін баланың жағдайы әдетте жақсарады. Бөртпелер 5 күннің ішінде шығып болады. Кейде тері астына қанның құйылуы (қара қызылша) салдарынан шашы-раңқы қара дақтар (көгерген жерлер) байқалады. Бұл дерттің өте күшті екендігін білдіреді. мұндайда дәрігерлік көмек кереқ

Емдеу жолдары

  1. Бала төсекте жатуы керек, сұйықты көп ішіп, құнарлы тамақ жегені жөн. Егер ол қою тамақты жей алмаса, сұйық сорпа беріңіз. Егер балаға емшек ему қиынға соқса, онда емшекті сауып, сүтті қасықпен ішкізіңіз.
  2. Көздің бүлінуін болдырмау үшін мүмкіндігінше А дәруменін беріңіз.
  3. Қызу көтерілгенде және бала тынышсызданғанда парацетомол (аспирин) беру қажет.
  4. Егер құлағы ауырса, антибиотиктер ішкізген жөн.
  5. Өкпесінің қабынғандығын, менингитті немесе құлақ пен асқазанның қатты ауырғандығын білдіретін белгілер байқалса, дәрігер шақырыңыз.
  6. Егер баланың іші өтсе, регидрационды су беріңіз.

Алдын алу

Қызылшамен ауырған баланы басқа  балалардан бөлек устаған жөн. Әсіресе, тамаққа жарымаудаң болатын аурумен ауыратын, туберкулезбен немесе бойға сіңіп кеткен басқадай аурумен ауыратын балаларды сақтандыру керек. Қызылшамен ауырып жатқан баласы бар ұйге басқа үйдің балаларының келуіне болмайды. Қызылша ауруы бар үйдің балалары, егер олар бұл аурумен ауырмаған жағдайда мектепке, дүкенге немесе басқа да қоғамдық орындарға 10 күнге дейін баруына болмайды. Жас балалар организмінің қызылша ауруына қарсы турып, шетінемеуі ушін олардың жетіліп, ет алуы қажет. 8 айдан 14 айға дейінгі бала қызылшаға қарсы егілу керек.[1][2]

Қызамық

Қызамық (лат. rubeola) — вирус арқылы тарайтын тез (жедел) жұғатын жұқпалы ауру. Қызамықпен ересек адамдардан гөрі балалар (әсіресе 2 — 10 жас аралығында) жиі ауырады. Ауру науқас адамнан сау адамға жөтелгенде, сөйлегенде, түшкіру кезінде қақырық, түкірік шашырағанда жұғады. Сондай-ақ, науқас баланың ойыншығы, ыдыс-аяғы, т.б. арқылы да таралады. Қызамықпен бір рет ауырған адам екінші рет ауырмайды. Қызамықпен бұрын ауырмаған жүкті әйелдер сақтануы керек (әсіресе, алғашқы 3 айда), жұқтырған жағдайда құрсақтағы нәрестенің өміріне зиян келуі, не әйел түсік тастауы мүмкін. Аурудың жасырын кезеңі 11 — 21 (орта есеппен 16 — 21) күнге дейін созылады. Алғашқы кезде жөтеліп, тұмауратқан сияқты болады. Сонан кейін желке тұсында, құлақ айналасы, лимфа түйіндері ісіне бастайды. Басы, тамағы ауырып (баспа), асқа тәбеті болмай, құсады. 1 — 2 күннен кейін алдымен бетке, сонан соң қолтық, шапқа бозғылт-қызғылт майда дақты бөртпелер шығады. Бұл кезде дене қызуы 38 — 39С-қа дейін көтеріледі. Науқас баланың екі беті, көмекейі қызарып, бадамша безі ісінеді, қан қысымы көтеріліп, қанның ақ түйіршіктері (лейкоциттер) көбейеді, зәрінде белок пайда болады. Ауру асқынғанда дене қызуы 40С-тан асып, науқас сандырақтап, іші өте бастайды. Қан қысымы төмендеп, тамыр соғуы нашарлайды, тамақ асты және жақ асты безі ісініп, құлағынан іріңді бұлық ағады. Сондай-ақ, ол асқынып науқас менингит, мастоидит, гайморит, лимфаденит, нефрит, т.б. ауруларға шалдығуы мүмкін. Қызамықтың жоғарыда айтылған белгілері 4 — 5 күннен кейін басылады. Дене қызуы қайтып, бөртпелер азайып, қабыршақтанып терісі түсе бастайды. Баланың көңіл күйі жақсарып, асқа тәбеті ашылады. Емі — ауру білінісімен балаға витамині мол тағамдар беру, антибиотиктер ішіп, қан құю керек. Аурумен бірге болған жүкті әйелдерге иммунды-глобулин егеді. Науқас жатқан бөлме таза ұсталып, гигиеналық талап қатаң сақталуы керек.[1][2]

Желшешек

 

 

Желшешек (лат. Varicella, гр. Ανεμοβλογιά) - инфекциялық ауру, вирустан тарайды. Мұнымен 1 жастан 10 жасқа дейінгі балалар жиі, ал 10 жастан асқан балалар мен ересектер сирек ауырады. Желшешекпен ауырып жазылған адамда күшті иммунитет қалады. Желшешек ауа арқылы тарайды. Сырқаттың инкубациялық (жабық) кезеңі 11 күннен 21 күнге дейін, яғни орташа 14—15 күнге созыл ады. Ауру басталғанда температура 38—39°С-ге дейін көтеріледі де, адамның терісі мен шырышты қабығында қышыма бөрткен пайда болады. 3—5 күн өткеннен кейін бөрткеннің көбеюі тоқтайды да, температура төмендеп, қалпына келеді, бөрткен қара қотырланып, 1,5—2 аптадан соң оның қабығы түседі. Кейде барлық ау ырғай кезенде температурасы көтерілмей, әдеттегідей бір қалыпты болады. Ауру адам сырқаттың инкубациялық кезеңінің соңғы күнінен бастап және бөрткен шыққаннан кейінгі 9-күнге дейін жұқпалы болып есептеледі. Әдетте желшешек жеңіл өтеді, бірақ кейде (әлжуаз балаларға іпыққанда) асқынатын да кезі болады, терісі іріңдейді, құлақтары мен аузының шырышты қабығы т. б. қабынып ауырады. Сырқат баланы мұқият күтімге алу керек. Аурудың денесі бөртсе, оның үстіне температурасы көтерілсе, сырқатты қозғалтпай жатқызып қойған дұрыс. Төсек — орын жаймасын жиі-жиі - алмастырған жөн. Сондай-ақ теріні күтудің де маңызы зор. Баланың денесінде бөрткеннің болғанына қарамастан оны қайнаған сумен немесе қызғылтым етіп езілген калий перманганатымен («марганцовка») жуады (мақтаны пайдаланып, өте еппен); ал қолын сабындан жуу керек. Бала терісін қасып, тырнап тастамауы үшін қолының тырнағын алып, дәкеден қолғап тігіл кигізу қажет. Бөрткенді 1 проценттік калий перманганатының немесе 1—2 проценттік бриллиантты зеленка ерітіндісімен сүртсе, ол көн қышымайтын болады. Бал аның ерніне тұзсыз сары май немесе қайнатылған күнбағыс майын жағыл, сусынды көп ішкізу керек. Кішкентай баланың таңдайын салқын шаймен немесе қайнаған сумен жібітіп отырады. Сондай-ақ сәбидің танауының тазалығына баса назар аудару қажет. Танауындағы жараның қабығын вазелин жағылған немесе қайнатылған күнбағыс майына шыланған мақтамен сүртіл тазалайды.

Науқас балаға ең қажетті нәрсе  — таза ауа мен жарық. Мұндай балаларды  шаңсыз, жел тимейтін, тыныш жерде, дені сау балалардан бөлек серуендету қажет. Баланың температурасы  төмендед, бөрткеннің қайталан шығуы тоқтағаннан кейін, яғни бұрынғы бөрткендері қара қотырланған соң серуенге шығаруға болады. Серуендету режимін дәрігермен келіскен жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жедел аппендицит

Грей анатомиясынан. Соқыр ішек

Жедел аппендицит - дегеніміз соқыр ішектің айқын морфологиялық өзгерістерімен, деструкциямен, кейде іріңді перитониттің дамуын тудыратын жедел хирургиялық полиэтиологиялық ауру. Аппендицит жиі 10—25 жас аралығында кездеседі. Жедел іш қуысының хирургиялық ауруларының ішінде 89,1 % алады, яғни бірінші орын алады. Жедел аппендицит- перитониттің пайда болуының ең жиі даму себебі.

Жедел аппендициттің жас балалардағы ерекшеліктері.

Жедел аппендицит- балалар жасындағы  жедел хирургиялық көмекті талап ететін көп таралған ауру. Ересектердігіден айырмашылығы балалардағы жедел аппендициттің клиникалық ағымы ауыр, ал диагностикасы күрделі. Бұл заңдылықтар баланың дамуындағы анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты бір жастағы балаларда жиірек байқалады.

I. Біріншіден осы жастағыларда жүйке жүйесінің функционалды жетілмеуінен барлық жедел қабыну ауруларының клиникалық көрініс ұқсас ( жоғары дене қызуы, көп реттік құсу, ішек функциясының бұзылыстары).

II. Екіншіден балалардағы соқыр ішектің құрт тәріздес өсіндісіндегі қабыну процесі аяқ астынан қарқынды өтеді. Осы уақытта шектеулі механизімі әлсіз байқалады.

III. Үшіншіден ерте жастағы балаларда  тексерудің арнайы қиындығы бар.  Баланың мазасыздануы, жылауы, қарау  кезіндегі қарсыласу жедел аппендициттің негізгі жергілікті симптомдарын анықтауды қиындатады.

Жас балаларда жедел аппендициттің  нақты белгілері болмайды, былай  алып қарасаңыз, ол ішек жұқпалы аурулары, аденовирусты аурулар, копростаз, пневмония, отит себептері. Бұлардың барлығы жиналып «абдоминальды синдром » деп қаралуы мүмкін. Жедел аппендициттің жас балалардағы өзіндік ерекшеліктері, тек қана оның реактивтілігіне ғана емес, сонымен қатар анатомиялық-топографиялық ерекшеліктеріне байланысты. Әдетте, баланың мінез-құлқы өзгеріп, мазасызданып, жылап, ұйқысы бұзылып, тәбеті болмай, тамақ ішпейді.

Кішкентай бала кіндігінің маңайы ауырып тұрғанын айта алады, бірақ қай жері аурып  тұрғанын дәл көрсете алмайтындығы ми қыртысындағы процестердің толық  жетілмеуі, нерв импульстерінің басқа  жерге жіберілуіне, шажырқайдың түбінің күн тәрізді шумақша жақын орналасуы, спецификалық емес шажырқай лимфоденитінің тек қанда болуына байланысты. Кей кездері балалар ішінің ауырғанын айта алмайды.

Париетальды іш пердесінің және аппендикстің шажырқайының қабынуға ұшырағанына байланысты пайда болған іштің ауыруының толастамауы баланың ұйқысының бұзылуына әкеліп соғады. Осы ерекшелік 60% жағдайда байқалады. Ал 10% жағдайда іштің ауруының ұстамалы болатындығын көрсетеді. Тынышталып отырған балада аяқ астынан іші қайтадан ауыра бастайды, мазасызданып жылайды, тамақ ішпей қойады, ыстығы көтеріледі, құсады, үлкен дәреті өзгереді. Дене ыстығының көтерілуі (94%) 3жасқа дейінгі балаларда негізінде 38-30*С, одан да жоғары жедел аппендициттің асқынған түрлерінде болады. Денесінің ыстығының көтерілуі жедел аппендициттің түрлеріне байланысты емес, ол баланың жүйке жүйесінің өзіндік ерекшеліктеріне, ішетін тамағына, реактивтілігіне (жұқпалы ауруларға) антибиотиктерді қолдануына байланысты. Тағы да бір белгінің бірі- ол баланың құсуы (80%) Бұл кіші жастағы балаларда қабыну процесі өрістеген сайын уланудың белгісі екенін көрсетеді. Құсықтың құрамы негізінен асқазандағы астың қалдығы, ауыр асқынған кезде құсық құрамында өт те кездеседі. Әдетте көп құсу жедел аппендициттің асқынған түрінде болады. Кей жағдайларда науқас құспауыда мүмкін (15-20%), аурулардың басым көпшілігінде үлкен дәреттері бұзылмаған, қалыпты күйде (75%), ал 12-15% іштің өтуі байқала

Информация о работе Қан қысымынан жүрек ауруы басталады