Қан қысымынан жүрек ауруы басталады

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Июня 2013 в 07:47, реферат

Краткое описание

Қазіргі уақыттағы ең көп тараған сырқаттың бірі – қан тамырының қысымы екені белгілі. Елімізде әр оныншы адам осы аурумен ауырады. Бұл аурудың жүрек пен тамырды зақымдайтыны уақыт өте келе ғана белгілі болады. Дер кезінде ем қолданбаса, ол жүректің жансыздануына (инфаркт) немесе жүрек қыспасына (стенокардияға) әкеліп соқтырады. Жүректің бұлшық еттерін әлсіретеді, оның жұмысын тежейді. Арты миға қан құйылуға, соқырлыққа, бауырдың нашарлауына ұласады.

Вложенные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word.doc

— 608.00 Кб (Скачать файл)

Холецистит

Лапароскопиялық әдіспен холецистэктомия жасаудың рентген аспабындағы көрінісі

Жедел холециститтің УЗД аспабынан  көрінісі

Холецистит(cholecystіtіs; грек. chole — өт, kystіs — қап және іtіs — қабыну) — өт қабының қабынуы. Өте жиі кездесетін (әсіресе әйелдерде) ауру. Холецистит дұрыс тамақтанбаудың салдарынан өттің дұрыс ағып өтпеуінен, аз қозғалудан, әр түрлі инфекцияның түсуінен (іш таяқшалары, кокктар, т.б. қоздырғыштар ішек не қан арқылы таралады), сондай-ақ өт жолдарында әр түрлі себептерден тас байланудан пайда болады. Холецистит тұқым қуалайды. Аурудың ағымына қарай жедел және созылмалы түрлері ажыратылады. Жедел түрінде оң жақ қабырға асты ауырады, науқастың жүрегі айнып, құсады, іші кеуіп, жиі кекіреді, дене қызуы 38 — 39°С-қа көтеріп, кейде ауырсыну жауырын мен иық-тан сезіледі. 2 — 3 күннен кейін сары аурумен ауырғандай терісі, көздің ақ қабығы сарғайып, кіші дәреті қара қоңыр түске боялады. Егер жедел Холециститті дер кезінде емдемесе, онда созылмалы түріне ауысады. Бұл кезде науқастың сәл майлы тамақ ішсе, оң жақ қабырға асты сыздап ауырады. Жүрегі айнып, құсады, аузы құрғайды.

Клиникасы

Ауру басталуы келесі синдромдармен беріледі:

  • Ауырсыну
  • Диспепсиялық
  • Қабынулық
  • Асқазан ішек жолдарының функциясы бұзылуы
  • Липидті алмасудың бұзылуы (клинико-лабароторлы көрсеткіштер)
  • Холецистостатикалық(Жалпы өт жолының бітелуі)
  • Үрдіске басқа ағзалар мен жүйелер қосылуы.

Ауырсыну синдромы

  • Aуыруы эпигастрий аймағында басталып,кейін оң жақ қабырға астына ауысады.Кейбір науқастарда іштің ауыруы өт қабы және өт жолдарының тұсында басталып,жоғары немесе іштің оң жақ жартысына тарайды.Кесіп немесе жарып,өте қатты шыдатпайтын ауырсыну болады.
  • Сипаты: тұйық .
  • Пайда болуы: үнемі немесе анда санда.
  • Ауырсыну ұзақтығы :бірнеше минуттан бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін.
  • Ауырсыну оң жақ қабырға астының бұлшықеттерінің ширығумен бірге жүруі мүмкін.
Пайда болуы:

Қобалжу, диета бұзылуы, тоңазумен, майлы тағам ішу, көп тамақтану. Өттас ауруында, селкілдететін жолда көлікпен жүру,секіру,ауыр зат көтеру кезінде пайда болуы мүмкін.

                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                              Жүкті әйелдердің гигиенасы

 
Екі қабат болған кзде жеке бас гигиенасын сақтаудың үлкен маңызы бар.

Күнделікті душ немесе ванна  өте пайдалы, өйткені ол жүкті  әйелге бәсеңсуге және денесін әсіресе  жыныс органдарын тазалықта ұстауға, мүмкіндік береді. Өте ыстық ваннаға  түсуге болмайды, сондай-ақ бұл кзеңде ыстық моншаға барудан бас тарткан дұрыс.

Екі қабат әйелдің киімі мен  аяқ киімі қолайлы және денесін, әсіресе кұрсақ көлемін қыспауы  қажет.

Бұл кезеңде емшек тарқышқа(бюсгальтерге) үлкен мән беріледі. Жайшылықта жүкті  кезде әйелдердің кеудесі өседі, сондықтан емшек тартқыш емшектің көлеміне сай болуы керек. Жүктіліктің екінші жартысында сүт бездерінен уыз бөлінуі мүмкін. Сөйтіп, ағза емшекпен тамақтандыруға дайындық үстінде. Бұл кезде емшек тартқышқа емшектің ұшын қорғау үшін мақтадан жасалған қаптағыш салған дұрыс.

Аяқ киім өкшесі биік болмауы, сонымен  қатар аяқты қыспауы керек. Жүктіліктің  соңғы айларында жатырдың дұрыс  жағдайын сақтау және құрсақтың алдыңғы  қабатының қатты созылуының алдын  алу үшін бандажды пайдалану ұсынылады. Бандажды дұрыс пайдалану туралы кеңесті дәрігерден алуға болады.

Жыныстық қатынастар. Жүктіліктің  қалыпты жағдайында барлық дәрігерлер жыныстық қатынастарға рұқсат береді. Бірақ, жүктілік мерзімі ұзарғанда  іштің үлкендігі кейбір қолайсыздықтар туғызуы мүмкін. Сондықтан, жыныстық қатынас кезінде ыңғайлы жағдайы табу қажет, сондай-ақ арнайы гельдер, немесе жақпа майлар(кремдер) пайдалану керек.Бірақ, кейбір жағдайларда (жүктіліктің тоқтап қалу кауіпінде, анамнездегі өз бетімен болатын түсіктерде) жыныстық қатынастарды шектеу керек. Бұл жөнінде дәрігермен кеңескен дұрыс.

Физикалық жүк. Екі қабат кезде  шамадан тыс шаршап-шалдықпағаның  үлкен маңызы бар, ауыр салмақты көтеруге және алып жүруге, дененің сілкінуіне байланысты жұмысты атқаруға болмайды.

Қыдырулар жүкті кезде үлкен  рөл атқарады, өйткені әйелдің көңіл-күйінің жақсаруына әсер етеді, жүкті жағдайдағы әйел гимнастикасының қарапайым әдісі, астың жақсы кортылуына себеп болады. 
Қыдыруларды міндетті түрде жиі-жиі таза ауада өткізген дұрыс.

Ұйқы. Екі қабат кезінде әйел жеткіліктің дем алуы керек. 8-9 сағатқа созылатын түнгі ұйқы кезінде әйел өз күшін толық мәнде қалпына келтіруі керек. Сонымен қатар күндіз де дем алғаны абзал.

Әйелдер консультациясында байкалудың жүкті әйел үшін үлкен маңызы бар. Тек дәрігер ғана организм жағдайының ерекшеліктерін есептей отырып керекті еңбек және дем лау тәртібін белгілейді, жүктілік барысындағы ауытқуларды, ауруларды дер кезінде анықтайды, сәйкес емдеу тағайындайды. Жүктіліктің алғашқы айларынан бастап әйелдер консультациясына барып және дәрігерге үнемі қаралып тұру керек. Жүктіліктің бірінші кезеңінде дәрігерге көруні аса жиі емес айына бір рет, содан кейін жетінші сегізінші айлар көлемінде айына 2 рет және босану алдындағы ақырғы айда апта сайын. Әйелдер консультациясының дәрігері керекті зерттеулердің барлығын өткізеді, әйелді босануға дайындайды, әйелдер босанатын үйге өзімен бірге не алу керек екені туралы да айтып береді. 

                            Жүкті әйелдің тамақтануы

Кейбір жағдайларда, жүкті әйелдердің алғашқы айларында токсикоз басталады. Сондықтан, көп тағамға тәбет тарта бермейді. Бірақ, осы 9 ай бала көтеріп жүрген уақытта дәрумендерге толы пайдалы азық -түлік болашақ ана көптеп тағамында қолданғаны дұрыс.

Осы мақсатта диетолог мамандар рационалды тамақтанудың азық -түлік пирамидасын  жасап шығарды. Диетолог: «Жүктілік кезінде тамақтанудың маңызы зор. Оны приамида күйінде көрсетпек болдық. Біз құрастырған пирамиданың незігі және шыңы бар. Астындағы негізділеріне тамақтануда жиі пайдаланылатын заттар енді. Оған нан, ботқа, бидай және макарон өнімдері»

Көптеген әйелдер әдетте, ұнды, макарон өнімдерінен баста тартып жатады. Бірақ, ол қате ұғым болып шықты.

Диетолог: «Пирамида негізіне орналасқан ұнды тағамдар адамға салмақ қостырмайды  және денеге май жинатпайды. В дәруменіне бай олар орталық нерв жүйесіне, ми, ішек жолдарына жақсы әсер етеді»

Пирамиданың келесі сатысында жеміс-жидек, көкөністер орын алады. Дәрумендер мен  микроэлементтердің негізгі көзі. Оны  жүкті әйелдер міндетті түрде  тағамына қосуы қажет. Өйткені, болашақ  анаға да, балаға да дәрумен мен микроэлементтер қажет. Ол ішек жолдарының дұрыс жұмыс жасауына көмектеседі.

Көкөніс пен жемістерді барынша  жей беруге болады. Қанша жеймін десең де шектеу жоқ.

Келесі бөлімді ет тағамдары  құрайды. Ет-ақуызға толы. Жаңғақта өсімдік ақуызы бар. Баланың дамуы үшін нан жеген де пайлады. Ақуыз жүктілік бойында қажет пайдалы зат. Ол құрсақтағы бала серігіне және баланың миының өсіп жетілуіне қажет. Ақуыздың болашақ балаға әсері жайында арнайы зерттеулер де бар.

Тағы бір айтатыны еттің темір  элементіне бай екендігін ұмытпаған жөн.

Диетолог: «Темір жетіспейтін анемия түрінде болашақ аналарға ет жеуді  ұсынамыз. Оның құрамында темір бар. Бірақ, етпен бірге шәй, кофе ішуге  болмайды. Олардың құрамында темірді  шайып кететін танин бар. Сонан  соң темір сіңірмейді»

Жүкті әйелдің дәруменге толы азық түлік жеуі қажет

Тамақтануда еттің маңызын ескере отырып, дәрігерлер жүкті әйелдерге  вегетериандықтан бас тартуды ұсынады. Қазір балаңызға тек малдың ақуызы қажет.

Келесі топ-сүт өнімдері. Оған сүт, айран, сыр, йогурт жатады. Тағамдар микроэлементтерге толы болуы қажет. Ал кальциге бай дәл осы сүт өнімдері. Жүктіліктің 20 аптасында нәрестенің сүйектері дами бастайды.

Сүт өнімдерін де барынша молырақ  пайдаланған жөн. Сізге және сәбиіңізге кальций көп қажет

Пирамиданың ең шыңында май мен тәттілерге орын бөлінген. Олар балалардың дамуында аса қажетті емес.

Диетолог: «Шоколад, тәтті бәлішпен өзіңізді еркелетуге болады. Бірақ, барлығы  аз ғана мөлшерде. Өйткені оның пайдасы  шамалы».

Тағамдардың дұрыс даярлануы да маңызды. Термиялық өңдеу керек. Ет пен бапықты бұқтыру, қайнату қажет. Ал көкөніс және жеміс жидекті пісірмей шикідей жеген пайдалы. Өйткені, темрмиялық өңдеу барлық микроэлементтер, дәрумендерін жоғалтады.

Пайдасы жоқ тағы бір тағам жайында  сөз қозғасақ. Жүктілік кезінде шұжық, тұздалған азыққа тәбетіміз соған тартып тұрғанымызбен, оның құрамында ешбір микроэлементтер, дәрумендер болмайды. Оны қайнатқан немесе буда піскен етпен алмастырғаныңыз жөн.

Осылай фастфуд және жартылай фабриканттар жайында да айтсақ болады. Бұл ана  мен баланың денсаулығы үшін пайдасы жоқ тағам. Қышқыл сусындарды да аз пайдаланған жөн.

Диетолог: «Жүкті әйелдер үшін су көп  мөлшерде қолданған дұрыс. Аяқ қолыңыз  ісіген бе жоқ па Тәулігіне 2 литр су ішңіз. Суды шектеудің қажеті жоқ. Сусындарға ағып тұрған су, кампот, кисель және бірінші тамақ жатады.

Жүктіліктің алғашқы 3 айында лоқсудан аулақ болу үшін, яғни токсикоз болмас үшін аздан жиі жиі тамақтанған жөн. Бұл кеңесіміз жүктіліктің соңғы айында да пайдалы. Іш үлкейген сайын асқазан тарылады. Осыдан қыжыл болады. Сондықтан, 3-4 рет тамақтанып, арасында аздап көкөністі ауызға салуды ұмытпаңыз.

 

                                         Жүкті әйел физиологиясы

 

Жүктілік (лат. gravіdіtas) – физиологиялық құбылыс; ұрықтанған жұмыртқа клеткасының жатыр қуысында дамуы. Жүктілік ұрықтанудан басталады. Ұрықтанғаннан кейін зиготаның бөлшектенуі, яғни бластомерлер (жұмыртқа клеткасы бөлінген кезде түзілетін клетка бөлшектері) пайда болады. Соның нәтижесінде бір клеткалы ұрықтан көп клеткалы ұрық – морула түзіледі. Бөлшектену кезінде ұрық жатыр түтігінен жатыр қуысына қарай жылжиды. Бұл процесс 4 – 5 күнге созылады. Бұдан кейін ұрық морула сатысында жатырға түсіп, бластоцистаға (іші сұйыққа толы қуыс) айналады. Адам ұрығының қағанақ (амнион), бүр (хорион) қабықтары болады. Бүр жатыр денесіне еніп, жатыр клеткаларымен қосылуының нәтижесінде бала жолдасы пайда болады. Бала жолдасы ұрықты ана организмімен байланыстырады. Қағанақ ішінде ұрықты қоршап жатқан қағанақ сұйығы бар. Қағанақ сұйығы ұрықты түрлі зақымданудан сақтайды. Сондай-ақ, ұрық өзінің өсіп дамуына қажетті минералды заттарды осы сұйықтан алады. 7-тәулікте ұрық жатырдың шырышты қабығына енеді.Мұны – имплантация деп атайды. Имплантация тез өтеді. Ұрық шырышты қабыққа толық енгеннен кейін, оның үстіндегі тесік жабылады. Бұл имплантацияның аяқталғанын көрсетіп, Жүктілік дамуының алғашқы бастамасы деп есептелінеді. Кейде жатыр түтігінің ауруға шалдығуының салдарынан ұрықтанған жұмыртқаклетка жатыр қуысында жылжи алмай, жатыр түтігінің ішкі қабатында жабысып өседі. Мұны – жатырдан тыс жүктілік деп атайды (қ. Жатыр). Жүктіліктің дамуында: ұрықтық (эмбрионалды) және нәрестелік (феталды) кезеңдер ажыратылады. Ұрықтық кезең – ұрықтану мезгілінен бастап, Жүктіліктің 2-айының соңына дейін созылады. Бұл кезеңде ұрықтың дамуы өте қарқынды жүреді. Ұрықтың бейімделушілік қабілеті әлі толық жетілмегендіктен, ұрық зақымдаушы факторлардың әсеріне өте сезімтал келеді. Оттек жетіспеушілігі, дененің қызуы, микробтар, вирустар, антиметаболиттер, есірткі, т.б. зиянды заттар эмбрион дамуының бұзылуына, оның өліміне немесе туа біткен мүгедектікке әкелуі мүмкін. Нәрестелік кезең Жүктіліктің 3-айынан нәресте туғанға дейін созылады

Бұл кезеңде құрсақтағы нәрестенің тез өсуі, тіндердің жіктелуі, мүшелер  мен жүйелердің дамуы жүреді. Нәрестенің тіршілігін құрсақ ішіндегі даму кезінде  және туғаннан кейін қамтамасыз ететін жаңа функционалдық жүйелер тұрақтанады. Бала жолдасының функционалды белсенділігі артқан кезде ұрықтың дамуы ана организмімен өзара байланыста, тұрақты түрде жүреді. Ана мен құрсақтағы нәресте арасындағы өзара байланысқа биохимиялық, иммундық, эндокриндік, жүйкелік, т.б. механизмдер қатысады. Жүктілік кезінде әйел организмінде күрделі физиологиялық өзгерістер байқалады. Әйелдің сыртқы бейнесі, жүрісі өзгереді, бетіне сепкіл түседі. Тері қабаттары өзгереді. Жатырдың өсуіне байланысты құрсақ созылып, іштің ақ жолағы кеңейеді.Ішкі секреция бездерінің де қызметі өзгереді. Бала жолдасының гормон бөлуіне байланысты әйелдің сүт бездерінің көлемі ұлғайып, емшек ұшын қысқанда сары уыз – сұйық зат бөлінеді. Жүректің соғуы жылдамдап, қан мөлшері артады. Қан тамырлары кеңейіп, газ алмасу процесі жақсы жүреді. Ұрықтың дұрыс қалыптасып өсуі ананың денсаулығына, жасына, қанша бала тапқанына байланысты болады. Мысалы, түрлі аурулар (туберкулез, тұмау, диабет, бауыр ауруы, т.б.), дұрыс тамақтанбау немесе кейбір дәрі-дәрмекті дәрігердің рұқсатынсыз қабылдау, сондай-ақ, шылым шегу мен алкогольді сусындарды ішу – Жүктіліктің қалыпты дамымауына әкеліп соқтырады. Жүкті әйел мезгілімен жатып, күніне 8 – 9 сағат ұйықтап, витамині мол, көкөніс, жеміс-жидек, т.б. тағамдарды ішу қажет. Сондай-ақ гигиена талаптарын дұрыс орындап, денесін қыспайтын киім киіп, тазалық сақтауы, дәрігер белгілеген гимнастикалық жаттығуларды үзбей орындауы қажет. Денешынықтырумен шұғылданған әйел тез әрі жеңіл босанады. Жүктіліктің ұзақтығы – 280 күн (40 апта). Жүкті әйелдер перзентханада босанып, үйге шыққан соң әйелдер консультациясының, акушер-гинекологтің бақылауында болуы қажет

Әйел организмінің анатомиялық , физиологиялық және функционалдық  ерекшеліктері. 
 
Жыныс ағзалары өзара байланысты – өсіп өрбу (репродуктивтік), эндокринді және сексуалдық қызметтер атқарады. Жыныстық белгілерді біріншілікті және екіншілікті , ал жыныс ағзаларын ішкі және сыртқы деп бөлу қабылданған. 
Біріншілікті жыныс белгілері эмбрионалды кезенде қалыптасады және бірден туылысымен анықталады. Оларға әйелдерде: жыныс еріншелері, жатыр, қынап пен аналық жыныс бездері жатады. 
Өсіп даму кезінде екіншілікті жыныс белгілері байқалады: қолтық пен мүше үстінің түктенуі. Әйел балаларда сүт бездері ұлғаяды, мүше үстері түктенеді. 
Әйелдердің ішкі жыныс ағзаларына: жатыр, жатыр түктері мен аналық жыныс бездері жатады. Әйелдердің сыртқы ағзалары –клитор (шошақай), жыныс еріндері, кынап жатады. 
Аналық бездер, жатыр түтігі, жатыр және қынап жамбас қуысына орналасып, аналық жыныс жүйесін құрайды. 
Аналық бездерінде көпіршіктер шоғыры – фолликулдар болады. Аналық жыныс клеткалар – жұмыртқа клеткалар дамиды. Жаңа туған қыздың Аналық безінде 400 мыңдай жетілмеген жыныс клеткасы болады, олардың 350-500-дейі ғана пісіп жетіледі. Әрбір аналық без жатыр түтігіне ұласатын түкті ворнкаға батып тұрады. Жатыр түтігі жатырға ашылады. Жатыр – кілегейлі қабықшамен астарланған, іші қуыс бұлшықетті мүше. Жатырдың төменгі ұшы – мойны қынапқа ашылады. Қынаптың аузы тері қатпарлары – жыныс ернеуінің аралығында болады. Жас қыз қынабының аузын дәнекер тіканьді жарғақ –қыздық жауып тұрады. Үрпі жолының тесігі қынап аузымен қатар орналасады. 
Толысқан организмдегі аналық бездердің бірінде ай сайын гипофиз горионының әсерімен болашақ жұмыртқа клеткасы бар бір фолликул жетіледі.Сперматозоидтың ядросындағыдай, әрбір жұмыртқа клеткасының ядросында да хромасомалар – ата-аналардың тұқым қуалайтын белгілерін жүргізушілер болады. Бірақ мұның адам денесіндегі басқа клеткалардан өзгешелігі сол, жыныс клеткаларының ядроларында 46 емес, 23 хромосома болады.Жетілген фолликул аналық бездің бетінен томпайып көріне бастайды, сыртқы қабырғасы жұқарады; екінші аптаның аяғында көпіршік жарылады да, жұмыртқа клеткасы фолликулдан сыртқа шығады. Бұл процесс овуляция деп аталады. Жетілмеген жұмыртқа клеткасы түкті воронка арқылы жатыр түтігіне түседі де, сол жерде пісіп жетіледі. Жұмыртқа клеткасы 7 күнде жатыр түтігін бойлап, жатырға жетеді. 
Жарылған фолликул қуысы бірте-бірте май тәрізді сары түсті заты бар клеткаға толып, ішкі секрецияның уақытша безі сары денеге айналады. Фолликулдар мен сары денеден аналық жыныс гормондары түзіледі. Сары дене гормоны келесі фолликулдың пісіп жетілуін тежейді де жатырдың кілегейлі қабықшасы ұрық қабылдауға даяр болады. Егер жұмыртқа клеткасы ұрықтанбаса, онда сары дене овуляциядан кейінгі 13-14- күні гормон бөліп шығаруын тоқтатады. Өзгеріс болған жағдайда жатырдың кілегейлі қабықшасы бұзылады. Кілегейлі қабықшаның түйірлері қанмен бірге қынапқа ағып шығады. Бұл етеккір кезеңі 3 күннен 5 күнге дейін созылады. Осыдан кейін жатырдың кілегейлі қабықшасы қалпына келеді. Овуляция айына 1 рет қана болатындықтан, етеккір циклі де 118 ай сайын қайталанады. Ол 20-30 күнге, көбіне 28 күнге созылады. Осы кезең ішінде фолликулдар пісіп жетіледі, овуляция процесі өтеді, сары дене гормон түзеді және оны бөліп шығаруын тоқтатады. 
Жыныс қызметінің биологиялық дамуы. Жыныстық жетілу эндокрин және нерв жүйелерімен байланысты.Жыныстық жетілу қыз балаларда ер балалардан гөрі ертерек 9-12 жаста басталады.Қыз балалар толығымен 16 жасқа қарй жетіледі. Жыныс қызметінің тоқтауы әйелдерде едәуір ерте 40-50 жасқа таман басталады, ал ерлерде бұл көрініс 65-70 жаста байқалады. Сонымен әйелдерде репродуктивті жас шамасы 16-45 жас шамасында болып, 30 жылға созылады. 
Алайда, биологиялық өз дегенімен ер не әйел қылмайды. Биологиялық сипаттамалар психологиялық жыныспен толығулары қажет, бұл психосексуалды даму процесінде байқалады. 
Адамның жыныс мүшесінің дамуы негізгі биологиялық және әлеуиеттік иаңызды кезеңдерден өтеді. 
Биологиялық жыныс былай құралады: 
1. Генетикалық жыныс – ұрпақтан -ұрпаққа жұмыртқа жасушасы арқылы беріледі. 
2. Гонадалық жыныс – генетикалық негізде қалыптасып, ер немесе әйел жынысына сай ішкі секреция бездерінің қалыптасуымен байқалады. 
3. Гормоналды немесе морфологиялық жыныс – бездер гормондарды секреттей бастағанда гонадалық жыныс негізінде қалыптасады, олардың әсерінен біріншілікті – аталық немесе аналық жыныс жүйелері қалыптасады. 
4. Акушерлік жыныс – сәби туылғанда анықталады. 
5. Пубертатты жыныс- жыныс бездерінің функциясының күшеюімен анықталады және екіншілікті жыныс бездері қалыптасады. 
Биологиялық сипаттама, психосексуалдық даму барысында пайда болатын психологиялық жыныс толықтырылуы тиіс. 
Психосексуалды даму. Жыныстық жетілу процесі кезінде дене мен жыныс мүшелерінің өзгеріске ұшырауымен қатар, адамның жыныстық мінезінің психологиялық жақтары да дамиды. Бұған енетіндер: 
1. Жыныс идентификация (айырымдық) 
2. Жыныс стереотиптер. 
3. Жыныстық мінез құлық. 
4. Психосексуалдық бейімделу. 
ЖЫНЫСТЫҚ ИДЕНТИФИКАЦИЯ. Кішкентай баланың өзіндік ең алғаш жете сезінері – жынысы. Алайда біріншілікті жыныстық идентификациялау толығымен 3 жаста қалыптасады. Ол өзіндік сана-сезімнің негізі болып табылады. 
ЖЫНЫСТЫҚ СТЕРЕОТИПТЕР. 6-7жасқа тамн балада оның жынысына сай мінес –құлық түрі қалыптасады. Бұны қыз балалар (қуыршақ, көйлек, ыдыс, отбасы т.б.) ойнағанды ұнататындарын сезуге болады. Көбінесе ата-аналары жыныстық стереотиптер бекуін қолпаштап, ынталайды. Көбіне «сен қыз емессің бе, қыздар төбелесе ме?» деген сөздерді естуге болады. 
ЖЫНЫСТЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ- бұл мәнісінде жыныстық стереотиптер жалғасуы мен дамуы. Егер бұрын стереотиптер сыртқы сипатта болса, енді, 10-12 жаста олар саналы жыныстық мінезге ауысады. Балалар толығымен ерлер мен әйелдер құрылысын, олардың ұрпақ жалғатыруындағы ролін біледі. бұрынғы сыртқы өзгерістердің үлкен мәнді екендігі мәлімделеді. 
Психосексуалды бейімделу. Бұл кең сезімді, әрі ең әлеуметке негізделген кезеңдердің бірі. Осы кезде жыныстық роль қалыптасадыда, барша өмірі жалғасады. Бұл жыныстық жетілу уақытында өтеді. Сыртқы жыныстық белгілер сексуалды –эротикалық белгілерге алмасады. Ең жоғары деңгейдегі сана-сезім қалыптасады.Егер психосексуалды бейімделу ерте кезеңдерден жыныстық рольге сәйкес болса, бұл адамның дұрыс, жан-жақты дамуының белгісі. 
Қыз бала мен қыздың жыныстық жетілуі. Қыз баланың жыныстық жетілуінің бірінші белгілері 8-9 жастан басталады. Жыныстық жетілудің кезеңінде екі сатыны айырады: 13-14 жасқа дейінгі препубертатты (сексуалдыққа дейінгі), және пубертатты -16018 жасқа дейінгі. Бұл сатылар тек қана жасаралық шекаралар емес, ол оның жетілуінің нақты өзгерістерінің кезеңдері. 
Бірінші сатыда бой өсуі тезделеді, дене салмағы ұлғаяды. Бой өсуінің шегі 11 жаста басым болады, ол негізінен аяқтарының ұзаруы есебінен өседі. Ал, 14 жастан соң бой өсуі, дене өсуі есебінен болады. 
Дене салмағы бірте-бірте 14 жасқа дейін ұлғаяды. Сүт бездері 9-10 жаста ұлғая бастайды. Осы кезде оның пішіні, жамбас сүйектері белсенді түрде өсіп, сандары дөңгелектенеді. 
10-11 жаста емшек үрпісі өсуі басталып, жыныс мүшесі үстіне түк өседі. 11-12 жаста ішкі және сыртқы жыныс ағзалары өзгереді. 12-13 жаста емшек үрпілері қоңыр түстенеді, сүт бездері дөңгелектенеді. Осы кезеңге қарай бірінші етеккірлер (менструация) байқалады. 16-17 жастағы қыздарда әдетте, қаңқа өсуі аяқталады. 
Етеккірлер(менструациялар). Етеккірлер не айлықтар –жыныстық жетілудің негізгі кезеңдерінің дұрыс өткендігінің басты белгісі. 
Етеккір –сыртқы жыныс ағзаларынан сатылы түрде қанды бөлінулердің пайда болуы. Бұл айлық жыныс клеткаларының жетіліп, оның жыныс бездерімн шығуымен, сонымен қатар жатырдың кілегейлі қабығының сатылы түрде өсіп, пісіп- жетіліп, сылынуымен тығыз байланысты. 
Ұрықтанған жыныс клеткасы жатыр қуысынан шыққан кезде оның қабырғасына бекуі (имплантация) тиіс. Жатыр қабырғасы бұл үшін дайын болуы керек. Егер босаған жыныс клеткасы ұрықтанбаса, имплантацияланбайды, ал имплантациялануға дайын кілегейлі қабат біраз уақыттан соң сылына бастайды. Осы кезең орта есеппен 28 күнге созылады. Алайда кему не ұзару ауытқулары болуы да мүмкін. Кезекті етеккір пайда болуымен қатар кезекті әйелдік айналым да басталады. Ол –организмнің басты эндокрин безі –гипофизбен қадағаланады. Гипофиз екі негізгі жыныс гормонын бөледі. Олардың біріншісі фолликулынталандырушы гормон (ФЫГ)аналық жыныс безінде фолликул дамуын қамтиды.Ол өз алдына эстрогендер жатырдың кілегейлі қабатын өсіреді. Фолликул жарылған кезде жыныс клеткасы босайды- бұл овуляция сәті. Бөлініп жарылған фолликул кейіннен сары дене – «уақытша» эндокрин безіне айналады. сары дене гипофиздің екінші гормоны – лютейндеуші гормон (ЛГ) әсерінен дами бастайды. Егер жыныс клеткасы ұрықтанса, онда сары дене өсе түсіп прогестерон гормонын бөледі. Ол гормон жүктілікті сақтайтын гормон болып табылады. алайда, егер ұрықтану мен имплантациялану байқалмаса, гипофиз қауырт түрде ФЫГ мен ЛГ бөлінуін азайтады, ал бұл сары дененің кері дамуына әкеліп соғады, яғни жатырдың үстіңгі кілегейлі қабық қабаты семеді (атрофия). Сөйтіп бәрі қайтадан басталады. 
Ұрықтану (жүкті болу) овуляциядан кейін 2-3 күн ішінде болуы мүмкін. Овуляция сәтін дене температурасы арқылы анықтауға болады: ол шамамен бір градусқа ауытқиды

Информация о работе Қан қысымынан жүрек ауруы басталады