Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Июня 2013 в 07:47, реферат
Қазіргі уақыттағы ең көп тараған сырқаттың бірі – қан тамырының қысымы екені белгілі. Елімізде әр оныншы адам осы аурумен ауырады. Бұл аурудың жүрек пен тамырды зақымдайтыны уақыт өте келе ғана белгілі болады. Дер кезінде ем қолданбаса, ол жүректің жансыздануына (инфаркт) немесе жүрек қыспасына (стенокардияға) әкеліп соқтырады. Жүректің бұлшық еттерін әлсіретеді, оның жұмысын тежейді. Арты миға қан құйылуға, соқырлыққа, бауырдың нашарлауына ұласады.
Етеккір — жыныс мүшелері жетілген кезде басталып, климакстың кезеңге дейін созылады. Алғашқы етеккір көбіне 13—15 жас аралығында келеді. Оның келуіне дейін қыз балаға жан-жақты түсінік беріп, алдын-ала дайындау керек. Әдетте етеккір белгілі бір уақыт өткен соң (3—4 апта) қайталанып, әркімнің организм ерекшелігіне қарай 3 күннен 7 күнге дейін созылады. Кейбір қыз балалардың етеккірі (әсіресе ол тым ерте келсе) арада 1—2 жыл уақыт өткен соң барып бір жүйеге түседі. Етеккірдің келу уақытының ауытқушылығы ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуына байланысты. 15—16 жасар бойжеткеннің етеккірі келмесе, жыныс мүшелерінің кешеуілдеп даму себептерін анықтап, тиісті ем тағайындау үшін оны міндетті түрде әйелдер консультациясындағы дәрігерге көрсеткен жөн. Етеккірдің келуі көпшілік әйелдердің жалпы жағдайының өзгеруіне әсер етпейді. Кейбір әйелдер етеккірі келген кезде ашушаң, күйгелек болады, іші бұзылып, жүрегі айниды, белі ауырады. Етеккір циклы мен жүйелілігінің бұзылуы организмдегі кейбір өзгеріске байланысты болады. Бұл өзгерістің себебін анықтау үшін әр әйелдің етеккірі келетін мерзім мен оның созылу ұзақтығын белгілен отырғаны жөн. Некеде тұрған әйелдерге мұндай календарь қай кезде жүкті болғанын неғұрлым дәл есептеуге көмектеседі. Етеккір келген кезде әйел қатты ауырсынып, қан көп кеткен болса, дәрігерге қаралғаны дұрыс. Гинекологиялық ауруларды болдырмау үшін етеккірі келген кезде кейбір арнайы гигиеналық ережелерді сақтау шарт: күніне кемінде екі рет жыныс органдарының сыртын қайнаған жылы сумен жуу керек. Бұл үшін қол таза болып, тырнақ қысқа етіп алынғаны жөн. Жыныс органдары сыртының таза болмауы қабыну процесін туғызып, оның қынапқа және ішкі жыныс органдарына таралып кетуі мүмкін. Дәкеден жасалған гигиеналық төсемдерді пайдаланған тиімді. Бұл күндер де жыныстық қатынас жасауға, ванна қабылдауға, теңізде, өзенде шомылуға болмайды, тек қана душта жуыну керек. Етеккірі келген уақытта қанның көп бөлінуіне себеп болатын спиртті ішімдіктерді, ащы тұздықтарды пайдалану дұрыс емес. Бұл кезде әйел организмінің түрлі ауруларға қарсыласу қасиеті әлсірейтіндіктен ішек қызметін қадағалан, салқын тигізуден, қатты шаршаудан, жұқпалы аурумен ауыратын науқастармен араласудан сақтанған жөн.
Қыздардың екі аналық безінің әрбірінде мыңдаған аналық жасуша бар. Жыныстық жетілу кезеңі аяқталған соң, ай сайын аналық жасушалардың біреуі пісіп жетіліп, аналық безде өнеді. Овуляция деп аталатын осы процесс етеккірге 14 күндей уақыт калғанда болады. Егер аталған аналық жасуша сперматозоидпен “кездеспесе”, ол құрып, жойылады. Ай сайын жүктілікке дайындалған жатырдың ішкі қабаты қалыңдап, жұмсарады. Денеңіз ұрықтанудың болмағанын сезінгенде, аналық жасуша мен жатырдың ішкі қабаты етеккір (менструация) атты қанды сұйықтық түрінде қынап арқылы денеден шығарылады. Әрине, аналы жасушаны, ол өте ұсақ болғандықтан, аспапсыз көзбен көруге болмайды. Етеккір мерзімі деп менструацияның бірінші күні мен келесі етеккірдің алдындағы соңғы күннің аралығындағы мерзімді атайды. Етеккір мерзімінің ұзақтылығы үш аптадан бастап, 41 күнге дейін баруы мүмкін. Менструация кезінде тазалық төсемдер мен тампондарды, яғни мата тығындарын қолдануға болады. Етеккір күндерін арнайы күнделікте белгілеп тұрса, ол басталатын уақытты алдын ала біліп тұруға болады. Дегенмен, әр әйелдің етеккір мерзімі өзгеше болғандытан, оның тұрақты болмауы да мүмкін. Гормондық өзгерістер көңіл күйге өз әсерін тигізеді. Кейде, овуляция барысында, өзіңізді жігерлі сезінсеңіз, етеккірдің алдында кейде жыламсырап, қит етсе ашуланып, не ызаланып алуыңыз да мүмкін. Емшегіңіз ісіңкіреп, бетіңізге безеулер шығатын да уақыт болады. Етеккірі келетін әр әйел теориялық тұрғыдан бала көтере алады. Ал әйел елу жасқа жақындағанда, етеккірі тоқтап, менопауза деген мерзім басталады. Осы уақыттан бастап, әйел екіқабат бола алмайды. Етеккірге жанға бататын сырқау қабаттасса, немесе сол адамды басқа да мәселелер алаңдатса, дәрігермен, әлде Жанұяны Жоспарлау Қауымдастығы өкілімен ақылдасқан абзал.[1]
Хайыз, Етеккір - әр айдың белгілі
күндерінде әйел адамдарда пайда болып,
кейбір ғибадаттарға кедергі жасайтын
қан. Хайыз Имам Ағзам мазһабы бойынша,
шамамен 9 жастан 55 жасқа дейін жалғасады.
Хайыз болған әйел намазы мен оразасын
дереу доғарады. Бірақ оразасының кейін
қазасын ұстайды. Хайыз күндеріндегі намаздарының
қазаларын «жеңілдік қағидасына» байланысты
өтеуінің қажеті жоқ. Хайыздың ең аз мерзімі
- үш күн. Ең көбі - он күн. Бұдан төмен, жоғары
болса үзір қайы деп саналады. Хайыз қайы
- Аллаһтың әйелдерге жазғаны.
Хазіреті Хауа анамыздан бастап әрбір
әйел Хайыз жағдайында болады. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Бұл хайыз Аллаһ Тағаланың Адам қыздарына жазған нәрсесі»,
- дейді (Бухари, Хайы
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу
Clostridium botulinum-нiң микропрепаратын фотосурет
Ботулизм [1] - (лат. botulus— колбаса) — жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аурудың ауыр түрі. Аурудың қоздырғышын 1896 ж. голландия ғалымы Э. ван Эрменгем ашқан. Ботулизм Clostrіdіum botulіnum таяқшасы бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген тамақтан жұғады. Б-нің қоздырғышы адамның, жануарлардың және балықтардың ішек жолдарында болады. Топыраққа түскеннен кейін спораға айналып, онда бірнеше жыл бойы сақталады. Ботулизм адамдарға көкөністен, саңырауқұлақтан, еттен, балықтан технологиялық ереже сақталмай дайындалған әр түрлі консервіленген тағамдарды пайдаланғанда жұғады. Ауру белгісі 2 — 12 сағаттан кейін байқала бастайды, адамның басы ауырып, ұйқысы қашады, әлсірейді, лоқсып құсады, жүрегі тоқтап қалғандай болып, аузы құрғап, үнемі шөлдеп тұрады. Сонымен қатар көздің қарашығы ұлғайып, зат қосарланып көрінеді, адамның жұтынуы қиындап, бірте-бірте даусынан айрылады (афония). Ботулизмнің алғашқы белгісі білінісімен науқасты ауруханаға жатқызу керек. Оған жедел түрде Ботулизмге қарсы арнаулы иммунды сарысу егіледі. Мұндай сарысуды науқаспен бірге болып, уланған консервімен тамақтанған басқа адамдарға да егу қажет. Бұл аурудан сақтану үшін азық-түліктерді өңдегенде, тасымалдағанда, сақтағанда, дайындағанда, соның ішінде үйде консервілегенде санитарлық-гигиеналық ережелерді мұқият орындау қажет. [2][3]
«Тамақтан улану және оның алдын - алу» |
Тағамдық уланулар. Бактериялар, вирустар, ұсақ жануарлар немесе өсімдіктермен (мәселен планктон саңырауқұлақтармен, паразиттермен немесе уыттармен зақымдалған шикі өнімдерді адамдар пайдалану салдарынан болуы мүмін). Алайда барлық жағдайда осындай өнімдерді пайдаланған адамдар ауру болады деп санауға болмайды. Бір адамдар ауруға тұрақты болып келсе, кейбіреулері аурумен зақымдалып, аурудың ауыр түрімен ауырыды. «Тағамдық улану» гастроэнтерит терминімен синоним ретінде жиі қолданылады, алайда екеуі бірдей ұғымды білдіре бермейді. Гастроэнтерит түрлі факторлардың әсерінен, сонымен қатар тағамдық уланулар салдарынан болатын асқазан мен ішектің қабынуы. Уланудың себептері. Бактериялар және басқа да тағамдық жұқпа қоздырғыштары әр түрлі себептермен тағам өнімдеріне түседі, мәселен олар өнімді сатып алып жатқан кезде де сонда болуы мүмкін. Пластикке оралған өнімдердің өзі зақымдалуы ықтимал. Сатушылардың лас қолдары немесе өнімдер жатқан ыдыстардың таза болмауы жұқпаның негізгі көзі болуы мүмкін. Жеткілікті түрде термиялық өңдеуден өтпеген (шикі немесе жартылай шикі) сонымен бірге тоңазытқышта немесе бөлме температурасында ұзақ уақыт бойы сақталынатын тағамдар қауіпті. Тағамдық уланулардың Келесі жағдайларда жедел жәрдем қызметін шақырыңыз немесе ауруханаға барыңыз: - балада,
жүкті әйелде, созылмалы аурулары
бар адамда немесе егде адамда
тағамдық улану болған - көздің көруі анық болмаса, жұтынуға, сөйлеуге қиындық туса (бұл ботулизмнің өнімдерді дұрыс консервілемеу салдарынан болатын өте бір сирек түрі болу мүмкін) Асқынулар: - кейбір
дене мүшелерінің құрғақ тартуы
(ерін мен тілдің құрғауы, - ботулизм
жағдайында респираторлы - ботулизм салдарынан өлу жағдайлары өте сирек кездеседі. Ол үшін сіз не істей аласыз? Сізге аз тамақтану керек. Үйде қалып, демалу қажет. Сұйықтықты көп пайдаланыңыз, спирттік ішімдіктер, кофе, сүт, шай және газдалған сусындарды мүмкіндігінше ішпеңіз. Егер, сізде симптомдар үш немесе одан көп уақыт бойы сақталынса, аурудың барысы барған сайын күрделене бастаса, ішіңіз ұзақ уақыт бойы түйіліп ауырса дәрігерге тез арада қаралыңыз. Диареяға қарсы дәрі қабылдамаңыз, себебі олар сіздің организміңізден бактериялардың шығуын тежеуі мүмкін. Егер бала ауырса, онда уақытты жіберіп алмай, тез дәрігер шақырыңыз. Дәрігер не істеуі мүмкін? Тағамдық уланудың себебін анықтайды, сонымен қатар осындай симптомдарды ұқсас ауыр аурулар диагнозын тізімінен алып, сіздің жазылуыңызға әсер ететін тиімді ем тағайындайды. Алдын алу шаралары: - тағамды
дайындаудан бұрын және шикі
мал еті мен құс етін - көкөністерді және жемістерді жақсылап жуыңыз; - шикі еттерді кесу үшін және басқа да өнімдерге оларды пайдалану үшін тақтайлар мен аспаптарды жуыңыз; - дайындаудан бұрын мұздатылған құсты толық ерітіңіз. Егер мүмкін болса, оны тоңазытқышта ерітіңіз, себебі суық бактериялардың көбеюін тоқтатады; - ет және балық өнімдерін жақсылап қуырыңыз; - шыбындар мен егеуқұйрықтардан, таракандардан қорғау үшін тамақтың бетін жабыңыздар; - етті
және құс етін балықпен бірге
бір ыдысқа салмаңыз және - Асханаларда,
буфеттерде және кафелерде - Желінбей
қалған тамақты тоңазытқышта, ал
көкке шыққанда өнімдерді - Шикі және дайын өнімдерді бөлек сақтаңыз. Бактериялар 4,4-тен 60 градусқа дейінгі температурада тез көбейеді. Мұндай температуралық интервалда өнімдерді сақтауға жол бермеңіз: - өнімді тоңазытқышта сақтаңыз; - өнімді
60 градустан төмен емес Алатау ауданы бойынша Мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау басқармасының тағам нысандарын қадағалау бөлімі |
|
|
27.09.2012 Просмотров: 175 Комментариев: 0
Консервілердегі ботулизм қайдан пайда
болады? Үй жағдайында әзірленген консервілер
- ет, саңырауқұлақ, көкөністер, сирек
жағдайда жемістер ботулизммен сырқаттанудың
себебі болуы мүмкін. Консервілеу кезінде
көкөністерде ботулиннің қоздырғыштарымен
зақымдалған топырақтың ұсақ қалдықтары
қалуы мүмкін. Біраз уақыттан кейін герметикалық
тығындалған құтыда улы токсин бөліне
бастайды. Бұндай консервілерді жеу ботулизмге
тап болу деген сөз.
Консервіленген салаттың құрамындағы
компоненттер неғұрлым көп болса, ол салаттың
қауіптілігі де арта түседі. Консервілеу
кезінде қолданылатын тұз да, сірке суы
да токсиннің бөлінуіне кедергі бола алмайды.
Ботулизмнің белгілері. Басқа өнімдерден
ботулизммен зақымдалған өнімді айыруға
бол ма? Жоқ. Өйткені токсині бар құтыдағы
өнімдер дәмін де, түсін де, иісін де өзгертпейді.
Ботулизмнің сиптомдары. Ботулизммен
сырқаттанудың симптомдарын қалай білуге
болады?. Ботулизммен зақымдану сәті сырқаттың
басталуына дейін 2-4 сағаттан 2-3 тәулік,
немесе 2 аптаға созылуы мүмкін. Өйткені
науқас адамда ботулизмнің ерекше симптомдарының
болмауы да мүмкін. Науқас адамда кәдімгі
тамақтан уланғанда болатын іш ауруы,
іш өту, құсу белгілері пайда болады. Бұл
жағдайда қандай өнімнен болды деген күдік
туады. Егер де сіз алдыңғы күнгі консерві
(үйде дайындалған), тұздалған (қақталған)
балық немесе қыртыс май жесеңіз онда
дереу «Жедел жәрдем» шақыртып, дәрігерге
өз рационыңызды жеткізіңіз.
Іш ауруынан кейін көз нервісі жүйесінің
зақымдануы басталады, яғни адамның көзі
қитарланып, бұлдырайды, қабағы түсіп,
көзі көрмей қалуы мүмкін.
Ботулизм емі. Егер науқастың дем алу және
жұтыну қабілеті закымдалмаса, алғашқы
көмек ретінде 5% ас содасының ерітіндісімен
(50г бір литр суға) асқазанды шаю керек.
Сода токсиннің күшін жояды.
Ботулизмнің стационардағы емі. Ботулизм
стационарда калай емделеді?. Ең басты
ем ботулотоксинге қарсы поливалентті
сары суды енгізу. Поливалентті сары су
ботулотоксин түрі (А,В,Е) анықталғанша
ғана қолданылады. Анықталғаннан кейін
типіне сәйкес сары су енгізіледі. Осыған
қарамастан, ем қабылдау ерте басталып,
өкпеге жасанды демалу аппараты қосылғанымен,
ботулизм жағдайының өлім-жітіммен аяқталуы
2-3 пайызды құрайды. Себебі ботулотоксинге
қарсы сарысу ауру адамның қанындағы токсинді
жойғанымен, орталық нерв жүйесіндегі
уға күші жетпейді.
Ботулизмнің алдын алу іс-шаралары. Ботулизмнен
қалай сақтануға болады? Бұл қиын емес,
тек ботулизмнің алдын-алу іс шараларының
талаптарын ғана орындау керек. Әрине,
ең алдымен консервілеуге дайындалған
көкөністерді, жеміс-жидектерді тазалап
жуу керек. Бірақ оларда топырақтың ұсақ
қалдықтарының қалмауына кім кепіл?. Оларды
жоятын бір ғана жағдай-120° төмен емес
жоғары қысымда стерилизация жүргізу,
ал үй жағдайында ондай стерилизация жүргізу
мүмкін емес.
Онда, консервіден бас тартып, қыста құтылардағы
көкөніс салаты мен саңырауқұлақтардан
да құр қалу керек пе? Мүлдем олай емес.
Белгілі ережелерді сақтасақ, ботулизм
дегеніміз қорқынышты емес. Олай болса,
оларды естен шығармайық:
1.Герметикалық жабылатын құтыларда етті,
саңырауқұлақтарды және топырақтың ұсақ
қалдықтары оңайшылықпен кетпейтін (сәбіз,
қызылша) көкөністерді консервілемеңіз.
2. Үй жағдайында етті, балықты, қыртыс
майды қақтамаңыз - ботулизмнің споралары
жануарлардың да, балықтың да ішектерінде
болуы мүмкін.
3.Үй жағдайында дайындалған консервілерді
қолдан алмаңыз.
4. Үй консервілері үшін пластик қақпақтарды
қолданыңыз. Сонымен қатар, өнімдерді
бірнеше рет сатылап пастерлеу керек,
бұл токсин ұрығының жойылуына мүмкіндік
береді.
5. Қауіпті құтылар әдетте қампаяды (бірақ
кейде құтылар түрін өзгертпеуі де, қампаймаюы
да мүмкін), оларды аямай, тездетіп лақтыру
керек
Құрметті тұрғындар, үй жағдайында консервіленген
тағамдар Сіздердің денсаулықтарыңызға
зиян келтіретінін естен шығармағандарыңыз
жөн!.
Туберкулез жайында барлығы білу керек!
Бұрын «құрт ауруы» деп аталған туберкулез қаншама адам өмірін қиды! Оның салдарынан қыршын кеткен адам саны соғыстың әсерінен қаза болған адам санынан көп десе болады. Шоқан Уәлиханов, Чехов, Шопен, Байрон сияқты ұлы адамдардың өмірін әкеткен бұл ауру қаншама мемлекет үшін қауіпті дерт атанды. Алайда бүгінгі күні де туберкулез – әлем бойынша кең тараған ауру. Және де адамзат денсаулығына үлкен қауіп-қатер төндіруде.
Әлемдік денсаулық сақтау ұйымдарының мәліметі бойынша, бұл дерт шектен шығуда. «Әлем бойынша өте қиын жағдай тудырып отырған» туберкулез проблемасы ең өзекті және ғаламдық мәселелердің бірі, өйткені:
жыл сайын әлемде:
туберкулез микробактериалары басқа да жұқпалы ауру қоздырғыштарынан қарағанда адам өміріне аса қауіпті;
Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың ауырлығына байланысты Қазахстан үшін бұл проблема өте өзекті болып табылады.
Студенттер арасында туберкулезбен ауыратындар саны жоғары екенін айта кеткен жөн. Дұрыс тамақтанбау, тиімсіз күн тәртібі, оқу бағдарламасының ауырлығы, тұрмыстың нашарлығы, жағымсыз әдеттер, ұйқының жетіспеушілігі, созылмалы эмоционалды стресс осы аурудың дамуына алып келеді.
Туберкулез – туберкулез микробактерияларының немесе Кох бактериясының адам ағзасына түскенде дамитын қауіпті жұқпалы ауру (туберкулездің қоздырғышы 1882 жылы Роберт Кохпен ашылған).
Туберкулез микробактериялары қоршаған ортаға өте бейімді, олар қышқылды-спиртті-сілтіге тұрақты, ұзақ уақытқа өміршеңдігін жоймайды.
Жұқпаның негізгі көзі ауру адам және де кей жағдайда ірі қара мал (сиыр) бола алады.
Жұқпалы ауру жиі (95%) белсенді формалы туберкулезі бар ауру адамнан ауа тамшылары (ауадағы шаң) жолдары (аэрогенді) арқылы беріледі. Ал кейде туберкулезбен ауыратын сиыр сүтін қайнатпай пайдаланған жағдайда алиментарлы жолмен жұғады.
Әңгімелескен кезде, жөтелгенде, түшкіргенде микробактериялар ауаға шығып, ауа арқылы адамдарға сіңеді. Тәулік ішінде ашық формалы туберкулезбен ауыратын ауру 1 млрд микроорганизмге дейін бөліп шығарады. Осындай ауру адам ұзақ уақыт бойы желдетілмеген бөлмеде болса, онда ауадағы бактериялар өте көбейіп, айналадағы адамдар жұта бастайды. Иммунитеті жоғары адам туберкулездің микробактерияларын жұта отырып, ауырмайды десе де болады, тек қана ауру жұғады. Себебі, иммунды жүйе оны аурудың дамуынан сақтайды. Инфекция ағзада болғанымен, ауа барлық адамдарға ортақ болғандықтан, айналадағы адамдарға жұғады.
Туберкулез микробактерияларын тасымалдаушылардың
оннан бірінде ертелі-кеш «
Белсенді туберкулезбен ауыратын 1 ауру 1 жыл ішінде ауруды 10-15 адамға жұқтырады
Ауру негізінен желдетілмейтін тар бөлмелерде тез жұғады. Сондықтан да аурудың алдын алудың басты әдістерінің бірі бөлмені жиі желдетіп тұру болып табылады.
Туберкулездің жұқуы ауа тамшылары арқылы жұғатындықтан, процесс ең алдымен өкпеден (90%) басталып, түрлі мүшелерді зақымдайды. Өкпеден тыс көбіне сүйектерге, зәр шығару жүйесіне, перифериялық лимфа бездеріне жұғады.
Ауруды қоздырғыш ауамен берілетіндіктен және де көзге көрінбейдтіндіктен, туберкулез ауруы тез жұғады. Алайда туберкулездің белгілерін ерте анықтап, уақытында дәрігерге көрінуге болады.
Көп жағдайда ауру біртіндеп басталып, клиникалық көріністері процестің қарқындылығына байланысты өсіп отырады. Ауруды ерте анықтау үшін, туберкулезге ұқсас белгілер пайда бола бастағанда дер кезінде дәрігерге қаралу керек.
Әр адам туберкулездің белгілерін білу керек!
Туберкулездің негізгі белгілері:
Аурудың алдын-алуында оны дер кезінде анықтау үлкен рөл атқарады.