Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық қатынастағы ролі және оның даму болашағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2012 в 07:52, реферат

Краткое описание

Халықаралық ұйымдарды ресми түрде тіркеу және олардың тізімін жасау 1909 жылы Брюссельде (Бельгия) құрылған Халықаралық ассоциациялар Одағының негізгі міндеті. Бұл үкіметтік емес ұйымның мақсаттарына халықаралық ұйымдарды тіркеу және олардың қызметтерін үйлестіру, бүкіләлемдік қоғамдастыққа қажетті ақпараттарды жинап, оларды мүдделі елдерге таратып беруі жатады.

Содержание

І. КІРІСПЕ

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Халықаралық ұйымдардың пайда болуы дамуының теориялық негіздері
1.1. Халықаралық ұйымдардың қалыптасуы және құрылымы
1.2. Халықаралық ұйымдардың қызметтері және түрлері
1.3. БҰҰ- ең ықпалды, халықаралық әмбебап ұйым

2 Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық қатынастағы ролі және оның даму болашағы
2.1. Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау мәселесі және
оның болашағы
2.2. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасымен ынтымақтастығы

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ІV. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Вложенные файлы: 1 файл

бұұ мен қазақстан.docx

— 40.10 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Азия даму банкіне (АБР) 1994 ж. мүше болып  қабылданды. Сол жылдары Қазақстан  Республикасының Үкіметі мен  Азия даму банкі өкілдігі арасында өзара түсінушілік Меморандумына  ұол қойылды.

Еуропаның қайта құру және даму банкіні (ЕБРР)  1992 ж. бастап мүше. Қазақстанға қатысты  Банк стратегиясы екі кезеңнен тұрады. Бастапқы кезеңде техникалық ынтымақтастыққа, әсіресе кадрлар даярлау ісіне  көңіл аударылады, екінші кезеңде ауыл шаруашылығына, энергетикаға, тау-кен өнеркәсібі мен көлік шаруашылығына нақты инвестициялар тарту көзделеді.

1992 жылғы  ақпаннан бастап Қазақстанда  БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің,  қорларының және бағдарламаларының  өкілдіктері жұмыс істеуде. Олардың  қызметі техникалық, кеңес және  қаржылық көмек көрсетуге бағытталған. 

Қазіргі уақытта БҰҰ-ның Қазақстанда келесі 15 ұйымы жұмыс істейді:

  • Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ);
  • БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ);
  • БҰҰ Халық қоныстану қоры (ЮНФПА);
  • БҰҰ есірткі және қылмыс мәселері жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚБ);
  • БҰҰ Жоғарғы комиссарының босқындар ісі жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЖКББ);
  • БҰҰ Еріктілері (БҰҰЕ);
  • Әйелдер қоры (ЮНИФЕМ);
  • Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ);
  • БҰҰ білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО);
  • Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ);
  • БҰҰ өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымы (ЮНИДО);
  • Дүниежізілік  Банк (ДБ);
  • Халықаралық валюта қоры (ХВҚ);
  • АТҚБ/ЖТҚБ жөніндегі БҰҰ бағдарламасы (ЮНЭЙДС);
  • Қоғамдық ақпарат жөніндегі департамент (ҚАД).

БҰҰ-ның  Жарғысын мүлтіксіз орындау негізінде, Қазақстан Ұйымды нығайту мен  БҰҰ басшылығымен әлемдік қауіпсіздік  жүйесін құруға күш-жігер жұмсауды толық жақтайды.

БҰҰ-ның  қазіргі таңдағы маңызды мәселелерді  шешудегі басым рөлін тани отырып, Қазақстан осы ұйымда орын алып отырған  үрдістерден тыс қала алмайды. Қазақстан  тәуелсіздік алған күннен бері бүкіл  әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау ісіне үлкен үлес қосып келеді. Ядролық қарудан бас тарту, Азияда сенім шараларын орнату, Еуразия кеңістігінде интеграциялық үрдістерді нығайту, өркениеттер мен діндер диалогын шақыру – осының бәрі мемлекеттің БҰҰ Жарғысының ұстанымдары мен мақсаттарына сәйкес атқарған істерінің әлі де толық емес тізімі.

Қазақстан БҰҰ-ның бітімгершілік қызметін және оның бітімгершілік әлеуетін нығайту  жөніндегі күш-жігеріне қолдау көрсете  отырып, БҰҰ-ның резервті келісім-шарттар  жүйесі мандатын кеңейту шараларын  оң бағалайды. Қазақстанның осы бағытта  белсенді қызмет атқаруының дәлелі Қазақстандық бітімгершілік батальонының (Қазбат) құрылуы, әрі осы батальон сарбаздарының  Иракта тұрақтандыру күштері қатарында  қызмет көрсетуі болып табылады.

Қазақстан 2003 жылы БҰҰ-ның дайындық іс-шаралары жүйесіне үлес қосу жөніндегі Өзара  түсіністік меморандумына қол қойып, қазіргі таңда бітімгершілік  операцияларға Қазбат батальонының адам, бронетехника және көлік ресурстарын  бөлуге дайындығын, әрі БҰҰ-ның бітімгершілік  операциялары үшін сатып алулар жүйесінде  неғұрлым белсенді қатысуға ынтасын  білдіреді.

2002 ж. 17-18 қазан айында Қазақстанға БҰҰ-ның  Бас Хатшысы Кофи Аннанның  ресми түрде келуі, Қазақстан  мен БҰҰ-ның арасындағы  ынтымақтастықты  дамытуының ең маңыздысы себебі  болды. Қазақстан мен БҰҰ-ның  он жылдық ынтымақтастық нәтижелерін  қарастыра отырып, қарым-қатынас  болашағын белгіледі.

Қазақстан, БҰҰ мен аймақтық ұйымдар арасындағы ықпалдастықты кеңейтуді, әрі аймақтық ұйымдардың өздері арасындағы ұйымдасқан қылмыс, есірткі қаупі, заңсыз миграция, діни экстремизм, жоқшылық пен АҚТҚ/ЖҚТБ таралуымен күресте серіктестік  байланыстарын кеңейтуді қолдайды.

Қазақстан БҰҰ-ның және оның мамандандырылған мекемелерінің мүмкіндіктерін Арал теңізінің тартылуы, Семей сынақ  алаңының радиоактивті ластануы, ауыз-су көздерінің ластануы сияқты техногендік және экологиялық апаттардың экономикалық және гуманитарлық салдарларын азайтуға мақсатты түрде пайдалануды көздейді. Осы тұрғыда жеке назарды Мыңжылдық даму мақсаттары мен орнықты даму ұстанымдарын жүзеге асырудағы Қазақстанның белсенді қатысуына аудару керек.

Соңғы жылдары  халықаралық терроризм проблемасы халықаралық қатынастар саласымен  байланысты  қазіргі кездегі жаһанды  проблемалардың көкейкесті мәселелерінің  бірі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

БҰҰ өзінің көп қырлы функцияларын қосқанда әлемдік қауымдастық қызметінің барлық дерліктей салаларын қамтиды. Оның өзектілігі, әсіресе өсіп келе жатқан ғаламдық тәуелділік пен мемлекетттердің  халықаралық бейбітшілік пен  қауіпсіздікті қамтамасыз етуде  күш-жігерін біріктіруді талап  етумен ерекшеленетін қазіргі заманның қақтығыстарын шешудегі рөлі өте  зор.

БҰҰ мүше-мемлекеттері үшін басты маңыздылық Ұйымның халықаралық  бейбітшілік пен қауіпсіздікті  сақтау, қарусыздану мен жаппай қырып-жою  қаруын таратпау секілді өзекті мәселелерді  шешуге қатысуы болып табылады. Ұйым, сонымен қатар лаңкестік, есірткінің заңсыз айналымы мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша халықаралық  күш-жігер бастамасын көтерді.

БҰҰ-ның  басты мақсаттарының бірі - бүкіл  әлемде бейбітшілікті сақтау. Көптеген жылдар бойына ұйым халықаралық дағдарыстардың алдын-алу және ұзаққа созылған қақтығыстарды  шешуде маңызды рөл атқарып келеді. Бейбітшілікті орнату мен сақтау және гуманитарлық көмек көрсету  жөніндегі кешенді операцияларды  жүзеге асырды. Сонымен қатар ол өршіп келе жатқан қақтығыстардың алдын-алу  шараларын қолға алды. Қақтығыс соңынан  кейінгі жағдайларда ол зорлықтың  түп негізгін жою мен тұрақты  бейбітшілік негізін салуға бағытталған  ұйымдасқан шараларды жиі қолға  алуда.

1992 жылдан  бері Қазақстан тек қана халықаралық  қауымдастықтың мүшесі ретінде  қабылданып қоймай, сонымен бірге  онда өзінің лайықты орнын  таба білді.

Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап, БҰҰ және оның мамандандырылған мекемелерінің  қызметіне белсенді қатысуда. Бұл  ынтымақтастық мемлекеттік саясаттың  басым бағыттарының бірі болып саналады. Осы бағыттың негізгі мақсаты  халықаралық сахнада ҚР-ның ғаламдық және аймақтық қауіпсіздік саласындағы стратегиялық мүдделерін қамтамасыз етуді, саясат пен экономикада әділетті әлемдік тәртіп пен орнықты даму ортасын құруды, әлемдік қауымдастық мүшелері арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіруді көздейді.

БҰҰ-ның  Жарғысын мүлтіксіз орындау негізінде, Қазақстан Ұйымды нығайту мен  БҰҰ басшылығымен әлемдік қауіпсіздік  жүйесін құруға күш-жігер жұмсауды толық жақтайды.

Қазақстан мен БҰҰ-ның он жылдық ынтымақтастық  нәтижелерін қарастыра отырып, қарым-қатынас  болашағын белгіледі.

Қазақстан, БҰҰ мен аймақтық ұйымдар арасындағы ықпалдастықты кеңейтуді, әрі аймақтық ұйымдардың өздері арасындағы ұйымдасқан қылмыс, есірткі қаупі, заңсыз миграция, діни экстремизм, жоқшылық пен АҚТҚ/ЖҚТБ таралуымен күресте серіктестік  байланыстарын кеңейтуді қолдайды.

Қолданылғын әдебиеттер тізімі

 

  1. Абдулпаттаев С. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты. Алматы, 2005.
  2. Жусупов Э.Б. Правовой статус и деятельность специализированных учреждений ООН: Учебное поcобие/ Институт международного права и бизнеса «Данекер» - Алматы, 2002.
  3. Федоров В.Н. Организация Объединенных Наций, другие международные организации и их роль в ХХІ веке – М.: Логос, 2007
  4. Кулжабаева Ж.О. Международное публичное право. - Алматы, 2002.

 

  1. Международное право: Учебник. Отв. ред. Ю.М. Колосов, Э.С. Кривчикова. - М., 2000.

 

  1. Ерджанов Т.К. Международное публичное право. – Алматы, 2006.

 

 

  1. М. Беджауи, Международный Суд ООН: прошлое и будущее, // 
    Московский журнал международного права,- 1995,- N2.

 

 

 

1 «Ұлттық Қазаұстан энциклопедиясы».1999

2 М. Беджауи, Международный Суд ООН: прошлое и будущее, Московский журнал международного права, 1995, N2, стр. 42

3 Құлжабаева Ж.О. Халықаралық жария құқық. Жалпы және ерекше бөлімдер. –Алматы. “HAS” баспа компаниясы, 2003.

 


Информация о работе Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық қатынастағы ролі және оның даму болашағы