Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кеден департаментінің кедендік бақылау жұмыстарына талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2013 в 07:28, курсовая работа

Краткое описание

Кеден қызметінің мемлекеттік құрлылым ретіндегі негізгі қызметі мемлекеттің саясатын жүргізу болып табылады. Сондықтан, кеден органдарының қызметтері барлық елдерде дерлік бірдей болғанымен, барлық жерде осы қызметтерді орындау мен қайта бөлудің өзі бірдей деп тұжырымдау дұрыс емес болар еді. Әр түрлі елдерде кеден органдарының алдында түрлі мәселелер қойылды. Кейбір елдерде, әсіресе дамушы елдерде, кеден органдары бюджеттің негізгі "толтырушысы" бола отырып, негізінен фискалды қызметті атқарады. Экономикасы дамыған елдерде кеден органдары есірткімен күресудің негізгі звеносы немесе үкімет саясатының негізгі жүргізушілері болып табылады.
Кеден органдарының қызмет аясы кеңейді және интеллектуалды меншік қүқықтарын қорғау, уландыратын қалдықтарды өткізілуін бақылау мәселелері сияқты мәселелерді шешуді қосады.

Содержание

Кіріспе

І. Кедендік бақылау кеден ісінін кұрамдас бөліктері.
1.1. Кедендік бақылау мәні, құылымы максаттары.
1.2 Кедендік бақылау механизмін ұйымдастырудың негізгі бағыттары.
1.3. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылаудың құқықтық
негіздері.

II. Қазақстан Республикасының кедендік бақылаудың формалары мен
принциптері.
2.1. Кедендік бақылаудың әлемдік тәжірибесі.
2.2. Қазақстан Респуликасының кедендік бақылаудың формалары.
2.3. Қазақстан Республикасында тауарлар мен көлік кұралдарына
қатысты жүргізілетін алдын ала операциялар және негізгі кедендік
ресімдеу тәжірибесі.
ПІ. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кеден департаментінің
кедендік бақылау жұмыстарына талдау.

3.1. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кеден департаментінің
кедендік жұмыстарының барысы.
3.2. Кедендік ресімдеу мен кедендік бақылаудың проблемалары мен
болашағы.

Қорытынды.
Пайданылған әдебиеттер.

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-Кедендік-бақылау-кеден-ісінін-кұрамдас-бөліктері.doc

— 336.00 Кб (Скачать файл)

а) ғылыми қызметкерлерге авторлық   құқықтық тәртібінде жіберілген, мөрленген посылкалармен бандеролдар (кем дегенде 100 экземпляр);

б) тек басылым шығармалары бар бандеролдар, әр аталуынан екі экземпляр;

в) Сол аталуындағы жіберулер;

г) Сыйлық, сувенир салынған тауарлы емес посылкалар мен шағын

қораптар.

Халықаралық пошталық жіберулерді  кедендік тексеру барысында, кедендік бақылаудан тығылған немесе кеден декларациясында  көрсетілмеген заттар анықталған жағдайда, оларды контрабанда ретінде тәркілейді.

Дипломатиялық пошта (қаптар, шемодандар және тағы баскалары) кол сұқпаушылық құқығын қолданып, кеден бақылауына кеден мекемесіне алынбай өткізіледі. Олар шетел істері министрлігінің және дипаломатиялық елшіліктің сургучтік мөрімен немесе қорғасын плобаларымен мөрленіп курьерлік парағына енгізілуі қажет. Дипломатиялық поштанын әкел әкетуге рүқсат етілетін көлемі өзара келісім арқыпы белгіленеді. Транзиттелінетін поштаның көлемдік нормасы шектелмейді.

Дипломатиялық поштаның алмасуына  дипломатиялық және консулдық елшіліктері және шетел істер министрліктерінің ведомстволары құқылы.

Халықаралық пошталық стандарттарға сәйкес дипломатііялық поштаның ресімделу тәртібі келесідей: пошта салмағы 30 килограмға дейін жететін брезент қаптарға салынады. Жіберуші қаптарды пломбалап, қаптардың номерлері, жіберу мекені жазылған екі этикеткісі ілініп, жіберушінің ресми мөрі қойылады.

Валюта мен валюталъщ цүндылыцгардың әкелуі мен әкетілуіне және валюта-царжылъщ операциялардың жүргізілуіне кедендік бақылауды уйымдастыру.

Қаржыны реттеудің халықаралық жүйесі халықаралық қаржы ұйымдарының орталық банктерінің және мемлекеттердің қаржы министрліктерінің орталық банктерінің қаржылық бақылауынан құралады. Біраз мемлекеттердің қатары, мысалы — Британ үлттарының ынтымақтастығындағы мүше елдер (Үлыбританияны коса алғанда) қаржы бакылауынан бас тартып, Біріккен Ұлттар Ұйымынын халықаралық каржы

қорымен келіспей ағымдық операциялар  бойынша қаржылық шектеулерден бас  тартуды қарастыратын міндеттемелерді  қабылдау.

Орталық және Шығыс Еуропа елдері саудалық емес сипаттағы операциялар бойынша есептерді және есеп айырысудың тәртібі бойынша жан-жақгы келісімдермен саудалық емес төлемдер бойынша есеп жүргізумен сәйкес ұлттық валютаның қаржылық реттеуін жүргізеді.

Мемлекеттік шекара арқылы олардың  ұлттық валютасын. заем облигацияларын, лоторея билеттерін өткізуге тыйым салынады. Орталық және Шығыс Еуропа елдеріне валюталық құндылықтарды аударуға немесе қайта аударуға, әкелуге, ұлттық қаржы министрліктерінің рүксатынсыз жүзеге асырьша беруіне болады.

Шетел валютасын әкелуі кезінде кеден мекемелері онын тіркелуі туралы куәлік береді. Төлем қүжаттары мен валюталық қүндылықгарды осы куәлікке енгізеді.

Шекарадан қымбат металлдардың, тастардың  және маржандардың әкелу мен окетілу  тәртібін тиісті үлттық министрліктер айқындайды (әдетте қаржы немесе сыртқы сауда министрліктері).

Елден шығып бара жатқан түлғаның иелігі болып табылатын мүліктік қүжаттарды шығару, сәйкес банктерімен  және қаржы министрліктерімен анықталады.

Еуропалық экономикалық қауымдастьщқа  мүше елдер (Еуропалық Экономикалық Одақ) өздерінің қаржылық реттеуін Еуропалық қаржы жүйесінің (ЕҚЖ) шеңберінде жүзеге асырылады.

1978 жылғы келісімге сәйкес бүл  жүйенің негізгі бөліктері болып  Еуропалық қаржы бірлігі, қаржы  бірліктерін реттейтін механизмі  және Еуропаның қаржы қоры болып табылады.

Француз Одағы аймағындағы және елдеріндегі каржылық реттеуін Француз  Банкі, Батыс Африка мемлекеттерінін  Орталық Банкі, және Малидің Орталық Банкі анықтайды. Бүл елдерде валюталық

әкетуді әр адам басына бес мың  франк есебінде рұқсат етіледі. Шетелдік валютаның әкелуі шектелмеген, бірақ шетелден келген соң бір ай мерзім ішінде валюта нарығында өзінде бар шетелдік валютаның 1000 франкінен көбін сату қажет.

АҚШ және Латын Америкасының тәжірибесінде  әкелінетін шстелдік валютаға валюталық бақылауды тек берілген декларацияда бес мың АҚШ долларынан аса ғана жүргізіледі.

Азия және Жапон елдерінде қаржылық реттеуін үлттык банктері жүргізеді. Тәжірибе жүзінде валютаның әкелуі шектелмейді, ал шығаруға көлемдік шектеуінің ыкдалы бар.

8. Миграциалъщ бацылау жүйесіндегі кеден цызметі.

Мигранттардың қүқықтық жағдайын реттеу Біріккен ¥лттар Ұйымының Халықаралық еңбек ұйымының мигранттары туралы конвенциясын қабылдағаннан кейін 1949 жылдан бастап жүргізіле бастады. 1975 жылы Миграция облысындағы ауыл шаруашылық жоне еңбеккер мигранттардың адам қүқығының негіздерін қорғаудағы теңдікті орындау туралы екінші Конвенция болып өтті. Бүл ережелер мен күкыктар экономикалық, әлеуметтік және мәдени қүқықтар бойынша Халықарлық Пакттің жалпы негіздерімен бекітілді.

Нарық экономикасында дамитын елдердегі жұмыс күшінін заңсыз ауысып жүруіне тыйым салу мен бақылау әрі жоғарыда аталған келісімдерді орындау кеден қызметкерлеріне және көшіп-қону органдарына жүктелген.

Біріккен Ұлттар Ұйымының шеңберінде 1991 жьшдың 25-ші ақпанында барлық жұмысшы-мигранттардың және олардың жан-үяларының қүқтарын қорғау жөнінде халықдралық конвенция құрылып, қабылданды. 9. Мемлекеттердің; қауіпті жүктерді тасымалдаудың халыцаралыц тәртіптерді сақтау сәйкестігіп бақылау бойынша кедеи ңызметінің функциятры.

Жүктерді теңізбен тасымалдаудың  Халықаралық Кодексінің классификациялануына қауіпті жүктерге, спецификалық кдсиеттерге  байланысты оларды: тасымалдау, тиеу-түсіру, сақтау жұмыстарының барысында қоймалардың өртеніп, жарьшып немесе бүзылуына, сонымен қатар адамдар мен жануарлардың ауруына, сәулеленіп, жарақаттанып күйуіне алып келетін заттары жатады.

Олардың қауіптілігін есепке ала отырып тасымалдау мен сақтауына байланысты тоғыз кластарға бөлінген. Мысалы: екінші класс-ерітілген, сүйык немесе қысым астындағы газ; алтыншы класс-үлы немесе таксикологиялық заттар; жетінші класс-радиоактивті немесе инфекционды заттар.

Радиоактивті материаддарды классификациялау олардың радиациялық көлемінен туындайды. Қауіпті жүктерден қорғанудың физикалық жүйесін құру әрі оны жүзеге асырып толығымен мемлекеттің міндетіне берілген.

Мемлекеттердің мүндай міндеттері ядролық энергияны бейбіт жолмен пайдалану ынтымақгастығы бойынша  ядролық құралдар мен материалдардың арнайы жеткізулері бойынша халықаралық

келісімдермен келісім шарттарында қарастырылып, Біріккен Үлттар Ұйымының Атом энергиясы бойынша Халықаралық агенттігімен бекітілген (МАГАТЭ).

1980 жылы Вена қаласында ядролық құрылғыларды, көлік күралдарымен материалдарды физикалық қорғау жөнінде қол қоюға Конвенция ашылған. Конвенцияның негізі халықаралық тасымалдау процесіндегі ядролық материалдарды қорғау болып табылады. Ядролық материалдардың экспортты мен импорты және транзиті мемлекетке халықдралық тасымалдауды физикалдық қорғау жөнінде атом энергиясы бойынша халықаралық агенттігінің кепілдемелік келісім шартына түрған жағдайда ғана рүқсат етіледі.Бүл конвенцияға сәйкес экспортталатын және импортталатын ядролық материалдар Біріккен Үлттар Ұйымының атом энергиясы бойынша Халықаралық агенттігімен бақылауға алынады, және МАГАТЭ Бағдарламасымен Агенттігінің стандарттары деңгейіидегі физикалық қорғау шаралары мен қамтамасыз етіледі. Шетел кемелері мен қауіпті жүктердің экспорттық және импорттық тасымалдауларын Халықаралық кодексімен және теңізбен тасымалдау тәртіптері мен регламенттелінеді. Әр қауіпті жүктің класын, подкласын, категориясы мен тобын аныктайтын арнай карточкалар толтырылады. Негізгі талаптар, жүктердің қауіптілігін білдіретін қораптану мен маркілеуге қойылады. Кеден қызметі осы қауіпті жүктердің қасиеттері мен сипаттарына байланысты түзілген технологиялық сызбаларына сәйкестігін бакылау функцияларын жүзеге асырады.

2. 2. Қазақстан Республикасында  кедендік бақылаудың формалары

 

Кеден кодексі кедендік бақылаудың келесі формаларын карастырады:

1) кедендік декларацияны, кұжаттар мен мәліметтерді тексеру;

2) ауызша пікір сүрау;

3) түсіндірмелер алу;

4) кедендік қадағалау;

5) тауарлар мен көлік құралдарын тексеру;

6) тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеріп қарау;

7) жеке тексеру;

8) тауарларды арнаулы таңбалармен таңбалау не осы Кодексте және Қазақстан Республикасының салық заңдарына көзделген жағдайларда оларға бірдейлендіру белгілерін соғу;

9) тауарлар мен көлік құралдарының есебі мен олар бойынша есептілік жүйесін тексеру;

10) тауарлар мен көлік құралдарын есепке алу;

11) үй-жайлар мен аумақтарды тексеру болып табылады; Кедендік декларацияны, цүжаттар мен мәліметтерді тексеру.

Кеден органдары, қүжаттардың түп  нүсқалылығын және мәліметтердің дұрыстығын анықтау мақсатында, тауарлар мен көлік құралдарын кедлендік ресімдеу кезінде берілген кедендік декларацияны, қүжаттарды және мәліметтерді тексереді.

Кеден органдарына  кедендік ресімдеу кезінде берілген мәліметтердің дұрыстығын тексеру оларды басқа дерек-көздерден аяынған ақпаратпен салыстыру, арнаулы кедендік статистиканың мәліметтерін талдау, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып мәліметтерді өндеу арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының завдарында тыйым салынбаған басқа да тәсілдермен жүзеге асырылады.

Кедендік  бақылауды жүзеге асыру кезінде  кеден органы кедендік

декларациядағы  ақпаратгарды тексеру мақсатында тұлғалардан  жазбаша түрде барлық қүжаттар мен  мәліметтерді сұратып алуға құқылы.

Іріктеп тексеру негізінде кеден органдарының құжаттар мен мәліметтерді тексеруіне жол беріледі. Ауызша пікір сурау.

Қазақстан Республикасының  кедендік шекарасы арқылы өткізілетін  тауарлар мен көлік құралдарына  кедендік ресімдеуді жүргізу, алдын  ала операциялар мен өзге де кедендік рәсімдер кезінде кеден органдарының лауазымды адамдары түлғалардан ауызша пікір сүрауға қүқылы, аталған түлғалардан мүндай пікір сүрау нәтижелері жазбаша нысанда ресімделмейді.

Түсіндірмелер алу.

Түсіндірмелер алу — кеден органдары лауазымды  адамдарының декларанттардан және кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтерді білетін өзге де адамдардан кеден ісі саласындағы қажетті ақпаратты алуы.

Түсіндірме жазбаша нысанда  ресімделеді. Адамды түсіндірме алу  үшін шақыру туралы хабарламаға тиісті кеден органының басшысы қол  қояды және шақырьлған адамға қол  қойғызып алу арқылы тапсырылады. Кедендік цадагалау.

Кедендік қадағалау - кеден органдары  лауазымды адамдарының кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарының тасымалдануын, олармен жүк және өзге де операциялардың жасалуын көзбен шолып, оның ішінде техникалық құралдарды колдана отырып бақылауы.

Тауарлар мен көлік қуралдарын тексеру.

Кеден органы лауазымды адамдарының тауарлар мен көлік күралдарын, оның ішінде халықдралық почта жөнелтімдерін, жеке түлғалардын багажын карауы кедендік бақылаудағы тауарлардын сипаты. шығарьшған

жері, жай-күйі, мөлшері туралы, тауарларда, көлік құралдарында және олардың жүк тиелетін бөліктерінде кедендік пломбалардың, мөрлердің және басқа да қондырылған бірдейлендіру құралдарының бар екендігі туралы мәліметтерді растау үшін жүзеге асырылады.

Тауарлар мен көлік құралдарын тексеру- егер мүндай тексеру көлік құралы мен оның жүк тиелетін бөліктерін ашумен және тауарлардың орамаларын бүзумен байланысты болмаса, кедендік бақылау мақсаттары үшін тауарларды, жеке түлғалардың багажын, көлік құралдарын, жүкке арналған ыдыстарды, кедендік пломбалардың. мөрлердің және өзге де тауарларды бірдейлендіру құралдарының бар жоқтығын сырттай көзбен тексеру.

Кедендік бақылау аймағында  тауарлар мен көлік құралдарын тексеру декларант, тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттіктері бар өзге де адамдар және олардың өкілдері тексеру кезінде қатысуға тілек білдіретін жағдайларды қоспағанда, аталған адамдардың қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін.

- Тауарлар мен көлік күралдарын  тексеру нәтижелері бойынша кеден  органдарының лауазымды адамдары, егер мүндай тексерудің нотижелері  кедендік мақсаттарда пайдаланылатын болса, белгіленген нысан бойынша акт жасайды. Кеден органының лауазымды адамдары тауарлар мен көлік күралдарына қатысты өкілеттіктері бар адамның талабы бойынша акт жасауға міндетті. Кедендік қарау жүргізілгендігі туралы актінің екінші данасы тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттіктері бар адамға тапсырьшады.

Тауарлар мен көлік цүралдарын кедендік тексеріп царау.

Кедендік тексеріп қарау — кеден  органдары лауазымды адамдарының  тауарлардың орамаларын немесе көлік  күралының жүк тиелетін бөліктерін не ьщыстары, контейнерлерді және тауарлар бар немесе болуы

мүмкін өзге де орындарды ашумен байланысты тауарлар мен көлік құралдарына қатысты іс-әрекет.

Кедендік тексеріп кдрау тауарларды кедендік мақсаттар үшін бірдейлендіру, мәлімделетін мәліметтердің дұрыстығын аныкгау не Қазақстан Республикасының кеден завдарын бұзу туралы акпарат болған кезде мүндай ақпаратты тексеру, сондай-ак іріктеп тексерудің негізінде кедендік бақылау жүргізу мақсатында жасалады. Джларант, тауарлар мен көлік күралдарына қатысты өкілеттіктері бар өзге де түлғалар және олардың өкілдері өздерінің бастамасы бойынша тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеріп қарау кезінде қатысуға күкылы.

Информация о работе Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кеден департаментінің кедендік бақылау жұмыстарына талдау