Менеджмент мәні мен қағидалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 16:20, лекция

Краткое описание

1. Менеджмент туралы түсінік
2. Менеджменттің теориясы мен тәжірибесінің Қазақстандағы даму тарихы
3. Менеджерлердің іс-қызметтерінің бағыттары
4. Менеджерлерге қойылатын талаптар

Вложенные файлы: 1 файл

менеджмент лекции.docx

— 122.16 Кб (Скачать файл)

7.     қызметкерлердің білімі, дағдылары, мінез-құлығы фирма  бәсеке қабілеттілігін анықтайды

 

Жаңа кадрлық құрылым М. Хаммер және Дж. Чампи бойынша келесілерден тұрады:

 

1)    жетекші - өзгерістерге  рұқсат беретін және оларды  ынталандыратын басшы;

 

2)     менеджер – фирма  үшін реинжиниринг әдістері мен  құралдарды өңдеуге жауапты;

 

3)    жалпы стратегия өңдейтін  және оның іске асуын бақылайтын  жоғарғы менеджерлерден тұратын  басқарушылық комитет;

 

4)    нақты бизнес-процестері  үшін жауапты менеджерлер;

 

5)    осы процестер жағдайын  диагностика жасайтын және оларды  өзгертуді жобалайтын командалар

 

 

 

2.  Сапаны басқару жүйесін  еңгізу арқылы ұйымның бәсеке  қабілеттілігін көтеру 

 

Кәсіпорын үшін маңызды мәселелердің бірі – бәсекеге қабілетті өнім өндіруге мүмкіндік беретін сапа жүйесін құру.

 

 Сапа жүйесі шет елдік  тапсырыс берушілермен келіссөз  жүргізу кезінде маңызды болып  табылады. Өйткені олар өндірушулерде  беделді органдар берген сертификат  міндетті түрде болу керек  деп есептейді.

 

Қазіргі заманғы әдебиеттерде және тәжірибеде сапаны басқарудың келесі тұжырымдамалары қолданады:

 

- сапаны толығымен қалыптастыру (Total Quality Transformation);

 

- сапаны басқару  жүйесі (Quality System Management);

 

Сапаны қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің тарихи қалыптасқан 3 негізгі бағдарламасы бар:

 

1.Э. Деминг пен Д. Джуранның сапаны қамтамасыз ету философиясы: еңбек сапасы және сапалы менеджмент (басқару) - өнім сапасының негізі. Басты элемент – шығарылатын өнім сапасының өзгерісін үнемі бақылау.

 

2.Сапа үйірмелерін, яғни әрдайым бірге жиналып, сапа мәселесін талқылайтын, оны қолдау және жақсарту бойынша идеялар ұсынатын қызметкерлер мен жұмысшылардың өз еріктерімен бірігуін ұйымдастыру. Үйірме мүшелерінің әдетте сапа сұрақтары бойынша арнайы дайындықтары болады.

 

3.Ф.Кросбидің “Сапа үшін төлемейді” тұжырымдамасы. Бұл бағдарламаның негізгі ережесі – ақшаны сапа үшін емес, оның жоқтығы немесе жетіспейтіндігі үшін төлейді. Тауар талаптарға сай болу керек. Басты назарды ақауды жоюға аудару керек.

 

Барлық елдердің мамандары мойындаған бірлік көзқарас – сапаны жалпы  басқару принциптері (Total Quality Manegment) TQM.

 

TQM – нің қысқаша сипаттамасы.

 

1. мақсаты – тапсырыс берушінің  талаптарын қанағаттандыру;

 

2. жауапты – ұжым басшысы;

 

3. іс-әрекет негізі – сапаның  төмендеуінің алдын алу;

 

4. негізгі қозғаушы күш –  үздіксіз жақсарту;

 

5. орындаушылар – барлық қызметкерлер;

 

TQM – ң құраушы бөліктері болып  түпкі жүйе, техникалық қамтамасыз  ету жүйесі, үздіксіз жетілдіру  және дамыту жүйесі табылады.

 

Түпкі  жүйе – бұл бақылаудың сипаттамалық және математикалық әдістеріне негізделген зерттеу әдістері мен  тәсілдері. Олар көптеген елдерде пайдаланылуы мүмкін.

 

Техникалық қамтамасыз ету жүйесі – техникалық құралдарды пайдалану  тәсілдерін және оларды қолдану ережелерін оқытуға мүмкіндік беретін тәсілдер мен бағдарламалар.

 

Ұлттық мәдениетті, экономикалық, іскерлік дәстүрді, әрекет етуші заңдарды сипаттайтын ерекшелік үздіксіз жетілдіру және дамыту жүйесі деп  аталады.

 

TQM – сапаны үнемі жақсартуға, өндірістік шығындарды азайтуға  және өнімді мерзімінде жеткізуге  бағытталған жүйелі кешен. Ол  “жетілдіруде (жақсартуда) шек жоқ”принципін  ұстанады.

 

Сапаны басқару жүйесі келесілерден тұрады:

 

1)                сапаны жоспарлау;

 

2)                сапаны қамту;

 

3)                сапаны бақылау;

 

4)                сапаны жетілдіру.

 

Сапаны басқару жүйесін құру үшін қажетті:

 

-кәсіпорынның барлық манызды  үрдістерін белгілеу;

 

-үрдістер арасындағы реттілікті  және өзара байланысты белгілеу;

 

-параметрлер және үрдістердің  қритерийлерін және оларды бақылау  әдістерін белгілеу;

 

-үрдістерді жүзеге асыру және  мониторингі үшін қажетті ақпараттың  болуын қамту;

 

-үрдістерді өлшеу, қадағалау  және талдау, белгіленген нәтижеге  және үнемі жетілдіруге жету  үшін іс-әрекет жасау.

 

 

 

Мазмұны


Информация о работе Менеджмент мәні мен қағидалары