Менеджмент мәні мен қағидалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 16:20, лекция

Краткое описание

1. Менеджмент туралы түсінік
2. Менеджменттің теориясы мен тәжірибесінің Қазақстандағы даму тарихы
3. Менеджерлердің іс-қызметтерінің бағыттары
4. Менеджерлерге қойылатын талаптар

Вложенные файлы: 1 файл

менеджмент лекции.docx

— 122.16 Кб (Скачать файл)

 

 

 Ұйымның басқа мүшелеріне  тұлғаның ашық болуы 

Кері байланыстың сәйкестігі

 

Төмен 

Жоғары 

 

Төмен 

өз ішінде жабылу 

өзін қорғау

 

Жоғары  

өзін ашық ұстау 

өзін көрсету

 

 

 

 

Сурет 5- Коммуникациялық стиль  түрлері

 

2. Коммуникациялық процесс бұл  бір немесе екі адам арасындағы  ақпарат алмасу. Оның негізгі  мақсаты – мәліметтің түсінуін  қамту.

 

Ақпарат алмасу кезінде 4 негізгі элемент  бар:

 

–жіберуші – ақпаратты жинап  тапсыратын тұлға;

 

–мәлімет – символдардың көмегімен  кодталған ақпарат;

 

–арна – ақпаратты жіберетін  құрал;

 

–алушы – ақпаратты қабылдап түсінетін тұлға.

 

Идеяның пайда болу кезеңінде басшы  идеяны ойластыру және ақпарат жинауды  бастайды. Басшы берілетін ақпараттың мазмұнын дайындайды. Мысалы, бағыныштылардың  жұмыс нәтижелерін бағалау туралы айтқалы тұрған басшы, бағыныштылардың  күшті және әлсіз жақтарын, жұмыс  нәтижелерін қалай жақсартуға болатынын  жеткізу керектігін түсіну қажет. Сондықтан  алдымен қандай идеяны жеткізу керектігін ойланып алыңыз.

 

Кодтау және арнаны таңдау кезеңінде:

 

•кодтау кезінде жіберуші сөздер, интонация, ымдарды пайдаланады;

 

•арналар ретінде ауызша сөйлеу, жазбаша түрде, электрондық байланыс құралдары (электрондық пошта, компьютерлік жүйелер, видеолента, видеоконференциялар) белгілі;

 

•арнаны таңдау кезінде бір арнамен  шектелмеу қажет;

 

•ақпаратты алушы оны декодтайды. Декодтау – алушының ойына жіберушінің  символдарын аудару. Егерде ақпарат  түсінікті болса ақпарат алмасу процесі осымен аяқталады.  Басқа  жағдайда алушы кері байланыс жасайды, және керісінше алушы мен жіберуші орындарын ауыстырады;

 

•кері байланыс екі жақты ақпарат  алмасу процесінің тиімділігін көтереді, ақпаратты дұрыс түсінгені туралы сенімділік туғызады.

 

 

 

3. Шу деген мағынаны ашып беруге  кедергі болатын  нәрсе. Оның  пайда болу көздері - тіл,қабылдау  айырмашылығы, басшымен бағынышты  арасындағы ұйымдық статуста  өзгешілік, т.б.

 

Басшының 50-90% уақыты тұлғааралық байланыстарға  жұмсалады.Оларды іске асыруда пайда  болатын кедергілер:

 

- қабылдау айырмашылықтары;

 

- семантикалық айырмашылықтары;

 

- вербалсыз кедергілер;

 

- шамалы кері байланыстар;

 

- тыңдай білмеу;

 

Қабылдау айырмашылықтары себеп  болған кедергілер адамдар бір ақпаратты  ұқсас тәжірибе, қызығушылықтар шеңбері, қажеттіліктер, эмоционалдық жағдайы, сыртқы ортаға байланысты әр түрлі  қабылдау кезінде орын алады;

 

Семантикалық айырмашылықтар себеп  болған кедергілер сөздердің мағынасын  білмеу немесе дұрыс қолданбағанда  орын алады. Мысалы, дөңгелек деген  сөздің ағылшын сөздігінде жетпіс тоғыз  мағынасы берілген.

 

Вербалсыз кедергілерге сөздер, басқа  символдар, мысалы көзқарас, бет түрі, интонация, т.б. жатады. Мәліметтің 55% бет  түрі,ымдар,қимылдар арқылы, 38% интонация, дауыс өзгерісі арқылы, 7 % сөз арқылы жеткізіледі

 

Шамалы кері байланыс кедергі болады. Кері байланыс хабарламаның дұрыс түсінгенін білуге мүмкіндік береді.

 

Тыңдай білмеу. Басшы 25% тиімділікпен тыңдайды, бағыныштылар тыңдай білетін  басшыны қатты сыйлайды.

 

 

 

1.                                         Ұйымдағы коммуникацияларды жетілдіру  бағыттары:

 

а)ақпараттық ағымдарды бақылау;

 

Басшы өзіне және бағыныштыларына  қажетті ақпаратта қажеттілікті анықтау керек.

 

б)басқарушылық іс әрекеттер- бағыныштылармен  кездесу,семинарлар жүргізу;

 

в) кері байланыстар жүйесі:

 

-адамдарды мәселені талқылау  үшін ұйымда орындарын алмастыру;

 

- қызметкерлерден сұрау;

 

г) ұсыныстарды жинау жүйесі: анонимды ұсыныстарды жинау үшін жәшік, телефон  қоныраулар,басшылар мен бағыныштылар тобын құру, жеке блог ашу;

 

д) ақпараттық бюллетендер, басылымдар, бейнежазулар.

 

 

 

 

 

14-Тақырып. Менеджменттегі басқару  шешімдері

 

1. Басқару шешімі туралы түсінік

 

2. Басқару шешімдерінің түрлері

 

3. Басқару шешімдерін қабылдау  үрдісі

 

 

 

1. Шешім қабылдау басқару процесінің  ең маңызды бөлігі. Басшының кез  – келген әрекеті іс жүзінде  белгілі бір шешім қабылдаудан  басталады. Кәсіпорынның және  ондағы бөлімшелер қызметінің  нәтижесі басшының дер кезінде  шешімді дұрыс қабылдау қабілетіне, оны жүзеге асыра білуіне, оның  жеделдігі мен дұрыстығы басшының  тәжірибесі мен біліміне байланысты. Егер ол өңдірісті, технологияны  және адамдарды жақсы білетін  болса, жұмыс тәжірибесі мол  болса, онда оған шешім қабылдау  қиынға түспейді.

 

Басшы сонымен қатар жеке ойластыруы, жоқ деректерді болжай білуі, дұрыс  қорытынды жасай білуі және соның  негізінде жағдайларға сәйкес шешім  қабылдауы тиіс. Басшы кез келген жағдайда шешім қабылдаудан бас  тартпауы тиіс.

 

Қабылданған шешім бүкіл ұжымның  экономикалық және әлеуметтік нәтижелеріне, әрбір жұмыскерге қолайлы немесе қолайсыз әсер етуі мүмкін. Сондықтан  да шешім қабылдаған адам өзіне үлкен  жауапкершілік жүктейді.

 

«Басқару шешімі» ұғымының 2 мәні бар:

 

1.                                         Ол белгіленген басқару актісін,  қабылдаған іс- әрекет жоспарын, қаулы – қарарларды білдіреді;

 

2.                                         Проблемалар мен міндеттер бойынша  шешім қабылдаудың және жүзеге  асырудың ең қолайлы вариантын  білдіреді.

 

Шешім проблема туындаған жағдайда қабылданады. Басқару шешімін қабылдауға жүйелілік тұрғыдан қарауыдың, пайда  болған проблемаларды шешудің жүйелілігін  сақтауыдың зор маңызы бар. Әрбір  жаңа шешім алдыңғы шешімдерді өрістету үшін қабылдануы, сөйтіп бірыңғай өңдірістік міңдеттерді кезең – кезеңімен  орындауды қамтамасыз етуі тиіс.

 

Күрделі өңдірістік жағдайларда, әсіресе  жұмыстың қауырт күнінде, егер барлық факторларды ескеруге көп уақыт  кететін болса, онда шешім қабылдауды кешіктіріп, жұмыстың орындалуына кедергі  жасағаннан гөрі, ең дұрысы тәуекел  еткен жөн.

 

Басқару шешімінің маңызды талаптарының бірі – мақсаттылық. Шешім ұжымның  мақсатын, басты міңдеттерін білдіреді, кез келген жұмысты тікелей орындаушыларға берілетін тапсырмаларды айқындайды.

 

Кез – келген шаруашылық шешімі әділ болуы, яғни шешім қабылдаған кезде  істің нақты жағдайы ескерілуі  тиіс. Кез – келген шаруашылық шешім  ғылыми негізделген болуы керек.

 

Кез – келген шешім нақты, айқын, дәлелді, кімге арналғаны дәл  көрсетілуі тиіс. Шешімде тапсырмалардың мәні, олардың көлемі, мерзімі, жүзеге асыру әдісі, сондай – ақ орындауға  жауаптылар көрсетілуі керек.

 

 

 

2. Басқару шешімдерінің табиғаты  алуан түрлі. Оларды әр –  түрлі белгілері бойынша жіктейді:

 

 

 

1. Басқару субъектісі бойынша:

 

а) әкімшілік шешім;

 

б) қоғамдық ұйымдар шешімі.

 

 

 

2. Басқару объектісі бойынша:

 

а)жалпы – бүкіл шаруашылықтың  мүддесін қорғайды;

 

б) жеке – жедел сипаты болады, басқарудың төменгі буынына тән;

 

в) күрделі;

 

г) қарапайым.

 

 

 

3. Ықпал ету объектісі бойынша:

 

а) сыртқы;

 

б) ішкі.

 

 

 

Сыртқы шешім өңдірістің ерекшелігін  айқындайды, әрі сол шаруашылықтың  жоғарғы ұйымдарымен және органдарымен, басқа да өңдірістермен қарым  – қатынасын қарастырады. Ішкі шешім  кәсіпорынның өзіндегі қызмет саласына жатады.

 

 

 

4. Уақыт өлшеміне қарай:

 

а) перспективалық;

 

б) күнделікті;

 

в) жедел.

 

 

 

Перспективалық шешімнің орындалуына  ұзақ уақыт (3-5 жыл және одан да астам) керек. Күнделікті шешім 1-2 жыл аралығында жүзеге асырылады. Жедел шешім қысқа  уақыт ішінде ( бірнеше апта, күн, ай) жүзеге асырылады.

 

 

 

5. Ұйымдастырылуына қарай:

 

а) жекелей шешім – бұл басшының ұжыммен немесе жекелеген адамдармен келісімінсіз, ешбір талқылаусыз  жеке өзінің шығарған шешімі;

 

б) алқалы шешім – бұл мамандар тобымен және тиісті басшылармен  бірлесіп, ақылдасып отырып жасалатын  шешім;

 

в) ұжымдық шешім – барлық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысында  қарастырылып, сонда қабылданады.

 

 

 

6. Функционалдық мақсатына орай:

 

а) жоспарлы – экономикалық;

 

б) технологиялық;

 

в) қаржы;

 

г) әкімшілік сипатта.

 

 

 

7. Мақсаты бойынша:

 

а) комерциялық;

 

б) комерциялық емес.

 

 

 

8. Беру әдісі бойынша:

 

а) вербалды;

 

б) жазбаша;

 

в) электронды.

 

 

 

Басқару шешімдерінің сапасына ықпал  етуші негізгі факторлар: мемлекет жүйесінде моделдеудің ғылыми тәсілдерін, принциптерін және әдістерін қолдану, басқаруды автоматтандыру, т.б.

 

Басқару шешімдерінің сапасы – нақты  тұтынушыны қанағаттындыратын және шешімді жүзеге асырудың нақтылығын қамтамасыз ететін шешім параметрлерінің  жиынтығы.

 

 

 

3. Шешім қабылдау процесі интуитивтік,  пайымдауға негізделген немесе  тиімді сипатта болады.

 

Интуитивтік шешім – бұл бір  нәрсенің дұрыстығын сезуге негізделген  таңдау.

 

Пайымдауға негізделген шешім  – бұл білімге немесе жинақталған  тәжірибеге негізделген таңдау.

 

Шешімді жасау процесі 3 негізгі  кезеңнен тұрады: шешімді әзірлеу, қабылдау және жүзеге асыру.

 

Басқару шешімін жасау, қабылдау және  орындау кезеңдері:

 

1.Шешім қабылдаудың қажеттілігін  анықтау;

 

2.Мәселені қою;

 

3.Жиналған мәліметтерді тапсыру;

 

4.Шешім мәселелерінің негізделуін  бағалау;

 

5.Мәселе бойынша шешімді таңдау  және қабылдау;

 

6.Шешімнің орындалуын ұйымдастыру;

 

7.Орындалу барысын бақылау және  нәтижені бағалау.

 

 

 

Қарапайым міндеттерді шешкен кезде  аталған кезеңдердің барлығын пайдалану  міндетті емес, және керісінше біршама  күрделі міндеттерді шешкен кезде, шешім қабылдауға, әдетте, барлық кезеңдер енгізіледі.

 

Шешім қабылдаудың әзірлік кезеңінде  кез келген деңгейдейгі басшы  өңдірістік, экономикалық, әлеуметтік жағдайларды болжаудан бастауы  тиіс. Басшы қалыптасқан жағдайларды  ұға білуі тиіс.

 

Шешімді ойдағыдай орындау үшін мақсаттардың дәл, әрі айқын болуының айырықша маңызы бар. Дұрыс шешім  қабылдау жеткілікті, әрі айқын мәліметтер болғанда ғана мүмкін болады.

 

Алынған мәліметтерді талдаған кезде, олардың сипатына қарай әр түрлі  тәсілдерді де пайдаланады.

 

Шешімдер варианттары санының  болуы проблемаларды шешудің  ең қолайлы жолын таңдауға мүмкіндік  береді. (Варианттарды таңдау үшін сандық таңдауды, эвристикалық тәсілді де қолданады).

 

Нарықтық экономикаға көшкен жағдайда дербес әрекет етуге, баламалы шешім  варианттарын ойластыруға тура келеді. Сонымен қатар мұндай жағдайларда  сыртқы ортадан қауіп – қатер  де күшейе түсуі мүмкін. Сондықтан  тәуекел ету экономикалық өмірінің ажыратылмайтын бөлігі болып саналады.

 

Оксфорд сөздігінде тәуекелге «зиянға  немесе шығынға ұшырау мүмкіндігі»  деген анықтама берген. Тәуекел ету  ең алдымен шаруашылық нақты жағдайдан  ауытқығанда, шығынға ұшырау қаупі  төнгенде және сонымен қатар пайда  табу мүмкіндігі туғанда пайда болады.

 

Мемлекетте батыл шешімге барғысы  келмейтін басшы, ұйым үшін қауіпті, тоқыраға ұшыратушы деп саналады. Әдетте батыл шешім қабылдаудан  саскақтайтын менеджерлер шығармашылық ізденіске бейімсіз, шаруашылық міңдеттерді  жүзеге асыруға қабілетсіз адамдар  ретінде бағаланады.

 

 

 

Тәуекел ету әрекеті белгілер бойынша  жіктеледі:

 

1. Пайда болу орнына қарай:

 

А) шарушылықтың өзіндегі;

 

Б) адамдардың жеке басына байланысты;

 

В) табиғат факторларына байланысты.

 

 

 

2.  Пайда болу себебіне қарай:

 

А) болашақ;

 

Б) әріптестер әрекетінің белгісіздігі;

 

В) мәліметтердің жеткіліксідігі;

 

 

 

15-Тақырып. Экономикалық басқару  әдістері

 

1. Экономикалық басқару әдістерінің  рөлі, мазмұны. Салық саясаты.  Баға түрлері. Нарық конъюнктурасы.  Еңбек ақы төлеу жүйесі

 

2. Экономикалық басқару әдістерінің  артықшылықтары мен кемшіліктері

 

1. Басқарудың экономикалық әдістері  – бұл адамдардың экономикалық  қатынастары мен олардың экономикалық  мүдделерін пайдаланатын адамдарға  ықпал етудің тәсілдері мен  әдістері. Басқарудың көптеген экономикалық  әдістерінің арасынан өңдірістің  тиімділігін бастапқы буын деңгейіне  дейін арттыра алатын әдістерді  бөліп көрсетуге болады. Оған  мыналарды жатқызуға болады:

 

- экономикалық ынталандыру;

 

- экономикалық тетікті шаруашылық  есепке көшіру:

 

- баға және баға белгілеу:

 

- фирмалардың қаржылық саясаты  және т.б.

 

Экономикалық ынталандыру –  жұмыскерлердің экономикалық мүдделерінде көрініс табатын өңдірісті басқарудың әдісі. Ол мынадай негізгі принциптерге сүйінеді:

 

·экономикалық ынталандыру мақсаттарын  қоғамды дамытудың мақсаттарымен  ымыраластырып (келісімге келтіріп), өзара байланыстыру;

Информация о работе Менеджмент мәні мен қағидалары