Менеджмент мәні мен қағидалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 16:20, лекция

Краткое описание

1. Менеджмент туралы түсінік
2. Менеджменттің теориясы мен тәжірибесінің Қазақстандағы даму тарихы
3. Менеджерлердің іс-қызметтерінің бағыттары
4. Менеджерлерге қойылатын талаптар

Вложенные файлы: 1 файл

менеджмент лекции.docx

— 122.16 Кб (Скачать файл)

 

3 Кезең. Жүйелік ықпал. Ұйым  оған көптеген сыртқы факторлар  ықпал ететін ашық жүйе ретінде  қарастырылады. Жағдайлық ықпал.Ұйымды  басқару процесіне ситуациялық  (жағдайлық) көзқарасты қолдану,  қалыптасқан жағдайларға сай  келетін басқару шешімдерін қабылдай, қойылған мақсаттарға қол жеткізуге  мүмкіндік береді

 

4 кезең. Кибернетика, ЭЕМ, ақпараттық  массивтерді құру, ақпаратты өңдеумен  байланысты. Менеджментті ақпараттық  процесс ретінде қарастырылады. 

 

                                                                                    1885  1920  1930  1950

 

1.                Ғылыми басқару мектебі                      ______

 

2.                Әкімшілік немесе классикалық  мектеп           _____

 

3.                Адамгершілік қарым-қатынас мектебі                       ___

 

4.                Бихеовиоризм                                                                        ___

 

5.                Басқару ғылымы мектебі (сандық  ықпал)                          ___

 

 

 

1- Сурет - Менеджмент мектептерінің  даму хронологиясы

 

 

 

2. Ғылыми басқару мектебінің  өкілдері – Ф. Тейлор, Эммерсон, Гилбретт.

 

Ф.  Тейлор басқару саласын зерттеген  мамандардан айырмашылығы- ол не ғалым-зерттеуші, не бизнес мектебінің профессоры емес, алдымен жұмысшы, сосын менеджер болғаны. Хронометраж жасап, өнімділік  нормаларын шығарды, төменгі деңгейдегі жұмысшыларға нормаларды асырған үшін материалдық сыйақы тағайындады. Тейлор өнеркәсіптік инженер болған соң  басқаруға машина сияқты қарауы сөзсіз болған.

 

Ерлі зайыпты Гилбреттар микрохронометр көмегімен рационалды іс- әрекеттерді  анықтаған.

 

Эммерсон өңімділіктің 12 принципін  ұсынды.

 

Басқару эволюциясына ғылыми басқару  мектебінің салған үлесі:

 

- ғылыми талдауды пайдалану;

 

- қызметкерлерді іріктеу;

 

- қызметкерлерді ресурстармен  қамту;

 

- еңбек өнімділігін көтеру үшін  материалдық ынталандыруды жүйелі  және дұрыс пайдалану;

 

- жұмысты жоспарлау және ойланудан  ажырату.

 

3. Әкімшілік басқару мектебінің  өкілдері –А. Файоль, Макс Вебер,  Л.Урвик.

 

Файоль 30 жыл бойы тауды қазбалау компаниясын басқарған. Ол кәсіпорынның іс - әрекеттерін 6 түрге бөлген: техникалық, коммерциялық, қаржылық, қорғану, бухгалтерлік және әкімшілік.

 

Басқарудың әмбебап принциптері:

 

–                                                       еңбекті бөлісу

 

–                                                       тәртіп

 

–                                                       билік

 

–                                                       сыйақы

 

–                                                       бір басшылық

 

–                                                       бір бағыттылық

 

–                                                       жеке қызығушылықтарды жалпыға бағындыру

 

–                                                       орталықтандыру

 

–                                                       иерархиялық тізбек

 

–                                                       реттілік

 

–                                                       әділеттілік

 

–                                                       персонал тұрақтылығы

 

–                                                       белсенділік

 

–                                                       касталық рух

 

М. Вебер ұйымдық құрылым мәселелерін, жетекшілікті қарастырып, рационалды бюрократияны сипаттаған. Рационалды бюрократия белгілері: еңбекті дәл  бөлу, басқару деңгейлерінің иерархиялығы, ресми стандарттармен процедуралардың болуы, ресми көзқарас, жұмысқа квалификация талаптарына сай алу. Жетекшіліктің 3 деңгейін қарастырған: харизматикалық, дәстүрлі және идеалды.

 

Линдалл Урвик ресми ұйымды құру принциптарын ұсынды: алдымен ұйымдық  құрылым құру, содан соң мамандарды іріктеу, арнайы штабты құру, құқықтар мен жауапкершілікті сәйкестендіру, бақылау диапозоны, мамандану, нақтылық.

 

Әкімшілік басқару мектебінің үлесі: басқару принциптерді дамыту, функцияларды сипаттау, басқаруға жүйелік ықпал.

 

 

 

4.Адамгершілік қарым-қатынас мектебінің  өкілдері- Элтон Мэйо, Мэри Фоллет.Мэйо 1933 жылы « Индустриалды цивилизациядағы  адамгершілік қарым қатынастары»  атты кітабын шығарған. Негізгі  ойы еңбек тиімділігіне психологиялық  жағдайлар және қызметкердің  жақсы көңіл күйі болу керек.

 

М. Фоллет менеджмент басқалардың  еңбегін, интеллектін пайдалану  негізінде мақсатқа жету деп айтқан.

 

Бұл мектептін негізгі бағыттары: ұжым – ерекше әлеуметтік топ, жеке дара аралық қарым қатынастар- әрбір  қызметкердің әлеуетін, тиімділік -өсу  факторы.

 

Қазіргі менеджментте қолданылатын негізгі  идеялар: коммуникация, топтық динамика, мотивация және жетекшілік факторларын  пайдалану, ұйымда адамның мінез-құлығын  зерттеу, ұйым мүшелеріне белсенді адам ресурстары ретінде қарау.

 

Салған үлесі: еңбек өнімділігі және қаңағаттанудың дәрежесін көтеру үшін жеке дара аралық қарым-қатынастарды басқару әдістерін пайдалану 

 

 

 

5. Бихевиоризм немесе мінез-құлық  мектебінің өкілдері –Д. Мак Грегор, Ф. Герцберг, Р. Лайкерт т.б.

 

Негізгі принцип – психология арқылы ұйым тиімділігін көтеру. Адамдардың тиімділігін көтеру арқылы ұйым тиімділігін  көтеру. Сол үшін жұмысшыларды жоспарлау  және нормалауға қатыстыру керек.

 

Бихевиористік бағыттың дамуына үлкен  үлес салған А.Маслоу. Ол сол кезде  кең қолданыста болған қажеттіліктер  теориясын жасады.

 

Ғылыми басқару мен бихевиористік  тұжырымдамаларды қарама қарсы қарастырған  Д. Мак Грегор. Х және Ү теориясы қызметкерлерге негізделген 2 көзқарасқа 2 түрлі басқару типін сипаттаған. Оның пікірінше, Ү типіндегі басқару  тиімдірек және оның менеджерлерге  ұсынысы – жұмысшы ең тиімді жолмен ұйым мақсатына жету барысында өз мақсатына жететін жағдайларды  қалыптастыру.

 

 

 

6. Сандық ықпал мектебінің өкілдері  – Бир, Берталанфи, Форестер.

 

Мектептің бағыттары:

 

•                                 ұжымда шешімдерді өңдеу процесін математикалық  үлгілеу әдістерін өңдеу;

 

•                                 ойын теориясы, статистикалық теорияны қолдану негізінде оптималды  шешімдер алгоритмдері;

 

•         экономикалық оқиғалардың сандық қолданбалы және абстрактілі математикалық модельдері, өнімді шығару және шығындар балансы  үлгілері, ғылыми –техникалық және экономикалық дамуды болжау үлгілері.

 

 

 

 

 

3-Тақырып . Жүйелік ықпал

 

 

 

1.                                         Басқару жүйесі. Негізгі жүйелік  түсінігі: тұтастық, құрылымдық, иерархиялық,  өзаратәуелділік. 

 

2.                                         Басқару субъектісі мен объектісі

 

 

 

1. Синтетикалық ыңғайларға басқаруды  кешенді, ұйымның ішкі және  сыртқы ортасымен байланысқан  өзгермелі құбылыс ретінде қарастыруы  тән.

Осы ілімдердің көпшілігінің негізі болып жүйелік ықпал саналады. Ол ұйымдағы мақсаттарды, ресурстарды  және ішкі, сыртқы процестерді бір  тұтас етіп байланыстаратын жанжақты кұбылыс деп қарастырады. Тағы да бір ерекшелік - жүйелік тиімділіктің болуы, яғни сапа жағынан алғанда  бір тұтас оны құраушы бөліктерінің қарапайым сомасынан артық деп  санайды.

 

 

 

2-Сурет. Ұйым – бұл ашық  жүйе

 

 

 

Грек тілінен аударғанда жүйе сөзі көптеген элементтерден құрылатын, бөліктерден тұратын бір бүтін  тұтастық ұғымын білдіреді.

 

Жүйелік тәсілдеме ХХ ғ. пайда болды  деуге болады. Әлбетте астрономия Күн жүйесін, ал математика әр түрлі  санау жүйелерін зерттеген.

 

Жүйелік тәсілдеме әскери мақсаттарға  атом бомбасын жасау үшін АҚШ-та алғаш  рет қолданылды, алайда жүйелік тәсілдеме  одан әрі азаматтық өндіріс саласындағы  басқару қызметінің іс-тәжірибесінде  кеңінен қолданылды.

 

Профессор Людвиг фон Берталанфи жүйелік  тәсілдеме әдістемесін кеңінен  баяндап беруші ғалым. Ол 1937 жылы «Жүйенің жалпы теориясы» атты еңбегін  шығарды.

 

Кез-келген жүйенің ерекшеліктері:

 

•                                             тұтастық

 

•                                             құрылымдылық (жүйелерді оның құрылымын  белгілеу арқылы сипаттау мүмкіндігі)

 

•                                             иерархиялық ( жүйенің әр бір бөлігі белгілі бір дәрежеде өзіндік  сапасы бар қосалқы жүйе ретінде  көрінеді).

 

•                                             Өзаратәуелділік

 

Жүйе қандай да бір ішкі байланыстары болмайтын кездейсоқ объектілердің  жиынтығы емес, ол бір-бірімен өзара  байланысты және өзара ықпалдасу  үстінде болатын сыртқы әсерге жауап  беретін тұтас организм сияқты.

 

2. Өңдірісті басқарудың өз объектісі  мен субъектісі болады. Басқару  процесінде объективті және субъективті  арақатынас «анықтаушы» және  «шешуші» ұғымдары арқылы анықталуы  мүмкін. 

 

Басқарудың субъектілеріне мемлекет, қоғамдық ұйымдар және елдің әр азаматы  кіреді.

 

Өңдірісті басқару объектісінің жалпы  түріне оның салалары мен аймақтарын құрайтын  халық шаруашылығы, өңдірістің негізгі буындары – кәсіпорындар мен бірлестіктер, қызметкерлердің  ұжымы кіреді.

 

Оларды бір-бірінен ажыратып көрсету  қажет: өкілетті органдар, атқарушы және билік органдары, әділ сот органдары, өңдірістің басқару функцияларын орындаушы  және тікелей мемлекеттік басқару  органдары.

 

Өңдірістің басқару мәселерін  мына органдар шешеді:

 

-                                                           билік органдары - өкілетті органдар

 

-                                                           мемлекеттік басқару органдары  – мемлекеттік комитет, министрліктер.

 

Өңдірісті басқару объектісінің жалпы  түріне оның салалары мен аймақтарын құрайтын барлық халық шаруашылығы, өңдірістің негізгі буындары – кәсіпорындар мен бірлестіктер кіреді.

 

Өңдірістің басқару объектісі  бұл ел территориясында өңдірістік күштерді ұтымды орналастыру, әлдеқайда  тиімді территориялық кешендерді құру. Өңдірісті басқару объектісі  ретінде маңызды орынды бейөндірістік  салалар алады: білім беру, деңсаулық  сақтау, мәдениет. Түпкі негізінде  кез келген басқару объектісінің орталық буынына қызметкерлердің  ұжымы жатады.

 

Менеджмент үшін әлеуметтік жүйенің  маңызы зор. Адам осы жүйенің белсеңді қалыптастырушысы, жүйелердегі байланыстар  мен қатынастардың сипатын танытып, оларды жұмыс істетеді, әрі дамытады.

 

Әлеуметтік-экономикалық жүйенің  басты ерекшелігі – оның басты  компоненті адам болғандықтан бұл жүйенің  негізінде адамдардың мүддесі жатады.

 

Мұндай жүйе дербестікке ие элементерден тұрады.

 

Мәселен, кәсіпорын бір жағынан  дербес жүйені білдіретін болса, екінші жағынан оны салалардың жүйе тармағы  ретінде қарастыруға болады.

 

Бұл жағдай экономикалық жүйелерге  де қатысты:

 

•                    Жүйелер арасында ең алдымен басқарушы  және басқарылушы жүйелер арасында себеп-салдар байланысы болуы керек. Бұл мынаны білдіреді: басқару ісінде жүйе мен басқарылатын объекті өзгерістерге бірдей жауап қайтарған жағдайда ғана мүмкін болады, яғни кері байланыс орнайды.

 

•                    Жүйенің басқару ықпалын күшейте  алатындай қабілеті, яғни осы ықпалға  жауап беріп қана қоймай, оны тереңдететін қабілетке ие болуы керек.

 

•                    Жүйелердің динамикалығы. Жүйе бір  сапалы жағдайдан, екіншісіне өте алатындай  қабілетке ие болуы керек.

 

•                    Жүйеде процесс ағымына әсер ете  отырып, оны өзгерте алатындай  параметрдің бар болуы.

 

•                    Басқару ақпаратын іздеу, жинақтау, жаңғырту мүмкіндіктерін қамтамасыз ету.

 

•                    Жүйелердің тұтастай сипаты. Онсыз  бақылау мен басқару мүмкін емес.

 

Жүйелі тәсілдемені қолданудың негізінде басқару ісі үш тізбекті кезеңді қамтиды:

 

•                                             бірінші кезенде салалар анықталады, басқару субъектілері қызметінің ауқымы мен саласы нақтыланады. Қызметтің  ақпараттық қажетттілігінің баламалы салалары мен ауқымдары белгіленеді;

 

•                                             екінші кезеңде қажетті зерттеулер жүзеге асырылады;

 

•                                             үшінші кезеңде белгілі мәселерді  шешудің баламалы нұсқалары жасалып, әр бір міндет бойынша оңтайлы  нұсқа тандап алынады.

 

Жүйелік ықпалдың дамуы ұйымға тірі организм ретінде қарап, ол ашық жүйе екенін көрсетті.

 

Жағдайлық ықпал ұйым ашық жүйе болған соң, икемді басқаруды қажет ететінің түсінуге мүмкіндік берді. Ұйым қызмет етуі үшін үнемі өзгеретін сыртқы ортаға бейімделуі қажет.

 

 

 

4-Тақырып. Ұйым туралы түсінік  және оның түрлері

 

1. Ұйым және оның белгілері.  Синергиялық эффект

Информация о работе Менеджмент мәні мен қағидалары