Партияның негізгі функциялары мен қызметтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Мая 2013 в 11:07, курсовая работа

Краткое описание

Мен, IV курс студенті Айсин Ануарбек Мейрамбекұлы “Нұр Отан” ХДП Астана қаласы Алматы ауданы “Нұр” филиалында көмекші ретінде 7.01-15.03.2013 аралығында өндірістік тәжірибеден өттім.
Тәжірибе кезінде партияға жаңа кірген адамдардың есебін жүргізу, тізімдеу, партиялық билеттерді үлестіру, жиналыстар ұйымдастыру жұмыстарын атқардым.

Тәжірибе өту кезінде:
- Партия жарғысымен;
- Филиалдың атқаратын қызмет түрлерімен;
- Жұмыс кестесімен;
- Жұмыскерлердің лауазымдық нұсқаулықтарымен;

Содержание

КІРІСПЕ 3

I. Нұр Отан партиясының тарихы мен құрылымы.
1.1. Нұр Отан партиясының қалыптасуы мен дамуы
1.2. «Нұр отан» ХДП Астана қалалық филиалы атқарушы органының
құрылымы. “Нұр” филиалы
1.3. «Нұр отан» ХДП жарғысы

II. Партияның негізгі функциялары мен қызметтері.
2.1. Партияға өту
2.2. Сыбайлас жемқорлықпен күрес
2.3. «Нұр отан» ХДП халықтық тұғырнамасы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Вложенные файлы: 1 файл

Есеп беру.docx

— 237.35 Кб (Скачать файл)

5) жемқорлықпен күресте азаматтық қоғам құрылымдарымен өзара қатынас жасау;

6) қоғамның және азаматтардың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін жемқорлықтан қорғауды қамтамасыз етуге атсалысу;

7) қоғамда жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру.

Ашықтық, мөлдірлік, заңдылық, алқалылық және жүйелілік Кеңес  қызметінің негізгі принциптері  болып табылады.

 

 

2.3. “НҰР ОТАН” ХДП ХАЛЫҚТЫҚ ТҰҒЫРНАМАСЫ  

 

І. БІЗДІҢ ҚАЗАҚСТАН. БІЗДІҢ ТАҢДАУЫМЫЗ

2012 жылдың 15 қаңтарында Парламент Мәжілісіне сайлау болады. Қазақстан маңызды таңдаудың алдында тұр. Еліміздің ертең қандай жолмен

«Нұр Отан» – еліміздің  Президентінің партиясы, халықтық партия. Ағымдағы жылғы 3 сәуірде өткен соңғы президенттік сайлау қазақстандықтардың Елбасымыз – Нұрсұлтан Назарбаевты жаппай қолдайтындығын және халықтың Мемлекет басшысының стратегиялық бағытымен одан әрі жүруге дайын екендігін көрсетті.  

Біз, нұротандықтар, Елбасының  стратегиялық ойларын іске асыруда  оның сенімді тірегі болып табыламыз  және экономикалық дамудың жоғары қарқынын және барлық азаматтардың әл-ауқатының  бұдан әрі өсуін қамтамасыз ету  үшін өзімізге жауапкершілік жүктеуге дайынбыз.

Қазақстанның болашағын, біз, нұротандықтар, әрбір азамат лайықты  өмір сүретін әрі өз балаларының  болашағы үшін сенімді болатын, әр адам жеке табысқа жету және өзінің барлық қабілеттерін іске асыру үшін мүмкіндігі бар мықты мемлекет ретінде көреміз. Әрбір қазақстандық сапалы біліммен, жоғары деңгейлі медициналық қызмет көрсетумен, жалақысы жоғары жұмыспен қамтамасыз етілетін болады. Біз барлық ұлт өкілдері бір-бірін сыйлайтын әрі өзінің Отанын мақтан ететін, өмір сүру үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз елде тұратын боламыз. 

Және бұл бұлдыр қиялдағы арман емес – әбден шынайы, нақты  мақсат. Бұған қол жеткізу үшін бізде барлығы: біздің Елбасымыз, тәжірибеміз, бірлігіміз, болашаққа ұмтылысымыз бар. Және ең бастысы бізде перспективамыздың анық көрінісі – «Қазақстан – 2020» президенттік стратегиясы бар.

Осы мақсаттармен алға ұмтыла отырып, біз отандастармызға «Ұлттық  іс-қимыл жоспарын» ұсынамыз. Бұл жаңа парламенттік мерзімге біздің сайлауалды тұғырнамамыз. Бұл президенттік «Стратегия 2020» іске асырудың бес жылға арналған біздің тиянақты қадамдық жоспарымыз.

Біздің партиямыздың қатарында  850 мыңнан астам партия мүшесі бар. Бүкіл ел бойынша 7 мың бастапқы партия ұйымдары қызмет жасайды. Бізде 500-ден астам өңірлік филиалдар мен қоғамдық қабылдаулар жұмыс істейді. Мұның барлығы: біз адамдарға, елге не қажет екенін білеміз деп нық айтуға мүмкіндік береді.

Біздің мақсатымыз – қуатты әрі гүлденген Қазақстан. Және біз бұған қалай жетуге болатындығын білеміз.

 

ІІ. НҰР ОТАН: АЙТЫЛДЫ  – ЖАСАЛДЫ 

2007 жылдың сайлауы қазіргі  заманғы Қазақстан тарихында  бірегей болды – алғаш рет үкіметтің құрамы сайлауда жеңіп шыққан партиямен құралды. Және осы өткен бес жыл біз партиялық үкіметті қолдап, оның жұмысына жауап бердік.

Өткен кезең біз  үшін жеңіл сынақ болған жоқ. Бүкіл әлем сияқты біз жаһандық экономикалық дағдарыстың соққысына тап болдық. Жағдайдың қиындығы жылдам, батыл әрі шешуші шараларды талап етті.

Кез келген баяулату бағаның  тоқтаусыз өсуіне, жаппай жұмыссыздыққа  және әлеуметтік шиеленіске әкелуі мүмкін еді.  Және осы қиын сәтте «Нұр Отан» өзінің жұмысын бірнеше бағытқа топтады. Партия Үкіметпен бірлесіп, Елбасының дағдарысқа қарсы бағдарламасын іске асырды. Біз елдің өңірлерінде Президентіміздің дағдарысқа қарсы бағытын және партияның саясатын түсіндіре отырып, белсенді жұмыс істедік. Біз бағаның өсуін және дағдарысқа қарсы қаражаттың жұмсалуын қатаң бақылауға алдық. Біз қоғамдық келісім мен тұрақтылықты белсенді түрде нығайттық.

Нәтижесінде, беделді халықаралық  сарапшылардың бағалауы бойынша  Қазақстан соңғы он жылда экономикасының өсу қарқыны бойынша әлемдік  көшбасшылардың үштігіне кірді. Ақырында дағдарысқа қарсы күрестің қазақстандық рецептін әлемнің көптеген елдері қолданды.

Еуропа мен Америка  елдерінде жұмыссыздық артқан кезде, Қазақстанда Елбасы бастамашылық жасаған  және партиялық үкімет іске асырған  «Жұмыссыздықтың жол картасы» екі  жылда шамамен 400 мың жаңа жұмыс  орнын ашуға, 4 мыңнан астам мектептер мен балабақшаларды, ауруханаларды, мәдениет үйлерін, кітапханаларды, 5 мың километрге жуық жергілікті жолдарды жөндеуге, 400-ден астам ауылды абаттандыруға мүмкіндік берді.

Көптеген елдер дағдарыстың  ықпалынан әлеуметтік шығыстарды, жалақы мен зейнетақыларды қысқартса, Қазақстанда  Елбасы, біздің партияның Көшбасшысы өзінің қағидатты ұстанымынан тайынбады  – және барлық дағдарысқа дейін  жоспарланып қойған әлеуметтік төлемдер мен жалақыларды көтеру орындалды.

Дамыған елдерді әлеуметтік толқулар мен жаппай ереуілдер жайлаған кезде біз елімізде саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтай алдық. Біздің партия барлық саяси және қоғамдық күштерді жұмылдыру миссиясын өзіне алды. «Нұр Отан» Партияаралық кеңес құрып, жетекші үкіметтік емес ұйымдармен және кәсіптік одақтармен әлеуметтік тұрақтылықты сақтау туралы меморандумдар жасасты. Қазақстандықтардың біртұтастығы мен ауызбірлігі дағдарыспен күрестегі біздің басты қаруымыз болды.

Қоғамдық қабылдау партиялары бүкіл елде  қарапайым азаматтардың көкейтесті проблемаларын шешті. Бағаны партиялық мониторингілеу әрбір қала мен ауылда дерлік ең қажетті тауарларға бағаның күрт өсуін ұстап тұруға көмектесті. Партиялық бақылау комитеті мемлекеттік қаражаттың мақсатқа сай жұмсалуын қатаң бақылады.

«Нұр Отан»  партиясының алдында бір мезгілде дағдарысқа қарсы тұру және сайлауалды міндеттемелерді орындау сияқты қиын міндет тұрды. Елбасының тиімді стратегиясының, партиялық Үкіметтің және Парламенттегі «Нұр Отан» фракциясының батыл әрі табанды іс-қимылының арқасында біз өз уәдемізді орындадық. 

 

ЭКОНОМИКА: ДАҒДАРЫСҚА ҚАРАМАСТАН ӨСУ

Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың ең ауыр кезеңінің өзінде біз елдің жалпы ішкі өнімінің үздіксіз өсуін қамтамасыз еттік. 2007 – 20111 жылдары Қазақстанның ЖІӨ 2 есеге дерлік ұлғайды.

Біз 81 млрд. АҚШ долларынан астам мөлшерде тікелей шетелдік инвестициялар тарта алдық.

Біздің негізгі міндеттемелеріміздің бірі шағын және орта кәсіпкерлікті  қолдау болды. Және өткен парламенттік мерзімде біз, әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан, елдің ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесін азайтқан жоқпыз – ол бүгінгі таңда 30%-дан астамды құрайды. Бізде қазір барлығы 1,2 млн. астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді.

«Бизнестің жол картасы  – 2020» табысты іске асырылуда. Бұл Бағдарламаның ерекшелігі – біздің партия барлық уақытта басты назар аударатын қазіргі бар жұмыс орындарын сақтау және жаңаларын ашу болып табылады. Мәселен, Бизнестің жол картасы іске асырылған екі жылдың ішінде ғана 60 мыңнан астам жұмыс орны сақталды, ал 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды.

Біз бизнес үшін әкімшілік  кедергілерді азайту мақсатын қойдық. Партиядағы депутаттардың белсенді жұмысының нәтижесінде 2011 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды, онымен анықталған 1015-тің ішінде рұқсат беру құжаттары 30%-ға қысқарады, сондай-ақ рұқсат беру рәсімдері оңайлатылады. Аталған шаралар лицензиялық-рұқсат беру құжат айналымын 800 мың бірліктен астамға қысқартуға әкеледі, бұл кәсіпкерлікті шынайы қолдаудың көрінісі.

Біз экономикалық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілікті  ізгілендіруге бағытталған заң  жобасын әзірлеуге бастамашы  болдық, оны қабылдау кәсіпкерлік  субъектілерінің құқықтық қорғалуын  едәуір арттырады. 

 

Ұлттық қауіпсіздік  және халықаралық бедел

Серпінді дамып келе жатқан мемлекетті құрудың қазақстандық моделі әлемде жалпыға бірдей танылған. Біз еліміздің өңірдегі беделін нығайта алдық. ЕҚЫҰ-ға және ИКҰ-ға төрағалық ету халқымыздың мақтанышына айналды, ал біздің елімізде адамзаттың жартысынан көбін біріктіретін қысқы Азиада-2011 өткізу Қазақстанның әлемдік аренада беделінің артқандығын көрсетті.

Экономикалық табыстардың  арқасында еліміз өзінің қорғаныс қабілетін  едәуір арттыра алды. Партиялық үкімет Қарулы Күштерді одан әрі нығайту бойынша күш-жігерді жалғастырды.   

Өткен бес жыл – қарапайым  емес шешімдер мен істер уақыты. Бірақ еліміз дағдарысты еңсеріп қана қоймай, күшті бола түсті, тіпті дағдарыс шыңына шыққан 2009 жылы бізде экономиканың өсуі 1,2%-ды құрады. Мұнда біздің барлығымыздың, әрбір қазақстандықтың еңбегі жатыр.  Бұл – бүкіл халықтың ортақ табысы!

Біз «Нұр Отан»  партиясында сөз істен ешқашан  алшақтамайтындығын дәлелдедік. Нұр Отан – халықтың сенімді партиясы, ол біздің шынайы істерімізбен нығаюда.
 

ІІІ. БОЛАШАҚ БҮГІННЕН БАСТАЛАДЫ 

 

Әлем тұрақсыздық пен  белгісіздік кезеңінде тұр. Жаһандық экономика жаңа толқулар табалдырығында тұр. Әлемдік дағдарыс біткен жоқ – жетекші экономист-ғалымдардың болжамы бойынша дағдарыстың жаңа толқынының болуы сөзсіз.

Еуропалық Одақтағы борыш  дағдарысы бірқатар елдерді дефольттың шегіне әкелуде. Әлемнің ірі елдері қаржы проблемасын көруде. Бүкіл әлемде ірі банктер мен қаржы корпорацияларының пайдакүнемдік іс-қимылдарына, кірістерді әделетсіз бөлуге, ушығып отырған әлеуметтік теңсіздікке қарсы ауқымды акциялар өтуде.

Біздің еліміз барлық әлем сияқты алдағы жаһандық проблемалардың ықпалын сөзсіз сезетін болады. Және бүгінгі таңда әрбір қазақстандықты түйінді мәселелер толғандырады:

Біз жаңа сынақтарға дайынбыз ба?

Біздің ертеңгі  күніміз не болады?

Біздің іс-қимыл  жоспарымыз қандай?

Мен үшін елім не істейді?

Мен ел үшін не істей  аламын?


 

ІV. БІЗ ҚҰРАТЫН  ҚАЗАҚСТАН 

Жақын уақыттағы бес жылда  біз іс-қимылымыздың тоғыз түйінді  бағытын алға тартамыз. Олар республикалық және өңірлік бюджеттерді қалыптастырған кезде, заң шығару қызметі және барлық салалық даму бағдарламаларын әзірлеу кезінде бағдар болады.

Біз, табиғи байлық, өнеркәсіптік инфрақұрылым және қаржылық мүмкіндіктер – бұл бізге алға қойған мақсаттарға  қол жеткізуге көмектесетін біздің артықшылығымыз деп санаймыз. Бірақ, бұл ретте елдің басты игілігі – бұл адам, оның білімі мен мүмкіндіктері, оның денсаулығы мен әл-ауқаты екендігіне нық сенеміз. Адам – бұл біздің маңызды ресурсымыз, оның негізінде біздің болашақ дамуымыз салынатын болады.

Міне, сондықтан да жақын  арадағы бес жылда және бұдан  әрі де біздің партияның назарында  әрдайым адам, оның білімі мен денсаулығы тұратын болады. Білімді және дені сау ұлт бола отырып, біз өз кезегінде біздің барлығымызға ауқатты өмір мен жоғары деңгейдегі кірісті қамтамасыз ететін мықты экономиканы құра аламыз. Біздің болашақ табысымыздың формуласы – адами әлеуетті дамыту арқылы әрбір қазақстандық үшін жоғары өмір сүру деңгейіне жету.

Біз болашақта қазақстандықты жоғары білімді және дені сау, бастамашыл әрі жауапты, мәдениеті жоғары әрі  рухани бай, жағдайы жақсы және табыскер азамат етіп көреміз. 

 

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  –
ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚТЫҢ НЕГІЗІ

Жаһандық бәсекелестікте жүйелі негізде өз азаматтарының  интелектуалдық әлеуетін дамыту үшін жағдай жасайтын елдер жеңеді. Сондықтан партия өзінің негізгі басымдықтарының бірі ретінде барлық деңгейде сапалы білім беруді дамытуды айқындайды. Балабақшадан университетке дейін сапалы білім беру еліміздің барлық жерінде қол жетімді болады. Білім берудің барлық деңгейінде үздік әлемдік стандарттарға сәйкес келетін алдыңғы қатарлы білім беру бағдарламалары енгізілетін болады.

Біз инновациялық ойшыл азаматтар  даярлайтын сапалы білім берудің  бәсекеге қабілетті жүйесін құратын  боламыз. Біз әрбір екінші білім беру ұйымында қамқоршылық кеңестер құру арқылы білім берудің сапасына қоғамдық бақылауды кеңейтуге ниет білдіріп отырмыз.

Біз мемлекеттік білім  беру жинақтаушы жүйесін дамытуға жәрдемдесетін  боламыз. Әрбір ата-ана жоғары оқу орындарында және колледждерде оқытуға ақы төлеуге екінші деңгейдегі банктерде депозит аша алады. Бұл ретте мемлекет білім беру жинақтарын жылдық 5-тен 7%-ға дейінгі мөлшерде сыйақымен көтермелейтін болады. Бұдан басқа, банк жылдық 8 – 9% мөлшерінде сыйақы беретін болады.

Мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесінің түпкілікті нәтижесі жоғары, техникалық және кәсіптік білім берудің  халық үшін қолжетімділігін кеңейту  болады.  

Жоғары мектеп мен ғылым  біздің ұлттық білім беруді өңірде көшбасшы ұстанымға шығаратын локомотив  болады.

Біз білім беру инфрақұрылымын жаңартатын, оқытушылар құрамының біліктілігін түбегейлі арттыруға ықпал ететін, барлық педагогтарға лайықты еңбекақы төлеуге қол жеткізетін және педагог  кәсібінің беделі мен мәртебесін арттыратын боламыз, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға  бағдарлай отырып, әлемдік деңгейге шығару мақсатында қазақстандық ғылымды  дамытатын боламыз. 

 

Жақын арадағы бес жылда  біз

Информация о работе Партияның негізгі функциялары мен қызметтері