Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Мая 2013 в 11:07, курсовая работа
Мен, IV курс студенті Айсин Ануарбек Мейрамбекұлы “Нұр Отан” ХДП Астана қаласы Алматы ауданы “Нұр” филиалында көмекші ретінде 7.01-15.03.2013 аралығында өндірістік тәжірибеден өттім.
Тәжірибе кезінде партияға жаңа кірген адамдардың есебін жүргізу, тізімдеу, партиялық билеттерді үлестіру, жиналыстар ұйымдастыру жұмыстарын атқардым.
Тәжірибе өту кезінде:
- Партия жарғысымен;
- Филиалдың атқаратын қызмет түрлерімен;
- Жұмыс кестесімен;
- Жұмыскерлердің лауазымдық нұсқаулықтарымен;
КІРІСПЕ 3
I. Нұр Отан партиясының тарихы мен құрылымы.
1.1. Нұр Отан партиясының қалыптасуы мен дамуы
1.2. «Нұр отан» ХДП Астана қалалық филиалы атқарушы органының
құрылымы. “Нұр” филиалы
1.3. «Нұр отан» ХДП жарғысы
II. Партияның негізгі функциялары мен қызметтері.
2.1. Партияға өту
2.2. Сыбайлас жемқорлықпен күрес
2.3. «Нұр отан» ХДП халықтық тұғырнамасы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Орта білім беруде:
Ақпарат көлемі әрбір 9 айда еселеніп отырған жылдам өзгеріп отырған әлем жағдайында баланы академиялық білімге ғана емес, қажетті ақпаратты дербес іздеуге, талдау мен тиімді қолдануға үйрету маңызды. Әлемдік стандарттарға сәйкес келетін орта білім беру жас қазақстандықтарға ақпараттық ағында тез бағдарлануға және заманға сай табысты және бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді. Бұл үшін біз:
Кәсіптік-техникалық және жоғары білім беруде:
Ғылым саласында:
ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ – ЕЛ ҚУАТЫ
Болашақтағы білімі жоғары қазақстандық жеке табысқа қол жеткізіп, тек мықты денсаулығы мен сапалы өмір сүру жағдайы болғанда ғана өз Отанына пайда келтіре алады. Сондықтан партия жақын арадағы бес жылға арналған өз жұмысында ұлт денсаулығын нығайтуға бағдарланатын болады. Біздің жұмысымыздың басты көрсеткішін біз жалпы өлімді ең болмағанда 15%-ға азайтудан және өмір сүрудің орташа ұзақтығын 70 жасқа дейін өсіруден көреміз.
ЭКОНОМИКА: ДАМУДЫҢ ЖАҢА ӨЛШЕМДЕРІ
Алдағы бес жылда біз экономикамыз, бір жағынан, ықтимал әлемдік дағдарыстың алдында тұра алатындай, ал екінші жағынан, жоспарлы, үдемелі алға жылжу жалғасатындай жұмыс істейтін боламыз. Нәтижесінде біздің экономикамыз әлемдік нарықтарда бәсекеге қабілетті болады, бұл, өз кезегінде, ұлттың әл-ауқатын арттыруға ықпал ететін болады.
Партияның қағидатты міндеті – ұлттық экономиканың макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету.Бұл – ішкі және шетелдік инвестициялар үшін қолайлы ахуалды қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді экономикалық өсу үшін іргетас.
Партиялық үкімет макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудің қатаң саясатын жалғыстырады. Жаңа парламенттік мерзімде біз орташа жылдық инфляция деңгейі 6 – 8% шегінде болуына қол жеткізетін боламыз.
Ұлттық қорда қаржы ресурстарының жинақталу саясаты жалғасатын болады. Ұлттық қордың активтері жақын арадағы бес жылда ЖІӨ-ге 30% деңгейіне дейін жеткізілетін болады. Бұл әлемдік тауар нарықтарындағы қолайлы конъюнктураның кезеңінде бюджеттің мұнай кірістеріне тәуелділігін азайтуға мүмкіндік береді және дағдарыс жағдайында сенімді «қауіпсіздік жастығы» болады.
Инновациялық
экономика – білім
Жаңа парламенттік мерзімде
біз Елбасының үдемелі
Дамыған экономикалардың кіріс деңгейіне қуып жету үшін біз экономика өсуінің жоғары қарқынын қолдауға ниет білдіріп отырмыз. Біздің мақсатымыз – экономиканың орташа жылдық өсу қарқынын 6 – 8% деңгейінде қамтамасыз ету.
Осы мақсаттарда «болашақтың инновациялары» серпінді нүктелерін дамытуға, осы негізде Қазақстанның индустриялық кластерін жаңғыртуға және оларды дамудың сапалы жаңа деңгейіне шығаруға ұмтылатын боламыз.
Біз инновациялық индустрияландырудың басым секторларын жеделдетіп дамыту міндетін алға қоямыз.
2017 жылға қарай біз
мыналарға қол жеткізетін
Жаңа инновациялық экономика құруға еңбек өнімділігін түбегейлі арттырусыз қол жеткізу мүмкін емес.
Біз еңбек өнімділігін 2017 жылға қарай:
Инновациялық
Үдемелі индустрияландыруды жүргізу көп инвестицияны талап етеді. Сондықтан біз экономиканың шикізатқа жатпайтын секторларына отандық және шетелдік инвестициялардың кемінде 15%-ға өсуі үшін жағдай жасаймыз.
Нәтижесінде 2017 жылға қарай:
АДАМ. ЖАҢА ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ
Елдің дамыған экономикасы бізге жаңа әлеуметтік саясатты бастауға мүмкіндік береді. Ол қазақстандықтардың өмірлік маңызды мүдделерін қанағаттандыруға – балалы болуға, лайықты қарттыққа сенімді болуға, жайлы жағдайда тұруға, дербес жауапкершілігін іске асыруға ұмтылуға негізделетін болады. Осы басымдықтарды басшылыққа ала отырып, Нұр Отан алдағы бес жылда партиялық үкіметтің жұмысын мынадай бағыттарға арнауға ниет білдіріп отыр.
Ана мен баланы қолдау
Біз бай қоғамның балалармен де бай болуына ұмтыламыз. Қазақстандықтардың өзінің балалы болуға ықыласын іске асыруға мүмкіндігі болуға тиіс. Ол үшін біз 2017 жылға қарай ана мен бала өлімін 1,5 есеге азайтуға қол жеткізу міндетін алға қоямыз.
Біздің іс-қимылымыз
Сондықтан алдағы бес жылда партия мектепке дейінгі балалардың кемінде 70%-ының балабақшаларға баруына, балалардың мектепке дайындығының жоғары болуын қамтамасыз ету үшін, бірақ олардың оң әлеуметтануына қол жеткізуге ниет білдіруде.
Бақытты балалық шақ – бұл салауатты дамып келе жатқан қоғам қалыптастырудың сөзсіз шарты. Сондықтан біз әйел-анаға қоғамда лайықты орынды қамтамасыз етуге ұмтылатын, баланы тәрибелеу үшін барлық жағдай жасайтын боламыз.
Мұқтаж адамдарға қамқорлық
Біз барлық ниет білдіргендерді және жұмыс істеуге мүмкіндігі бар адамдарды лайықты жұмыспен қамтамасыз етуге ниет білдіреміз. Бірақ белгілі бір жағдайларға орай мемлекет қамқорлығына алуға тиіс адамдар да бар.
Партиялық үкімет елдің барлық
азаматтарының өмір сүру деңгейін арттыру
мен сапасын жақсартуға, халықтың
әлеуметтік тұрақтылығы мен қорғалуын
нығайтуға бағытталған
Аз қамтылған халықты әлеуметтік қолдауатаулы әлеуметтік көмекке және орнықты және өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың кіріс деңгейін арттыруға негізделетін болады. Алдағы бес жылда біз мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін дәйекті көтеретін, ал атаулы әлеуметтік көмекті күнкөріс деңгейінің шамасынан 60%-ға дейін ұлғайтуға ниет білдіріп отырмыз.
Бірақ партияның қағидатты ұстанымы – мемлекеттің көмегіне мұқтаж адамдарды асырандылар және жәрдемақы алушылар рөлімен ғана шектеуге болмайды. Партия сандық мөлшерде ғана емес, жеке меншік жауапкершілікті іске асыру үшін жағдай жасаудан және кеңейтуден көрінуге тиіс. Бұл үшін алдағы парламенттік мерзімде біз атаулы әлеуметтік көмек алатын еңбек етуге қабілетті азаматтардың санын 30%-ға дейін азайтуды көздеп отырмыз. Ал өзінің құрамында еңбек етуге қабілетті адамдары бар аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек олар жұмыспен қамту бағдарламасына қатысқан жағдайда ғана берілетін болады.
Зейнеткерлерге лайықты өмір
Әрбір зейнеткер лайықты өмір сүру деңгейіне ие болуға тиіс. Бұл үшін біз:
Жастар табысы – елдің табысы
Жастар – бұл Қазақстанның
ертеңгі жетістіктерін
Алдағы парламенттік мерзімде партия жастарды Елбасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі бастамасын іске асыруға белсенді түрде тартуға ниет білдіріп отыр. Біз «Жастар саясаты» бағдарламасын іске асыру арқылы, меншік нысанына қарамастан мемлекеттік ұйымдар мен кәсіпорындарда қажетті практикалық білім мен бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мүмкіндігін бере отырып, ел жастарын жұмысқа орналастыруға жәрдемдесетін боламыз. Сонымен біз жастардың жұмыссыздығының өсуіне жол бермейміз, жас қазақстандықтарды ел экономикасын жаңғыртуға тартамыз.
Информация о работе Партияның негізгі функциялары мен қызметтері