Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2014 в 12:47, курсовая работа
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың, жергілікті дамудың барлық мәселелерін шешуге азаматтардың қатысуын кеңейтудің маңызы зор» екендігі аталып өткен «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауына сәйкес әзірленді.
Жергілікті өзін-өзі басқару бірінші кезекте өзімізге қажет. Өйткені, ол жергілікті жердің түйінді мәселелерін шешуге тұрғындардың өздерін тартуға мүмкіндік береді. Түйіп айтқанда, бұл қатардағы қазақстандықтар мемлекетке алақан жаймай, күнделікті тұрмыстық мәселелерін: малды қай жерге жаятындарын, бау-бақшасын қандай сумен суаратынын, күл- күл-қоқысты кім жинайтынын, жолдарды кім жөндейтінін өздері шешулері үшін керек. Кез-келген қазіргі заманғы демократиялық мемлекет тым болмаса жергілікті өзін-өзі басқару әдісіне кепілдік бермесе немесе оның бар екенін мойындамаса, экономикалық және әлеуметтік үдерістердің тиімді басқары¬луын қамтамасыз ете алмайды. Себебі, басқару саласы аса күрделі және көпқырлы, сондықтан қоғамдық дамудың барлық мәселелерін тек орталықтан шешу қиындық туғызады. Басқару қызметінің тиімділігін арттыру үшін өкілетті-ліктің бір бөлігін тұрғындардың ортақ мүддесі тұрғысынан алып қарағанда оңтайлы нәтижеге қол жеткізеді деуге болатын басқару деңгейіне берген ұтымды. Бұл өз кезегінде жергілікті жағдайды, мүмкіндікті, басқарудың әдістері мен тәсілдерін сөзсіз есепке алуды талап етеді. Ал жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік басқаруды оңтайландырудың нағыз төте жолы болып табылады.
Дүние жүзінде жергілікті
өзін-өзі басқарудың бірнеше
ҚР-ның Конституциясында
мұндай деңгейлер
Жергілікті өзін-өзі
басқару туралы заң
Парламенттің жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңды ұзақ уақыт қабылдай алмай келе жатқанының басты себебі осында жатқан секілді. Ертеректе мемлекеттік басқаруды аудандық деңгейде шектеу ұсынылған заң жобасының нұсқасы болғаны да ұмытыла қойған жоқ. Ол бойынша, ауданнан төмен деңгейде, оның өзінде міндетті түрде тек ауылдарда ғана жергілікті өзін-өзі басқару институты ен¬гізілуі тиіс болатын. Ондай жағдайда Консти-туцияның бұзылуына жол берілетіні күмәнсіз еді. Сол нұсқаны Үкіметтің кері қайтарып алғанын бүгінде заңдылық деуіміз керек.
Жергілікті өзін-өзі
басқару туралы болашақ заң
жобасының үкіметтік нұсқасы
тұжырымдамалық тұрғыдан
Заң жобасында жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін функциялар мен өкілет-тіктер де нақтыланған. Түйіп айтқанда, олардың жергілікті мемлекеттік органдар қызметін қайталауына жол бермеуге әрекет жасалған. Ал соңғысы, жергілікті өзін-өзі басқару органда-рының өкілеттілік мерзімі 4 жыл деп белгіленгенін, оның үстіне, өкілетті орган – кеңесті бүкіл халықтық тікелей сайлау арқылы, ал атқарушы орган – төрағаны сайлау немесе кеңес тағайындайтын етіп құру ұсынылып отырғанын айта кеткен жөн [3].
Мемлекеттік басқарудағы
секілді жергілікті өзін-өзі
ҚР-да «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң қабылданғаннан кейін аталған институттың құқықтық қызмет алаңын қамтамасыз ету үшін басқа заңнамалық актілерге шамамен отыз шақты тиісті өзгерістер енгізу керек. Бұған қоса, жаңа заңнамалық актілердің тұтас бір шоғырын қабылдау қажеттігі туындайды. Олар – «Муниципалды қызмет туралы», «Жергілікті өзін-өзі басқару қызметінің экономикалық және қаржылық негіздері туралы», «Жергілікті референдум туралы», «Муниципалды меншік туралы», «Жергілікті өзін-өзі басқаруды облыстық, республикалық маңыздағы қалалар мен ел астанасында ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» сияқты басқа да бірқатар заңдар. Бірақ мұның барлығы ең басты мәселе қалай шешілетініне, яғни ел Конституциясын, атап айтқанда, жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысты бапты өзгерту қажет пе деген мәселе қалай шешілетініне байланысты болмақ [3].
Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру мен дамытудағы басты мақсат – өзін-өзі ұйымдастыру жағдайларын құру және адамның потенциалды мүмкіндіктерін толық ашу үшін әрбір азаматтың өзінің тұрып жатқан территориясында сол өлкенің проблемаларын шешуге байланысты қүқықтарды жүзеге асыру қажет. Жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру азаматтық қоғамды дамыту және жетілдірумен, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының жалпы деңгейімен, жергілікті қоғамның өміріне тікелей әсер ететін басқа да факторлар және өзге де жағдайлармен байланысты ұзақ мерзімді, көп этапты және динамикалық түрдегі процесс болып табылады. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің жалпы және жергілікті жағдайларының өзгеруіне байланысты басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету үшін осы өзгерістерге сай қайта өзгеруі және икемделуі қажет.
Осылайша, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мен жетілдірудің әрбір кезеңдерінде өзіндік міндеттері шешілуі тиіс. Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өз басқаруды жетілдірудің алғашқы кезеңдерінің басым міндеттері мынадай:
- Қазақстан мемлекетін
дамытудың жалпы
- республикада жергілікті
өзін-өзі басқару моделін
- жергілікті өзін-өзі
басқаруды заңды түрде
- мемлекеттік басқару
мен жергілікті өзін-өзі
- жергілікті өзін-өзі
басқару жүйесін құруда
- жергілікті өзін-өзі
басқару органдары үшін
Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды үкіметтің төменгі деңгейі ретінде бағалаушылық дәстүрі қалыптасқан. Бірақ Қазақстандағы саяси элита өкілдерінің көпшілігінің пікірлері мынаған алып келеді: жергілікті өзін-өзі басқару - бұл тек үкіметтің ғана төменгі деңгейі емес, сондай-ақ мемлекетті тұрақты дамытудағы қуатты фактор, мемлекет пен қоғам мүддесін келістірудегі тиімді механизм. Жергілікті өзін-өзі басқару институты өзін бұқаралық үкімет институты, азаматтық қоғам институтын - басқару деңгейі ретінде көрсете алады. Сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік органның қүрамдас бөлігі болып саналады.
Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру мен дамыту мемлекеттік қүрылыстың жеке дара бағыты ретінде қарастырылмайды, ол толығымен мемлекеттік реформаның ажырамас белігі. Жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру мен дамыту процестері мемлекеттік үкімет пен мемлекеттік басқаруды реформалау процестерімен, сондай-ақ азаматтық қоғамды жетілдіру процесі арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
Қазіргі кезде жергілікті озін-өзі басқару сферасында негізгі шешілмей жүрген мәселелерді шешу үшін, жергілікті өзін-өзі басқару органының мемлекеттік үкімет органымен бірге өзара қызмет ету жүйесін құрып, маңызды мәселе бюджетаралық қатынастарды қалыптастыру керек. Сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімді аймақтық негіздерін анықтау мәселесін шешумен бірге муниципалды білім беруді әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселесі – қазіргі кездегі өте өзекті мәселелердің бірі.
Осы аталған мәселелерді
шешу үшін минималды
Ауылдық жерлерде жергілікті өзін-өзі басқару проблемасына өте көп мән беру қажет секілді. Негізінен жергілікті өзін-өзі басқару алдымен ауыл, село, шағын қалаларда, яғни өзін-өзі басқару дәстүрлері мен өзін-өзі анықтау дәстүрлері бар жерлерде құрылуы қажет. Қазақ халқында өзін-өзі басқару дәстүрі дамыған. Ақсақалдар мен билердің бұрынғы институттары – бұл халықтың өзін-өзі басқару формалары. Ғасырлар бойы қазақ даласында адамдар еркін болып, қоғам мен халықтың мүддесін қорғаған, халық адал адамдарды ғана бағалап, соларға сенді. Осындай тұлғалардың көбісі қоғамдық шешімдерді қабылдау үшін негіз болды. Өзін-өзі басқаруды қаржысыз, бюджетсіз құруға болмайды. Өйткені, егер өзін-өзі басқару қаржысыз, бюджетсіз құрылған болса, мұндай органдардың халық алдында беделі болмайды және олар ешкімді басқара алмайды. Егер осы органдарға мемлекеттік бюджет тарапынан қаржы бөліп, оны бекітсек және оның қалай орындалуын қадағалайтын болсақ, онда өзіндік басқару тағы да болмайды. Сондықтан да, бюджеттік жүйе туралы заңдылықты жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті деп атаған жөн болар еді. Ол үшін жергілікті өзін-өзі басқаруға салықтың қандай да бір түрін беру керек.
Қазіргі кезде қозғалмайтын мүлік үшін де салықты орталыққа төлемей жергілікті өзін-өзі басқару органдарына төлесек, онда осы салықтардан түскен қаржыны құрылысты дамытуға, кәсіпорын ашуға, жергілікті өнеркәсіпті дамытуға жұмсаған болар едік. Сондай-ақ автотранспортқа кеткен салықтардан түскен қаржыны өзін-өзі басқару органдарына жұмсаған дұрыс. Бюджетке түскен бұл қаржыларды ауылдағы отбасының тұрмысын жақсартуға, ауыл тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға, кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндіктеріне жұмсаған болар едік.
Қазір мұндай жағдай әлі де болса бізде жоқ. Тек дамыған елдерде ғана ондай мүмкіндіктің бар екенін байқауға болады. Бұл елдер өндірістер мен кәсіпорындарды дамыту үшін қалаларда емес, ауылдық жерлерде офистер мен кәсіпорындар ашуға тырысады екен. Су, жер, жұмыс күші - өте арзан, ал төлейтін салықтары едәуір төмен. Бұл әрі кәсіпкерлерге арзан түседі, әрі жергілікті бюджетке де тиімдірек болар еді. Осы процеске жіті қарау керек, ауылдарда ашылып жатқан кәсіпорындарға салық жеңілдіктерін белгілеп беруіміз қажет.
Мемлекеттік жергілікті
өзін-өзі басқару органдарының
реестрін құру, мемлекеттік органдардың
бақылау-қадағалау
Сонымен қорыта айтқанда,
ҚР-ның жергілікті өзін-өзі
Қорытынды
Нарықтық шаруашылық жағдайында экономиканы мемлекеттік басқару заң шығарушы, атқарушы, және бақылаушы түріндегі шаралар жүйесі арқылы сипатталады. Бұл әлеуметтік – экономикалық жүйені тұрақтандыру мақсатында мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың жүргізетін іс – шаралары арқылы көрінеді.
Информация о работе Қазақстан Республикасын жергілікті өзін-өзі басқарудың теориялық аспектілері