Қазақстан Республикасын жергілікті өзін-өзі басқарудың теориялық аспектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2014 в 12:47, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың, жергілікті дамудың барлық мәселелерін шешуге азаматтардың қатысуын кеңейтудің маңызы зор» екендігі аталып өткен «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауына сәйкес әзірленді.

Вложенные файлы: 1 файл

муниципалды менеджмент курстық жұмыс.docx

— 59.78 Кб (Скачать файл)

Республика экономикасын басқару  жүйесінің әдістемелік негіздерінің  бірі болып - өзін-өзі басқаруға  көшудің теориялық алғы шарттарының  жүйесі саналады. Құрылымы бойынша  ол он бес бөлімнен тұрады, оларды стратегиялық мақсаттар, меншікке қатынас, қаржылық база, баға белгілеу, әлеуметтік саясат, аймақтық саясат, микродеңгейде жоспарлау, ғылыми техникалық прогресті басқару, инвестициялар, табиғатты пайдалану және басқалары кіреді. Жергілікті ресурстарды пайдалануда аймақтардың құқығын кеңейту негізінде және осы арқылы халықтың өмір сүру сапасын қамтамасыз ете отырып, көздеген мақсаттарға жетуге  рұқсат етілген. Тұжырымдаманың теориялық қана емес, сондай-ақ тәжрибелік маңызы аса зор. Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы - бұл азаматтық қоғамның қалыптасуы және дамуымен, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жалпы деңгейімен, жергілікті халықтың өміріне тікелей әсер ететін басқа да факторлармен және шарттармен байланысты көп кезеңді және серпінді үдеріс. Алайда қазіргі уақытта жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру мен жүзеге асыруда бірқатар мәселелер орын алып отыр. Әлемнің дамыған елдерінде жергілікті өзін-өзі басқару бірнеше кезеңде құрылғаны және осы үдеріс бірнеше оншақты жылдарға созылғаны белгілі. Қазақстанда белгілі бір уақыт ішінде жергілікті өзін-өзі басқару мәселесі зерттелуде және талқылануда, бұл мәселе біздің еліміздің жағдайы мен нақтылығына сәйкес келетін жергілікті өзін-өзі басқару үлгісін таңдауға келіп тіреледі.

Тұжырымдамада анықталғандай Республиканың өзін-өзі басқару қағидасына өтудің басты мақсаты ретінде экономикалық дамуды жеделдету  және аймақтардың ресурстарды қолданудағы құқықтарын дамыту болып табылады.

Қазақстан экономикасы мемлекеттік  реттеудің субьектісі болып табылады. Бұған басқару функциясы ретіндегі мемлекеттік реттеуде аса маңызды өзіндік қаржы - несие жүйесі, дербес мемлекеттік бюджеттің қалыптасуы, салық және кеден жүйесін ұйымдастыру жатады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының құрамында  экономиканы басқаруды ұйымдастырудың әдістемелік қағидалары бар. Біріншіден, Қазақстан экономикасы меншіктің әр түрлі нысандарына негізделеді. Мемлекет заң алдында меншіктің барлық субьектілерінің теңдігін қамтамасыз етеді. Екіншіден, жеке меншікке қол сұғуға болмайды. Үшіншіден, мемлекет жәке кәсіпкерлік қызметтің еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді. Төртіншіден, монополистік қызмет пен бәсекелестің кез келген шектеуіне жол бермейді. Бесіншіден, әкімшілік аймақтың бірліктері дербес болып табылады.Бұл қағидалар Қазақстан экономикасын басқарудың қазіргі жүйесінің негізін құрайды және республиканың халық шаруашылығының әлеуметтік бағыттағы нарықтық экономикаға орнықты енуін қамтамасыз етеді.

Басқару обьектілерінде жүргізіліп жатқан  терең де сапалы өзгерістер ұйымдастырушылық құрылымдар мен басқару органдарын қайта құруға әкеп соғады. Әрдайым даму мен жетілу үстінде болатын басқару обьектісін бұрынғы қалыптағы әдіске салуға болмайды. Әдістер өзгертіліп отырған экономикалық міндеттерге сәйкестендірілуі тиіс. Ол бір жағынан нарыққа өтпелі кезеңде аймақ басқару субьектісі ретінде, екінші жағынан нақтылы елдегі әлеуметтік экономикалық процестер әсерінен біріккен жергілікті қызығушылығы бар адамдар қауымдастығы әсерінен дамиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1. Жергілікті өзін-өзі  басқару туралы «Еуропалық Хартия». Страсбург,1986.

2. Қазақстан Республикасының  Конституциясы. Алматы: Жеті жарғы, 2007.

      3. ҚР-ның  Жергілікті өзін-өзі басқару туралы  Заң жобасы. Астана, 2007.

     4. Асан Д., Айнабеков  Е. Жергілікті өзін-өзі басқарудың  шетелдік тәжірибесі. Оқу құралы. Түркістан: Тұран, 2010.

5. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050»  Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің  жаңа саяси бағыты - 2012 жыл // http:www.strategy2050.kz

6.ҚР Конституциясы 1995ж (2013жылғы  өзгертулермен)// http://www.mod.gov.kz

7.Жүнісбеков М.Ш. Басқару  жүйесінің типтік элементтері  – Алматы,2011ж–141-143б

8. Танкиева А. Жергілікті  басқару. // Қаржы-Қаражат, – 2012ж –  №3 – 21-24б.

9.Жұмахметұлы Е. Негізгі  заңды басшылыққа алатын кейбір  елдердің конституциясы туралы // Заң газеті – 2012ж–№3–10-12б

10.Сарматов Ж. Халықтың  билікке тәуелділігін азайту  – демократияның басты қағидаты // Егемен Қазақстан – 2012ж–16маусым–11б

11.Төлеуханқызы А. Басқарудың  тиімділігі мен мөлдірлігін арттыру  – өмір талабы // Егемен Қазақстан  – 2013ж–4-6б

12.Кемел М.Жергілікті өзін-өзі  басқару, бүгін және ертең. // Егемен  Қазақстан, 2013ж–16 наурыз–13-15б

13.Жатқанбаев, Е.Б. Мемлекеттік  басқаруды ұйымдастырудың теориясы  және практикасы. – Астана, 2012 – 18-25б

 


Информация о работе Қазақстан Республикасын жергілікті өзін-өзі басқарудың теориялық аспектілері