Мемлекет ұғымы мен түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2014 в 20:47, реферат

Краткое описание

Мемлекеттің түрі деп оның ішкі құрылысын, ұйымдастырылуын және мемлекеттік биліктің жүзеге асырылу тәсілін айтады. Мемлекеттің үш жағы
бар: басқару түрі, саяси тәртібі, мемлекеттік құрылысы. Басқару түрі жоғарғы өкімет билігі кімнің қолында екендігін көрсетеді.
Монархия деп – мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара, бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады. Монархия абсолюттік, конституциялық болып бөлінеді.

Содержание

I.
Кіріспе
3
II.
Негізгі бөлім


2.1
Мемлекет ұғымы мен түрлері
5

2.2
Мемлекеттің басқару нысаны
11

2.3
Мемлекет құрылымы нысаны
13

2.4
Саяси тәртіп (режим)
15
III.
Қорытынды
21
IV.
Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

мемлекет түрлері реферат.docx

— 67.92 Кб (Скачать файл)

Жоспары:

I.

Кіріспе

3

II.

Негізгі бөлім

 
 

2.1

Мемлекет ұғымы мен түрлері

5

 

2.2

Мемлекеттің басқару нысаны

11

 

2.3

Мемлекет құрылымы нысаны

13

 

2.4

Саяси тәртіп (режим)

15

III.

Қорытынды

21

IV.

Пайдаланылған әдебиеттер

22


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Мемлекеттің түрі деп оның ішкі құрылысын, ұйымдастырылуын және мемлекеттік биліктің жүзеге асырылу тәсілін айтады. Мемлекеттің үш жағы  
бар: басқару түрі, саяси тәртібі, мемлекеттік құрылысы. Басқару түрі жоғарғы өкімет билігі кімнің қолында екендігін көрсетеді. 
Монархия деп – мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара, бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады. Монархия абсолюттік, конституциялық болып бөлінеді. Абсолюттік монархия деп жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальді түрде де шектелместен бір адамның қолында тұрған құрылысты айтады. Мысалы: Ресейдегі Романовтар әулеті. Қазір басқарудың мұндай түрі жоқ. 
Конституциялық монархияда монархтың билігі белгілі дәрежеде заң шығаратын билік парламентпен шектеледі. Қазір Бельгия, Голландия, Дания, Иордания, Испания, Норвегия, Люксембург, Морокко, Жапонияда сақталған. 
Республика деп – мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтады. Республика президенттік және парламенттік болып бөлінеді. 

Президенттік басқаруда мемлекеттің де, үкіметтің де басшысы президент болып саналады. Оны парламент немесе халық сайлайды. Егер президентті парламент сайласа, «парламенттік президент» дейді. Конституция бойынша президентке белгілі бір құқықтар беріледі. Ол құжатқа премьер-министрдің қолы керек. Онсыз Президентті жалпыға бірдей, құпия түрде, сайлау арқылы халық сайласа, ондай мемлекетті президенттік республика дейді. Ондай президенттің билігі зор. Мысалы: АҚШ. Мұнда атқарушы билік парламентке бағынбайды. Президент үкіметті өзі тағайындап, өзі басқарады.

Парламенттік тәртіпте елдің жоғарғы басшысы парламентке бағынады. Мұнда заң шығарушы билік те, атқарушы билік те парламентке тәуелді. Ол салықты белгілейді, бюджетті бекітеді, соттарды құрады, соғыс аша алады, әскерді қамтамасыз етеді, т.с.с.

Парламент екі палатадан тұрады. Жоғарғы палата сенат арқылы, ал төменгі палата жалпыға бірдей тікелей сайлау арқылы қалыптасады. Парламент бірпартиялық және екіпартиялық болуы мүмкін. 
Бірпартиялық парламент кішкентай елдерде кездеседі. Мысалы: Финляндияда бірпартиялық парламент қызмет етеді. Дамыған елдерде екіпартиялық парламент жүйесі қалыптасқан. Мысалы: АҚШ-та республикалық және демократиялық партиялардан тұрады. 
Әр елде парламентті әр түрлі атайды:

АҚШ, Филиппинде – конгресс; Польша, Финляндияда – Сейлі; Иран, Түркияда – Мәжіліс; Израильде – Кнессет; Швейцарияда – Ригстаг; Францияда – Ұлттық жиналыс дейді.

Мемлекет құрылысына қарай унитарлық, федерациялық, конфедерациялық болып бөлінеді.

Унитарлық – құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекеттің ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол бермейді. Оның жері, конституциясы бір болады. Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы: Қазақстан, Италия, Греция, т.с.с. 
Федерация – деп белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекет құруын айтады. Жалпы мемлекеттік конституция барлық міндеттерді реттейді. Әрқайсысының жоғарғы билеу органдары болады. Барлығы ортақ институттарға бағынады. Мысалы: АҚШ, Германия, Канада, т.с.с.

Конфедерация – деп өздерінің кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағын айтады. Міндетті ортақ заңдары болмайды. Мысалы: бұрын Швейцарияда, Солтүстік Америка Штатында болған.

Саяси режим - саяси билік арқылы орталықтан басқарылатын қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін, біртұтас организм ретіндегі күрделі құрылым. Отандық және шетелдік құқықтық және саяси әдебиетерде саяси режим түсінігіне байланысты әр түрлі көзқарастар айтылып жүр. Олардың қатарына саяси режимді Қазақстанда зерттеген заңгерлер С.Н. Сәбікенов, С.Зиманов, Сапарғалиев, А.С. Ибраева, С. Табанов, Г.Сапаргалиев, Баймаханов М.Т., Д.А.Булгакова. Ал шет елдік ғалым заңгерлер А.В.Малько, М.Н.Марченко, Б.А. Страшун, С.С.Алексеев, В.Н.Хропанюк және саясаткерлер американдық ғалым Д.Истонды, американдық саясаттанушы Г.Алмондты, Т.Парсонстың теориясын, К.Доичтың теориясын (кибернетикалық теория), Ресейлік саясатанушылар М.Г.Анохинның, Ф.М.Бурлацкийдің, Р.А.Матреевтың және басқалардың теорияларын жатқызуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

2.1 Мемлекет ұғымы  мен түрлері

Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың ерекше түрі, саяси жүйенің орталық институты.

«Мемлекет» ұғымы жалпы көпшілікке жақсы белгілі. Мемлекет алғашқы, қауымдық қоғамда құрылған жоқ. Саяси ғылым мемлекеттің пайда болуын адамзат қоғамы дамуының белгілі бір тарихи кезеңімен, яғни әлеуметтік топтар мен таптардың пайда болып, қоғамда саяси-әлеуметтік теңсіздіктердің орнығуымен байланыстырады. Экономика саласындағы үстемдік етуші таптың саяси үстемдігін қамтамасыз ету және басқа таптардың қарсылығын болдырмау қажеттілігінен мемлекет пайда болды деген пікір саяси ғылымдардағы негізгі көзқарас. Мемлекет құл иеленуші дәуірде де қазіргідей дәрежеге жетті. Бірақ тарихи ұзақ мерзім бойы “мемлекет” деген түсінік “қоғам”, “ел” деген түсініктен ажыратылған жоқ. «Мемлекет» деген атауды рулық, тайпалық қауымнан ажырату, яғни, алғашқы «қауымдық емес» деген ұғымды белгілеу үшін пайдаланды. Мысалы, патшалық, қаған, хандық, князьдік, халифат, Алтын орда, Ақ орда, Ноғай ордасы, Сібір ордасы деген сөздер екі түсініктің орнына (біріншісі мемлекет, екіншісі қоғам) пайдалана берілді. Алайда, мемлекеттің пайда болуы әртүрлі әлеуметтік пікірлердің қалыптасуына негіз болды. Саяси өмірдің дамуына байланысты қоғамда мемлекеттің ролі күшейе түсті. Ойшылдар, ғалымдар мемлекетке — “ел”, “қоғам” түсінігі тұрғысынан емес, “өкімет”, билік тұрғысынан қарайтын болды. Сөйтіп, нәтижесінде мемлекет пен өкімет туралы ойлар, қағидалар бірте-біртебіздің заманымыздан бұрынғы VI-V ғасырларда теориялық деңгейге жетті. Мемлекет пен қоғам мәселелері адамзат өмірінде әрбір тарихи кезеңге сай өзгерістерге ұшырап отыратыны және оларды адамзаттың шама-шарқынша сәтті түрде шешуге ұдайы ықыластық танытатыны белгілі. Егер өткенімізді ойша шолар болсақ, адамзат тарихы мемлекет жөнінде сан түрлі саяси ойтізбегі мен даналыққа толы екендігін байқаймыз. Солардың ішіндегі ең мәндісі де, өзіндік ерекшеліктерімен айқындалатыны да ғұлама ойшыл Конфуцийдің идеялары. Бұл ойшылды негізінен мемлекетті басқару мәселелері көп толғандырғанын атап өткен жөн. Конфуцийдің осынау күрделі мемлекет мәселелерін қатаң тәртіп пен бір тәрбиелік ұстанымдардың көмегімен жүзеге асырмақ ниеті және оған қоса шектен шыққан қызулыққа берілмей, көбіне-көп “тепе-теңдік” пен “орталық” принциптерді ұстанғаны белгілі. Түрлі ұсақ иеліктерге бөлініп, бір-бірімен қырқысып жатқан Қытайдағы патшалықтарды бір орталыққа бағынған мемлекетке біріктіруді басты мақсатқа айналдырған ол, сонымен бірге, халықтың тәлім-тәрбиелік күш-қуатын жоғары деңгейге көтеру мен оны “бақытты” ету үшін бар күш-жігерін сарп етті.Конфуцийдің ойынша, б.з.д. VI ғасырда Қытайдағы әлеуметтік тәртіптің негізі — қоғамдық тәртіп пен тұрақтылыққа сүйенуге тиіс болатын. Және мұндай 58 қоғамда әркім өз құқығы мен мемлекет алдындағы міндеттерін терең сезінуі тиіс. Яғни, әр адам өзінің орнында болуы керек: патша-патша, бағынышты- бағынышты, әке-әке, ұл-ұл болуға тиіс. Мемлекетті басқарушы құдай дәрежесіндегі «Аспан ұлы»– адамдар әлемінің өкілі. Ол әулие, император бола отырып Аспан алдында ғана жауапты. Өйткені ол тақ пен билікті тек осы аспаннан алады. Билеуші әділ болып, барша халыққа мейірім төгуі міндетті, ал олай болмай ел аштық пен қайыршылыққа ұшырап жатса, халықтың бүлік шығарып, билеушіні тәубесіне келтіруі құдайшылыққа жатады. Конфуцийлік әлеуметтік саяси ілім – халықтың ой-арманымен, бақытты болашақты көксеген қиялдарымен терең ұштасып жатыр деуге толық сенім бар. Мемлекет – халықтың талап тілегін іске асыратын құрал. Халықтың шынайы сенімінсіз мемлекет те болмақ емес. Демек, оның сеніміне тек адамдарға жасалынған қамқорлық арқылы ғана қол жетпек. Ел басқарушысы алдымен халықты ішер аспен қамтамасыз етіп, содан соң жоғары мақсаттарға шақыруға міндетті.

Ежелгі Грекиядағы мемлекет туралы саяси ойдың ерте кезде дамуы (б.з.д. IX – VI ғғ) көне мемлекеттердің қалыптасуымен байланысты болды. Бұл ойлар Гомер, Гесиод поэмаларында кездеседі. Пифагор (б.з.д. 580-500 жж.) менГераклиттің (б.з.д. 544-483 жж.) мемлекет пен құқық мәселелеріне әлеуметтік- саяси тұрғыдан талдау жасауы да осы тұста қалыптасты. Гераклит: «өз отбасың үшін қалай күрессең, мемлекет белгілеген тәртіпті іске асыру үшін де солай күресу керек» — деген пікір айтып мемлекеттік билікке үлкен құрметпен қарады. Ежелгі Грекия мемлекетінің нығайып – дамуы мемлекет туралы ілімнің қарқынды дамуына жағдай жасады. Бұған үлкен үлес қосқан даңқты ойшылдар Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель, Полибий болды. Мемлекет туралы саяси ойдың қалыптасуындағы айрықша кезең саналатыны –жалпыға бірдей бостандық идеясының өзекті орын алу тұсы. Нәтижесінде Ежелгі Рим мемлекетінде бұл ілім жедел қарқынмен дамыды. Оның тарихы: патшалық (б.з.д. 754-510 жж.), республикалық (б.з.д. 509-28 жж.) және императорлық (б.з.д. 27 – б.з. 476 жж.) болып үш дәуірге бөлінеді. Осы кезеңде саясат, өкімет және мемлекет туралы ілімге елеулі үлес қосқан Тит Лукреций Кардың (б.з.д. 99-55 жж.) шығармалары, әсіресе оның “Табиғат заттары туралы” поэмасы. Сол сияқты мемлекет пен құқық туралы Цицеронның ілімі жарық көрді. Ол ежелгі грек дәстүріне сүйене отырып “Мемлекет туралы” және “Заңдар туралы” деген еңбектер жазды. Ол мемлекеттік құрылыстың әр түрін талдай отырып, мемлекет қызметіндегі монархиялық, аристократиялық және демократиялық бастауларды біріктіру керек деген тұжырымға келді. Ол өз ойына, талаптарына сол кездегі Рим конституциясы сәйкес келеді деп есептеді.

Цицеронның мемлекет туралы негізгі тұжырымдамасы – заңның үстемдігі. Оның “Біз заңның құлы болғанда ғана еркін бола аламыз”, — деген қанатты сөзі қазір де өзекті пікір болып саналады.

Мемлекет туралы мәселедегі Әл-Фарабидің ой-пікірлерінің маңызы өте жоғары. Ол “Рахымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы” деген еңбегінде осы мәселені теориялық тұрғыдан тереңінен зерделейді. “Мемлекет, — 59деп көрсетеді ойшыл, — адамдардың өз қажетін бірлесіп қоғамдық жолмен толық қанаттандыруға арналған ұйым”. Сол сияқты Әл-Фарабидің мемлекет туралы айтқан мына сөздері ерекше көңіл аударады: “Адамдарды бір-біріне көмектестіріп, халықтың жақсы тұрмыс құруына жағдай туғызып, қамқорлық жасаған мемлекет — өз міндетін атқара алады”. Ойшылдың осы пікірі «қоғамдағы мемлекеттің орны мен қызметі қазіргі нарықтық жағдайда қандай болуы керек» деген сұраққа берген нақтылы жауапқа ұқсайды. Кейін саяси өмірдің күрделенуіне, дамуына байланысты мемлекетті қоғамдық, әлеуметтік тұрғыдан емес, өкілеттік, билік ретінде зерттеу қалыптасты, көзқарас жетіле түсті. Мемлекет халықты басқарушы ұйым деген түсінік кең орын алды. «Мемлекет» және «қоғам» деген түсініктерді ажырата білуде әсіресе Н.Макиавеллидің орны ерекше. Ол мемлекет деген түсінікті бөлек ұғымға айналдыру үшін “stato” деген термин енгізді. Стато – қазіргітүсінік бойынша, автономия, дербес, өз алдына деген мағынаны білдіреді.

Макиавелли мемлекетті тек ғана қоғамды басқаратын ұйым ретінде түсінумен шектелмей, оның дамыуы, халықтың мұқтаж-мүдделеріне сәйкес қызмет атқаруы туралы тұжырымдамалар жасады.

1948 жылы БҰҰ қабылдаған  “Адам құқықтарының жалпыға бірдей  Декларациясында” «адам құқықтары  мен бостандықтары әркімге тумысынан  берілген, бұл ұстамды әрбір мемлекет  өз заңдарына енгізуге тиісті»  — деп жариялады.

Қазақстан Конституциясында осы принципті іске асыру көзделген. Оның 12-бабында: “Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп табылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады” — деп жазылған.

Сөйтіп, ғасырлар бойы ойшылдар мен ғалымдардың адам мәртебелілігін мемлекеттен де жоғары көтеру талабы дүниежүзілік қоғамдастыққа кірген Қазақстанда да қабылданды. Оның басты, негізі себебі — Қазақстан Республикасының құқықтық және әлеуметтік мемлекет орнықтыру мақсаты болып табылады.

Мемлекет түрлеріне төмендегілер жатады.

Ассоциацияланған мемлекет

Ассоциацияланған мемлекет — мемлекет ішілік жиі мемлекет аралық қатынастардың ерекше түрін білдіруге қолданылатын ұғым. Негізінен ассоциацияланған мемлекет ретінде ерікті жолмен басқа мемлекетке өзінің егемендігінің бір бөлігін (жиі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сыртқы саяси байланыстарды жүзеге асыру, ақша айналымын ұйымдастыру бойынша өкілеттіліктерді) берген мемлекет түсініледі.

Буферлік мемлекет

Буферлік мемлекет — екі немесе бірнеше үлкен мемлекет территориясы арасында орналасқан мемлекет. Буферлік мемлекет әскери басып кіру шегінде орналасқан, оның территориясы арқылы маңызды транспорттық байланыс өтеді. Мұндай мемлекет геосаяси тұрғыда тиімді аймақты бақылауға мүмкіндік береді.

Көпұлттық мемлекет

Көпұлттық мемлекет — территориясында әртүрлі этностар — ұлттар, халықтар мен басқа этникалық топтар тұратын мемлекет.

Ұлттық мемлекет

Ұлттық мемлекет — белгілі бір ұлттың тарихи-этникалық территориясында пайда болған, оның егемендігін көрсететін мемлекет.

Құқықтық мемлекет

Информация о работе Мемлекет ұғымы мен түрлері