Мемлекет ұғымы мен түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2014 в 20:47, реферат

Краткое описание

Мемлекеттің түрі деп оның ішкі құрылысын, ұйымдастырылуын және мемлекеттік биліктің жүзеге асырылу тәсілін айтады. Мемлекеттің үш жағы
бар: басқару түрі, саяси тәртібі, мемлекеттік құрылысы. Басқару түрі жоғарғы өкімет билігі кімнің қолында екендігін көрсетеді.
Монархия деп – мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара, бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады. Монархия абсолюттік, конституциялық болып бөлінеді.

Содержание

I.
Кіріспе
3
II.
Негізгі бөлім


2.1
Мемлекет ұғымы мен түрлері
5

2.2
Мемлекеттің басқару нысаны
11

2.3
Мемлекет құрылымы нысаны
13

2.4
Саяси тәртіп (режим)
15
III.
Қорытынды
21
IV.
Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

мемлекет түрлері реферат.docx

— 67.92 Кб (Скачать файл)

Бұл жоғарыда аталған құндылықтарды ұйымдастыруға қабілеті бар билік жүйесін қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Яғни, халыққа қажетті тәртіптілікті билік арқылы орнықтыру. Егер халықта сондай мүмкіншілік болса, бұл — демократияның бірінші белгісі.

«Қазіргі кезеңдегі демократия дегеніміз не?» – деген сұраққа жоғарыда келтірілген пікірлердің барлығын қорытып айтатын болсақ, «қоғамдық билікті халық сайлайтын, теңдік, құқықтық, әділеттік, еркіндік ұстанымдарына негізделген мемлекеттік құрылыс», – деп жауап беруге болады.

Демократиялық шешім қабылдау дегеніміз ол көпшіліктің пікірі арқылы шешім қабылдау.

Бұл ұстаным бойынша демократияның қолдайтын бостандығы, әр азаматқа беретін құқығы санаулы ғана.

Олар:

1) Ұжымдық шешім қабылдауға қатысу.

2) Шешім қабылдау үшін өз пікірін, ұсыныстарын білдіру.

Яғни, еркіндік тек ғана шешім қабылдағанша ғана құқылы. Ал шешім қабылдағаннан кейін көпшіліктің шешімі барлығы үшін заң. Азшылық дауыс берген уақытта қарсы болса да, көпшіліктің шешімін орындау оларға да заң.

Бұл демократияның тәртібі, заңы, мәдениеті, сонда ғана демократия көпшілікке қажет тәртіпті орнатуға мүмкіндік береді. Ал кейбір азаматтардан өз міндеттерін, жауапкершіліктерін талап ету немесе талап етпеу демократияның қызметі емес. Бейберекетсіздік, анархиялық бостандық – ол демократияның ұстанымына жатпайды.

Сонымен, демократияның мақсаты – қоғамда өлшемсіз, ретсіз бостандық орнатып, билікті әлсірету, бәсеңдету емес, көпшілік үшін қажетті тәртіп орнату.

Демократия – ол бостандықтың өзі емес, демократия – бостандықты орнатудың жолы.

Демократия мәселесіндегі маңызды сұрақтың бірі – демократиялық мемлекет қандай болуы керек? Демократиялық мемлекеттер бір түрде, бір ғана жолмен орнықпайды. Бірақ демократиялық мемлекеттердің көп түрлілігіне қарамастан, олардың бәріне ортақ белгілері бар.

Демократиялық мемлекеттің негізгі белгілері:

1. Саяси биліктің негізгі  органдарының сайлануы.

2. Шешім қабылдаудағы  азшылықтың көпшілікке бағыну  тәртібін ресми мойындау.

3. Азаматтардың жалпыға  бірдей сайлау құқығының болуы.

4. Сайлауда бір орынға  бірнеше үміткердің болуы (балама  сайлау).

5. Саяси, экономикалық, рухани  әртүрлілік.

6. Саяси биліктің үш  тармағының болуы.

7. Қарсылықты (оппозицияны) заңдылық ретінде мойындау.

8. Саяси биліктің заңға  бағынышты болуы.

9. Қоғамдық-саяси шешімдер  қабылдаудағы жариялылық.

10.Азаматтардың заң алдындағы  теңдігі.

          Авторитаризм - (гр. 'autoritas' - билік, ықпал ету) - саяси тәртіп түрі. Авторитарлылық - біржақты билеу, басқарушылардың бағынушыларға жүргізетін үстемдігі. Түрлері: абсолютті монархия, диктатура, теократиялық және посттоталитарлық тәртіптер.

Әртүрлі саяси мәселелерді шешу тәсілдері (реформалар, қоғамды қайта құру), сондай-ақ төңкерістер мен соғыстар авторитаризмге әкеліп соқтыруы мүмкін.Тоталитарлы тәртіптен елеулі түрде ерекшеленеді: оларда шектеулер едәуір дәрежеде аз және жеке адамның еркіндіктері мен құқықтары емес, саяси еркіндіктер мен құқықтар шектеледі; тәртіп саяси партиялар мен идеологияға сүйенбей, әскер күші мен дәстүрлі діндерді арқа тұтады; қоғамға жаңа құндылықтар жүйесін құрып, енгізуге талпынбайды; азаматтық қоғам құруды мақсат етпейді.

Ал экономикалық (жекеменшік түрлерінің көптігі, еркін нарық, кәсіпкерліктің қолдау табуы және т.б.), саяси (кәбіне партиялық одақ немесе қозғалысқа сүйенеді), әлеуметтік (бір-біріне жау таптарды, жіктерді жоюды көздемейді), идеологиялық (дәстүрліден басқа да құндылықтар жүйесінің шектеулі және жасырын өмір сүруіне жол береді) салаларда билігі едәуір шектеулі.

Дәстүрлер - авторитаризм билігінің негізгі шектеушісі. Дегенмен, оның тоталитаризммен ортақ белгілері де бар: мемлекеттік биліктің мирасқорлық жайы заңдастырылмайды; азаматтардың демократиялық құқықтары мен бостандықтары шектеледі; оппозициядағы партиялар мен қозғалыстардың біразына немесе барлығына тыйым салынады; мемлекеттік органдарға сайлану шектеледі және парламентті екінші дәрежелі, арзан қол органға айналдырады; басқарушы партиямемлекеттік органмен ұласып, тұтасып кетеді;жергілікті өзін-өзі басқару және билік органдарының өкілеттілігі шектеулі әрі іс-әрекеті ресми түрде болады; оппозициялықбағыттағы баспасөзге қатаң тыйым салынады; қарсыластарымен күресте лаңкестік әдісті пайдаланады. Басқаруда мемлекеттік билікті қатаң орталықтандырып, әміршіл әдісті қолданады.[2]

Барлық мемлекеттік билікті бір адамның немесе адамдар тобының қолына шоғырландыру арқылы, саяси бостандықтарды барынша жоғары немесе аз деңгейде шектеуді білдіретін саяси режим түрінің бірі.

Тоталитаризм (лат. totalіs – тұтастай, түгелдей) – деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады. Тоталитаризмнің тарихи үлгілері КСРО-да Сталин, Қытайда Мао Цзэ-дун, Солтүстік Кореяда Ким Ир Сен режимі кезінде, фашистік Италия мен Германияда орнады. 1) қоғамның, жеке адамдардың өмірін деспоттық, авторитарлық — бюрократиялык мемлекеттің күшімен басқаратын қоғамдық-саяси құрылыс. Тоталитарлы саяси жүйе ең сорақы түрі — фашистік тәртіп; 2) саяси ой-жүйедегі тоталитарлық тәртіпті атқарушы бағыт.

Барлық тоталитарлық жүйелердің ортақ 8 белгісі бар: бюрократияның бір партия арқылы саяси, экономикалық, әскери және идеол. үстемдік жүргізуі; саясиланған иерархиялық әлеуметтік құрылыс; міндетті түрде қолына жоғарғы саяси, экономикалық, әскери және идеололгиялық билік шоғырланған көсемнің болуы; қуыршақ парламенттің болуы; қоғамды қорқынышта және толық бағыныштылықта ұстау мақсатымен қуғын-сүргін науқанын жүргізіп тұратын қуатты қуғындау-жазалау органы; әскерилендірілген экономика, ішкі саясаттың әскери-өндірістік кешенге тәуелділігі; мәжбүрлеуші идеологияның болуы, оған мойынсұнбау ауыр қылмыс ретінде бағалануы; қоғамда жау бейнесінің қалыптастырылуы, сол жауға деген жек көрушілік режимнің мақсатына жету жолында бұқараның жұмылуына себепші болады. Кеңестер Одағында Тоталитаризм орныққан 1920 – 1930 ж. байлар мен кулактарды тап ретінде жою шаралары және ауыл шаруашылығын коллективтендіру саясаты жүзеге асырылып, қазақ халқы алапат ашаршылық пен босқыншылықты бастан кешті. Кеңестік Тоталитаризм ұлттық зиялы қауым өкілдерінің бір бөлігін өзіндік саяси ұстанымдарына орай “тап жаулары”, “жат пікірдегілер” және “әлеуметтік

қауіпті элементтер” ретінде қудалады. 

А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев,Ж.Аймауытов, Ә.Байділдин, Д.Әбілов, М.Тынышбаев, Т.Рысқұлов, т.б. қазақ қайраткерлері кеңестік Тоталитаризмнің құрбаны болды (қ. Саяси қуғын-сүргін). 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде де Тоталитаризм қысымшылығын Е.Бекмаханов, Б.Сүлейменов, Б.Кенжебаев, М.Әуезов, Ә. Қоңыратбаев, Ә.Марғұлан, Қ.Сәтбаевсияқты қазақ зиялылары бастан кешті. Кеңестік Тоталитаризмге қарсы наразылық 1960 жылдан қарқын ала бастады. Бұған Мәскеуде қазақстандық жастардың “Жас тұлпар” ұйымын құруы және 1979 ж. Целиноградта болған оқиғаның бой көрсетуі дәлел бола алады. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы кеңестік Тоталитаризмге қарсылықтың айқын көрінісі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Мемлекет деген ұғым бірнеше мағынада қолданылады. 
Біріншіден: қоғамды басқаратын аппарат. Себебі «үкімет» деген ұғымға сай. Екіншіден: қоғам мүшелерінің ассоциациясы. Мұнда «халық», «ел», «қоғам» сөздеріне сәйкес. Ежелгі грек философы Демокрит: «Мемлекет жалпыға бірдей игілік пен әділеттілік әкелуі керек»,- деп есептеген екен.Оның пайымдауынша: «Жақсы басқарылатын мемлекет – үлкен тірек, ол сақталып тұрғанда, онда бәрі де болады- бәрі тұтас болады, ол құлағанда, онымен бірге бәрі де өледі».

Мемлекет нысандары - саяси өкіметті ұйымдастыру жолдары, басқару нысанын, мемлекеттік ұйымдастыру нысанын және саяси режимді қосып алады. Егер «мемлекеттің негізі» санаты мемлекеттегі басты, зандылық неге байланысты екенін белгілесе, «мемлекет нысаны» санаты – қоғамда кім және қалай басқарады, қалай ұйымдасқан және ондағы мемлекеттік билік құрылымы қалай қызмет істейді, ол аумақтың тұрғындары қалай біріккен, әр түрлі аумақтық және саяси құрылымдар мемлекетпен қалай қатынаста, қандай әдістердің және жолдардың көмегімен саяси билік жүргізілетіндігін көрсетеді.

Мемлекетті дұрыс басқарудың үш нысаны бар: Монархиялық басқару (королдік билік), Аристократтық және Полития, ал бұрыс нысанда тирания, олигархия, демократия жатады

Территориясы мен этникалық (ұлттық) құрамына байланысты мемлекет әртүрлі құрылымға бөлінеді. «Мемлекет құрылымы» дегеніміз мемлекеттің ұлттық-территориялық ұйымдастырылуын көрсететін ұғым. Көп жағдайда,орталық билік пен жергілікті әкімдіктің өзара қатынасын белгілейді.Мысалы,мемлекет территорясының ұлттық-автономиялық бөліктерін белгілеу (округ, республика, штат), әкімдік-басқару аймақтарын бекіту (аудан, облыс, департамент, өлке).Мемлекттік құрылымның негізгі торт түрі кездеседі: унитарлық (біртұтас), федерация жане конфедерация.

Мемлекет және  құқық  теориясы  құқық пен  мемлекеттің  шығу себебін, белгілерін, функцияларын, типологиясын, аппаратын, қоғамдық саяси жүйеде алатын орнын тағы басқа маңызды мәселелерін зерттейді. Әсіресе нарық  жолына түскен біздің егеменді елімізде мемлекетіміздің нысаны амалын түсіну, жетілдіре түсу мәселелерінің де мәні зор-ақ. Саяси режим қысқаша айтқанда, мемлекетке билік жүргізудің арнайы тәсілдері болып табылады. Негізінде екі түрге бөлінеді: демократиялық және демократиялық емес.

Демократиялық режим - барлық халықтардың тендік пен бостандыққа негізделінген идеясында мемлекеттің басқару ісіне қатысуы, биліктің халықтың болуы.

Демократиялық емес режим - халықтың билік жүргізу ісінен алшақтатылуы. Олардың түрлері сан алуан болады. Және авторитарлық, тоталитарлық түрлері бар.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
  1. Сапарғалиев Ғ., Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы: оқулық 2-басылым, өңделген, толықтырған – Астана, 2011 жыл
  1. “Қазақ Энциклопедиясы”, II-том
  2. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
  3. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет.
  1. Теориялық саясаттану. Оқулық. — Алматы: Издательский центр ОФППИ «Интерлигал», 2005. 
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев –

Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 

 

 


Информация о работе Мемлекет ұғымы мен түрлері