Мемлекеттің маңызды сипаттамаларының
бірі – оның ерекше құрылымдық мекеме
болуы. Оны біз түрлі биліктік өкілеттіліктері
бар ерекше разрядтағы адамдардың әлеуметтік
аппаратқа бірігуінен байқаймыз және
де олар басқарудың белгілі бір маманданған
қызметімен айналысады.
2.3 Мемлекеттің
құрылымдық нысаны
Территориясы мен этникалық
(ұлттық) құрамына байланысты мемлекет әртүрлі
құрылымға бөлінеді. «Мемлекет құрылымы»
дегеніміз мемлекеттің ұлттық-территориялық
ұйымдастырылуын көрсететін ұғым. Көп
жағдайда,орталық билік пен жергілікті
әкімдіктің өзара қатынасын белгілейді.Мысалы,мемлекет
территорясының ұлттық-автономиялық бөліктерін
белгілеу (округ, республика, штат), әкімдік-басқару
аймақтарын бекіту (аудан, облыс, департамент,
өлке).Мемлекттік құрылымның негізгі торт
түрі кездеседі: унитарлық (біртұтас),
федерация жане конфедерация.
Унитарлық (лат. unitas — біртұтас,
біріккен) құрылыста саяси билік бір орталыққа
бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек
басқа құрылымға жол берілмейді. Оның
территориясы, конституциясы бір болады.Мемлекеттік
биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы
ортақ. Мысалы, Италия, Франция, Қазақстан
т.б. осы түрге жатады.
Федерация (лат. foederatio — одақ,
бірлестік) — белгілі бір саяси тәуелсіздігі
бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың
бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы.Федерация
мен оған кіретін субъектілердің міндеттері
арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік
конституциямен реттеледі. Әр субъектінің
өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы,
сот органдары болады). (федеративтік мемлекет)
деп автономиялары бар мемлекетті атайды.
Федерацияның негізгі белгілері:
-мемлект территориясында
ұлттық немесе территориялық
автономияның болуы;
-мемлекеттегі саяси билік
және басқа да өкімет органдары
екі деңгейде
-қалыптасады;
- мемлекеттің конституциясы
екі деңгейлі болады.
Мысалы, Ресей, Қытай, Үндістан
және т.б. Ресейде жиырмаға жуық республика
бар (Татарстан, Башқұртстан, Дағыстан,
Солтүстік Осетия, Тува т.с.с.) Саяси билік
екі деңгейлі, яғни жалпы мемлекеттік
президент, парламент және әрбір республиканың
өз алдына президенттері мен парламенттері
бар. Конституциясы екі жүйелі: бүкілресейлік
және әрбір республиканың өз конституциясы
бар.
Федерация тек ғана ұлттық ерекшеліктер
негізінде қалыптаспайды.
Дүние жүзіндегі федарацияның
көп бөлігі жер (территория) арқылы орныққан.
Мысалы, АҚШ, ГФР, Австрия және
т.б. АҚШ-да штаттар, Германияда «жерлер».
Ал федерациялық құрылым негізі—ұлт немесе
жер аймағы ғана емес; федерацияның негізгі
белгісі – егемендік дәрежесі. Егер автономияның,
федерация субъектісінің белгілі мөлшерде
(Конституция арқылы белгіленген) егемендігі
болмаса, онда мемлекттің федерация аталуы
да жалған болып шығады.
Конфедерацияның негізгі белгілері:
Конфедерация дегеніміз — тәуеліз
мемлекеттер одағы.
- конфедерацияда бәріне
ортақ мемлекеттік билік болмайды;
- одаққа қосылған мемлекттер
ортақ мақсаттарын бірігіп жүзеге
асырады;
-конфедерация құрамындағы
барлық мемлекеттеге ортақ мекемелері
болады;
-конфедерация құрамындағы
мемлекеттердің өз әскері, ұлттық
валютасы болады. Конфедерация құрамындағы
тәуелсіз мемлекеттер өздеріне
ортақ мүдделерін бірігіп шешуі
үшін арнаулы мекемелер құрады.
Мысалы, қорғаныс, сауда, транспорт
салаларындағы және т.с.с.ортақ
мекемелері.
Қәзіргі кезде конфедерация
таза күйінде кездеспейді. Өткен уақыттарда
конфедерация мемлекеттер арасында көбірек
орын алды. Мысалы, 1847 жылға дейін Швейцария
конфедерациясы, ал 1815-1867 жылдары конфедерация
Германияда болды.
Кәзіргі кезеңде Тәуелсіз мемлекеттер
достастығының (ТМД) конфедерацияға айналу
мүмкіндігі болған еді, бірақ бұл мемлекеттер
арасында осы күнге дейін бәріне ортақ
мекеме құрылған жоқ.
Еуропалық Одақты конфедерация
қатарына жатқызуға болар еді, бірақ бұл
одақтағы мемлекеттердің өзара қатынасы
федерацияға ұқсап келеді еуропалық ортақ
саяси билігі парламенті бар, мемлекеттер
бірлестігінде ортақ валюта (евро) пайда
болды).
Әйтсе де Еуропалық Одақты толығымен
федерацияға жатқызуға болмайды. Бұл Одақтың
құрамындағы мемлекеттердің мәртебесі
(статусы) автономиялық дәрежеде емес,
олар тәуелсіз мемлекеттер болып табылады.
Қорыта келгенде, Жалпыевропалық
Одақты адамзат тарихының жаңа заманғымемлекеттік
құрылыстың бастауы деп есептеуге болады.
Мемлекеттердің дамуына саяси өмірдің
жалпы бағыты тұрғысынан қарағанда, мемлекеттік
басқаруда мәңгі өзгеріссіз ешнәрсе жоқ
екенін дүниежүзілік саяси практика дәлелдеп
отыр.
2.4 Саяси тәртіп
(режим)
Саяси тәртіп - саяси билікті жүзеге асырудың,
қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдер жиынтығы.
Авторитаризм – саяси тәртіп,
бұнда бір түрдің немесе топтың өз басшысымен
билікке ұмтылысы. Авторитаризм қоғамдық
құрылысы ауысып жатқан елдерде, тағы
да ұзақ дағдарыста болып жатқан қоғамда
пайда болады. Берілген шарттар, авторитарлық
саяси режимнің орнату факторы болады.
Өз сипаттаумен ол тоталитаризммен
демократияның арасында орналасады. Тоталитаризммен
оның автократиялық заң мен шектелмейтін
билік сипаттамасы демократиямен – автономия
бар болуы, мемлекет пен басқарылмайтын
қоғам салаларымен ұқсайды.
Мысалға XX ғасырда көп авторитарлық
мемлекеттерде легитимация мақсатымен
ұлттық идеология және формальды билік
бақылайтын сайлау көп қолданған. Көптеген
Азиядағы, Африкадағы және Латын Америкадағы
болған авторитарлық режим өзін өмір сүруін
ұлттық босатумен және туумен ақтайды.
Соңғы онжылдықта авторитарлық
жүйелер жиі кейбір демократиялық институттармен
пайдаланған – олар сайлау, плебисцит
т.б. Мысалы, конкуренті емес немесе жарты
конкуренті сайлаулар: авторитарлы немесе
жарты авторитарлы режиммен Мексикада,
Бразилияда, Оңтүстік Кореяда, Ресейде,
Қазақстанда және басқа мемлекеттерде
пайдаланған. Жалпы зерттеушілер авторитаризмнің
айыратын белгілерін береді, олар:
күшті орталықтанған
билік
бір топтың немесе
партияның билікке монополиясы
оппозицияға толық
немесе толық емес тиым салуы
билік өзгеруінің күштеу
мінезі
билікті ұстап қалу
үшін күш құрылымын кең қолдануы
өкіметтік билік органдарының,
салмаудың және оппозицияның бар болуы.
Бірақ оларды жұмыс істеуі шектелген тек
формальды түрінде ғана.
халықты билікке жібермеуі
қоғам мен жеке адамның
үстінен тотальды бақылаудан бас тарту.
Қазіргі әлемде авторизмнің
сақталып қалуына көп жағдайлар себеп
болып келеді. Мысалы:
Азаматтық қоғамның
дамымағандығы
Дамушы қоғамдарда
шиеленістің биік тәсілі
Қазіргі уақытта тоталитарлық
саяси жүйенің ыдырауымен көптеген әлемнің
коммунистік мемлекеттерінің ғылыми және
саяси қызығушылығы авторитаризмге көбейді.
80-90 жылдары авторитарлық мемлекеттер,
олар (Оңтүстік Корея,Чили, Китай, Въетнам
және т.б.). Өзінің экономикалық және әлеуметтік
күштілігін көрсетті және экономикалық
гүлденудің саяси тұрақтылығымен күшті
биліктің – бостандық экономикамен және
қауіпсіздікпен дамыған әлеуметтік плюрализммен
дамығандығын дәлелдейді. Сондықтан авторитаризмнің
реформаторлық мүмкіншіліктері бар екен
деп ғалымдардың пікірлерімен келісуге
болады (В.П. Пугачев). Бірақ демократияға
көзделген авторитарлық тәртіп көпке
шыдамайды. Бұнда қазіргі жағдайда тұрақты
саяси жүйенің бір типі – ол демократия.
Демократия мәселесі — саясаттанудағы
негізгі тақырыптардың бірі. Оның себебі,
біз жоғарыда айтқанымыздай, саяси ғылымның,
яғни саясаттанудың кілті саяси билік
болатын болса, ал қоғамдағы саяси биліктің
сапасы, әсіресе қазіргі кезеңде, демократияның
деңгейімен тікелей байланысты. Осы жағдай
қазір дүние жүзіндегі көптеген елдердің
саяси өмірінен байқалып отыр.
Мысалы, қазіргі кезеңде көптеген
мемлекеттердің саяси өміріндегі ең жиі
айтылатын сөздің бірі — “демократия”.
Мұның себебі неде? Демократия туралы
мәселенің өте маңызды болуына бірнеше
себептер бар. Біріншіден, қазіргі кезеңде
демократия дүниежүзілік жалпы адамзаттың
рухани құндылығы болып табылады. Ол халықтар
арасындағы бірлестіктің, қауымдастықтыңдамуына
зор әсер етеді. Екіншіден, әрбір мемлекеттегі
саяси биліктің сапасы қоғамдағы демократияның
деңгейіне байланысты. Үшіншіден, демократия
біздің Қазақстан мемлекетінің мақсаты
мен болашағы. Оған дәлел Қазақстан Республикасының
Конституциясының ең бірінші бабы осы
мақсаттан басталады. “Қазақстан Республикасы
өзін демократиялық … мемлекет ретінде
орнықтырады” – деп жазылған. Әсіресе
осы соңғы себепке байланысты әрбір қазақстандық,
әсіресе болашақтағы мамандар елдің демократияландыру
жолдарын жақсы танып білуі тиіс, бұл процеске
өзінің үлесін қосуға да міндетті.
Демократияның ерекше маңызды
болуының тағы да бір себебі, оның әрбір
адамға тиімді, пайдалы болуында. Бұны
демократияның негізгі ұстанымдарынан
(шарттарынан) байқауға болады.
Демократияның негізгі ұстанымдары:
1. Демократия ұжымдық
шешімді қолданады.
2. Мемлекеттік билік органдарына
азаматтардың, әлеуметтік топтардың арасынан
ең таңдаулылары, ең қалаулылары сайланады.
3. Билікке сайланғандар сайлаушылардың
алдында есеп береді.
4. Әрбір азаматтың билікке сайлануына
(өзін-өзі ұсынуына) мүмкіндік беріледі.
Демократиялық ұстанымдардың
әрбір адам үшін тиімділігі осында. Енді “демократия”
деген ұғымның ежелгі және теориялық мағынасына
көшелік. Демократия деген сөз гректің
“demos” –халық және “kratos” – билік деген
сөздерінен құралған. Яғни, халық билігі
деген мағынаны білдіреді. Бірақ бұл ұғымды
ертедегі гректер өздерінің қоғам, мемлекет
құрылыстарымен байланыстырған. Себебі
ежелгі гректердің, римдіктердің мемлекеті
негізінде бір қала көлемінде ғана болды.
Осыған байланысты мемлекеттің
толық құқықты азаматтары шешім қабылдау
үшін бір алаңға жиналып шешім қабылдауына
мүмкіншілігі болды. Ол уақытта қазіргідей
мемлекет пен қоғамның арасында басқа
саяси субъектлер болған жоқ.
Қазіргі жағдай басқа. Қазір
мемлекет пен қоғам арасында көптеген демократиялық
институттар бар, мысалы, әртүрлі қоғамдық
ұйымдар, саяси партиялар, сайлау комиссиялары
және т.б. Қазіргі кезеңдегі демократияның
ұстанатын басты мақсаты – билікті қалыптастырудың
көзі халық болуында. АҚШ-тың он алтыншы
президенті Авраам Линкольндің айтуы бойынша:
“Демократия: халық үшін сайланған халық
билігі”.
Қазір ежелгі антикалық уақытпен
салыстырғанда демократия түсінігінің ауқымы
да, мазмұны да біраз кеңейді. Демократия
қазір тек қана сайлау мәселесімен шектелмейді.
Қоғамдағы көптеген саяси процестер, саяси құбылыстар,
саяси қарым-қатынастар демократиялық
ұстаным негізінде сипатталады. Мысалы,
мемлекеттің сипаты (типі, режимі) демократиялық
бағамен белгіленеді. Қоғамдық құрылымның
мақсаты, идеалы, яғни қоғамның даму бағыты
– ол да демократия түсінігімен бағаланады.
Қоғамда азаматтардыңтеңдігі, құқығы,
еркіндігі бар ма, жоқ па? Бұл да демократиямен
сипатталып,бағаланады.
Ал енді осы белгілердің барлығын:
азаматтардың теңдігін, құқығын, әділеттілікті,
еркіндікті, әр адамның өзі қабілетін
іске асыру мүмкіншілігін, яғни, демократиялық
ұстанымдарды қоғамда қалай орнықтыруы
қажет, ол үшін қандай жолдарды пайдалану
керек? Бұның негізгі жолы – мемлекет
билігін демократиялық жолмен қалыптастыру.