Қазақстанда кәсіпорындардың іскерлік белсенділігін шектейтін факторлар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Сентября 2013 в 16:34, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі кезде жүзеге асырылып жатқан салық саясаты, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық үдерістерді басқару әдістері, іскерлік белсенділік түсінігінің теориялық жағынан негізделуінің жетіспеушілігі, оған салықтық әсер ету факторларының теориялық жағынан нақты зерттелмегендігі, кәсіпкерліктің дамуын ұстап отырғанын айғақтайды. Яғни іскерлік белсенділік ұғымының өзі жеткілікті теориялық өңделіп болмаған, ары қарай өңдеп, зертеуді қажет ететін құбылыс бұл.
Маңыз аударатын мәселе, «іскерлік белсенділік» түсінігіне нақты бір анықтама жоқ, сондай-ақ іскерлік белсенділікті слықтық реттеу немесе іскерлік белсенділік – салықтық реттеудің тікелей немесе кері байланыс жүйесінде қарастырылмауы, олардың тиімділігін бағалаудың жоқтығы қазіргі таңда оырн алып отырған өзекті мәселелердің бірі десек қателеспеспіз. Іскерлік белсенділік – салықтық реттеу жүйесінде даму реттеу проблемелары шешілмеген.

Содержание

Кіріспе
3
1 Іскерлік белсенділіктің әлеуметтік-экономикалық мәні
5
1.1 Іскерлік белсенділік: мазмұны, өлшемі және бағалауы
5
1.2 Іскерлік белсенділікті мемлекттік реттеу жүйесіндегі
салықтардың алатын орны

12
Іскерлік белсенділікті салықтық реттеу бойынша шетел тәжірибесі
18
Салық салу жүйесінің іскерлік белсенділік деңгейіне тигізетін әсерін
талдау

26
2.1 Салықтардың ынталандырушылық қызметін талдау
26
2.2 Қазақстанда іскерлік белсенділікті салықтық реттеу динамикасы
31
2.3 Тиімді салық механизмін құру қағидаларын талдау
39
Іскерлік белсенділікті реттеудің тиімді салық механизмін
қалыптастыру

47
Қазақстанда кәсіпорындардың іскерлік белсенділігін шектейтін
факторлар .

47
3.2 Салық салуды жетілдіру арқылы іскерлік белсенділікті арттыру
55
Қорытынды
63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
65

Вложенные файлы: 1 файл

ІСКЕР БЕЛСЕНДІЛІК.doc

— 556.00 Кб (Скачать файл)

Мазмұны

 

 

Кіріспе                                                                                                                          

3

1     Іскерлік  белсенділіктің әлеуметтік-экономикалық  мәні                                 

5

1.1  Іскерлік белсенділік: мазмұны, өлшемі және бағалауы

5

1.2  Іскерлік белсенділікті  мемлекттік реттеу жүйесіндегі 

       салықтардың алатын орны

 

12

    1. Іскерлік белсенділікті салықтық реттеу бойынша шетел тәжірибесі

18

  1. Салық салу жүйесінің іскерлік белсенділік деңгейіне тигізетін әсерін

      талдау

 

26

2.1  Салықтардың ынталандырушылық  қызметін талдау

26

2.2  Қазақстанда іскерлік  белсенділікті салықтық реттеу  динамикасы

31

2.3  Тиімді салық  механизмін құру қағидаларын  талдау 

39

  1. Іскерлік белсенділікті реттеудің тиімді салық механизмін

       қалыптастыру

 

47

    1. Қазақстанда кәсіпорындардың іскерлік белсенділігін шектейтін

       факторлар          .

 

47

3.2  Салық салуды  жетілдіру арқылы іскерлік белсенділікті   арттыру

55

Қорытынды    

63

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі      

65


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

Зерттеудің  өзектілігі. Қазіргі кезде жүзеге асырылып жатқан салық саясаты, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық үдерістерді басқару әдістері, іскерлік белсенділік түсінігінің теориялық жағынан негізделуінің жетіспеушілігі, оған салықтық әсер ету факторларының теориялық жағынан нақты зерттелмегендігі, кәсіпкерліктің дамуын ұстап отырғанын айғақтайды. Яғни іскерлік белсенділік ұғымының өзі жеткілікті теориялық өңделіп болмаған, ары қарай өңдеп, зертеуді қажет ететін құбылыс бұл.

Маңыз аударатын мәселе, «іскерлік белсенділік» түсінігіне нақты бір анықтама жоқ, сондай-ақ іскерлік белсенділікті слықтық  реттеу немесе іскерлік белсенділік  – салықтық реттеудің тікелей  немесе кері байланыс жүйесінде қарастырылмауы, олардың тиімділігін бағалаудың жоқтығы қазіргі таңда оырн алып отырған өзекті мәселелердің бірі десек қателеспеспіз. Іскерлік белсенділік – салықтық реттеу жүйесінде даму реттеу проблемелары шешілмеген. Іскерлік белсенділікті артыру үшін, біріншіден, салық саясатын жоғарыда талған мақсатқа бағытталған, өзара байланысты және өзара негізделген шаралардың кешені ретінде ұзақ мерзімге қалыптастыру (содан кейін жүзеге асыру) керек; екіншіден, салықтардың әлеуметтік реттеушілік қызметтердің жүзеге асыру жүйесін күшейту керек.

Нарықтық экономика  жолын ұстанған Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметінің өркендеуіне қаржы қатынастарының, оның ішінде әсіресе салық салу жүйесінің әсерін бақылау өте күрделі жұмыс болып табылады. Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы экономикалық реформалардың маңызды бағыттарының бірі үздік әлемдегі стандарттарға барынша жақын бизнестік ортаның, оның шағын және орта бизнестің өркендеуіне, осы саладағы іскерлік белсенділіктің ықпал жасау.

Аталмыш бағыт «Қазақстан – 2030», Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму стратегиясының мақсат мүдделерімен үндестік табады. Экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі дәлелдеп отырғандай, кәсіпкерлік нығаюы экономикалық өсу, ғылыми-техниқалық прогрестің қарқыны, нарықтық бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтерге толығуы, жаңа жұмыс орындарының құрылуы, бәсекелестік ортаның қалыптасуы тәрізді мәселелерді шешуде маңызды роль атқарады. Осы орайда нақты өндіріс саласындағы шағын және орта бизнес тәрізді экономиканың басым бағытын дамыту барысында қаржы әдістерінң алатын орны айтарлықтай. Демек нақты өндіріс саласындағы немесе экономикалық басқа салаларында болсын, шағын және орта бизнестің іскерлік белсенділігін арттыруда қаржылық әдістері жетілдіру күн талабынан туындап отырған көкейкесті мәселелердің бірі.

Салықтың әлеуметтік қызметі жеткілікті зерттелмеген, ең алдымен қызметкерлер, кәсіпкерлер  және мемлекет мүдделерінің өзара әрекетінің тиімділігі ретінде зертеулерді  жалғастыру талап етеді.

Іскерлік белсенділікті ынталандыру салық салу механизмінің болмауы, экономикалық өсу үшін керекті салық ортасының қалыптаспағаны. Кәсіпкерлік істің дамуы үшін мемлекет саясатының болжамдылығы мен мөлдірлігінің негізі болатын салық салудың тұрақтылығы жоқ. Қолданылып жүрген салық салу бойынша құқықтық-нормативтік актілер көптеген актілерөзгертулерге ұшырайды.

Экономикалық өсудің маңызды факторы ретінде салық  слау әлеуметтік –экономикалық ортасы терең іскерлік белсенділіктің дамуында маңызды рөл ойнайтындықтан ғылыми зерттеуді қажет етеді. Іскерлік белсенділік бұл экономикалық өсудің маңызды факторы болғандықтан, оған әсер ететін факторларды зерттеу өте маңызды. Осы ғылыми жүмыста экономикалық өсудің маңызды факторы ретінде іскерлік белсенділік қрастырылса, ал оған әсер ететін көптеген басқа факторлардың маңызды фактор салықтар қарастырылады.

Жұмыстың мақсаты - Іскерлік белсенділікті экономикалық өсу факторы ретінде салықтық реттеудің методологиялық негізі мен тәжірибелік бағыттарын ғылыми түрде негіздеу. Жұмыстың мақсатына жету үшін мынадай міндеттер қойылады:

  1. Іскерлік белсенділіктің бағалау көрсеткіші, критериилерді негіздеу және талдаудың мазмұны.
  2. Іскерлік белсенділіктің деңгейіне салықтың әсерін талдау.
  3. Іскерлік белсенділікті шетел тәжірибесі негізінде салықтық ынталандыру.
  4. «Инновациялық белсенділік іскерлік белсенділіктің құрамдас бөлігі ретінде оған салықтардың әсерін талдау.
  5. Жалпы жүйедегі салық салудың басыңқы бағыттары мен оның экономикалық өсуге әсерін анықтау.

Зерттеу объектісі – Қазақстан экономикасындағы іскерлік белсенділікті салықтық реттеу жүйесі.

Зерттеу пәні - іскерлік белсенділікті салықтық реттеу сферасындағы қаржылық-экономикалық катынастардың жиынтығы.

Зерттеудің теориялық  негізін экономист ғалымдардың  қаржы теорияларына, экономикалық циклдарды  мемлекеттік реттеу мен салық салу теорияларына арналған негізгі еңбектері, сондай-ақ экономист ғалымдардың Іскерлік белсенділіктің іске асу формалары мен мәніне арналған еңбектері, салық саясаты бойынша қаржыгерлердің аналитикалық жұмыстары калайды.

Зертеудің тәжірибелік маңыздылығы. Жұмыстың қортындылары мен ұсыныстары жаңа салық механизмін құру негізінде салық жүйесінде құрылымдық өзгерістердің қалыптасуында қолданылуына болады. Бұл салық механизмдері экономикалық өсудің кешенді факторы ретінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің іскерлік белсенділігінің жоғарылауына оң әсер ететін, фактор ретінде қарастырылуы керек.

Диплом жұмысының құрылымы зерттеу кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады

 

1     Іскерлік  белсенділіктің әлеуметтік-экономикалық мәні

 

 

    1. Іскерлік белсенділік: мазмұны, өлшемі және бағалануы

 

 

Жиырмасыншы ғасырда  экономикалық ілім әлеуметтік-экономикалық қатынастардың ерекше категориясы  болып табылатын іскерлік белсенділік  ұғымына аса көңіл бөлмеген. Бұл  ұғымның болуына қарамастан, іскерлік белсенділіктің біраз аспектілері терең қарастырылмаған. Дегенмен, нарықтық жүйелердің дамуын зерттеу адамзат пен әлемдік шаруашылықтың дамуы барысында іскерлік белсенділік біраз өзгерістерге ұшырағаның және шешуші роль атқарғанын көрсетеді.

Іскерлік белсенділік  нарықтық экономиканың дамуының белсенді қозғаушы күші болып табылады. Тиімді нарықтық қатынастарды, әсіресе экономиканың негізгі салаларында қалыптастыру үшін іскерлік белсенділікті макро  және микро деңгейлерде экономикалық өсудің факторы ретінде қарастыру керек.

Қазіргі таңда іскерлік белсенділіктің қалыптасу факторлары, себеп-салдарлқ байланыстары мен әлеуметтік-экономикалық дамудағы ролі ашып қарастырылмаған.

Іскерлік белсенділіктің көп аспектілі сипаты, оның экономаканың әтрүрлі салаларындағы өзіндік көрініс табуы тиісті дейгейде ескерілмейді.

Нарықтық экономика  жағдайында іскерлік белсенділіктің заңдылықтары мен өзгеру тенденциялары жан  жақты және терең қарастырылмаған. Нарық шаруашылығының субъектілерінің  іскерлік белсенділігі экономикалық зерттеулердің маңызды бағыты болып табылады.

Отандық әдебиеттерде «іскерлік  белсенділік» категориясы ғылыми түрде  тіптен талданбаған. Ресей ғалымдары  біршама талдаулар жасаған. Кәсіпкерлердің іскерлік белсенділігін себеп салдарлық  байланыстарда тлық жиынтығын зеттеулер жүргізілмеген. Дегенмен интегралды іскерлік белсенділік (ұлттық экономика деңгейінде) пен ұйымдар мен жекелеген шаруашылық субъектілерінің өзара іскерлік әрекеттерінің мультипликатипті нәтижесі деп қарастыруға болады.

Көптеген экономистер іскерлік белсенділікті тек қана деңгеәде ғана қарастырады, оның зерттелуін экономикалық талдаудың маңызды бағыты деп және шаруашылық тәжірибесінің маңызды міндеті деп қарастырады. Іскерлік белсенділікті зерттеушілер арасында бұл ұғым анықтамасы мен мазмұны туралы бірыңғай пікір жоқ. Г.В. Остапкович іскерлік белсенділікті кәсіпорынның шаруашылық қызметінің интесивтілігін көсететін сандық сипаттамалардың жиынтығы және қолда бар ресурстар мен потенциалды тиімді пайдалану деп қарастырады. [1, 38б.]

Г.А. Краюхин болса  іскерлік белсенділік кәсіпорынының  қызмет нәтижесін көрсететін өндіріс көлемі, өнімдерді өткізу, өнімнің қабілеттілігінің жоғарлауының және т.б. көрсеткіштердің он динамикасымен анықталады деп санайды.[2, 159 б.]

И.К. Беляевский іскерлік белсенділікті келісім шарттардың сынамен, олардың динамикасымен, тапсырыс портфелінің жағдайы мен толтырылуы арқылы анықталатын нарықтық құбылыс қарастырады.[3, 47 б.]

В.В. Ковалев іскерлік белсенділік негізгі өндірістік қызметінің тиімділігі мен нәтижесін сипаттайды дейді. Бір типті, біріңғай кәсіпорындардың қызметін салыстыру нәтижесінде іскерлік белсенділікті сапалық дейгейде бағалайға қол жеткізеді. [4, 576 б.]

И.К. Беляевский, Г.Д. Кулагин, А.В. Коротков және басқалары тауар  айналысы динамикасының көрсеткіштері іскерлік белсенділіктің басты сипаттамаларының құрамына кіреді деп қарастырады. [3, 251 б.]

К.А. Раиций қаржылық жағдай кәсіпорынның тұрақтылығының және іскерлік белсенділігінің маңызды көрсеткіші деп санайды. Қаржылық жағдай кәсәпорынның бәсекеге қабілеттілігін, іскерлік серіктсетікте оның мүмкіндіктері мен потенциалын анықтауғы мүмкіндік береді. [5, 690 б.]

Н.К. Моисеева және М.В. Конышева іскерлік белсенділік деп өндірістік өткізу жүйесінің экономикалық өсуіне ықпал ететін әрекеттердің жиынтығын қарастырады [6,22 б.].

Жоғарыда аталған авторлар шаруашылық субьектілеріне қатысты «іскерлік белсенділік» категориясына анықтама беруге тырысқан. Біздің ойымызша ұйымның іскерлік белсенділігін экономикалық қатынастарын субъектілерінің шаруашылық қызметін макро және микро деңгейде тиімді басқаруға ынталандырылған процесс деуге болады, бұл процесс шаруашылық қызметі дамытуға, еңбекпен қамтуды өсіруге, нарықтық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізу мақсатында ресурстардың барлық түрін тиімді қолдану және нарық қатынастары мен жалпы ұлттық экономика субъектілерінің инновациялық, инвестициялық потенциалын қалыптастыру бағытталады.

Іскерлік белсенділік  материалды, еңбек, қаржылық және басқа  да ресурстардың қолданылуын тиімділігін  көрсетеді, сонымен қатар ұйымның потенциалды даму мүмкіндіктері мен басқару сапасын сипаттайды.

Соңғы жылдары іскерлік белсенділікті бағалауға скерлік  циклдың сапалық сипаттамасы  ретінде бірыңғай методологиялық тұрғыдан қаралуда, бұл қызмет ауқымы динамикасында  ресурстардың тартылып, қолданылуында көрініс табады. Іскерлік цикл іскерлік белснділіктің циклдық кезенің білдіреді. Нарық конъюнктурасы шаруашылық қызметінің көрсеткіші ретінде іскерлік белсенділік аясының тарылуымен немесе кеңеюімен анықталады. Іскерлік белсенділіктің кеңеюі өндірістің өсуі және контрактілер, тұтыну сұранысының өсуі арқылы көрінеді.Нәтижесінде нарық сыйымдылығы артып, тауарлар мен қызметтер көлемі өседі.   

Экономика дамуының белгілі  бір кезеніңде іскерлік белсенділік  аясы тарылады: сауда мәмілері азаяды, қолма қол және несие арқылы есеп айырысатын сауда операцияларының көлемі азаяды. Нәтижесінде тауарлар мен қызметтер өндірісі қысқарады.

Өндіріс көлемі азайғаннан кейін ұзақ «тоқырау» кезеңі басталды. Тауарлар мен қызметтер өндірісінің  өсуі, одан кейін төмендеуі, депрессия, соныңда оның қайтадан өсуінен тұратын уақыт интервалы іскерлік белсенділік дамуының циклын көрсетеді.

АҚШ-тың статистика және экономикалық зерттеулер бойынша Ұлттық бюросының анықтамасы бойынша бизнес циклдер экономикалық қызметтердің кеңеюі мен тарылуының толқындарынан тұрады, олар қайталанып тұрады, бірақ мерзімді емес (периодичный). Олар ұзақтығы мен интенсивтілігі жағынан әртүрлі болады, кәсіпкерлік қызметтің көптеген түрлері үшін бір жылдан он екі жылға болады.

Макроэкономикалық деңгейде анық циклдік толқыныстар көрінеді, яғни өсу мен төмендеу жағдайларының үнемі ауысып тұруы. Олардың бас кезінде дамудың әр түрлі деңгейлерде болады, олар әр түрлі ұзақтықта, тереңдікте және формаларда жүзеге асады. Бірақ көптеген циклдар процесінде көп ұқсастықтар  табуға боладыжәне олардың әр қайсысы бір біріне ауысып отыратын кезеңдерін көруге болады. Оларды іскерлік белсенділіктің фазасы немесе экономикалық циклдың фазалары деп аталады. Олардың төрт төрт фазасы бар: көтерілу, өте жоғары көтерілу (бум), қысқару және төмендеу немесе құлдырау.

Информация о работе Қазақстанда кәсіпорындардың іскерлік белсенділігін шектейтін факторлар