Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие процесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 17:26, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылырмен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятың ең басты мәселелердің бірі - өркениетті, прогрешілдік қасиеті мол, сондай – ақ ұлтық тілін жоғалтпаған, өзге елдердегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу. Сонымен қатар жеке басының сапасын көтеру. Тәрбие – қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның арақатынасы қамтамасыз ететің басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Оқушылардың сапалы тәртібі мен пайымды мінезін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу тәрбиешінің мақсатқа бағытталған іс- әрекетіне байланысты.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................3-4 бет
І тарау. ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ ...................................................................................................................................5-14бет
1.1.Патриоттық тәрбие ұғымының мәні және оның педагогикалық
еңбектерде зерттелу жағдайы..........................................................................5-9 бет
1.2.Бастауыш мектеп оқушыларында Қазақстандық патриотизм
сезімін қалыптастырудың маңызы...............................................................10-12 бет
ІІ тарау. БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ
ПАТРИОТИЗМ СЕЗІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ ................................ 13-31бет
2.1.Оқу – тәрбие процесінде бастауыш мектеп оқушыларының Қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастырудың шараларын жүзеге асыру жолдары мен құралдары...............................................................................................................13-22бет
2.2. Бастауыш мектеп оқушыларының Қазақстандық патриотиз сезімін қалыптастыруда тәжірбиесі ............................................................................... 23-26бет

ҚОРЫТЫНДЫ ..................................................................................................... 27-28бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ......................................................................29бет
ҚОСЫМША

Вложенные файлы: 1 файл

Патриотизм Құралай..doc

— 184.00 Кб (Скачать файл)

Қазақ ауыз әдебиетінен  орын алған және  ерте заманнан  бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу үстінде келе жатқан  жанрлардың  бірі–жұмбақ.

Жұмбақ–өскелең  ұрпаққа  білім  берерлік, тәрбиелік мәні  бар  құралдардың бірі. Мақал  адамның  логикалық ойын дамытса, жұмбақ, жаңылтпаш жас баланың тілін жетілдіріп, табиғи  өмір жағдайындағы  түсінігі мен қиялдау қабілетін дамытады. Жұмбақ ең алдымен жас бөбектерге  үйретілген, оның  өзі көбінесе  ұқсасқан  өлең түрінде айтылатын болған.

Алдымен айтылған мақал- мәтелдер тәрізді  жұмбақтар  сәби балаларды  ерлікке, отаншылдыққа, патриоттыққа үндейтін  маңызды құралдардың бірі. Өйткені көптеген жұмбақтардың астында батырлық ел қорғаған ерлердің  бойындағы  бес қару жасырын түрде  айтылады.

 Мысалы:

Белі  қайқы, жоңы тайқы .      (Қылыш)

 

Сүмбелі  тіректі, 

Қызыл  желекті 

Ерден қалмайды

Жауда керекті.                         (Найза)

Жалпы жұмбақтар сөз  образы  кілті  есебінде тануға болады. Жұмбақ ақындықтың ұрығы-дәні тәрізді. Бұл жақтарынан  тексеріп тануда  ғылымдық міндет. Жұмбақтардың шешуін  іздеймін деген баланың ойына және қиялына әсер етіп қана  қоймайды, сонымен қатар  қылыш, найза тәрізді ер қаруын қолға   алып,  елің жаудан қорғауға деген  құштарлық та пайда болады.

Аңыз әңгімелерде елдің  мұңын  мұңдап, жоғын жоқтайтын  қаһармандар өскелен буынға тәрбиелі де ізгі ықпалын тигізеді. Мәселен көпшілікке мәлім, ұлы  даланың абыз  жырауы атанған Асан қайғы туралы айтсақ  артық болмас. Асан қайғының  халқы   уайым – қайғыны  білмейтін, жан- жануар жылына екі   мәрте  төлдейтін, жазы самал, қысы  шуақты Жерұйықты  жерді  іздеуі  баяндалады. Жел маяға мініп тынымсыз сапар шегетін, Алтай мен Атырау арасындағы жер- судың қадыр- қасиетіне  қарай сипаттама беретін дала данышпаны қартайған шағында жарғақ құлағы жастыққа тимей  жүрсе,  ол халқы үшін жасаған қызметі.  Сол үшін де халқы да оны қадірлеген, оны кейінгі  ұрпағына Асан Қайғының отаншылдығын үлгі етіп ұсынған. Асан қайғыдай ел ұлы болуға үндеген. Жалғыз Асан қайғы емес, сонымен бірге Жиренше шешен туралы айтылған.

Айталық, ұзақ мерзім бойы Әз-Жәнібектің ақ ордасында болып, өзінің  ұядай қосына анда-санда бір оралатын Жиреншенің екі тізесі сыртқа шығып  жататын баспанасы жайлы «қайран менің  өз  үйім, кен сарайдай боз  үйім» -деп  айтатын  қанатты сөзінде  патриоттық ой жатыр, өйткені, ел деген ұғым  осы шағын қара  қостан басталатының, туған жерге деген сүйіспеншілік, осындай түсініктен нәр алатының қиыр жайлап, шет қонып жүрген көшпелі жақсы білген. Сондықтан, оны ұрпағына өнегелі жол деп көрсетті.

Оқу тәрбие  үрдісінде  жер, Отан, тау, тас, табиғат жан- жануар т.б. туралы жұмбақтар бастауыш сынып оқушыларының еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып  патриоттық сезімдерін дамытады.

Ертегілерге бай елдің  бірі- қазақ  халқы. Қазақ халқының ой-қиялының жемісі болып саналатын  ертегілер  балалардың патриоттық тәрбиесінде аса маңызды рөл атқарады. Өйткені, ондағы патриотизм, шығарма  қаһармандарының туған еліне, кіндік қаны тамған жеріне деген құштарлығын ауыз әдебиет нұсқауларының басқа жанрларға  қарағанда  ертегілерде анық байқалады. Мысалы «Ер Төстік» ертегісіндегі  оқиғалар, бас кейіпкер  өзінің елден ауып кеткен  ағаларын іздеп тауып  әкелуі, өз басына, еліне қауіп төндірген перінің  қызы Бекторы мен жалмауыз  кемпірден құтылып, кек алуы жалаң батырлық емес, ізгі пейілді азаматтығын да байқатады. Халық ертегілері  өткенді ғана баяндаумен шектелмейді, болашақ, келешек туралы қатты ойланады. Қазақ ертегілерінің басым бөлегінде ерлік, батырлықпен қатар үлкен адамгершілік, қайырымдылық, ақыл, тапқырлық, мейірімділік пен парасат мадақталып, өскелен ұрпаққа  үлгі ретінде ұсынылады. Қазақ ауыз әдебиетінің  ертеден келе жатқан қүрделі саласының бірі-батырлар жыры. Бұл жырлардың  көпшілігі халықтың  танды сүю, басқыншы жаудан қорғау, халық үшін ерлік  еңбек ету  идеясынан туған.

Бастауыш сыныпта мен математика сабағында  халық ауыз әдебиеті үлгілерінің  ішіндегі ертегіні қолдана отырып, «10 көлеміндегі  қосу мен азайту тәсілдері  жайлы және қалдықты табуға арналған есептер» деген жаңа тақырып  өткізді. Сабақтың мақсаты:

    1. 10 көлеміндегі қосу мен азайту  тәсілдері жайлы оқушының білімдерін бекіту.
    2. Есеп түрлері жайлы  оқушылардың  білімдерін жетілдіру.
    3. Балаларды халық ауыз әдебиетінің  кейіпкерлерімен  таныстыру арқылы елін, туған жерін сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың  барысы:

- Балалар, бүгінгі математика сабағында біз қазақ ертегісіне саяхат жасаймыз. Мына  мақалдарға назар аударындаршы: «Батырға оқ дарымады»

                                                «Батыр туса-ел арысы »

                                                «Еліңді сүйсең, ерлік істейсің»

-Бұл кімдер туралы  айтылған сөз?

-Дұрыс айтасындар батырлар жайында.

-Балалар, бізге қонаққа Алпамыс  батыр келіпті. Мен сендерге  ол  туралы ертегі айтамын:

Ерте-ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, бір бай болыпты. Оның баласы  болмай жүргенде, бір күні маңдайы жарқыраған  ұлды болыпты. Оның атын «Алпамыс» деп қолды. Алпамы**с ай сайын емес, күн сайын, сағат сайын өседі. Сөйтіп, ол ер жетеді, үлкен азамат болоды. Алпамыс өсе келе батыр бала атанады.

Ал бүгін, Алпамыс батыр сендердің білімдерінді көрейін деп келіпті.

№1 есепке назар аударындаршы, берілгенінде  қосу мен  айырма мәтіндерін салыстыру деп тұр:  6 * 4 немесе 4 * 6

                                                       8 * 5 немесе 5 * 8

                                                      10 * 4 немесе 4 * 10

                                                       8  * 3 немесе 3 * 8

                                                      10 * 6 немесе  6 * 10

Оқушылыр тақтаға шығып 1 өрнектен 3 өрнекті шығарады

   а)  10 мен                                     ә) 5 пен

        4 айырмасы                                3 қосындысы

       10 - 4 = 6                                        5 + 3 = 8

       10 - 6 = 4                                        3 + 5 = 8

        6 + 4 = 10                                      8 – 3 = 5

        4 + 6 = 10                                      8 – 5 = 3

- Алпамысқа сендер  қатты ұнадыңдар, өйткені өздеріңді  ақылды балалар екендеріңді көрсеттіңдер. Алпамыс бізге жай келмепті. Оның туған ауылына  біресе дәу, біресе айдаһар, біресе мыстан кемпір  келіп шабуыл жасайды екен. Жерінің намысы үшін, елін қорғау үшін Алпамыс оларға  қарсы жорыққа шығыпты. Алпамыс батыр  бізді де өзімен  бірге шақырады. Біз оған көмек көрсетеміз бе? ( иә!)

-Көп жүрдік пе, аз  жүрдік пе, Алпамыстың алдынан   дәу шығып, оны сайысқа шақырды.  Оның тапсырмасы бар екен,  егер біз оны орындасақ, ол  Алпамыстың еліне  шапқыншылық  жасамайды.

Қалдықпен табуға арналған есептерді біз шығардық. Керемет  дәуді біз жеңіп шықтық.

Енді Алпамыс батыр  айдаһарды жекпе-жекке шақырады. Ал, айдаһардың тапсырмасын орындап  көрейік.

Тапсырманы дұрыс орындаған  соң, сергіту кезеңі:

Оңға, оңға-түзу тұр

Солға,солға түзу тұр.

Алға қарай бір адым

Артқа қарай бір адым

Жоғары төмен қарайық

Бізде батыр болайық.

Енді Алпамыста бір  ғана дұшпан қалыпты. Ол мыстан кемпір. Енді онымен сайысайық. Мыстан кемпірдің  тапсырмасы 7; 0 сандары арқылы  қосу және азайту өрнектерін құру, мәндерін салыстыру.

Есеп шығарып болған соң.

Ал балалар, біз Алпамыспен бірге оның  барлық жауларынан құтқардық. Енді Алпамыстың елінде тыныштық болады. Сендер оған көп көмек көрсеттіндер, болашақта  сендер де батыр болады екенсіңдер. Енді Алпамыс батырмен қоштасайық. «Балалар  сау болындар, сендер сияқты достарды ешқашан ұмытпаймын» деп  Алпамыс қоштасып кетеді. Міне осындай тұрғыда сабақ үлгілерін өткізу арқылы балаларға математика сабағы арқылы патриоттық тәрбие бере аламыз.

Сол сияқты  бастауш  сыныптарда ана тілі сабағынан  «Райымбек  бастауы» атты ертегісін өту барысында  патриоттық тәрбие берудің мүмкіндігі түсіп отырады. Сабақтың мақсаты:Оқушылардың өз еліне, ат-мекеніне сүйіспеншілігін арттыра отырып,  бабамыздың туған елін, жерін жаудан қорғау әрбір азаматтың міндеті    екенін түсіндіру. Райымбек ат жетектеп келе жатқанда Көкойнақтың судй қалай сезгенін , Көкойнақ неге ақырынғанын түсіндіре отырып, су шыққан  бастау «Райымбек бастауының» қалай атанғанын,    оның шығу тарихы туралы түсіндіру.

Сабақтың тәрбиелік  мәні:Оқушыларымыз Райымбек батырларымыз сияқты   батыр,  елін, жерін, ұлтын сүйетін азамат болуға  тәрбиелеу.

Бұл мәтінде Райымбек батырдың балалақ шағы. Әкесі, нағашы атасы туралы қысқаша түсіндіріп, сонымен бірге «Райымбек бастауының»  шығу тарихы жайлы баяндап беріледі.

Балалар Райымбек батыр 1705 жылы дүниеге келген. Ол-жонғар басқыншыларына қарсы  күрескен қазақ батыры.

Райымбек батыр 17 жасында  Жоңғар басшылығына қарсы күресте  ерен ерлік көрсетіп, батыр атанды. Райымбек батыр бес жасында  өз атының басын өзі алып жүріп жылқының соңынан ере бастаған.

Жеті жасқа толғанда асау жылқыны үйретіп, міне бастаған.

Райымбек батырдың нағашы атасы «Райымбек жеті жасқа толды», - деп  ат етіп міну үшін  бір еркек  көк тай әкеп береді.Оған қоса  садақ, қылыш, найза, айбалта,  сауыт  әкеліп тапсырады.

Нағашы атасы Ханкелді батырға айтады: Менің жиенім он алты жасқа толып жігіт болғанда, көк тайы ат болады. Мен алып келген құралдарын  таза сақтап, өзі ұстауға шамасы  келгенде  өз қолына тапсыр, деп Ханкелді батырға айтып кетеді.

Райымбек нағашы атасы  алып келген  тайына қуанып. Жүген салып,  жетелеп жүріп бағатын болады. Райымбек атаның атын Көкойнақ  қойды.

Міне, сол  Көкойнақ. Оқушылар Райымбек батыр аталарың жау шабуылынан  сарбаздарымен  бірге шаршап, сусап  келе  жатқандағы күйін, сарбаздарын  шөлден  аман сақтап қалудағы әрекетін, батырына  көмек болған  тұлпары-Көкойнақтың сезімталдығын  байқайды. Батыр мейіріміне  сүйсінеді. Райымбек пен Көкойнақтың  арқасында  шөл далада адам да, ат та суға қанған. Бұл бастау өте қасиетті бастау болған. Мөлдір  сулы бастаудың «Райымбек бастауы» аталуы осыдан. Осы шағын мәтінде оқу арқылы оқушылар  жан-жақты білім, тәрбие алады.

Сабақты қорытындылай келе: «Райымбек бастауы»  сияқты  біздің де тауып  өскен  жерімізде де  осындай қасиетті  бастаулар бар  екені айтылады.

Енді батырлар жырына көшсек батырлар жыры бір  ғасырдың  ғана  жемісі емес. Ол халықтың ертедегі тұрмыс-тіршілігіне, тарихына қоғамдық  өміріне байланысты туып, солармен бірге жасасқан.

 Жалпы, қазақ тарихы- жан-жақты тарих.  Қазақ  мәдиеті-  жан-жақты  мәдениет. Далалардың  батырлары мен сал-серілері, халық мұның  жоқтайтын жырау да, табиғат мұңын жоқтайтын  сазгер де, сөз  ұстаған шешен де, найза  ұстаған көсем де  бола білген.

Махамбет қазақ қоғамын  дүр сілкіндірген, елді еркіндікке, тәуелсіздікке талпынтқан  ұлт-азаттық  қозғалысы қолбасшының бірі. Махамбет мұңы мен сыры  үндескен философ ақын, жыршы. Махамбет елдік  пен ерлік идеясын  ұрпақтан- ұрпаққа  жеткізіп қана қоймай, ұлттық рухтың  қайыспайтын  қара нардай қайратын, мұқалмайтын  сенім жігерін мәңгілікке сөзімен де, ісімен де  өрнектеп қалдырып кеткен ақиық ақын. Еліміздің жарқын болашағы  үшін алысқан  намысты ер Махамбеттің  дауылпаз жырларымен қоса, ерен  ерліктеріне қаһармандық  күрестеріне  арнап үлкенді-кішіл шығармашылық туындыларды осылайша  дүниеге  әкелді. Түптен келгенде, Махамбеттің қайсар қасиеті, адамға ортақ сыры жалпы адамзатқа тән.

Махамбет  өзінің алғырлығын, тапқырлығын, тайсалмас  өткірлігін, асқан батылдығын өз өлеңдері арқылы анық аңғартты, өзінің хас батырға  тән мінезін даралай отырып, қазіргі  жас ұрпақты қайсарлыққа, намысшылдыққа шақырып  патриотизмге тәрбиелейді. Махамбеттей  ұлы адамдардың  рухы  ұрпақтарды жалпы  ұлтты  тәрбиелейді. Балаларға  патриоттық рух беретін, халық үшін қызмет етуге үндейтін, өз елін қорғау үшін, керек десе жанын қиюға  дейін баруға болатынын іспен көрсететін, үстем таптың озбырлық, ниеттерін айқын әшкерлеп, оған қарсы күрес  жүргізуге  шақыратын Махамбеттің  қысқа жазылған  мазмұнды шағын  өлендерінің  балалар үшін маңызы  ерекше. Балалар  психологиясына тән нәрсе- олардың ерлікті  дәріптейтің шығарманы көп оқуы. Өйткені  олар, мұндай шығарманы тез түсінеді, тез қабылдайды. Балалар әрқашан  патриоттық  күш – қайрат  беретін,  өздерін жігерлендіре  түсетін шығармалардың  ішінде кейіпкерлерге  үнемі еліктеп  отырады. Мазмұны қызықты шығармалар жастың  үлкен, кішілігіне қарамай, бәріне бірдей қызмет етеді. Біз «баланың  зейіні нашар,  ақылы өткір емес» деп ойлаймыз. Жоқ, олай емес,  баланың тек тәжірибиесі ғана жоқ, ал  ақылы өткір, қиялы жүйрік екеніне сеніңіз.

Махамбеттей  батыр да ақын, аруақты ердің жыры салиқалылық танытады. Қазақ толғауында халықтың рухани  азығы болған, алдағы жарық, биік мұраттарға жетелеп, жігерлендірген, бойға азық, ойға қуат,  батырлық пен ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеуде, ұлттық намысты қайрап, жігерлендіруде Махамбет жырлары – таптырмас тәрбие құралы.

Махамбет «Ереуіл атқа ер салмай», «Тарланым»,  «Махамбеттің  Баймағамбет Сұлтанға айтқан сөзі»,  «Елдердің ісі бітер ме?»,  «Толарсақтан саз кешіп», «Айныман», «Қызғыш құс» деген өледері  балалардың бойына  қозғау салатын, патриоттық рух беретін,  оңы мен солын  танытатын тәрбиелік  күші басым шығарма. Мұнамен қатар  балалардың  жаттап  айтуына  жеңілдік  беретін орамы  күшті  әсерлі сөздер  мен жанды  теңеулер бар, құрылыс өлшемі  шағын, қысқалығы жағынан да  балалар үшін  ұтымды. Әділет пен еркіндік  дүниесіне талпынған Махамбет Жәңгір ханның өзіне  де тайсалмай, оны жауыздық  әрекеттерін халық алдында

Информация о работе Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие процесі