Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие процесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 17:26, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылырмен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятың ең басты мәселелердің бірі - өркениетті, прогрешілдік қасиеті мол, сондай – ақ ұлтық тілін жоғалтпаған, өзге елдердегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу. Сонымен қатар жеке басының сапасын көтеру. Тәрбие – қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның арақатынасы қамтамасыз ететің басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Оқушылардың сапалы тәртібі мен пайымды мінезін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу тәрбиешінің мақсатқа бағытталған іс- әрекетіне байланысты.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................3-4 бет
І тарау. ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ ...................................................................................................................................5-14бет
1.1.Патриоттық тәрбие ұғымының мәні және оның педагогикалық
еңбектерде зерттелу жағдайы..........................................................................5-9 бет
1.2.Бастауыш мектеп оқушыларында Қазақстандық патриотизм
сезімін қалыптастырудың маңызы...............................................................10-12 бет
ІІ тарау. БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ
ПАТРИОТИЗМ СЕЗІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ ................................ 13-31бет
2.1.Оқу – тәрбие процесінде бастауыш мектеп оқушыларының Қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастырудың шараларын жүзеге асыру жолдары мен құралдары...............................................................................................................13-22бет
2.2. Бастауыш мектеп оқушыларының Қазақстандық патриотиз сезімін қалыптастыруда тәжірбиесі ............................................................................... 23-26бет

ҚОРЫТЫНДЫ ..................................................................................................... 27-28бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ......................................................................29бет
ҚОСЫМША

Вложенные файлы: 1 файл

Патриотизм Құралай..doc

— 184.00 Кб (Скачать файл)

Қазақстандық патриотизмге басқа халықтарға деген   силастық, бүкіл азаматты  құрметтеу тұрғысынан  қорғау керек.

Міне, осы  сапаларды  оқу-тәрбие барысында оқушылар бойына  сіңіру бүгінгі күннің өзекті  мәселелерінің  бірі болып отыр. Ол үшін  жастарды патриоттық  тәрбиелеу  ісін мемлекеттік тұрғыда қолға алу керек.

Патриоттық тәрбие  жалпы тәрбиенің  құрамдас  бөлігі және  жастардың  патриоттық, жоғары  азаматтық  сезімін қалыптастыруға  бағытталатын мақсатты ұйымдастырылған  және басқарылатын  психологиялық  – педагогикалық үрдіс болып  табылады.

Патриоттық  тәрбие негізін  дамытудың  мәні жеке  тұлғаның жоғары  әлеуметтік  белсенділігін  көрсететін және қалыптастыратын  идеялық-адамгершілік, моральдық  еріктірік, еңбек  және дене сапаларын тәрбиелеудегі  ішкі байланыстарды  анықтау және саралау  болып табылады.

Патриоттық тәрбиеде қолданылатын  іс-әрекет түрлері  тәрбие процесінің  нақты мазмұнын  анықтайды. Ондай іс-әрекеттерге  оқу-танымдық, спорт-қорғаныс, ойын, еңбек, қоғамдық-саяси, көркемдік-эстетикалық  іс-әрекеттерді жатқызуға болады.

Бұл іс-әрекеттерінің  жүзеге асуы оқушылардың  оқу-тәрбие жұмысына шығармашылық  көзқарас тұрғысынан келуімен тығыз байланысты. Қазақстан  жағдайындағы патриоттық  тәрбие  оқу және оқудан тыс тәрбие жұмыстарының  бірлігінде, жастардың дербес ерекшеліктерін есепке ала отырып, тәрбие әдістерін және тәрбие  ісі технологияларын мақсатты  түрде таңдап, олардың үздіксіз өзгеруі мен күрделенуінің, көп түрлі болуының  нәтижесінде ғана  жүзеге аспақ.

Ұрпақ тәрбиесімен  айналысатын  әрбір оқытушы  өз тәрбие  жұмысының  негізгі мақсатын  от жүрегі Отан деп соғатын  жастар тәрбиелеу деп алса, ұлт болашағына, ел тыныштығына сеніммен қарауға болады.     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ

1. Философиялық  сөздік  Алматы,  1996ж .  335 б.

2.Уалиханов С.Таңдамалы  шығармалар Алматы, Жазушы 1985ж. 560 б

3.Иманбаева С.Патриоттық  тәрбие берудің әдістамалық негізі //Бастауыш мектеп, 2005№ 10. 57-59 б.

Философиялық  сөздік  Алматы, 1996ж. 335 б.

4.Қазақ  совет энциклопедиясы  4 том, 564 б.

5.Нұрғалиев Г.К.,Құсайнова  А.К.,Мусин Қ.С.Салыстырмалы педагогика Алматы,1999ж .17 б.

6.Лихачев Б.Т. Методологические  основы педагогики  г. Самара, 1998 ж. 164 б.

7. Берғалиева С. Патриоттық  тәрбие беру  // Бастауыш мектеп,  2007ж. № 5- 6,  18-20б.

8.Шардарбекова А.   Бастауыш   сынып   оқушылары   патриоттыққа  тәрбиелеу

// Бастауыш сынып,  2007ж. № 4,  19-20б.

9. Найзабекова Н.Патриоттық  тәрбие- педагогикалық проблема //Бастауыш  мектеп, 2005ж. 

№ 6,  17-18б.

10.Шарипова О.БҰлттық  тәрбие патриоттық сезімнің негізі //Бастауыш мектеп,2007ж.№ 4,  15-17б.

11. Әбілдина С.  Патриот  ұрпақ мектебі // Бастауыш  мектеп,   2006ж. № 7, 3-5б.

12. Иманбетов А. Отансүйгіш  тәрбие–басты міндет //Қазақстан  мектебі,2005 ж. № 5-6,  3-5 б.

13. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан- 2030 Алматы Білім   1998 ж. 201-2003б.

14. Раев Д. Қазақстандық патриотизм мен гуманизм // Ақиқат,2007ж №8. 9-18 б.

15. Мырзағұлова М. Патриоттық  тәрбиені жаңаша  түсіну // Алғашқы  әскери дайындық,  2006ж. № 4,  24-26 б.

16. Сейдахметов Л. Оқушыларға  патриоттық тәрбиені қалыптастыру //Қазақстан   мектебі,  2001ж. № 3,  9-11б.

17.Шарипова С.Б.Оқу  үрдісінде патриоттық тәрбие  беру //Бастауыш  мектеп,2007ж.№ 3,10 б.

18. Белгібаева Г. Патриоттық  тәрбие  беруде ауыз әдебиетінің  атқаратын рөлі   //Бастауыш  мектеп,  2005ж. № 8,  28-30б.

19. Темірғалиева С.   Бастауыш мектеп оқушыларына     патриоттық   тәрбие берудегі   этнопедагогиканың рөлі  //Бастауыш  мектеп,  2006ж. № 7,  28-29б

20. Наурызбаев Ж.  Ұлттық  мектептің ұлы мұраты  Алматы, 1996ж. 29-32 б.

21.Нұрмұхаметова Р.Мектептегі  патриоттық тәрбие //Бастауыш мектеп, 2006ж. № 10,30-31 б.

22. Бержанова К., Мусин  С.   Педагогика тарихы Алматы, Мектеп  1984ж. 257б.

23. Жарықбаев Қ.,Қалиев  С.  Қазақ тәлім- тәрбиесі  Алматы, Санат 1995ж. 496б.

24.Момышұлы  Б. Қанмен  жазылған кітап Алматы,  Жазушы  324 б.

25.Шадырбекова Р. Патриоттық  тәрбие  беру // Бастауыш мектеп, 2005ж.  №5,  62-63 б.

Сабақтың мақсаты: 1.Тәуелсіздікке байланысты  туған еліміздің

                                        тарихымен, рәміздермен  жете  таныстыру,  естерінде  

                                        қалдыру.

                                       2. Оқушыларды туған елімізге  деген  сүіспеншілігін, 

                                          сезімдерін ояту.

Қолданылатын  көрнекіліктер. Нақыл сөз,  мақал-мәтел т.б., жазылған плакаттар, тәуелсіздікке   шығарылған газет, салған суреттер.

Тәрбие сағатының  барысы.

1-ші жүргізуші:

Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген.

Жөргегімде таныстым мың тіліммен.

Жылағанда жүрегім  күн  тұтылып

Қуанғанда күлкімнен  күн тірілген.

2-ші жүргізуші:

Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін.

Қайта тудым, өмірге қайта  келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім!

1-ші жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме, қымбатты  ұстаздар мен ата-аналар!

2-ші жүргізуші: Ассалаумалейкум,  қымбатты қонақтар! Қош келдіңіздер

Мұғалім сөзі:

Республиканың рәміздері  аталып, ол туралы білетіндері ортаға салынады.

1-ші  оқушы:

Бәрі  болған қазақ  деген көне елде,

Ел белгі де,елдік, ерлік, өнер де

Жапандағы ең жауынгер халықта 

Кім сенеді, ту болмады  дегенге?!

1-ші жүргізуші: 1992  жылы  4 маусымда  Президент Н.Ә.Назарбаев ту шашағын сүйіп тұрып. «Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің  қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәнгі сөнбесін»- деді. Туымыздың авторлары : Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков.

2-ші оқушы: Бас білгісіп  жер тарпыған тарпаңға

                       Жасы тұрмақ шығады екен қарты  аңға.

                        Қалай оның ең таңбасы болмайды

                      Түлігіне дейін салған ен- таңба?!

2-ші жүргізуші: Еліміздің   нышандарын бекіткен күні Нұрсултан  атамыз тебірене былай деді: «Ұлттық рухты осыншама  кемел жеткізген Ел- таңба әлемде сирек кездеседі десек те артық болмас. Айбынымызды асырып, рухымызды аспандатар  Елтаңбамыз құтты болсын! Бұған бүкіл еліміз қуанады. Авторлары: Жандарбек Мәлібеков пен Шот Аман Уәлиханов.»

3-ші оқушы: Батырлыққа  уызына жарыған,

                      Ел төркіні байрағынан  таныған.

                     Өзі ақын, өзі әнші  халықта

                     Кім айта алар болмаған деп  Әнұран.

1-ші жүргізуші:  Авторлары:  Шәмші Қалдаяқов, Нұрсултан Назарбаев

(оқушылар Әнұранды  орындайды)

1-ші, 2-ші  жүргізушілер  бірге:

 Енді бүгін  өлген  туым тірілді,

 Әнұраным жалғап  алды  ғұмырды

Босағада  қалып келген Елтаңба

Баяғыша төріме кеп ілінді.

Мұғалім:  Ал енді  біздің егемен еліміз туралы не  білетіндеріңді тыңдайық.

  1. Қазақстан Республикасының  астанасы қай қала? Астанаға дейін қай қала?  Алматыға дейін ше?
  2. Революцияға дейінгі  қазақ ағартушылардан кімдерді білесіңдер?
  3. Қазақтың ат-әбзілдері  қалай аталады?
  4. Қазақтың қандай ұлттық тағамдарын атай аласыңдар?

2-ші жүргізуші:   Біз  өз тарихымызды, жеті  атамызды  білуге тиіспіз. Сонау  ерте кезде біздің ата- бабаларымыз  29 қазақ руының басын қосып,  халық болып  қалыптасуының  негізі болған екен.

Көрініс. Жәнібек хан өсиеті бейнеленеді.

     1-ші жүргізуші:   Бір ата, бір ананың түлегіміз,

                                   Бір болсын, қайда жүрсек тілігіміз.

                                   «Бірлік барда, тірлік бар»- деген  бабам

                                    «Бірлік» -деп бірге соғар жүрегіміз.

Әдеби монтаж.

1-ші оқушы: Тағдарыңды  тамырсыздық індетінен  қалқала

                       Әр адамда  өз анасынан басқа  да

                      Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада

                      Болу керек  құдіретті төрт  ана!

2-ші оқушы: Туған  жері- түп қазығы, айбыны

                       Туған тілі- сатылмайтын байлығы,

                       Туған дәстүр, салт- санасы- тірегі,

                       Қадамына шуақ шашар  үнемі.

3-ші оқушы: Және  туған тарихы, еске алуға  қаншама

                      Ауыр әрі  қасіретті болса  да,

                      Төрт анаға әнін жолдай алмаған

                      Пенделердің басы қайда қалмаған?

4-ші оқушы:  Төрт  анасын  қорғамаған халықтың,

                        Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған

                       Қасиетті  бұл төрт ана- тағдырының  тынысы,

                        Төрт ана  үшін болған,  күрес-  күрестердің ұлысы.

2-ші жүргізуші:   Қазақ халқында  қорқақтықты,  менмендікті, кекшілдікті, жалқаулықты  жеріне жеткізе сынап, ал адалдықты, батырлықты, еңбекқорлықты мадақ ететін мақал- мәтелдер  өте көп. Ал қазір мақал- мәтелдерге сөз берейік.

Оқушылар мақал- мәтелдер   айтады. ( «Желтоқсан  желі» әнінің музыкасы  ойнайды)

     1-ші жүргізуші:  Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы  желтоқсан  оқиғасының  бас  қаһарманы Қайрат  Рысқұлбеков  22-ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы, бостандығы, егемендігі үшін күресті.

2-ші жүргізуші:    Қатыгездік жұдырығы түйіліп,

                               Қамшы    үйірді жасқап, жекіп  бұйырып.

                               Желтоқсанда  шыққан үлкен  алаңға 

                               Ата- баба аруағына сиынып.

Көрініс. Автор, Қайрат түрмеде. Теміртордың ішінде ойланып «Ана тілі» өлеңін  оқып отырады. Жанында жаралы жігіттер.

Қайрат. Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген

               Құшақ жая таныстым мың тіліммен

               Жаман үйді қонағы  билейді  деп

               Қала жаздап айырылып  өз тілімнен

               Өзге тілге еліктеп ел болмайық

              Қазағымның   артығы жоқ өз  тілінен.

 Автор, Қайрат жатқан жерге есікті ашып, күзетшілер келіп, оны тергеуші алдына апарады. Қайраттан ақтық сөзін айтуға бұйырады.

Тергеуші: Әй,  сен бұзық шыныңды айтпасаң атыласың    ақтық сөзінді айта бер.         

Қайрат. Күнәдан таза басым бар,

               Жиырма бірде жасым бар,

               Қасқалдақтай қаным бар,

               Бозторғайдай жаным бар,

              Алам десең алыңдар

              Қайрат деген атым бар

              Қазақ деген затым бар,

              Еркек тоқты құрбандық

             Атам десең, атындар.

Тергеуші: Әкетіндер!!! Атындар!!!

     1-ші жүргізуші:   Сол «желтоқсан оқиғасы» қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік  егемендікті алып келгенінің арқасында, дүние жүзіне танымал ел болдық.

     2-ші жүргізуші:   Егеменді ел болудың белгісі

                                   Басқа жұртпен тең жұлдызы тең күші

                                   «Егемендік» деген сөзден естілер

                                    Ата жұрттың арғысы мен бергісі.

5-ші оқушы: Көк аспандай- туларың

                      Желбірейтін күні  бұл.

                      Елім деген  ұлдардың

                     Елжірейтін  күні бұл.

Атамекен ақ  үйдің

Азат болған күні бұл

Құндақтағы сәбидің

Қазақ болған күні бұл.

                     Жұпар шашқан гүлімнің

                     Жаңа ашқан күні бұл

                     Менің ана тілімнің

                     Бағы ашылған күні бұл

1-ші жүргізуші:    Қазақстан! Туды алтын  дәуірің,

                               Алғандайсын жұлдыздардың жарығын.

                                Алтын заңың  құтты болсын

                               Туған қүнің құтты болсын, алыбым.

1-ші жүргізуші:    Армандарды жақындатып тым алыс

                               Біздің жаққа жеткен екен жылы  ағыс

                                 Егеменді – ел бақыты, ертені

                                 О, халайық!

                                 Құтты болсын қуаныш.

«Қазағым елі» әні  орындалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие процесі