Бастауыш мектепте дүниетану пәнін оқытудың әдістемелік мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2014 в 12:44, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінгі заман талабына сай оқу бағдарламалары мен оқулықтары, оқытудың негізгі мәні, адам тәрбиесі жеке тұлға ретінде дамуы мен тәрбиеленуіне тікелей ықпалы тиетін жаңаша көзқарастарды батыл енгізуде. Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында (1997 жылы маусым)», «Білім беру жүйесінің басты мақсаты ұлттық және жалпы адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау»- деп айқын көрсетілген жастарға білім мен тәрбие берудің негізі болып саналатын жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық процесін жақсарту бірінші кезектегі мәселе болса, бастауыш мектеп негіздің негізі түп қазығы.

Содержание

Дүниетану сабағында бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту мен жетілдіру тәсілдері.
Кіріспе:
І тарау. Бастауыш сыныптарда оқушыларының танымдық бедсенділігін дамыту мен жетілдірудің теориялық негізі.
1.1. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері.
1.2. Оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту мен жетілдірудің мәселелері.
ІІ тарау. Бастауыш мектепте дүниетану пәнін оқытудың әдістемелік мәселелері.
2.1. Бастауыш мектеп оқушыларының таным белсенділігін арттырудағы дүниетану пәнінің рөлі мен маңызы.
2.2. Дүниетану сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін жетілдірудің тиімді жолдары.
2.3. Сабақ жоспары.
Қорытынды. Қосымша.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-Дүниетану-сабағында-бастауыш-сынып-оқушыларының-танымдық-белсенділігін-дамыту-мен-жетілдіру-.doc

— 180.50 Кб (Скачать файл)

Педагогикалық жұмыста балаларда жас ерекшеліктерімен қоса, бір жас тобындағы балалардың өзінде елеулі айырмашылығы болатын олардың дара ерекшеліктерін де ескеріп отыру қажет. Жеті жасар балалардан «Мектепке барғым келеді, оқығым келеді» дегенді біз барған сайын естіп жүрміз. Алайда, мектеп жасына дейінгі балалардың өмірін өзгертуге талпынысы – мұның өзі оқу қызметінің әзірге салдары бола алмайды. Оларды тартатын оқудың өзі емес, оның нәтижесі. Осынау шеберліктермен дағдыларды игеру үшін ғана күш жігер жұмылдыруға тура келетіндігінен ұғымы жоқ бола тұрса да олардың оқи, жаза бігісі келеді де жеті жастағы бала мектеп оқушысына айналады. Бұл бала өз бойында мектеп жасына дейінгі балалық шақтың белгілерін оқушының ерекшеліктерімен ұштастыратын өтпелі кезең. Бұл белгілер оның мінез құлқында, санасында күрделі, ал кейде қайшылықты үйлесім түрде қатар жүреді. Кез келген өтпелі күй сияқты бұл шақ көзі ашылмаған даму мүмкіндіктеріне бай, оларды дер кезінде байқап, қолдап отыру маңызды. Адамның көптеген психикалық қасиеттерінің негіздері тап осы бастауыш мектп жасында қалыптасады және әдетке айналады. Сондықтан ғалымдардың ерекше назары қазіргі бастауыш сынып оқушыларын дамытудың резервтерді пайдалану балаларды одан арғы оқу және еңбек қызметіне неғұрлым табысты дайынауға мүмкіндк береді.

Бастауыш сынып оқушыларының анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктері. Бастауыш мектеп кезеңіне 7-10 жас аралығындағы балалар жатады. Бұл жаста дененің барлық органдары мен талшықтарында елеулі өзгерістер болады. Мысалы, омыртқаның барлық мойын, арқа бел бүгілістері дамиды. Әйтсе де скелеттің қатаюы әліде аяқталмайды, оның аса иілгіштігі мен ширақтылығы да осыдан, бұл дұрыс дене тәрбиесін беру және спорттың көптеген түрімен  айналысу үшін елеулі мүмкіндіктер де ашады, сондай-ақ теріс зардаптарға да әкеліп соғуы мүмкін. Бастауыш сынып оқушысы отыратын орындарының көлемінің сай болуы, орындық пен партаға отырғызу бала денесінің, тұлғасының қалыпты дамуының аса маңызды шарты, оның кейінгі бүкіл жұмыс қабілеттілігінің шартты екендігі осыдан.

Бастауыш сынып оқушыларының бұлшық еттері мен сіңірлері жылдам қатаяды, олардың көлемі ұлғаяды, жалпы бұлшық ет күші артады. Ірі бұлшық еттер майдаларынан ертерек жетіледі. Сондықтан да балалар салыстырмалы түрде алғанда күшті де кең құлашты қимылдар жасауға көбірек қабілетті, алайда оларға дәлдікті талап ететін ұсақ қимылдарды орындау қиынырақ соғады. Саусақ сүйектерінің қатаюы тоғыз, он бір, ал білек сүйектерінің қатаюы он, он екі жасқа қарай аяқталады. Егер осы жайды ескерсек, онда бастауыш сынып оқушысы неліктен әр кез жазбаша тапсырмаларды үлкен күш жұмсап орындайтыны түсінікті болады. оның білегі тез талады да, ол өте тез және тым ұзақ жаза алмайды. Бастауыш сынып балаларына әсіресе бірінші, екінші оқушыларына жазбаша тапсырмаларды аса көп беруге болмайды. Бастауыш сынып оқушыларының жүрек бұлшық еттері шапшаң өседі және ол қанмен жақсы қамтамасыз етіледі. Мидің салмағы жеті жастан кейін айтарлықтай артады. Мидің маңдай бөліктерінің жетілуі баланың психикалық іс әрекеті мен жүйке қалыптасуына үлкен рөл атқарады.

Атап көрсетілгендей баланың психикалық дамуының әрбір кезеңі оның іс әрекетінің негізгі, жетекші түрімен сипатталады. Жет жасар бала мектеп табалдырығына аттасы мен – ақ оқушы болады. оның өмірінде ойын әле маңызды орын алғанымен осы уақыттан бастап ол біртіндеп басымдылық рөлін жоғалта бастайды. Бастауыш сынып оқушысының жетекеші іс әрекеті оның құлық мативтерін елеулі түрде өзгертетін, оның танымдық және адамгершілік күштерін дамытудың жаңа көздерін ашатын оқу болады.

Алғашқы кезде  оқушы нақтылы оқу пәндерінің мазмұнымен шын мәнін де әле таныс емес. Олардың оқу материалдарына танымдық ынтасы әзірге жоқ. Әйтсе де бала алғашқы сабақтардан бастап-ақ тиіті мағлұматтар ала бастайды. Бұл ретте оның оқу жұмысы жалпы білім алуға деген ынтаға сүйенеді.

Жекелеген психикалық үрдістердің қарқынды дамуы баланың бастауыш мектеп шағында жүзеге асады. Бұл кезде қабылдау қабілеті жетіледі. Көру мен есту қабілеті жоғары деңгейде көтеріліп, түрлі түстерді айқын ажырата алады. Қабылдаған заттардың қасиеттері мен сапаларын меңгереді. Қоғам өміріндегі жаңа негіздерге бақылампазыдығы артып, қабылдауын басқарып, оны қажетті мақсатқа бағыттай алады.

Бала зейінін негізінен өздері тікелей қызығатын нәрсеге аударады. Бала біртідеп енді жай сырттай жартымды заттарға ғана емес қажетті нәрселерге зейінін бағыттап, оны тұрақтандыруға үйренеді. Ырықты зейінін дамуында сыртқы әсердің тартымдылығы, ұнамдылығы, көрнекілігінің мәні зор. Зейіннін дамуы, сондай-ақ оның көлемінің кеңеюі баланың қазіргі кездегі ойын әрекетінің алуан түрлерімен танысып, оларды меңгере алуымен байланысты.

Бастауыш мектеп кезеңінде негізгі іс әрекет оқу болғандықтан, баланың барлық психикалық үрдісіне өзгерісенеді. Оның іс әрекетке белсенділігін көрсете отрып, ақыл ой еңбегін зейін арқылы жүзеге асырады.

Оқу іс әрекеті балаға өзінің есте сақтау үрдісін басқаруды талап етеді. Мектептегі оқу үрдісінің талаптары мен өзіне тән мазмұны бұл үрдісті едәуір дамытады, есте сақтау мықтылығы беки түседі. Есте сақтау деңгейі – есте сақталынатын материалдың мазмұнына іс әрекет сипатына, материалды есе сақтау және қайта жаңғырту тәсілдерімен әдістерін меңгеру деңгейіне байланысты болады.

Бастауыш мектеп кезеңінде сөздік материалды есте сақтау мүмкіншілігі  күрт жоғарылайды, меңгерілетін оқу материалы үнемі оқушыдан елестету үрдісін талап етіп отырады. Есте сақтау мен елетету баланың күш жігерді керек ететін мативтерге байланысты өзгеріп отырады. Бастауыш мектеп кезеңінде алған білімдерді бала өз іс әрекетінде  қолдануға машықтанады. Баланың ақыл ой әрекетінің дамуы үрдісінде орындау практикалық әрекеттерін ішкі ақыл ой әрекетіне көшу көрінеді. Дегенмен, практикалық әрекет жоғалмайды, керісінше оқушылардың жаңа, қиын тапсырмаларды орындау негізінде байқалады. Ойлаудың ішкі жоспарға көшуі арқылы ізденіс, негізгі сипаттағы практикалық әрекетті орындауды үйренеді.

Оқу үрдісінде ой операциялары да іске асады. Елестету бойынша заттарды дұрыс әрі оңай салыстыра алады. Абстрактылы ұғымдарды салыстыру байқалады. Логикалық ойлауының даму ерекшелігінде ой қорытндысын жасай алу, себеп салдар анықтау, түсінік беру сияқты түрлері анық көріне бастайды.

Оқушыларға жоғары дәрежеде жүйелі түрде және нәтижелі ақыл ой әрекеті дамып жетіледі. Бұл өзінің қоршаған орта  туралы, қоғамға еніп жатқан жаңа техника туралы, танымдық қатынастарды меңгере алуынан көрінеді. Осы арқылы баланың ақылы және оның танымдық қызығушылықтары қалыптасады.

Еліміздегі тіл туралы заң жыл сайын әрбір Қазақстан азаматына үлкен жүктеме артып отыруға байланысты тек ересектердің сөйлеу әрекетінен ғана нәтиже байқалмайды, сонымен қатар бастауыш мектеп жасындағы балалардың тіл дамуы ана тілін терең әрі ұлттық ерекшелікте меңгерілгендігі байқалады. Оқушы енді өз ойын, өз қалауын, өз сезімін ана тіліндегі сөз байлығын қолдана отырып, граматикалық түрде өте дәйекті тұрғыда түсіндіре алады.

Бала тілінің дамуының  мативтеріне құрбыларымен, ересектермен қарым қатынас жасау, қоғаның жаңа талаптарына сәйкес нәрселерді білгісі келетіндігі, түсіндіруге тырысушылық, әңгімені эмоциялық тұрғыда жеткізе білуі жатады.

Бала бойындағы кездесетін әртүрлі жағдайларда ішкі сөйлеу қалыптасады. Сөйлеудің комуникативтік, сигнифиативтік функцияларын қолдана алады. Өзін қоршаған орта туралы, қоғам өзгерістері жайлы, бір қатар ұлттар арасындағы өзара қатынастар мен өзгешіліктер туралы тыңдау, оқу, әңгіме, пікірталас, талдау сияқты түрлерді меңгере бастайды.

Бастауыш мектеп жасындағы көркем жазу бала ойынан едәуір өзгешелік енгізеді. Көркем жазу сабағы ана тілінің граматикалық табиғатын ашады және ана тілін еркін меңгеруге мүмкіндік береді. Баланың  алғашқы мектеп табалдырығын аттауы – оның бойында күрделі сезімдер туғызады. Бұл балалар арасындағы, әр үйдегі, әрі мектептегі жаңа талаптарға негізделеді.

Қоғамдық талаптардың өзгеруі баланың жеке басындағы адамгершілік, жауапкершілік, әділдік қайрымдылық, еңбек қорлық сияқты қасиеттерді ашады.

Бастауыш мектеп оқушысының ерік сапаларының дамуы: біріншіден, жетістіктерге жету мақсаттарының мазмұн мен көлемінің ұлғаюына және өзгеруіне, екіншіден, ішкі және сыртқы қиыншылықтарды жеңе алуына, үшіншіден, ұзақ уақыт күш жұмсай алуына, төртіншіден, өзін ерікті тежеу барысында өзін-өзі меңгеру, тоқтамға келуінде қалыптасады.

Бастауыш  мектеп жасындағы балалардың жеке басының дамуы – оқуы мен танымдық әрекеттерінің қалыптасуында оқу іс әрекетіндегі белсенділігі мен адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуындағы қарқынды кезеңі. Олардың өзгелермен қарым қатынас жасау белсенділігінің күшті кезеңі деп аталады.

Баланың білі қазыналарын интуициялық қабылдауын мектептегі оқудың алғашқы күнінен бастап, ендігі жерде математика, дүниетану және басқа пәндердің өздерінің күтпеген, таңқаларлық, қызықты жайттарын паш ету жолымен қолдап, дамытып отыру керек. Бұл оқу іс әрекетінің негізгі ретінде балалардың шын мәніндегі танымдық ықпалдарының қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Осылайша мектеп өмірінің алғашқы кезеңіне баланың сыныптағы және үйдегі мінез құлқын реттеп отыратын мұғалімнің жаңа талаптарына баланың бағынуы, сондай-ақ оқу пәндерінің мазмұнына қызыға бастауы тән. баланың бұл кезеңінен қиналмай өтуі оның мектепке жақсы даярлықпен келгендігінің белгісі. Бірақ жеті жасар баланың барлығы мұндай емес. Олардың көпшілігі бастапқы да қандай да бір қиыншылықтарға кездеседі және бірден мектеп өміріне етене араласып кете алмайды.

Бала мектеп өмірінен алғаш ене бастағанда онда мәңгі психологиялық қайта өзгеріс болады. Ол  жаңа режимнің бір қатар маңызды әдеттерін бойыңа сіңіреді, мұғаліммен және жолдастарымен сенімді қарым қатынас орнатады. Оқу материалының мазмұнына ынтаның пайда болуы негізінде оның оқуға деген жақсы көзқарасы қалыптасады. Бұл ынталардың одан әрі дамуы және төменгі сынып оқушыларының оқуға деген көзқарасының жайы олардың оқу әрекетінің қалптасу процесіне байланысты. Сондықтан педагогикалық психология үшін осы іс әрекетті құру және оның жекелеген бөліктерінің ерекшеліктері туралы мәселе ерекше маңызды болып табылады.        

 

Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттың ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осы орайда егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде.

Қазіргі кезде бастауыш мектептерде оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары жүргізіліп, одан әрі жетілдіре түсуде даңғыл жол ашылды.

Бала өмірінде алты жаста үлкен өзгеріс болатыны белгілі. Бала мектеп оқушысына айналады. Бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшелігі өсіп жетілуіндегі елеулі өзгерістерінен сипатталады. Баланың мектеп жасына өтуі оның іс әрекеттерінің, қарым-қатынасының, басқа адамдармен қатынасын өзгеруімен байланысты түсіндіріледі. Негізгі іс әрекет түрі оқу болады, өмірі өзгереді, жаңа міндеттер пайда болады.

Бастауыш мектеп жасындағы баланың танымдық іс әрекеті оқыту үрдісінде жүзге асады. Осы жаста қарым-қатынас шеңберінің кеңеюінен маңызы артады. Баладағы өтіп жатқан осы өзгерістер педагогтерден бүкіл оқыту тәрбиелеу жұмысын нақты мақсатқа бағыттауды талап етеді. Негізгі іс әрекет түрі – оқу. Осы оқу арқылы олардың таным үрдісі дамиды.

Таным теориясы – айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында бейнеленуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатынасын, қоғамдық тәжірибе негізінде іске асатын таным үрдісінің заңдылықтарын, оның негізгі түрлерін, әдістерін, жорамалдары мен теорияларды құру және дамытудың жолдарын зерттейтін психология ғылымының саласы.

Білімнің қалыптасып дамуының жалпы шарттары философияның негізгі мәселесі – рухтың материяға сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттейтін ілім – таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориядан түбірлі айырмашылығы бар. Ол білімнің қалыптасуы мен негізделуінің жалпы ұстанымдарын, оның ақиқаттылығының жалпы шарттарын, объективтік қатынастарды қалыптастыру. Сонықтан Аристотель сыртқы дүние заттары алғашқы, ал олар туралы білім соңғы деді. Адам тынымы сыртқы дүние заттары туғызатын түйсіктен басталады, танымның негізгі сезімдік қабылдау деп түсінді.

Оқушылардың бойында кездесетін таным қабілеттері дегеніміз – білімді өз сапасында белсенді және нәтижелі түрде бейнелеуі. Мұндай бейнелеу әрекеті күрделі үрдіс. Ол оқушыларды сыртқы дүние туралы білімді меңгеру  ептілігі және дағдымен әдеттерін қалыптастыру нәтижесінде жүзеге асады.

Оқушының танымдық белсенділігін арттыру, таным қабілеттілігінің оянуына түрткі болу – мектептегі оқытудың негізгі мәселелері. Оқушының танымдық белсенділігі өз кезеңінде қабылдау, есте сақтау, ойлау, қиялдау үрдістері зейіннің тұрақты күйін қажет етеді. Оқу барысында оқушының тану блсенділіктерін арттыру олардың өз бетінше ықылас ынтасын шығармашылық әрекетін дамытатындай етіп ұйымдастырылады. Шәкірттің қабылдау, негізінен мұғалімнің сабақты жүйелі түрді жүргізуіне байланысты. Оқушының жаңа материалды қабылдауына арқау болатындай даярлық жұмыстары жүргізіледі. Олардың оқу танымдық қызметін арттыру ддұрыс әрі нақты әрекеттер негізінде іске асады. Баланың өзіндік сезімдік танымы (қалауы, ынтасы, құштарлығы, әсерленуі) негізінде қабылданған білім, дағды ептілік әлдеқайда нәтижелі әрі жемісті болады. мектеп оқушыларының әсерленгіш, эмонационалдық болып келетінін ескере отыру – мұғалімнің оқу әрекетіндегі ерекше назар аударуы тиіс, міндетті.

Адам белсенділігінің табиғатының тани білу, еңбек және моралдік белсенділік дәрежесі бойынша адамның қоғам мен  ұжым үшін жарамдылығын жете анықтау мұғалімнің басты міндеті. Белсенділік деп адамның іс әрекеті үстіндегі жағдайын айтады. Тіршілік және іс әрекеттері барысында адамның қарым-қатынас жасау, таным және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі дамиды.

Бала беленділігінің  ең алғашқы формасының  бірі қарым-қатынас жасау таным белсенділігі. Бұл адамның бүкіл өмірінде дамитын белсенділік. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес басқа адамдармен  қарым-қатынас жасау белсенділігінің мазмұны өзгеріп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалар ересек адамдардың әрекеттеріне үңіле қарап, үйренеді, оларға еліктейді. Балалардың саналы түрде істейтін мұндай әрекеттерін ырықты немесе ерікті белсенділік деп атайды. Бұл жастағы балалардың үлкендердің әрекеттеріне және олармен өзара қатынас жасауға еліктеуі рөлді ойындарды атқару барысында байқалады. Көбінесе балалардың ойындарында адамдардың еңбек іс әрекеттері, тұрмысы, өзара қатынасы қамтылып көрсетіледі, ұжымдық өмір дағдылары қалыптаса бастайды. Ойын барысында басқалардың құрдастарымен сол жас бойындағы балалардың өзара қатынасы өзгереді. Олар басқа балалармен ойнауға тілек білдіреді, еңбекке байланысты тапсырмаларды бірігіп, орындауға, өз қылықтарын ережеге, керексіз әеттерді тежеуге, кедергіні ығыстыруға үйренеді. Осындай бірігу іс әрекеттерінің қуанышы балалар арасында жолдастық достық сияқты жаңа қатынастарды туғызады. Олар бір-біріне қамқорлық жасап көмектеседі, ілтипатты болады. бала еліктеу, қабылдау арқылы түрлі рөлді ойындарды атқара отырып, әлеумет өмірінің, өндіріс қатынастарының мазмұнына түсінеді.

Информация о работе Бастауыш мектепте дүниетану пәнін оқытудың әдістемелік мәселелері