Бастауыш мектепте дүниетану пәнін оқытудың әдістемелік мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2014 в 12:44, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінгі заман талабына сай оқу бағдарламалары мен оқулықтары, оқытудың негізгі мәні, адам тәрбиесі жеке тұлға ретінде дамуы мен тәрбиеленуіне тікелей ықпалы тиетін жаңаша көзқарастарды батыл енгізуде. Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында (1997 жылы маусым)», «Білім беру жүйесінің басты мақсаты ұлттық және жалпы адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау»- деп айқын көрсетілген жастарға білім мен тәрбие берудің негізі болып саналатын жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық процесін жақсарту бірінші кезектегі мәселе болса, бастауыш мектеп негіздің негізі түп қазығы.

Содержание

Дүниетану сабағында бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту мен жетілдіру тәсілдері.
Кіріспе:
І тарау. Бастауыш сыныптарда оқушыларының танымдық бедсенділігін дамыту мен жетілдірудің теориялық негізі.
1.1. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері.
1.2. Оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту мен жетілдірудің мәселелері.
ІІ тарау. Бастауыш мектепте дүниетану пәнін оқытудың әдістемелік мәселелері.
2.1. Бастауыш мектеп оқушыларының таным белсенділігін арттырудағы дүниетану пәнінің рөлі мен маңызы.
2.2. Дүниетану сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін жетілдірудің тиімді жолдары.
2.3. Сабақ жоспары.
Қорытынды. Қосымша.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-Дүниетану-сабағында-бастауыш-сынып-оқушыларының-танымдық-белсенділігін-дамыту-мен-жетілдіру-.doc

— 180.50 Кб (Скачать файл)

Демек, қызығуды тәрбиелеу оқуға немқұрайды қарауды жеңуге көмектеседі. Қызығу жұмыстағы кемшілікті және қиындықты жеңуге жәрдемдеседі, қол жетпейтін нәтижелерге жеткізеді. Мектеп оқушыларының қызығуын қалыптастыру, белсендіру одан жан-жақты дамыған, білімді, шығармашыл қайраткерлі тәрбиелеуге көмектеседі.

К.Д. Ушинский оқушыларды сабаққа тарта білу, олардың оқуға қызығушылығын арттырып, білімге құмарту керектігіне баса көңіл бөлді. Оның пайымдауынша, қызығушылық сапалы оқудың негізгі жолы, ешбір қызығусыз тек қана зорлық күшімен жүргізілген оқу оқушы бойындағы білім алуға деген құштарлықты жояды.

Неміс педагогі И.Ф. Гербарт өзінің оқыту теориясының негізіне әр саладағы қызығушылықты алған. Адамдағы қызығушылықтар қоршаған дүниені танып білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты болады. Сондықтан, мұғалім өз білімін жан- жақты жетілдіре отырып, оқушыны қызықтырып оқыту керек екендігін айтқан.

Жас бала не нәрсені болса да білуге құмар, қызыққыш, қолымен ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді. Оқушылардың қызығушылығын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан, әр бір сабаққа бұрыннан белгілі мәліметтерді қайталай бермей, оқытудың жаңа әдіс тәсілдерін іздестіру қажет. Қазіргі сабақтың түрлері сайыс, жарыс сабағы, концерт, аукцион, кіріктіру сабағы т.б. өз нәтижесін беріп жүр. Әсіресе халықтық падагогикаға пайдаланып, ата-бабаларымыздың  жақсы дәстүрін шәкірттердің бойына дарыту мақсатында халық-ауыз әдебиетін пайдалануға болады. Қазақ халқының мейірімділігі, кең пейілділігі, сыпайлығы, көпшілігі, сөзге беріктігі туралы әңгімелеу арқылы осы қасиеттерді шәкірт бойына сіңіру, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, әдептілікті биік ұстау сияқты әдет- ғұрыпты  үйретуге болады.

Оқушының пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақта проблемалы жағдай туғызып отыру да маңызды. Мәселенің шешімін табу арқылы оқушының ойлау қабілеті нығайып, кез келген проблеманы шешуге үйренеді.

Ұлы неміс педагогі А. Дистервергтің әйгілі “неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық” атты еңбегінде: “жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді”, - деген.

Мұғалім бұл жағдайда танымдық іс- әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық  істердің ұйытқысы болғандықтан, оқушының  шығармашылығын арттыра отырып олардың қабілеттеріне ерекше назар аударуы тиіс.

Қандай да болмасын  бірер нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін. Тәжірибе мен парасат адамдардың қабілет саласында тең емес екенін дәлелдейді.

Қабілеттіліктің өлшемі – белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында. Қабілет адамның іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Белгілі бір істі үздік орындау да мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің қиысып келуін, яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атаймыз.

Қабелеттің дамуы оны қажет ететін қызмет саласында және әрекетке үйрену үстінде көрініп отырады.

Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамға тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты болады.

Танымдық қабілет әр кімге тән. Тек оны дамыта білу - әр ұстаздың міндеті. Сондықтан, дайын ақпараттық фактілерді, заңдар мен ережелерді беріп қоймай, оқушыларды өз бетінше іздендіретін, алған білімдерін тұжырымдай алатын оқу материалдарын беру қажет. Сонымен бірге мұғалім мен оқушының арасында ұжымдық қарым- қатынас болған жағдайда ғана оқыту өз нәтижесін береді.

Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әр бір адамда сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, жастардың белсенді, шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Сондықтан да, мектептегі  оқу процесінің негізгі мақсаты – арнайы педагогиекалық әдістермен мақсатты, жүйелі оқушылардың интелектің шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасымен, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше білім алу дағдыларының дамуына негіз салу болып табылады.

Жалпы білім беретін мектеп – оқушылардың тиянақты білім алуын мақсат ете отырып, оларды өз вбетінше білімдерін толықтыру, жаңа білімдерді алу тәсілдері мен құралдандыру, алған білімдерін теориялық және практикалық мәселелерді шешуге саналы түрде қолдана білу сияқты ақыл ой белсенділігін дамытуы қажет. Ендігі жерде білім беру жүйесінің шығармашыл, басқаруда жаңа жолдар мен әдістерді таба білетін батыл да жаңашыл, ақыл ойы дамыған  адамдарды даярлау талап етіледі. Сондықтан, оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын арттыруға негізделген. Оқу – танымдық қызметі барысында оқушылар қажетті көлемдегі білімді игеріп қоймай, танымдық қабілеті мен шығармашылық ойлауы да дамытылады.

Қоғамдағы өзгерістерге сәйкес оқушыларға бүгінгі таңда тиянақты білім беру үшін олардың танымдық қабілетін дамыту басты мақсат болып отыр. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолында олардың әр пәнге қызығуын, өздігінен даму дағдыларын қалыптастыру, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу - әр мектептің міндеті. Сол себепті білім мазмұнын, оқыту әдістерін, түрлері мен құралдарын, әдістемелік жүйені жаңа сапалық негізде қайта құру қажеттілігін естен шығармағанымыз абзал. Білім мазмұны ақпарат көзі ғана болып қоймай, оқушылардың өздігінен білім алу құралына айналуы керек. Бұл мақсатқа жету жолында пәнаралық байланыс, оқушылардың өздік танымдық белсенділігін дамытуға арналған дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақтардың түрін өзгертіп отыру нәтиже беретіні сөзсіз. Педагогикалық ахуалға  байланысты оқытудың дара және ұжымдық түрлерін біріктіру, оқу құралдарын дұрыс пайдалана білудің де маңызы зор.

Соңғы кезде оқушылардың танымдық ізденімпаздық қабілеттерін арттыруға көп көңіл бөлініп отыр. Көптеген әдістемелік еңбектер бар. Бұл мәселелер төңірегінде әр түрлі көзқарастар бар. Мысылы, ғалым педагог Л. Замков: “оқыту – оқушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуі қажет” – десе, көрнекті психолог Л. Выгодский: “жақсы оқыту деп, баланың дамуынан ілгері жүретін, оны жетекке алатын оқыту айтады” – деп тұжырымдайды және оқу – баланың өзінің танымдық белсенділігі екенін анықтайды.

Қоғамдық  прогресс пен ғылымның ықпалынан оқытудың жаңа міндеттері мен озат тәжірибесінің нақтылауынан оқыту талаптары дамиды, нақтыланады, жетіле түседі.

Білім беру және оқыту теориясы оқыту барысындағы, оқушылардың саналылығы, белсенділігі, өз беттілігі, білім мен біліктерінің беріктілігі, ұғынықтылығы және әрекеттелігі талаптарын қамтиды. Бұл талаптардың орындалуы оқушылардың оқу материалын түсінуге, өткенді жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен қосымшасын анықтауға алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға, өз пікірлерін дәлеледеуге ұмтылысынан көрінеді.

Оқу үрдісі оқушылардың танымдық іс- әректті нәтижесінде жүзеге асады, ал танымдық әркеті негізінде оқушыларға танымдық белсенділік қалыптасады. Белсенді танымдық іс-әрекеттің көздейтін мүддесі, білімінің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде, тіжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады. Демек, оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыруды оқу үрдісін жетілдірудің  негізгі шарты ретінде қарастыру қажет.

Мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесіне педагогтердің, психологтердің, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Зерттеулерде танымдық белсенділік туралы әр түрлі пікірлер айтылған. Біреулері танымдық белсенділікті іс-әрекет ретәнде қарастырса, екіншілері жеке тұлғаның ерекше қасиеті ретінде түсіндіреді.

А. Аристова танымдық белсенділікті қоршаған орта құбылыстары мен заттарына сәйкес субьектіде жаңару, өзгеру әрекетінің пайда болуы ретінде қарастырса, Т. Сабыров “оқушылардың оқудағы белсенділігі дегеніміз – оқуға қажетті білім  мен дағдыны меңгеру және оларды өмірде, тәжерибеде пайдалана білуге үйренуде оқушының істейтін сапалы әрекеті” – деп атап көрсетеді.

Жоғарыда айтылғандарды ескерсек, алға қойған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдай білуден көрініс табатын жеке тұлғаның сипаты ретінде айқындалады.

Белсендірудің қандай да бір тәсілі мен әдістерін пайдалануда оқушының қабілеті дәрежесін ескеру керек. Күрделі танымдық міндеттерді танымдық қабілет дәрежесі жоғары оқушылар ғана тапсыра алады. Оқушыларға оның таным күшіне сәйкес келмейтін, мүмкіндігнен жоғары, білім деңгейінен анағұрлым асып түсетін міндеттер жүктеу білім беруде оңды нәтиже бермейді.

Танымдық белсенділікті қалыптастыру әдістемесін жасау барысында оқушылардың оқу танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың барлық  түрлері, сондай-ақ оқушыларда қалыптасатын танымдық дербестіктің бөліктері ескеріледі. Сонымен қатар психологтердің, дидакт ғалымдардың және әдіскерлердің іргелі еңбектерінде оқушылардың өзіндік жұмысы оқыту үрдісінің құрамды бөлігі ретінде нақты негізделген.

Оқу үрдісінде оқушылардың танымдық дербестігін ұйымдастырудың негізгі құралы  өзіндік жұмыс және ол оқушы жастардың дербес танымдық іс-әрекетін жандандыруда ерекше орын алады. Осыған сәйкес өзіндік жұмысты сабақ жүргізудің, ұйымдастырудың формасы, оқыту әдісі қана емес, ол оқушыларды дербес танымдық іс-әрекетке тарту, қызықтыру құралы деп есептеуге болады. (Ф.П. Пидкасистый, А. Әбілқасымова және басқалар). Олай болса, оқушылардың  дербес танымдық іс - әрекеті олардың танымдық белсенділігін арттырудың ең тиімді жолы.

Оқушылардың өзіндік жұмысын зерттеумен айналысатын көптеген авторлар оның негізгі қызметі оқушылардың жеке тұлға ретіндегі қасиеттерін, шығармашылық қабілетін дамытып қана қоймайды, қайта оларды танымдық дербестіктің жоғарғы деңгейіне көтеру деп санайды.

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділікті қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық, дидактикалық шарттары орындалуы тиіс. Мұндай шарттардың бірі – сабақ жүргізу кезінде мәселелік оқыту әдісін (мәселелік ахуалдар құру, мәселелік сұрақтар қою, шығармашылық тапсырмалар беру және т.б.) пайдалану.

Танымдық белсенділік проблемалық сұрақтың жауабын іздестіруде, өзіндік жұмыс орындауда жүзеге асады.

Оқушының өздігінен білім алуы өз еркімен жүйелі жұмыс істеуді талап етеді. Өздігінен білім алуды оқушылардың күнделікті рухани қажетіне айналдыру мәсевлесіне мән берілмей келеді. Өздігінен білім алу әрекеттің мақсат міндеттерін, мазмұнын, ұйымдастыру жолдарын оқушылардың өздері анықтап, іске асыруына байланысты. Ал оларға кеңес, нұсқау жжалпы бағыт беріп, басқарып отыру – мұғалімнің міндеті.

Ахмет Байтұрсынов оқушының өзіндік жұмысының маңызын бала білімді тәжерибе арқылы өздігінен алуы керектігін атап айтқан болатын. Жалпы білімге деген құштарлық, кез келген сыныптағы балаға тән қасиет. Күн сайын жаңа бір нәрсені білуге ұмтылу – бала үшін зор қуаныш, үлкен мерей.

Ал, В.Г. Лембергтің пікірінше өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру мына шарттарға байланысты:

а) жұмыстың мақсатын айқын түсінуі;

ә) жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы;

в) жұмысты өз еркімен, қалауымен орындалуы;

Оқушыының оқу таным әрекетін арттырудың тиімді құралдарының бірі – оқушының өзіндік жұмысы мен  өздігінен білім алу әрекеті. Өзіндік жұмыс істеу іскерліктері мен дағдылары, сөзсіз, ой еңбегінің мәдениеті мен байланысты. Білімді игеру барысында оқушы кездесетін қиыншылықтарды жеңу, табандылық, еске сақтау, кітаппен жұмыс істеу, байқау және жазба жұмысын жүргізе білу, ой әрекетінің бір қатар тиімді                                                                                   тәсілдерін игеру, өзін бақылай білуі керек.

Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар: мұғалімнің нақты тапсырмалары, нұсқаулар беруі, жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі, мұғалімнің басқаруымен оқушының дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеу, оған әсер мотивтер т.б.

Өзіндік жұмыстар мұғалімнің дұрыс басқара білуі және оқушының дербестік әрекетінің деңгейінің артып отыруы – осы жұмысты ұымдастырудың негізгі белгілері болып табылады.

Оқушылардың дербестілігінің даму деңгейіне қарай өз бетінше істейтін жұмыстарды репродуктивтік және шығармашылық деп арнайы екі топқа бөлуге болады.

Оқушының өзіндік әрекетін нәтижесінде оның бойында мынадай қасиеттер қалыптасады:

      1. өз бетінше ойлану бөліктері мен ізденімпаздығы
      2. оқуға деген қабілетінің артуы
      3. берілген білімді игеру ғана емес, оны жаңалап және тиімді игеру жолдарын түсіне білу ниеті.
      4. Басқа оқушылардың түсіндірмелеріне сын көзбен қарау
      5. өз ойының дербестігі

Оқушының өз бетінше кітаппен жұмыс істеу, бақылау, жаттығу эксперимент жүргізу іскерлігімен дағдыларын қалыптастыру.

Оқушылардың өзіндік жұмыстарының жоғары формасына олардың өз еркімен жаңа амал тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады. Шығармашылық жұмыстар – оқушының өздігінен шығарма, баяндама, өлең шығару, көрнекі құралдар жасауы т.б.

Өзіндік жұмыс танымдық іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруда, болашақта білімді өз бетінше жинай алу қабілеттерін дамытуда жетекші рөл атқарады, ойлауды жандандыра түседі және оқып үйренуде оқушылардың жалпы белсенділігін арттырады. Оқушының өзіндік жұмыс оқу материалын нығайта түсу, жаңа материалды игеру мақсатын көздейді.

Оқушылардың оқу үрдісінде танымдық белсенділігін, қабілетін дамыту, танымдық жан қуаттарын оянуына ықпал ету, білім деңгейін жетілдіру ұзақ әрі жүйелі жүргізілетін жұмыстар нәтижесінде қалыптасады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының қоғамдық өмірінде жүріп жатқан демократиялық өзгерістерге байланысты белгілі әлеуметтік шарттарды ескере отырып, жеке тұлғаны көздеген білім беру жүйесіне қойылатын талаптар күшейе түсуде. Сол талаптардың бірі – оқушының дүние танымын қалыптастыруда елеулі ықпал жасайтын білім мазмұнын жетілдіру. Білім – дүниетанудың кәусар бұлағы. Ол неғұрлым тереңдеген сайын дүниетанымда қалыптасып, тұрақтана түседі.

Дүниетанымның қалыптасуына адам, табиғат, қоғам туралы білімдер тірек болады. Адам, табиғат қоғам – бір тұтас дүние. Адам, табиғат қоғам арасындағы байланысты және оларды үнемі бірлікте дамитынын оқушылар бастауыш сыныптан бастап оқып, түсінуі жолға қойылып отыр. Өйткені дүниетануды бастауыш сыныпта оқытудың барысында оқушының таным процесі дамиды. Танымға көмегін тигізетін оқушының сезім мүшелерінің жұмысы арқылы олар сыртқы дүниені қабылдайды. Әр түрлі оқу әрекеттері нәтижесінде олар дүниені бір тұтас бірлікте сезініп, қабылдау арқылы санасында білім қоры жиналып, ой өрісі кеңейеді.

Информация о работе Бастауыш мектепте дүниетану пәнін оқытудың әдістемелік мәселелері