Бастауыш мектепте дүниетану пәнін оқытудың әдістемелік мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2014 в 12:44, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінгі заман талабына сай оқу бағдарламалары мен оқулықтары, оқытудың негізгі мәні, адам тәрбиесі жеке тұлға ретінде дамуы мен тәрбиеленуіне тікелей ықпалы тиетін жаңаша көзқарастарды батыл енгізуде. Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында (1997 жылы маусым)», «Білім беру жүйесінің басты мақсаты ұлттық және жалпы адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау»- деп айқын көрсетілген жастарға білім мен тәрбие берудің негізі болып саналатын жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық процесін жақсарту бірінші кезектегі мәселе болса, бастауыш мектеп негіздің негізі түп қазығы.

Содержание

Дүниетану сабағында бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту мен жетілдіру тәсілдері.
Кіріспе:
І тарау. Бастауыш сыныптарда оқушыларының танымдық бедсенділігін дамыту мен жетілдірудің теориялық негізі.
1.1. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері.
1.2. Оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту мен жетілдірудің мәселелері.
ІІ тарау. Бастауыш мектепте дүниетану пәнін оқытудың әдістемелік мәселелері.
2.1. Бастауыш мектеп оқушыларының таным белсенділігін арттырудағы дүниетану пәнінің рөлі мен маңызы.
2.2. Дүниетану сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін жетілдірудің тиімді жолдары.
2.3. Сабақ жоспары.
Қорытынды. Қосымша.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-Дүниетану-сабағында-бастауыш-сынып-оқушыларының-танымдық-белсенділігін-дамыту-мен-жетілдіру-.doc

— 180.50 Кб (Скачать файл)

Дүиетануды оқыту барысында бір жағынан қоғам туралы білім беріп, қоғамның адаммен, табиғатпен байланысын айқындау, екінші жағынан, қоғамды дамытудағы адам еңбегінің маңызын  ұғындыру мақсаты алға қойылады.

Дүниетану оқушыларды обьективті дүниемен таныстырады, соны үйретеді, сол туралы білім береді. Обьективті дүние адам санасында сәулеленеді, ойын байытады. Сана – білімніңғ жиынтығы ол таным процесі. Дүние тануды оқытудың мәні осында жатыр.

Дүниені тану, білу барысында бала эмоциясының рөлі күшті. Дүниетануды бастауыш сыныпқа оқытудың барысында оқушының таным  процесі дамиды. Олардың танымына сезім мүшелердің қызметі көмегін тигізеді. Оқушы сыртқы дүниені сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Сезініп, қабылдау нәтижесінде оның ой өрісі дамып, тиянақты ұғым алады.

Психологиялық тұрғыдан алғанда, адамның бірнеше даму кезеңі бар екені белгілі. Сол даму кезеңінің әр қайсысына бір жетекші әрекеттің басым болуы тән. Мысалы, үш жасқа дейінгі сәби кезеңінде комуникативті әрекет, яғни қарым-қатынас әрекеті басым. Баланың маңайы мен адамдар арасындағы қарым-қатынасының нәтижесінде тілі дамиды. Тілдің дамуы оның маңайы мен қатынасын күшейтеді де, енді басқа ірекеттерді меңгере бастайды. Осыдан кенйінгі екінші кезең үш жастан басталады. Бұрын маңайы мен қарым-қатынас                                                                                                                            қатынас әрекетін меңгерген бала енді ойын әрекетінің басқа да әрекеттерімен қабысқан ерекше түріне көшеді. Бала ойын арқылы маңайы мен қарым-қатынас жасап қана қоймайды, сонымен бірге оның таным әрекеті қатар жүреді. А.Н. Леонтевтің пікірінше, бұл ерекше жаңа типті көркем шығармашылық әркет деп аталады. Үшінші кезең мектеп өмірінен басталады. Бұл кезеңдегі бүкіл әрекеттің ішіндегі жетекшісі – таным әрекеті. Оқудың мақсаттылығы жүйелілігі және оны меңгеруге оқушылардың міндеттілігі өріле бірігіп, оқушының оқуға байланысты әрекеттерінің бәрі осы таным әрекетіне тіреледі.


Информация о работе Бастауыш мектепте дүниетану пәнін оқытудың әдістемелік мәселелері