Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2014 в 18:21, лабораторная работа
Қазақ халқының оқиғасын шындық өмірден алып ауызша шығарған көркем шығармаларының бір саласы – аңыз әңгімелер. Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. Аңыз әңгімелерде халықтың қоспасы болғанымен, негізгі ой түйіні барлық жерде бірдей сақталады. Олардың өміріне байланысты әңгімелерде ертегілердегідей әсіре қиялдау көп кездеспейді. Уақиға желісі күнделікті өмірде кездесетін қарапайым сюжетке құрылады.
1 зертханалық сабақ.
Қазақ халқының аңыз әңгімелері мен ертегілерінің тәрбиелік мәні
Мақсаты: қазақ халқының аңыз әңгімелері мен ертегілерінің тәрбиелік мәнін ұғындыру.
Қажетті құрал-жабдықтар: аңыз әңгімелері мен ертегілер жинағы
Қазақ халқының оқиғасын шындық өмірден
алып ауызша шығарған көркем шығармаларының
бір саласы – аңыз әңгімелер. Аңыз әңгімелер
тарихта болған белгілі бір адамдардың
атына, іс-әрекетіне байланысты туады.
Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі,
қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол
жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері
ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа
жеткен. Аңыз әңгімелерде халықтың қоспасы
болғанымен, негізгі ой түйіні барлық
жерде бірдей сақталады. Олардың өміріне
байланысты әңгімелерде ертегілердегідей
әсіре қиялдау көп кездеспейді. Уақиға
желісі күнделікті өмірде кездесетін
қарапайым сюжетке құрылады.
Кейіпкерлері. Қазақ аңыздарындағы Асан
қайғы, Жиренше шешен, Алдар көсе, Қожанасыр,
Қорқыт, т.б. – бәрі де қарапайым адамдар
ретінде суреттеледі.
Кейбір аңыз әңгімелердің басты кейіпкері
көрші елдерге де ортақ болып келеді. Мысалы,
Қожанасыр қазақ, қырғыз, өзбек ауыз әдебиетінде
ортақ кейіпкер. Ол "ауылы аралас, қойы
қоралас", қыз алысып, қыз берісіп құда-жекжат
болып кеткен көрші елдердің ежелгі мәдени
байланысының куәсі. Аңыз әңгімелерде
көбінесе сарандық пен сақилықты, жалқаулық
пен қиқарлықты өткір сатирамен ажуалап
сынау арқылы жастарды жаман әдет, жат
мінездерден аулақ болуға баулуды мақсат
тұтады. Қожанасыр әңгімелерінде (аңызда)
оғаш қылығы, аңғал мінезі әжуа-күлкі туғызып
отырғанымен, негізі түйін ойда үлкен
тәрбие-тәлім толқыны анық байқалады;
оқушы оқып күле отырып шындықты түсінеді.
Осындай халық
арасына кең тараған күлкілі сықақ аңыз
әңгімелердің бір тобы Алдар көсе атымен
байланысты туған.
Көсе образы –
қарапайым халықтың күлкіні сараң байларға,
оның өкілдеріне қарсы жұмсау, оларды
келеке-мазақ ету тілегінен туған образ.
Мұны біз "Алдар көсе мен Алаша хан",
"Алдар көсе мен шық бермес Шығабай",
"Алдар көсе мен саудагер", т.б. аңыз
әңгімелерден көреміз. Осы аттары аталған
хан, бай, саудагерлерді Алдар көсе өзінің
тапқырлығы, ақыл-айласының арқасында
алдап соғады, ел алдында мазақ, күлкі
етеді.
Халық аузындағы мәтелге айналған "Жұмыртқадан
жүн алатын", "Өзі тойса да, көзі тоймайтын",
"Кесіп алса қан шықпайтын" шық бермес
Шығайбай – сараңдықтың жиынтығы. Шығайбайдың
әдеті мен ісінен сарандық, дүниеқорлық,
өзімшілдік айқын көрінеді. Оның осы мінезін
жек көрген халық қапияда жол, қапылыста
сөз табатын, айла-амалы мол Алдар көсені
жіберіп, Шығайбайды бірнеше рет жер қаптырады.
"Ұрының әйелі өзіне лайық" дегендей,
оның тәрбиесіндегі үй-іші – әйелі, қызы
Шығайбайдың өзі тәріздес пиғылы тар сараң
жандар. Көсе үйге кіріп келгенде әйелі
илеп отырған нанды, қызы үйітуге әзірлеп
отырған қазды жасыра қояды.
Тапсырмалар мен сұрақтар:
Аңыз әңгімелер мен ертегілер мазмұнын талдау.
Әдебиеттер:
2 зертханалық сабақ.
Асан Қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Бұқар жырларындағы жұмбақ мәнді сөздер
Мақсаты: Асан Қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Бұқар жырларын талдау.
Қажетті құрал-жабдықтар: халық ауыз әдебиеті үлгілері
Қазтуған Сүйінішұлы - ұлттық әдебиетіміздің төл басыларының бірі. Қазақ әдебиеті тарихында шығармалары өз атымен жеткен алғашқы автор. Қазтуған - жорықшы, жауынгер жыраудың өзіне арналған мадақ жыры -«Бұдырайған екі шекелі» толғауындағы Қазтуғанның өз бейнесі. Қазтуған жыраудың ақындық қуатын танытатын толғауы - туған жерімен, ата қонысымен қоштасу жыры.Жыраудың толғауларындағы суреттеулер мен образдар. Мұрат ақын жырлаған «Қазтуған» жырындағы Қазтуған бейнесі жауынгер - жыраудың көшпенділер тұрмысы тудырған ерекше қасиеттерге баламалануы.
Асан қайғы (Хасан Сәбитұлы ХІҮ-ХҮ ғ.ғ.) өмірі туралы мәлімет. Тарихи тұлға, ұлы ойшыл. Асан қайғы - Ұлығмұхамед, Жәнібек хандардың қасында болып, мемлекет ісіне араласқан, ықпалды бектерінің бірі. Асан қайғы - аңыз кейіпкері. Аңызға айналған данышпан Асан қайғы мен тарихи Асан арасындагы қарым-катынас. Асан туралы аңыздардың тақырыбы мен мазмұнына қарай: қайғы аталуыма байланысты туган аңыз-әңгімелер; Асанның өміріне қатысты аңыздар жане Асанның ұлы Абат пен қызы Жұпардың тапқырлық істеріне байланысты аңыздар болып топтастырылуы. Асан туралы аңыздардағы қиял мен тарихи шындықтың көрінісі. Асан қайғы шығармашылығында «Жерұйық» идеясының көрініс табуы. Асан қайғының утопиялық таным тұсінігі мен ортағасырлық Буропадағы утопияның ерекшелігі.Асан қайғы - ХҮ ғасырдағы бүкіл Дешті қыпшақтың ірі жырауы.Асан қайғы толғауларындағы - болжалдық сарын («Ай, хан, мен айтпасам, білмейсің» толғауы «Қилы, қилы заман болмай ма» тирадасы).
Қазақ хандығының құрылу кезеңінде емір сүрген, ұлттық әдебиеттің қалыптасуында көрнекті рөл атқарған - Доспамбет жырау. Доспамбет жырау өмірінен мәлімет. Доспамбет - ерлік пен еркіндікті аңсаған жорықшы жырау. Жырау толғауларының басты идеясы - ерлікті, батырлықты дәріптеу. Доспамбет жырау толғауларында елді, жерді қорғау міндеті, майданда шаһит кешу, соғысып өлу арманының көрініс табуы. («Қоғалы көлдер, қом сулар», «Айналайын Ақ Жайық», «Сере, сере, сере қар» т.б. толғаулары) Доспамбет жырау толғауларында ерлік, елдік мәселелерінің көтерілуімен қатар, билеуші қауымның салтанатты өмір-тұрмысының да жырлануы, өз заманының белді өкілі болған Доспамбеттің өмір салты көрініс табуы. («Тоғай, тоғай, тоғай су »). Доспамбет жырау толғауларында дүниенің өткіншілігі, адам өмірі туралы ой-толғаныстарының жырлануы.
Тапсырмалар мен сұрақтар:
Асан Қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Бұқар жырларын талдау.
Әдебиеттер:
3 зертханалық сабақ.
Құнанбай, Абай сөздерінің шешендік қырлары
Мақсаты: Құнанбай, Абай сөздерінің шешендік қырлары
Қажетті құрал-жабдықтар: шешендік сөздер жинағы
Абай (Ибраһим) Құнанбаев 1845 жылы осы күнгі Семей облысы Абай ауданы Шыңғыс тауында туған. Абайдың арғы атасы Ырғызбай, бергі атасы Өскенбай - екеуі де феодал. Өз әкесі Құнанбай жас кезінде «батыр» жігіттің бірі саналып, өсе келе сөз ұстап, ел басқарған адамның бірі болған.
1822 жылғы патша үкіметінің
«Сибирь қазақтарына арнап
Өз қолындағы әкімшілік тізгінін Құнанбай өз керегіне толық пайдалана білді. Бірақ ел басқаруда Құнанбай жаңа тәртіп орнатқан жоқ, бұрынғы бір руды екінші руға айдап салу тәрізді ескі әдісті ол да қолданды.
Оның бұрынғылардан
бір өзгешелігі - дінді берік ұстауы.
Қарқаралыға мешіт, Меккеге
Құанбайдың тек өз
қара басы ғана емес, оның достасқан,
қастасқан адамдарының қайсысы
болсын, өзімен деңгел түскен, сол
кездің сөз баққан адамдары
болды. Талай дау, талай
Тапсырмалар мен сұрақтар:
Абай мен Құнанбай арасындағы қарым-қатынас қырларын тану
Әдебиеттер:
1.ҚасымоваГ. Шешендік өнерінің негіздері және тілдік тағылым, – Алматы, 2005
2. http://studentochka.kz интернет желісі
4 зертханалық сабақ.
Платон, Аристотель, Сократ, Демосфен, Квинтиллиан, Сенека, Цицерон шешендік өнер туралы
Мақсаты: Платон, Аристотель, Сократ, Демосфен, Квинтиллиан, Сенека, Цицерон шешендік өнер туралы
Қажетті құрал-жабдықтар: философиялық еңбектер
Көне Грециядағы софистер (б.з.д. V ғ.) шешендік өнердің нағыз шеберлері болды. Олар әртүрлі көзқарасты тұтынушылардың арасында сөз сайыстарын өткізіп, сөз кұдіретін танытатын тапқырлық сайыстарында сынасты. Софистер өздерінің теориялық және практикалық сабақтарының мақсаты жастарды қоғамдық шынайы өмірге дайындау деп түйді Сондай-ақ олар шешендерді (кәсіби шешендерді) дайындады. Софист Горгий алғашқы шешендік өнер туралы оқулықты да жазды.
Софистік ағымның көрнекті өкілдерінің бірі – Сократ. Сократ ғылыми трактат жазып қалдырмаған. Оның философиялық ой-тұжырымдары Аристотель мен Платон еңбектерінде көрініс тапқан. Сократ даналық сөздерін көшеде, алаңда жиын-топқа сөйлеп, айтып отырған.
Сократтың тәсілі — асқан шеберлікпен табылған сұрақ-жауап арқылы қисынды әңгіме-дүкен құру, сөйтіп күрделі, ғибратты ойлар өрбіту.
Софистердің риторика ғылымына сіңірген
еңбегін әдебиетші ғалым С.
Платон шешендік өнердің пәні мен мәнін: “Шешендік -нандырудың шебері, оның маңызы мен мақсаты осында” — деп, анықтайды.
Шешендік өнер табиғатын жасай отырып, Аристотель риторика пәнінің ауқымын өзіне дейінгі бұл мәселеге қатысты көзқарастармен салыстырғанда кеңейте түсті. Аристотельдің айтуынша, риторика жекелеген пәннің арнасында қалып қалмауы керек. Ол нандырудың құралы мен жолдарын шартты түрде барлық пәндерден таба алады. Осы қасиетімен ол дәрігерлік, арифметика, геометрия т.б. арнайы ғылымдардан ерекшеленеді.
Көне Грецияның маңдай алды шешендерінің бірі — Демосфен, (б.з.д. 384-322 жж.) Құл иеленушілік дәуірдің өкілі, демократиялық құрылымның қорғаны болған адам. Оның Македонияның үстемдік әрекеттеріне қарсы дербестік үшін болған Афина күресінің тұсындағы саясат шешен сөздері, әсіресе, антимакедониялық партияны басқарған кездегі және оның Македония патшасы Филипке қарсы айтқан сындарлы сөздері тарихта қалып, тағылымдық сөздердің қатарына енді.
Тапсырмалар мен сұрақтар:
Платон, Аристотель, Сократ, Демосфен, Квинтиллиан, Сенека, Цицеронның шешендік өнер туралы естелігін зерттеу, салыстырмалы талдау жасау
Әдебиеттер:
5 зертханалық сабақ.
Мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаш, шешендік сөз үлгілеріне жоспар жасау
Мақсаты: Мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаш, шешендік сөз үлгілеріне жоспар жасау
Қажетті құрал-жабдықтар: Мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаш, шешендік сөз үлгілері
Сабақтың тақырыбы: Мақал
–мәтелдер - даналық көзі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Мақал-мәтелдердің ғасырлар
шежіресі екенін ұғындыра отырып, өзара
ерекшеліктерін түсіндіру, мақал-мәтелдердің
шығу тарихынан толық мәлімет беру.
Дамытушылығы: Қызықты грамматикалық
Ойындар арқылы тіл байлықтарын, ойлау
қабілеттерін, өз беттерінше жұмыс жасау
қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Мақал-мәтел мазмұнын талдай
отырып, тапқырлыққа, шешендікке, тіл шеберлігіне
тәрбиелеу.
Сабақ түрі: СТО
Сабақ әдісі: аралас сабақ, сұрақ-жауап,
қорытындылау, түсіндіру, іздендіру
Сабақ типі: бекіту, пысықтау, сұрау сабағы.
Көрнекілігі: интерактивті тақта. суреттер,
слайдтар, кестелер
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, тарих,
сурет
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Үй тапсырмасын тексеру
І. Қызығушылығын ояту
Сөзжұмбақ шешсек, бүгінгі күннің тақырыбы
шығады.
Міне балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы.
Мақал –мәтелдер - даналық көзі
Мақал –мәтелдер –ерте заманнан ұрпақтан
–ұрпаққа ауысып келе жатқан мұра, сөз
өрнегі. Тіліміздегі «Сөздің көркі - мақал»
деген аталы сөз бар. Мақал –мәтел ықшам,
көркем түрде жасалып, терең ой, кең мазмұнды
құрайды. Мақал –мәтелдер –ауыз әдебиетінің
бір түрі. Мақал –мәтелдерде нақыл, ақыл
айтылады. Мақалды көп біліп, көп қолданылатын
адамның білімі де, ақылы да арта түседі.
/Мақал-мәтелдердің шығу тарихы туралы
айтылады/.
ІІ. Мағынаны таныту
І топ Мақал –мәтелдердің зерттелуі, тәрбиелік
мәні /зерттеу/
ІІ топ Мақал мен мәтелдің айырмашылығы
/салыстыру/
ІІІ топ Мақал-мәтелдердің құрылымдық
ерекшелігі /дәлелдеу/
Топпен жұмыс
І топ Ана сүті ой өсіреді, /Мақал –мәтелдерді
пайдалана отырып, ойтолғау/
ІІ топ Ойлай білгеннің ойы ұшқыр /Суреттер
бойынша мақал –мәтелдер тауып айту, бір
өлеңді жатқа оқы/
ІІІ топ Сәйкестендіру тесті.
1.Ердің сыншысы - ...... отан
2.Оқу ...... .. құдық қазғандай өлгені
3.Көп сөз-көмір, аз сөз-(не?) тәрбие
4. Өлімнен ...... күшті
5. Атаңның баласы болма, бір рет
................. баласы бол инемен
6. Ер жігіттің екі сөйлегені- алтын
.................. балалы
7. Жеті рет өлшеп, ..... рет кес баласыз
8. .......... үй базар, ұят
............... үй-мазар ел
9. ...... отбасынан басталады. халқыңның
ІІІ. Толғаныс сәті
І топ Жазылған әр сөзден жаңа сөз жасап
тұрған әріптерді тап. Сол әріптерді жалғастырып
жазғанда жасырынған мақал шығады. Сол
не мақал?
Кім-өкім Ара-арқа
Желі-желін Су-ысу
Кен-кене Қобы-қобыз
Елік-ерлік Қылық-ықылық
Мал-амал Баға-балға
Мүше-мүшел Аяқ-таяқ
Ана-дана Кит-киіт
Жауабы: «Өнер алды - қызыл тіл»
ІІ топ Екі жақты күнделікті толтыру
ІІІ топ Тіл - менің көзіммен /газет шығару/.
Сабақты қорытындылау Сұрақтарға мақал
–мәтелмен тез жауап беру
Үйге тапсырма:
І топ «Мақал-мәтел –ғасыр шежіресі» /эссе
жазу/
ІІ топ Көркем шығармалардағы мақал-мәтелдердің
қолданылуы
ІІІ топ Мақал –мәтелдердің тәрбиелік
мәні