Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2014 в 18:21, лабораторная работа
Қазақ халқының оқиғасын шындық өмірден алып ауызша шығарған көркем шығармаларының бір саласы – аңыз әңгімелер. Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. Аңыз әңгімелерде халықтың қоспасы болғанымен, негізгі ой түйіні барлық жерде бірдей сақталады. Олардың өміріне байланысты әңгімелерде ертегілердегідей әсіре қиялдау көп кездеспейді. Уақиға желісі күнделікті өмірде кездесетін қарапайым сюжетке құрылады.
Тапсырмалар мен сұрақтар:
Өз өмірбаянын жазып келу
Әдебиеттер
1. Негимов С. Шешендік өнер, – Алматы, 1997
2. http://kzdocs.docdat.com интернет желісі
13 зертханалық сабақ.
Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық (монолог оқу)
Мақсаты: Студенттерді көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті жаттықтыру
Қажетті құрал-жабдықтар: Сөйлеу мәдениетіне байланысты еңбектер
Монолог – (гр. monos - дара, гр. logos - сөйлеу) кейіпкердің көпшілікке қарата немесе өзіне арнап айтқан сөзі, толғанысы, өсиет-уағызы.
Монолог – сөз өнерінде кейіпкердің
ішкі жай-күйін, толғаныс-тебіренісін
бейнелеу мақсатында қолданылатын тәсіл.
Монологтың ерекшелігі бір адамның ойы,
сөзі көрініс табады. Сахналық Монологта
кейіпкер өзімен-өзі сырласқандай болып,
тыңдаушы не көрерменнен жауап күтпейді. Абайдың “Болыс болдым, мінеки” өлеңі лирикалық
монолог болса, Алтай (“Сұлушаш”), Қоңқ
Монолог – сөйлеуші өз ойын бір, бірнеше, көп адамдарға арнап айтатын ауызша сөйлеу әрекеті.
Монолог тек қана ауызша сөйлеу ыңғайында
бола бермей, жазбаша түрде де кездеседі.
Екі жағдайда да (ауызша және жазбаша)
негізгі ерекшелігі - бір адамның сөйлеуі
немесе бір адамның ойы. Монологтың өзіне
тән байымдау, синтаксистік құрылым
Тапсырмалар мен сұрақтар:
Монолог дайындау
Әдебиеттер
Қапасова.Б.Қ, Әбдіжүсіпова.Б.Х, Жұмаділова.Ш.Т. Қазақ тілін жедел оқыту» -Астана: «Арман- ПВ» баспасы, 2007.
14 зертханалық сабақ.
Эпитет, теңеу, метафора, метанимия ұғымдарына анықтама бері, мысалдармен дәлелдеу
Мақсаты: Көркемдегіш құралдарды дұрыс пайдалануға дағдыландыру
Қажетті құрал-жабдықтар: Шығармалар жинағы
Метафора. Ауыстыру мағынасында қолданылатын сөздер - қазақ өлеңдерінде де басқа әдебиеттердегі поэтик тілдермен негізі бір. Метафора, метонимия, синекдоха, кейіптеу, символ - бәрі жөнінде де осыны айтуға болады.
Бірақ мазмұны жағында өзгешелік болмаса да, қазақ өлеңдеріндегі метафораларды орыс тіліндегі метафоралармен салыстырғанда, жасалуы жағынан өзінше кейбір ерекшеліктері де жоқ емес.
Жалпы алғанда, метафора
- сыртқы, не ішкі бір ұқсастығына
қарап, бір нәрсені екінші
«Құлагер, әкең - тұлпар, шешең - сұңқар,
Соғып ең дөненіңде сегіз арқар».
(Ақан сері)
«Арыстан еді Исатай».
(Махамбет)
Бұл үзінділерде «Құлагердің
әкесін - тұлпар, шешесін - сұңқар»,
«Исатай - арыстан» деп, «тұлпарға»,
«арыстанға» тікелей балап
Демек, теңеуде бір нәрсені екінші бір нәрсеге теңегенде, екеуінің арасында еш айырма жоқ, тепе-тең деп ұқпаймыз. Екеуі екі нәрсе, екеуінің жігі әрдайым ап-ашық. Тек белгілі нәрсе арқылы белгісіз нәрсені көзге елестетеміз. «Ол - арыстандай айбатты» дегенде, арыстан сықылды, тәрізді, бірақ арыстан емес.
Метафорада ондай сілтеу жоқ. «Ол - арыстан» деп кесіп айтады. Арыстан мен батырдың қайраты жағынан ұқсастығын алады да, бірін екіншісіне тепе-тең етеді (Арыстан - батыр, батыр - арыстан).
Теңеу мен метафораның
бір-біріне жақындығы үлкен.
Ғылымпаздардың бұл пікірлерінің дұрыстығын, екеуінің (метафора мен теңеудің) арасындағы жақындығын қазақ әдебиетінің поэтик тілдерінен мысалдар алып дәлелдеуге болады. Қазақта теңеудің жұрнақтарын алып тастаса, кез келген теңеу оп-оңай метафораға айналады. Керісінше, метафораға теңеудің жұрнағын қоссақ, онда ол теңеу болып шығады.
«Ол - арыстандай айбатты (теңеу).
Тапсырмалар мен сұрақтар:
Көркемдегіш құралдары бар шығармалар талдау
Әдебиеттер
1.Серікқалиұлы З. Дүниетану даналығы. А., Білім. 1994.
2.Әуезов М. Әдебиет тарихы. А., 1991.
15 зертханалық сабақ.
Синекдоха, кішірейту, ұлғайту, кейіптеу ұғымдарына анықтама беріп, мысалдармен дәлелдеу
Мақсаты: Студенттерді көркемдегіш тіл құралдарымен жұмыс жасауға үйрету
Қажетті құрал-жабдықтар: Шығармалар жинағы
Синекдоха
Бұл метонимияға жақын, өйткені синекдоха да екі ұғымның іргелестігі арқылы жасалады. Мұның метонимиядан айырмасы мынада: метонимияда сандық айырмашылық болмайды; ал синекдохада сандық айырмашылық болады. Егер сан жағынан айырма болмаса, синекдоха болмайды. Синекдохада бір ұғымды екінші ұғымға ауыстырғанда: бірі — үлкен, екіншісі — кіші; бірі — жалпы, екіншісі — жалқы; бірі — бүтін, екіншісі — бөлшек болуы қажет. Әрине, үлкені — кішінің орнына қолданылғанда, мағынасы тараяды да, кішісі — үлкенінің, орнына қолданылса, мағынасы зораяды, кеңиді. Мысалы, Жүз бас қой, Жиырма тұяқ мал, Көп қол жұмысты өндіріп жібереді т. б. Осы сөйлемдердегі бас, тұяқ, қол деген сөздер бір бүтін дененің бір-бір ғана бөлшегі болып тұрған жоқ, сол кішкене бөлшекті білдіретін сөздің мағынасы зорайып, белгілі бір бүтін дененің орнына ауысып қолданылып тұр. Шынында, жәндіктердің, оның ішінде осы тіркесте қойдың басы деген бір мүшенің атын білдірмей, бүтін қойдың өзін түгел қамтып, бір бүтін мал деген, яғни қой деген ұғымды білдіріп тұр. Ал, тұяқ деген сөз бүтіндей бір мал деген мәнде; қол деген сөз жұмысшының бір мүшесі емес, жұмысшы адам мағынасында айтылып тұр. Сөйтіп, осылар сияқты бөлшектің мағынасын білдіретін сөздер бүтін орнына жұмсалса, синекдоха болады. Ал колхоз бес машина алды дегендегі машина — автомобиль деудің орнына дара мағынада жұмсалып тұр. Қазіргі күнде колхоздың бәрі моторлы(техника); Магазиннен кездеме алды (сиса, жібек, торғын т. б.) дегендегілер — синекдоха мағынасының жалпыдан жалқыға қарай ауысқан түрлері. Нағыз синекдоха әдетте келеке, қалжың ретінде жұмсалады. Мысалы, Ең шебері — анау мұрт, Осының бәрі — мына сақалдың ақылы деген тәрізді сөйлемдер де қолданылады. Әрине, мұндағы сақал, мұрт дегендер адам орнына жұмсалып тұр.
Кейіптеу– әр түрлі жануарларды,
табиғат құбылыстарын немесе жансыз нәрселерді
адам кейпіне келтіріп суреттейтін көркемдік
тәсіл. Қазақ халқының бірқатар эпостық жырларында атқа
тіл бітіп, адамша ойлап, сезетіндей етіп
бейнеленеді. Ертегілер мен сықақ-мысалдарда
қасқыр, түлкі, қоян,тағы басқа жануарлар
адам кейпінде суреттеледі. Жазба әдебиетте
кейіптеудің жаңа үлгілері мол ұшырасады.
Мысалы, Абайдың “Қыс” атты өлеңінде қыс
мезгілі мейірімсіз, түсі суық, қатал шал
кейпінде бейнеленген. Ауыз әдебиетінде
кейіптеуге шарттылық, дәстүрлі үлгіні
ұстаушылық тән, жазба әдебиетте бұл тәсіл
өзгеше сипат алады. М.Жұмабаевтың “Жел” дег
Тапсырмалар мен сұрақтар:
Синекдоха, кішірейту, ұлғайту, кейіптеу ұғымдарына анықтама беріп, мысалдармен дәлелдеу
Әдебиеттер
1.Қыдыршаев А. Шешендіктану, – Орал, 2004
2.Қасымова Г. Шешендік өнерінің негіздері, – Алматы, 2003