Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2014 в 18:21, лабораторная работа
Қазақ халқының оқиғасын шындық өмірден алып ауызша шығарған көркем шығармаларының бір саласы – аңыз әңгімелер. Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. Аңыз әңгімелерде халықтың қоспасы болғанымен, негізгі ой түйіні барлық жерде бірдей сақталады. Олардың өміріне байланысты әңгімелерде ертегілердегідей әсіре қиялдау көп кездеспейді. Уақиға желісі күнделікті өмірде кездесетін қарапайым сюжетке құрылады.
Тапсырмалар мен сұрақтар:
Мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаш, шешендік сөз үлгілеріне жоспар жасау
Әдебиеттер:
3. http://45minut.kz интернет желісі
6 зертханалық сабақ.
Қазақ тарихындағы белгілі шешендер мен билердің сөздерін жаттау
Мақсаты: Қазақ тарихындағы белгілі шешендер мен билердің сөздерін жаттау
Қажетті құрал-жабдықтар: шешендік сөздер жинағы
Бөлтірік Әлменұлының
шешендік сөздері жастардың да, ересектердің
де жақсылық пен жамандық қасиеттерін
салыстыра бағалауға бағдарлайды. Адамдардың
фәнидегі қарым-қатынастарының күрделі
қайшылықтары, қақтығыстары өмірлік шындық
құбылыстарымен, қасиеттерімен нақты дәлелдене, дәйектеле
түсіндіріледі. Аз сөзге астарлы, мегзеулі
ой-мағыналарын сыйғыза білу – шешендердің
шығармашылық өнерінің басты ерекшелігі.
Адамдардың рухани жан әлемі сұлулығының
қоршаған ортасына, кейінгі ұрпаққа тағылым
болатын ұлағаты шешендер сөздерімен
тұжырымдалған. Яғни, би-шешендер ғасырлар
бойы ұрпақтарды сөйлеу мәдениетін игеруге
қалыптастырды. Бұл орайда, Бөлтірік «Нақыл
сөз туралы» топтамасындағы мынадай оқиғалы
сөздер тақырыптарын айтамыз:
«Сөздің көркі мақал-ды»,
«Сөз қадірін білмесе», «Басқа пәле тілден»,
«Бәле қайда деме – аяқ астында», «Әкең
қапа болады», «Сөз мәнісі», «Тұз
сөздің де дәмін кіргізеді», т.б.
Бөлтіріктің осы топтағы оқиғалы сөздерінде
халықтың барлық орталарындағы (отбасы,
ауыл-аймақ, жалпы халық) сөз өнерінің
құдіретті қызметінің адамгершілік-эстетикалық,
әлеуметтік ықпалды маңызы саралана бағаланған.
Мысалы, «Сөз қадірін білмесе» атты әңгімеде
Бөлтіріктің салыстыру-шендестіру тәсілімен
берілген бағалауларын көреміз:
Бай болмаған бай болса,
Жайламаған саз қоймас.
Би болмаған би болса,
Басын шалмаған сөз қоймас.
Сөз қадірін білмесе,
Байдан байлық көшеді.
Сөз қадірін білмесе,
Биден билік көшеді.
«Әкең қапа болады» атты әңгімеде
«Аузы қисық болса да байдың баласы
сөйлесін» деп шынында да ауызы
қисық, бірақ жұрттың арасында ретсіз
әрнәрсені айта берген байдың баласын
бағалағаны үшін жиынның шырқы бұзылғанына
қапа болған Бөлтіріктің айтқан сөйлеу мәдениетін
ұғындыру ұлағатының барлық күнде де мәнін
жоймайтыны анық:
«– Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы
нәрсе тағы жоқ. Сөзден жеңіл нәрсе жоқ.
Сөзден ауыр нәрсе де жоқ. Сөзіңді тіліңе
билетпе, ақылыңа билет. Ақылды сөзіңді
ақылсызға қор етпе, ақылға айт. Не сөйлейтініңді
біл. Кімге сөйлейтініңді біл. Қай жерде
сөйлейтініңді біл. Қай кезде сөйлейтініңді
біл. Қалай сөйлейтініңді біл. Оны білмесең,
сара сөзің шала болады, арты жала болады,
әкең қапа болады».
Тапсырмалар мен сұрақтар:
Қазақ тарихындағы белгілі шешендер мен билердің сөздерін жаттау
Әдебиеттер:
7 зертханалық сабақ.
Айтыстағы тапқырлық, аталы сөз үлгілері. Қазақтың айтыскер ақындары туралы әңгімелеу
Мақсаты: Айтыстағы тапқырлық, аталы сөз үлгілері. Қазақтың айтыскер ақындары туралы әңгімелеу
Қажетті құрал-жабдықтар: айтыс өнері жайлы шығармалар
Айтыс өлеңдерінің әдебиет
тарихынан алатын орны мен мәні айрықша.
Өйткені, бұл жанр аса бай халық әдебиетінің
ертеден-ақ өнімді де арналы жеке бір саласын
құрап келген. Тіпті, ол бүгінгі тәуелсіздік
алған өмірімізді бейнелеуге де елеулі
үлес қосып отыр. Сондықтан бұл жанрдың
суырыпсалма дәстүріне қарым-қатынасы
мен өзіндік табиғи белгі-сипаттарын ,
оның сан ғасырлар бойғы даму, мәтіндік
ерекшеліктері мен бүгінгі айтысқа жалғасу
жолдарын, айтыстағы шындықтың орны мен
көркемдік мәселесін арнайы зерттеу қазіргі
қазақ әдебиеттану ғылымының басты міндеттерінің
бірінен саналады. Бұл тұста ірі жазушымыз,
ғалымымыз М.О.Әуезовтің айтыс туралы:
«Ауызша әдебиет ішінде айтыстан көп кездесетін
өлең жоқ...Бұл өлеңдер өте көп, көптігі
жұрттың бәріне мәлім. Бұл күндері баспаға
басылып, ол жазба күйінде жиналып жүрген
айтыстардан басқа талай-талай жақсы айтыстардың
әлі күнге жазылмай, жиналмай жүргені
де толып жатыр. Бұдан айтыс сөз қазақ
ескілігінде өте жанды, өте қызулы, бағалы
сөз болғанында дау жоқ» - деген ұлағатты
сөзі ойға оралады.
Айтыс тарихы
көнеде бермен қарай ұлтпен бірге жасасып
келе жатыр. Оған мысал елдің ескі әдет-ғұрпына
жататын тұрмыс-салт жырларындағы «Жар-жар»
мен «Бәдік» өлеңдерінің айтыс формасында
болып келуі. Айтыс табиғатын зерттеуші
М.Жармұхамедұлы мынадай бір тосын мәлімет
келтіреді: «Айтыс түрік тектес елдерде
ертеден бар екені аңғарылады. Бұған М.Қашқаридың
«Диуани лұғат ат-түрік» атты жинағындағы
«Қыс пен Жаздың айтысын», сондай-ақ Қожа
Ахмет Иассауидің «Диуани хикметіндегі»
«Дозақ пен Пейіштің» айтысын дәлел ретінде
айта аламыз» Бұл дерекке қарап атамұра
өнеріміз қазақ ұлт боп қалыптаспай тұрған
кезде де бар болғандығын аңғарамыз. Осы
дәстүрдің арғы шығу тегін зерделей отырып,
басқа да елдердің ұқсас әдеби үрдістерімен
салыстыра зерттеген М.Әуезовтің пікірі
біраз дүниеден хабар береді. Оның: «Айтыс
сөздерінің молдығы мен көп жайылғандығына
қарасақ, қазақ елі ақындық теңізі сияқты.
Басқа жұртта өлең болса, мұншалықты мол
болып етек алып жайылған емес. Анда-санда
кездесетін шашыраған өлеңдер сияқты
көрінеді. Мысалы ескі француз әдебиетіндегі
тенсондар, бұлардың түрі қазақ айтысына
ұқсайды. Онда да екі ақын көп жиынның
алдында сөз жарыс жасайды. Айтыстың өзге
өлеңнен айырмасы: суырыпсалма өлеңдермен
айтысатын болса, тенсондар да сондай,
жанынан шұғыл шығарылған ауызша өлеңдер.
Айтысатын сөздері де кейде қазақ айтысында
кездесетін білім таласы сияқты, жұмбақ
пен ой тартысы болады.
Тапсырмалар мен сұрақтар:
Айтыстағы тапқырлық, аталы сөз үлгілерін жинау.
Әдебиеттер:
1. http://kazdiplom.kz интернет желісі
2. Қапасова.Б.Қ, Әбдіжүсіпова.Б.Х, Жұмаділова.Ш.Т. Қазақ тілін жедел оқыту» -Астана: «Арман- ПВ» баспасы, 2007.
9 зертханалық сабақ.
Шешендік арнауға мысал келтіру
Мақсаты: Шешендік сөздердің бір жанры – арнау сөздердің мән-мағынасын, басқа жанр түрлерінен ерекшелігін көрсету.
Қажетті құрал-жабдықтар: шешендік сөздер
Шешендік арнау өмірде сан алуан окиғаларға сай эр түрлі мазмүнда айтылған. Қуанышқа үлкендер бата беріп, игі тілек айтып, қайғыда басалкалы акыл айтылып, көңіл білдірулер тілекпен жалғасып отырған. Халқымыз "Жаксы сөз — жарым ырыс” деп жылы лебізге үміт артып келген. Үлкен кісілерден бата сүрап, сол баталардың күдірет-күшіне сенетін болған. "Жаңбырмен жер көгерер, батамен ер көгерер” деген макал осындай сенімнен туған болса керек.
Халкымыз байлык көзін еңбекке байланысты алып қарастырған. Мүны Асау бидің Өгіз биге берген батасынан аңғаруға болады: "Бай болатын үйдің иті — сак, әйелі — малсақ, кызы — көрікті, үлы — епті болар еді, үйіңде осы төрт нүсканың бірі жоқ. Екі сиыр, бір ат, саған мүнан артық мал да бітпес”, — деген екен. Осы түста "мал таппас жігіт болмас, қүрарын айт, үл таппас өйел болмас, түрарын айт” деп, ер азамат тапқан малдың көбею жолдарын би тап басып, дөл көрсеткен. \
Асау би "әйелі малсақ болса” деп текке айтьш отырған жоқ. Өйел — үйдің береке-қүты, байлық көзі. Халық жьфларында бүл туралы мынандай үтымды жолдар кездеседь
Алғаның жаксы болса — абыройыңның түрағы,
Атың жаксы болса — дүниенін пырағы,
Балаң жаксы болса — екі көздін шамшыраіғы.
Мүндай үтқыр жырлар билер сөзінде де кездеседі. Сөйтіп барып бүлар мақал-мәтелге үласьш отырған. Келешек жасты жақсыльщқа, саналы өмірге үндейді, ой салады.
Мысалы. Байдалы шешеннің Уөли ханымы Айғанымға айтқан шешендік сөздері арнауға жатады.
Қайрат деген кыран бар,
Қайғыға тізгін бермейтін.
Қайғы деген жылан бар,
Өзекті шағып, өрлейтін.
Үміт, сенім, тілек бар,
Қуантып, куат алдырар.
Жылау деген азап бар,
Қуратып отка жандырар.
Мен кайғыңды козғағалы келгенім жок, Қайратыңды колдағалы келдім... —
деп, — Айғаным, сен жоқтау айтқалы отырсьщ, мен тоқтау айткалы отырмын. Жоқтауды коя түрып, тоқтауды тыңдасақ қалай болады, — дейді.
Шешен бүл сөздерінде ауыр қайғыны жеңудің өзі үлкен ерлік екенін көрсетіп, "кайратты” кыранға теңесе, "кайғыны” жыланға тенейді. Өмір өлі аякталған жок, алдағы күннін жаксылығына үміт, сенім аргу керектігін аңғартады. Жөнібек батырға Сокыр Абыздың айтқан арнау батасы:
А, балам, болсаң боларсың!
Қол бастап, жау алайын деген ұл екенсің.
Жолдастың мыңын алма, бірін ал,
Мың кісіге бір кісі олжа салады.
Әдебиеттер:
2. Есхожин І. Шешендік жырлар, – Алматы, 1993
10 зертханалық сабақ.
Шешендік толғауға мысал келтіру
Мақсаты: Шешендік сөздердің бір жанры – толғау сөздердің мән-мағынасын, басқа жанр түрлерінен ерекшелігін көрсету.
Қажетті құрал-жабдықтар: шешендік сөздер
Шешендік толғаудың бір
мол тармағы – шешендік жауап.
соған жауап іздеген.
Бір хан билеріне: «Бұл дүниеде не өлмейді?»
-
Ағын судың өлгені -
Аязды мұз боп қатқаны.
Асқар таудың өлгені –
Басын бұлттың жапқаны
Ай мен күннің өлгені –
Еңкейіп барып батқаны.
Қара жердің өлгені –
Қар астында жатқаны.
Ажал деген атқан оқ,
Одан ешкім құтылмайды.
Бір алланың қақпаны.
Дүниеде не өлмейді?
- Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді, -дейді.
Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім болады дейді,
Оты жоқ жер жетім,
Басшысыз ел жетім,
Елінен ауған ер жетім,
Тыңдаушысыз сөз жетім,
Жоқтаушысыз қыз жетім,- депті.
Сұрау –жауап түрінде жиі айтылатын:
Жол анасы –тұяқ,
Сөз анасы –құлақ,
Су анасы –бұлақ,-
дейтін сөздер тек шешендік пен тапқырлықты
ғана емес,логикалық
Сөйтіп шешендік толғау, негізінде, көп
жасаған халықтың көрген
мол, жанрлық ерекшелігі өзгеше шешендік
сөздер болып табылады.
Тапсырмалар мен сұрақтар:
Шешендік толғауларды жинақтау
Әдебиеттер:
2. Есхожин І. Шешендік жырлар, – Алматы, 1993
11 зертханалық сабақ.
Шешендік дауға мысал келтіру
Мақсаты: Шешендік сөздердің бір жанры – шешендік даулардың мән-мағынасын, басқа жанр түрлерінен ерекшелігін көрсету.
Қажетті құрал-жабдықтар: шешендік сөздер
Қазақ халқының дау өнері
ерте заманнан бастап орын алған. Қазақ
шешендері Төле би, Қазбек би, Датұлы
Сырым, Досбол би т.б. қауым ішіндегі
дау- дамайды реттеуден бастап, елшілік-
мәмлегерлік қызметтерімен белгілі болған
адамдар. Ауқатты Айдабол бидің бір баласының
көп түйесіне кедей жігіттің жалғыз буаз
інгені қосылып жүріпті. Бір күні жігіт
көруге келсе түйе боталаған екен. Екі
інгенді кезек еміп бір бота тұр. Өлген
бота кімдікі екені беймәлім.
Төрелікке Айдабол бидің өзіне барыпты.
Кедей жігіт: «Түйеме бұрын бота ембеуші
еді, боталары өле беруші еді», - деп расын
айтыпты. Сонда Айдабол: «Е, шырағым, онда
өлген бота сенікі», - депті.
Осыны естіген 13 жасар Тайкелтір әкесіне:
Шашыңның мына ағында,
Өлерінің шағында,
Етсеңіз әділ төрелік,
Халқың сіздің жағында.
Әділеттіліктен кетсеңіз,
Басқа билер қағынды,
Би қағынса көпшілік,
Қағады бастан бағынды.
Қисық берген төреңе
Шыдамай дәтім тарылды.
Төрелік бердің балаңа,
Жігіт саған не қылды?
Осы «бота дауында» әкесі
ашуланып: «мен қисық төрелік етсем түзет,
ал түзеу бере алмасаң, өзің жазаланасың»
дегенде, бала ойланбастан жалғыз ботаны
алдырып, оның санына қыл бұрау салдырыпты.
Бота шыңғырғанда кедей жігіттің түйесі
боздан келіп ботаны бауырына басады.
Ал екінші інген тұрған жерінен қозғалмапты.
Жоғарыда келтірілген
«Бота дауында»
Шашыңның мына ағында,
Өлерінің шағында,
Етсеңіз әділ төрелік,
Халқың сіздің жағында...
Билердің халық қалаулысы, яғни әлеуметтік
тұлға екенін, қызметтерінің өкілеті екенін,
көпшілікке ұнаса, әділ болса лауазымы
сақталып, ал беделі төмендесе атақ –
абыройынан айыртатынын осы бір мысалдың
өзі –ақ айтып тұр.
Тапсырмалар мен сұрақтар:
Шешендік дғауларды мысалдар жинақтау
Әдебиеттер:
1.Адамбаев Б. Шешендік сөздер, - Алматы, 1969
2.Төреқұлов Н., Қазыбеков М. Қазақтың би-шешендері, – Алматы, 1993
12 зертханалық сабақ.
Жазбаша іскерлік сөйлеу мәдениеті (өмірбаян жазу)
Мақсаты: Студенттерді өмірбаян жазуға үйрету
Қажетті құрал-жабдықтар: Өмірбаян жазу үлгілері
Өмірбаян – қызметкердің өмір жолы және еңбек қызметі жазылған құжат. Өмірбаянды қызметкер өз қолымен еркін түрде, түзетусіз, хронологиялық ретпен өз өмірінен негізгі оқиғаларды келтіре отырып, бір дана түрінде жазады.
Өмірбаянның үлгісі |