Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2015 в 11:05, курсовая работа
Ж.Аймауытов жас буынның дұрыс ойлап, дұрыс сөйлеуіне ата-ана мен мектеп оқытушылары бірден-бір жауапты деген құнды пікір айтады. Бұл пікірлер оқу-тәрбие үдерісіндегі озық ой-пікірлермен үндесіп жатқандығын байқауға болады. Қ. Жарықбаевтың еңбектерінде «Баланың логикалық ойлауын дамыту, ұғымдарын өсіру – науқандық жұмыс емес. Ол әрбір сабақ үстінде, мектептегі барлық тәлім-тәрбие үдерісінің барысында ұдайы жүргізілетін жұмыс. Мұнда оқушылардың жас ерекшелігі де қатты ескеріледі» – делінген.
Кіріспе.........................................................................................................3 - 5
І-бөлім.
Ойлаудың жалпы сипаттамасы..........................................................6 - 8
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауы....................................9 - 10
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Мектепке дейінгі балалардың логикалық ойлауы..........................11 - 13
2.2. Мектепке дейінгі балалардың логикалық
ойлауын дамыту жолдары................................................................14 - 21
2.3. Мектепке дейінгі балалардың логикалық ойлау
қабілеттерін дамытудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру........................22 - 26
ІІІ. Қорытынды.........................................................................................27 - 28
IV. Пайдаланылған әдебиеттер............................................................. 29
ЖОСПАР
Кіріспе.......................
І-бөлім.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Мектепке дейінгі балалардың
логикалық ойлауы........................
2.2. Мектепке дейінгі балалардың логикалық
ойлауын дамыту жолдары.......................
2.3. Мектепке дейінгі балалардың логикалық ойлау
қабілеттерін дамытудың әдіс-тәсілдерін
жетілдіру.....................
ІІІ. Қорытынды.....................
IV. Пайдаланылған
әдебиеттер....................
Кіріспе.
Балалардың логикалық ойын дамыту балабақшада оқытылатын білімдерді және олардың ғылыми мазмұнын меңгеру үдерісінде жүзеге асырылады.
А.Байтұрсынов ұғымдарды қалыптастыру үшін ойлау заңдарын, ережелерін дұрыс пайдалану керектігін айтады.
Т.Тәжібаев «Адамның дүниетану үдерісі нақты қарапайым пайымдаудан бірте-бірте дерексіз ойлауға көшіп отырады» – дейді.
Ж.Аймауытов жас буынның дұрыс ойлап, дұрыс сөйлеуіне ата-ана мен мектеп оқытушылары бірден-бір жауапты деген құнды пікір айтады. Бұл пікірлер оқу-тәрбие үдерісіндегі озық ой-пікірлермен үндесіп жатқандығын байқауға болады. Қ. Жарықбаевтың еңбектерінде «Баланың логикалық ойлауын дамыту, ұғымдарын өсіру – науқандық жұмыс емес. Ол әрбір сабақ үстінде, мектептегі барлық тәлім-тәрбие үдерісінің барысында ұдайы жүргізілетін жұмыс. Мұнда оқушылардың жас ерекшелігі де қатты ескеріледі» – делінген.
М. Жұмабаев та өзінің «Педагогика» атты шығармасында оқу ағарту ісінің келелі мәселелерін қарастыра келе логикалық ойлауға тоқталған.
Ұлы ғалымдар, педагогтар Я.А. Коменский, И.Г. Песталоцци, Ж-Ж. Руссо, И.Ф. Гербарт, А. Дистервег, К.Д. Ушинскийдің оқыту арқылы балалардың ақыл-ой қабілеттерін дамытуға баса назар аударғаны тегін емес.
Оқыту үдерісінде логикаға көңіл бөлген чех педагогы Я.А.Коменский балаларды ой тұжырым жасауға үйретіп оларды өмірмен байланыстыра білуге ары қарай логикалық ойлауын жетілдіру керектігін айтқан. Ол қандай пән болмасын ойлаудың формалары талдау, жіктеу және салыстыруға көп көңіл бөлген. Бұл көзқарастар ары қарай ұлы педагог К.Д. Ушинскийдің еңбектерінде көрініс тапты. «Баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту – мектеп жасына дейінгі оқытудың басты мақсаты. Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыта оқытудың негізгі ерекшелігі – айнала қоршаған орта және табиғатты бақылау және көрнекі оқыту болу керек» – деп құнды пікір айтады.
В.А. Сухамлинскийдің еңбектерінде мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлауын дамытудың негізгі жолы абстракциялық ойлауды ұйымдастыруға көп көңіл бөлген. Өйткені абстракциялық ойлау заттардың ерекшелігін, ұқсастықтарын және себептерін түсіндіреді – дейді.
Балалардың ойлау қабілетін дамыту туралы психолог ғалымдардың Н.А. Менчинская, Е.Н. Кабанова-Меллер, Л.С. Выготский, З. Калмыкова, Л.Н. Леонтьев, А.А.Люблинская, А.В.Петровский, Л.В.Занков, В.В.Давыдовтың және т.б. еңбектерінде көптеген пікірлер айтылған. Ойлауды дамытудың қажеттілігі туралы әдіскерлер А.Я. Зорина, Ж. Икрамов, И.Я. Лернер, А.В. Усова, баланың логикалық ойлауын дамыту туралы Б.Г. Ананьев, Ж. Пиаже, Л.С. Рубинштейн, Э.Ж.Гингулис, И.С.Якиманская, В.А.Крутецкий, Ю.А.Самарин, Л.П.Стойлова, В.П. Стрезикозин, А.Д.Гетманова, В.С.Егориналар да пікірлер айтқан. «Мектепке дейінгі жастағы жеке психикалық үдерістің саналы және өздігінен әрекет етуінің пайда болуы мен және дамуымен сипатталады және оқыту өзінен кейін дамуды алып жүреді»–дейді Л.В. Выготский.
Кіші мектеп жасындағы балалардың ойлауын дамыту туралы Н.А.Менчинскаяның еңбектерінде ойлауды дамыту оқытумен тығыз байланысты екені айтылған.
Қазақстандық педагог ғалымдар мектепке дейінгі білім беру жөнінде Т.Қ.Оспанов, Б.М.Қосанов, Б.С.Қуанова, Б.А.Тойлыбаев, С.А.Жолдасбекова, А.Ш.Орақова балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту туралы Д.Рахымбек, Р.Ибрагимов, С.Қ.Меңліқожаева, Ғ.А.Баймадиева, Б.А.Тұрғынбаева, Р.О.Ысқақова, Н.Иманқұл, Т.Есімханов, А.А.Жаппаров, Т.Ғабитовтың, М.Ө.Мұсабеков, Е.Бекболғанов, Қ.Ж.Қарақұлов, А.Мырзабаева, Н.Ә.Талпақов және т.б. еңбектерінде де құнды пікірлер айтылған.
Ғылыми аппарат.
Зерттеу тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлауын
дамытудың жолдары
Зерттеу объектісі: Мектепке дейінгі балалардың логикалық ойлауын
дамытудың маңыздылығын ашу.
Зерттеу міндеті:
Зерттеу пәні: Логикалық ойлау қабілеті.
Зерттеу болжамы: Егер мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық
ойлау қабілетін дамытудың дидактикалық ерекшелігі айқындалып, іс-жүзінде әдістер тиімді қолданылса, онда балалардың логикалық ойлау қабілетінің даму жүйесінің негізі қаланады.
Зерттеудің әдістері: Теориялық тұрғыдан философиялық, әлеуметтік,
психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді талдау,
қорытындылау.
І-бөлім.
Танымдық әрекеттің күрделі
үдерісі – ойлау. Ойлау сыртқы дүние заттары
мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының
миымызда жалпылай және жанама түрде бейнеленуі.
Ойлауды зерттеумен айналысатын ғылымдардың
бірі логиканың ойды зерттеудегі әдіс-тәсілдерінде
өзіндік ерекшелігі – бүкіл адамзатқа
ортақ ой әрекетінің заңдары мен формаларын
айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі
болып табылатын ұғым, пікір, дәлел, ой
формаларының табиғатын зерттейді. Ойлаудың
негізгі формалары: ұғым, пайымдау және
ой тұжырымы. Ұғым – деген
сөздің өзі «ұғу» деген етістікпен бір
түбірлес. Біздің қандай да бір нәрсе не
құбылыс туралы біліміміз болса, оның
қасиеті туралы басқа нәрселермен қатынасын
білген жағдайда ғана оны басқалардан
ажыратамыз және сол нәрсе туралы ұғымымыз
болады. Ұғым – нәрсенің
мәнді белгілерін бейнелейтін ойдың формасы.
Сөйлеу тілімізде ұғымдар сөзбен, сөз
тіркестерімен беріледі. Мысалы, «оқулық»,
«тәрбие», және т.с.с.
Ойлау процесі объект пен
субъектінің өзара әрекеті ретінде жүзеге
асады.
Ойлауды психологиялық тұрғыдан зерттеу дегеніміз - оның ішкі, танымдық құпия мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету, яғни ойлаудың мәнін зерттейді, әрбір адамның өзіндік ойлау ерекшеліктерін дамытып отыруға баса мән береді.
Қазіргі психологияда ойлау ұғымына әр түрлі түсінік беріледі, ойлау дегеніміз - әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты психикалық процесс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі. Бұл бейнелену адам ойының талдау және біріктіру әрекеттері арқылы танылады. Ойлау – сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі. Ойлау адамның өмір тәжірибесі мен практикалық іс-әрекеттері нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім процесінің шеңберінен әлдеқайда асып түседі.
Ойлау – адам соның арқасында заттар мен шындық құбылыстарын олардың елеулі белгілері бойынша бейнелендіретін және олардың ішінде сондай-ақ арасында болатын әр түрлі байланыстарды ашатын психикалық процесс.
Ойлау – аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысады. Бұлардың ішінде логика мен психологияның орны ерекше. Психология түрлі жас мөлшердегі адам ойының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы жолдарын, яғни жеке адамның ойлау ерекшеліктерінің заңдылықтарын қарастырса, логика – бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінен заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел, ой формаларының табиғатын зерттейді. Ойлау ерекшеліктерін таным мен ой процесінің сатысы ретінде зерттеу, ойлаудың білім мен тікелей байланысты екендігін көрсетеді.
Ойлауды дамыту – оның мазмұны мен формасын өзгерту болып табылады. Психологияда ойлаудың үш түрі қарастырылады.
1.Практикалық іс-әрекеттілік.
2. Көрнекі-бейнелік
3.Сөздік – логикалық.
Ойлауды дамыту процесі төмендегілерді қамтиды.
1) Ойлаудың барлық түрлері мен формаларын дамыту (практикалық іс-әрекеттік, көрнекі-бейнелік, сөздік-логикалық)
2) Ойлау амалдарын қалыптастыру және жетілдіру (анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, классификациялау т.б.)
3) Заттың мәнді белгілерін ажырата білуін дамыту.
4) Қоршаған орта құбылыстары мен заттары, қатынастары мен маңызды байланыстарын табу.
5) Өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеу.
6) Өз ойын анық, жүйелі, қарама-қайшылықсыз және негізді түрде баяндау.
7) Ойлау тәсілдері мен амалдарын бір саладан екіншіге көшіре білу.
8) Құбылыстың дамуын көре білу, негізделген қорытынды жасау.
9) Формальды логикаға негізделген ойлаудан, диалектикалық логикаға негізделген ойлауға көшу процесін стимулдау.
10) Балалардың оқу және оқудан тыс іс-әрекеттерінде формальды және диалектикалық логика заңдары мен талаптарын қолдану дағдылары мен біліктіліктерін жетілдіру.
М. Жұмабаев «Ойлау – жанның өте бір қиын терең іс. Жас балаға тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде, сақтықпен басқыштап істеу керек» деген. Логикалық ойлау баланың тапқырлыққа, тез есептеуге, өздігінен шешім қабылдауға, салыстыруға әсер етеді.
Сондай-ақ мектепке дейінгі балалардың ойлау үрдісіне тоқталсақ, ойлау – тіл дамуы және ғылыми ұғымдарды меңгеру бірлігінде дамиды. Баланың сау психикасының ерекшелігі – танымдық белсенділігі. Ойлау – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс қатынастарының адам миында жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ақыл-ой жағынан бала қаншалықты пәрменді болса, ол сонша көп сұрақтар қояды және оның сұрақтары соншалықты алуан түрлі болады. Бала заттың бейнесін ғана емес, оның қимыл-қозғалыстары туралы да ойлайды. Бейнелі ойлау – 6 жасар бала ойлауының негізгі түрі. Әрине, ол жекелеген жағдайларға логикалық ойлауды да орындай алады, бірақ та бұл жаста көрнекілікке сүйенген оқыту басымырақ болады. Мұның өзі осы жастағы балалардың естері еріксіз жақсы дамиды. Ерікті естері жаңа ғана қалыптасады. Сондықтан жақсы қабылдап алған заттардың түсін есінде жақсы сақтайды. Көру және есту елестері көрген нәрселердің мазмұнымен байланысты болады.
1.2.Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауы
Жалпы психологиялық ойлаудың түрлері:
Мектепке дейінгі жаста жиі кездесетін ойлау түрлері:
1. Көркем-әрекетті ойлау – бұл ойлау түрі, нақты заттарды қабылдауға сүйенеді, затпен әрекеттену кезіндегі нақты бейне мен ситуацияның өзгеруі. Көркем -әрекетті ойлау негізінде көркем-бейнелі ойлау түрі қаланады.
2. Көркем-бейнелі ойлау – мектеп жасына дейінгі баланың негізгі ойлау түрі – ол түсінікке сүйенеді.
3. Тапсырманы шешу құралы болып логикалық ойлау болып табылады.
Мектепке дейінгі баланың ойлау қабілеттерін дамыту негізгі сызығы – көркем-әрекетті ойлауды өркендету арқылы қиял базасын дамыту. Еркін ес құралы негізінде көркем-бейнелі ойлауды жақсарту. Интелектуалдық тапсырмаларды ұсыну және оны шешу құралы ретінде сөзді қолдану жолдарымен логикалық-сөздіктің белсенділігін қалыптастыруды бастау. Әрине ойлау әртүрлі әрекеттену үстінде дамиды.
Мектепке дейінгі жаста ойлауды дамыту ерекшелігі.
І. Көркем-әрекетті ойлау дамуының кезеңдері:
1. Сөз арқылы нақты заттың белгісінен мағынасына ауысу немесе керсінше мағынасынан белгісіне.
2. Қарапайым өзінше түсіне білуі және өздігінен реттеу басталады.
3. Сөздің мағынасын біртіндеп жалпылау, яғни көркем-бейнелі ойлау қалыптаса бастайды.
ІІ. Көркем-бейнелі ойлау дамуының кезеңдері:
1. Бір затты екінші затпен алмастыру.
2. Заттарды олардың бейнелерімен алмастыру іскерліктері пайда болады
ІІІ. Логикалық-сөздік ойлау дамуының кезеңдері:
1. Бала әлі ақыл-ойымен әрекеттене алмайды, бірақ қолмен заттарды қимылдатып айла-әрекет жасайды, бейнелі-әрекеттену жоспарының мінедеттерін шеше алады. Яғни проблемалық ситуацияларды өзгертеді.
2. Тапсырмаларды шешу барысында сөзді қолданды, бірақ заттың атауын ғана қолданады. Көбінесе әлі де мәселені қолмен және көзбен шешеді.
3. Тапсырма бейнелі жоспармен шешіледі, қарапайым ойлау процесі пайда болады.
4. Тапсырма алдын ала құрастырылған, ойластырылған, ішкі дүниесінде ұсынылған жоспар арқылы шешіледі.
5. Тапсырма ақыл-ой жоспары арқылы шешіледі.
6. Тапсырма тек қана ішкі жоспармен ғана шешіледі.
Мектепке дейінгі баланың шығармашылық ойлау ерекшелігі.
Баланың шығармашылық әрекеттенуі оның шығармашылық ойлауын көрсетеді.
Шығармашылық ойлаудың төрт ерекшелігі:
1. Шығармашыл адам үнемі басқалардан ерекше шешім табуға тырысады.
Информация о работе Мектепке дейінгі балалардың логикалық ойлауы