Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелігіне байланысты ана тілінің ережелері мен базалық нормаларын игерту жолдары
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2014 в 10:07, доклад
Краткое описание
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Қазіргі педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
5-6 жас жоспарына сәйкес күніне
екі сабақтан аптасына 10 сабақ өтіледі.
Оның ішінде тіл дамыту, айналадағы өмірмен
таныстыру, көркем әдебиет оқу сабақтарына
аптасына 3 сағат беріледі. Осыны тәрбиеші
кезекпен өткізеді. Бұл аталған сабақ
түрлері бір-бірімен тығыз байланыса жүргізіледі.
Өйткені тіл дамыту, сөз қорын молайту
әдебиет пен айналадағы өмір шындығына
негізделеді.
Оқу жоспарында көрсетілген
сабақтарды нақты тақырыптарға бөліп
жоспарлауда балалардың жас ерекшелігі
ескеріледі. Әсіресе, 3 жастағы балардың
оқу ісін ұйымдастыруда таным қабілеттерін
дамытуға көбірек назар аударған жөн.
Баланы ана тілінде сөйлеуге,
айналасын бақылап, тани түсуге үйретуде
жүргізілетін жұмыстардың негізгі бір
түрі – дидактикалық ойындар. Дидактикалық
ойындар мектеп жасына дейінгі кезеңде
баланың тілін дамытуда өте маңызды роль
атқарады. Балаға бағдарламалық материалды
меңгерту, үйренген білім-дағдылырын бекіту
жұмыстары осы дидактикалық ойындар арқылы
іске асады. Онсыз сәбилерді қажетті білім
дағдыларына үйрету; түрлі тәрбие жұмыстарын
жүргізу; олардың сөздік қорын молайтып,
есту, көру, сөйлеу мөлшерін дамытып, жаттықтыру
қиындыққа соғатыны сөзсіз.
Сондықтан балабақшаның тәрбиешілеріне
арналған бағдарламалық жоспарды басшылыққа
ала отырып, балалардың бақылап көргендерін
тиянақтап, естерінде берік қалдыру, сөздік
қорларын дамыту үшін төмендегідей дидактикалық
ойындар ұсынылған: «Жасырылған затты
тап», «Ғажайып қапшық», «Ойыншықты тап»
(оның түрін, көлемін, формасын атап айт
– домалақ, көк, кішкене, т.б.), «Қолыңмен
байқап көр, атын айт» (бала дорбаға салынған
заттарды қолымен танып, алады), «Жаңа
қуыршақты қабылдау», тағы басқа ойындары.
Сәбилер тобындағы балалардың
көпшілігінің сөздік қоры аз, әлі өз беттерімен
сөйлеуге үйренбеген. Сондықтан олармен
мұндай ойындар көбірек өтіледі. Ойынның
әр түрі тәрбие мақсатына қарай, алмастырылып
отырылады. Бұдан басқа аулаға, серуенге
шыққан кезде де, түрлі бақылау уақыттарында
да ойынға ерекше көңіл бөлінеді. Ойын
арқылы сәбилер өмір тіршілігіне қажетті
жайттармен танысады. Көргенін айтып беру
арқылы сөйлеуге жаттығады. Өйткені әрбір
ойын оқылған материалды бекіту, мазмұнын
айқын түсіндіру, көрген заттарын ойын
арқылы нақтылап, есіне сақтау мақсатында
өтіледі [3, 48-50].
Балабақшадағы естияр, ересек
тобындағы оқу-тәрбие жұмысында, балалардың
сөздік қоры мен сөйлеу дәрежесі, бағдарламада
аталған әдеби шығармаларды меңгерту
— әңгімелеп беру, шығармалардың жанрын
ажырата білу (әңгіме, ертегі, өлең, т.б.),
оқыған шығармаларды есте сақтау деңгейі
ескеріледі.
Ол үшін бағдарламалық шығарламаларды
оқу, тыңдау, әңгімелеу, әңгімелеп айтқызу
(сабақта және сабақтан тыс) жұмыстары
жүргізіледі. Бақылау жұмысы әңгімелесу,
әңгімелету, жаттығу жұмыстарына негізделеді.
Естияр балалар тобында (5-6 жас)
тіл дамыту сабақтарының тақырыптары
төмендегідей:
1 сөз құрап тұрған дыбыстарды
дұрыс айтуға үйрету, сөз, дыбыс туралы
ұғымдарды практикалық жолмен меңгерту.
3 сөйлеу тілін байыту мақсаты
көзделе отырып, әрбір сабақ түріне, мазмұнына
қарай сөздік жұмысын жүргізіп отыру.
4 байланыстырып сөйлеуге үйрету.
5 көркем әдеби шығармалар оқу.
6 оқылған шығарма мазмұнын
әңгімелету.
7 шығармашылық әңгіме құрату.
Мектепке дейінгі балалардың
сөздік қорын, сөйлеу тілін дамыту мәселесі
жаңа бағдарлама бойынша осы бағытта белгіленген.
Алайда әлі оқи, жаза білмейтін балаларға
жалпы тілге қойылатын талаптарды меңгерту,
жаңа сөз үйрету, сөйлеу тәсілдеріне жаттықтыру,
қоғам өмірінен, табиғат тіршілігінен
тыс емес, осылармен тығыз бірлікте, сабақтаса
жүргізіледі. Олай болса, тәрбиешілер
тіл дамыту сабағын жоспарлағанда баланың
өмірден алған әсерін, естіп, білгенін
ұдайы ескеруге тиісті. Сөз үйретуге арналған
сабақтар экскурсия, бақылау жұмыстарымен
үйлестіріле жүргізіледі.
Тәрбиеші қай тақырыпта қандай
бақылау, экскурсия, әңгімелесу, әңгімелету
сабақтарын өткізгенде де балаға берілетін
білім мен зат арасында шартты байланыс
болуын ескерту керек. Сөздік атауларды
бала санаулы түсініп, дәл танып–білсін.
Мысалы, балабақша үйін бақылату, үйдің
оң және сол жағында көше аттары, сол көшедегі
немесе қарсысына орналасқан басқа мекеме
туралы балаларға атап айтып түсіндіруі
керек. Бала мұндайда «оң жақ», «сол жақ»,
«қарсы алдында» деген сөздерді үйренеді.
Айналадағы өмірді бақылату
жұмысында екі түрлі әдіс қолданылады:
Біріншісі – баланың өмір шындығын
қабылдап түсінуі. Бұл бақылату жұмысында
іске асады. Осының нәтижесінде түрлі
заттармен өмір құбылыстары туралы айқын
елес қалады. Көріп, таныған заттардың
атына, қажеттігіне, түр түсіне, формасына
байланысты сөздік қоры дамиды.
Екіншісі – заттармен өмір
құбылысы нақтылай түсіндіріп, бақылатып
көрсету. Мұндайда тәрбиеші адамдардың
өмір тіршілігі – еңбек процесі, өлі және
тірі табиғат ерекшелігі туралы әңгімелеп
беріп, жүйелі түрде салыстыра көрсетіп
таныстырады. Әрбір бақылау, әңгімелету,
әңгімелесу сабақтарында сабақ мазмұнына
қарай диафильм ойыншық суреттер көрсетіп,
әдеби шығармалар оқытылады. Сабақты осылайша
көрнекі құралдарды пайдалана отырып,
өмірмен, іс–тәжірибемен байланысты жүргізгенде
ғана баланың санасында айналадағы дүние
жөнінде айқын елес қалады.
Сөзді түрлі формада қолдануға
үйрету жұмыстары тіл дамыту сабақтары
кезінде іске асады [3, 59-60].
Тіл дамыту, сөз қорын молайту
сабақтарында баланы сөз ішіндегі дыбыстарды
дұрыс айтуға үйрету ісіне баса назар
аудару керек. Балалардың көбінің сөз
ішінде кездесетін р, л, с, ш, ж, з, б, п, ф
дыбыстарын айтуға қиналатыны байқалады.
Кейде бала аталған дыбыстарды жеке–жеке
дұрыс айтады да, сөз ішінде дұрыс айта
алмайды.
Балалардың дыбыс қолдануында
мынадай кемшіліктер кездеседі: сөз ішінде
дыбысты дұрыс айтпау, сөзде дыбыс қалдырып
айту; сөз ішінде дыбыс алмастыру. Мысалы,
қуыршақ–құршақ, қолғап–қолбақ, орамал-омалар
–омайлар.
Дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру
жұмыстарын басқа сабақтарда (шығарма
оқу, дидактикалық ойын, бақылау) сабақ
мазмұнына қарай жүргізуге болады. Бала
оқу жылы ішінде бағдарламада көрсетілген
дыбыстарды түгелдей дұрыс айтатын болуы
қажет.
Жоғарыда аталған кемшіліктерді
түзету үшін ең алдымен балаға қиын р,
ш, з, с, ж дыбыстары жиі кездесетін сөздерді
тыңдата отырып, баланың құлағын (есту
қабілетін дамыту) сөздің дыбысталу ерекшелігіне
төселдіру керек. Онан соң дыбыстарды
жекелеп айтып, сөйлеу мүшелерінің осы
дыбыстарды айтқанда қалай қолданатыны
балаға көрсетілуі жөн. Мысалы, ш дыбысын
айтқанда ерін алға қарай сәл ғана сүйірленіп
тілдің ұшы тістен алыстап, артқы көмейге
қарай жиырылады, ж дыбысы да сол сияқты
айтылады. С дыбысын айтқанда ерін аз ғана
ашылып, тіл төменгі тістің түбіне таяу
келеді, з дыбысы да осы сияқты айтылады.
Соңғы дыбысты айтқанда бір ерекшелік
— аздаған үн қатысады[3, 66].
Мектеп жасына дейінгі балалар
негізінен өте қарапайым түрде әңгімелейді
және тек жай сөйлемдермен немесе көмекші
сұраққа бір сөзбен ғана жауап береді.
Әсіресе көркем әдеби шығармаларды мазмұндап
айтып беру қазақ тілінде жұмыс істейтін
балабақшаларда айтарлықтай емес. Сондықтан
тәрбиешілердің бұл мәселеге ерекше көңіл
бөлгендері дұрыс. әңгімелеуге үйреткенде
мыналарды ескеру қажет:
1 балалардың қойылған сұраққа
дұрыс, толық жауап беруі;
2 тәрбиеші қолданған күрделі
сөйлемдерді қайталатқызу;
3 өздеріне сөйлемдер құрату;
4 сөйлемге қажет сөздерді ойлап
тауып айтуға үйрету;
5 сөз жасау, сөзге түрлі жалғау–жұрнақтар
қосып айтуға үйрету;
6 суретті көрсете отырып және
суретсіз (белгілі оқиғаға) әңгіме құрату.
Сөйлеуге үйретудің негізгі
әдістерінің бірі – тәрбиешінің балаларды
жетекші сөздер арқылы әңгімеге қатыстыра
білуі.
Әңгімелеп беру сабақтары айына
бір-екі рет өтіледі. Естиярлар тобында
оқу жылының басында ойыншықтарды, суреттерді
сипаттап айтуға үйрету сабақтары жүргізіледі.
Желтоқсан, қаңтар айларынан бастап оқылған
шығарма мазмұнын әңгімелеп беру сабақтары
басталады.
Сабақта қолданылатын әдістер
тәрбиешінің сұрақ қойып жауап алуы, тапсырма
беруі, түзетуі, көрсетуі, әңгімелеп беруі.
Дидактикалық ойындар ойнатып балаларға
таныс заттар мен ойыншықтардың суреттерін
көрсетіп әңгіме құратуға болады.
Оқылған шығарма мазмұнын әңгімелеп
беруге үйретуде тәрбиеші шығарма мазмұнына
сай сұрақтар бере білуі керек. Қойылған
сұрақтар балаға ой салатындай, жауап
беруге мәжбүр етерліктей, шығарма мазмұнын
ашатындай, әңгіме желісін бұзбайтындай
болуы керек.
Балаларды өздері көріп – бақылаған
жайттары туралы айтуға үйрету үшін ең
алдымен тәрбиешінің өзі әңгімелеп беруі
тиіс, соңынан балаларға айтқызады. Баланың
жауабын үнемі бақылап, түзеп, бірінің
айта алмағанын екіншісіне айтқызып отырады.
Сабақ тәрбиешінің қорытынды жасауымен
аяқталады.
Тәрбиеші балалардың әңгімелерді
кейбір фактілерді толықтырып отыруы
тиісті.
Оқылған шығарма мазмұнын бір
рет қана әңгімелету жеткіліксіз, оны
бір–екі аптадан соң қайталаған жөн. Алғашқыда
шығармаға арналған суреттер бойынша
келесі сабақта әңгімелетеді.
Әңгімелеп беруге үйретуге
бағдарламада көрсетілген шығармаларды
алу керек: «Кім күшті?», «Залым түлкі»,
«Қырманда», «Әтеш пен ит», т.б.
Әңгімелесу сабақтарында тәрбиеші
бала әңгімесінің мазмұнын бақылап отырады,
оның қандай сөздерді, сөйлемдерді қолданғанын
қадағалайды. Оның лексикалық қатесін
түзетіп, сөйлеу тілінің даму ерекшелігіне
қарай дұрыс әңгімелеуге бағыт беріп отырады
[
Міне, тіл дамыту жұмыстарының
барысында балалар нені меңгеру керектігін
атап көрсеттік. Қорытындылай келе, мектепке
дейінгі балаға дұрыс берген білімнің
нәтижесінде олардың болашақта сөздік
қоры мол, сауатты азамат болуларының
негізі осында қаланатынын біз болашақ
тәрбиешілер дұрыс түсінгеніміз жөн. Тіл
дамыту бойынша оқылатын әрбір сабақ өзінше
ерекше болуы керек. Және де ол баланың
бойына сіңіп, тамырын тереңнен алғаны
жөн деп ұғамыз.
Баланың өз
ана тілінде сөйлеуі қалып
таса бастайтын жас
кезең
ін
де екінші тілде
байланыстырып сөйлеуді тықпалау нәтиже
бермейтіні т
еорияда да, іс
-
тәжірибеде де дәлеледеніп отыр. Орыстың
ұлы педагогы К.Д.Ушинский бұл
туралы «Ана тілінің тамыры тереңге кетпей,
өзге тілді үйретуге болмайды»
десе, өз педагогтарымыз мұны «жас баланы
атқа теріс қаратып отырғызып
жіберумен бірдей» деген.
Сөз өнері - тұнып тұрған шежіре ғой. Ата бабаларымыздың небір шешендік сөздері бізге ел аузынан жеткен. Олардың әрбір
айтқан сөзін жазбай жатып ұғасың. Жиренше шешен, Тазша бала, Төле
би , Әйтеке би, Қазбек би сынды балаларымыз қазір мектеп партасында отыр. Осындай
балаларымызды патриоттық сезімге баулып, тіліне , еліне ,
жеріне деген мқтаныш сезімді, сүйіспеншілікті тудыруымыз шарт.
Ана тілінің баға жетпес құдіреті
мен қуаты, адамды ерлікке, Отанын, туған
халқын сүюге тәрбиелеудегі күшін кезінде К.Д. Ушинский
«Халық тілі - тарих шекарасынан әлдеқайда
әріректен басталатын, оның бүкіл рухани өмірінің еш уақытта солмайтын
жәнс өмір бойы қайтадан шешек атып тұратып
тамаша гүлі. Тілде бүкіл халық, оның күллі
елі — барлық, толық ойы мсн сезімі туған елінің өлеңінде, әндерінде
...» деп көрсеткен болатын. Сондықтан да ана тілі бастауыш
мектептерде ең негізгі пән болып есептеледі.
Өйткені ана тілінде оқу-жазуға дағдылану
арқылы басқа пәндерді оқып-үйренуге жол
ашылады. Бұл жөнінде де ұлы педагог К.
Д. Ушинский: «Ана тілін толық меңгермеген
бала тарихты және жаратылыстану ғылымдарын
үйренген ксзде, теореманы, математикалық
бір есепті өз сөзімен айтып бере алмай,
дәл осындай күйге ұшырайды. Ана тілі басқа
пәндердің бәріне қатысы бар және олардың
нәтижелерін өзіне жинақтайтын басты,
өзекті пән екені енді түсінікті емес
пе?» — деген болатын.
Балалар ана тілі арқылы адамгершілікке,
интернационалдық, патриоттық рухқа тәрбиеленеді.
Ана тілінде жақсы оқи алатын
бала өзі оқыған немесе айтылған материалдардағы
ойды да дәл түсінеді.
Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамытудың тиімді жолдары
Raika
25 сәуір
2013
3647
0
0
«Мектеп жасына
дейінгі баланың тілін дамытудың тиімді жолдары» (презентациясымен)
Тіл - қоғамдағы адамдардың бір - бірімен пікір алысып, қарым - қатынас жасайтын құралы. Таза мәнерлі тіл – бұл ойлау жемісі. Баланы ана тілінде
дұрыс
сөйлеуге үйрету
арқылы олардың бойындағы тілдік мәдениетті қалыптастырамыз. Олай болса тіл
адам баласы қоғамымен бірге туып, өмір сүріп, ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып келе жатқан мұра. Баланы тілдік мәдениетке тәрбиелеуде отбасының, бала - бақшаның қажырлы еңбегі орасан. Бала - бақшада тәрбие жұмыстарының басты мақсаттарының бірі - баланың тілін ұстартып, жақсы сөйлей білуге үйрету.
Қазақ
балалар әдебиетінің атасы Ы. Алтынсарин атамызда балаларды
оқу
және
оқыту,
тәрбиелеу
ісінде ауыз әдебиеті шығармаларының маңызды орын алатындығын айта келіп: «Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша, қай - қай тілде болса да, еркін, жүйелі сөйлеу мүмкін емес» - деген болатын. Мектеп
жасына дейінгі баланың тағы бір ерекшелігі – олардың еліктеу, қиялдау қабілетінің басым болуы. Сол себепті әрбір ата - ана, тәрбиеші баланың қойған сұрақтарына үнемі, дұрыс жауап берулері керек. Баланың
тілін дамытуда мынадай жұмыс түрлерін жүргізуге болады.
1. Айналадағы бар, күнделікті өмірде пайдаланып жүрген заттарды (киім - кешек, ыдыс
- аяқ, тағам, үй жиһаздарын ) көрсетіп, атын сұрап айтқызу.
2. Осы заттардың қайдан, неден (ағаштан, шыныдан, жүннен, темірден жасалғандығын) түсіндіру.
3 Ойыншықтары жайында, жақсы көретін ертегісі туралы әңгімелесу.
Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасып, сақталып келе жатқан наным - сенімдерін, дәстүрін, жол - жоралғыларын, әдеп - ғұрыптарын өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына сіңіру мектеп жасына дейінгі баланың
тілін дамытуға баға жетпес нәтиже береді. Балаларға осы халқымыздың игі дәстүрлерін: бесікке салу, ат қою, тұсау кесу, қонақ күту, ас қайыру т. с. с әр сабақта тақырыпқа байланысты айтып отыру. Балаларға
жасына қарай көркем әдебиет шығармаларын мазмұнын айтқызу, мақал - мәтел айту, жұмбақтар жасыру сияқты жұмыстарды да жүргізуге болады. Жұмбақ жаттау кезінде балалар өзінің білім дәрежесін байқап, көп білуге талпынады, ынта – жігері
артып, жауапкершілікті сезінеді.
Мысалы: Қараңғыны түреді,
Ылғи жалғыз жүреді.
(ай)
Домалап кетеді,
Қайта
домалап жетеді.
(доп)
Қабат
- қабат қаттама,
Ақылың
болса, аттама.
(кітап )
Мақал - мәтелдің де бала тәрбиелеуде орны ерекше.
Мысалы: Жақсы болсаң, жақын көп.
Тіл - буынсыз, ой - түпсіз.
Ағаш
тамырымен мықты,
Адам жолдасымен мықты.
Жаңылтпаштар айту баланың тілін дамытуда маңызды рөл атқарады.
Шілікті шаптым,
Жілікті астым.
Шілікті жақтым,
Жілікті шақтым.
Қаштым қатты
- ақ
Ұшты қалпақ,
Балақ сатпақ,
Аяқ батпақ.
Қорыта
айтқанда, баланың жан - жақты дамуына, тілдік қорының молаюына көбірек көңіл бөлсек.