Қазіргі заманда мемлекетіміздің басты шешілмеген мәселелердің бірі- ол тіл мәселесі.Жалпы тіл дегеніміз не?Тіл-ежелден
бері келе жатқан ,ұрпақтан -ұрпаққа,ауыздан-ауызға беріліп,бізге жеткен асыл мұра.Ал енді біздің қазіргі ұрпақтың мақсаты-осы мұрамызды сақтап,дамытып,әрі қарай келесі ұрпаққа жеткізу.Осы мақсатымызды орындауда көптеген қиындықтарға кездесеміз.Қазіргі қазақ халқымыз өз ана тілін жетік білмейді,менсімбейді,
тіпті ұялады.Жастар көбінесе орысша сөйлейді.Әрине,басқа тілдерді де білу керек.Бірақ «өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте» дегендей өз ана тіліңді де ұмытпауың керек. Кейбір қазақ жанұяларында тек қана орысша сөйлейді.
Кеше мен бір көрініске
тәнті болдым.Шешен ұлтының жас жанұясы
кішкентай балаларымен саябақта ойнап
жүр екен.Қасынан өтіп бара жатып,олардың
өзара ана тілінде сөйлегенің естідім.Бұл
деген тамаша емес пе?Бала кезінен бастап
ана тілін құрметтеуге,ұмытпауды бала
бойына сіңіреді.Бұл жас жанұя бәрімізге
үлгі болардай.Тағы бір риза болған сәтім
бар.Бүгін сауда жасап жүріп бір орыстың
қыз баласына өте риза болдым.Менің қазақ
екенімді көріп,менімен қазақ тілінде
сөйлесті.Бұл қыз қазақ тілін білуге міндетті
болмаса да,өзі тұрып жатқан жерінің тілін
жетік біледі.Бұл қазақ халқына деген
сыйластық,құрмет.
Қорыта келгенде,осындай
жайттардан үлгі алып,балаларға жастан
өз ана тілін құрметтеуді үйрету ,балалар
бойында ана тіліне деген махаббатын ояту
керек.
Балалар тілін дамыту әдістемесі
Жоспар:
1-7 жасар баланың тілін дамыту
2. Тілді үйрету әдісі
а) еліктеу әдісі;
б) сөйлесу әдісі;
в) қайталап айту әдісі;
г) құрастырып айту әдісі.
3. Тәрбиешінің сөйлеу мәдениетіне
қойылатын талаптар
1 жастағы балаларда ең
алдымен жүру дағдысы жетілдіріледі.
өз бетімен жүре алатын болған соң, бала
1 жылының алғашқы 3-4 айында сергек кездерін
қозғалыстарда өткізеді; қолдарына әлде
бір заттарды ұстаған күйінде көп жүреді.
өмірлерінің бірінші жылдары әр түрлі
заттармен жасап үйренген әрекеттер енді
үйлесімдірек бола түседі тілі де дами
бастайды. Олар көрсетілген қимылдарға
адам сөзіне бар нәрсеге оңай еліктей
бастайды.
Заттармен іс-әрекет өмірінің
1 жылында баланың айналысатын негізгі
әрекеттеріне айналады. Үлкендердің көрсетіп,
сөйлеп үйретуінің нәтижесінде оның бұл
әрекеттерді күрделене түседі. Осы әрекет
барысында ол заттардың қасиетімен сөздердің
мәнісімен таныса бастайды және ұғына
бастайды. Қоршаған ортаға аса ықылас
қоя қарап адамдарға назар аударып олардың
сөздеріне, бет әлпетінің өзгерісіне сөйлеген
кезде соның бәріне назар аударып еліктей
бастайды.
Баланың ақыл-ойы мен тілінің
жетілуі үшін зор мәні бар сенсорлық қасиеттері
тез даму үстінде болады. Іс-әрекет жасау
процесінде қоршаған орта әсерін қабылдау
қабілеті жетіледі. Бала заттардың белгілері
бойынша – түсіне, формасына, көлеміне
қарай оларды ажырата білетін болады:
салыстырп, ұқсастықтарын аңғарып түсіне
бастайды. Алдымен үлгі бойынша содан
кейін ересектердің сөзі бойынша ұғып
ол 2 -3 түрлі түсті шариктің ішінен қажетті
түсі бар шарикті немесе үлкендігі әртүрлі
2-3 қуыршақтың ішінен ең кішкенесін таңдап
ала алады.
1-жылдың басында бала
назары еріктен тыс болады, бір заттан
бір затқа ауа береді. Бірақ жасы өскен
сайын белгілі бір тәрбиелік арқылы оның
назарын тұрақтандырып, ойын жинақтауға
үйретуге болады.
Іс-әрекет процесінде балалардың
әр нәрсені әр сөзді жадына сақтау қабілеті
де дамиды. Олар заттарды танып қана қоймайды,
сонымен бірге дәл сол мезетте жоқ заттар
мен құбылыстарды әсіресе бұрын өздерін
қатты қызықтырған немесе қатты әсер еткен
нәрселерді еске алады. Бұл еске алуларға
алдымен әлде қандай көрнекті жағдайлар
себеп болады. Мысалы, үйге кірген дәрігерді
көріп, бала кеше анализ үшін қан алған
саусағын көрсетіп былдырлайды немесе
тұтқасы сынған чашканы көрсетіп; «Папа
ұрған немесе сындырған» деп былдырлайды.
Кейінірек олар сөздер арқылы
да осы нәрсені еске алатын болады. Мысалы,
балаға : «Әжеңе барамыз»-, десе ол әжесінің
үйінде ойнаған ойыншық аюды немесе тағы
басқа нәрселерді есіне алып қуанады.
Бала өзінің қуыршағын қайда қойылатындығын,
ыдысы қай жерде ұсталатынын, қалай аталатынын
есінде ұстайды.
әсіресе сөйлеу қабілетінің
дамуында елеулі өзгерістер болады. Бала
өмірінің екінші жылы оның тілінің қалыптасып,
тез даму кезеңі болып табылады, мұның
ой-өрісінің жетілуі үшін зор маңызы бар.
Баланың сөйлеу қабілетінің
2 жылында дамуы екі кезеңге бөліне өтеді:
біріншісі — 1 жастан 1 жас 5-6 айға дейін,
бұл кезеңде негізінен тілді түсіну қабілеті
дамиды, екіншісі – 1 жас 5-6 айдан 2 жасқа
дейін, бұл сөз қорының тез молайып, активті
тілді пайдалану кезеңі. Егер өзін қоршаған
үлкендер маңайдағы заттарды нұсқап, атын
атаса немесе бала қадағалап тұрған өз
қимылдарын, не болмаса баланың өзінің
әрекеттерін сөзбен бейнелесе, 1 жас 1 ай
– 1 жас 2 айдан бастап бала сөздің затпен
байланысын тез аңғаратын болады, былайша
айтқанда, заттар мен әрекеттердің қалай
аталатынын түсіне бастайды. Бала бүтін
бір сөйлемдердің мағынасын түсінеді.
Мысалы: «Қазір тамақтанған соң қыдыруға
шығамыз» дегенді естіп, 1 жасар бала пальтосын
нұсқайды.
Сөйлеу қабілетінің дамуы одан
да әрі жалғасады. Дұрыс тәрбиеленсе, балалар
бұл жасында көп былдырлайды. Олардың
былдырында әр түрлі дыбыстар мен сол
дыбыстардың тіркесі көбейе түседі. Бала
былдыры сезімге толы, бейнелі болады
және әр қимылмен қатар істеліп отырады.
Бала таныс дыбыстарға ғана емес, сонымен
бірге жаңадан естілген қарапайым дыбыс
тіркестеріне де оңай еліктейді. 1 жас
5-6 айға таяғанда ол шамамен 30-40 сөзді айта
алады. Бірақ тіпті таныс сөздерін ол әлі
сирек қолданады, негізінен өте ықыласқанда
айтады. Мысалы: кішкене қызды көріп «Юба»
дейді онысы «люба» дегені, қасындағы
ересек кісімен сол қызға кезек кезек
қарайды. Немесе бірнәрсе сұрағанда сол
заттың атын атайды. Үлкендерге бір нәрсе
айтқысы келгенде бала сөздердің орнына
бейнелі қимылдарды, ымды, дыбыстарды
жиі қолданады. Оның бір сөзі көбінесе
бүкіл бір сөйлемнің мағынасын білдіреді.
Мысалы: «Мә» дейді бұл сөзі «Мені көтер»
(мұндайда ол үлкен кісіге жанындаы ересек
адамға талпынады, қолын көтеріп созылады)
дегенді, кейде «орындыққа отырғыз» (мұндайда
қолымен орындықты қағады немесе орындыққа
көрсетеді) дегенді аңғартады.
Жаңадан үйренген сөздерін
бала негізінен жақын адамдардың жанында
және жақсы таныс жағдайда айтады; үйренбеген
жағдайларында ол, әдетте, үндемейді. Баланың
сөздері әлі дұрыс айтылмайды, бөгде адамдарға
оны түсіну қиын; ол сөздер не қысқартылып
айтылады (сөздің басы немесе соңы), немесе
өте бір ерекше дыбыстар тіркесі болып
келеді.
Дұрыс тәрбиеленген жағдайда
2 жылдың екінші жартысында бала тілінің
дамуында секіріс болады: 1 жас 5-6 айдан
асқан соң сөздік қоры тез молая бастайды,
сөйтіп, 2 жасқа толғанда бөбек 300 ге жуық
сөзді қолданатын болады.
2 жылдың бірінші жартысының
аяғында баланың сөздік қорына заттар
мен әрекеттердің ғана емес, сонымен қатар,
олардың сапаларының атаулары да кіреді,
бала тілінде грамматикалық формалар
пайда болады. Ол екі сөзден тұратын сөйлемдер
арқылы: «Тәте ки» (киіндір), одан соң өсе
келе 3-4 сөзден тұратын сөйлемдермен: «Таня
нәм-нәм» (Таня тамақ ішеді) тілдесе бастайды.
2 жасқа таяғанда тіл балалардың үлкедермен
сөйлескенде тілді өздерінің тілектерін
білдіретін, әсерлерін жеткізетін құрал
ретінде пайдаланады. Ересек адамның сөзі
тәрбие құралына айналады. Оның өз сөзі
баланың тәрбиесін өзгертіп, әрекетіне
бағыт бере алады.
Тілдің жетілуімен бірге балалардың
ойлау, қоршаған ортаны бағдрлау қабілеті
дамиды. әсер дүниесінің байп, жеке заттар
жайындағы нақты ұғымдарының молаюына
және тілдік қабілетінің дамуына қарай
өмірінің бірінші жылының соңында ақ бала
алғашқы қорытандыларын жасайды. Алдымен
олар заттар мен құбылыстардың сыртқы
белгілеріне негізделеді. Мысалы: «алма»
деген сөзді үйренген соң балалар допты
да, шарды да осылай атайтын жағдай жиі
кездеседі. өздерінің іс-әрекеттері барысында
және үлкендердің ұғымдарының ықпалымен
қорытындылау қабілеті біртіндеп жетіле
түседі: заттар енді сыртқы емес, мәндік
белгілері бойынша біріктіріледі. Көптеген
іс-әрекеттерінің атаулары да жалпыландырылады.
Кеңейіп келе жатқан тәжірибе
негізінде балалар құбылыстарды салыстырып,
айырып, олардың арасындағы байланыстарды
аңғара бастайды. 1 жас 11 айда бала «Күн
жылынған соң қыдырамыз» деген ойды айта
алады. Одан өсе келе бала: «Оямал жоқ»,
ал тағы кішкене тілі дами келе «Тәте жазады,
Зина қаяп тұяды» деген сөз байланыстарын
айта алады. 2 жылы балалар ойынының сипаты
едеуір өзгереді. Бұл жылдың алғашқы айларында
бала лар ойын үстінде көбінесе бұрын
үйренген әрекеттерін қайталамайды. Олар
қуыршақтарын «тамақтандырады», «тербетеді»,
олармен «билейді», анасынан және де басқа
ересектердің өзінің қарым қатынасын
қуыршақтармен қайталайды. Оларға «ән
айтып береді», «ұйықтатады», «еркелетеді»
және т.б. біртіндеп олар бұл істерін басқа
да заттарға да жасай бастайды. Қуыршақтарды
ғана емес ойыншық иттерімен тағы да басқа
ойыншықтарына соны жасайды. Осы жасында
балалар жаңа әрекеттер көмегімен өз айналасында
көргендерін бейнелей алады. Балалар газет
оқып, шашын тарап, сәнденуді т.с.с шығарады.
Алдымен мұндай әрекеттер түрі өте аз
болады, алайда балалар бірте-бірте маңайындағылардың
сирек жасайтын сан алуан әрекеттерін
өз ойындарында алдымен жеке жеке бейнелей
бастайды., одан соң өзара байланысты бірнеше
іс-әрекеттен тұратын мазмұн да пайда
болады – сюжетті ойын дамиды.
3 жас бойына балалардың
мінез-құлқының күрделенуі ең алдымен
баланың ақыл-ойын одан әрі дамытуға жәрдемдесетін
тілді дамытумен байланысты. 3 жасқа қарағанда:
1) айналадағылардың сөзін
одан әрі түсінуді – келер шақты, өткен
шақты түсіне білуді, сөздің мағынасын
көріп тұрған жағдайда ғана емес, сондай-ақ
одан да тыс түсіне білуді қамтамасыз
ету;
2) балалардың актив сөзін
жетілдіру – сөздікті байыту, барлық сөз
таптарын пайдалана отырып, сөйлем құрып
сөйлеуді үйрету, сөздің грамматикалық
құрылысын жетілдіру, оның дұрыс айтылуын
және эмоциялық әсерлілігін жақсарту;
3) сөзді пайдалануды кеңейту
— өз әсерлерін сөзбен бере
білу, оларға сұрақтар қойып, жауап
бере білу, үлкендермен балалармен
белсенді тілдік қарым-қатынас жасау
себептерін ұлғайту;
4) айналадағыға қарап бағдарлауды
ұлғайту;
5) қарым-қатынасқа қабілеттілікті
дамыту, балаларда табиғат құбылыстары
туралы, хайуанаттар өмірі, қоғамдық өмірдің
балалар түсінігіне жеңіл құбылыстар
туралы ересектердің еңбек, уақыт, сан,
кеңістік қатынастарды, заттардың атқарар
қызметі және т.б. туралы аса қарапайым
түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыру;
6) сөзді қабылдауды және
құлақ қойып тыңдауды – үлкендердің
айтқанын жақсы тыңдай білуді, шағын
әңгіме, өлең тыңдауды жақсарту;
7) мәдени тілдің дағдыларына
– ақырын, асықпай, оның үстіне қолдарды
ербеңдетпей және т.б. сөйлеуге тәрбиелеу.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру
үшін ең алдымен өмірдің табиғи жағдайлары
және ойын, серуен, тамақтану, ұйықтауға
жатқызу кезіндегі балалармен өзара қарым-қатынастар
пайдаланылады. Балалардың сезімдік тәжірибелерін
қабылдауға жеңіл әсерлермен және оларды
дербес іс-әрекетте дұрыс ұйымдастыра
білумен байытып отыру қажет. Балалармен
қандай да бір құбылысты немесе үлкендердің
іс-әрекетін серуендеу кезінде, үйде бақылай
отырып, картинаны қарап, оларға әлденені
көрсете, олардың ойындары жөнінде сөйлесе
отырып, жекелеген заттар мен іс-әрекеттерді
атап қана қоймай, сонымен бірге оларды
түсіндіру, жекелеген фактілер арасындағы
байланысты анықтап, заттардың қасиеті
мен атқаратын қызметтерін белгілеу қажет.
Тікелей қабылданған нәрсені баланың
бұрынғы тәжірибесімен байланыстыру қажет.
Қандай да бір әрекетке кіріспестен бұрын
балалардың не істейтінін , қайда баратындарын
және т.б. айтқан жөн. Балалармен сан алуан
сылтаулармен үлкендерге қарым-қатынас
жасау қажеттілігін қалыптастырады, мұның
өзі бұл қарым-қатынастың сипатын сан
алуан етіп қана қоймайды, сонымен бірге
оның дамуына жәрдемдеседі.
Бала әрбір сөйлеген кезде қолдап
отыру қажет, оған қысқа жауап бере салмай,
мүмкіндігінше әңгімеге айналдыру, жай:
«Жарайсың, жақсы салыпсың» деп айта салмай,
онымен әңгімелесу өте маңызды. Балаларға
біртіндеп күрделелініп отыратын сөздік
тапсырмалар алдымен үлгі бойынша, беріп
отыру керек, мысалы: «Гулшат Стамғазиевадан
(тәрбиешінің аты) кітапша сұра, былай
деп айт: «Гулшат Стамғазиева маған кітапша
беріңізші». Ал содан кейін үлгісіз-ақ
тапсырмалар беруге болады: «Аруна Мамыраеваға
(күтушінің аты) айт, ол бізге саз балшық
әкелсін, біз мүсін жасаймыз»».
Негізінен 3 жаста да балалармен
олардың сезімдік жағынан нені қабылдайтыны,
яғни олардың нені көретіні, натурада,
картинкада немесе ойыншықтар арқылы
не көрсетуге болатыны туралы айту керек.
Сонымен бірге балаларға бұрын ешуақытта
да мұндай үйлесімде қабылданбаған, бірақ
жекелеген элементтері балаларға олардың
бұрынғы тәжірибесі бойынша таныс оқиғалар
туралы, мысалы, мысық Мурканың шарбақтан
секірген кезде құлап аяғын қалай ауыртып
алғанын, оны бақшадағы балалардың қалай
күткенін, немесе әжейдің дүкеннен келе
жатып, жолда алмаларын қалай шашып алғанын
және балалардың оған алмаларды жинауға
және үйге дейін жеткізіп беруге қалай
көмектескенін және т.б. туралы әңгімелеп
беруге болады, тіпті әңгімелеп беру қажет
те.
Ана тілді үйретудің заңдылығы,
жоғарыда айтылып өткендей бір қатар қабылеттердің
дамуы процесінде ішкі сезім арқылы (саналы
емес) жүзеге асырылады: 1) өзіні сөйлеу
органы бұлшық еттерін адамның жұмыс істете
білу қабылеты – сөздің дыбысын артикулдеу,
интонация элементтерін, просодемаларды
моделдеу және оларды есту; 2) дыбыс комплекістері
мен интонацияны тілден тыс шындықпен
салыстыру қабылеті, яғни оларды сөйлеу
элементінің мағынасы ретінде түсіну;
3( сөздің мағыналы элементін өз сезімімен
салыстыра білу қабылеті, яғни оларды
бағалау; 4) араласу, тану, сөзді және адамның
мінез-құлқын тәртіптеу процесінде сөздің
мағыналық үйлесімділік дәстүрін және
бағалау элементін есте сақтау қабылеті.
Егер тәрбиеші баланың табиғи
сөйлеуі неғұрлым қарқынды болатын жағдай
жасаса, онда баланың тілі неғұрлым тезірек
байиды және оның психикасы жан-жақты
дамиды. Лингвистикалық-дидактикалық
принциптерге құрылған тіл үйретудің
түрлі әдістерін қолдану тілді дамытуды
жеделдетудің негізгі шарттары болып
табылады.
Оқыту әдісі деп білімді бір
адамнан екінші адамға беру мақсатымен
орындалатын үйренуші мен үйретушінің
іс-әрекеттерін айтады.
Мектепке дейінгі кездегі тілдің
дамуына мынадай практикалық әдістер
тән: еліктеу әдісі, сөйлесу (әңгімелесу)
әдісі, қайталап айту әдісі, әңгімелеп
беру (құрастыру) әдісі.
Еліктеу әдісі
Еліктеу әдісінде үйретуші
мен үйренуші екеуіде бірсөзді, бірақ
әртүрлі етіп айтады: үйретуші ересек
адамдармен сөйлескендегіден көрі бір
шама қарқындырақ, сөзінің дыбысын артикулдеп
және сөзінің дауыс ырғағын мәнерлеп сөйлейді,
ал үйренуші тыңдайды да, қайталайды, оның
сөзіне еліктейді, сөйлеу қимылын үйренуге
(дауыстың артикулиациясымен модулиасиясы)
және мағынасын түсінуге тырысады (затты,
қимылды және т.б. көрсететін дыбыс комплекстерінің
мәліметін салыстырады). Мұндайда тәрбиеші
үшін орфоэпиялық норма деңгейінен төмен
түспеу және баланың сөзіне еліктемеу
(«сақауланбау», «шолжаңдамау») аса маңызды.