Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелігіне байланысты ана тілінің ережелері мен базалық нормаларын игерту жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2014 в 10:07, доклад

Краткое описание

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Қазіргі педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.

Вложенные файлы: 1 файл

Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелігіне байланысты ана тілінің ережелері мен базалық нормаларын игерту жолдары.docx

— 74.96 Кб (Скачать файл)

Төрт  жастағы баламен жұмыс істегенде бұл міндетті шешуді суретке сүйену тәсілін қолданып (сөйлесу әдісі) жеңілдету қажет. Адам мамандығын толық бейнелейтін суреттердің жиынтығы керек: пеш жанында тұрған аспаз, күрек ұстаған бақшашы және т.с.с.

Алты – жеті жастағы  балалармен жұмыс істегенде, біріншіден, күрделі синтаксистік форма берілу (сөйлемде оңашаланған мүшелерді пайдалану немесе күрделі сөйлем құрау), екіншіден, лексиканың ауқымы кеңейтілу арқылы сөйлесу әдісі күрделілендіріледі.

Мәселен, тәрбиеші: «Күнге бақылау жүргізген космонавтар аман-есен Байқоңырға қонды» деген үлгіні бере отырып, ойынды бастайды. Балалар бұл сөйлемде ауыстыруға болатын сөздерді: мұхитқа, солтүстік шұғылаға, жұлдызға, тайгаға бақылау жүргізген… деген сөздермен алмастырады («бақылау» объектілерін балаларға тәрбиешінің айтуы мүмкін, ал сөйлемді дұрыс құруға олар өздері күш-жігерлерін салулары керек).

Тәрбиеші ұсынған басқа бір үлгі: «Суретке түсіретін аңшылар аңды байқасымен орман ішінде оның ізімен қолдарына фотокамераларын алып ұзақ жүреді». Балалар сөйлесуде синтаксистік құрылым бойынша аң деген сөзді нақты атаумен алмастырады: «аюдың (бұланның, буғының, жолбарыстың және т. б.) соңынан жүргенде».

Байланыстыра сөйлеуге жаттығу үшін тәрбиеші тақырыпты белгілеп, осы тақырыпты дамытатын бірнеше сұрақ қойып (жоспардың пункттері), балалардың тілін дамытуды ұйымдастыра алады.

Мысалы:

— Самал, (6 жаста) бүгін сені таңертеңгісін Байкал балалар бақшасына шығарып салды ма? Ол көшедегілерге үрді ме? Ол көше бойымен қалай жүреді? Оны бүгін серуендеуге кім алып шықты? (Тәрбиеші, әрине, Самалға бұл сүрақтарды қою үшін, оның семьясындағы жайларды білуі керек.)

Төрт-бес жастағы балаға сұрақтың бәрін бірдей қоймай, бір-бірлеп қойып, оны екеу ара әңгімеге шақыру керек.

Сонымен, сөйлесу әдісі — бұл үйретуші үйренушіні өзінің сөздік қорын орынды пайдалануға және сол арқылы тілін жетілдіре түсуге үйрететін әдіс. Сөйлесу әдісі еліктеу әдісінің тәсілдерімен (нақты объектілерді бақылау тәсілімен, суретке, сөз үлгісіне сүйену тәсілімен, әр түрлі ойын түрлерінің тәсілімен), сондай-ақ әр түрлі сұрақ тапсырма тәсілін қолдану арқылы орындалады.

Сөйлесу әдісін — теориялық материалды берудің бір тәсілі болып табылатын әңгімелесудің мектептік әдісімен шатыстыруға болмайды, сөйлесу әдісі ережесіне қарай практикалық әдіс екендігін аңғарамыз.

Қайталап айту әдісі

Мектепке дейінгі бес-жеті жастағы балаларды, жоғарыда айтылған тілге үйрету әдістерінен басқа, қайталап айту әдісімен де үйретеді, ол балалардың сөзін тілдің барлық компоненттерімен (лексикамен, грамматикалық формалармен, интонациямен) байытатын, олардың байланыстырушы сөздерін жаттықтыратын қайталап айту әдісімен сөйлеуге үйретеді.

Қайталап айту әдісінде тәрбиеші балаларға көркем әдеби шығарманы оқып береді (айтып береді) немесе серуендегенде, экскурсияда болғанда өздері көрген нәрселерді олардың есіне салады, немесе «өз өмірінде болған оқиғаларды» айтып береді (баяндайды), немесе балалар көрмеген әлде бір затты, хайуанатты сөзбен суреттеп айтады, содан соң оларды: 1) тәрбиешінің әңгіме айтуы барысында сұрақ қоюға, 2) оның әңгімесін (өз жолдастарының біріне немесе үйдегі ересек адамдар үшін) қайталап айтып беруге ынталандырып отырады.

Қайталап айту әдісі еліктеу әдісіне ұқсас. Бұл әдістердің арасындағы айырмашылық мынада: тәрбиеші оқып болысымен-ақ текстің кейбір жерін бала қайталайды (еліктейді); жуықта естіген текстің мазмұнын бала мүмкіндігінше айтып береді; баланың тексті .қабылдауы мен оның мазмүнын қайталап айтуы арасында біршама уақыт өтуі қажет.

Балаларды көркем әдебиетпен таныстыруға байланысты методикада қайталап айтудың көптеген тәсілдері бар, мысалы: сүйікті кейіпкерлерін ойнау, ертегілерді, әңгімелерді және т. б. сахнада көрсету.

Құрастыру (әңгімелеп беру) әдісі

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілінде құрастыру (әңгімелеп беру) әдісіне кең дербестік беріледі. Оньң мәні мынада: балалардың ертегілерді өз бетінше «құрастыруын», олардың өз өмірлерінде кездескен нақты жағдайларды әңгімелеп беруін, көркем әдебиеттегі тақырыптарды араластырып айтуын, картинкаларды, нақты объектілерді — заттарды, хайуанаттарды, өсімдіктерді — суреттеуін тәрбиеші көтермелеп отырады.

Тәрбиеші тілі — балалардың   сөйлеу тілін дамытудың негізгі көзі. Жас шамасына қарай әр топтағы балалар өз тәрбиешілерімен шаруашылық-тұрмыстық және еңбек іс-әрекетінде қатынас жасайды. Тәрбиеші балалардың ойындарын ұйымдастырады, пгрограммада көрсетілген барлық сабақтарда балалармен сөйлеседі, кітап оқу кезінде балаларды көркем шығармалардың авторларының сөздерімен таныстырады. Демек, балалар тәрбиеленетін мекемелерде тілді дамыту потенциалының мүмкіндігі түгелімен тәрбиешінің сөзінің сапасына байланысты.

Балалар бақшасының тәрбиешісі үшін үлгілі сөйлеу тілін меңгеру — бұл кәсіби даярлығының көрсеткіші. Сондықтан өзінің сөйлеу тілін жетілдіру — болашақ әрбір педагогтың адамгершілік және қоғамдық парызы. Ол кейін балаларға берілетін тілдік дағдыларды жетік меңгеруге тиіс.

Сөйлеу мәдениеті деп оның дұрыстығын, яғни әдеби тіл үшін қалыптасқан дәстүр бойынша орфоэпия, грамматика, лексика, стилистика, дұрыс жазу ережелері нормасына сәйкес келуін айтады.

Сөйлеу мәдениетінің жоқтығы, мәселен: адамның сөздегі дыбыстарды дұрыс айтпауынан, яғни сөздер, қалай жазылса, солай айтуынан;

сөз ;үйлесімін дұрыс құрмауынан;

сөздерді дұрыс мағынасында қолданбауынан;

сөзді, грамматикалық формаларды, интонацияны орнымен қолданбауынан көрінеді: ресми тілде қарапайым сөзді, сырласу кезінде әдеби сөзді кірістіреді, балалармен сөйлескенде айқайлап немесе ашуланып, шыңғырып сөйлесуі, кемсітетін немесе дөрекі ырғақты қолдануы мүмкін, жиналыста шығып сөйлегенде баяу, жылдам, түсініксіз сөйлеуі мүмкін және т. б.

Сөйлеу мәдениетіне ие болу—бұл тілдің барлық элементінің (сөздің, түбірдің, қосымшаның, жұрнақтың, жалғаудың, сөйлемнің әр түрлі типтерінің, ырғақтың) мағынасын түсіну ғана емес, сонымен бірге әдеби тілде оны, қалай қолданатыны не  есте  сақтау деген сөз.

Мектеп жасына дейінгі балалар үшін тіл стилі жөніндегі түсінік ең алдымен айтушының белгілі бір мінез-кұлқын талап ететін тілдік этика жөніндегі түсінікпен салыстырылады (жеке адамның сыпайылығы, кісі сыйлағыштығы, қарапайымдылығы, адамгершілігі, мейірімділігі, өзіндік беделі сияқты қасиеттері оның сөйлеу тілінен де байқалады); сонымен қатар баланың стилистикалық түсінігін жетілдіру оыың эстетикалық тәрбиесінің негізгі туралы болып табылады. Демек, сөйлеу стиліне үйрету белгілі бір тәрбиелік міндеттерді қамтиды.

Тәрбиеші стильді интуиция арқылы сезініп қана қоймай, сонымен бірге оның көмегімен белгілі стиль қалыптасатын тіл құралын саналы түрде талдай білген, яғни ол лингвистика саласынан да қажетті білімді меңгеруге тиіс. Бүл балаларды стильді түсінуге тәрбиелеуде қажетті дидактикалық материалдарды оның іріктеп алуына да септігін тигізеді. Сөйлеудің әр түрлі стилистикалық бөлінуі тілдің сиконимиясымен қамтамасыз етіледі, лексикалық (баспана — үй — пәтер — тұратын жер — тұрақ — бұрыш — ұя — бас сұғатын жер — ұқгірін), грамматикалық (даламен жүру — егістікпен ору — егістік арқылы жүру; келуші — келе жатқан; сүлу — асқан сүлу); фонологиялық, яғни әңгімелесіп отырған кісіге қатынасын білдіріп түрлі интонациямен айтуға сыйластық көңілді білдіруге, немесе, керісінше, кемсітіп, көңілін қалдыруға (мәселен, «Отырыңыз!») болады. (Интонацияның осы қасиетін білдіретін ежелгі орыс мақалын еске алайықшы: «Сол сөзді басқа ырғақпен айтса ғой!»).

Тәрбиеші өзіндік сөйлеу мәдениетін жетілдіру жолында жұмыс істей отырып, ең алдымен оның компоненттері — лексикасы, грамматикасы, фонетикасы синонимдік жағынан бай болуына назар аударуы керек. Ол — тілде мұндай лексикалық қосымшалардың не үшін көп болатындығын, олардың қандай мағыналық және эмоциялық белгілермен ерекшеленетіндігін, өз сөзінде қай кезде қолдану орынды екендігін анықтап алуға тиіс. Ол өз бойында сөздікті үнемі пайдалану қажеттілігін дамыту керек. Сөйлеу мәдөниетін көтеруге талпынған тәрбиеші морфологияныда аффикосинонимдердің мәнерлі болуын есте ұстағаны жөн, сондай-ақ өзінің сөзінде синонимфлекстердің, синоним жалғаулардың, синоним союздердін, жай және күрделі сөйлемдер кұрылысына синонимдерінің барлық байлығын қолдануы керек.

Ана тілінің синонимдерін білу болашақ педагогтарға өзінің тілін жақсартуға ғана көмектеспейді, сонымен бірге балаларды тілге үйретудің жеңіл және өте тиімді тәсілін бойына сіңіреді: егер бала әлдебір грамматикалық форманы түсінбесе, онда оған тиісті синонимді айта қойса (әрине, орта және ересек топтарда) бәрі түсінікті болады. Мысалы, А. Прокофьевтің «Көшедегі көлшік» деген өлеңінде: «желкенмен жабдықталған флот суға түсті» деген сөз бар, мұндағы грамматикалық форма баланың түсінуіне өте қиын. Оның орнына тәрбиеші етістіктің септелетін бұрыннан таныс түрін ұсынады: желкенмен, жабдықталған—демек, «балалар желкенмен жабдықтаған (жасаған) флот». Ал «Сырнайшы» деген өледдегі «от шашқан галстукті» деген жолдарды «жалынға ұқсас галстугі бар» деп түсіндіруге болады. Тәрбиеші сөз дыбыстары артикуляциясының және олардың үйлесуінің дұрыстығына жаттыққан болуы керек, сондай-ақ адамға тән түрлі сезімдерді: қуанышты, қайғыны, қорқынышты, салтанатты, ренішті, мақұлдауды, ашу-ызаны, жылылықты және т. .б. білдіру үшін барлық просодемаларды: дауыстың күшін, дауыстың көтеріңкілігін, сөйлеу қарқынын, дауыстың үнділігін модулдеуге жаттығуы керек. Бұл байланыстыра сөйлеу стилін: ол мейлі кітаби стиль болсын, ол мейлі ауызекі сөз стилі болсын жеңіл үйреніп алуға мүмкіндік береді.

Болашақ педагогтың сөйлеу мәдениетін жетілдірудің маңыздылығы мынада: балалар тікелей араласу барысында сөздің дыбыстық мәдениетін тура жолмен қабылдайды, өйткені балалар сөзді дұрыс айтуға ересек адамдардың, ең алдымен тәрбиешінің, сөзіне еліктеу арқылы үйренеді.

Тәрбиеші ана тілінің жоғары сөйлеу мәдениетін игеруге тиіс, яғни көркем әдебиетті мәнерлеп оқу және әңгімелеп беру дағдысы болуы керек.

Қолданылған әдебиеттер:

1) Мектеп жасына дейінгі  балалардың тілін дамыту методикасы, Алматы – 1981 жыл

2) Журнал «Балабақша», №2-6, 2009 жыл

3) Балабақшадағы балалардың  тілін дамыту әдістемесі, Алматы  – 1985 жыл

 


Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелігіне байланысты ана тілінің ережелері мен базалық нормаларын игерту жолдары