Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2014 в 11:29, контрольная работа
Қазіргі Қазақстандағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай баланың интеллектуалды, жеке және табиғи дамуын қамтамасыз ету жүйесін тұрақты дамытуға мүмкіндік беруде. Оның маңызды жақтарының бірі - мектепалды даярлық балаларының білім беру іс-әрекетіне қолайлы енуіне, оқу қызметін меңгеруіне, белсенділігі мен сенімділігін қалыптастыруға және шығармашылығын танытуына бағыттау.
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОҚУ ІС ӘРЕКЕТІНДЕ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі Қазақстандағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай баланың интеллектуалды, жеке және табиғи дамуын қамтамасыз ету жүйесін тұрақты дамытуға мүмкіндік беруде. Оның маңызды жақтарының бірі - мектепалды даярлық балаларының білім беру іс-әрекетіне қолайлы енуіне, оқу қызметін меңгеруіне, белсенділігі мен сенімділігін қалыптастыруға және шығармашылығын танытуына бағыттау.
Елімізде білім беруді дамыту тұжырымдамасында айқындалған негізгі мақсат-мектепке дейінгі білім беруді жетілдіру жолымен балалардың білім алуына бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Осыған орай, мектепалды даярлық балаларының бойында оқу қызметін меңгерту, белсенділігін қалыптастыру, дамытушы ортада баланы ынталандыру басты бағыт болып саналады.
Белсенділікті педагогикалық, психологиялық құбылыс ретінде анықтау, бұл мектепалды даярлықтағы балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, мектепалды даярлықтың педагогикалық үрдісінде оны қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Педагогикалық-психологиялық зерттеулер мектепалды даярлық балаларының белсенділігін қалыптастырудың тиімді құралы дамытушы орта екендігін дәлелдеп отыр.
Мектепке дейінгі балалардың сензитивті кезең ретінде танымдық және шығармашылық белсенділіктерін қалыптастырудың тұлғалық негізділігін психологтар Л.С.Рубинштейн, Л.И.Божович, Л.А.Венгер, Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин, А.В.Запорожец, Д.Б.Эльконин, Т.Тәжібаев, М.Мұқанов, Қ.Жарықбаев, Алдамұратов, Х.Шерьязданова және т.б., мектепке дейінгі балалардың анатомиялық-физиологиялық, танымдық және эмоциялық-еріктік сипаттамаларында белсенділікті А.М.Леушина, А.А.Люблинская, Н.Н.Поддьяков, А.П.Усова т.б мектепке дейінгі тәрбие мәселелері жөнінде ғылыми-теориялық және әдістемелік зерттеулер Б.Б.Баймұратова, А.Меңжанова, М.С.Сәтімбекова, М.Т.Тұрыскелдина, Ә.Әмірова, А.Е.Манкеш, Қ.Меңдаяқова, Ф.Н.Жұмабекова, Ж.С.Хасанова, Ж.Рысбекова, А.Т.Искакова, А.Х.Казетова т.б., мектепке дейінгі білім беру теориясы және әдістемесі Ұ.Т.Төленова, Н.С.Сайлауова, Г.З.Таубаева , К.М.Метербаева, Шолпан Сапарбайқызы т.б., еңбектерінде зерттелінген.
Мектепке дейінгі
балалардың танымдық
Зерттеу тақырыбымызды «Мектеп жасына дейінг балалардың оқу іс әрекетінде танымдық белсенділігін қалыптастыру» деп таңдап алуымызға себеп болды.
Зерттеу мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың оқу әрекетнде танымдық белсендігін қалыптастырудың теориялық негізін және әдістемесін анықтау
Зерттеу міндеттері:
Салалық түсіндірме сөздігінде белсенділік – 1) психологиялық, философиялық қағида деп көрсетілген. Салдардың өзі әсер еткен заттың белсенді қатынасының нәтижесі. Қажырлылықты, ынталылықты, жігерлілікті, тынымсыздықты білдіреді. 2) күнделікті іс-әрекетте (ойын, сабақ, еңбек) кезедесетін міндеттерді шығармашылықпен орындай білу қабілеті. Тек белсенді адамдар ғана мақсатқа жету барысында батылдық көрсетіп, қиындықты жеңіп шыға алады.
Философиялық сөздікте белсенділік мәні әлемдегі барлық объектілердің және процестердің қажетті жақтарын көрсететін категория ретінде сипатталған. Мән - терең байланыстардың бірігуі немесе қарым-қатынас және ішкі заттардың бірігуі, материалдық жүйенің негізгі ерекшеліктері мен тенденциясын анықтаушы болып табылады.
Белсенділік ұғымын жан-жақты зерттеуде маңызды жұмыстар жасалған, алайда, белсенділікті оқу іс-әрекетіне қатысты қарастырған кезде оған түрліше пікірлер қалыптасқан. Белсенділік түсінігін көп салаларда қолдану әртүрлі талдауға алып келеді. Философиялық және психологиялық көздерде белсенділік категориясы жеке тұлғаның сапасы ретінде қарастырылады. Философиялық әдебиеттерде белсенділік субъектісі, жеке тұлғаның әлеуметтік сапасы, яғни оның қызметіндегі барлық аймақтарда бірдей жағдайда мақсатқа бағыттаушылықты бастамашылдық пен өзбеттілікті қамтамасыз ететіндігімен анықталады.
Педагогикалық энциклопедияда белсенділік түсінігі қоғам өмірінде адамның іскерлік қарым-қатынасынан көрінетін; яғни қоғамның принциптері мен идеалдары анықталған әлеуметтік топтың ролін орындайды.
Психологиялық
сөздікте белсенділік «
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау барысында көрсетілгендей, «белсенділік» ұғымы әр түрлі салада талдауды талап ететін көп жақты құбылыс екендігі белгіленді.
Белсенділіктің биологиялық негізі: белсенді бастау адамның бойында күш-қуат жиналуының нәтижесі; ол өзін-өзі ретке келтірумен негізделеді. Биологиялық белсенділік адамның ортаға бейімделуін қамтамасыз ететін, оған тән тұқымқуалаушылық қасиеті. Осы өзара қарым-қатынас кезінде ағза мен оның тіршілік ету шарттарының аралығында туатын қарама-қайшылықты жоюға бағытталған физиологиялық механизмдер ғана пайда болмай, сонымен қатар осы әсерді жоюға мүмкіндік беретін физиологиялық механизмдер де туып отырады (П.К.Анохин). Белсенділік бейне белгісін тұрақтандырушы сапа болып табылады, бұл тірі материяның іштей жинақталған іс-әрекеттің бір түрі болып табылады. Белсенділіктің негізгі көзі сыртқы орта мен ағзада тұратын және өтетін ішкі процестер болып табылады. Адам өзіндік табиғи сапаларының күшімен, әрі әлеуметтік мәнділік күшімен де белсенді келеді.
Психологиялық тұрғыдан белсенділік С.Л.Рубинштейн көзқарасында жалпы психика жөніндегі детерминисттік түсінік берудің бір бөлігі ретінде қарастырылады. Мұнда белсенділік ішкі шарттар арқылы болатын сыртқы себептердің іс-әрекетінде көрініп, сыртқы шарттардың нәтижесі осы ішкі сапаларға тәуелді келеді. Ішкі мен сыртқының қарым-қатынасы өзбеттіліктің және сыртқы әсерге жауап беру белсенділігінің өсуінде көрінетін күрделі шарттардың артуына сай өзгеріп отырады. Адам тұлғалық мәні көрінгенде және белсенді іс-әрекеттің қарым-қатынас иесі болған жағдайда ғана белсенділік адамның жаңа қарым-қатынасына айналады .
Мектепке дейінгі оқыту әдістемелеріне үлес қосқан ғалымдар Е.Н.Водьвозова, П.Ф.Лесгафт, Е.И.Пехеева, Е.А.Флерина олар қоршаған өмірмен таныстыруда мектепке дейінгі оқытумен тығыз байланыстырды.
1950 ж. теорияның негізгі
байланысты экспериментальді
Мектепке дейінгі ұйымдардағы жүйелі оқыту практика жұмысына кіріспе (1953) жеке әдіскерлердің зерттеулерінде толғандырды.
1960 ж. музыкалық тәрбие
жөнінен әдіскерлер құралды (Метлов,
Ветлугино), ана тілін оқытуда (Соловьева)
негізгі қимыл-қозғалысын
Педагогикалық психологиялық зерттеулерде жасына байланысты білімді меңгеру мүмкіншілігі мектепке дейінгі дидактиканың қорын байытты (А.В.Запорожец, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов).
Қазақстандық психологтар М.Мұқанов [12], Т.Тәжібаев [11], Ә.Алдамұратов [14], Қ.Жарықбаев [13], Х.Т.Шерьязданова [15], М.П.Оспанбаева [101], З.Қ.Орманова [102] т.б. ғалымдар еңбектеріне талдау жасай отырып, мектепалды даярлықта балалардың ақыл-ой белсенділіктері, баланың оқуға құштарлығы, әртүрлі нәрселерді тез түсінуі, кез-келген нәрсені әп-сәтте қабылдап алатыны, олардың мінезі мен ерік- жігерлерін қалыптастыруда педагогтардың үнемі бақылау, мадақтау мен ынталандыру әдістерін оңтайлы қолданып отыруын, төзімділік, табандылық, шешімділік, т.б. қасиеттердің ойын іс-әрекеті үстінде белсенді дамитыны, әрі жетіле түсетіндігі ғылыми- теориялық және әдістемелік тұрғыда дәлелденгендігіне көз жеткіздік.
Педагогикалық тұрғыдан алғанда белсенділіктің ақыл-ой белсенділігі, интеллектуалды белсенділік және танымдық белсенділік түрлеріне бөліп қарастыруға болады.
Ақыл-ой белсенділігі қарапайым іс-әрекеттен бастап шығармашылықтың күрделі түріне дейінгі барлық деңгейдегі нағыз әмбебап келген іс-әрекет шарты болып табылады. Ол түрлі жағдайларда ынталандыру жаңалығынан туған зейін белсенділігі және бағдарлы зерттеу іс-әрекетіне бағытталған зерттеу белсенділігі ретінде, интеллектуалды ынталылық түрінде (Д.Б.Богоявленская) көрінетін тұлғалық белсенділік ретінде көрінуі мүмкін.
Ал Н.С.Лейтестің пікірінше, ақыл-ой белсенділігі әрбір кез-келген дені сау балаға тән, бірақ ол әртүрлі деңгейде болады. Н.С.Лейтес өзінің бақылау нәтижелері бойынша «балалық шақтың әр кезеңі – белсенділік дамуының өзіндік сапалы сатысы» деген қорытындыға келді .
Интеллектуалдық белсенділік өзіндік шарттарға сай ой іс-әрекеті ретінде түсіндіріледі.Бұл терминнің кең өріс алуы, әрі жиі қолданылуы Д.Б.Богоявленскаяның жұмыстарымен байланысты. Оның пікірі бойынша, тұлғалық белсенділік интеллектуалды белсенділіктен (алдымен мотивациялық) көрінетін жүйенің біріккен қасиеті болып табылады .
Түрлі педагогикалық-психологиялық негіздерде субьектінің танымдық іс-әрекеті сипатымен байланысты анықталатын ақыл-ой белсенділігінің мынадай деңгейлері анықталды:
Танымдық белсенділік адамға өте маңызды және күрделі құрылым ретінде өзінің психологиялық анықтамаларында көптеген тұжырымдамаларға ие. Білімді белсендендіру мәселесіне байланысты әрбір еңбектерде таным белсенділігіне анықтама беріледі және оның құрамды белгілері бөлшектеніп, мазмұны мен көлемі анықталады. Таным белсенділігі мәселесі педагогикалық зерттеудің терең негізі екенін атап өту керек. Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді зерделеу барысында танымдық белсенділіктің төмендегідей анықтамалары бар екендігін анықтадық:
Бала есейген сайын оның өмірі мен дамуында арнайы іс-әрекет, яғни оқу іс-әрекеті маңызды орын алып, үлкен рөл атқарады. Оқу іс-әрекетінің сипаты қандай? Оқу іс-әрекеті – бұл адамзат жинақтаған ғылым мен мәдениетті меңгеруге тікелей бағытталған іс-әрекет. Бұл пәндер айлалы әрекет етуге болатын текшелер ретінде берілмеген. Олардың бәрі абстрактылы, теорияланған. Ғылым және мәдениет пәндері – бұлар ойша әрекет етуге үйренуді қажет ететін ерекше пәндер.