Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу іс әрекетінде танымдық белсенділігін қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2014 в 11:29, контрольная работа

Краткое описание

Қазіргі Қазақстандағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай баланың интеллектуалды, жеке және табиғи дамуын қамтамасыз ету жүйесін тұрақты дамытуға мүмкіндік беруде. Оның маңызды жақтарының бірі - мектепалды даярлық балаларының білім беру іс-әрекетіне қолайлы енуіне, оқу қызметін меңгеруіне, белсенділігі мен сенімділігін қалыптастыруға және шығармашылығын танытуына бағыттау.

Вложенные файлы: 1 файл

бегалиева лаура.docx

— 90.30 Кб (Скачать файл)

Оқу іс-әрекеті дайын формада берілмеген. Оқу іс-әрекеті қалыптасқан болу керек. Адамның еңбек ете білуге қажеттілігі сияқты бала оқи білуі қажет. Өйткені бала мектепке келген кезде, оқу іс-әрекеті онда әлі болмайды. Төтенше маңызды мәселе дербес оқи алу болып табылады.

Оқу іс-әрекеті дегеніміз не? Әрбір іс-әрекет оның пәні бойынша сипатталады. Оқу іс-әрекетінің пәні жеке ғылымдарға бөлінген білімдердің жалпыланған тәжірибесі болуы ықтимал. Алайда, бала жағынан қандай пәндер өзгеріске ұшырайды? Білімдерді меңгере отырып, бала оларда ештеңені өзі өзгертпейді. Оқу іс-әрекетінде ең алғаш осы әрекетті іске асырушы субъект баланың өзі өзгереді. Ең алғаш, субъектінің өзі - өзін-өзі өзгертуші ретінде көрінеді. Өйткені, оқу іс-әрекеті баланы өзіне қарай бұратын рефлексияны талап ететін, «кім едім», енді «кім болдым» деген бағалауды талап ететін іс-әрекет. Оқу іс-әрекетінде ең бастысы – адамның өзінің-өзіне бұрылуы: өзі үшін ол әрбір күні, әрбір сағатта өзгерген субъектке айналды ма?

Оқу іс-әрекетінің психологиялық жағы баланың түрлі мазмұндағы және түрлі қиындық деңгейіндегі білімдер мен бұл білімдерді пайдалану тәсілдерін меңгеруі болып табылады. Олардың білімдерді меңгеру процесі берілген фактілер мен құбылыстарды, заңдарды есте сақтауларына келіп тірелмейді. «Меңгеру – демек, өзгелердің тәжірибесінің нәтижесін, өз тәжірибесінің көрсеткіштерімен үйлестіру» (И.М.Сеченов, 1947).

Оқу іс-әрекетін іске асыру қандай формада жүзеге асады?

Оқу іс-әрекеті балаға  ол бастан берілмеген, оны құру қажет. Алғашқы кезеңде ол тәрбиеші мен баланың біріккен іс-әрекеті формасында іске асады.

Сәбилік жаста заттық іс-әрекетті меңгерумен ұқсас, алдымен барлығы тәрбиешінің қолында болып, тәрбиеші «баланың қолымен әрекет етеді» деуге болады. Оқу іс-әрекеті бұл да заттық іс-әрекет, бірақ оның пәні – теориялық, идеалдық, сондықтан біріккен іс-әрекет қиындау. Осыны іске асыру үшін объектілерді материалдандыру қажет, материалдандырусыз олармен әрекет етуге болмайды (В.В.Давыдов, Н.Г.Салмина). Оқу іс-әрекетін дамыту процесі – бұл мұғалімнен оқушыға оның жекелеген бөлімшелерін беру.

Іс-әрекет бастапқыда оған қатысушылардың арасында бөліне отырып, алдымен белсенділіктің қалыптасуы үшін негіз болады. Содан соң жаңа психикалық функциялардың өмір сүру формасына айналады. Л.С.Выготский бойынша, жоғары психикалық функциялар біріккен іс-әрекеттен, ұжымдық өзара қатынастан және өзара әрекет формасынан туады. Біріккен іс-әрекет қажетті кезең және даралық іс-әрекеттің ішкі механизмі.   Іс-әрекетті бөлудегі және әрекет тәсілінің бір-біріне алмасудағы өзара қатынас индивид белсенділігі дамуының психологиялық негізін құрып, оның қозғаушы күші болып табылады. Бірақ, бұл біріккен іс-әрекет «бала - мұғалім», «бала - бала» қатынасы бөлінген жерде қалай құрылады? Оқу іс-әрекетінің даму барысында балалардың серіктестігі мен өзара әрекеттестігінің қандай маңызы бар?

Тек қана өзімен тең балалардың пікірін бөлісудің арқасында – алдымен өзге балалардың, кейінірек, баланың есеюімен байланысты, ересектердің пікірін бөлісудің арқасында, шынайы логика мен адамгершіліктік эгоизмді (жеке басын күйіттейшілікті) алмастыра алады.

Оқу әрекеті тек білім алумен шектелмейді. Оған ептілік пен дағдылану да керек. Мектеп жасына дейінгі балаларда оқу жұмысының әр салаларына бейімделу балада бірден қалыптаспайды. Осыған біраз мерзім үйрену керек. Сонымен қатар, баланың оқуға белсенділігі әр сабақтарда әртүрлі.

  Оқу ойынға қарағанда  қиын болғандықтан, балалардың кейбіреулерінің  оқуға ықыласы болып жарымайды. Оларды үгіттеу арқылы оқуға  тарту қиын. Сондықтан оқуға деген  ықыласты тудыру үшін тапсырмаларды  орындата отырып, осыдан нәтиже  шыққанда мадақтау керек. Орындалған  тапсырма үшін қуану кейін  алдағы тапсырманы орындауға  түрткі болады. Әдетте ықыластың  тікелей және жанама түрі бар. Тікелей ықылас оқушының бәлендей  нәрсеге қызығуынан болады. Ал  жанама ықылас сол нәрсе қызық  болмаса да, жалпы сабақ үлгерімін  жақсартқысы келгендіктен болады. Ықыластың соңғы түрі кіші  оқушылардың өмірінде негізгі  рөл атқаруы тиіс.

 Бақылау әрекеті. Оқу іс-әрекетінің келесі компоненті – бақылау. Алғашқыда балалардың оқу қызметін мұғалім бақылайды. Біртіндеп, бұған кейде өздері стихиялы түрде үйреніп, кейде мұғалімнің жетекшілігімен өздері бақылай бастайды. Өзін-өзі бақылаусыз оқу әрекетін толық, терең түсіну мүмкін емес, сондықтан бақылауға үйрету – маңызды және күрделі педагогикалық міндет. Жұмыстың соңғы нәтижесін ғана бақылау жеткіліксіз. Баланы операцияның орындалуының толықтығы мен дұрыстығын бақылай білуге де үйрету керек. Баланы өзінің жұмысының барысын бақылауға үйрету  - демек, зейін сияқты психикалық функцияның қалыптасуына мүмкіндік жасау деген сөз.

Бағалау – оқу әрекеті құрылымының соңғы компоненті.  Бала өз жұмысын бақылап қана қоймай, оны дұрыс бағалай білуге үйренуі керек. Мұнда тапсырманың қаншалықты дұрыс және сапалы орындалғанын бағалап қана қоймай, өз әрекетін бағалау керек – міндетті шешу тәсілін меңгерді ме, қандай операцияларға жаттықпады. Бұл, әрине, бастауыш сынып оқушыларына қиынға соғады. Өйткені олар мектепке келгенде өзін-өзі бағалаулары жоғары болады.

Атап өтетін жайт, оқу әрекетін қалыптастыру, сауатты оқытуды құрастыруды – ұзақ процес. Мектепке дейінгі кезеңде оқу әрекетінің алғышарттары құралады, олардың жеке элементтері қалыптасады. Кіші топтағы балалардың сабақта өзіндік әрекеттерін мақсат қабілеттілігін қалыптастыру (2 жастан 3 жасқа дейінгі кезең) әр түрлі әрекет тәсілдерін оқытуға үйрету (3 жастан 4 жасқа дейінгі) бағытталғандығы табылады. Педагог балаларға түсіндіргенде тыңдауға  үйретеді, тапсырманы орындауға, бір-біріне кедергі келтірмей, сабақтың мазмұнына деген қызығушылығын сүйемелдеу, белсенділігін, талпынысын туғызуға  жағдай жасау, осыдан оқу әрекетінің ұзақ дамуы болады.

Ересек топтағы балаларда оқу әрекетінің мынандай элементтері қалыптасады:

  • Ендігі мақсат әрекетті анықтау іліктілігі және оның жетістіктердің тәсілдері, нәтижесіне жету;
  • өзін-өзі бақылау, алынған нәтижеден салыстырмалы мазмұнымен, үлгісінде байқалады;
  • Аралық нәтижені алу процесінде әрекет ізімен жүзеге асыру біліктілігі;
  • әрекетті жоспарлау біліктілігі, оның нәтижесіне бағыт көрсету.

А.П.Усованың зерттеуінде баланың оқу әрекетін дамытуға тәрбиешінің тыңдау, тыңдай алу біліктілігін қалыптастыру қажет. Оқыту тапсырмаларын орындауда, оның құрылымдарымен ұласуы тиіс оқу әрекетінде ең басты көрсеткіш Усованың бала бағаға деген қатынасы педагогтың жанынан деп есептеді. Егер бала жағымды және жағымсыз бағаларды оқу тапсырмаларын орындауда реттемесе, онда өзінің білімін шыңдай түсуіне талпыныс (қатені түзету, тәжірибесін толықтыру) бұл оның мүмкіндігін төмендетеді.

Оқу әрекетінің сәтті қалыптасуына байланысты қандай мотивтері оянады? Егер бала оқығысы келмесе, оны үйретудің қажеті жоқ. Балардың сыртқы әрекеті сабақта ұқсас болуы мүмкін, ал ішкі психологиясы ол тіпті әр түрлі сыртқы мотивтері жиі сабақты меңгеруімен байланыссыз. Балаға математика қызық емес, бірақ педагогтың ойынан шығу үшін сабақта тапсырманы орындауға тырысады. Балабақшада бала педагогы жиі ұрыспау үшін мынадай сөздер қолданады: «осылай жасау керек», «осылай айтылған» т.б. Ішкі мотив балалардың танымдық қызығушылығын  тіпті балалық кезеңнің өзінде; мазмұны күрделенеді, формасы өзгереді, өсіп  келе жатқан адамның әрекеті, есту қабілеті әртүрлі болады.

Танымдық белсенділік – қабылдау және ойлау процесінде жүзеге асырылады. Қабылдаудың (көмегімен) сыртқы орта қасиеттерінің жиынтығы (түс, көлем, форма және тағы басқа). Осы құбылыс мида жүзеге асырылады. Ойлау – ішкі және жасырын түрде болатын құралдар мен құбылыстардың байланысы (себеп, уақыт, мөлшері, т.б.). Ойлау сөйлеудің негізінде жүзеге асырылатын процесс. Мысалы: 4 жастағы Арман терезеге жақындады: «Түнде жаңбыр жауды, сондықтан шалшықтар көп».

Тәжірибелік-эксперимент жұмысы тұтас және кешенді сипатта болды, ал негізгі идея – іс-әрекет субъектісі ретінде балалардың белсенділігінің қалыптасуы - барлық кезеңдерді байланыстырады.

Мектепалды даярлықта балалардың белсенділігінің қалыптасу деңгейін анықтау тестілер көмегімен жүргізілді. Бұл тесттің мақсаты - балалардың көрнекі- ойлау формаларын, салыстыру қабілеттілігін, зейінділігін және жекелей жұмыс жасау даярлығын, анықтауға мүмкіндік берді. Перцептивтік құрастырудың қалыптасу деңгейін анықтау үшін «Коос  кубиктері»  әдістемесін таңдап алдық.

«Коос  кубиктері»  әдістемесі.

Мақсаты: көрнекі-бейнелі  ойлау  формаларын  зерттеу.  Перцептивтік  құрастырудың  қалыптасу  деңгейін  анықтау.

Жүру  барысы:  Балаға  күрделігі  өсу  ретімен  бір-бірлеп  сызық  суретін  көрсетіп,  арнайы  жақтары  түрлі-түсті  боялған  кубиктер   жинағы  беріледі.  Бала  осы  суретке  қарап,  кубиктерді  нұсқасы  бойынша  құрастырады.

Қалыпты  орындалу  деңгейі:  5 – 6  жастағы  балалар  тапсырманы  көріп  салыстыру  арқылы  төрт  кубиктермен  орындады.

Коос  әдістемесін  жүргізу  кезінде  балаларға  фигураның  бөлшектерін  және  кескіндерін  сызықпен  көрсету,  суретті  бөліктерге  бөліп,  әр  бөлшекке  талдау  жасау  сияқты  көмек  көрсетілді.

Нәтижелерді  өңдеу: 6 суреттердің  әрқайсысын  кубиктермен  құрастыруға  30  секунд  уақыт  беріледі.

5 – 6  сурет  құрастырылса  -  жоғары  деңгей;

3 – 4  сурет   -   орташа  деңгей;

1 - 2   сурет   -   төменгі  деңгей.

 «Коос  кубиктері»  әдістемесі бойынша зерттеу төмендегіше өткізілді: зерттелушіге  күрделігі  өсу  ретімен  бір-бірлеп  сызық  суретін  көрсетіп,  арнайы  жақтары  түрлі-түсті  боялған кубиктер   жинағы  берілді. Зерттелуші осы  суретке қарап,  кубиктерді  нұсқасы  бойынша  құрастырады. Тапсырманы  көріп  салыстыру  арқылы  төрт  кубиктермен  орындады. Әдістемесін  жүргізу  кезінде  балаға  фигураның  бөлшектерін  және  кескіндерін  сызықпен  көрсету,  суретті  бөліктерге  бөліп,  әр  бөлшекке  талдау  жасау  сияқты  көмек  көрсетілді. 6 суреттердің әрқайсысын  кубиктермен  құрастыруға 30  секунд  уақыт берілді. Әдістеме нәтижесін қорытындылай келе жоғары  деңгей – 27,2%; орташа  деңгей –  33,5%, ал  төменгі  деңгей – 39,3% құрады.

(Бейнелеу өнері) Сурет. Тақырыбы: Суық және жылы  түстер.

 

Сабақтың мақсаты: Балаларды "суық" және "жылы" түстермен таныстыру. Түстердің реңктерін сезінуді дамыту. Әрбір түстің өзіндік сипаты, ерекшелігі және көңіл күйге де байланысты пайдаланатынын түсіндіру.

Қажетті құралдар: акварель бояу, қылқалам, палитра, қағаз, су, сүлгі, қылқалам қоятын түғырлар, әліппе-дәптер.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші балаларға жылы және суық түстерді пайдаланып салынған суреттерді мұқият қарауды ұсынады.

- Балалар, сендер  қалай ойлайсыңдар, суретші осы  суретте жылы және суық бояу  түстерін қалай қолданған? Қысқы  кешті табиғат көрінісін сары қызыл, қызыл, сары түспен салғаны, көңілсіз шыққан шығар? Ал, қуанышты сәтті көк түспен салған болар? Жылы түс бізге оттың жылылығын еске түсіреді. Олар сары жәнс қызыл реңктер береді. Көк, қара көк түстердің реңктері суык түс деп аталады.

Ойын. "Бір түстің көп реңктерін кім көп құрайды?"

Сиқыршы салған суреттерді балалармен бірге қарау, ол туралы әңгімелету, олардың ертегідегі достарына деген жағымды, қайырымдылық сезімдерін ояту. Суреттерді өз еріктерімен бояуды ұсынады, бірақ алдын-ала шарт қойылады: сендердің салған суреттеріңді көрген адамдар олардың ең сүйікті, мейірімді сиқыршы екенін немесе ашулы, мейірімсіз сиқыршы екенін (колдун) бірден білетіндей болсын. Мұндай айырмашылықтарды беру үшін сендерге бояу түстері көмекке келетінін ұмытпаңдар, қандай түспен оны бейнелеуге болатынын ойланыңдар.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балаларға бояу түстерін қалай болса, солай қолдануға болмайтынын, түс арқылы салынатын кейіпкердің мінез-құлқы, сипаты ашылатыны түсіндіріліп, түстерді таңдап пайдалануға бағыт беріледі.

Балалар жұмыстарын талдау.

 

«Заттарды топта» ойыны

Мақсаты: суреттегі заттарды топтату арқылы ойлау қабілетін дамыту.

Ойын шарты: суреттерге қарап, заттарды топқа бөлу және олардың жалпы атауларын атау.

 

                           

 

              

 

 

(Айналамен таныстыру) Тақырыбы: Табиғат сыйы

Мақсаты:Табиғаттағы өзгерістер туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру: күн мен түннің ұзақтығы, ауаның температурасының өзгеруі, жапырақтардың түсінің өзгеруі, жемістердің пісуі.

Сабаққа дайындық: Кептірілген жемістер, тұқымдар, өсімдіктер, теңіз бақалшақтары, т.б.

Сабақтың барысы: Жақын жердегі саябаққа, алаңқайға табиғи материалдар жинау мақсатымен серуен ұйымдастыру (бұтақтар, жемістер, тұқымдар, жапырақтар т.б. жинау). Тәрбиеші Т.Молдағалиевтің «Жапырақтар» атты өлеңін балаларға оқып, табиғат құбылыстарымен салыстыра отырып, түсіндіреді. Балаларға табиғи материалдарды: бұталар мен оның жапырақтарын, жемістерін жинауды тапсырады. Саяхат барысында балалардың назарын күзгі жапырақтардың алуан түрлі түстеріне, пішініне, ауаның температурасына, күн мен түннің ұзақтығына аударады. Балалар жинаған табиғи материалдарын жан жақты қарастыра отырып, одан табиғаттың әдемі көріністерінің композициясын жасауды ұсынады.

Жалпы композиция құруда тәрбиеші, балалардың көңілін түстердің, пішіндердің бір бірімен сәйкес келуіне аударады.

Әліппе дәптермен жұмыс: «Сары алтындар» (Т.Ғалиев) өлеңді оқып, табиғатпен байланыстырып түсіндіреді. Тапсырма а) кептірілген түрлі түсті жапырақтардан «Күзгі орман» композициясын жасау, ә) кептірілген дәндерден алқа жасау. Сабақ соңында балалар мынадай дағдыларды меңгеруі керек: өсімдіктерді орынсыз ысырап етпеу, туған өлкенің табиғатына қамқорлықпен қарау.

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу іс әрекетінде танымдық белсенділігін қалыптастыру