Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2014 в 11:29, контрольная работа
Қазіргі Қазақстандағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай баланың интеллектуалды, жеке және табиғи дамуын қамтамасыз ету жүйесін тұрақты дамытуға мүмкіндік беруде. Оның маңызды жақтарының бірі - мектепалды даярлық балаларының білім беру іс-әрекетіне қолайлы енуіне, оқу қызметін меңгеруіне, белсенділігі мен сенімділігін қалыптастыруға және шығармашылығын танытуына бағыттау.
Сабақты қорытындылап, бекіту үшін «Сен жасыр, біз табамыз» деген дидактикалық ойынды ойнатуға болады.
Белсенділіктің қалыптасуының жоғары деңгейінде бала танымдық сұрақтарды өзбетімен қойып және іс-әрекетке ұзақ және тұрақты қызығушылық танытты, іс-әрекетті өзбетімен орындауға ұмтылды, өзбетімен ұзақ және орнықты іс-әрекетпен айналысып, қиындықтарды өздігінен жеңе отырып, бастаған ісін аяғына дейін жеткізді, білімді меңгеруде жоғары белсенділік көрсетті.
Дамытушы ортаның көмегімен белсенділіктің қалыптасуының орта деңгейде бала танымдық сұрақтарды ересектердің ынталандыруымен қойып, іс іс-әрекетті ересектердің көмегімен орындады, өзбетімен ұзақ және орнықты іс-әрекетпен ересектердің көмегімен айналысты, қиындықтарды жеңуде және бастаған ісін аяғына дейін тек ересектердің көмегімен ғана жеткізе алды, білімді меңгеруде ішінара белсенділік көрсетті.
Белсенділіктің қалыптасуының төменгі деңгейде бала танымдық сұрақтарды қоймады, іс-әрекетке қызығушылық танытпады, іс-әрекетті орындауға ұмтылмады, ұзақ және орнықты іс-әрекетпен айналыса алмады, қиындықтар кездескен жағдайда бастаған ісін аяғына дейін жеткізе алмады, білімді меңгеруде белсенділік көрсетпеді, іс-әрекетке интеллектуалдық сезім, жағымды қатынас көрсетпеді.
Тәжірибелік-эксперимент барысында мектепалды даярлықтағы балалар танымдық сұрақтарды өзбетімен қою, іс-әрекетке ұзақ және тұрақты қызығушылық таныту, іс-әрекетті өзбетімен орындау, өзбетімен ұзақ және орнықты іс-әрекетпен айналысуы т.б. қалыптасуы тексерілді. Соның нәтижесінде біз мотивациялық, эмоционалдық-еріктік және іс-әрекеттік өлшемдер бойынша жоғары, орташа және төмен деңгейлерді анықтаудың көрсеткіштерін алдыңғы бөлімдегі үлгіге сәйкес қарастырған болатынбыз. Бұл жолы біз сол теориялық болжамды практика жүзінде дәлелдедік.
Күтілетін нәтиженің (болжам) қорытындымен сәйкес келуін бақылау үшін мониторинг әдісін пайдаландық. Белсенділіктің қалыптасу кезеңінің өзін үшке бөліп қарастырдық. Әрбір кезең бойынша қорытынды жасап, ол деректер бойынша диаграмма тұрғызып, оны алдыңғымен салыстырып, әдістемеге түзетулер мен толықтырулар енгізілді.
Жүргізілген педагогикалық-психологиялық зерттеу мен әдістемелер нәтижелері көрсеткендей эксперименттік топта айтарлықтай өзгерістер болған. Ал бақылау тобында керісінше бұндай өзгерістер байқалмады, бұл топқа жүргізілген бірінші және екінші диагностика нәтижелері ұқсас болды. Табысты белсенділік көрсеткіштері деп алынған параметрлерде тәжірибелік топ бойынша даму динамикасын бақылау мақсатында келесі кестені және суретті ұсынамыз (Кесте 16, Сурет 2).
Кесте 3 - Тәжірибелік-эксперимент жұмысының анықтау және қалыптастырушы эксперименттері бойынша эксперименттік топта алынған жоғары көрсеткіштердің салыстырмалы түрде талдау нәтижелері (% есебімен)
№ |
Белсенділік көрсеткіштері |
Анықтау эксперименті бойынша жоғары көрсеткіш тер |
Қалыптастырушы эксперимент бойынша жоғары көрсеткіштер |
Айырмашылығы
(динамикасы) |
1. |
Танымдық процестердің даму деңгейі: қабылдау, ойлау, есте сақтау, зейін, қиял |
14% |
32%
|
18% |
Тәжірибелік-эксперимент жұмысы тұтас және кешенді сипатта болды, ал негізгі идея – іс-әрекет субъектісі ретінде балалардың белсенділігінің қалыптасуы - барлық кезеңдерді байланыстырады.
Педагогикалық шарттарды қолдану тиімділігінің негізгі көрсеткіші ретінде балалар белсенділігінің танымда, әлеуметтік қарым-қатынаста, іс-әрекет барысында сапалық және сандық жағынан көтеру болды.
Сурет 1- Тәжірибелік-эксперимент жұмысының анықтау және қалыптастырушы эксперимент бойынша эксперименттік топта алынған жоғары көрсеткіштердің салыстырмалы түрде талдау нәтижелері
Тәжірибелік-эксперименттік жұмысының қорытынды кезеңінде балалардың белсенділіктерін қалыптастыру оқу іс-әректтерінде педагог пен баланың іс-әрекеттері, өзара қарым-қатынасы айқындалып, эксперименттің барлық кезеңдерінде балалардың белсенділіктерін қалыптастырудың жеке деңгейлері бойынша салыстырмалы талдау жүргізілді.