Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2015 в 13:53, курсовая работа
Республика білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев білім және ғылым саласында түйінді мәселелерді шешудің төте жолдарын ұсынып, тәрбиенің үш өзекті бағытын айқындайды:
- Бүгінгі жастар осы заманның сыншысы да, тарихшысы да болатындықтан жастармен жүйелі жұмыс жүргізуіне баса назар аударды;
- Қазақстанда жүріп жатқан осы ауқымды өзгерістерге байланысты педагогикалық кадрлар дайындау жүйесін құру қажеттігін көрсетті, ең алдымен бүгінгі мұғалім кәсіби білімімен, шеберлігімен қатар, жастарға өзінің бойындағы адалдық, адамдық, тазалық, гуманистік және өз Отанын сүйе білу, ең жоғарғы адамгершілік қасиет сапаларымен ықпал жасай отырып тәрбиелеуі керектігіне мән беру қажеттігін айтты;
Қазақ халқы «Өнегенің өресі кең» дейді. Сондықтан да ізгіліктің қолдаушысы неғұрлым көп болуы тиіс. Мақалдың тәрбиелік түйіні рухани құлшынысқа шақырады. Жан жігерінің жалын атып, жарқырай көрінуін тілейді. Адам өз ортасына қарап өседі. «Ағаштан ағаш рең алады, адам тәлім алады». Өмірден талайды түйгендердің пікірлері тәрбиенің кез – келген саласымен сәйкес келіп отырады.
Ертегілерге үлкен мән беріп зерттеген Максим Горький “Ертегі деген нәрсе маған басқа бір өмірдің сәулесін ашқандай, сондай жақсы өмірді ойлаған, сол үшін қорықпай, еркін күресетін бір күш барлығын көрсеткендей болды”,- дейді. Бірақ, М. Горький әрі қарай бір күштің не екенін түсіндірмейді. Біздің түсінігімізше, бала ертегіні тыңдай отырып, өмірді түрлендіре алатын күш адаммен ғана байланысты, адамның өзінде екенін сезе алады. Адам ғана құдіретті күштің иесі. Сонымен қатар қазақ ертегілерінің адамды тәрбиелеуге қатысты ерекшеліктерін, соның ішінде, өмір мұратын, оған жетудің жолдарын көрсететін жақтарын алып қарастырайық.
Ертегінің құрылымын, негізгі мазмұнының бағытын қарайтын болсақ, оның басты мақсатының өзі өмір мұратына жетудің жолдарын, ол үшін қажет адамдық сапаларды көрсету екені айқын көруге болады. Ең алдымен өмір мұратына жетуге қазақтың даналықта бірінші кезекте келетін, ең басты сапа ақылдылық. [12].
Мақал – мәтелдерде ұстаздық етуші үлкендердің қызметіне зор орын берілген. Жетесізден жетекші шықпасын халық жақсы біледі. Ұстаз өз шәкіртінен, әлде қайда биік тұруы шарт. Оқудың, білім өсірудің пайдасын қазақ халқы жете бағалаған. Қазақ халқы «Тоқытпасаң оқытпа» деп тура айтқан. Оқытушының ең бірінші қабілеті – ұғындыра білу, терең білім беру дей келе мектептегі шәкірттерге «Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт» деген.
Қазақ мақал – мәтелдерінің суреттеме құралдыры көбінесе ата кәсібіміз мал шаруашылығы төңірегінен көп алынған. «Мың малың болғанша, бір балаң ғалым болсын» дейді.
К.Ушинский «Жеке адам қаншалықты дарынды да дана, жетілген болса да, ол әрқашан да халықтан төмен тұрмақ» - дейді. Қазақ халқы да, орыс ғалымы да бір ойдың үстінен шыққан, тек екі түрлі білдірген. «Көп білсең де, көптен артық білмейсің» деп байыпталған. Демек мақал – мәтелдер арқылы адамгершілік тұрғыда жас жеткеншек ұрпақты білімнен гөрі біліктілікті бағалауға тәрбиелейік.
Адамгершілікке үндеу қазақ мақал – мәтелдерінен айтсақ, халық педагогикасының кең арнаулы саласы. Олар адамгершілікке тәрбиелеудің алғашқы әліппесі , өмір табалдырығын аттаған бастауыш мектеп оқушыларына зор тәлім. Сондай – ақ, нәрестенің шыр етіп дүниеге келу сәтінен басталып, ақырғы деміне дейін кезектесіп келе беретін процесс.
Халық мақалдары ұлт психологиясының айнасы. Халықтың тарихи мінез – құлқының рухани жақтаушысы, мінез – құлықтың игі дәстүрлерін сақтаушы және дамытушы.
Ұстаз өз шәкіртінен көш бойы озық, алда болуы шарт. Міне, сондықтан да қазақта «Шәкірт болмаған – ұстаз болмас» - дейді. Осы пікірді рим философы Б.Аниций (480-524 ж.ж) «Кто в учениках не бывал, тот учителем не будет» деп білдірген.
Оқудың, білімінің түпкі пайдасын халық бағалаған: «Оқу – шала естіні бүтін, бүтін естіні – данышпан қылады», «Ынталыға оқу жолы – әрдайым ашық». Яғни, халық мақалының мазмұны ақыл – ой тәрбиесін насихаттайды.
«Талантты өсіретін – талап», «Білім қымбат, білу қиын», «Білегі бар бірді жығады, білімі бар мыңды жығады», «Білім инемен құдық қазғандай» - деп мұғалімге де, оқушыға да алдын – ала ескертіледі. Оқыту мен тәрбие беру халық мақалында бірлікте қарастырылады. Бұл көріп отырғанымыздай, ғылыми педагогикадағы бір тұтас педагогикалық процесті танытады. Сан ғасырлардын қалыптасып келе жатқан мақал мәтелдер бүгінгі ғылыми педагогикамен, өзектес сабақтас. Мәселен, оның мазмұнынан дене тәрбиесінен, эстетикалық тәрбие, экономикалық тәрбие, экологиялық тәрбиеге қатысты ғибрат табымыз: «Жығуға дәмесі жоқ күреске түспейді», «Көз жұмбақ дария кешкен жоқ», «Тасылмайтын жүйрік, шошынбайтын жүрек болмайды», «Көрмеген жерінің ой – шұқыры көп», т.б.
Мақал – мәтелдердің адамгершілік қасиеттерге үйрететін тұтастары халықтың психологиясына, тәрбиесіне етене жақын. Мысалы: үлкендерді сыйлау, «Өзіне дейінгіні сыйламасаң, өзіңнен кейінгі сені сыйламайды», «Кәріге – құрмет, балаға – міндет», «Асырайтын жас болса, өлетін кәрі жоқ», «Егде – ізет, жасқа – жол»; адамдармен жайлы қарым – қатынаста болу туралы «Жақсыға жақсы әуес», «Адам жайын ауылдасы білмейді, істесі біледі», «Ақ көңіл адамға біреудің сырқауы батады», «Қонақтың алтынын алма, алғысын ал», «Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат», «Тоқ адамнан сырқат көп қалады», «Ықылас пен ынтымақ, бітер іске болсын тап», «Шешеннің тілі шебердің ортақ қолы», «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі», «Тәрбие басы тәртіп, береке басы бірлік», «Аласа тау басында да аласа, алпамса апан да алпамса», «Би екеу болса, дау төртеу», «Саусақ бірікпей ине де ілінбейді» т.б.[13].
Халық даналығы ата – анаға ұрпақ тәрбиесі жөнінде өзінен бұрынғылардың моральдық – психологиялық, медециналық – гигиеналық, өнер – сайыскерлік ой – пікірлерін де шоғырландырып, осы мақал – мәтелдерге бүкіл халықтың әлемдік тәжірибесін мирасқа қалдырып отырды.
Сонымен, ғылыми зерттеу еңбектеріне, ұлттық рухани мұраға жүргізілген жан – жақты талдау нәтижесі жас ұрпаққа адамгершілік тәрбие берудің педагогика тарихында түрлі кезеңдерде зерттеу нысаны болып, әр қырынан негізделген күрделі тәрбие мазмұнын құрайтын проблема екендігін көрсетеді.
1.2.Оқушылардың адамгершілік тәрбиесі қалыптастыру халық педагогикасы пайдаланудың мәні.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында қоғам өмірін демократияландыру мен ізгілендіру бағытында болып жатқан түбегейлі жаңаруларға байланысты білім мен тәрбие беру жүйесінде де мол өзгерістер туындап отыр. «2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» ұсынылып, «Мәдени мұра» бағдарламасы талқыланып жатқан тұста, жоғары мектептің тұтас педагогикалық порцесіндегі тәрбиеге жаңа көзқараспен қарау қажеттілігі туындады.
Сондықтан да, XXI ғасырдың басында жаһандану мен ұлттық тенденциялардың бірлігі мен күресі, үйлесімі мен текетіресі елдің, ұлттың, жеке адамның адамгершілік қасиет сапаларын, ар-намысын жаңа қырынан саралауды талап етіп отыр. Себебі жаңа ғасырдың басында адамның қоршаған ортамен өзара қатынасы шиелене түсуде. Бұл біріншіден, барша сананың ғаламдануы, ал екіншіден, рухани азғындаудың бас көтеріп, үдеу үрдісімен түсіндіріледі. Бүгінгі таңда республикамызда күннен-күнге нашақорлық, маскүнемдік, жұмыссыздық пен тастанды балалар санының көбеюі, Қазақстан сәбилерінің жер жүзіне таралып қолды болуы сияқты қоғамымыздағы келеңсіз көріністер жалпы тәрбие процесінің күрделеніле түскендігін байқатады.
Қазір тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлер шақ туды. Әрине, бала тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып көрген емес. Бірақ, бүгінгідей қоғамның аласапыран шағында әр адамды адамгершілік тәрбиеге баулу өте-мөте маңызды мәселе. Осырған орай мектеп оқшыларына адамгершілік тәрбие беру мақсатында алғаш жаңа мазмұнға ие. (АТАМЕКЕН) тәрбие бағдарламасы қабылданған болатын. Бағдарламада «Салт», «Асыл мұра», (Бабалар өсиеті», «Қыз бен жігіт», «Заманай», «Достық», «Ата-ана», «Қайырымдылық», «Сөнбес жұлдыз» атты тәрбиелік мәніне орай топтастырылған бөлімдер бар. Осы бағыттардың қай-қайсысы болмасын жас ұрпақ бойында асыл да, ізгі адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына үлкен септігін тигізері даусыз. Біздің қоғамда игілікті шараларды қабылдау мен енгізу бар да, оның жүзеге асуын талап ету, қадағалау жағы ақсап жатады.
Егер біз бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, көп болып жұмыла осы бағдарламаның өз дәрежесінде іске асырсақ тамшыдай үлесімізді қосар болсақ, ұлтымыздың жұлдызының жоғары болуына, еліміздің еңселі де іргелі, өркениетті ел қатарына сатылауына мол үлес қосқан болар едік.
Мұғалімнің кәсібіне жарамдылығы өз пәнін жақсы біліп, тығыз байланысты жан – тәнімен ұнатуынан, балалармен тығыз қарым-қатынас жасауынан және өз бетінше ізденіс жасап, шығармашылық еңбек етуінен көрінеді Болашақ ұстаздарға жоғары педагогикалық оқу орындарына түскеннен бастап аталған қасиеттерді қалыптастыруда “Оқушы, оның дамуы және тәрбиесі” пәні айрықша орын алады. Өмірдің талабына байланысты бұл пәннің басты мақсаты – студенттерге өздері қалаған мұғалімдік мамандықтың қыры мен сырын тануға, оқу тәрбие процесінің субъектісі, әрі объектісі болып саналатын оқушының дамуы, қалыптасуы, денсаулығы жайлы біліп, оқушыны білімге, іскерлікке, дағдыға үйрету. Сондай-ақ баланың дене, ақыл-ой жағынан дамығандығын, балалар өмірінде кездесетін келеңсіз құбылыстардың орын алу себебін түсінуге және баланың жас, дара, денсаулығын оқу-тәрбие жұмыстарында есепке алудың қажеттігін ұғындыруға көмектеседі.
“Оқушы оның дамуы және тәрбиесі” пәнінің методологиялық негізі философия ғылымдары.Ол дүние мен адамның тұтастығы немесе өмірдің мәні туралы адамның әлемдегі орны, оның парасаты мен биік қасиеті туралы ілім болғандықтан, зерттеу мәселесі мұғалімнің кәсіптік әрекеті, оқушының дамуы мен тәрбиесі, яғни жеке адамның іс-әрекетін қарастыратын пәнге арқау болады. Егер оқушының іс-қимылына талдау жасасаң, оның қоршаған дүниенің парасатсыз, қозғалыссыз, төменгі сатыда дамыған объектісі емес, керісінше, дүниенің терең тануға ұмтылыс жасайтын, үздіксіз жаңаруға бейім белсенді объектісі екенін аңғаруға болады.
Оқушының белсенді әрекеті өзін қоршаған ортаның заттарымен құбылыстарын қабылдап, санада бейнелеуіне байланысты. Ол ойын, оқу, еңбек іс-әрекеті арқылы сыртқы дүние шындығын санада бейнелейді. Әсіресе өздеріне лайықталып жасалған оқу пәндері арқылы дүниені кеңірек таниды.
“Оқушы, оның дамуы және тәрбиесі” пәні философияның диалектикалық әдістерін басшылыққа алып, оқушыны іс-әрекет кезінде зерттейді, оған сай дамуға, тәрбиелеуге ықпал ететін себептерді, оқу-тәрбие жұмыстарының мазмұнын, әдістері мен формаларын анықтайды.
“Оқушы, оның дамуы және тәрбиесі” пәні педагогика ғылымдары жүйесіне ене тұрып анатомия, физиология, психология, мектеп гигиенасы, дефектология және медицина ғылымдарымен тығыз байланысқан. Сөйте тұрып, бұл пән мынадай міндеттерді шешуді көздейді.
- Мұғалімнің негізгі міндеттері, оларға тән сапалық белгілерді белгілеп, педагогтік шеберлікке үйрету;
- Болашақ ұстаздарды баланың биологиялық, әлеуметтік ортаның және тәрбиенің әсерінен дамып қалыптасатындығы және баланы зерттеу әдістері жайлы білім беру;
- Мұғалімдерге баланы
ата-баба дәстүрі мен салтына
сәйкес тәрбиелеу мазмұнын
- Тәрбиелеу мен оқытудың физиологиялық, психологиялық, негіздерін ашу;
- Оқушы тәрбиенің объектісі
әрі субъектісі ретінде
- Баланың дамуында болатын
ауытқушылар мен кідірістерді
және келеңсіз құбылыстарды
Қазақ халқы-рухани зор байлықтың мұрагері. «Өткенді жақсы білмейінше, келешекке сапар шегу айсыз қараңғыда сүрлеу соқпақ іздеп адасумен пара-пар!», - деді орыс жазушысы, әрі педагог Л.Н.Толстой. Өткеннен нәр алмай, рухани азық алмай болашаққа қадам басу және ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлері мен тағылымдарын оқып үйреніп, өнеге тұтпай, жастарды ізгілік пен парасаттылыққа баулу мүмкін емес. Тәуелсіз ел болғандықтан, адамгершілік, ұлттық рухани мәдениетіміздің бүгінгі заман талабына сай жаңа бағдарламасын жасап, соны күнделікті өмір салтымызға ендіруіміз қажет. Сонда ғана біз өзінің дербес рухы мен мәдениеті жоғары, адамгершілікке бейім, санасы дамып жетілген өркениетті ел болып адамзаттың ұлы көшіне ілесіп, басқа халықтармен терезесі тең халық ретінде өмір сүре аламыз. Рухани-адамгершілік қадір-қасиеттер мен сапаларды оқушының бойына дарыту үшін ең алдымен, олардың саналығын көтеру; екіншіден, адамгершілік тұрғыдан сезімталдығын тәрбиелеп, дамыту; үшіншіден, оқушының бойына жағымды мінез-құлықтың дағдылары мен қылықтарын үнемі сіңдіріп отыру қажеттілігі талап етіледі. Ол үшін жасөспірімдердің өздері өскен аймақпен, қоғамдық ортамен тікелей байланысты оған тәуелді екендігін, өзінің жүріс тұрысы мен мінез-құлқын өмір сүріп отырған ортада қабылданған тәртіп ережелеріне сәйкес үйлестіре қалыптасу қажеттігін түсінуі, оларды халықаралық аренада - қолданып келе жатқан өзара сыйластық пен құрмет тұтынушылық сезімді тәрбиелеу мәселелері жүзеге асыруды басты бағыт-бағдар ретінде белгіленуі тиіс сияқты. Қазақ мектептеріндегі адамгершілік тәрбиесі айтарлықтай өзгерістерге ұшырап отырғаны белгілі. Өйткені кешегі күні өткен тоталитарлық жүйе ұсынған белгілі бір ұлтқа немесе жалпы адамзатқа тән құндылықтар деп бағаланып келген рухани-адамгершілік тұғырлар ауыстырылып, заман талабына байланысты жаңартылуда. Мысалы, нарықтық өтпелі кезеңдегі басты құндылықтарға жекеменшік, нарық, пайда, ғаламдану, қулық, бәсекелестік, т.с.с жатқызылып жүр. Дей тұрғанмен, жалпы адамзат дамуына аса қажет еңбектену, салауатты өмір сүру, бостандық, сөз бостандығы, дін еркінділігі, өркениеттілікке ұмтылу, ұлтаралық қатынас мәдиенетін қалыптастыру, үлкенді сыйлау, кішіні құрметтеу, ар-ұят, төзімділік, жауаптылық, тиянақтылық, т.с.с. жан тазалығын сақтау қоғамдық құндылықтары өз мәні мен маңызын жоймағаны анық. Біздің ойымызша жасөспірімдер бойындағы шынайы рухани адамгершілік тәрбиесі оны қоршаған ортада, отбасында, мектепте, жұртшылық қауыммен қарым-қатынаста, жолдастар арасында, көшеде, еңбекте көрініп нәтиже береді. Рухани-адамгершілік тәрбие жасөспірімнің шынайы тәрбиесінің нығаюына игілікті әсер ететін, оның тұлғалық дамуына өзек болатын, еркіндігін жасампаздықпен, шығармашылықпен паш етуге мүмкіндіктер ашатын түрткі деуге болады.
Қазақ ұлтының болашақ ұрпағының санасына туған халқына деген сүйіспеншілік, ұлтының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін, дінін, тарихын
сезіне білетін жылы жүрек, тоқтамды ақыл мен имандылық өте қажет. Бұл айтылып отырған құндылықтар тек кана дені сау жаны мен тәні таза, адал иманды, салауатты тұлға бойынан табылатын қасиеттер. Сондықтан, қазақ ұлтының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының, салауатты өмір салтын қалыптастыруда, көздеген мақсатқа жету жолындағы тіршілік әрекеттеріне тоқталып көрелік.
А.Байтұрсынов «Тәні саудың – жаны сау» екенін айта отырып, «Ең әуелі бәрінен бұрын тазалықтың қадірін біл. Тән саулығының тамыры тазалықта, жан саулығының тамыры тән саулықта» – деп денсаулықты сақтаудың маңызды жолын меңзейді. Себебі, денсаулықтың кепілі – тән мен ардың тазалығы. Ол саулықтың іргетасын қалайды.
Ал белгілі педагог М.Жұмабаевтың пікірінше тәрбие саласы төртке бөлінеді. Олар: дене, жан, ақыл тәрбиесі, сұлулық пен құлық тәрбиесі. Автор олардың бір-бірімен байланыстылығын былай түсіндіреді: «Егер адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егерде ол ыстық, суық, аштық, жалаңаштық сықылды жұмыстарға жиі ұшырайтын күштерді елемейтін мықты берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы. Балам – адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын» – деп ескерткен болатын.[16]
Жалпы жеке тұлғаның бойындағы адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудағы байланысты арналған ғылыми зерттеу еңбектерді зерделеу барысында бастауыш сынып оқушыларының мәдени-адамгершілік құндылықтарының қалыптасуы, олардың психологиялық дамуына байланысты арналған еңбектер сараланып, жүйеленгенгенін байқадық.
Мәселен, С. Төрениязова “Бастауыш мектеп оқушыларының сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмысы арқылы дамытудың педагогикалық негіздері” атты ғылыми – зерттеу жұмысында оқушыны дамытуда білім мен тәрбие негізгі орын алатынын атап көрсете келе, дамудың бес жағдайын нақтылайды.
Психикалық дамуға – оқушының мінез-құлқының, ерік-жігерінің қабілеттігінің дамуы;
Дененің дамуға – дене бітімінің өз жасына сай болуы,
Рухани дамуға – оқушының ішкі жан дүниесінің сырттан әсер ететін күшпен өзара бірлігі;
Жалпы дамуға – оқушының жан-жақты үйлесімді дамуы; деп қорытындылай келе, сыныптан тыс уақытта бастауыш сынып оқушыларын дамытудық ғылыми теориялық негізін айқындай отырып, бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін жұмыстардыңь тиімділігін арттыруға, үйірме жұмыстарымен мектептегі қоғамдық ұйымдардың құрылымын айқындай отырып, тәжірибелік - эксперименттік жұмыстардың тиімділігін нақтылайды.
Информация о работе Оқушылардың адамгершілік тәрбиесі халық педагогикасында