Оқушылардың адамгершілік тәрбиесі халық педагогикасында

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2015 в 13:53, курсовая работа

Краткое описание

Республика білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев білім және ғылым саласында түйінді мәселелерді шешудің төте жолдарын ұсынып, тәрбиенің үш өзекті бағытын айқындайды:
- Бүгінгі жастар осы заманның сыншысы да, тарихшысы да болатындықтан жастармен жүйелі жұмыс жүргізуіне баса назар аударды;
- Қазақстанда жүріп жатқан осы ауқымды өзгерістерге байланысты педагогикалық кадрлар дайындау жүйесін құру қажеттігін көрсетті, ең алдымен бүгінгі мұғалім кәсіби білімімен, шеберлігімен қатар, жастарға өзінің бойындағы адалдық, адамдық, тазалық, гуманистік және өз Отанын сүйе білу, ең жоғарғы адамгершілік қасиет сапаларымен ықпал жасай отырып тәрбиелеуі керектігіне мән беру қажеттігін айтты;

Вложенные файлы: 1 файл

курсовое.docx

— 65.06 Кб (Скачать файл)

Тәрбие процесінің қажетті буыны - өзін-өзі тәрбиелеу. Ол адамның өз мінез-құлқына баға беруінен, өз ісіне бақылау жасап, алға мақсат қоюынан көрінеді. Өзін-өзі тәрбиелеу ісі арнайы ұйымдастырылған тәрбие жұмыстарын жүргізгенде тиімді нәтиже береді.

Тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеу тек өзін дамытуға ғана емес, сондай-ақ оны түзетуге де бағытталған. Тәрбие қоғам белгілеген және халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүр негізінде мұғалімнің, оқытушының, тәрбиешінің оқу сабақтары мен сыныптан, мектептен тыс жұмыстары кезінде арнайы мақсат көздеп, баланы қалыптастыруға ықпал ететін күрделі процесс.

Оқыту-мұғалімнің мақсатқа сай оқушыларды біліммен, іскерлікпен, дағдымен қаруландыруға және өз бетінше еңбек ету ізденісіне үйретуге бағытталған іс-әрекеті. Оқушының білуге, тануға, үйренуге және бейімділігі мен қабілетін, іскерлігі мен дағдысын қалыптастыруға бағытталған іс-әрекетін оқу деп атайды. Ал мұғаліммен оқушының мақсатқа сай, тәлім-тәрбие мәселелерін шешуге бағытталған іс-әрекетін оқыту процесі деп атайды. Оқыту процесінде білім беру, тәрбиелеу, дамыту ісі шешіледі, яғни оқыту процесінде алдымен оқушыға оқу пәндеріне сай білім беріліп, іскерлік пен дағдыға үйретіледі. Екіншіден, берілген білім оқушының ой-өрісінің, қабілеті мен бейімділігінің дамуына әсер етсе, үшіншіден  оқушыда көзқарас, сенім, мұрат, тәртіптілік, жүйелі еңбек ету, мінез-құлық қалыптастырады.  

Бастауыш сатыда адамгершілік тәрбие берудің түбегейлі мақсат, міндеттерін жүзеге асыруда әр оқу пәнінің өз орнымен рөлі бар. Сол секілді бүгінгі тәжірибеде кең қолдану тауып отырған. «Атамекен» ұлттық тәлім – тәрбие бағдарламасы (А.Р.Құрсабаев), «Елім – ай» ән – күй бағдарламасы (М.Х.Балтабаев), «Кәусар бұлақ» (З.Ахметова) бағдарламасы бастауыш мектеп жүйесін бастау алып отырған  тәрбие міндеттерін жан – жақты жүзеге асырылуда да халықтық тәлім – тәрбие ерекше орын алып, жүзеге асыру жолдары кең мазмұнды қаралады. Бағдарламалардың мазмұны жағынан мәнділігі мен өзектілігіне қарамастан олардың бастауыш мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында жетілдіре түсетін жақтары екені даусыз.

Дегенмен, біз өз зерттеуімізге орай, негізінен бастауыш мектеп тәжірибесінде қазақ мақал – мәтелдерінің қандай дәрежеде қамтылып отырғандығын, оны оқу – тәрбие процесінде балалардың меңгеру барысын қалай үлгеріп жатқандығын бақылап талдау жасауға талпындық. Бір кездерде жұмыстың басым көпшілігінде тойлау мен ән айту, салт – дәстүрлерді қызықтау орын алған. Қазіргі уақытта ондай науқандық сипатта өткізілетін тәрбие шаралары толастағанын байқаймыз.

Біздің пайымдауымызша мектеп  мұғалімдері халықтың рухани мұрасының қай саласын болса да терең тәрбиелік мазмұнын іздестіру үстінде. Сондықтан ғылымда рухани мұраларды оқушының ұғына білудің күнделікті қарым – қатынасында пайдалануға ынта – ықыласын арттырудың жолдарын іздестіру қажеттілігі туып отыр.

Ғылымда адамгершілік тәрбие беруде халықтың тәрбие жөніндегі мұраларын кеңінен пайдалану, оның құрылымын, негізгі түсініктерін, оқу – тәрбие үрдісінде пайдалану жолдары мен әдістері жан – жақты зерттеп  қарастыруда (Г.Н.Волков, А.Э.Измаилов, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, С.Ұзақбаева, Е.Сағындықов т.б. бірқатар зерттеушілер еңбек еткендігін аңғаруға болады т.б.)[19,20]

Өзіміз көп үміт күтіп отырған жас ұрпақ ата-бабамыздан қалған мәдени мұра халық ауыз әдебиетінің өн бойындағы мәнділігі мен маңыздылығынан, ойшылдығы мен қиялшылдығынан, тапқырлығы мен шешендігінен, әсемдігі мен алғырлығынан тәлім-тәрбиесі мен үлгі - өнегесінен нәр алары анық.

Сан ғасырлар бойы ауыз әдебиетіндегі ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келген халықтық тәрбиенің өнеге-үлгілері осы уақытқа дейін өзінің педагогикалық мүмкіндіктерінің мәні зор екендігін дәлелдеп келеді.

Халық ауыз әдебиетінің ішіндегі ең жақыны балаларға ол  ертегі болмақ. Алғашқы қауымнан бастап, бала тәрбиесіне ерекше әсер ететін ертегілерді ойлап шығарған адамзат тарихында ертегілердің тәрбиелік мәні зор. Қазақ ертегілері сан алуан.

Ертегі арқылы айнала қоршалған ортаны барлай алады, табиғаттың сиқырлы сырларын сезіне біледі, халықтың әдемілік және әдептілік жайлы ұғымдарын бойына сіңіреді, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып туралы түсінік алып, адамгершілік тәрбиесінің бастауларына ден қояды.

Өскелең ұрпақты жан-жақты жетілген адамгершілігі  мол азамат етіп тәрбиелеуде ертегінің алатын орны ерекше. Ертегі адамның қиялына қанат бітіреді. Білмегенді білгенге сүйрейді. Кімдерден, қай кейіпкерлерден аулақ болуды насихаттайды. Бұл өшпес зор туындылар бала болашағының мәнді мақсатты көзқарасын тудырары сөзсіз.

Ертегі әрбір баланың жеке-дара ой дүниесінің ең нәзік белгілерін жанып тегістейтін жанғыш болып  табылады, ал сонымен бірге ол балалардың бірінің жүрегін біріне айқара ашады, балалар ұжымында нәзік интеллектуалдың өзара қарым-қатынастарды тудырады. Ертегі шығары бұл менің балалармен рухани қатынас жасауымның ең бақытты сәттері, ал балалар үшін теңдесі жоқ ойлану шаттығы.

Табиғат аясында мұғалімнің ойынан туып, аузымен айтылған ертегі балалар үшін жарық сәуле, ол сәуле олардың ми қуысының барлық құпия түкпірлерін шарлайтын жарық сәуле. Олар ертегіге құмартады.

Ертегісіз балалар арасындағы интеллектуалдың өзара қарым-қатынастарды түсіну мүмкін емес, ертегіге әуестенбейінше ұжымдық күйініш-сүйініш болмақ емес, ертегі туындамайынша оймен шабыттанған қуаныш балаға ұғынықсыз. [21]

Мектеп табалдырығынан жаңа ғана аттаған балалар, мектеп тартып тұрады, өйткені олар ертегіден ескен теңдесі жоқ сезімдерді ұжымымен бірге сезінгісі келеді. Оларды мұғалім де тартып тұрады, өйткені олар ертегіні содан естиді, ертегіні ұйып тыңдайды. Мұғалім өмір бойы естерінде қалады, ол баланың рухани дүниесінен ең алдымен ертегі ретінде орын алады. Ертегі – бұл кішкентай дән, баланың өмірлік құбылыстарға эмоцияның баға беруі осы дәннен өсіп жетіледі.

Ертегі – бұл ой бесігі, бала тәрбиесін жолға қойғанда, ол осы бесік жөніндегі толғанулық естеліктерді өмір бойы сақтайтындай ету керек.

Ертегі – бұл ойлау ләззаты, ал ертегі шығара отырып, баланың ойлауға өз қабілетін  орнықтырады, сол арқылы өзінің ар-намыс сезімін орнықтырады.

Қазақ ертегілерінің не үшін қажет екенін әдебиет зерттеушісі ғалым А. Байтұрсынов “Ертегінің қадірі қанша деп сұрағанда, керектігіне қарай жауап беріледі. Ертегінің керек орындары:

1. Халықтың ұмытылған  сөздері ертегіден табылмақ. Олай  болса, ертегі тіл жағынан керек  нәрсе.

2. Бала әдебиеті жоқ  жерде баланың рухын, қиялын тәрбиелеуге  зор кедергі бар нәрсе. Баланы  қиялдауға, сөйлеуге үйретеді.

3. Бұрынғылардың сана  – саңлау, қалып-салты жағынан  дерек беруші үшін керегі бар  нәрсе”- деп айтқан болатын. Қазақ  халық ертегілері мейірімділікке, адалдыққа, әділеттікке, еңбек сүйгіштікке, тазалыққа, достыққа, әдептілікке үйретеді. Жамандықтан, қулықтан, өтіріктен, зұлымдықтан  аулақ болуға тәрбиелеу жолын  алға қояды. Әрдайым татулық, бірлік, ынтымақ жеңетінін көрсетеді.[22]

Адамгершілік жақсы қасиеттерді қалыптастыруға болады деп есептейді. Жақсы істерге ұмтылдыру жаман қылықтардан аулақ жүру, өнегелі мәдениетті азамат болуға тырысу адамдардың өзіне байланысты. Сондықтан адамгершілікке кір келтіретін мінездер: әдепсіздік, жеңілтектік, екі жүзділік, көрсеқызарлық, опасыздық, өркөкіректіктен қашанда аулақ болуымыз керек.

Жүсіп Баласағұнидің “ Құтты біліктің”әр сөзі, әр тарау тынысы – адамгершілік, адалдық, қайырымдылық хақындағы өнегелі ойлары әр көкіректе күмбірлеп тұрғандай. Адамгершілік тәрбиесі мен еңбек, ақыл-ой тәрбиесі бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Адамгершілік жағынан дұрыс қалыптасқан адам ғана біреуге қамқорлық жасауға дайын тұрады. Адамгершілік тәрбиесі моральдық жағынан кіршіксіз таза, қоғам мүддесі үшін еңбек ететін, жан-жақты жетілген адам даярлау сияқты тәрбиенің жалпы мақсатына бағытталады. Адамгершілік қасиетінің негізгі имандылық пен ізеттілікте. Ал сыйластық, жасы үлкенді сыйлау, сәлемдесу, үлкеннің сөзіне жөнді – жөнсіз араласпау, кісінің алдынан кесе өтпеу, көп алдына дарақыланып күлмеу, есінемеу сияқты қылықтарды жас ұрпақ санасына ақырындап сіңіру қажет. Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, қайырымдылығымен, адалдығымен, әділеттілігімен ардақталады. Моральдық қасиеттер адамдардың қимыл-әрекеттерінен, қарым-қатынасынан шығады. Жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен махаббат, әділеттік пен әділетсіздік, борыш пен намыс, ар мен ождан адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Осыны ұстанған қазақ халқы жастарды отбасында  кішіпейілділікке тәрбиелеуді бірінші міндет етіп қойған. Жастардың жадына “сіз” деген сыпайылық, “сен” деген анайылық, “Адамдықтың белгісі, иіліп сәлем бергені”, “Кішіпейілділіктен кішіреймейсіз”, “Құдай деген құр  қалмайды” деген қағидаларды үнемі уағыздаған.

Адамгершілік қасиеттің өзекті мәселесі – қайырымдылық, достық. Халық ұғымында жақсылық пен жамандық достық пен қастың адамгершілік қасиетінің екі түрлі белгісі ретінде егіздің сыңарындай қатар салыстыра суреттеген.

Жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу – жоғарыда айтылған мінез- құлықтың дағдыларын ережелеріне үйретеді. Адамгершілікке үйретудің негізгі жолы -  оқу процесі мен оқушылардың күнделікті өмірін, іс-әрекетін тиімді тәрбие шараларын ұйымдастыру. Оқушылардың адамгершілік туралы түсінігі мол болғанымен тәжірибеде іс-әрекеті, тәртібі біліміне сәйкес келмейтін жағдайлар кездеседі.  Олар жақсы, жаман әдеттерді білгенімен, оны өз өміріне сәйкестендіре, тәртібінде іске асыра алмайды. Өйткені, ережені есте сақтау оңай да, оны іске асыру қиын.

Сондықтан адамгершілік жайында түсінік білім берумен қатар дұрыс тәртібін, іс-әрекетін ұйымдастыруды көздейді. Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнына үлкенді сыйлау, беделін мойындау, еңбек адамдарын құрметтеу, қамқорлық жасау, адалдыққа, шыншылдыққа, қарапайымдылыққа, мақсаттылыққа, шешімділікке, табандылыққа, белсенділікке, батылдыққа, ұстамдылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу де жатады. [23]

Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу міндеттерінің сәтті шешілуінің бір жолы мақал мәтелдерді пәнішілік, пәнаралық негізде ұйымдастырып, оларды мазмұндық бірлікте пайдалануға байланысты. Білім алудың тиімді амалдарын, олардың түпкі мәнін терендете нақты түсінбей, механикалық түрде орындауға болмайды. Сондықтан, оқушылардың білімі мен тәжірибесіне сүйене отырып образдық салыстыруларды пайдалана отырып, әрбір сөздің, сөйлемнің мәнін түсінуін қамтамасыз ету қажет. Теория жинақты берілген сайын (мақал – мәтел, оның түрлері, тақырыптары, анықтамалары т.б( оқушының ой – пікір жүйесі анығырақ келеді.

Бастауыш саты оқу бағдарламасына қазақ тілі, ана тілі оқулықтарына талдау жасау онда мақал – мәтелдердің қандай көлемде қамтылғандығын, олардың қаншалықты адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында бағытталғандықтан, мазмұндық бірлігін, пәнішілік, пәнаралық шарттырдың орындауын анықтауға тырыстық. Оқу жоспарында ана тіліне 136 сағат, қазақ тіліне 136 сағат бөлінген (аптасына 4 сағат)[24]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

қорытынды

Егеменді елдің өркениет жолына бет бұрысында мектепті қайта түлетуде толғандыратын мәселелер көп. Солардың бірі бастауыш мектеп оқушыларын ұлттық – рухани негізінде тәрбиелеуге ерекше мән беру. Рухани байлықтар – ұлттың өзін – өзі тануының және танытудың, ұлттық жігер қайратты жұмылдырудың, оны белсенді әлеуметтік іс – қимыл, әрекетке араластырудың құралы деп қараймыз.

Көшпелі тұрмыс салтында мақал – мәтелдер мектеп пен мұғалімнің, кітап пен баспасөздің қызметін алмастырады. Ол айналадығы дүние туралы емес, ұстаздық, тәлімгерлік рөл де атқарған. Адам бойындағы жақсылықты үйретіп, жамандықтан сақтандырған. Сондықтан қазақ мақал – мәтелдерінің бала тәрбиесінде орны ерекше.

Бала ұғымына лайықты пайдаланып, кеңестерде айналадығы дүние мен адамдардың өзара қарым – қатынасы әр қырынан қамтылған сан алуан ақпараттар бар. Мұндағы – адамның жақсы, жаман қасиеттері, елін сүю, ата – ананы құрметтеу, үлкенлі сыйлау т.б. үлгі өнегелер болса бала санасына жетерлік.

Бүгінгі таңда халықтың рухани мұраларына бет бұрып, оның адамгершілікке бастайтын тұстарын іздестіре түсу қажет. Біздің зерттеу жұмысымыздағы басты мақсат қазақ мақал – мәтелдерінің жас жеткеншек ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеуге бағыттау мүмкіндіктрін пайдалану болып табылады. Өйткені мектептің бастауыш буынында қазақ мақал – мәтелдерінің адамгершілікке тәрбиелеу мүмкіндіктерінің қамтылуы  өз дәрежесінде еместігі сезіледі, атап айтқанда: а) мақал – мәтелдердің адамгершілікке мазмұнынан гөрі сыртқы көрінісіне көңіл бөлуі; ә) мақал – мәтелдерді адамгершілік тәрбиеге бағыттау (қарым –қатынас, мінез – құлық, тәртіп); б) адамгершілік бағыттағы мақал – мәтелдердің мазмұндық бірлікте, пәнаралық байланыста қарастырылмауы.

Бастауыш мектепте қазақ мақал – мәтелдерін адамгершілік тәрбие беруге бағыттау жоғарыда көрсетілген толықтырулырдың орын алмауына ықпал етеді. сондықтан, ғылыми негізделген әдістемелік негіздеррімен тәжірибе – эксперимент жұмысын ұйымдастыру қажеттілігі туындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдалынған әдебиеттер

1. Н.Ә. Назарбаев 

2.Тәрбие жұмысының әдістері. С.Губашева, А.Отарбай  Астана 2011   

3.Муканов.М.С. Қазақ киіз үйі –Алматы..,1981.-185 б.

4.А.Э.Измайлов. Орта Азия. Қазақстан халықтарының халық педагогикасы. Москва

5.Шоқпарұлы Д. Қазақ халқының көл-өнері: ғылыми зертеу енбек-Алматы, 1987-128 .б.

6.Арғынбаев Х.колөнері –Алматы:Өнер 1987-187 б.

7.Дүйсенбінова Р.Қ. Қазақ  этнопедагогикалық мектептің оқу-төрбие  процесіне ендірудің ғылыми-педагогикалық  негіздері: пед.ғыл.докт. авторефераты  – Алматы 2004-42 б.

8.Шалғынбаев Қ.Қ. Қазақ  халық педагогикасындағы еңбек  тәрбиесі-Алматы 2006-288 б

9. Давыдов В.В. Теория развивающего обучения. - М., 1996.

10.Волков.Г.Н.Чуваншская народная  педагогика-Чебоксары:Чуваш.Кн.изд. 1958-259 с.

11.Төлеубекова .Р.К. Жоғары  сынып оқушыларынын жаңа әлеуметтік-мәдени  жағдайда адамгершілікке тәрбиелеудің  ғылыми педагогикалық негіздері: пед.док...ис – Алматы 2006-288 б. 
         12.Сатканов О.С. Жалпы білім беретін қазақ мктебінің бастауш кластарында енбеке үйретуді ұлттық колөнері негізінде жетілдіру:пед.ғыл.канд. автореферат:Алматы-1993 б. 

Информация о работе Оқушылардың адамгершілік тәрбиесі халық педагогикасында