Оқушылардың адамгершілік тәрбиесі халық педагогикасында

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2015 в 13:53, курсовая работа

Краткое описание

Республика білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев білім және ғылым саласында түйінді мәселелерді шешудің төте жолдарын ұсынып, тәрбиенің үш өзекті бағытын айқындайды:
- Бүгінгі жастар осы заманның сыншысы да, тарихшысы да болатындықтан жастармен жүйелі жұмыс жүргізуіне баса назар аударды;
- Қазақстанда жүріп жатқан осы ауқымды өзгерістерге байланысты педагогикалық кадрлар дайындау жүйесін құру қажеттігін көрсетті, ең алдымен бүгінгі мұғалім кәсіби білімімен, шеберлігімен қатар, жастарға өзінің бойындағы адалдық, адамдық, тазалық, гуманистік және өз Отанын сүйе білу, ең жоғарғы адамгершілік қасиет сапаларымен ықпал жасай отырып тәрбиелеуі керектігіне мән беру қажеттігін айтты;

Вложенные файлы: 1 файл

курсовое.docx

— 65.06 Кб (Скачать файл)

Көп ұлтты Қазақстан жағдайында аралас мектептегі адамгершілік тәрбие мәселесі В.А. Кимнің еңбегінде негіз болады. Әрбір этникалық топтың бір ұжымда тәрбиелену барысында олардың ұлттық ерекшеліктеріне, салт –дәстүріне, әдет-ғұрыптарына аса мән бере отырып, адами құндылық қасиеттерін қалыптастыруда әр ұлт өкілдерінің ықпалын жан-жақты ашып көрсетеді. [17]

Бүгінгі таңдағы мектептер балаларға таза ғылыми негіздегі білімдерді бере отырып, олардың жүректеріне рухани және адамгершілік, имандылық құндылықтарын енгізуді екінші қатарға қалдырады немесе тіпті мән бермейді. Соның салдарынан жастарымыздың бұзылып, рухани-адамгершілік, имандылық дегеннің не екенін білмей өсуіне әкеліп соғуда. 

Адам баласы үшін – отбасы мейірімділіктің қайнар көзі. Ол отбасынан адам баласына қажетті тәлім-тәрбие, өмір заңдылықтарын осы ортадан алады. Сондай-ақ үлкенге құрмет кішіге ізет, ізеттілік, инабаттылық, адамгершілік және имандылық міндеттерін өз санасына құяды. Отбасы – сүйіспеншілік пен мейірімділік ошағы. Қазақ ата-бабамыз «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»  деп отбасы тәрбиесінің жобасын байқап отырған. Балаға туған тілі, жері, салт-дәстүрі, тарихын үйлесімді мейірімділікпен шектестіре отырып, санасына құйып отырған. Бұл жөнінде М.Шахановтың туған тілі, жері, салт-дәстүрі, және тарихты төрт ана деп, өз анасына теңестіруінде де үлкен философиялық мән бар. Құдіретті өз анаңның мейіріміне ешнәрсе тең келмейтінін адам баласы жақсы білген. Демек, әлемдегі барлық мейірімділік пен имандылық өмір заңдылықтарын ескеру ана мейірімі мен атаның тәрбиесі арқылы беріледі  .

Сондықтан да қазақ халқы «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деп бала тәрбиелеуші ата-аналардың да өнегелі болуын талап еткен. Көргендікті әуелі көп алдында өзің көрсет. Балаңды да, тәрбиеленушіңді де бетімен жіберме. Бесіктен белі шықпаған сәби шағынан жақсылыққа үйрет, жамандықтан жирен. «Бас мүлгісе, аяқ сүрінеді» дегендей, ең әуелі өзің үлгі бол, ұрпағың сонда ғана өнегелі тәрбие алады деп жалпы тәрбие мәселесіне,

әсіресе, жақсы тәрбиенің игі ықпалына қазақ халқы өте-мөте үлкен мән берген. Халқымыздың педагогикалық қағиданы парасатты мақал-мәтелдер арқылы шебер бейнелейтініне тәнті боласыз.  Оған мәселен, «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», «Өнеге көші өлшеусіз», «Жақсы атты тай жағалайды», «Ата көрген оқ жанар, ана көрген тон пішер» т.б. мақал-мәтелдері дәлел. 

Қазіргі кезде көп ата-ана баламыз компьютерді, ағылшын тілін меңгерсе болды уақыт талабына сай жетілген тұлға болады деп ойлайды. Ал, біздің пайымдауымызша ең алдымен әрбір бала адами тамаша қасиеттерді бойына жинақтаған, толыққанды жетілген дұрыс адам бола білуі шарт. Сонан кейін ғана білімін тереңдете алады. Адамдардың адами рухани-адамгершілік құндылықтарының орнындағы кемшіліктерді ешқандай да академиялық білімдердің толықтыра алмайтынын өмірдің өзі көрсетіп отыр.     

 Жас ұрпақты рухани-адамгершілікке, салауаттылыққа тәрбиелеуде адамгершіліктің  ақ жолынан айнымаған бұрынғы  өткен ақыл-ой алыптарының мұра  етіп қалдырған өсиет сөздері  және ғұламалардың ғибраттары  арқылы қоғамымызда салауатты  өмір салтын қалыптастыруымызға  болады. Сонда ғана бүкіл жер  бетінде, әсіресе, жастар арасында  бой көрсетіп жатқан маскүнемдік, нашақорлық, жезөкшелік, парақорлық, дүниеқоңыздық, көреалмаушылық сияқты кеселдерден  мемлекетіміздің болашағы – жас  ұрпағымызды қорғап қаламыз және  аман сақтаймыз.      

 Қазақ халқы балалар  тәрбиесінде ауыз әдебиетінің  елеулі туындысы – мақал-мәтелдерге  ерекше мән беріп, үнемі ұтымдылықпен  орынды пйдалана білген. 

Мектеп оқушыларын адамгершілікке  тәрбиелеу ең алдымен оқыту үрдісі барысында жүзеге асады. Үлкенді сөйлеудің, ата-аналарды құрметтеуге, еңбектенуге, ізеттілік сақтауға  үйренеді. Бұл жаста балалар сапалы тәртіпке, жолдастық өзара көмекке, адамның көңіл-күйін түсінуге дағдыланады. Олар мектепте оқу -әрекетіне өзінің қатынасын, жанұяда, қоғамдық орында өзін-өзі ұстауды  біледі. Соның  нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының дербес және қоғамдық мінез-құлқы және адамгершілік қарым-қатынасы байқалады.

Мектеп оқушыларына тәрбие беру тек жеке  пәндер арқылы ғана емес, сыныптан тыс тәрбие сабақтарында, үйірме жұмыстарында адамгершілік тәрбиеге баулуға болады. Ондай жұмыстар түріне сынып жетекшінің этикалық жарыстар, пікір сайыстар жатады.

Жасөспірімдерді адамгершілікке тәрбиелеуде өмірде кездесетін көптеген жағымсыз жәйттерден сақтандыру мәселесі ескеруіне тиіс. Мұндай мәселелерде әсіресе жанұяның рөлі ерекше. Себебі тәрбие жанұядан басталады.[18]

 

 

II. ОҚУШЫЛАРДЫҢ АДАМГЕРШІЛІК  ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРДА ХАЛЫҚ  ПЕДАГОГИКАСЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ РӨЛІ

2.1Оқушылардың  адамгершілік тәрбиесі қалыптастыруда халық педагогикасының мұрат мақал-мател пайдаланудың ерекшеліктері.

Қазақ халқы қашанда келер ұрпағын өзіне дейінгі қоғамда қолы жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны жинақтап пайдалана отырып, шынайы адамгершілік қасиеттерге баулып тәрбиелеуді мақсат еткен. Рухани-адамгершілік тәрбиесі – адамзат қоғамын үнемі толғандырып келе жатқан күрделі мәселенің бірі.

Қазақтың тәлім-тәрбие мектебі отбасына сіңісіп, қалыптасқан, ата-бабалар қалдырған тәрбиелік мұралар, халық арасындағы беделі зор, имандылық-адамгершілік, әлеуметтік, қоғамдық заңдылықтардың ұлттық талаптарына берік, билердің, ақын-жыраулардың өсиеттері, ғибраттары, халықтың мұңы мен мұраттарын, асыл арманын, ерлігін көрсететін ауыз әдебиеті мақал-мәтелдері, тиымдары, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері екенін ағартушылар, педагог- ғалымдар еңбегінен білеміз.      

 Осы орайда біз өз  зерттеу пәнімізге орай қазақ  халқының дәстүрлі педагогикасындағы  айрықша орын алатын ұлттық  мұралар қатарында мақал- мәтелдер  мен ұлы ойшылдар еңбектерін  жас жеткіншектерге рухани- адамгершілік  тұрғыдан талдап, тәлім-тәрбие берудегі  мүмкіндігін жан-жақты тұжырымдауды  мақсат еттік.

Тарихи дамуға көз жіберсек, адам тәрбиесінде, жеке тұлғаны қалыптастыруда халықтық педагогиканың қайсы бір мұрасы болмасын бала тәрбиесінде шешуші орын алғаны белгілі.

Қазақ халқы жан-жақты дамыған адамгершілікті тұлға тәрбиелеуге ерте кезден-ақ зор мән беріп, ұрпақ тәрбиесінде халық ауыз әдебиетінің шығармашылығына сүйеніп, соны тірек еткен. Мәселен, халқымыздың мақал-мәтелдері жай ғана айтылған ұйқас сөздер емес, олардың бәрінің тәрбиелік, адамгершілік мәні болған. Бұған; «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», «Заманына қарай амалы», «Адамды заманы билейді», «Әдептілік ар-ұят-адамдықтың белгісі», «Сақалды адам сағынды сындырмас», деген тәрізді кісілік қасиеттерді, парасаттылықты арқау еткен мақал-мәтелдер дәлел бола алады.

Тәрбие мәселесін ұстаздар қауымының мойнына арта салумен іс бітпейді. Оның нәтижелі болуы ата-аналар мен қоғамдық ортаның тәрбие ісінен шет қалмай белсене араласуына, адам тәрбиелеудегі жауапгершілікті бірлесе көтеріп, жұмыла істеуіне тікелей байланысты. Ол жөнінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заң жобасының 35- бабында: «Ата-аналар балалардың өмірі мен оқуы үшін олардың денсаулықтарын, рухани әрі дене қуатының қауіпсіз дамуын, адамгершілік жағынан дұрыс қалыптасуын қамтамасыз етуге міндетті» делінген [25, 158]. Мұндай жағдайларда отбасылық дәстүрлердің тәрбиеге тигізер ықпалы зор. Білім министірлігінің тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: «Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы

мен мәдениетін жетілдіру әділетті қоғамның басты міндеті» бар деп айқын көрсетілген.      

 Мақалдар – нақыл, өсиет түрінде айтылатын философиялық  ой түйіндері, сөз мәйегі. Мақалдар, көбінесе өлеңдік өрнекпен, сабырлы, салмақты ырғақпен айтылады, қара  сөзбен, яғни шешендікпен айтылатын  мақалдар да бар. Мақал, негізінен, екі бөлімнен ( екі тармақтан) құралады. Бірінші бөлімде пайымдау, екінші  бөлімде ой қорытындысы айтылады.

Қазақ халқы – сөз қадірін біліп, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын  өлең өрнектерімен, терең мағыналы сөздермен зерлеп келе жатқан халық. Сөз зергерлерінің аузынан шыққан мәтелдер мен мақалдарды үздіксіз пайдаланып, үлгі етіп, ұрпақ тәрбиесіне парықтап пайдалану дәстүрге айналған.      

 Мақал-мәтел халықтың  өмір заңдылығын, тұрмыс-тіршілік  қалпын баяндайтын көркем шежіре  іспеттес. Олар қоғам өміріндегі  әлеуметтік құбылыстарды, адамның  мінез-құлқын, табиғат пен тіршілік  сырларын, оның қайшылығын таныта  отырып, терең ғибрат, үлгі-өнеге  ұсынады. 

Қазақ ауыз әдебиетті нұсқаларын жинаушы әрі зерттеуші М.Әлімбаевтың сөзімен айтқанда, «Мақал-мәтелдер – халықтың моральдік кодексі, тәрбие қағидасы, атаның артындағы ізбасарына қалдырған өнегелі өсиеті» .

Ғасырлар бойы халықпен бірге жасасып келе жатқан мақал-мәтелдердің кейбіреулері заман ағымына орай қолданыстан шығып қалса, екіншілері жаңғырып, жаңадан пайда болып отырады. Халық мақал-мәтелдерінің

өміршеңдігі-оның тілінің көркемдігі мен мазмұнының тереңдігінде, аз сөзбен көп мағына бере білу қасиетінде, балалардың жадында сақтап жаттауына, керек кезінде тез еске түсіруіне қолайлығында .

Ұрпағына ізгі тәрбие беруді мақсат еткен халқымыз тәрбие мәселесіндегі өз тәжербиесін, ойға түйген, ұстанған қағидасын, ұсынар тағылымын мақал-мәтелдер арқылы қорытындылап, тұжырымдаған. Тәрбие жөнінде «Балаңа басқұр қалдырғанша, тозбас дәстүр қалдыр» деп аталы сөз айтқан.

Қазақ мақал-мәтелдерінің тақырыбы сан алуан (елдік, еңбек, ынтымақ, бірлік, адамгершілік т.б.). Соның тәрбие саласына қатысты бірнешеуіне тоқтала кетейік.

Жасы үлкенді құрметеген ата-бабаларымыз «Халықтың қартын сыйлауы-елінің салтын сыйлауы», «Ұлық болсаң – кішік бол», «Үлкенін ұлықтап өскен ел ойсырамайды», «Мейірімділікті анадан үйрен, әдептілікті данадан үйрен»,- дей отырып, ұрпағына өз туған ата-анасын ардақтау, әкенің күшін, ананың ақ сүтін ақтау басты парыз екенін ескертеді.

Сондай-ақ, «Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас», «Кеңесіп пішілген тон келте болмас», «Жалғыз ағаш үй болмас, жалғыз адам би болмас» деген мақалдар арқылы көптің көмегінсіз ешқандай іс бітпейтінін, көпшіліктің ойымен, ақылымен санасып отыру керектігін білдіреді, тыңдаушысын ынтымақ-бірлікке, көпшіл болуға шақырады.

Халық «Білегі жуан бірді жығады, білімі жуан мыңды жығады», «Білімдіге – емеурін, білімсізге – тегеурін» деп, ілім-білімді уағыздаса, «Білім қымбат», «білу қиын», «Оқу инемен құдық қазғандай» деу арқылы білім алуға, ғылымды меңгеруге қажымас қайрат, табандылық, таудай талап керектігін айтып, ұл-қызын осы қасиеттерге тәрбиелейді.

Өз елін, туып-өскен жерін адалдықпен сүюі, ерлікпен қорғай біліуі әр азаматтың борышы, ардақты міндеті болып саналады. Осы идея халық мақал-мәтелдерінде өзекті орын алған. Оны «Кісі еліңде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі», «Туған жерге туың тік», «Ер-елінде, гүл-жерінде», «Ер жігіт үйде туып, түзде өлер» т.б. мақал-мәтелдерден көруге болады.

Кең сахарасын ғасырлар бойы найзаның ұшы, білектің күшімен қорғаған қаһарман қазақ халқы жас ұрпағын ерлікке, батырлыққа, патриотыққа ерте баулуды мақсат еткені осы мақал-мәтелдерден анық аңғарылады.

Саралап қарасақ, халық мақал-мәтелдеріне арқау болмаған тәрбие саласын кездестіру қиын. Бұдан «Дұрыс қанаттанған түзу ұшар» деген қағиданы басшылыққа алған халқымыздың өз ұл-қызына дұрыс, жүйелі тәрбие беруді басты мақсат тұтқыны, ұрпақ тәрбиесінің ешбір қырын көзден таса қалдырмағаны айқын аңғарылады. Өз елін, туып-өскен жерін адалдықпен сүюі, ерлікпен қорғай біліуі әр азаматтың борышы, ардақты міндеті болып саналады. Осы идея халық мақал-мәтелдерінде өзекті орын алған. Оны «Кісі еліңде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі», «Туған жерге туың тік», «Ер-елінде, гүл-жерінде», «Ер жігіт үйде туып, түзде өлер» т.б. мақал-мәтелдерден көруге болады [31,35]. Кең сахарасын ғасырлар бойы найзаның ұшы, білектің күшімен қорғаған қаһарман қазақ халқы жас ұрпағын ерлікке, батырлыққа, патриотыққа ерте баулуды мақсат еткені осы мақал-мәтелдерден анық аңғарылады.

Саралап қарасақ, халық мақал-мәтелдеріне арқау болмаған тәрбие саласын кездестіру қиын. Бұдан «Дұрыс қанаттанған түзу ұшар» деген қағиданы басшылыққа алған халқымыздың өз ұл-қызына дұрыс, жүйелі тәрбие беруді басты мақсат тұтқыны, ұрпақ тәрбиесінің ешбір қырын көзден таса қалдырмағаны айқын аңғарылады.

Тәлім-тәрбие – ақыл-ойдың жемісі. Ол ұзақ мерзімді тәжірибелер арқасында қалыптасады. Ақыл - көрген - білгенді, қоршаған орта болмысын тек қабылдаудан алған әсер ғана емес, оны үнемі ой елегінен өткізіп, сарапқа салып отыру, түйінді нәтижені өмір-тіршілікте қолдана білуге баулу мәселесі қазақ тәлімінің басты қағидасы болғанын халық ауыз әдебиеті үлгілерінен танып білеміз. «Ақылдың көзі- аталы сөз», «Білімдіден шыққан сөз-

талаптыға болсын кез», «Алтын шірімейді, ақыл арымайды», «Ақыл азбайды, білім тозбайды» т.с.с. мыңдаған мақал-мәтелдердегі мазмұны біздің ойымыздың  дәлелі іспеттес.

 

 

2.2Оқушылардың  адамгершілік тәрбиесін қалыптастыруда халық педагогикасы пайдаланудың жолдары.

Өмірде баланың тәрбиелеудің мазмұнын белгілеу жетекші орын алады. Соңғы кезде білім мазмұнының тұжырымдамасында тәлім-тәрбие мазмұнының негізгі алты жағы: ақыл-ой тәрбиесі, имандылық тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, эстетикалық тәрбие, тілдік қатынас тәрбиесі, дене тәрбиесі көрсетілген. Аталған тәрбие түрлерінің мақсаты дүниенің шындығын өз мәнінде танитын, эстетикалық сезімі, талғамы жоғары, іс-әрекетке жарамды, өзгелермен қарым-қатынас жасауға бейім, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық жасайтын жастарды тәрбиелеу. Қазіргі кезде баланың бойында ұлттық намыс қайырымдылық сезімін қалыптастыру айрықша орын алады. Өйткені әрбір  адам ана тілінде өз халқының тәлім-тәрбиесін алуы арқылы өзге ұлттың өкілі алдында өзінің дамығандығын көрсете алады. Бұл тәрбие саласындағы өзін-өзі дәріптеу емес, терезесі тең ұлт ретінде өзінің әдет-ғұрпын, салт –дәстүрін өзгелерге таныту. Оның ықпалынан болған қасиеттерін мақтаныш ету.

Информация о работе Оқушылардың адамгершілік тәрбиесі халық педагогикасында