Педагогика пєні жайлы ұғым

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 19:55, лекция

Краткое описание

Педагогика пєні , адам тану ѓылымыныњ ішіндегі жетекшілерініњ бірі ретінде, µте кµне ѓылымдардыњ бірінен саналады.
Педагогиканыњ ѓылым ретінде µз пєні, яѓни ѓылыми таным-білімніњ белгілі бір саласы бар. Б±л ќоѓамныњ жас ±рпаќты µмірге даярлау жµніндегі ерекше міндетті ќызмет (функциясы)- тєрбие беру саласы болып табылады. Педагогика бала жайындаѓы ілім, олай болса, ол ±рпаќ тєрбиесі жайындаѓы ілім. Педагогика гректіњ “paidagogas” –баланы жетектеуші, ертіп ж‰руші сµзінен алынѓан. Ењ алѓашќыда б±л сµз ќ±л ќожасыныњ баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін келе ол тєрбие туралы ѓылымныњ аты ретінде ќалды. Тєрбиеніњ негізгі маќсаты – жинаќталѓан білім мен ќоѓамдыќ- тарихи тєжірибиені жеткіншек ±рпаќтарѓа беру.

Вложенные файлы: 1 файл

Педагогика пєні жайлы ұғым.doc

— 961.50 Кб (Скачать файл)

 

Жарыс – адамға, қоғамға қажетті  сапаларды тәрбиелеуде оқушылардың  табиғи, бәсекелестік қасиеттерін бағыттайтын әдіс. Жарысу әсіресе, үлгермеушілер арасында маңызды болып, олардың дамуы үшін қажет болған мақсатты ынталануға жол ашады. Жарысты ұйымдастыру оңай шаруа емес, ол тәрбиеленушілердің психологиясын толық білуді талап етеді. Жарысты ұйымдастыруда мына мақсатқа орай ескеру қажет:

 

жарысты белгілі мақсатқа орай ұйымдастыра  білу;

 

жарыстың бағытын белгілеп, мазмұнын анықтау.

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:

 

1. Тәрбие әдістерін сіз қалай  түсінесіз?

 

2. Тәрбие әдістері мен тәсілдерін сипаттаңыз?

 

3. Әртүрлі тәрбие әдістернің  өзара байланысын сипаттаңыз

 

 

3 - тақырып

 

ТӘРБИЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

 

 

Қарастырылатын мәселелер:

 

 

Тәрбие өнері мен тәрбиелеу  технологиясы.

 

Тәрбиенің комплекстігі және тәрбиелік  істер.

 

 

 

1.Тәрбие өнері мен тәрбиелеу технологиясы.

 

Тәжірибеде теория технология көмегімен  іске асады. “Технология” сөзі “техно”  – өнер, шеберлік және “логос” –  ғылым деген сөздерден құралған. Технологияның өндірістік процестегі мәні – бұл қолдану кезінде  алдын – ала белгіленген нәтижеге жеткізетін, берілген саны мен сапасы арқылы тауар алуға керек болар ғылыми – өндірістік әдістер, құралдар мен алгоритмдер жүйесі. Қазіргі өндірістер осы технологияға негізделеді. Технология бұл өндірістің қол жеткізер деңгеінің шоғырлы көрініс белгісі, ғылыми жетістіктерді енгізудің тәсілімен нәтижесі. Кез – келген іс – әрекет негнізінде технология немесе өнерлік сипат бар. Өнер интуицияға негізделеді, ал технология ғылымды арқау етеді.

 

 Технология әзірге жасалынбаса,  онда жеке шеберлік үстем алады. Бірақ ерте ме, кеш пе “ұжымдық шеберліктің ” жинақты көрінісі технологияға айналды.

 

 Соңғы кезге дейін “ой  шығармашылығы”, оның ішінде адам  тәрбиесі де технология түсінігінен  тыс болатын. Қазіргі педагогикалық  теория технологияның мақсаттылығын рационалды, яғни ұтымды екендігін мойындайды, бірақ мектеп өндірісіндегі механикалық түрде өтуімен ешбір келіспейді.

 

 Мектеп тәрбиесі мен өндіріс  түсініктері бір – бірінен  алыс емес. Өндіріс сияқты мектепке  қоғам өзінің әлеуметтік тапсырысын  жасайды, өндірістегі сияқты мектептің де алдына қойылған міндеттеріне белгілі материалдық базасының болуы көзделеді. Осы міндеттерді шешуге өндірістегідей тәрбие процесіне бағытталады. Бұл процестің негізі – жоспарланған нәтижеге жету тәсілдерімен, сол тәсілдердің модельденуімен, адамдар іс – әрекет және қылығын басқарумен байланысты педагогтардың тәрбиелік іс – әрекеті. Мұндағы педагогтардың басқару іс – әрекеті өндірістегідей жүйенің жағдайы және оның жүргізілу пәрменділігін сипаттайтын ақпараттар негізіндже іске асырылады.

 

 Мектептегі тәрбие жүйесі  сонымен бірге өндіріс секілді  қоғамдық мақсаттар жолында материалдық  базаны іске қосып, оқу тәрбителік  міндеттерді шешуге, педагогтар  ұжымына арналған процестер бағдарын  түзеді, яғни әртүрлі іс – әркеттерін  басқару ұйымдастырып, сонымен бірге оларды орындаушыларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететін комуникативті желіні іске қосады.

 

 Бірақ адам тәрбиелеу технологиясының  өзіндік ерекшеліктері болатынын  ескеру қажет. Өндірістегі қарапайым  да анық жұмыс барысына қарағанда мектептегі технологияның күтілмеген күрделі жәіттері мен белгілері сан – қилы, олар:

 

1. Тәрбие процесінің өндірістік  процестен айырмашылығы оның  біртұтас болуында. Тәрбие процесін  жеке операцияларға бөліп –  жаруға, жеке қасиеттер қалыптастырып,  педагогикалық ықпалдарды кішігірім қадамдар ретінде іске асыру қиынға соғады. Тәрбиелік ықпал бірізді – паралель схемада емес, комплекс түрде орындалады.

 

2. Сапаларды қалыптастыру әдістемесін,  яғни “технологиялық операцияларды”  игеруші тұлғаларды тәрбиеге  тарту мәселесін өте байыппен, салмақұты шешу керек. Тәрбиеші алдында технологиялық процестиі басынан аяғына дейін жүргізу қажеттілігі тұрады, яғни тәрбие жалпы технологияға негізделген  жеке шеберлікпен  ұштасады.

 

3.  Тәрбие технологиясы барлық  тәрбиешілерге ортақ, ол тұлғаны  жан – жақты қалыптастыру, оны  дамыту жолындағы барша кезеңдермен  толық қабылдануы тиіс, оларды  анықтап нәтижеге жету бағыт  – бағдарын көрсетупедагогика  ғылымының міндеті. Тәрбие мәселелерін  технологиялық шешуде ә!рбір тәрбиеші мақсатқа қол жеткізудің мехнатты жолын алдын – ала белгілеген “өзекті нүктелердің” арасында әрбір тәрбиеші өз мүмкіншілігіне және нақты жағдайларға байланысты шеберлік әрекетін жасай алады.

 

 Қазіргі тәрбие тәжірибесі  өзінің өтпелі кезеңінде тұр . Тәрбиешілердің көбі ғылыми технология бойынша жұмыс істеуді әлі де мойынсынбайды, бірақ тәрбие міндеттерін шешудің жекелей интуитивті жолынан жалпы бұрылыс көрініс бере бастайды. Пайдасы көп, сарапталған технологиялық жаңалықтарды енгізуге педагогтар қауымы ыңғай танытуда.

 

 

2.Тәрбиенің комплекстігі және  тәрбиелік істер.

 

 Тәжірибелік технологиядағы  біртұтас тәрбие  процесі оның  құрылым бірліктерін комплекті  түрде қабылдау арқылы іске  асырылады. Комплексті ықпал тәрбиелік  мақсаттардың, міндеттердің, мазмұнның,  әдістер мен формалардың бірлігін білдіреді.

 

 Комплексті қажеттік тәрбие  теориясы мен мектептегі тәрбие  жұмысы тәжірибесінің соңғы он  жылдықта жетекші процестердің  бірігімі ретінде танылуына байланысты  болды. Бұл процесстер уақытында  өз бетінше ұйымдастырылатын, сонымен өзінше жетілетін құбылыс деп есептелінеді. Осыдан бұл процессте біртұтас тұлғаны қалыптастыруғ емес, сол тұлғаның жеке – дара қасиеттерін қалыптастыруға көп көңіл бөлінді. Тұлғаны жан – жақты, үйлесімді дамыту принципі бұзылды.

 

 Қаззіргі тәрбие технологиясы комплексті бағыт мәселесін шеш отырып мынадай талаптарды орындайды:

 

1. Тәрбиешілерге үш бағытта,  яғни санасына, сезіміне және  қылықтарына әсер етуі.

 

2. Тәрбие және өзіндік тәрбие  бірігуі арқылы дұрыс нәтижеге  қол жеткізу. 

 

3. Тәрбиеге қатысты барлық факторлардың бірлігі мен реттелуі – тәрбиеге комплексті түрде қараудың кезек күттірмес шарты.

 

4. Тұлғада берілген қасиеттер  тәрбиее істьерінің жүйесі арқылы  қалыптасады. Бұл істер бір  арнаға бағытталып, процесстегі  ой, дене, адамгершілік, эстетикалық  және еңбек тәрбие міндеттерінің бір мезеттеорындалуын талап ететіннақты комплексті сипатта болуы қажет.

 

5. Тәрбиеге комплексті қарау  тәрбие процесінің және оны  басқарудың жүйелілігін талап  етеді. Тәрбиедегі сырт және  ішкі факторлар мен олардың  өзара байланысын ескермей тұрып, басқару табысты болмайды. Ол үшін бұл факторлар мен олардың әсер ету сипаты туралы педагогтың айқын түсінігі болуы шарт.

 

 Негізгі факторларп қатарына  жататындар:

 

1) оқушының өмір сүру қалпы; 2) әртүрлі аймақтардың өмір сүру  жағдайлары мен дүниеәстүрлері; 3) бұқаралық ақпарат және насихат құралдары; 4) ұжымның өмір сүру жағдайы мен даму деңгейі; 5) оқушының ұжымдық қатынас жүйесіндегі жағдайы; 6) тәрбиеленушінің жеке және тұлғалық ерекшеліктері.

 

 Тұлғаны толық қалыптастырудағы  комплекстік осы жағдайлардың біріккен сипаты ретінде ескерілгені жөн.

 

 Тәрбие комплекстігінің маңызды  шарты – тәрбие мақсаттарының,  мазмұнының, формалары мен әдістерінің  бірлігі. Мұндай бірлікке келген  ой әрекеттің қара – қарсылықсыз  орындалуы және алға қойған мақсат, міндеттің нәтижелерімен сәйкес келуі комплекстің жоғары деңгейде іске асқаны.

 

 Тәрбиенің жүйелілігі, комплекстілігі, бірізділігі, үздіксіздігі “тәрбие  ісі ” деген түсінік береді. Бұны соңғы кезде теоретиктер  мен практиктер көп қолданып  жүр. Тәрбие ісі – тәрбиеленушілердің нақты іс - әрекетін ұйымдастыру мен дамытудың бір түрі. ТІ ең бастиы ерекшеліктері - қажеттілігі, пайдалылығы, міндетті орындалатындығы.

 

 Тәрбие процесі үздіксіз  жалғасты ТІ - нен тұрады.

 

ТІ ұжымдық және шығармашылық сипатта  болатындықтан және  ұжымдық тәрбие істері (ҰТІ) немесе ұжымдық шығармашылық істер (ҰШІ) деп аталады. ТІ – де тәрбиеші мен оқушылардың өзара әрекетінің формасы, құралы және тәсілдері үйлесіп келеді.

 

 ТІ өз құрамында адамгершілік, эстетикалық, саяси, ақыл –  ой әсерлерін топтастырады. Іс - әрекеттік тұрғыдан ТІ тәрбие тағытын көрсетсе, комплексті қолдаудан тәрбие сипаты мен мазмұнын анықтайды.

 

 ТІ білім жүйесіне сәйкес, негізінен сабақтас құралады. Кез  – келген ТІ кезеңдері: 1) мақсат  анықтау; 2) жоспарлау; 3) дайындық және ұйымдастыру;

 

4) жұмыстың міндетті түрде іске  асуы; 5) нәтижелерді талдау.

 

 ТІ – нің  мақсаты мен  жоспарлауының негізгі көздері:

 

1) қоғамдық жағдайларға негізделген  әлеуметтік ситуациялар; 2) белгілі  бір кезеңге арналған оқу –  тәрбие мекемесі жұмыстарының бағыты; 3) тұлғада қалыптасуы қажет сапаларға анықтама.

 

 Осындай негізгі көздерінің  бірі ТІ – нің өмірлік күшін  толықтырады, оның нақты бағыты  мен көкейтестілігін айқындауға  көмектеседі. Осының арқасында  төмендегі сұрақтарға оңды жауаптар беріледі:

 

а) Тәрбиелік ықпал бағытталатын ұжым сипаты қандай?

 

б) Оның осы бағыттағы даму деңгейі  қай дәрежеде?

 

в) Істерді орындау барысында  неге қол жеткізу керек?

 

г) Жоспарлаған нәтижеге қандай тәрбие құралдар жүйесі арқылы жетуге болады.

 

ТІ педагогикалық тәжірибесін жалпылау арқылы келесі әдістемелік ережелерді ұсынуға болады:

 

1. ТІ – нің міндеттерін ерең  түсіну.

 

2. ТІ, педагогикалық іс - әрекетке  нақты және комплексті назар  сала білуден құралады.

 

3. Процесте ТІ – нің міндеттері  шешімінің баламалылығын қолдану қажет.

 

4. ТІ – нің міндеттері мен  жағдайларына қарай мазмұнын  анықтап алу өте маңызды.

 

5. ТІ әр кезеңіндегі істер  мен құралдар рационалды түрде  жобаланады.

 

6. ТІ дайындық кезінде мейлінше  ұйымдастыру сапасына мән беру  керек. 

 

7. ТІ көптүрлілігіә міндетті.

 

8. ТІ оқушылар көңілінің ең  әсерлі қозғаушы күші ретінде  қабылдануы тиіс.

 

9. ТІ “сіңірлі” дәстүрге көнбейді, икемділік және тапқырлықтың  кеңдігі – ТІ – нің өзіндік  ерекше белгілері.

 

Жоспарлау кезеңі мақсаттық кезеңнен кейін келеді. Ол мақсаттық кезеңнен теориялық жағынан бөлінгенімен, практикалық жағынан үздіксізпроцестің құрамды бірлігі. Бұл кезеңде педагог алдында тұрған маңызды міндет - тәрбиеленушілермен бірге барлық бөлшектердегі жұмыс бағыиын белгілеу, оқушылардың жеке міндеттерін айқындау, орындалған істің қалай өткенімен бірге, енді істелінетін істің қалай жасалатынын көрсету.

 

 Тәрбие істерін жоспарлауда  оқушылар да ат салысып, жұмыс  жоспарын ұйымдастыру мектебінен  өтеді. Сол үшін жұмыс жоспарының  тәжірибелік мәнін жете түсінудің маңызы зор.

 

ТІ ұйымдастыруда  мұғалімдер басшылыққа алатын 6 теориялық кезеңі ұсынылады, олар:

 

мақсатты айқын түсіну;

 

әрбір оқушының міндетін дәл анықтау;

 

мақсат пен нәтижеге қол жеткізу  үшін барлық қажеттікті дайындау;

 

нәтиже өзгерісіне орай орындалатын қосымшаларды белгілеу;

 

ТІ – не жацуапкердің есеп беру сәтін белгілеу;

 

орындаушыларға түсініктеме- нұсқау беру.

 

 ТІ -  ұйымдастыруға қатысу  тұлғаның төмендегідей маңызды  қасиеттерін тәрбиелейді:

 

а) мақсатқа жетуде шаршап – шалдықпау;

 

б) жауапкершілік;

 

в) бастаған жұмысын аяғына дейін  жеткізу;

 

г) тәртіптілік;

 

д) орындаушылық.

 

 ТІ – нің барлық процестиерін  орындау кезінде, ескерілетін  жәйттер:

 

1) тәрбиеші бастаған ісін оның  аяғына дейін назардан тыс  қалдырмауы міндетті;

 

2)ТІ – і кезінде тәрбиеші дұрыс бағыт – бағдар ұстануы қажет;

 

3) байқалған қателіктер дер кезінде  түзелуі шарт.

 

 Істің қорытындылау кезеңі  ұжымдық талқылау мен жеке  педагогикалық сарапқа бағытталады.  Қойылатын мақсат – жетістік  пен кемшіліктердің себептерін  анықтау. 

 

 ТІ талдау схемасында ескерілетін  мәселелер:

 

1. Жоспарда ТІ дайындау мен  өткізудің барша бағыт – бағдары  ескерілген бе?

 

2. Ұйымдастыру деңгейі көзделген  мақсаттар мен міндеттерге жауап  бере ме?

 

3. Мазмұн мақсаттарына сәйкес  келе ме?

 

4. Жоспарланған істерге сәйкес қор жеткілікті ме?

 

5.Істің қай бөліктері жақсы  нәтиже берді, не себепті?

 

6. ТІ жоспарлы уақыты сақталды  ма?

 

7. Орындалу мерзімін кім және  неліктен өзгертті, не бұзды?

 

8. ТІ жүйелі боды ма, әлде кездейсоқ  байланысқан бөліктермен шектелді  ме?

 

9. Жаңалықты енгізудің пайдасы  қаншалықты болды?

 

10. ТІ – нің эмоцичлық жағы  оның бастау ниетіне сай ма?

 

11. ТІ – нің сапасы қанағаттанарлық  па, оқушылардың оған қатынасы  қандай және толғандыра ма?

 

12. ТІ қатысқан тұжымның әрбір  мүшесі қандай бағаға лайық?

 

13. Оқушылардың әрекет – қылығы  ТІ – ге қаншалықты сәйкес  болды?

 

14. Педагогтың кейбір әрекетіне  оқушылар қарсылығы нелоіктен  туындайды?

 

15. Кезекті ТІ – де неден  аулақ болған жөн?

 

16. Келесі ТІ – ге қандай  жаңалықтар енгізу қажет?

 

 

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар

 

Технологиялық терминінің мәні қандай?

 

“Тәрбие текхнологиясы” түсінігінің  мазмұны неде?

 

 

4 – тақырып

 

Әлеуметтік бағдарлық және этикалық тәрбие істері.

 

Қарастырылатын мәселелер:

 

Әлеуметтік бағдарлық және этикалық тәрбие істері.

 

2. Эстетикалық және дене шынықтыру  тәрбие істері.

 

 

1. Әлеуметтік бағдарлық және  этикалық тәрбие істері.

 

 ТІ мақсаттарына қарай бірнеше  түрге бөлінеді: этикалық әлеуметтік  бағдарлы (ӘБ), этикалық, танымдық, спорт  және длене тәрбиесі, экология, еңбек  және т.б. Қоғамдық маңызы бар қасиеттерді тәрбиелеу мақсатындағы ТІ – ін ӘБ деп атайды. Бұл бағыттағы ТІ – дің негізгі мақсаты -  оқушыларды әлеуметтік қатынастар жүйесін қалыптастыру:  қоғамға, мемлекеттік басқару және құқық мекемелеріне.

Информация о работе Педагогика пєні жайлы ұғым