Педагогика пєні жайлы ұғым

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 19:55, лекция

Краткое описание

Педагогика пєні , адам тану ѓылымыныњ ішіндегі жетекшілерініњ бірі ретінде, µте кµне ѓылымдардыњ бірінен саналады.
Педагогиканыњ ѓылым ретінде µз пєні, яѓни ѓылыми таным-білімніњ белгілі бір саласы бар. Б±л ќоѓамныњ жас ±рпаќты µмірге даярлау жµніндегі ерекше міндетті ќызмет (функциясы)- тєрбие беру саласы болып табылады. Педагогика бала жайындаѓы ілім, олай болса, ол ±рпаќ тєрбиесі жайындаѓы ілім. Педагогика гректіњ “paidagogas” –баланы жетектеуші, ертіп ж‰руші сµзінен алынѓан. Ењ алѓашќыда б±л сµз ќ±л ќожасыныњ баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін келе ол тєрбие туралы ѓылымныњ аты ретінде ќалды. Тєрбиеніњ негізгі маќсаты – жинаќталѓан білім мен ќоѓамдыќ- тарихи тєжірибиені жеткіншек ±рпаќтарѓа беру.

Вложенные файлы: 1 файл

Педагогика пєні жайлы ұғым.doc

— 961.50 Кб (Скачать файл)

 

 Мақсат болжау – мақсат  пен міндеттердің өзара байланысын  тану нәтижесі.

 

 Міндет – мақсаттың бір  бөлігі , құрылым бірлігі. Міндет көрер көзге дербес, өз алдына жасағанымен, мақсат бағытында орындалып барады.

 

 

 міндет 1

 

 Міндет 1 ® мақсат 1 міндет 2

 

 міндет 3

 

 міндет 1

 

Мақсат Міндет 2 ® мақсат 2 міндет 2

 

 міндет 3

 

 міндет 1

 

 Міндет 3 ® мақсат 3 міндет 2

 

 міндет 3

 

 

Міне осыдан педагогикалық сөздікте “ тәрбиенің мақсаты мен міндеті  ”, “тәрбиенің мақсматтары мен міндеттері ” тіркестерін жиі кездестіреміз. Бұлардың бірін таңдауымыз белгілі  мақсаттың жалпы бағдарына байланысты да, бір жағдайдың өзінде де мақсаттың  мәнге де, міндеттік мәнге де ие бола беретінінен . Мысалы , мұғалім сабақты дайындауда нақты сабақ “ мақсатын” белгілейді, ал енді осы мақсаттың өзі жалпы тәрбие мақсатының міндеті болып шыға келеді. Сондықтан, дайындалып жатқан сабақ келесі аталған көп “ міндеттің” орындалу құралына айналады : мәдени , саясат бойынша жасау қабілетін қалыптастыру , адам бола білу қабілетін жетіілдіру, әлеуметтік қатынастарға араласа алу қабілетін түзу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, өмірлік бағыт қалыптастырып , өз тіршілігінің мазмұнын реттей алу қабілетін орнықтыру; отбасылық өмірге дайындық , бос уақытын мазмұнды өткізуге дайындау , өзін шығармашылықпен баулуға дайындау.

 

 

3. Қ.Р. “Білім заңы”, “Қ.Р.  орта біілімнің даму концепциясы”.

 

Қазақстан Республикасының білім  беру саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

 

Қазақстан Республикасының білім  беру саласындағы заңдары мемлекеттік  саясат принцптерін айқындайды,азаматтардың білім алуға конституциялық құқығының іске асырылуын қамтамасыз етеді,орталық және түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар арасында білім беру саласындағы құзіретті шектейді, олардың құқықтарын, міндеттерін, өкілеттігі мен жауапкершілігін белгілейді.

 

Білім беру саласындағы мемлекеттің  саясатың принциптері.

 

Білім беру саласындағы мемлекеттік  саясаттың негізгі принцптері мыналар  болып табылады.

 

1) Қазақстан Республикасының барлық  азаматтарының білім алу құқықтарың  теңдігі

 

2) Әрбір азаматтың интеллектуалдық дамуы, психикалықфизиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қол жеткізуі.

 

3)білі м берудің зайырлы сипаты.

 

4) Жеке адамның білімділігін  ынталандыру және дарындылығын  дамыту.

 

5) Білім беру сатыларының сабақтастығын  қамтамасыз ететін білім беру  процесінің үздіксіздігі; оқу мен  тәрбиенің бірлігі. 

 

6)Білім беру ұйымдарының меншік  нысандары бойынша оқу мен  тәрбиенің нысандары, білім беру  бағыттары бойынша алуан түрлі  болады.

 

7)Білім беруді басқарудың демократиялық сипаты және білім беру ұйымдарының академиялық бостандықтары мен өкілеттігін кеңейту.

 

8) білім беру ізгілікті, және  дамушы сипаты.

 

9) білімнің, ғылымның және өндірістің  интеграциялануы: 

 

10) оқушылырды кәсіптік бағдарлау.

 

11) білім беру жүйесінің ақпараттандыру.

 

2. Білім беру ұйымдарында саяси  партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын  құруға және олардың қызметігне  жол берілмейді.

 

 

4. “ Мектепке дейінгі және  мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу концепциясы және этномәдени білім берудің концепциясы”.

 

1. Мектепке дейінгі тәрбие отбкасында  және (немесе) мектепке дейінгі ұйымды  жүзеге асырылады. 

 

2. Мектепке дейінгі ұйымдар отбасымен  қатар бір жастан алты (жеті ) жасқа  дейінгі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеумен оқытуды, олардың дене және психикалық денсаулығын қорғап, нығайтуды.дамуында ауытқуы бар балалардың жеке қабілеттерін дамытуды және оған мұқтаж балаларға қажетті түзету жасауды жүзеге асырады.

 

3. Мемлекеттік білім беру мен денсаулық сақтауды басқару органдары мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетуді ұйымдастырады.

 

4. Бес (алты) жастағы балаларды  мектепке барар алдында дайярлау  міндеті және ол отбасында  , мектепке дейінгі ұйымда немесе мектеп жалпы білім беру бағдарламаларының шең бенінде жүзеге асырылады. Ол мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін жасалады.

Орта білім беру

 

1. Қазақстан Республикасының азаматтарына  мемлекеттік оқу орындарында  тегін орта білім алуға кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.

 

2. Мемлекеттік күндізгі жалпы  білім беретін оқу орындарынан  он алты жасқа дейінгі балаларды  шығаруға құқыққа қарсы әрекеттер  жасағаны, білім беру ұйымының  жарғысын өрескел және бірнеше  мәрте бұзғаны үшін білім беру басқармасы органдарының шешімі бойынша ерекше жағдайларда ғана жол беріледі. Жетіл балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды шығару туралы шешім қорғаншы және қамқоршы органдардың келісімімен қабалданады.

 

3. Орта білім үздіксіз білім беру жүйесіндегі негізгі деңгей болып табылады және жалпы, кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта білім беруді қамтиды. Орта білім берудің міндеттілігі мен оған қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін мемлекет орта білім беру ұйымдарының сақталуына және дамуына жәрдемдеседі.

 

4. Жалпы орта білім үш сатылы: бастауыш (1-4 сыныптар), негізгі (5-9 сыныптар), және жоғары (10-11 (12)сыныптар) жалпы  орта білім беретін оқу орнында  кең – кезеңмен алынады. 

 

 Мектептің бірінші сыныбына  балалар алты немесе жеті жастан бастап қабылданады.

 

 Аталған сатылар бірге немесе  дербес жұмыс істеуі мүмкін. Олар  тиісінше жалпы бастауыш, жалпы  негізгі, жалпы орта білім беруді  іске асырады. Жалпы білім беретін  оқу орнының бастауыш, негізгі  және жоғары сатыларының білім  беру бағдарламалары сабақтас болып табылады, әрбір келесі бағдарлама алдыңғысына негізделеді.

 

5. Жалпы орта білімнің көпнұсқалығына, білім берудің ауқымды инфрақұрылымын  қалыптастыруға жалпы орта білім  беретін ұйымдардың әралуан түрлері  мен үлгілерін: жалпы білім  беретін мектеп, гимназия, лицей және басқаларды құруц арқылы қол жеткізіледі.

 

6. Кәсіптік бастауыш білім беретін  мектептер мен лицейлерде негізгі  жалпы білім беру базасында  алынып, жалпы орта білім алумен  ұштастырылады және ол еңбек  қызметінің түрлі бағыттары бойынша білікті еңбек қызметкерлерін даярлауға бағытталған.

 

 Кәсіптік мектепте оқу мерзімі  - екі - үш жыл, кәсіптік лицейде  – үш жыл, ерекше күрделі  кәсіптер бойынша, сондай –  ақ бірегей жабдықтарға қызметкөрсетуге  байланысты жұмыстар үшін –  төрт жылға дейін болады.

 

 Жекелеген кәсіптер бойынша  кәіптік бастауыш білім беру  қысқартылған оқыту мерзіміндегі  жалпы орта білім беруге негізделуі  мүмкін.

 

 Кәсіптік оқыту тікелей өндірісте,  оқу - өндірістік комбинаттарда,  оқу орталықтарында, курстарда және  жұмысшылар даярлайтын басқа да оқу - өндірістік құрылымдарда жүзеге асырылуы мүмкін.

 

7. Кәсіптік орта білім колледждерде, училищелерде негізгі жалпы білім  беру базасында конкурстық негізде  алынып, жалпы орта білім алумен  ұштастырылады және ол кәсіптік  орта білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған.

 

 Колледжде, училищеде оқу  мерзімі – үш - төрт жыл. Ұқсас  мамандықтар бойынша жалпы орта  және кәсіптік бастауыш білімі  бар азаматтардың қысқартылған, жеделдетілген бағдарламалар бойынша  кәсіптік орта білім алуына болады.

 

 Тиісті лецензиясы болған  жағдайда колледждерде, училищелерде  жалпы орта және кәсіптік бастауыш  білім беру бағдарламалары іске  асырылуы мүмкін.

 

8. Кәсіптік бастауыш немесе  кәсіптік орта білім берудің  кәсіптік білім беру бағдарламалары шегінде алынатын кәсіптік білімнің бейіні ескеріле отырып, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарты іске асырылады.

 

 

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:

 

Тәрбие мақсаты ретінде жан  – жақты адам тәрбиелеудің мәні неде?

 

Өзіңіздің мектеп жылдарындағы дамуыңызға талдау жүргізіп көріңіз, ондағы алдыңызға қойған басты мақсаттар қандай еді?

 

Мақсаттар мен міндеттердің өзара  жақындығын және айырмашылығын қалай  түсіндіресіз?

 

Педагогикалық мамандықты таңдауыңыздағы себеп – түрткілер қандай болды?

 

Мақсат болжау қандай мәселелермен байланысты?

 

Қ.Р. “Білім заңы”, “Қ.Р. орта білімнің даму концепциясы”, “Мектепке дейінгі  және мектеп жасындағы балаларды  тәрбиелеу концепциясында” қандай мәселелер қарастырылған?

 

 

7-таќырып

 

Мектеп мұғалімі - қоғамның сенімді өкілі.

 

 

Ќарастырылатын мєселелер:

 

Мектеп мұғалімі оның қоғамдағы  әлеуметтік қызметінің маңызы

 

2. Мұғалімнің кәсіптік қызметі  және оған сипаттама.

 

Мұғалім мектептің оқу - тәрбие процесін жүзеге асырушы және ұйымдастырушы.

 

4. Мұғалімнің басты функциялары.

 

 

1. Мектеп мұғалімі оның қоғамдағы  әлеуметтік қызметінің маңызы.

 

 

Еліміздің әлеуметтік–экономикалық  дамуын жетілдірудің бағдарламалық  міндеттерін шешу жас мамандардың  кәсіби біліктілігіне, мәдениетіне, рухани кемелдігіне тікелей байланысты.

 

“Халық мұғалімі” – жас өспірімнің рухани дүниесінің мүсіншісі, қоғам  өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы –  балаларды, өзінің үмітін, өзінің болашағын  сеніп тапсыратын сенімді өкілі. Осы аса ізгі және аса қиын кәсіп, бұған өз өмірін арнаған адамнан  тұрақты творчествоны, ойдың тынымсыз жұмысын, өрасан зор жан жомарттығын балаларға сүйіспеншілікті, іске шексіз адалдықты талап етеді.

 

 Мұғалім – адамды қалыптастыратын,  адамды адам етіп тәрбиелейтін  мамандық иесі. Мұғалімнің еңбегі  өте жауапты, әрі күрделі. Ы.Алтынсарин мұғалімнің қоғам алдындағы рөлін қарапайым, әрі нақтылы етіп айта келіп, кезінде “жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат көремін”- деді. Я.А Коменский “мұғалімнің қызметі мәртебелі”- деп бағалады. К.Д.Ушинский “Мұғалімнің жеке басы – жастар жаны үшін ешнәрсемен тде айырбастауға болмайтын жанып тұрған күн нұры” – деп атап көрсетті.

 

Қоғамды жан - жақты дамытатын өндіргіш күштің негізгі тұлғасы – адам, сондықтан адам дакторына ерекше мән беріледі.

 

 Қоғам дамуы мен адамның  жеке басының дамуы бір – бірімен тығый байланысты. Қоғам адамды қаншалықты дәрежеде жетілдірсе, жетілген адамқоғамды соншалықты дәрежеде дамыады. Тәрбиесіз қоғам қоғам болудан, адам адам болудан қалады. Материалдық және рухани байлық жасап, қоғамды дамытатын - адамдар. Ал адамдарды соған дайындап, тәрбиелейтін – ұстаздар. Олай болса мұғалім – қоғам мен қоғамды, ғасыр мен ғасырды жалғастыратын буын. Тарихты жасайтын – халық, халықтың көзін ашып, көңілін оятатын, саяси қырағылыққа, сенімділікке, адамгершілікке, ізгілікке, имандылыққа, бауырмалшылдыққа, Отаншылдыққа, азаматтыққа баулитын – ұстаз.

 

Ұстаздың адам өміріндегі ролі туралы халқымыздың классик ақыны Абай:

 

 Ақырын жүріп анық бас,

 

 Еңбегің кетпес далаға.

 

 Ұстаздық қылған жалықпас

 

 Үйретуден балаға,-

 

десе, Қазақтың ғұлама ғалымы Әл – Фараби “Жаман мінез- құлық рухани кесел”- деді, Жүсіпбек Аймауытұлы “Дәрігерденде ұстаздың көп болғаны артық, дәрігер адамның денін сауықтыратын болса, ұстаз адамның ақылын, мінезін, жанын сауықтырады” – деген.

 

 

2. Мұғалімнің кәсіптік қызметі және оған сипаттама.

 

 

Өмірдің әр салалары секілді педагогикалық  істе де талантар сирек кездеседі. Әрене  әр мұғалімге талантты болмауына  да болады. Алайда ол өз ісінің шебері болады және болуға да тиіс.

 

 Адам бойында мұғалім мамандығына деген бейімділіктің болуы педагогикалық шеберлікті меңгеруге көбіне көп нәрсе әсер етеді.

 

 Бейімділік балалармен жұмыс  істеуге айқын бейнеленген ыңғайы  мен қабілеттен көрінеді.

 

 Бүгінгі талапқа байланысты  мұғалім өз елінің белсенді  идеялық сенімді жақтаушысы, өз мемлекетінің аяғынан тік тұрып кетуіне, оның саяси және экономикалық бостандығына, Отанын сүйе білетін жастарды тәрбиелеу қолынан келетін мамандарды айтады.

 

 Шеберлікіті көтерудің жолы  озат – мұғалімдердің, іс –  тәжірибелерін, олардың ойларын  – оқыту мен тәрбиені жетілдірудің басты көздерінің бірі. (Ш.А. Амонашвили, И.П Иванов, В.Ф. Шаталов, И.П. Волков, Е.Н. Ильин, В.А. Краковский т.б.)

 

 Мұғалім сөзі – тәрбие  беру ісіндегі ең басты құралдардың  бірі. Тәрбие беру ісіндегі аса  маңызды жайттардың бірі – педагогикалық такты.

 

 Педагогикалық такты деп  мұғалім бойындағы мақсатқа сай  жоғары адамгершілік сезімді  айтады. Мұғалім оқушыларға педагогикалық  ықпал жасайды. 

 

 Ықпал – оқушылар арасындағы  мұғалімнің беделі мен өнегесі.

 

 Талант – дарындылықтың жоғары дәрежесі, онеы зерттеу, анықтау күрделі мәселелердің біріне жатады.

 

 Мұғалім оқушының жеке басының  дамуын, қалыптасуын, білім беру  мен тәрбие және оқуту процесін  басқарады.Мұғалім – бала жанын  сезе білуге, түсінуге бейім, онымен  үнемі бірге болудан, араласудан жалықпайтын және одан өзіне зор ләззат алатын адам.

 

 Мұғалімнің ғылыми білімдер  жүйесін меңгеруде жоғары болуы  тиіс. Өз бетінше ойлай білу, қиын  динамикалық жағдайларда жол  таба білу – мұғалімге тән  кәсіби бейне. Ойлау процесінің  әрдайым педагогикалық міндеттерлі шешуге бағытталуы, білімдер комплексінің маңызды болуы, мұғалімнің кәсіби мінез – құлқы мен әрекетіне өзіндік сипат береді.

Информация о работе Педагогика пєні жайлы ұғым