Педагогика пєні жайлы ұғым

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 19:55, лекция

Краткое описание

Педагогика пєні , адам тану ѓылымыныњ ішіндегі жетекшілерініњ бірі ретінде, µте кµне ѓылымдардыњ бірінен саналады.
Педагогиканыњ ѓылым ретінде µз пєні, яѓни ѓылыми таным-білімніњ белгілі бір саласы бар. Б±л ќоѓамныњ жас ±рпаќты µмірге даярлау жµніндегі ерекше міндетті ќызмет (функциясы)- тєрбие беру саласы болып табылады. Педагогика бала жайындаѓы ілім, олай болса, ол ±рпаќ тєрбиесі жайындаѓы ілім. Педагогика гректіњ “paidagogas” –баланы жетектеуші, ертіп ж‰руші сµзінен алынѓан. Ењ алѓашќыда б±л сµз ќ±л ќожасыныњ баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін келе ол тєрбие туралы ѓылымныњ аты ретінде ќалды. Тєрбиеніњ негізгі маќсаты – жинаќталѓан білім мен ќоѓамдыќ- тарихи тєжірибиені жеткіншек ±рпаќтарѓа беру.

Вложенные файлы: 1 файл

Педагогика пєні жайлы ұғым.doc

— 961.50 Кб (Скачать файл)

Педагогика ғылымында қарама-қайшылықтардың ролін ХХ ғасырдың барлық кезеңдерінде ашып көрсетуге тырысты. Әрине, оқытудың қарама-қайшылығы басқалардан бұрын зерттеген (М.А.Данилов, М.Н.Алексеев, М.Н.Скаткин,Ю.К.Бабанский,В.И.Загвязинский).Кейбір жұмыстарда ұжымның қарама-қайшылығы (Л.И.Новикова) тәрбие процесінің (И.С.Марьенко, Г.И.Щукина, В.С.Ильин, Б.Т.Лихачев) білім берудің мазмұнындағы қарама-қайшылықтар (Г.И.Батурина) зерттелді. М.А.Данилов алғашқылардың бірі болып оқыту процесінің қозғаушы күштерін зерттеуге көңіл бөлді, бірақ нәтижесінде объективті әлеуметтік шек жекемен қосылып кететін біртұтас педагогикалық процестің диалектикасын зерттеу керектігіне тек қана осы бағытта ол педагогиканың ғылым ретіндегі жобалау қызметінің күшейе түсуіне ықпал ететін білімді анықтай білу мүмкіндік болатындығын және практик ұстаздарды сол бір ғылыми саймандар мен күрделі тұлғаны қалыптастыру саласындағы құбылыстар мен процестерді басқаруға күш беретінін көре білді. Ю.К.Бабанский қарама-қайшылық көп жағдайда (нередко) кездейсоқ бір ізділікте қарастырылатындығын анықтады. Ол жоспарлау процедурасына сәйкес келмейді, оқыту процесін ұйымдастыру мен реттеуде мұғалімдер мен әдіскерлік нақтылы жағдайда процесті жасау ескерілмейді.Зерттеу нәтіжесінде мыналар анықталады:-қарама-қайшылықтарды қалай болса солай тұжырымдау дұрыс емес, нақтылы педагогикалық процестің жүйе ретінде олар зерттелетін объектінің мәнін, ашуы тиіс:

 

-қарама-қайшылықты ұстаздар мен  оқушылар іс-әрекетін педагогикалық  процесті басты құрамын көрсеткіш  ретінде сипаттау керек;

 

-қарама-қайшылықтар жүесін ғана  емес, сонымен бірге оларды шешу әдістемесін негіздеу керек. Педагогикалық процестің мақсаты оқушылар тұлғасын қалыптастыру болады. Демек, бірінші және негізі қарама-қайшылықтар тобы-бұл даму үстіндегі тұлғаның қарама-қайшылықтары. Бұл педагогикалық процестің қарама-қайшылықтар тобын психологтар жеткілікті дәрежеде жақсы зерттеген. Олардың санына Г.К.Костюк келесі қарама-қайшылықтарды жатқызады:

 

-жаңа қажеттілік, мүдделер, ұмтылушылық  пен тұлға мүмкіншілігінің жеткен  даму деңгейі арасындағы;

 

-жаңа ғылымдардың міндеттерінен бұрын қалыптасқан ойлау тәсілдері мен іс-әрекет тәсілдері арасындағы;

 

-тұлға дамуындағы жеткен деңгейімен  оның өмір сүру қалпы, қоғамдық  қатынастар жүйесінде алатын, оның  орны, атқаратын қызметі арасындағы;

 

-жақсы жетістіктерге ұмтылушылық пен қиыншылықты жеңе алмайтындық қорқынышы арасындағы;

 

-дербестікке, тәуелсіздікке ұмтылушылық  пен жеке тәжірибенің жетіспеуі  арасындағы;

мақсаттылық, стереотиптік (еліктеушілік), тұрақтылық пен ширақтылық, өзгергіштікке  ұмтылушылық арасындағы;

 

тұлғаның ерікті әрекет пен қоғамдық қажетті іс-әрекет арасындағы:

 М.Ю.Красовицкийдің зерттеулерінде  көрсетілгендей оқушы ұжымының  тәрбиелік ролі қоғамдық пікір  арқылы жүзеге асады, онда құндылық  бағыттың жүйесі белгіленеді.Бірақ  керекті тәрбиелік деңгейдегі  қоғамдық ұстаздардың аса қадағалаумен қамқорлықтарын талап етеді.Оны қалыптастыру барысында мұғалім балалар ұжымын қалай даму үстінде екендігін, оған дамудың қандай қайшылықтары тән екендігін ескерілмейінше болмайды.Олардың қатарына келесі қайшылықтарды жатқызуға болады:

- ұжым мүддесімен индивидтің  жеке мүдделері арасында;

- индивидтердің бірлесуге ұмтылушылығы  мен тұлғаның өзінің тәуелсіздігіне 

 өз еркімен безбеу арасындағы;

- тұтас еріктілігі мен ұжымның  тәртібіне бағыну қажеттілігі  арасындағы;

- ұжымның талаптары мен тұлғаның тілектері арасындағы;

 

 ұжымдағы пайдалы әдеттерінің  қажетілігі мен формализм қауіптілігі  арасындағы;

 

бастапқы ұжым ұйымының қажетілігімен  топтық бөлініп шығуы қауіптілігі  арасындағы.Тұлға дамуындағы қайшылықарды білу жеткілікті дәрежеде әдісін біліп педагогикалық әрекетін жұмыс жемісін жасауға мүмкіндік береді, ол оқушыларға дербес тәуелсіздікке, өз орнын табуға ұмтылушылдықтағы оның формалары мен әдістерін табуға көмектеседі. (Г.К.Костюк). Дұрыс педагогикалық басшылық жасай алынбаса қайшылық шешілмейді, тұйыққа кіргізеді, әкеледі, ол бұл әдетте қатты дау жанжалға әкеледі, дамуда тоқырауларға әкелетін кейбір үзілістер пайда болады.Ұстаз көрсетілген жүйенің бір бөлігі ретінде өзінің міндеті етіп оқушыға пайда болған танымдық міндеттер мен оның өзінің ойлау тәсілдерінің және іс-әрекеттері арасындағы, қайшылықтарды оны оқушы пайда болған қиыншылық ретінде субъективті қабылдайды және жеңуге көмектеседі.Қайшылық оқушылар ұжымы жүйесінде пайда болғанымен оларды шешу одан жоғары деңгейдегі “сынып ұстаздары – сол сыныптың оқушылар ұжымы” жүйеде шешулуі мүмкін.Сонымен бірге қайшылықтардың бір бөлігі пән мұғалімдерінің оқушылардың коллективтік танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру барысындағы күш жұмсауы барысында шешілуі мүмкін. (М. С. Виноградова, Н. С. Дежникова, В. В. Котов, И. Б. Лиймете, В. Б. Первин, Н. : Хан және т.б.).

 

 

 

Өзіндік бақылауға арналған сурақтар.

 

 

1. Әртүрлі авторлардың еңбектері  көрсетілген “педагогикалық процесс”  ұғымының мазмұнын салыстырыңыз. Өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

 

2. Мұғалім педагогикалық процестің  дамуына әсер ете ала ма?

 

3. Біртұтас педагогикалық процестің  тәрбиелік мәні, мағынасы туралы  не білесің? Халық тәлім- тәрбиесінде  бұл ұғымдар болған ба?

 

4. Біртұтас педагогикалық процесс  деген ұғым нелерді қамтиды  және оның бүгінгі күні осылай деп қойылуының негізі неде?

 

5. Халық педагогикасында тұтас  тәлім- тәрбиелік негіз бар  деп ойлайсың ба? Болса неден  көрінетінін дәлелдей аласың  ба?

 

6. Халық тәлім-тәрбиесінің бүгінгі  тәлім – тәрбиеден түбірлі  айырмашылығы неде ?

 

 

Рефераттың тақырыптары:

 

 

П.Ф. Каптерев педагогикалық процесс  туралы.

 

М.А. Даниловтың еңбектерінде“Педагогикалық процесс”

 

туралы ұғымының дамуы.

 

Қазақстандық ғылымдардың біртұтас педагогикалық процесс теориясын  дамытудағы ролі.

 

Заңдылықтар және олардың педагогикалық процестегі ролі.

 

 

6- тақырып

 

Педагогикада мақсатты анықтау

 

 

Қарастырылатын мәселелер :

 

Мақсат – педагогикалық іс–  әрекеттің компоненті.

 

Қазіргі Қазақстанның бастауыш мектебіндегі тәрбиенің мақсаты.

 

 Қ.Р. “Білім заңы”, “Қ.Р.  орта біілімнің даму концепциясы”.

 

 “ Мектепке дейінгі және  мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу  концепциясы және этномәдени  білім берудің концепциясы”.

 

 

1. Мақсат – педагогикалық іс–  әрекеттің компоненті.

 

 

Педагогтың кәсіби қызметі адамның  барша іс– әрекетіндегідей мақсат қоюдан басталады. Педагогтің балалармен жүргізіп жатқан ісінде мақсат болмаса, ол істі кәсіпқой маманның жұмысы деп бағалауға болмайды, оны әншейін бір әрекет, тәрбиелік процеспен ешбір байланысы жоқ, жәй белсенділік деп түсіну керек.

 

Мақсатты сезіну әрқандай іс– әрекетке қуат береді. Ұлы да шапағатты мақсат адамның бар шығармашылық күшіне қанат беріп, оны өрістете түседі. Мақсатқа жету адам бағытыны негізі болған терең де толық қанағаттанушылық тудырады.

 

 Тәрбие мақсаты– педагогика  ғылымының өзекті категориясы. Оны нақтылау, жобалау, дайындау– педагогикалық тұжырымдар жасаудың арқауы.

 

Мақсат– субъект саласында оның қоршаған ортамен өзара ықпал  байланысынан туындайтын әрекеттің  нәтижесі туралы ой болжамы. Демек, мақсат–  жағдайлар себепті пайда болуынан, нақты болмыстан алынатындықтан– ол объективті құбылыс. Мысалы, өмірінде домбыра ұстап, үніне зер салмаған педагог балаға музыкалық тәрбие беруі мүмкін емес т.б.

 

 Мақсат объективті себептерден  бастау алумен бірге субъективтік  те категория, себебі ол сана туындысы, ол адам ойында пайда болып, әр нақты тұлғаның сана– сезімдік ерекшеліктердің көрінісін береді.

 

 Мақсат болжау проблемасы–  тәрбиелі адамның идеалды образының  дараланған саналардағы көптеген  баламаларын қамтыған мақсаттың  мүмкіндігінше нұсқасын анықтау– -байсалды зердемен қоса, көп уақыт та, мамандық күш салуда талап етеді.

 

 Өсіп келе жатқан ұрпақты  тәрбиелеу мақсаты– кең әлеумет  пен ғылымның араласуымен тек  мемлекет белгілейтін педагогикалық  саясаттың басты құрылым бірлігі.  Жарияланатын тәрбиелік мақсаттардың экономикалық, құқықтық және ұйымдастыру шарттарын қамтамасыз ету мемлекеттің міндеті. Былайша айтқанда, құқық негізінде бекіген тәрбие мақсатының іске асуына қоғамның бар мүмкіндіктері бағытталуы қажет, әлбетте, бұған да тиісті бақылауқажет.

 

 Мақсат әрекеті адамның саналық  (идеялық) өнімі болғандықтан  өте құбылмалы, тез өзгеріске  түседі, себебі ол үздіксіз ауыспалы  дүниемен, сонымен бірге өзгерістегі  тұлғамен де әрекеттік– қолзғалмалы  байланыста болады. Тәжірибе, білім,  оқиға т.б. адамды байытып отырады, бірақ құбылмалы сана иесі– субъект сол байлыққа жету жолында өзінің де өзгеріп жатқанын байқай бермейді, не оған тіпті мән бермейді. Мысалы, педагог “кеше” де, “бүгін” де өзін бір мақсат ұстағандай сезінеді, ал сырттан қарағанға, оның кәсіби педагогикалық ісінде өзгерістердің болғаны айдан анық байқалады. Өмірдің өтпелі ауыспалылығы мақсаттың да бір қалыпта өзгеріссіз қалмауына ықпал жасайды.

 

 Мақсаттың өзгермелі қозғалысы   педагогикалық процесте өте айқын  көрінеді. Себебі, баланың сыныптан сыныпқа қарай жастан жасқа дамып өзгеруі қасқағымдай, сондықтан өсіп келе жа тқан жеке адамның әлеууметтік– психологиялық жаңа құрылымдары бір мақсаттың ысырылып, орнына екіншісінің ұ қойылуы табиғи талаптар дамуының нәтижесі болып есептеледі.

 

Ал, соңғы нәтижені көздеген жалпылагнған сипаты мақсат жастық өзгерістер байланыстығын  сақтап “тәрбиелі адамның ” жеке образын баламастырып қарауға айқындауға мүмкіндік береді.

 

 Бастауыш сынып оқушысы да, тынымсыз , беймаза жасөспірім де, менменсіген “данагөй” жоғарғы сынып шәкірті де– бәрі де мұғалім бастаған бір даму жолын басып өтеді, әңгіме сол жолдың кең болып, күтілген жеке даамдық әртүрлілікті сыйғыза алуында. Осы мысалда көптеген әр жас деңгейінем байланысты күтілген нәтиже – нақты мақсатқа байланысты 6 жастағы бюалаусаның мектеп жолын түгелдей басып, 17 жасында жетілетін нәтижесі – жалпы мақсат өнімі.

 

 Мақсаттың қозғалмалылығы мен  ауыспалылығы оның ешқашан шектелмейтінін  көрсетеді. Мақсатты көркемдеп  айтсақ, жақындаған сайын, алыстай  түсетін жұлдызбен теңестірген жөн. Мақсатты бітіру – рухани не заттай жойылу деген сөз . мақсат өзін белгілейтін субьект– адаммен бірге дамып отырады, себебі ол сол субьектіде жасалады, сондықтан да субьектінің өрлеуімен мақсат тта жоғарылый бастайды. Өссем деген кәсіпкерге тән қасиет: көңіл толмау, күйзелу, алас ұру; ал тоқтаған кәсіп иесі – мәңгі тыныштықтағы өлі жан. Міне дамудың бір көрінісі.

 

 Сонымен мақсат – өз қызметін  атқару үшін жалпы сипатқа  ие болуы тиіс. Сонда ғана тәрбие  мақсатсатының жалпы тәрбие процесіне байланысты орны нақ көрінеді: мақсат – бастау көзі, педагогтың кәсіби қызметінің бірінші элементі. Схема түрінде бұл былайша сипатталады.

Тәрбие мақсаты ® тәрбие процесі ® тәрбие нәтижесі

 

 

Бұдан туындайтын ой– мақсат тәрбие процесінің мазмұнын айқындайыды , мақсат тәрбие нәтижесіне негіз болады, мақсат – педагог санасының үздіксіз айналымда жүретін ой обьектісі. Бұған қосымша, тәрбие жүйесі толығымен мақсатқа тәуелді, оған орай өз мән мағынасына ие болады.

 

 Сонымен педагогикикадағы мақсат  болжау анықтамасы:

 

 Мақсат болжау – бұл казіргі  заман өркениетінде жасап жаңартушы  қабілетке ие осы дәуір жеке  адамның қажетті даму деңгейін  қамтамасыз ететін обьектив, әлеуметттік  – психологиялық және мәдени  жағдайларды түсіну;  бұл сондай  адамсның жалпы идеал бейнесін мейлінше нақтылайтын сөз жүйесін іздестіру ; бұл тәрбие мақсатын қабылдауға мүмкіндік беретін шарттар ретінде балалық шақ табиғатына, жеке адам даму мәніне  және даралық болмысына талдау, баға бере алу; бұл нақты бала жасаған нақты жағдайларда талдай отырып , оларды қойылған мақсат мазмұнымен орайластыру.

 

 

2. Қазіргі Қазақстанның бастауыш  мектебіндегі тәрбиенің мақсаты.

 

 

Бастауыш мектепте мақсат қоя тәрбиелеу - оқушылардың дамуына, қалыптасуына, тәрбиесіне оң ықпал жасайды.

 

 Мақсат категориясына қарама– қарсы категория– арман. Екеуінің бір– біріне ортақ ұқсастығы олардың санада туындап, әрі жасайтын идеялық бейне болуында. Ал айырмашы лығы – осы бейнеге субьект қатынасының әртүрлілігі.

 

Арман  – елестің немесе қиялдың  субьектіге берер біршама қанағаттану сезімі. Арман адамды шындық болмыстан алшақтатады.

 

 Мақсат – бұл да бейне  , бірақ онан келе тін қанағаттану  тек ішкі қабылдаудан емес, сол  бейнені іс– әрекетке қосып  шындыққа айналдырудан .  Бұл бейне  субьекті белсенді әрекетке бағыттайды, ықпал жасайды.

 

 Арман субьекттің енжарлығына  келіп шығады, әрекетсіздікке байланысты, ал мақсат – іс– әрекет, белсенді  қызметтің бастау көзі .

 

Міндет – бұл мақсатқа жету жолдарындағы бір саты, орындалуы қажет нәтиженің  бір бөлігі , осы бөлік өзінің і с– әрекеттік біітіімін таптаса , жалпы нәтиже де жоқ. Міндет мақсаттың өзін құрайтын элементтерге бөлінуінен пайда болады. кейін сол элементтердің бәрі бірігіп , іс– әрекеттің жалпы нәтижесін алуға жұмсалады.

 

Мақсаттың  ұмыт болуы – жалпы  стратегиялық бағыттың мойылуына әәкеледі , ендеше, міндеттер де тактикалық бағдар ретінде өз маңғызын жояды. Мысалы : Бағбан адамдарға ләззат берер бақ бергісі келеді. (жалпы мақсат). Бірақ нақты істерді (міндеттерді) орындау күйбеңімен жүріп, тиісті орынға гүл егуді ұмытты, яғни негізгі мақсат іске аспады , сонымен атқарылған міндеттер ( атызды дайындау, суғару, күтім жасау– бәрі де ) босқа кетті.

Информация о работе Педагогика пєні жайлы ұғым