Қазақстан педагогикасының қалыптасуы мен дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2015 в 12:46, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі. «Мәдени мұра» бағдарламасына қатысты алқалы жиында Елбасы Н.Ә.Назарбаев көшпенділердің әлемдік тарихтағы роліне тоқталып, қазақ жерінің Еуразия Кеңістігінің мәдени мәйегі, рухани түп қазығы болғанын айта отырып: «Қазақстанды Ұлы Дала өркениетінің қара шаңырағы ретінде халықаралық деңгейде танытып, қалыптастыруымыз керек», – деді. Сондықтан халқымыздың өткен тарихындағы озық педагогикалық идеяларды ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан қарап, бүгінгі ұрпақты жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастыруға пайдалану керектігі айқын

Вложенные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс.docx

— 73.46 Кб (Скачать файл)

Қазақ философиясының қалыптасуын докторлық диссертация көлемінде зерттеген белгілі философ ғалым Ж.Алтаевтың «Бұрын «Қазақ әдебиеті», «Қазақ тарихы» деген ұғымдарды білсек, енді «Қазақ философиясы» деген ұғымның біздің санамызға кіре бастауының теориялық, практикалық маңызы зор» деп айтқанындай, педагогика ғылымында да бетбұрыс жасап, егемендік алғанымыздың он жетінші жылында «Қазақ педагогикасы» ұғымын батыл енгізетін уақыт жетті. Әрбір халық «өз тарихын, философиясын білмейінше және оған белгілі бір көзқараста болмайынша ешқандай мәдениеттің дамуы мүмкін емес» - деген болатын Л.Н.Гумилев. Қазақ педагогикасы ғылымының қалыптасуы мен дамуын зерттеу болашақтағы ұлан-ғайыр ізденістердің бастамасы болуға тиіс.

Қазақ педагогикасының өзіндік төл ерекшелігі оның ізгілендіру мен парасаттылықты, адамгершілік пен адами құндылықтарды жоғары қоятын бай халықтық педагогика мұраларымен айрықша орын алады. Егер де біз қазақ педагогика ғылымын дамыту барысында тағы да батыстық үлгімен кетсек, қателесетініміз анық. Біз түркілік төл дәстүрімізді сақтай отырып, ұлттық ойлау, ұлттық болмыс өзгешелік-ерекшеліктерімізді нығайта түсіп, қазақ педагогикасын шығыс педагогикасының үлкен бір саласы ретінде қалыптастыру деңгейіне қол жеткізуіміз керек.

Қазақтың болмысы түрлі мәдениеттің тоғысында қалыптасқан, ал қазақ педагогикасы рухани мәдениет дамуының қалыптасқан белгілі бір бағдары, деңгейі болып табылады. Қазақ педагогика ғылымының қалыптасуын зерттеу барысында мынадай екі талапты басшылыққа алу керек:

- тарихи-педагогикалық танымның  әдіснамасы;

- тарихи-педагогикалық ілімнің  құрылымы.

Осы уақытқа дейін қазақ педагогикасының әдіснамасының жасалмауы мен оның теориялық деңгейде толық зерделенбеуі қазақ этнопедагогикасы мен қазақ педагогикасын  бір мағынада қабылдауға алып келгені ақиқат. Оған қазақ педагогикасы нысанының, мазмұндық құрылымы мен пәндік ерекшелігінің анықталмауы себеп болып отыр. Қазақ этнопедагогикасы өзіндік ұлттық сипаты бар педагогиканың бір саласы болып табылса, қазақ педагогикасы адам тәрбиелеудің жалпыадамзаттық құндылықтарын қамтитын әлемдік педагогиканың құрамдас бөлігі болып саналады. Бүгінгі таңда қазақ педагогикасын бірден ұлттық тарихтың немесе ұлттық сананың, тәжірибенің үлгісі ретінде қараушылық айқын. Мұның өзі оның өз алдына дербес ғылым ретінде қалыптасуына, әрі дамуына кедергі жасап отыр. Сондықтан қазақ педагогика ғылымының әдіснамасын жасауда мынадай мәселелер өз шешімін табу керек деп есептейміз:

1. Қазақ педагогика ғылымы қалыптасуының  тарихи кезеңдерін, әлеуметтік тегін  талдау, оның басқа ғылымдармен  өзара ықпалдастығы мен байланысын  ашып көрсету.

2. Қазақ педагогикасының негізгі  идеялары мен рухани бастауларын  көркемдік – философиялық және  әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан  талдау.

3. Қазақ педагогикасының қайнар  көздері көшпелілер мәдениеті  мен түркі өркениетінен нәр  алатынын ғылыми тұрғыдан негіздеу.

4. Қазақ педагогикасы қазақ халқының  тарихы мен мәдениетінің ұлттық  деңгейі мен көрінісін қамти  отырып, жалпыадамзаттың рухани  мұқтажын өтеуге қызмет ететіндігін  дәлелдеу.

5. Қазақ педагогикасы ғылымының  әдіснамасы мен оның мазмұндық  құрылымын жасау.

6. Қазақ педагогикасының келешегін  айқындау, яғни болашаққа қызмет  етуін қамтамасыз ету.

Қазақ педагогикасы тарих пен мәдениеттің өткен кезеңдерінің мәселелерімен ғана шектелінбейді, ол халқымыздың ұрпақ тәрбиелеудегі бүгінгі тәжірибесін, тіпті оның болашаққа жету бағдарын да қамтып тұжырымдауға бейім болуы және соған қызмет етуі шарт. Жасыратыны жоқ, қазақ педагогикасы дегенде өткен тарихқа көңіл аудару, оның тарихи алғышарттарына назар аудару басым. Қазақ педагогикасының әзірге болашаққа қызмет ететін әдіснамасы жасалмағаны анық. Сондықтан да қазіргі кезде қазақ педагогика ғылымын мойындамаушылар, оның табиғатына күмәндана қараушылар аз емес екені шындық. Ұлттық ұстаным – халқымыздың ұрпақ тәрбиелеудегі мол тәжірибесін, педагогикалық ілімін пайдалануға, оның өсіп-өркендеп дамуына еліміздің тәуелсіздігі мүмкіндік беретіні айдан анық. Мұның өзі қазақ педагогика ғылымын өз деңгейіне көтеру, оның әлемдік педагогикадағы өлшемін айқындау және ұлттық тұжырымдамасын жасауға күш салу міндеттерін алға қояды.

Қазақ педагогикасы ғылыми білімдер жүйесінде арнайы ғылым болып табылады деуге толық негіз бар. Ғылым болу үшін оның зерттеу нысаны мен пәні, зерттеу әдістері мен ұғымдық аппараты болу керектігі мәлім. Сондықтан қазақ педагогикасын ғылымның басқа салаларымен тығыз байланыста қарастыра отырып, оның дербес ғылым саласы ретінде орнын анықтаудың маңызы зор.

Қазақ педагогикасы ең алдымен, түркі өркениетінен бастау алатын қазақ халқының ұрпақты тәрбиелеу, білім беру, оқыту мәселелерімен айналысады,  қазақ ағартушыларының педагогикалық идеялары мен тұжырымдамалары негізінде педагогика ғылымының заңдары мен заңдылықтарын, бағыттары мен ағымдарын, іргелі педагогикалық теориялары мен қағидаларын айқындайды, сонымен бірге қазақ халқының ұлттық болмысына сай педагогика ғылымындағы барлық ғылыми жетістіктер мен педагогикалық мұраларды қоғамдық құбылыстармен, ғылымдармен, идеологиямен, т.с.с. байланыста зерттейді. Басқа кез келген ғылымдар сияқты, қазақ педагогика ғылымы да фактілерді тек ашып қана қоймайды, оларды түсінуге мүмкіндік жасайды.  Ғылымға тән нағыз шынайы ерекшелік оның табиғаттың, қоғамның және ойлаудың даму заңдарына қатысты болуы, оларды ашу және танып-білу болып табылады. Философияда заң, заңдылықтар деп объективті, мәнді, тұрақты және қайталанатын себеп-салдар байланысты айтатыны белгілі. Осыдан қазақ педагогикасы көшпелі мәдениет пен түркі өркениетінен рухани бастау алатын қазақ халқының ұлттық болмысына, халықтық тәжірибесіне сай балалар мен ересектерді тәрбиелеу, білім беру және оқыту заңдары мен заңдылықтарын зерттейтін ғылым деген қорытынды жасауға болады.

 

 

Кесте 1 – Қазақ педагогика ғылымының қалыптасуы мен даму кезеңдері

 

Тәрбие тәжірибесі

Педагогикалық ойлар

Педагогика ғылымы

Қазақтың халық педагогикасы

1. Қазақ ауызекі шығармашылығындағы  тәрбие мазмұны:

- ұлттық ойындар;

- мақал-мәтелдер;

- жаңылтпаштар;

- жұмбақтар;

- шешендік сөздер;

- ертегілер;

- аңыз әңгімелер;

- батырлар жыры;

- эпос;

- айтыс

2. Қазақ музыкалық шығармашылығындағы  тәрбие мазмұны:

- халық әндері;

- халық күйлері

3. Қазақтың сәндік-қолданбалы  өнеріндегі тәрбие мазмұны:

- дәстүрлі қолданбалы  өнер;

- ою-өрнектер

4. Салт-дәстүрлердегі тәрбиелік  мазмұн:

- бала тәрбиесіне байланысты;

- тұрмыс-салт;

- ата кәсіп;

- әлеуметтік-мәдени 

5. Жыраулар мен билердің, шешендердің шығармашылығындағы  тәрбие мазмұны

Қазақ жеріндегі алғашқы педагогикалық ой-пікірлер

1. Еуразия даласындағы  алғашқы қауымдық құрылыс кезеңіндегі  тәрбие

2. Еуразия құрлығындағы  Сақ империясы дәуіріндегі тәлім-тәрбие

3. Ғұн империясы мен  Үйсін-Қаңлы мемлекет дәуіріндегі  тәлім-тәрбие

4. Таяу және Қиыр Шығыс  ежелгі мемлекеттерінің бірі  – Шумер тәлім-тәрбиесі мен  мектептері

5. Ұлы Түркі қағанаты  және оның тәлімдік-танымдық мұралары - Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріндегі (Күлтегін, Тоныкөк) тәлім-тәрбиелік  ойлар, Қорқыт тағылымдары (VІ-ІХ  ғ.ғ.)

Қазақ педагогика ғылымы әлемдік педагогиканың құрамдас бөлігі

1.әл-Фараби, Ж.Баласағұни, М.Қашқари  педагогикалық ілімдері (ІХ-ХІ ғ.ғ.)

2. А.Иүгінеки, Қ.А.Иассауи, С.Бақырғани, Р.Хорезми, С.Сарай педагогикалық  ілімдері (ХІІ-ХІV ғ.ғ.)

3. Ө.Тілеуқабылұлы, М.Х.Дулати, Қ.Қ.Жалайыр, т.б. педагогикалық ілімдері (ХV-ХVІІІ ғ.ғ.)

4. Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев,

Ш.Құдайбердиев, т.б. педагогикалық ілімдері (ХІХ-ХХ ғ.ғ.)

5. Кеңестік дәуірдегі  педагогика ғылымы С.Торайғыров, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин, М.Әуезов, т.б.

С.Қожахметов, Т.Тәжібаев, С.Балаубаев, Р.Г.Лемберг, Қ.Бержанов, Ә.Сембаев,  т.б.

6. Қазіргі кездегі қазақ педагогика ғылымы (1991 ж. кейінгі кезең)  


Қазақ педагогика ғылымы басқа да кез келген ғылымдар сияқты өзінің тарихымен тығыз байланысты, қазақ педагогикасының тарихы оның ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл тәрбие тәжірибесінен туындап, үнемі молаюдың нәтижесінде алдымен педагогикалық ой-пікірлер,  содан кейін тәжірибеге күшті ықпал ететін ғылымның қалыптасатындығын айғақтайды. Осындай ұстаным қазақ педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуының кезеңдерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді (Кесте 1).

Қазақ педагогика ғылымының заңдары мен заңдылықтары әлемдік педагогикамен тығыз байланысты, мұнда тек ұлттық сана-сезім мен ұлттық ерекшеліктерге байланысты тәрбиенің болмысында өзіндік сипат болады. Әрбір заңдылықтардың арасында өзара мәнді байланыстар айқын көрінеді. Атап айтсақ:

- мектеп пен педагогиканың арасындағы, бір жағынан, қоғамның экономикалық  деңгейі, екінші жағынан саяси  даму деңгейі тұрғысынан;

- қоғамның саяси жағдайы мен  қоғамдық-педагогикалық қозғалыстар, педагогикалық теорияның даму  қарқыны мен тәжірибе арасындағы;

- қазақ педагогикасы мен басқа  ғылымдар (әсіресе, қазақ философиясы, қазақ психологиясы) арасындағы;

- қоғамның әлеуметтік құрылымы  мен қазақ халқының тәрбие  жүйесі арасындағы;

- мектеп, білім беру мен тәрбие  мазмұны және қоғамдық сананың  басқа формалары (мәдениеті, дін  және т.с.с.) арасындағы;

- қазақ педагогика ғылымының  жетістіктері мен білім беру  міндеттері және мазмұнының арасындағы;

- тұлғаны қалыптастыру мен дамытуға  ықпал ететін факторлар арасындағы  және т.с.с.

Осы заңдылықтардың барлығы өзара тығыз байланыста не себеп, не салдар, не байланыстырушы дәнекер ретінде әрекет етеді, жалпы алғанда, олар қазақ педагогика ғылымының тұтас бірлігін құрайды.

Қазақ педагогика ғылымы өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі ғасырлар сынынан өткен халықтық тәжірибе негізінде қалыптасып, өзіндік дамуға ие болды.

Халық педагогикасындағы озық идеялар қазақ халқының тіршілік тынысымен, ұлттық тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста туып, өсіп-өркендеп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жетіп отырды. Өмірдің әлеуметтік жағдайларының өзгеруімен, қоғам мен тұлға қажеттіліктерінің дамуымен байланысты халық тәжірибесіндегі педагогикалық құндылықтар қайта жасалып, жаңаша сипат алып отырады. Педагогика тарихында алдыңғы теориялардың мазмұнының кеңейтіліп, тың көзқарастар мен ағымдардың қалыптасуы заңды құбылыс, мұның өзі әлемдік педагогика мазмұнын қазақ педагогика ғылымының жетекші идеяларымен толықтыру қажеттілігін дәлелдейді. Өйткені құндылық бағдарлар тұлғаның ең басты, ауқымды сипаттамасының бірі ретінде әрекет етеді, ал оларды дамыту ізгілендіру педагогикасының негізгі міндеті және қоғам дамуының маңызды жолы болып табылады.

Қазіргі таңда елін сүйген, өз халқының болашағын ойлаған, «жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел жетесіз» деген халық даналығын санасына ұлы қағида ретінде түйген зиялы ойдың иелері қазақ халқының этногенез жағынан алғанда, үш мың жылдан аса тарихы мен мәдениеті бар екендігін барша әлемге мойындату үшін күш жұмсауда. Қазақ халқының арғы тегі Еуразиядағы ең ірі этностардың бірі түркі халықтарының әлемдік руханиятқа үлес қосуына Еуразия құрлығындағы Ұлы даланы мекендеген халықтардың көшпелі мәдениеті мен тәрбие тәжірибесі, ислам дінінің озық тәрбиелік идеялары, ежелгі түрік, византия, араб, парсы, үнді, қытай мәдениеттері тоғысқан Түркістан жеріндегі Қарахан мемлекетінің саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайлары әсер етіп, барлық адамзат баласын талай ғасырлар бойы толғандырып келе жатқан адам мен оның тәрбиесі туралы ілімнің қыр-сырын зерттеуге жаңа мүмкіндіктер туғызды.

 

 

1.3 Қазіргі отандық  педагогиканың ұлттық ерекшеліктері

 

Халық педагогикасы сол халықтың (ұлттық) этностық ерекшеліктеріне байланысты дамып, қалыптасқан. Ал этностық (ұлттық) ерекшеліктері сол этностың тұрмыс-тіршілігіне, тарихи әлеуметтік, жағрафиялық жағдайларына, генетикалық, физиологиялық т.б. ұлттық ерекшелігіне байланысты болатыны белгілі .

Тәрбиелеу- мәдениетке баулу деген сөз. Қазақ халқы өзінің тәрбиелеу, дүниетану жүйесін көшпелі және отырықшылдық тұрмысқа байланысты, тарихи -әлеуметтік жағдайларға сәйкес дамытып, өзінің ұлттық (этностық) мәдени ерекшеліктерін қалыптастырды.

Қазақ халқының мәдениетіндегі тәрбие мен оқыту ерекшеліктері оның ғасырлар бойын дамып, қалыптасқан ұлттық қасиеттері: меймандостық, кісілік сыйласымдылық, имандылық, кішіпейілділік, кеңпейілділік, салауаттылық, тіршілікке бейімшілдік десек; Рухани болмыстары: өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, жадына сақтай білу қабілеттілігі оның ұлттық ерекшеліктерін танытады.

Әрбір ұлттың ұлттық қасиеттері ұлттық тәрбиеге (ұлт педагогикасына) байланысты дамып, қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық тәрбие жүйесін халықтық тәлім-тәрбие дейміз де, ол туралы тұжырымдалған ғылыми жүйені халық педагогикасы дейміз.

Халық педагогикасы ұлттық әдебиет пен сол ұлттың салт-дәстүрлерінің құралады. Әдебиет көркем шығармалар арқылы сан үйретуден бастап, шығарма кейіпкерлерінің тілін, ойын, іс-әрекеттерін, мінез-құлқын, ұлттық қасиеттерін үлгі ретінде әсерлі баяндап, содан соң көркемдеп көрсетіп үйрету арқылы жеке тұлғаның адами қасиеттерін қалыптастырып, кісілік сана-сапасын арттырады.

Ал, ұлттық салт-дәстүрлер игі әдебиеттердің әдет-ғұрыпқа (әдепті іс-әрекетке) айналып, одан әдеп (ұлттық мәдени көрніс), әдептен дәстүрге  (мәдени үрдістің ұлттық дәрежедегі көрнісі) дәстүрден салт (ұлттық мәдени көрніс), әдептен дәстүрге (мәдени үрдістің ұлттық дәрежедегі көрнісі) дәстүрден салт (ұлттық қолданыстың қолданылмалы заңға айналуы), салттан салт-сана (дәстүрдің ұлттық санаға сіңіп, сөзсіз қолданыста болуы) қалыптасқанын көрсететін жеке тұлғаның ұлттық мәдени қасиеттерін қалыптастырады.

Информация о работе Қазақстан педагогикасының қалыптасуы мен дамуы