Қазақстан педагогикасының қалыптасуы мен дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2015 в 12:46, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі. «Мәдени мұра» бағдарламасына қатысты алқалы жиында Елбасы Н.Ә.Назарбаев көшпенділердің әлемдік тарихтағы роліне тоқталып, қазақ жерінің Еуразия Кеңістігінің мәдени мәйегі, рухани түп қазығы болғанын айта отырып: «Қазақстанды Ұлы Дала өркениетінің қара шаңырағы ретінде халықаралық деңгейде танытып, қалыптастыруымыз керек», – деді. Сондықтан халқымыздың өткен тарихындағы озық педагогикалық идеяларды ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан қарап, бүгінгі ұрпақты жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастыруға пайдалану керектігі айқын

Вложенные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс.docx

— 73.46 Кб (Скачать файл)

Қазақ халқының аса бай ұлттық әдебиеті, қайрымды, әдепті салт-дәстүрлері оның этностық (ұлттық) ерекшеліктерін көрсетедіде, ол жеке тұлғалардың ұлттық қасиетерін қалыптастырады.

Халық педагогикасы- сол халықтың тұрмыстық, өмірлік тәжірибесінен дамып, қалыптасқан ұлттық тәрбиелік және дүниетанымдық жүйені көрсететін ғылым саласы. Халықтың (этностың) тәжірибесінсіз “педагог тажоқ, педагогика да жоқ “ (К.Д. Ушинский). “Біз бала тәрбиелеуде халық тәжірибесіне сүйенеміз” (Аристотель). Сол халық тәжірибесі арқылы дамып қалыптасқан  “Халық педагогикасы-империкалық білімдер жиынтығы”(Г.С. Виноградов) болып табылады. Қазақ халқының халық педагогикасы ұлттық тәрбие құралы ретінде оның этнгостық (ұлттық) ерекшеліктерін қалыптастырады.

Қазақтың халық педагогикасының үлкен бір саласы ауыз әдебиеті (жалпы әдебиет) — ұрпақты адамгершілікке, еңбекке, әсемдікті сезуге, тіл мәдениетіне құштарландыра тәрбиелейтін құдіретті құрал. Оның тәрбиелік кеңістігі мен қуаттылығы тарихи кезеңдер мен уақыттарға байланысты өлшенеді.

Жас ұрпақтың әдептілігін (мәдени болмысын) дамытып қалыптастыру үшін, қазақ халқы әдебиеттің әдептілікке үйрететін үрдістерін жан-жақты пайдалана білген.

Ең әуелі бір жастан бес жасқа дейінгі баланың адамдық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында, қазақ халқы тілашар дәстүрі сияқты ұлттың шығармашылық жемістерін барынша қолданып, оны тәрбие құралы етіп, пайдаланған.

Ұлттық салт-сана сол ұлттың мәдени дәрежесін, рухани сапасын көрсетеді. Этнопедагогиканың негізгі бір саласы — ұлттық салт-дәстүрлер болса, сол ұлттың салт-санасының қалыптасу заңдылықтары бар, яғни мәдени өзегі мен өркендеу өрнектері айқын көрінеді. Ұлттық салт-сананың қалыптасуының бастауы сол ұлттың құрамындағы жеке тұлғалардың игі әдеттерінен басталады. Игі әдеттер жеке тұлғаларға әсерін тигізіп, ол көпшіліктің қолданысына (әдет-ғұрыпқа, әдепке) айналады да, ол ұлттың мәдени іргенегізі болып қаланады.

Әрбір ұлттың мәдени іргенегізі — әдеп (этика, этника) ұлттық заңды қолданысқа айналса, оны дәстүр дейміз. Дәстүр өмірге біржола кіріккенде ол – салт болады. Сөйтіп мәдени іс-әрекеттің ұлттық қасиетке (зањдылыќќа) айналуы салт-сана деп аталады. Бұл құбылысты этнопедагогикада мәдени сәулет дейміз.

Ұлттық салт-сананың өмірдегі қолданылмалы көріністері: рәсімдер, рәміздер, ырымдар, тыйымдар, жөн-жоралғылар, діни уағыздар, сенімдер, кісілік рәсімдері, перзенттік парыз, адамгершілік борыш, ұрпақтық міндет арқылы іске асырылып,салауаттылық, имандылық мейірімділік, қайырымдылық сияқты мәдени көріністерін табады.

Аталы сөз – бата, өнеге, тілек — ұлттық мәдениеттің мәнді белгілері. Ұлағатты ұстаздар мен шешендер, хандар, билер, атақты аталар мен дарынды даналар өздерінің өсиеттерін айтып, өнегелерін көрсетіп, ана тілінің айшықты сөздерімен тілек, бата беріп, ұрпақта мәдениеттілікке тәрбиелеуді мақсат тұтқан.

Халықтың ұрпақты әдептілікке (мәдениетке) тәрбиелейтін ұлағатты ұғымдары мен ырым, тыйым сөздерінің мәденитәрбиелік мәні зор. Салауаттылық, сауап, үнем сияқты ұғымдарға қайшы келетін кесір, обал, ысырап сөздерінің мәнін халық жас ұрпаққа жастайынан түсіндіріп, ұрпағын салауаттылыққа, үнемшілдікке, ұқыптылыққа, яғни мәдениеттілік негіздерін білуге тәрбиелейтін.

Халық ұрпағынан ағайын, жекжат-жұратты сыйлау дәстүрлері арқылы аталас, ауылдас, құда, нағашы, күйеу, жезде, жиен, дос, жолдас, таныс, ұжымдас адамдармен сыйласу мәдениетін талап етеді. “Аталастың аты озғанша, ауылдастың тайы озсын”, “Құдаңды құдайдай сыйла”, “Шын дос болу – бақыт”деп халық адам сыйлаудың ғажап үлгілерін ұрпағына үнемі үйретіп отырған.

Ер намысы, қыз абыройы — қазақ халқының ұлттық тәрбиедегі мәдени мұралық белгілерін білдіретін тәрбиелік тіректері. “Жақсы жігіт он бесінде баспын” дейді,“жаман жігіт отыз бесінде жаспын” дейді деп, халық жеке тұлғаның мәдениеттілігі жастайынан-ақ белгілі болатынын дәлелдейді. Халық қыздың абыройлы болуына көбінесе ана жауапты деп қарап, қызды әдепті (мәдениетті) етіп тәрбиелеу — ұлттық міндет екенін баса көрсетеді.

Әрбір мәдениетті, білімді адам өзінің кәсіптік, дүниетанымдық деңгейін ұлттық мәдениетпен ұштастыра білуге міндетті. Мәдениетті болу үшін білімді болу – міндет. Білімді болғанмен ұлттық мәдениетті игермеген болса ондай тұлға ұлт алдында “мәңгүрт”, мәдениетсіз болып көрінеді де, халықтың наразылығына ұшырайды. Кәсіптік-мұрагерлік әдеп (мәдениет) сақталған жерде дамыған дарынның мәдени жемістері көрінеді.

Мектептегі, жоғарғы оқу орындарындағы ұжымдық, әдептілік дәстүрлері де этнопедагогиканың мәдениеттаныммен сабақтастығын көрсетеді. Яғни,этнопедагогика пәні — ұлттық мәдениеттің бет-бейнесін көрсететін және сол ұлттық мәдениеттің мәнін түсіндіріп, іс-әрекетте қолданыстарын үйрететін пән.

Этнопедагогика — ұлттың мәдени мұрасы, тәрбие негіздері. Белгілі ғалым А.Қасымжанов: “Мәдени эмпирикалық деректер мен айғақтарға талдау жасай келе және ғылыми ілімдерге сүйене отырып, этномәдени уақыттың рухани дүниетанымдағы (негізінен қазақ халқының) кезеңдерін (мифологиялық уақыт, архетиптік уақыт, өркениеттік уақыт, дәстүрлік уақыт, инновациялық уақыт) ғылыми түрде, айқындап көрсетеді. Ағартушылық — қазақ халқының ХІХ ғасырдағы рухани мәдениетінің маңызды бөлігі болып табылады”, — дейді (Қасымжанов А. Рухани тамырлар. “Қазақ”, 90-б.).

Этнопедагогика пәні — ұлттық мәдениеттің бет-бейнесін көрсететін және сол ұлттық мәдениеттің мәнін түсіндіріп, іс-әрекетте қолданыстарын үйрететін пән.

Этнопедагогиканың негізгі бір саласы — ұлттық салт-дәстүрлер болса, сол ұлттың салт-санасының қалыптасу заңдылықтары бар, яғни мәдени өзегі мен өркендеу өрнектері айқын көрінеді. Ұлттық салт-сананың қалыптасуының бастауы сол ұлттың құрамындағы жеке тұлғалардың игі әдеттерінен басталады. Игі әдеттер жеке тұлғаларға әсерін тигізіп, ол көпшіліктің қолданысына (әдет-ғұрыпқа, әдепке) айналады да, ол ұлттың мәдени іргенегізі болып қаланады.

Әрбір халықтың, адамзаттың тарихи даму процесі, олардың тіршілігіндегі, өміріндегі педагогикалық тәжірибелері, болашақ ұрпақ, бала тәрбиесіне көзқарасы, сонымен қатар халық мәдениеті, рухани мәдениеті, сан ғасырлық ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келген салт-дәстүр, әдет-ғұрып, наным-сенімдердің этнопедагогика ғылымында алатын орны бар.

Тәуелсіз еліміздің, алдыңғы қатарлы, өркениетті елдермен терезесі тең болу үшін, қазақ елінің мәдениетін, тілін, әдебиетін, экономикасын, ғылымын көтеретін тұлғаны қалыптастыру қазіргі Қазақстан педагогика ғылымының басты мақсаты. Осы орайда, келтірілген деректер студентті жауапкершілікке, білімділік пен қатар рухани-дүниетанымдық, адами-құндылық қасиеттерінің жоғары деңгейде  тәрбиелеуден туындайтындығын толық дәлелдейді. Ал қойылған талап сол шәкірттерді өзіне тән мінез, ұғым қабылдау ерекшеліктеріне байланысты жүзеге асыру шешуші мәнге ие болу мен қатар, сол студенттің ар-ұждан, намыс, ұлттық сезімдерін терең түсініп, адамгершілік ынтасын көтере түсетіндігі айғақ.

Олай болса, этнопедагогика ғылымының дамуына өзіндік үлесімізді қосу, ары қарай өз деңгейінде дамыту баршамыздың міндетіміз екендігін ұмытпауымыз керек.

 

 

 

 

 

 

 

2 Қазақстанда  дене тәрбиесі педагогикасының  даму жағдайы

 

2.1 Дене тәрбиесі педагогикасының жүйесі

 

 

  Дене тәрбиесінің мақсаты - жалпы халық пен жеке адамның  үйлесімді жетілуін қамтамасыз  ететін кешенді дене шынықтыру  және спорттық ілімдер мен  тәжірибені меңгеру. Күтілген нәтиже  қоғам дамуының заңдылықтарымен  тығыз байланысты. Бұл мақсат  қоғамды құрап, оның байлығын  қорғайтын әлеуметтің талаптарына  сәйкестендіріледі. Дене тәрбиесінің  мақсаты жан дүниесі рухани  бай, ар-ожданы таза, Отанды қорғауда  ұзақ жылдар шығармашылық еңбек  етуге жарамды адамдардың дене  қимылы дамуын қалыптастыру болып  табылады.       

 Адамгершілік, ізгілік  өріс алған қоғамда дене мәдениеті  жеке тұлғаның жан-жақты үндестік  таба дамуы тиімді қүралдарының  әр адамның дене шынығуын жетілдіру  жолында игіліктерге жеткізудің  арнаулы ықпал етуші фактордың  біріне саналады. Осы жайларды  ескере отырып, дене мәдениеті  халықтың дене шынығуын жетілдіре  түсуге жасаған жағдайлар мен  тиісті құралдарды пайдалана  білудегі жеткен нәтижелерінің  жиынтығы болып табылады. Сөйтіп, дене мәдениеті осы саладағы  қоғамдық тарихи даму практикасының  барлық жетістіктерін бойға жинақтаған  қоғамдық қүбылыс ретінде көрінеді. Дене мәдениетінің жетістіктері  қоғам өмірінде белсенді рөл  атқарады. Олар адамдардың дене  және рухани мәдениетін тәрбиелеу  құралы ретінде пайдаланады.Негізгі  түсініктер арасында «дене мәдениеті»  деген сөздің мағынасы кең.  Дене тәрбиесінің пайда болуы және алғашқы дамуы қоғамдық құбылыс ретінде халықтың сана-сезімі арқылы дамыды.                Негізінде дене тәрбиесі ертедегі адам қоғамындагы пайда болған ең алғашқы тәрбие негіздерінің біріне жатады.     

  Талай мындаған жылдар бойы адам аңдармен «жарысып» келді. Ол өзінің икемділігін, ептілігін, күштілігін, төзімділігін, жақсы дене қуатының дайындығы арқылы ғана жеңе алар еді, сондықтан барлық ұжым болып, бірігіп аң аулауға шығар еді. Найза лақтыру, садақ ату, т.б. еңбек құралдарын аң аулауға, үй шаруашылығына керекті шаруаларын істеді. Осының бәрі дене қимылын жетілдіруге әкеліп соқты. Сонымен бірге, сол уақыттағы табиғаттың дүлей күштері (жер сілкінісі, қарлы борандар, дауылдар, су тасқындары, құрғақшылық т.б.) және өз тайпасын қорғау немесе басқа бөтен тайпаларды басып алып, өзіне бағындыру үшін жасалынған қорғаныс-шапқыншылық әрекеттері де адамзат баласының өз тұқымын аман алып қалу мәжбүрлігінен туындаған еді.     

  Алайда, бұның бәрі дене жаттығуларына  әкелер әсері аз болғандықтан, дене қимылы жаттығуларын әрі қарай жетілдіру керек болды. Адам өзіне керек жаттығуларды күнделікті үйрену үшін қайталай берді. Бұл жаттығулар күнкөріс қамынан басқа ойын ретінде қолдана бастады. Соның арқасында дене қимылы жаттығулары одан әрі дами бастады. Ол жаттығулар адам еңбек құралынан адамның өзіне жарайтын қалыпқа жетті.      

 Қоғамның саяси, экономикалық  өмір салтының өзгеруі дене  тәрбиесі жүйелерінің өзгеруіне  әкеліп соқты, жаңа жүйе пайда  болды. Дене тәрбиесінің мақсат, міндеттері өзгерді, дене қимылы  жаттығулары, амалдары, қағидалары  т.б. формалары дене қимылын үйымдастыру  жолдары өзгергенмен, қоғамдық құбылыс  ретінде ол адам өмірінде мәңгі  қалып қойды. Дене тәрбиесі жүйесінің  мақсаты мен міндеттерінің өзгеруі  дене тәрбиесінің арнайы амалдары  — дене қимылы жаттығуларына  да әсерін тигізді. Бір жаттығулар  түрлері өзгерсе, екіншілері - пайдасының  аздығынан немесе сол заманның  сұранысына орай, жоғалып кетіп, олардың орнына жаңа жаттығулар  келіп жатты. Ол екі себепке  байланысты еді: біріншіден, қоғамның  ол-ауқаты жақсарып дами бастаған  әр кезеңде адамнан дене қимылы  мен қасиеттерін көбейтіп отыру керек еді. Жаңа міндеттер жаңа дене қимылы жүйелерін әкеліп жатты. Екіншіден, дене тәрбиесі ғылымының дамуына байланысты, дене қимылы қасиеттерін адам терендете оқып біле бастады, бұл деген адамға кездесіп көрмеген жаңа жаттығулар түрін дайындау болса, үшіншіден, сол дайындаған жаттығулардың адам ағзасына пайда келтіретін жаттығуларды дайындау болды. Дене тәрбиесі дамыған сайын дене қимылы жаттығулары да көп түрленіп, көбейе түсті.    Олар тек еңбек саласынан емес, әскери, өнер, би билеу салаларынан да алынып жатты. Уақыт өте келе, заман сұранысына байланысты, дене қимылы жаттығулары адамның өзінің білу мүмкіндіктеріне орай, жасанды істеліне бастады. Дене тәрбиесі жұмысында шешілуге тиіс міндеттер үш топқа бөлінеді: сауықтыру, тәрбиелік және білім беру міндеттері. Аталмыш міндеттердің өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосар үлесі мол. Сондықтан да, оларға қысқаша сипаттама берген жөн.      

  Сауықтыру міндеттеріне - денсаулық күйін жақсарту, одан әрі нығайту, ағза түрлерінің және қызметтерінің үйлесімді дамуы, тұлға мүсінінің дұрыс қалыптасып жетілуі жатады. Нақтылы педагогикалық жүйеде барлық міндеттер өзара тығыз байланыста болады. Әрбір сабақ шын мәнінде сауықтыру және сауықтыру-тәрбиелік міндеттерін шешеді. Дегенмен, дене тәрбиесінің жекелеген кезеңдерінде олардың біреуінің мәні басымырақ болуы мүмкін. Мысалы, қозғалыс әрекеттерін оқып-үйренуді алғашқы бастаған кезде білім беру міндеттері жетекші рөл аткарады, ал оны одан әрі жетілдіру әдістерін меңгеріп, оны жетілдіру кезеңінде бірінші кезекте тәрбиелік міндеттер тұрады. Сауықтыру міндеттерін шешу арқылы адамның материалдық қоры - мықты денсаулық, ағзаның жоғары қызмет мүмкіндігі, сүлу сымбаттылық калыптасады, бұларсыз адамның дене қасиеттерін жетілдіру туралы ойлаудың өзі мүмкін емес. Дене шынықтыру жаттығуларымен шүғылданған кезде, адамның табиғатына оның жоспарлы әсері байқалады.     

  Тәрбиелік міндеттер адамның жеке басының жан-жақты дамуына рухани, патриоттық, адамгершілік, сана-сезім мен дене қуатының уйлесімді бірлігін құрайды. Дене тәрбиесі бүтіндей педагогикалық мәні. Білім беру саласында өзінің арнайы зандылықтарымен тәрбиенің жалпы міндеттерін атқара алады. Тәрбиелік міндеттердің мектептегі оқу-тәрбие, сыныптан және мектептен тыс жүмыстарына қосар үлесі мол. Дене шынықтыру мүғалімі бұл бағыттағы жұмыстарды ұжыммен бірлесіп істеуі қажет.      

  Білім беру міндеттері - дене шынықтыру мен спорт саласындағы арнайы білімдерді меңгеріп, оны арнайы орындарда қимыл-қозғалыстарды үйрету арқылы, күнделікті қолданысқа түсіру. Дене қимылының білімі деп, арнайы жүйелі білімді, дене қимылы жаттығуларын игеріп, оны түрмыста, өмірде, әскери қызметте т.б. түрлі амалдар мен айла-тәсілдер арқылы өз бетінше қолданады. Арнайы білім - дене тәрбиесінің зандылықтарын басшылыққа алатын білім. Бұл саланың мазмұнын дене қимылы білімінің деңгейі мен бағыты қарастырылады. Дене қимылы білімі ұғымын ең алғаш рет орыстың белгілі ғалымы П.Ф. Лесгафттың ғылыми еңбегінде айтылады. Нақ осы ғалым алғаш рет дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесін бөліп, спорттық ойындар, гимнастика, жеңіл атлетика түрлерін айырьш, олардың әрқайсысын жеке спорт түрі ретінде жіктеді.     

  Қазіргі кезде оқу материалының кеңеюі оқу орындарында бекітілген тарификация сағаттарының көлемімен беріледі. Елбасының бекіткен «Дене шынықтыру және спорт» туралы Заңына байланысты, жалпы білім беретін мектептердегі дене шынықтыру сабақтарының саны артқаны белгілі. Жоғары буын оқушыларынан басқа, онда орта және төменгі буындарда да ұлдар мен қыздардың сабақта жеке өткізілуі көзделген. Болашақта дене шынықтыру мен спорт педагогикасы қүрамына біріктірілетін дене мәдениетінің тарихы, дене тәрбиесінің психофизиологиясы, биомеханика және тағы басқа арнайы пәндерді кешенді оқу пәні ретінде оқыту жоспарлануда. Бұл педагогикалық мүмкіндіктерді ашып қана қоймай, оны қалың жұртшылықтың қабылдауына игі ықпал етеді.     

Информация о работе Қазақстан педагогикасының қалыптасуы мен дамуы