Қазақстан педагогикасының қалыптасуы мен дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2015 в 12:46, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі. «Мәдени мұра» бағдарламасына қатысты алқалы жиында Елбасы Н.Ә.Назарбаев көшпенділердің әлемдік тарихтағы роліне тоқталып, қазақ жерінің Еуразия Кеңістігінің мәдени мәйегі, рухани түп қазығы болғанын айта отырып: «Қазақстанды Ұлы Дала өркениетінің қара шаңырағы ретінде халықаралық деңгейде танытып, қалыптастыруымыз керек», – деді. Сондықтан халқымыздың өткен тарихындағы озық педагогикалық идеяларды ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан қарап, бүгінгі ұрпақты жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастыруға пайдалану керектігі айқын

Вложенные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс.docx

— 73.46 Кб (Скачать файл)

  Қандай да болсын, оқу орындарында (орта мектептер, арнаулы орта білім беретін мекемелер мен кәсіптік білім беретін оку орьшдары, жоғары оку орындары) «Дене шынықтыру» пәнінің маңызы зор екенін әрдайым есте ұстап, оның маңызын биіктете отырып, жоғары деңгейде ұйымдастырып өткізгені абзал, ол үшін жас мамандарды әрбір тақырыптарды өткен кезде нақтылы мақсат-міндеттерді қоя білу және бұқаралық көпшілік арасында дене тәрбиесі, дене шынықтыру және спорт жөнінде үгіт-насихат жұмыстары мен салауатгы өмір сүру салты женінде жұмыстарды жүргізу тәсілдері мен дағды-машықтарын, әдістерін, қағидаларын және амалдарын үйренеді.

Дене тәрбиесінің жалпы жүйесінің негізгі түсініктері мынадай: «Дене мәдениеті», «Дене тәрбиесі», «Спорт». «Дене мәдениеті» осы құрылымда ең жалпы түсінік болып қалады. Қоғамның тәрбие ықпалы өрісінде келешектегі көп жылдарға және тәрбиенің жалпы нәтижесін жақсартуға бағытталған басты мақсаты - түбірімен қоғамдық қажеттіліктен туындаған жәйт. «Дене мәдениетіне тәрбиелеуде» дене тәрбиесінің сипат ерекшелігі мақсаттан туындайды, ал «денені шынықтыру арқылы адамды тәрбиелеу» дене тәрбиесінің құралдарынан тұрады. Бірақ, адамның мақсаты тек өз дұрыстығын жақтайтын болғандықтан айнымалы болып өзгеріп кетеді, ал құралы: дене шынықтыру жаттығулары - керісінше анық, дұрыс және дене мәдениетінің негізгі қорына кіреді.      

 Дене шынықтыру жаттығулары  дене тәрбиесінің сипат ерекшелігінің  материалдық қолдаушысы болып, оның  міндетті мәселелерді шешудегі  мақсаттары мен мүмкіндіктерінің  дұрыстығын анықтаушы күші болып  табылады. Бул дене тәрбиесінің  теориясы пәні туралы мәселені  шешу үшін, дене шынықтыру жаттығуларының  сипат ерекшеліктеріне және мән-мағынасына  сүйенуге амалсыз мәжбүр етеді. Дене шынықтыру жаттығулары тұрғысында  дене тәрбиесінің теориялық негіздерін  дамытудағы негізгі әдіснамалық (жеке ғылымдардың әдістері туралы  ғылым) бағыттары бар. Адамның дүниетаным  айырмашылығында және дене шынықтьгру  жаттығуларының пайда болуы көзқарасында  идеалистік бағыттағы және субъективті  идеалистік бағытгағы зерттеулер  бойынша жаттығуларды ойындардан  шыққан, ал дінге табынатын идеалисгердің  негізгі өкілдері, былайша айтқанда, диалектикалық тарихи материализмнің  бетке ұстар діңгектері - жаттығуларды  еңбектен шыққан, деп өз дәлелдерін  осындай тұрғыда тұжырымдайды. 

  Дене шынықтыру жаттығулары барлық тіршілік дүниесіне тән өзінің қарапайым түрімен ағза мен оның қозғалысы арасындағы іс жүзінде олардың қайталау кезіндегі өздеріне тән өзара жүйелі өзгеруі болып табылады. Дене тәрбиесі теориясының материалдық дүниесі -дене шынықтыру жаттығулары, пәндік ауқымы және қолданылу әрісі - дене тәрбиесі, пәндік заңдылықтары - адамды қоғамдық игіліктері, еңбекке дайындау және іс қабілеттерін қалыптастыру мақсатьшда белсенді қимыл әрекеттерінің шарттары мен түрлерін қолдану болып табылады (Ә.К. Әбділлаев, Ж.К. Оңалбек, 2004).     

  Дене тәрбиесінің теориясын, әдетте дене мәдениеті заңдылықтарын оқытатын ғылым деп санайды. Бірақ, бұл анықтама бір сарынды, өзектілік мәнін жоғалтқан, дене тәрбиесінің сипатты ерекшеліктері белгілеріне бағыттайды. Дене тәрбиесінің бағытгы сипат ерекшелігі «адамның денесін тәрбиелеу немесе дене арқылы адамды тәрбиелеу» болып саналады. Дене тәрбиесі «Дене мәдениеті» түсінігіне кіреді, кіргенде оның ең көп айналысатын түріне жатады. Ол 3 бағытқа бөлінеді: жалпы дене тәрбиесі, кәсіптік бағыттағы дене тәрбиесі, спорттық бағыттағы дене тәрбиесі.     

 Қолданбалы дене мәдениеті - кәсіптік және әскери дене  мәдениеті болып, екіге бөлінеді. Ол өмірге аса қажет сан  алуан қимыл-әрекеттерді игеруге, дене тәрбиесі арқылы әскери  және азаматтық мамандықтарды  жақсы меңгеріп, терең түсінуге  болады бағытталады. Адамның таңдап  алған мамандығына немесе оны  әскери қызметке дайындауға бағытталған  дене тәрбиесінің дене шынықтыру  дайындығы деп аталады. Ал, мұндай  дайындықтың нәтижесінде белгілі  бір дәрежеде таңдап алған  мамандығын игеруге және тиімді  еңбек етуге ағза дайын болса, дененің арнайы қызметке дайын  болғандығы, алға қойылған міндетгерді  орындай алады, деп атауға болады.      

  Дене дайындығы мен дененің шыныққандығы кәсіптік қызметтің нақты талаптарына байланысты болып келеді. Сондықтан да, дене қимылы жаттығулары еңбек дағдыларын қалыптастыруға немесе Болашақ еңбек қызметінің шарттарына сәйкес келетіндей етіп алынады. Адамды еңбек етуге дайындау үшін дене тәрбиесінің пайдалану мүмкіншіліктері еңбек пен дене тәрбиесінің алдына қоятын талаптардың ұқсастығы негіз болады.    

 Кәсіптік бағыты бар  дене тәрбиесі адамның тандап  алған мамандығын табысты меңгеруге  және осы салада жоғары шеберлілікке  жетуге, сонымен бірге, әскер қатарында  қызмет етуге дайындық қабілетін  дамытуға, оның денсаулығын жақсарту  арқылы еңбек қызметіне дайындауға  көмектеседі:

- еңбек қызметінде де, дене тәрбиесінде де қимыл-қозғаныс әрекеттері дағды-машықтарының жеке тұлғаньщ еңбектегі, қоғамдық өмірдегі және Отан қорғау белсенділігіне байланысты болады;

- жоғарыда аталған екі  қызметте де адам ұжымда әрекет  етеді. Еңбек және спорт ұжымдарының  қызметтерінде көп ұқсастық бар: мдамдардың өзара қарым-қатынастары  және қызметінің тэртібі, үжым  мүшелерінің құқықтары, мақсаттары  мен міндеттерінің бір болуы;

- адамды қозғалыс дағдыларына  үйрету және тәрбиелеу еңбек  қызметінде де, дене тәрбиесі  жүйесінде де бірыңғай заңдылықтар  негізінде  жүзеге  асырылады: таным теориясы, уақытша шартты байланыстар   құрылым теориясы, ақпараттық теория, қозғалыс еркіндігі теориясы;

- еңбек қызметіндегі шеберлілікті игеру және дене тәрбиесіндегі табыстарға жету мына жағдайларға тәуелді: таңдап алған қызметке саналы және белсенді көзқарас, өз жұмысының нәтижесіне қанағаттану, қарым-қатынас сипаты, ұжымда өз орнын біле білу, денсаулық жағдайы, дене және ақыл-ой жұмыс қабілеттілігі, тәжірибелілік, мүмкіншіліктерді дамыту деңгейі.      

 Кейбір жағдайларда  жағымды ауысу механизмі бойынша- дене тәрбиесінің нәтижесі оқуда  табыстарға жетуге тиімді әсер  етуі мүмкін. Еңбек қызметіне  дене шынықтыру жаттығуларының  тиімді әсер етуі дағды бойынша  да, жеке адамның езіне тән  қасиеттері бойынша да болуы  мүмкін.

Дене тәрбиесін сабағын оқытуда тексерудің ең маңызды түрі – сабақтарға қатысу. Қатысу арқылы дене тәрбиесі мұғалімінің жұмыс жүйесін меңгеруге болады, мұғалімнің теориялық және әдістемелік деңгейін, оқушылармен бағдарламалық талаптардың түсінуін, оқу материалын игеруін анықтау, сабақтарды өткізу әдістемесі және т.б. бағалау.

Дене тәрбиесі сабағында мұғалімнің оқу-тәрбие жұмысын тексерудің негізгі тәсілі – байқау.

Байқау кезінде тақырыптармен сәйкес және жеке сұрақтармен педагогикалық үрдістің барлық жақтарын қамту қажет.

Байқау толық болуы мүмкін, оқушылармен мұғалімнің барлық жақтары бақыланатын болса, және ішінара байқауда педагогтың жеке бір жақтарын немесе қызметіндегі бірнеше мәселелерге көңіл аударылады (жұмысты ұйымдастыру, оқыту әдістері және т.б.).

Толық бақылау құрамына: педагогтың сабаққа дайындығы, оқу-тәрбие үрдісіндегі  әрекеті; сабақ талдауы кіреді.

Педагогтың алдағы сабаққа дайындығы конспектіні алдын ала меңгерумен, сынып журналында оқу материалын өткені туралы және оқушының күнделікті үлгерімімен  байланысты анықталады.

Педагогтің сабаққа дайындығын былай анықтауға болады:

- сабақ конспектісінің  бар болуы, оның дұрыс рәсімделуі;

- сабақ міндетін анықтау (бағдарлама талаптарына сай болуы, жалпы жеке тапсырмалардың нақты  болуы, алдыңғы сабақпен логикалық  байланыс болуы, оларды сабақта  шешу мүмкіндігі және т.б.);

- амалдарды іріктеу (осы  сабақты өткізудің бағдарламалық  талаптарына, міндеттері және шарттарына  сәйкестігі; олардың тәрбиелік-білім  беру құндылығы, түпнұсқалығы; қажетті  даярлық, қорытындылаушы және басқа  қосымша жаттығулардың болуы);

- ұйымдастырып оқыту мен  тәрбиелеу әдістемесінің дайындығы (қарастырылған әдістер мен әдістеме  амалдарының жеткіліктігі мен  мақсаттылығы, олардың оқушылардың  жас ерекшеліктері мен тапсырмаларына, оқу материалдарына, өткізу шарттарына  сай болуы; жан-жақты тәрбиенің  құндылығы; жалпы, топтық және жеке  тапсырмалардың болуы; үлгерімді  бақылау);

- сабақты өткізу шарттарының  алдын-ала дайындығы (сабақ өтетін  орынды, жабдықтарды дайындау, құрал-саймандардың  болуы).

Оқу-тәрбие үрдісінде педагог қызметі келесі параметрлер бойынша бағаланады:

1.Сабақтың ұйымдастырылуы:

- сабақ регламентін сақтау (сабақтың басы мен аяғы нақты  өз уақытында өткізілуі);

- оқушыларды орналастыру (командаларды сапқа тұрғызудың  дұрыстығы; орналастыру кезінде  жаттығуларды орындау үшін жағдай  жасалуы; сапқа тұру және қайта  сапқа тұру кезінде уақытты  орынды қолдану);

- сабақ өтетін орынды  дайындау және оқу құралдарын  бөліп тарату;

- оқу жұмысын ұйымдастырудың  әдістерін қолдану (оқушылардың  жаппай, топпен, жеке оқу қызметінің  нақты нұсқаларын қолдану).

2. Педагогтың оқу-тәрбие  жұмысы

- жұмыс мақсатын құру  және және өзара қатынасты  реттеу (педагогтың нақты мысалдар  келтіре алуы және тәрбиелік, білім беру, сауықтыру міндеттерін  түсіндіру,  жаттығуларға қызығушылықтарын ояту, дербестікке түрткі болып,  оқушылармен араласу әдебін көрсету);

- оқыту қағидаларын жүзеге  асыру (жаңа талаптарды қадағалау);

- оқу-тәрбие үрдісін басқару  және  әдістемелік жағынан жетекшілік ету (оқушылардың оқу қызметін басқара білу, қажетті тапсырмалар және шығармашылық тапсырмалар беру, зейінін аударту, орындалуын бақылау және  бағалау, ойлау қабілетін жандандыру, сақтандыруды қамтамасыз ету, интеллектуалды, физиологиялық, эмоциялық жүктемені мөлшерлеу, тәжірибелік жаттығуларды және ауызша, көрнекі  ықпалдар әдістерін мақсатты түрде қолдана білу).        

- сабақ барысында оқушылар  әрекетін басқару

Жалпы білім беру мектептерінде дене тәрбиесі сабағын талдаудың үлгі жоспары

I Жалпы мәліметтер

Өткізу мерзімі

Өткізу орны

Журнал бойынша қатысушылар саны (келгені ___; келмегені ___; сабаққа қатыспағаны)

II Сабаққа дайындық

1.Жоспардың болуы –  конспектіде сабақ міндетін қою.

2.Мұғалімнің сыртқы түрі (арнайы киім мен аяқ киім, оның  жағдайы). Оқушылардың сыртқы түрі (спорттық форма, спорттық аяқ  киім, оның тазалығы).

3. Сабақ өткізетін орынды  және құрал-жабдықтарды дайындау, сабақ болатын орында техника  қауіпсіздігін, санитарлық-гигиеналық  жағдайын, снарядтар мен құрал-жабдықтарды  дайындау.

4. Оқушылар арасынан алдын-ала  көмекшілерді дайындау (ДТ ұйымд., команда капитандарын).

5. Журналда өткізілген  сабақтың материалдары жазылуы  керек, оқытудың кезеңдері, орны  көрсетіуі қажет  (танысу, жаттау, жетілдіру және т.б.).

III Сабақта оқыту мен тәрбиелеу.

1.Оқушылардың оқу материалдарын игеру деңгейі.

2. Оқытудың дидактикалық принциптерін іске асыру.

3. Сабақта қолданатын оқыту әдістері (көрсету, түсіндіру, көрнекі құралдарды, техникалық құралдарды қолдану, жаттығуларды орындауларын бағалау және т.б.),оларды қолдануына баға беру.

4. Қортындылаушы жаттығуларды қолдану.

5. Қателіктерді түзетіп оны талдай білу, оқушыларға баға беру.

6. Сақтандырудың бар болуы мен оның сапасы, оқушыларды сақтандыруға тарту және олардың дайындығы.

7.Сабақ тығыздығына баға  беру.

8. Теріс жүктемелер сипаттамасы.

9. Мұғалімнің жүктемелерді  реттеу амалдары.

10.Оқушылардың келбетін  және дұрыс дем алуларын қадағалау.

11. Мұғалімнің тәрбиелік  жұмысы (оқушылардың оң және теріс  қылықтарына мұғалімнің реакциясы  және т.б.).

12. Оқушылар тәртібі, олардың  сабаққа деген белсенділіктері  мен қызығушылықтары.

13. Сабақ кезіндегі мұғалім  жетекші рөлінде, сөйлеу мәдениеті, даму ырғағы, команданы және терминологияны  білу, оқушылармен арақатынасы, оқушылардың  қызығушылықтарын оята білу, қажетті  әдебін, жеке ыңғайын, талаптарды, жақсы мінезді сақтай білу, оқушылар сұрауына көңіл аудару, белсенділік, саналылық, оқушылар ынтасының деңгейі қаншалықты.

IV. Сабақты ұйымдастыру.

1. Сабақтың уақытылы басталуы  мен аяқталуы, уақытты сабақтың  жеке бөлімдері мен жаттығу  түрлеріне бөлу, кішкентай уақыт  аралығында жеке жаттығуларды  мөлшерлеу, мұғалімнің әдістемелік  нұсқаулығы.

2. Сабақ барысында оқушыларды  ұйымдастыру әдістері (жаппай, топпен, жеке, айналмалы) және оқушылардың  жаттығуларды орындау әдістері (біруақытта, кезекпен, топпен және т.б.).

3. Бөлмені, құрал-жабдықтарды  ұтымды қолдану, оқушыларды орналастыру.

4. Сабақта белсенді оқушылардың  іс-әрекеті (топқа жетекшілік ету, сақтандыру,жаттығуларды көрсету, өзара  оқыту, өзара көмек, сабақ өтетін  орынды дайындау және жингау  және т.б.).

V Қорытындылар мен ұсыныстар.

-         жоспарды орындау (оқу бағдарламасы бөлімдерін), мақсатқа жету. Оқушылардың сабақтан алған білім сапасы.

Сабақтың оң және теріс жақтары. Сабақтың оң жағын қалай бекітіп жетілдіруге болады және теріс жақтарынан қалай құтылуға болады.  Мұғалім деңгейінің теориялық және әдістемелік деңгейі қандай, оқу материалдарын игеру, сабақты жүргізу әдістемесі, жаттығулар мен ойындардың осы сыныптың бағдарламасына және дене дайындығына сай келуі. Сабақта дайындық медициналық топтардағы оқушылармен жеке жұмыс.

Информация о работе Қазақстан педагогикасының қалыптасуы мен дамуы