Қазіргі кездегі кәсіпкерліктің формаларының ыңғайлы жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2014 в 16:55, реферат

Краткое описание

Қойылған мақсаттар келесі міндеттерді анықтайды:
 Кәсіпорынның маркетингтік ортасын және маркетингтік стратегияны қолданудың дайындық деңгейін талдау;
 Маркетингтік қызметті жетілдірудегі шараларды құру;

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3
1 Қазіргі кездегі кәсіпкерліктің формаларының ыңғайлы жүйесі.......................6
1.1Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін басқару тиімділігінің негізгі формалары……………………………………………………………..………….6
1.2 Қазіргі кездегі кәсіпкерліктің формаларын шет ел тәжірибелерін қолдана отырып шешу жолдары…………………………………………………………..13
2 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің дамуын жетілдіру жолдары…………………………………………………………………………..23
2.1 Қазіргі кездегі кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері…………………………23
2.2 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті қалыптастыру жүйесі және оны дамыту перспективалары……………………………………………………28
Қорытынды…………………………...……………………………………………32
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………………….

Вложенные файлы: 1 файл

мари реферат.doc

— 272.00 Кб (Скачать файл)

МАЗМҰНЫ

Кіріспе...................................................................................................................3

1  Қазіргі кездегі кәсіпкерліктің  формаларының ыңғайлы жүйесі.......................6

1.1Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін басқару тиімділігінің негізгі формалары……………………………………………………………..………….6

  • 1.2  Қазіргі кездегі кәсіпкерліктің формаларын шет ел тәжірибелерін қолдана отырып шешу жолдары…………………………………………………………..13
  • 2 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің дамуын жетілдіру жолдары…………………………………………………………………………..23
  • 2.1 Қазіргі кездегі  кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері…………………………23

    2.2 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті қалыптастыру жүйесі және оны дамыту перспективалары……………………………………………………28

    Қорытынды…………………………...……………………………………………32

    Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………………….


     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

                                                       

     

     

    КІРІСПЕ

    Соңғы он жылдықтағы Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық процестерінің динамикалық өзгерістерімен, саяси және әлеуметтік өрістерде институционалды қайта құрумен, қоғамның өміріндегі экология рөлінің күшеюімен, шетелдермен қатынастың дамуымен ерекшеленіп отыр. Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және қоғамдық өмірінде жүріп жатқан өзгерістер шаруашылық іскерліктің жаңа жолдарын іздеумен қатар экономикалық тиімділікті қамтамасыз  ету үшін кәсіпорындар алдына бірқатар маңызды мәселелер қояды. 

    Осыған байланысты іс жүзінде өте маңызды және құнды мәселе ретінде маркетинг жүйесінің қалыптасуын атап өтуге болады. Еліміздегі халық шаруашылығы құрылымын қайта құру процесінде болып жатқан өзгерістер, өндіруші еркіндігі мен нарықтық ортаны игеру кезінде кәсіпорынды басқару маркетинг тұжырымдамасын қолдануды талап етеді. 

    Маркетинг тұжырымдамасы нарықта кәсіпорынның белсенді басымдық саясатының стратегиясы мен тактикасы, шаруашылық іскерлігі және барлық өндірістік ресурстар түрлерін тиімді қолдану нәтижелеріне әсер ететін маңызды құрал. Еліміздегі экономикалық реформаны әлем экономикасымен интеграциялау үшін нарық механизмін, нарықты зерттеу әдістерін және принциптерін, экономикалық конъюнктураны, стратегиялық жоспарлаудың негіздерін, кәсіпорындардың нарықтық жағдайдағы бәсекелестік мүмкіншіліктерін терең білу қажет. Мұндай білімді нарықтық басқару концепциясын зерттейтін маркетинг ғылымы береді.

    Қазіргі замандағы маркетингтің мәні тұтынушының қажеттілігін кәсіпорынның пайдасына айналдыратын кәсіпкерлік қызметте көрініс алады. Қазақстанда маркетинг экономикалық сала ретінде біршама жақын уақыттан бастап қолданыла бастады, ал бұған дейін бұл капитализмге ғана тән теориялық түсінік және тәжірибелік әрекет ретінде саналып келді.

    Нарыққа өту кезеңінде басқару мәселелері түбегейлі өзгерістерге ұшырайды, ондағы негізгі күштер сатып алушының тұтыныстарын қанағаттандыруға және фирма мен клиенттің арақатынастарының ұзақ уақыттық болуына арналады. Отандық өнеркәсіп орындарында маркетинг жарнама және тауарды өткізу ісіне бағытталған. Бұл жағдай бірқатар объективті және субъективті себептермен түсіндіріледі. Олардың ішінен келесі себептерді көрсетуге болады: нарықтық қатынастар дамуының төмен деңгейі; құқықтық және нормативтік заңдармен қамтудың жетіспеушілігі; нарықтық тауарлар инфрақұрылымның төмен деңгейі; кәсіпорында маркетинг қызметті алға қоятын тәжірибелі мамандардың жеткіліксіздігі; қаржының болмауынан туындаған қиындықтар; мәлімет жинау мен ақпарат бөлісу жұмысының шектелуі; маркетингтік қызметті сапалы түрде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әдістер, әдістемелер деңгейде қолданылуы.

        Маркетингті  жүзеге асыруға арналған еңбектер  шетел тәжірибесін қолдануға  бағытталған және біздің экономикалық жүйенің ерекшеліктері мен жағдайларын ескере бермейді. Маркетингтің негізгі заңдылықтары мен әдістері біріңғай болып келеді, сондықтан олар іс жүзінде экономиканың барлық саласында қолданылады.

    Қазіргі кезде маркетинг кәсіпорындардың шаруашылық қызметін жоспарлау, өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың барлық жақтарын қамтуы тиіс. Бұл жағдай осы замандағы маркетингтің рөлі мен маңызы туралы көзқарастарға сәйкес келеді. Кәсіпорын қызметін басқару үшін қазіргі замандағы маркетинг біртұтас және жүйелі бағытта дамуы қажет.

    Қазақстан Президентінің «Қазақстан – 2030» атты халыққа жолдаған стратегиялық бағдарламасында бейнеленген сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігі нарықтың негізгі мақсаты болып табылатындықтан, өндірісті басқару шешімдерін қабылдаудың негізгі принциптері кәсіпкерлерді негізгі тұрақты экономикалық өсу басымдылықтарына бағыттайды [2].

    Дипломдық жұмыстың тақырыбы кәсіпорындағы маркетинг қызметін басқару. Бұл тақырыптың өзектілігі– Қазақстан Республикасының ең маңызды саласы ретінде мұнай өндіру және мұнай өңдеу саласын жатқызуға болады. “Қазақстан 2030” стратегиялық дамуында мұнайгаз саласына ерекше көңіл бөлінген. Меншік формасының өзгеру жағдайында мұнай саласын басқару құрылымының даму проблемалары экономикалық және әлеуметтік мағынаға ие және өте маңызды болып келеді. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты – маркетингтің теориялық және әдістемелік мәселелерін зерттей отырып оның отандық мұнайгаз саласындағы кәсіпорындардағы қолдану деңгейін анықтау, кәсіпорындағы маркетинг қызметін басқаруды жетілдіру этаптарының негізгі методологиялық принциптерін құру.  

    Қойылған мақсаттар келесі міндеттерді анықтайды:

    • Кәсіпорынның маркетингтік ортасын және маркетингтік стратегияны қолданудың дайындық деңгейін талдау;
    • Маркетингтік қызметті жетілдірудегі шараларды құру;

    Зерттеудің объектісі болып мұнайгаз өндіретін АҚ “ҚұлсарыМұнайГаз” мұнайгаз өндіру басқармасы болып табылады. Зерттеу заты осы кәсіпорындағы маркетинг қызметін ұйымдастыру аспектілері болып табылады.

    Кәсіпорынды зерттеу әдістері болып келесілер болып табылады:

    • Кәсіпорынның технико – экономикалық көрсеткіштерін талдау;
    • Кәсіпорынның артықшылық және әлсіз жақтарын зерттеудегі аналитико-синтетикалық әдіс – SWOT-талдау;

    Зерттеу мәліметтік базасы ретінде: Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің материалдары; Мұнайгаз саласындағы кәсіпорынның мәліметтері, балансы қолданылды.

     Зерттеудің  теориялық және әдістемелік негізі  – қазақстандық және шетелдік  ғалым-экономистердің маркетинг  пен менеджмент саласындағы, мұнайгаз  өндірісінің экономикасы жөніндегі  еңбектері, салалық әдістемелік материалдар, ҚР үкіметінің заңнамалық – құқықтық актілері мен қаулылары, “Қазақстан 2030” даму стратегиясы және басқа да құжаттар болып табылады.

     

     

     

    1 Қазіргі кездегі кәсіпкерліктің формаларының ыңғайлы жүйесі

     

    1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін басқару  тиімділігінің негізгі формалары

     

  • Экономикалық басқарудың нарықтық тұжырымдамасы ретіндегі маркетинг қазіргі даму деңгейлері әркелкі елдерде кеңінен қолданылуымен қатар, нарық жүйесін, тауар-ақша қатынастарын, ұйымдастырушылық-техникалық кешенді коммерциялық жұмыстарды, өндіріс-тауар өткізу процестерін, сондай-ақ баға мен коммуникациялық саясаттарды зерттеу және іске асыру құралына айналып отыр. Қазіргі кездегі өндіріс дамуында маркетинг, тек қана нарықтық саясатты ғана емес, сонымен қатар кәсіпорынның өндірістік саясатын анықтайтын, басқарудың негізгі функциясы ретінде қарастырылады. Маркетинг принциптеріне негізделген басқарудың кешенді жүйесінің мақсаты – қолда бар ресурстарды ескере отырып (материалдық, қаржылық, және т.б.) кәсіпорынның алдына қойылған мақсаттардың шешілуін қамтамасыз ету (ғылыми-техникалық, өндірістік, коммерциялық және өткізу)

    Басқарудың жүйесі ретінде және де ерекше қызмет ретінде макетинг келесілерді қамтамасыз ету керек:

    • нарық туралы нақтылы және сенімді ақпараттармен, қажеттілік пен сұраныстың құрылымымен, тұтынушылардың қалауымен, яғни кәсіпорын қызметінің сыртқы жағдайлары туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
    • тұтынушы проблемасын шешетін, сұранысты қанағаттандыратын, бәсекелестер тауарынан жақсы, нарық стандарттарына сай келетін тауар ассортиментін, тауарды шығару; 
    • өндіріс сферасына максималды мүмкін болатын бақылау жасауды қамтамасыз ететін, нарыққа, сұранысқа және тұтынушыға қажетті түрде ықпал жасау. 

       Маркетингті басқару  –  ақпарат жинауға, нарықта зерттеулер  жүргізуге, өткізу операциялары  мен қызмет көрсетуге негізделген  маркетинг қызметтерінің кәсіпорындарда  ұйымдастырылуын білдіреді және  бұл қызметтер маркетингке жұмсалған шығындарды ықшымдап, тиімділікті көтеруді қамтамасыз етеді.     

       Маркетингті басқару мақсаты  – кәсіпорынның алда тұрған  мақсатына жету үшін сұраныс  деңгейіне және сұраныс уақытына  әсер ету. Қарапайым тілмен айтсақ  маркетингі басқару дегеніміз – сұранысты басқару деген сөз. Ал сұранысты басқару дегеніміз – тұтынушыларды басқару деген сөз [17] 

       Кәсіпорынның экономикалық  және тиімді өсуі кәсіпорынның  басқару құрылымының тиімділігіне  байланысты. Ал өз кезегінде басқарудың  құрылымы болып табылатын маркетинг қызметін басқарудың тиімділігімен сипатталады. Кәсіпорыдағы маркетингті  басқару мақсаттары келесідей:

    1. өндіріспен және сұранысқа ие болмайтын тауарларды шығарумен байланысты шығындарды болдырмау;
    2. кәсіпорынның мақсатына жету үшін сұранысты ынталандыруға байланысты шығындарды минималдау;
    3. тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандырған жағдайда ресурстарды оңтайлы пайдалану;
    4. нақты тұтынушылардың және еңбек коллективінің сұранысы мен қажеттілігін ескеретін әлеуметтік бағыттағы жағдайларды құру;
    5. тауарлар мен қызметтерді кеңінен өндіруге жағдай жасау және өз имиджін көтеру;

     

     


     





     

    4 сурет – Маркетингтік принциптер  негізінде циклдық басқару

     

    4-ші суретте көріп отырғынымыздай  маркетингтік принцип негізінде  басқару бес циклдан тұрады  және біз оны төмендегідей талдай аламыз:

    Жағдайлық талдау: кәсіпорынның жетістіктері мен сәтсіздіктерін ескере отырып, өндірісте болған өзгерістердің себептерін анықтау, қызметкерлер  жұмысының тиімділігін бағалау,  сонымен қатар болашаққа болжам жасау.

    Маркетингтік синтез: жағдайлық талдау негізінде стратегиялық дамудың мақсаттарын құру, нарық конъюнктурасын ескере отырып мақсатты бағалау, стратегиялық жоспарға негіз болатын шешімдерді әзірлеу.

    Стратегиялық жоспарлау: ұзақ мерзімді стратегияда кәсіпорынның 10 – 15 жылға арналған мақсаттары белгіленеді. Осы мақсаттарды анықтау сыртқы сауданың жалпы жағдайын, оның даму тенденциясын және республика экономикасының даму бағытын ескереді. Алға қойылған мақсаттарға жету үшін қаржылық, материалдық және тағы да басқа ресурстардың қандай мөлшерде қажет екендігі белгіленеді, мақсаттарға жету стратегиясы анықталады, яғни бұл маркетингтің стратегиясын анықтау, мақсатқа жету үшін тактикалық қызметті құру. Стратегиялық маркетингтік жоспарлау келесі үш деңгейден тұрады:

    • стратегиялық жоспарлау;
    • маркетингтік бақылау;
    • жоспарды орындау.

       Тактикалық жоспарлау: жалпы мақсаттар қысқа мерзімді (бес жылдан көп емес) кезеңге нақтыланады. Осының негізінде мәселелерді шешу үшін қажетті ресурстар жұмылдырылады, кәсіпорынның барлық қызметіне бағытталған нақты бір қызметті анықталады. Жедел жоспарды құрылып және оның орындалуына белгілі бір мүмкіндіктер жасалады.

       Маркетингтік бақылау: нақты көрсеткіштердің жоспарлы көрсеткіштерден ауытқу себептеріне және мазмұнына байланысты қателіктерді түзету қызметтерін дайындау. Бақылаудың үш түрін ажыратады:

    1. жылдық жоспарды орындауды бақылау;
    2. табыстылық динамикасын бақылау;
    3. стратегиялық мақсатта қолданыс табатын ақпаратты жинаудағы бақылау

    Маркетингті басқару белгілі бір тұжырымдамалар арқылы жүзеге асырылуы керек. Өйткені, маркетингті басқару белгілі бір тұжырымдарға бағытталу арқылы жүзеге асады. Кәсіпорындар өзінің маркетингтік қызметін бес тұжырымдаманың негізінде жүзеге асырады:

    1. өндірісті жетілдіру тұжырымдамасы;
    2. тауарды жетілдіру тұжырымдамасы;
    3. коммерциялық іс-әрекетті күшейту тұжырымдамасы;
    4. маркетинг тұжырымдамасы;
    5. әлеуметтік-этикалық маркетинг тұжырымдамасы.

    Келесі суретте жалпы кәсіпорынды басқару процесінің қарапайым схемасы көрсетілген:

     




    Кіріс (ресурстар) Шығыс (қорытынды)

     Кірістің өзгеруі


     


     

     

     



     

    5 сурет – Кәсіпорынды басқару  процесі

      

    Барлық кәсіпорындар  басқару жағынан қарағанда ашық жүйе болып табылады,  яғни 5-ші суретте көріп отырғанымыздай сыртқы және ішкі факторлармен қарым-қатынаста болады. Егер кәсіпорынның басқару жүйесі тиімді болса, процесс кезінде кірістің (материал, капитал, ақпарат т.б) қосылған құны пайда болып, қорытындыда көптеген мүмкін болатын қосымша шығыстар (табыс, сатудың өсуі, нарық бөлігінің ұлғйуы т.б) әкелуі мүмкін. Ал басқару обьектісі ретінде маркетинг, өндіріс, қаржы, персонал бола алады. Кәсіпорын маркетинг арқылы алдыңғы кезең зерттеулері мен нәтижелері негізінде жасалған стратегияны жүзеге асырады. Сонымен қатар, стратегиялық жаңа шешімдерді іздеу мақсатындағы зерттеулер бір мезгілде жүргізіледі [13].

    Информация о работе Қазіргі кездегі кәсіпкерліктің формаларының ыңғайлы жүйесі