Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2014 в 16:55, реферат
Қойылған мақсаттар келесі міндеттерді анықтайды:
Кәсіпорынның маркетингтік ортасын және маркетингтік стратегияны қолданудың дайындық деңгейін талдау;
Маркетингтік қызметті жетілдірудегі шараларды құру;
Кіріспе...................................................................................................................3
1 Қазіргі кездегі кәсіпкерліктің формаларының ыңғайлы жүйесі.......................6
1.1Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін басқару тиімділігінің негізгі формалары……………………………………………………………..………….6
1.2 Қазіргі кездегі кәсіпкерліктің формаларын шет ел тәжірибелерін қолдана отырып шешу жолдары…………………………………………………………..13
2 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің дамуын жетілдіру жолдары…………………………………………………………………………..23
2.1 Қазіргі кездегі кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері…………………………23
2.2 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті қалыптастыру жүйесі және оны дамыту перспективалары……………………………………………………28
Қорытынды…………………………...……………………………………………32
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………………….
Маркетингті енгізу кезіндегі кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын дамытуды талдау негізінде келесі қорытындыларға келуге болады:
Сонымен, кәсіпорынның маркетингтік қызметін басқару – бұл әрдайым жаңарып отыратын процесті білдіреді. Бұл жерде зерттеулер негізінде қабылданған стратегияны іске асыру, сонымен қатар, нарықтар зерттеліп, оның жаңа мәселелері мен одан шығу жолдары анықталады.
Маркетингті ұйымдастыру – міндетті орындауға жауапкершілікті қалыптастыратын маркетингтік функцияларды басқару үшін құрамдастық құрылым. Егер жауапкершілік өткізу, тауармен қамтамасыз ету, тауарды итермелеу, бөлумен байланысты болса, ұйымдастыру функционалдық бола алады; Функционалдық принципке қосымша әрбір өнім тобы үшін тауарды басқарушы және әрбір тауарлық марка үшін тауар маркасын басқарушы болса ол тауарға бағытталған қызметі бола алады; Нарыққа бағытталған прицип – функционалдық принципке қосымша аймақтық нарықты және тұтынушы түрлерін басқару кезінде орын алады.
Маркетингтік процесте нарыққа шығатын тауар өндіруші, маркетинг бөлімі; кәсіпорын өнімін нарыққа өткізетін үшінші жақ (маркетинг бөлімі тікелей тұтынушымен байланысуы мүмкін); бөлшектеп сатушы; соңғы тұтынушы қатысады.
Маркетинг бөлімінің қызметі мен мақсатын анықтау үшін фирма қызметін толықтай талдау керек. Алынған қорытынды негізінде маркетинг бөлімінің күшіменен проблемаларды шешу гипотезасын құру қажет, яғни маркетингтік жоспар құру деген сөз. Маркетингтік стратегияның дамуы мен марктингтік бөлімінің мақсатына қарай біз марктинг бөлімінің рационалдығы туралы гипотеза құра аламыз. Бұл келесідей көрініс табады: маркетинг бөліміңн директоры тікелей бас директорға немесе директорлар жиналысына бағынады. Ол бөлімді координациялайды және оның қызметіне жауапты болады. Бөлімнің оптималды көлемі – 7 қызметкер.
Маркетингтік ақпарат бөлімінің құрылымы келесідей:
1.2 Қазіргі кездегі кәсіпкерліктің формаларын шет ел тәжірибелерін қолдана отырып шешу жолдары
24 наурыз күні Астанада
басталған Қазақстан кәсіпкерлерінің
коргресінде Елбасымыз өз сөзінде
„Экономикамыздың,
Шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау шаралары жүргізілгенмен, әлі де болса көп мәселелер сипат алуда. Осыған байланысты де Нұрсұлтан Әбішұлы кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға тоқталды.
Осы бағытта „2006 – 2008 жылға Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік дамыту мен қолдау бағдарламасы” шықты. Ол „Қазақстан – 2030” даму Стратегиясын, „ҚР шағын кәсіпкерлікті қолдау туралы” Заңын, „2003 – 2015 жылдарға арналған индустриалды – инновациялық даму Стратегиясын, 2005 жылдың 18 ақпанында ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауындағы және 2005 жылы 25 наурызда болған Қазақстан кәсіпкерлер Конгресіндегі мәліметтерді жүзеге асыру мақсатында, кәсіпкерлік инициативасының еркіндігін іске асыру үшін жағдайлар туғызу және мемлекеттік қолдаудың біртұтас жүйесін құру мақсатында құрылды.
Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері – жыл сайын 40,5( 50 ) млрд. теңге көлеміндегі республикалық бюджет қаржысы.
Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде 3 жылда 150 мыңға жуық жұмыс істейтін ЗТ нысанында жаңа шағын бизнес субъектілері құрылады, сонымен бірге жұмыс істейтін ШБС саны (шаруа фермер қөожалықтарын есепке алмағанда) 2006 жылы – 180 мың, 2007 жылы – 240 мың, 2008 жылы – 300 мың болады деп күтілуде.
Бұдан басқа Индустрия және сауда министрі Сауат Мыңбаев ұсынысы қолдау тауып, Қазақстан бизнес өкілдерінің „Атамекен” жалпыұлттық одағы құрылды
Елдегі шағын кәсіпкерліктің мәселелерін және оларды шешу жолдарын 17 кестеде көрсетеміз.
17 кесте- Шағын бизнестің макро-микро деңгейіндегі проблемасы және он мүмкіндік шешу жолдары
Макродеңгей |
Микродеңгей | ||
Проблемалар |
Шешу жолдары |
Проблемалар |
Шешу жолдары |
Салық заңының нақты еместігі, салықтың жоғары деңгейде болуы. |
Материалды өндіріс саласына салықты төмендету. |
Өнімнің бәсеке қабілеттілігінің төмен болуы. |
Соңғы дәрежелі құрал-жабдықтарды пайдалану, жоғары сапалы шикізат; өнім сапасын жоғарылату; инновацияны енгізу. |
Құқықтық базаның жетілдірілмеуі, арнайы заңның жоқтығы. |
Заңды жетілдіру, арнайы заң қабылдау. |
Ликвидті кепілдіктің жоқтығы. |
Несиелеу және сақтандыру қоғамын құру. |
Несиелеу дәрежесінің жоғарылығы, аз уақыт ликвидті кепілдікпен қамтамасыздығының жоқтығы. |
Материалды өндіріс саласының несиелеу уақытын азарту, дәрежелерін төмендету; коммуналды меншік, кепілдік банктерінен кепі қорын құру; лизингті несиелеуді дамыту, сонымен қатар венчурді қаржыландыру. |
Маманның төменгі деңгейінің болу себебінен тәжірибенің жетіспеушілігі. |
Жұмыскерлердің квалификацияларын үйрету семинарлары, тренингтер арқылы көтеру, алдыңғы қатарлы өзіміздің және шетел тәжірибелерін оқып білу. |
Бюрократты пресинг |
Қадағалау органдарының ұқсас функцияларын жою. |
Ақпаратпен қамтамасыздан-дырудың төменгі деңгейі. |
Кәсіпорындарда маркетинг қызметін үйымдастыру, біртекті апарат базасын құру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілерін кооперациялау. |
Ақпаратпен қамта-масыздандырудың әлсіздігі. |
Мемлекеттік және аймақтық дәрежеде ақпаратты, маркетинг тік орталықтар құру. |
Нақты қызметті жоспарлаудың жоқтығы. |
Бизнес жоспар құру барысында стратегиялық, оперативті менеджмент және маркетингті қолдану. |
шағын кәсіпкерлікті қолдау инфроқұры-лымының дамымауы. |
Лизингті компанія-лар, франчайзинг орталығы, венчурді қор, бизнес –инкубаторлар, технопарк тер, инновация орталықтарын құру. |
Материалды-техникалық базаның әлсіздігі. |
Франчайзинг, лізинг жүйелері арқылы ірі және орта кәсіпорындар-мен кооперациялау. |
Шағын бизнестің сауда-делдалдық салада белсенді даму. |
Материалды өндіріс саласындағы кәсіпорындарға протекционисті саясат жүргізу. |
Коммуникационды саясат икемділігінің жетіспеушілігі. |
Өнімді алға жылжыту барысында маркетингті қолдану (жарнама, жәрмеңке, өткізуді ынталандыру жүйесі және т.б.). |
Шағын бізнес саласына кадр жүйесін даярлау жоқ. |
Басқару және кәсіпкерлік кадрларды оқыту фондын құру, кәсіпкерлік қызметті Кармен қамтамасыздандыру программасын құру. |
Өткізу проблемасы. |
Өнімді топтастыруда маркетинг элементтерін қолдану (икемді көтерме және бөлшекті өткізу каналдарын құру). |
Біздің Республикамызда
Салық заңына жиі өзгерістер енгізу, ол жаңа процедуралар, жаңа есеп беру оның төлеу уақыттарын өзгертеді. Орта есеппен әр шағын кәсіпорын бюджетне 50 % табысын аударады, ал 40 %-дай шағын кәсіпорындар бюджетне 61 % табысын аударады. Мысалға, батыс мемлекеттерінде мүндай кәсіпорындардан 33-35 % табысын алу дұрыс деп. саналады. Несие жайлы айтатын болсақ, мунда жаңа өз ісін бастап келе жатқан кәсіпкерлер қиындық көреді, олар өзінің ісін негізін құрып және одан әрі дамыту үшін толықтыратын басқа инвестиция түрлері керек. 1997-1999ж.ж. одан кейінгі толықтыруларға қарамастан шағын кәсіпкерлікті қолдаудағы заңға қарамастан біршама проблемалар бар. Кәсіпкерлер басына әр түрлі үкімет тарапынан әртүрлі өзгертулер және министірлік, ведомстволардан түсуде. Мұның бәрі заңдылықтың нақты болмауы, әртүрлі заңды актілердің тура іске аспауы кәсіпкерлік ортаның және инвестиция белсенділік таныту үшін қолайлы жадай жасалынуға мүмкіндік бермейді.
Еліміздің шағын кәсіпорындарныда шығарылған өнімдерінің төмен бәсеке қабілеттілігі, ол сапасы төмен, арзан бағамен алынған шикізат өнімдері және ескіріп кеткен құрал-жабдықтардың себебі. Бұның шешу жолдары лизингті республикамызда жетілдіру жолдары болушы еді. Осы себептен де біраз жылдар бойы сауда делдалдық қызмет кәсіпкерлер үшін өзіне қаржы құралдарын жинақтаудың бір ден-бір қол жетерлік болып қалуда. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің сауда саласында тауарлар сатудан, қызметтер көрсетуден алатын кірісі олар алған кірістің жалпы көлемінің 60 %-дан астамын құрайды.
Шағын кәсіпкерліктің дамуына кері әсер ететін басқа да факторлар шағын кәсіпкерліктің қызметін реттейтін қолданыстағы заңнамадағы нормалардың жетілдірілмегені және кей жағдайда нақты нормалардың болмауы болып табылады, бұл әкімшілік кедергілерді ұлғайтуға әкеледі.
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымы үйлесімінің жеткіліксіздігі кәсіпкердің нарыққа кіру кезінде сыртқы және ішкі ортадағы барлық шартқа қатысушы агенттермен қатынастарды ретке келтіру мен қолдау қажеттігіне негізделген қосымша шығындарға ұшырауына әкеледі.
Республикада шағын кәсіпкерлік секторының ары қарай дамуын тежейтін негізгі кедергілердің бірі- қаржы жеткіліксіздігі мен алдыңғы қатарлы шет елдік технологияға қол жетерліксіз болумен сипатталатын отандық тауар өндірушілердің төменгі дәрежедегі бәсеке қабілеттілігі. Бұл жағдайларда бизнес – инкубаторлар өнімнің бәсеке қабілеттілігін өсіруді көздеп, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне көрсетілетін лизингтік қызметтер көлемін ұлғайтуға бағытталған қызметін кеңейтуге көңіл бөліну керек.
Мониторингтік зерттеулер нәтижелері бизнес - инкубаторлардың жпртысынан астамы халықаралық тәжірибеде жасалған инфрақұрылымның бұл нысанын құрудың концепциясына сай келмейтінін көрсетті: олар тек оффистік және өндірістік орындарды берумен шектеліп қана қояды, немесе мәселелердің азғантай спектрі бойынша қызмет көрсетеді. Бұл зерттеулер бойынша респонденттердің 31,35 % - бизнес- инкубаторлар қызметін мүлде пайдаланбаған. Бизнес – инкубаторлар қызметін кеңейту қажет.
1 кесте – Шағын кәсіпкерлерге Халықаралық стандарт бойынша бизнес – инкубатормен көрсетілетін қызметтер
Көрсетілетін қызметтер сипаты |
Қызметттер түрлері |
Льготалық жағдайларда өндірістік және оффистік орындармен қамту |
Өндірістік орындарды жалға беру; қоймаларды, конференц – залдарды, кенлісім жүргізу бөлмелерін, асхана, кафелерді пайдалану |
Оффистік қызметтер |
Секретарьлық қызмет; ақпаратты мәліметтер базасын пайдалану; тілмаш қызмттері, почталық қызмет көрсету; жарнамалық және т. б. жалпы пайдалану қызметтері |
Қазіргі заманғы телекоммуникациялық құралдармен қамту |
Интернет, электрондық почта, видеоконференциялар, т.б. |
Кеңес берушілік қызметтер |
Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген аспектілері бойынша мамандарға алғашқы және үнемі кеңес беріп отыру; Бизнес – жоспарлар, маркетинг стратегияларын жасау; Заңдық кеңестер; бухгалтерлік қызметтер; компъютерлерді, электрлік құрылғыларды пайдалану бойынша ұсыныстар; Қаржыландыру көздері бойынша кеңестер; Зерттеу жұмыстары бойынгша ғылыми жетекшілік. |
Оқыту бойынша қызметтер |
Нарықтық экономика негіздері; кәсіпкерлік қызмет; менеджмент және маркетинг; «дөңгелек үстел», семинарлар жүргізу, тәжірибе алмасу; мамандық және техникалық білімдер. |
Іскерлік байланыстарды жөндеу |
Іскерлік сыбайластарды, инвесторларды тарту; Инвестицияларға жобаларды тарту; Сыртқыкеңес берушілер, шикізат жабдықтаушылары, дитрибъюторлармен байланыстырды жөндеу |
Сыртқы клиенттерге қызметтер |
Бизнес – жоспарлар құру, жобаларды талдау, қаржы басымдылықтарын бағалау, т.б. |
Информация о работе Қазіргі кездегі кәсіпкерліктің формаларының ыңғайлы жүйесі